МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
3. 5 Қоршаған ортаны қорғау . . .
3. 6 Компьютермен жұмыс істеген кезде өрт қауіпсіздігі . . .
38
38
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта жаңа техникалық құралдарды оқу процесіне мақсатты және жүйелі ендіруге, әрі қолдануға ерекше көңіл аударылуда. Компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері аса мол. Компьютер архитектурасын оқытудың маңыздылығы - бұл ғылымның тек ЭЕМ-ды пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында компьютердің құрылымдық заңдылықтары мен тәсілдері туралы мәліметтер беру болып табылады.
Microsoft Access XP-деректер қорын басқарудың кәсіптік бағдарламасы. Оның көмегімен әртүрлі ақпараттарды жүйелендіруге және жинақтауға, таңдалған критерилері бойынша объектілерді сұрыптауға және іздеуге, деректерді енгізу үшін өзімізге ыңғайлы формаларды құруға және керемет дайындаулы есептерді нәтижелері бар болатын жазулар негізінде генерациялауға болады. Access бір уақытта бірнеше пайдаланушылардың деректерге енуіне рұқсат беруді қамтамасыз етеді.
Менің дипломдық жобамның тақырыбы «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электронды оқулық.
Деректер қоры - бұл деректерді басқаруда, оларды таңдауды, сұрыптауды және басқада әрекеттерді жүзеге асыратын бағдарламалық модульдерді және ақпараттардың үлкен көлемдерін сақтау үшін арналған құрлымдар жиынтығы. Деректер қорында ақпараттар бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Деректерге толтырылған кез-келген кесте бірінен соң бірі орналасқан бір типті жазбалар жиынтығынан тұрады. Олар деректерді қосуға, жоюға және өзгертуге болатын кесте жолдарын ұсынады. Әрбір жазба аттары бар, әртүрлі туылған жылдан бастап тағам мәзірлерінің түсіндірмесімен аяқтауға болатын ақпараттарды сақтауға арналған өрістердің немесе ұяшықтардың жиынтығы болып табылады. Әртүрлі жазбалардан тұратын бірдей типті бағандар кестелердің өрістерін құрайды.
Бір кестенің жазбалары басқа кестенің деректеріне сілтеме жасай алады, мысалы, тауарлар тізімі бар кестеде тауарларды өндірушілер анықтамаларымен олардың мекен-жайлары және басқада реквезиттеріне сілтеме сақталуы мүмкін. Сонымен бірге, әртүрлі тауарларға тиісті жазбалар бір өндірушіні көрсетуі мүмкін. Мұндай кестелердің арасындағы қатынастарды байланыс деп атаймыз.
Деректер қорының басқа модулдері кестелерде сақталған ақпараттарды өңдеу үшін арналған. Сұраныс көмегімен белгілі бір шарттарға жауап беретін деректерді таңдау жүргізіледі. Формалар ақпаратты қабылдау және форматтап енгізу үшін арналған. Есептер түрлі-түске түрлендірілген тақырыбы бар, бөлімдерге және ішкі бөлімшелерге бөлінген жазбалар тізімін (принтерге) шығаруды қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың және студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Дипломдық жоба мақсаты:
Front Page ортасында «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық құралын құру.
Дипломдық жоба тапсырмалары:
- Электрондық оқулыққа жүйелік талапты қалыптастыру;
- Front Page редакторының мүмкіндіктерін талдау;
- «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» бойынша материалдарды саралау;
- Жинақталған материалдар негізінде электрондық оқулық жасау.
Дипломдық жоба объектісі:
FrontPage ортасында «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық құралын құру.
Дипломдық жоба құрылымы:
Кіріспе, теориялық және зертханалық бөлімнен, қорытындыдан, тесттен, бейнероликтен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының мақсаты, өзектілігі және құрылымы берілген. Теориялық бөлімде электрондық оқулықты пайдалану және оған қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік, «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» бойынша дәрістер қарастырылған. Сонымен қатар Front Page ортасында бағдарламалау бойынша құрылған электрондық оқулық құралының мазмұны мен оның жұмыс істеу мақсаты көрсетілген.
Практикалық бөлімінде «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында зертханалық жұмыстар берілген.
Оқыту құралы дегеніміз жаңа білімді меңгеру үшін оқытушы мен студенттің пайдаланатын материалдық немесе идеалдық нысаны.
Оқыту құралдары оқыту әдістерімен әрқашан үйлесімділікте болады. Себебі, оқыту әдістері «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап беретін болса, оқыту құралдары «немен (ненің көмегімен) оқыту керек?» сұрағына жауап іздейді.
Оқытушының оқыту құралдары туралы білімі мен оларды оқыту үдерісінде қолдана білу шеберлігі пәнді оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі ақпараттық қоғамның дамуына сай білім беру үдерісінде компьютерлік техниканың қолданылуы ерекше орынға ие. Осыған байланысты оқыту құралдарының қатарын жаңа ақпараттық оқыту құралдарымен толықтыруға болады.
Материалдық оқыту құралдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, модельдер, көрнекілік құралдары, оқу-тәжірибелік құралдар, электрондық оқыту құралдары т. б. жатады. Идеалдық оқыту құралдарына бұрын игерілген, жаңа білімді игеруге қолданылатын білім мен біліктіліктер жатады.
Оқытудың ақпараттық құралдары - оқытуда білім берудің көптеген қызметін атқаратын, компьютердің көмегімен оқу ақпаратын сақтау, өңдеу және берудің электрондық құралдары. Оқытудың ақпараттық құралдары оқу ақпаратының көзі бола алады, оқытушының әзірлеген бағдарламасы бойынша білім алушылардың танымдық қызметін басқарады, оқытудың нәтижесін бақылайды, білім алушыға жекелеме көмек береді, өз бетімен білім толықтырғысы келетіндер үшін қосыша әдебиеттерге сілтеме бере алады, білім алушының бойында шығармашылық қабілеттіктерін және танымдық қызығушылықтарын арттырады, оқудың жағымды мотивтерін қалыптастырады.
1 АРНАЙЫ БӨЛІМ
- Тапсырма қойылымы
Front Page бағдарламасының көмегімен «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында төмендегідей электрондық оқулық жасап шығару. Бұл электрондық оқулық келесі талаптардың қойылымына байланысты жасалынды.
- титулдық бет;
- мазмұны;
- дәрістер;
- бейнеролик;
- тест және әдебиеттер.
ЭЕМ сипаттамасы
Берілген жұмысты орындау үшін келесі электронды есептеуіш машинасы қолданылды: AMD Phenom[tm] II X3 N830 / 3Гб DDR3 Memory / HDD 250 Gb монитор Acer 15. 6” HD LCD, Windows ХР Professional версия 2002 Service Pack 2, MS Office 2003, принтер Epson Stylus C43SX.
HTML форматында текст элементін қоюдың жалпы схемасы келесі түрде жазылуы мүмкін:
<"элемент аты" "атрибуттар тізімі"> элемент мазмұны </"элемент аты">.
Элемент мазмұнының алдындағы конструкция элемент басының тегі деп аталады, ал элемент мазмұнынан кейін орналасқан конструкция элемент соңының тегі деп аталады.
HTML құжатының құрылысы бірінің ішіне бірі салынған контейнерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Шынында да, құжаттың өзі - бұл "HTML" атымен аталатын бір үлкен контейнер:
<HTML> Құжат мазмұны </HTML>
HTML элементінің өзі немесе гипертексттік құжат құжаттың басынан (HEAD) және денесінен (BODY) тұрады:
<HTML>
<HEAD>
Тақырып мазмұны
</HEAD>
<BODY>
Құжат денесінің мазмұны
</BODY>
</HTML>
WWW-да әрбір құжаттың өз аты бар, оны басында көрсетеді. Оны интерфейс-программасының бірінші жолында көруге болады. HTML бетінің аты <TITLE> тегінің көмегімен басына қосылады. HTML құжатын жазуды бастай отырып, оның сондай түрде болатынын теңестіреміз. Мұндай теңестіру құжаттың ең басына <!DOCTYPE HTML PUBLIC ``-//W3C//DTD HTML 3. 2//EN''> тегін қою жолымен жүргізіледі. DOCTYPE тегі SGML тілінің тегі болып табылады және құжат HTML 3. 2 спецификасына сәйкес сипатталатын болатынын хабарлайды.
Барлық программалау тілдеріндегідей HTML тілінде де тексттің белгілі-бір бөліктеріне түсініктеме беретін әдісі бар. Түсініктемелер < ! - және - > тізбектерінің арасына жазылады. Түсініктеме мысалы:
<!-- бұл мәтіннің түсініктемесі бар -->
<P> тегінде параграфтың ішіндегі текстті тегістеу әдісіне көрсететін ALIGN параметрі бар: текст оң жақ шеті бойынша (RIGHT), сол жақ шеті бойынша (LEFT), ортасы бойынша (CENTER) немесе ұзындығы бойынша (JUSTIFY) тегістелуі мүмкін. Егер параметр көрсетілмесе, онда текст сол жақ шеті бойынша тегістеледі.
Параграфты ортаға жазу үшін келесі түрдегі тегті қолдануға болады:
<CENTER> . . . </CENTER>
Текстті бөлікке бөлудің тағы бір әдісін горизонтальді сызық деп атауға болады. Сызық HTML тілінің элементі болып табылады және текстке <HR параметрлер> тегінің көмегімен қойылады, мұндағы параметрлер келесі түрде болуы мүмкін:
WIDTH сызықтың ұзындығын береді. HTML-де өлшем бірлігі шығару құрылғысының нүктесімен есептеледі, яғни <HR> тегінің параметрі ретінде WIDTH=100 деп көрсетсеңіз, онда ұзындығы 100 нүктеден тұратын сызық құрасыз. Бірақ та бұл әдістің қолайлы емес екені көрініп тұр, себебі құжат әр түрлі шығару құрылғыларында әр түрлі болып кескінделуі мүмкін. Сол себепті HTML-де элементтердің ТӘУЕЛДІ өлшемдерін беру мүмкіндігі бар, яғни кескіндеу облысының жалпы ұзындықтан пайызы (броузер немесе қағаздың беті) . Мысалы: <HR> тегінде WIDTH=50% параметрін көрсетіңіз, сіз құжаттың кескінделу облысының қақ ортасындағы сызықты аласыз.
SIZE - сызықтың қалыңдығын береді.
NOSHADE - егер бұл параметр берілген болса, онда сызықтың көлеңкесі болмайды.
Егер осы моментте алынған бетті қарайтын болсақ, онда ол бір түсті болып көрінеді. Бір қарағанда не екені түсініксіз (егер терезенің басына қарамайтын болсақ) . Бетке "басты" тақырып жетпейді, яғни тақырып құжаттың денесінде. HTML тілінде алты түрден тұратын тақырып аты бар. Оларды құру үшін <H1>… - </H1>, …, <H6>…</H6> тегтері қолданылады. Тегтердің аттары олардың қолданылуын анықтайтын ағылшынның Heading (яғни, тақырып) сөзінен алынған. Өлшем 1 ең үлкен, өлшем 6 ең кіші шрифтке сәйкес келеді. Олай болса, тексттің негізгі жолының алдына
<H1> Welcome to my homepage! </H1>
жолын жазып, біздің бетті жазуды бастаймыз.
Енді біздің бетті броузерде қараймыз. Енді бет бұрынғыдан қарағанда жақсырақ көрінеді. <Hn> тегтері блокты болып табылады, олардың қолданылу жерінде абзацтарға бөлу жүргізіледі.
Тексттің шрифттерін көркемдеудің басқа жабдықтары болып курсивпен және қарайтылған түрмен жазу табылады. Осы әдістермен тексттегі кейбір сөздерді, тақырыптарды белгілеуге болады. Мысалы, бірінші және екінші деңгейдегі тақырыптарды <Hn> тегтерінің көмегімен, ал үшінші деңгейдегі тақырыпты қарайтылған шрифтпен белгілеу өте ыңғайлы. Курсивпен белгілеу <I> (Italic сөзінен), ал қарайтылған шрифтпен белгілеу <B> (Bold сөзінен) тегінің көмегімен жүзеге асады.
Сонымен қатар HTML тілінде emphasis - жалпылама белгілеу ұғымы бар. Ол <EM>…</EM> тегтерінің көмегімен жүргізіледі. Мұндай белгілеу - құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды. Осындай әдіспен белгіленген текст курсивпен кескінделеді.
Логикалық белгілеудің басқа жабдығы ретінде келесі тегті есептеуге болады:
<STRONG>…</STRONG>
Ол тексттің бөлігін күшейту үшін қолданылады. Тегтің мазмұны қарайтылған шрифтпен кескінделеді.
Келесі тегтердің көмегімен шрифттердің өлшемін және түсін өзгертуге болады:
<FONT параметрлер>…</FONT>
Параметрлер келесі түрде болуы мүмкін:
SIZE=``value немесе value'' - шрифттің абсолютті немесе тәуелді өлшемін береді. Тәуелді өлшем базалық өлшемнің қатынасы бойынша беріледі. Қабылдайтын мәндерінің диапазоны - бірден жетіге дейін.
COLOR - текст түсін көрсетеді.
FACE - Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator кеңеймесі.
Текст үшін гарнитураларды (гарнитуралар тізімі, бар шрифттер жүйесінен қажеттісі таңдалатын болады) беруге көмектеседі.
Ақырғы нәтиже жүйеде орналасқан шрифттердің санынан және әр түрлілігінен тәуелді. Мысал:
<FONT FACE="Arial, Times Roman"> Текстті басқа гарнитурамен белгілеу мысалы. </FONT>
Барлық құжат үшін шрифттердің базалық өлшемін
<BASEFONT параметрлер>
тегінің көмегімен беруге болады. Ол бір ғана параметрден тұрады:
SIZE - шрифтің өлшемін береді.
Қолданушының назарын аудару үшін кейде жанып-сөнетін текст қажет болады. Ол үшін <BLINK>…</BLINK> тегін қолданамыз. Бұл тегті байқап қолданған дұрыс, себебі жанып-сөнетін обьектілерге қарау әр уақытта жағымды емес. Кей жағдайда құжатқа цитаталарды, программаның бастапқы текстін немесе қарапайым текстік құжатты қою қажет болады. HTML тілінде бұл жағдайлар үшін мүмкіндіктер қарастырылған.
HTML тілінде цитаталар <CITE>…</CITE> тегтерінің көмегімен жазылады.
Құжатқа бастапқы текстті қою үшін <CODE>…</CODE> тегін қолдануға болады.
Текст белгіленген ұзындығы бойынша шрифтпен жазылатын болады.
Құжатта белгіленген форматпен тексттің бар болу жағдайының қажеттілігі ерекше таратылған. Мұндай мүмкіндік, мысалға электрондық хаттардың мазмұнын текстке немесе Usenet желісінен мақалаларды қосқан кезде қолданылады.
Front Page бағдарламасы . Front Page бағдарламасы web құжаттар жасауға арналған көп мүмкіншіліктері бар және қолдануға ыңғайлы бағдарлама. Front Page бағдарламасы Office құрамына кіретін басқа бағдарламалармен деректерді ауыстыру жеңіл орындалады. Web- узел белгілі бір тақырыпқа байланысты жасақталған Web беттер шығарып Web - узел Web беттер шоғырындағы Html файлдарымен ондағы пайдаланған графикалық файлдарды сақтайды. Егер Web - бет жасағын келсе, онда жұмысты Web-узел құрастырудан бастайсың. Front Page бағдарламасында бұл амал жеңіл орындалады. Жаңа Web - бет ашарда, бағдарлама автоматты түрде My webs бумасында web - узел жасайды. Web - узел жасау төмендегі амалды орындайды: File - New - Web.
- Алгоритмді сипаттау
Берілген алгоритмде басты тақырып ««МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық құралын құру, оның өзі бірнеше бағытқа бөлінген. Мазмұнда тақырыптардың әр қайсысы өз алдына жеке - жеке тақырып болып келеді. Сонымен қатар зертханалық жұмыс пен тест сұрақтары өз алдына жеке терезе. Бұл терезелердің бәрін «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақыбында электрондық оқулық тақырыбына гиперсілтеме арқылы бір - біріне бағынышты етіп электронды оқулық құрдым. Гиперсілтеме дегеніміз тышқан оң жақ батырмасын шерткенде қолданушы браузерінде Web - беттің келесі бір торабын ашатын ерекшеленген мәтін немесе графикалық объект болып табылады.
- Бағдарламаны жасақтау кезеңдері
Front Page редакторын пайдалану . Web - бетті жасау. Web-беттердің дизайнын тиімді ету шарттарының бірі- тақырыптарды дұрыс пайдалану. Ірі тақырыптардың көптігі беттерінің оқылуын қиындатады, ал тақырыптарға кедей беттердің көрінісі жұпыны және оларға қабылдау қиын болады. Тақырыптар газет немесе журналдағыдай бетте берілген ақпаратты құрылымдауға көмектеседі. [2]
Электрондық оқулықтың бір бетінің мысалында тақырыптарды пайдаланудың қарапайым үлгісін қарастырайық. Бетті «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық деп атайық. Бұл бетте біз тақырыптар тізімін жасаймыз, соңында олардың меншікті беттеріне жасалған сілтемелер тіркеледі. Бұл тапсырманы орындау үшін келесі әрекеттерді іске асыру қажет:
- Файл-Құру-Жаңакомандаларын орындап, Редакторда жаңа бет жасаңдар.
- Жаңадиалогтық терезесінде (1. 1-сурет) Қарапайым бетшешаблонын таңдап, ОКбатырмасын басыңдар.
Сурет 1. 1. Жаңа диалогтық терезесі
Редакторда сол жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап тұрған меңзер орналасқан бос бет пайда болады.
3. Пішімдеу панеліндегі стильдер тізімінен Heading 1 (Заголовок1) таңдаңдар. Беттің шапкасы тиісінше, мысалы, бірінші дәрежелі тақырып сияқты ерекшеленіп тұруы керек. Front Page редакторында тақырып жаңа жолдан жеке абзац сияқты безендіріледі.
4. Енді 1. 2-суретте көрсетілгендей «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық беттің негізгі тақырыбын енгізіңдер.
5. Тақырып аттарын енгізіңдер. Меңзер жаңа жолға өту үшін <Enter> -ді басып, стильдер тізімінен Heading3 (Заголовок 3) таңдаңдар да, Мазмұн деген тақырыпты теріңдер.
6. Енді 5-қадамды қайталай отырып, қалған тақырыптардың аттарын енгізіңдер. Сіздің бетіңіз 1. 3-суреттегідей көрінетін болады.
Тізімде тақырыптардың алты дәрежесі аталғанын ескеру керек. 1. 4-суретте тақырыптардың барлық алты дәрежесінің салыстырмалы өлшемдері көрсетілген.
Сурет 1. 2. Бұл бетте бірінші дәрежелі тақырып безендірілген
Сурет 1. 3. Мазмұны
Сурет 1. 4. Түрлі дәрежелі тақырыптар өлшемдерінің арақатынасы
Ақпаратты беттерге жайғастырғанда, кейде материалды абзацтармен емес, тізімдер түрінде беру ыңғайлы. Тізімдер ұзақ үздіксіз абзацтардан жеңіл оқылады, сондықтан тізімдерді орнымен қолдану беттерді қабылдауды жақсартады.
Нөмірленген тізімдердің атрибуттарын өзгертіп отыруға болады. Мысалы, нөмірлеу рим сандарымен (кішісімен де, үлкенімен де) немесе әріптермен (дәл солай кішісімен де, үлкенімен де) жасалуы мүмкін; нөмірдің кез келген бастапқы мәнін орнатуға болады.
Сурет 1. 5. List Properties диалогтық терезесі
дәл көрінісін беттерді қарауға қолданылатын браузер белгілейді.
Гипермәтін дегеніміз тышқан батырмасын шерткенде қолданушы браузерінде Web - беттің келесі бір торабын ашатын ерекшеленген мәтін немесе графикалық объект.
Гипермәтін объектісі ретінде мәтін немесе суреттер пайдаланылады. Front Page бағдарламасы гипермәтін орнату амалын дұрыс әрі жеңіл орындауға мүмкіншілік береді. Гиперсілтемені орнату үшін қажетті объектіні немесе мәтінді белгілеп құралдар тақтасындағы (HyperLink) гиперсілтеме құралын немесе тышқанның оң жақ пернесін басып, ұсынылған тізімнен Hyperlink Ctrl+K командасын таңдап алуға немесе Ctrl+K пернелерін басып, гиперсілтеме орнатуға арналған сұхбат терезесін ашамыз (1. 6 - суретте көрсетілген) . Мұнда қажетті файлдар тізімінен белгілеп, көрсетіп OK батырмасын басамыз. Front Page бағдарламасы гиперсілтемеден басқа закладканы пайдалануға болады. Закладка орнату тәртібі төмендегідей. Мәтіндегі сөзді белгілеп, Insert - Bookmark мәзірлерін таңдаймыз. Экранда пайда болған терезе автоматты түрде толтырып отырады. Сондықтан Ok батырмасын бассақ жеткілікті. Келесі орындалатын амал гиперсілтеме орнатуға ұқсас орындалады. Мұнда гиперсілтеме орнату терезесінде файлды емес, Bookmark нүктесімен белгілеп көрсетілген мәтіндегі сөзді белгілеймізде Ok батырмасын басамыз.
Сурет 1. 6. Гиперсілтеме терезесі
Енді кіріспе және «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық беттеріне бағынышты беттер жасаймыз. Ол үшін:
1 . Кіріспе таңбашасын ерекшелеңдер де, File →New →Page командасын орындаңдар немесе таңбашаны оң батырмамен шертіп, New Page 2 командасын орындаңдар. Терезеде New Page 2 бірінші бетінің үшінші дәрежелі таңбашасы пайда болады. Оның атын кіріспе деп өзгертіңдер, сондай-ақ «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық бетін жасаңдар.
2. Кіріспе беті үшін жеке - жеке мағлұматтар беріп үшінші дәрежелі беттер жасаңдар.
Сурет 1. 7. Гиперсілтеме командасын орындау
Сурет 1. 8. Гиперсілтеме командасын орындау
Әр бетті ашыңдар, оларды ақпаратпен толтырыңдар.
4. Егер қайсыбір беттің орнын өзгерткілерің келсе, қажетті таңбашаны мауспен «ұстап алып», жаңа орынға жылжыту жеткілікті.
Сендер редакцияланған беттердің Folder List бағыныңғы терезесіндегі файл таңбашасында қаламшамен белгіленетініне назар аударыңдар. Қай бетпен жұмыс істегендерің, ал қай беттердің әлі бос екені осыдан анық көрініп тұрады.
Кіріспе тақырыбын тандасақ келесі терезе пайда болады. Анимациялар жасалған бетерге қызығушылықты арттырып қана қоймай, ондағы материалдардың өз оқырмандарының талабына септігін тигізеді. Анимация орнату үшін Format Page Transiton (переход к странице) мәзірін таңдап аламыз. Содан соң экранда анимацияны қолдану тәртібін бекітетін сұқбат терезесі ашылады. Мұнда анимация нұсқасын таңдап алуға болады.
Беттерді жасау және сақтау
Front Page редакторы жеке беттерді ғана емес, Web- торапты тұтас жасауға мүмкіндік береді. Редакторды іске қосқанда беттің мәтінін бірден тере беруге болатын терезе ашылады. Page және Normal режімдері үнсіздік бойынша орнатылған. Оң жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап тұрған меңзер орналасқан.
Мысал үшін, «МҚБЖ Access мәліметтер базасымен жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық сөзін теремін.
Мәтін ағымдағы жолдың сол жақ шетінен басталатынына назар аударыңдар, бірақ сендер оны басқаша да орналастыра аласыздар (шегініс жасап, оң жақ шеті немесе орталық бойынша туралау арқылы) : мәтіннің қарпін және кеглін өзгертуге, оны тақырып етуге немесе оның қасиеттерін сан қилы әдістермен өзгертуге болады.
Енгізгендеріннің бәрі браузерде де дәл солай көрінеді. Жаңа абзац бастау үшін Word-тағыдай <Enter> пернесін басыңдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz