Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы ақпарат


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі . . . 5
1. 1 Азаматтық құқық объектілерінің айналым қабілеттілігі . . . 6
1. 2 Азаматтық құқық обьектілерінің түрлері . . . 7
2. Жылжымалы мүлік . . . 9
2. 1 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу . . . 12
2. 2 Бөлінетін және бөлінбейтін мүлік . . . 19
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Азаматтық құқық дегеніміз - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын - мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:
- «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
- Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
- Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т. б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Азаматтық құқық дегеніміз - тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т. б. жатады.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Азаматтық құқық қатынастар объектілеріне әр түрлі түсініктер беріледі және олар мыналар:
-азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетерінің бағыталатын объектілері;
- азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебебі болатын материалдық және рухани игілік;
- объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардың қайсысы сіздің пікіріңізше, нақтылау және неліктен? Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі, оның элементі бол ала ма? Мәні бойынша мына екі ұғым ұқсас па: «азаматық құқықтық қатынастың объектісі» және «азаматтық құқық қатынастың пәні». Азаматтық құқық қатынас объектілері азаматтық құқық қатынас түрлері арасында байланыс бар ма? Егер болса, онда ол қандай байланыс? Мысал келтіріңіз.
Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.
Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол «интеллектуалдық меншік» деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген.
Азаматтық құқықтағы интеллектуалдық меншікке жататын объектілерді атап шығыңыз. Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз.
Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады.
Ол азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары (субъектілері) : құқылы жақ (несие берүші) пен міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады.
Азаматтық құқық қатынастарының объектісі - олардың пайда болуына себеп болатын, және субъектілерінің әрекеттері бағытталатын нысана болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115 бабында аталған. ҚР АК 7 бабында аталған заңдылық фактілер азаматтық құқық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқық қатынастары азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа да әрекеттерінен туындауы да мүмкін. Заңдылық фактілер, ерікті белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін қатысушылар әрекеттері заңды және заңсыз болады . Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, яғни субъектілері: жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар) ; заңды тұлғалар (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар) ; мемлекет, оның атынан унитарлы Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар) болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін, қатысушылар құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы қажет. Аталған терминдарды түсіну үшін негізгі ұғымдар: құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болады.
1. 1 Азаматтық құқық объектілерінің айналым қабілеттілігі
Азаматтық айналым - міндеттемелік құқықтың келісімшарттық және келісімшарттық емес институттарымен қамтамасыз етілетін айналымның азаматтық-құқықтық сипаты. Әрқилы мүліктік құқықтық қарым-қатынасқа түсе алатын және өзінің табысына билік жүргізе алатын заңды тұлғалар мен азаматтар азаматтық айналымның қатысушылары болып табылады. Кейбір реттерде, оның әкімшілік-территория бөліністері де азаматтар азаматтық айналымға қатысады. Азаматтық айналымның қатысушыларымен жасалынған мәмілелер немесе басқа да заңды деректердің негізінде мүліктің бір тұлғадан екіншісіне өтуі азаматтар азаматтық айналымның мазмұнын құрайды. Мемлекет пен әкімшілі-территория бөліністер азаматтық заңдармен реттелетін қарым-қатынастарға өзгелермен тең негізде қатыса алады.
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi.
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды.
Азаматтык айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысты емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен байланысты. Ғылымда қалыптаскан дәстүрлі түсінік «азаматтық құқықтарды қорғау» ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған баска да шаралар жатады.
Азаматтық құқықтарды қорғау - бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың 6ipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындьқ туғызады.
Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.
Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 - шы бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.
1. 2 Азаматтық құқық обьектілерінің түрлері
Азаматтық құқық қатынастар объектілерін қандай түрлерге бөлуге болады? Азаматық құқық объектілерінің барлық түрлерін оқыңдар. Объектілердің әртүрлі аталуының негізі неде?
«Жылжымайтын мүлік» - Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады.
«Жылжымайтын мүлік» құқықтық терминнің кең түсінілуі дәлелді ме? Жылжымпйтын мүліктің құқықтық режимі және жылжитын заттың режимі арасында негізгі айырмашылық неде?
«Кәсіпорын» азаматтық құқықта субъектісіретінде де және объектісі ретінде де қолданылады. Кәсіпорынның азаматтық құқықтық объектісі ретіндегі сіздің қандай көзқарасыңыз бар? Мәмілені жасау кезінде бұл жағдай орын алады ма, егер объект ретінде бүкіл кәсіпорын емес, тек оның бір үлкен цехы болса қандай жағдай туындайды?
Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады.
Бөлінбейтін мүлікке ортақ мүлік құқығы негізінде бір уақыта екі субъект құқылы болса, онда не істеу керек? Шаруа қожалығын бөлу қандай тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сілтеме беріңіз.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлеріне мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар жатады. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері - ол азаматтық құқық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері болады. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Жәнеде олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады.
2. Жылжымайтын мүлік
Римдік құқықтың классикалық уақытты мүліктің ұғымы кең түрде шығарылды. Бұл кең мағынада сыртқы материалды заты ғана емес, сонымен қатар қатынас пен құқықты қамтиды. Денелік және денелік емес зат мүліктер. Гай мүліктерді денелікке бөлді, оларды осязать етуге болады және денелік емеске бөлді, оларды осязать етуге болмайды. Мысал ретінде гай мұрагерлік атайды, узуфрукт, мондет. Гай мысал ішінде жеке меншік құқығын атамайды: римдік заңгерлер мүлікке және мүліктің өзіне жеке меншік құқығын бөлмейді.
Мүлік түрлері:
Жылжымалы және жылжымайтын мүлік. Римдік құқықта мүлікті жылжымалы және жылжымайтын деп бөлу ерекше маңызға ие болған жоқ. Екеуі де бірдей заңды нормаларға жатты. Бірақта бұл табиға бөлу құл иеленушілік Рим үшін роль ойнады. Жылжымайтын болып тек жер учаскелері ғана саналған жоқ, меншік иесінің жерінде бөтен еңбекпен жасалғанның барлығы жатады. Олар жер бетінің табиғи немесе жалған бөлігі болып мойындалды. Бұған құрылыстар, егіншілік қатысты. Бұл барлық нәрселер жермен байланысты оның құрамды бөліністері болып саналады. Мүлікке жалпы жеке меншіктерінің тоқтатылды, яғни идуалды үлесінде бірнеше тұлғаға маңызға ие болды: тек 1 ші жағдайда оның бөлінуі бұрынғы жалпы жеке меншіктерге ғана рұқсат етілді. Екінші жағдайда олардың біреуінде ғана мүлік жеке меншігінде қалды, ал қалғандары ақшалай компенсация алды.
Бөліктік болып жер учаскелері саналды: онда құрылған құрылыстар бөлінді. Бөлудің сыртқы белгісі жарлар, шекаралар және межи болды. Бөлінетін мүлік болып жылжымалы мүлік те саналды, бір құрамдағы материалдар (руда, тастар, құм) .
Қолданылатын және қолданылмайтын мүліктер. Қолданылатын мүліктерге олардың тікелей берілуіне қатысты мүліктер жатты, бірінші қолданудан кейін материалды жайылып отырды. Бұған продовольствие және ақша жатты, соңғысы сол мағынада, әрбір санауда жеке меншік үшін жоғалып отырды. Қолданылмайтын мүлік болып қолданудан ескермеген мүлік саналды (қымбат тастар немесе келе келе өзінің құндығын кетіре отырып және өзінің міндетін орындауынын мүмкіндігі кете отырып жойылды) . Қолданылатын мүліктермен қолдану оның жойылуымен байланысты, жеке меншік иесінің қолданылатын мүліктерін басқа адамға қолдану құқығын беру, оларды қайта алу ерекше кепілдікпен қамтамасыз етіп отырды.
Родовой белгілермен анықталатын мүліктер және индивидуальды. Гректік жалпы систематикалық қабылдаулармен танысу республика кезеңіндегі «көне» римдік заңгерлерді мүлікке қатысты род және түр ұғымын қолдануға алып келді. Бұл мүліктің табиғи ғылыми және логикалық бөлінуі әрбір бөлек құқытық қатынасты әр жақтың ойын зерттеу талабымен толықтырылды олар мүлікті заңды келісімінің объектісі ретінде қарастырды ма, классикалық мүліктерін жатқызды, бір жалпы родтағы және индивидуальды айналымда жоқ. Олардың меновая құндылығы олардың роды, мөлшері, көлемі, салмағы, саны бойынша анықталды, олар өздерінің родымен өзінің белгілерін санымен, шарасымен, салмағымен анықтап, жүзеге асырып отырды.
Родовой мүліктерге түрлі, индивидуальды, нақты мүліктер қарсы қойылды. Егер мүлік немесе партия мүліктері родовой рет құқытық қатынасқа қатысушы болса, ол жойылуға ұшырамайтын болып заңды түрде саналады, не болмаса басқа бірдей мүлікпен ауыстырылуы мүмкін немесе бір түріндегі мүліктің басқа партиямен. Индивидуальды нақты мүліктің жойылуы жағдайында, оны апаруға міндетті тұлға, оны ауыстыру міндетінен босатылды.
Жай және күрделі мүліктер. Тұрақты философияға қарай отырып, Помпоний мүлкінің 3 түрін ажыратты: 1) жай мүлік - corpus quod uno spiritu continetur - физикалық байланысты нәрсені құратын және біртекті, құрамды бөліктерге бөлінбейді. 2) күрделі мүліктер, әртүрлі мүліктерінің жалған қосылуынан тұрады, арасында материалды байланыс болады және бірдей атайға ие. Мысалы, құрылыс, кеме, шкаф. Күрделі мүліктерінің бөліктерге жалпы жоғалған жоқ, олардың қатысуына дейін бөлек мүлік болады және әр түрлі тұлғаларға жатуы мүмкін болады. Бұл тұлғалардың құқығы біріккен мүліктердің арасындағы қатынас және байланысқа тәуелді анықталады. Кейбірде басқа тұлғалардың құқығы тоқталған жоқ, олардың мүлкі басқа күрделі мүліктің бөлігі болып қалса да. Басқа жағынан біріккен бөліктер жалпыға бірдей құқыққа бағынды. 3) үшінші топты бөлек мүліктің жиынтығы құрады, материалды байланыспаған, тек жалпы бірдей атпен байланысқан, мысалы, тобыр, легиан. Бұл уақытша шаруашылық немесе мүліктердің немесе адамдардың ұйымдасып бірігуі. Бұл жағдайда құқықтық қатынастың заты болып, жалпыға кіретін бөлек мүліктер бола алады. Алайда, айналымның талаптарына жол бере отырып, римдіктер бұл мүліктерінің құқық саласына сонымен қатар целостный көріністік әсерінде жіберіп отырды, мысалы, жеке меншік иесі бөлек жануарлардың көп бөлігіне өзінің жеке меншігін дәлелдей отырып, бүкіл тобырға истребовать етуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz