Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Азаматтық құқық пәні, оның ұғымы, жүйесі, реттелу әдісі мен қағдитаттары 6
1.1 Азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасы 6
1.2 Азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағидаттары 12
2 Азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі мен түрлері 22
2.1 Азаматтық құқықтың жүйесі 22
2.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі 24
2.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар 26
2.4 Азаматтық құқықтың уақытта және кеңістікте қолданылуы 31
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 35
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Кіріспе
Азаматтық құқық – құқықтың бір саласы. Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі. Азаматтық құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс тіршілікпен, сондай ақ азаматтардың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты. ҚР азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген. Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатнастар құрайды.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері бұл – азаматтық-құқықтық нормалардың көріну формалары.
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
а) Заңнама актілері, заңға тәуелді актілер;
б) Халықаралық келісімдер;
в) Іскери айналым әдеттері;
г) ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары.
Елімізде нормативті заңнама базасына өзгерістер енгізілуіне, жаңа заңдардың қабылдануына байланысты азаматтық құқықтың қайнар көздері де өзгеріп отырады, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады.
«Азаматтық құқықтың қайнар көзі» ғылымда өзара байланысты аспектілер бойынша екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, оларға қоғамдық құбылыста құқықты тудыратын обьективті факторлар жатады. Мұндай факторларға қоғам өміріндегі материалдық жағдайлар, әлуметтік топтардың мен мемлекеттік кластардың экономикалық, саяси, және әлеуметтік қажеттіліктері жатады. Бұл жерде сөз құқықтың қайнар көзінің материалдағы мағынасы туралы.
Екіншіден, құқық қайнар көзі ретінде заң, жарлық, қаулы мен басқада нормативті-заң құжаттарын қалыптастырушы мемлекеттік органдардың өкілетті қызметі мен байланыстырады.
Айтыла кететін бір жәйт, бұл қайнар көз туралы екінші категориялы түсініктің ғылымда ғана емес күнделікті өмірде, тәжірибеде азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың нақты субьектілеріне байланысты, нормалардың қалыптасу мазмұны маңызды екенін түсіндіреді.
Курстық жұмысың мақсаты азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлерін қарастыру. Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды:
- азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасын қарастыру;
- азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағиадаттарын анықтау;
- азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі мен түрлері н қарстыру.
Зерттеу пәні - азаматтық құқықтың қайнар көздері
Зерттеу обьектісі - заңдар, заңнамалық актілер, заң күші бар нормативтік актілер,жергілікті атқарушы органдардың нормативті құқықты актілері, кешенді нормативті актілер, халықаралық құқық нормалары, халықаралық шарттар, азаматтық айналымдағы салт-дәстүр нормалары мен сот тәжірибесі.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнің бөлімшелерінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақстаы, міндеттері, зерттеу пәні, зерттеу деңгейі қарастырылған. Бірінші тарауда азаматтық құқық пәні, оның ұғымы, жүйесі, реттелу әдісі мен қағдитаттары қарастырылған. Екінші тарауда азаматтық құқықтың қайнар көздеріне түсініктеме берілген, конституция және азаматтық кодекс алғашқы қайнар көзі болып табылады. Сондай-ақ екінші тарауда азаматтық құқық заңнамалары қарастырылды. Қорытындыда жалпы жұмыстың қықаша қорытындысы жасалды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз Алматы: «Жеті Жарғы»,-2007ж
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 жыл (03.07.2013 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2013.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 шілдедегі N 450 Заңы (24.12.2012 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
5. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2013 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
6. «Қазақстан Республикасы соттарының банкроттык, туралы заңды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 3 Нормативтік қаулысы
7. «Соттардың авторлық құқық жөне сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007жылғы 25 желтоқсандағы № 11 Нормативтік қаулысы
Арнайы әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) : «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы. 1 бөлім / құраст. Карибаева Ж. К. – Павлодар : Кереку, 2012. – 67 б.
2. Гражданское право. Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие. «Нур-пресс» — Алматы, 2006.— 432 с.
3. Гражданское право. Учебник для вузов (академ курс) Том 1. /Ответ. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин – Алматы: Издательство КазГЮА, 2000 г.
4. Гражданское право. Общая часть. Учебное пособие. /Под ред. А.Г.Диденко – Алматы, 2003 г.
5. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық Құқығы. Оқулық. Алматы-2006.
6. Смағұлова Асыл Смағұлқызы. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Дәріс курсы. Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Редакциялық – баспа бөлімі, 2009 жыл.
7. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: “Жеті Жарғы”, 2001.
8. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық.– Алматы, КазГЮУ, 2003.
9. Жайлин Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқу құралы. Жалпы бөлім.- Алматы: Жеті Жарғы, 2012. -304 б.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақстандық Қазіргі Заман Болашақ Академиясы Колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі мен түрлері
Орындаған:
Тексерген: Шаудіров Нұржан
Ақтау 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Азаматтық құқық пәні, оның ұғымы, жүйесі, реттелу әдісі мен қағдитаттары 6
1.1 Азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасы 6
1.2 Азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағидаттары 12
2 Азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі мен түрлері 22
2.1 Азаматтық құқықтың жүйесі 22
2.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі 24
2.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар 26
2.4 Азаматтық құқықтың уақытта және кеңістікте қолданылуы 31
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 35
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Кіріспе
Азаматтық құқық - құқықтың бір саласы. Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі. Азаматтық құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс тіршілікпен, сондай ақ азаматтардың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты. ҚР азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген. Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатнастар құрайды.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері бұл - азаматтық-құқықтық нормалардың көріну формалары.
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
а) Заңнама актілері, заңға тәуелді актілер;
б) Халықаралық келісімдер;
в) Іскери айналым әдеттері;
г) ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары.
Елімізде нормативті заңнама базасына өзгерістер енгізілуіне, жаңа заңдардың қабылдануына байланысты азаматтық құқықтың қайнар көздері де өзгеріп отырады, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады.
Азаматтық құқықтың қайнар көзі ғылымда өзара байланысты аспектілер бойынша екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, оларға қоғамдық құбылыста құқықты тудыратын обьективті факторлар жатады. Мұндай факторларға қоғам өміріндегі материалдық жағдайлар, әлуметтік топтардың мен мемлекеттік кластардың экономикалық, саяси, және әлеуметтік қажеттіліктері жатады. Бұл жерде сөз құқықтың қайнар көзінің материалдағы мағынасы туралы.
Екіншіден, құқық қайнар көзі ретінде заң, жарлық, қаулы мен басқада нормативті-заң құжаттарын қалыптастырушы мемлекеттік органдардың өкілетті қызметі мен байланыстырады.
Айтыла кететін бір жәйт, бұл қайнар көз туралы екінші категориялы түсініктің ғылымда ғана емес күнделікті өмірде, тәжірибеде азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың нақты субьектілеріне байланысты, нормалардың қалыптасу мазмұны маңызды екенін түсіндіреді.
Курстық жұмысың мақсаты азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлерін қарастыру. Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды:
- азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасын қарастыру;
- азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағиадаттарын анықтау;
- азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі мен түрлері н қарстыру.
Зерттеу пәні - азаматтық құқықтың қайнар көздері
Зерттеу обьектісі - заңдар, заңнамалық актілер, заң күші бар нормативтік актілер,жергілікті атқарушы органдардың нормативті құқықты актілері, кешенді нормативті актілер, халықаралық құқық нормалары, халықаралық шарттар, азаматтық айналымдағы салт-дәстүр нормалары мен сот тәжірибесі.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнің бөлімшелерінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақстаы, міндеттері, зерттеу пәні, зерттеу деңгейі қарастырылған. Бірінші тарауда азаматтық құқық пәні, оның ұғымы, жүйесі, реттелу әдісі мен қағдитаттары қарастырылған. Екінші тарауда азаматтық құқықтың қайнар көздеріне түсініктеме берілген, конституция және азаматтық кодекс алғашқы қайнар көзі болып табылады. Сондай-ақ екінші тарауда азаматтық құқық заңнамалары қарастырылды. Қорытындыда жалпы жұмыстың қықаша қорытындысы жасалды.
1 Азаматтық құқық пәні, оның ұғымы, жүйесі, реттелу әдісі мен қағдитаттары
1.1 Азаматтық құқықтың ұғымы және реттеу нысанасы
Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының бірі. Оның орны ең тұрақты, негізгі құқықтық салалардың арасында деп айтуға болады. Осылармен қатар құқық теориясында туынды мәні бар, кешенді құқықтық салалар деп аталатын құқықтық құрылымдар да бар. Олардың қатарында кейде жер құқығын, экологиялық құқықты, инвестициялық құқықты, отбасы құқығын және тағы басқаларын айтады. Алайда осындай құқықтық құрылымдар үшін азаматтық құқықтың бастауыш мәні өте жоғары.
Азаматтық құқықты біз оның субъектілері, онымен реттелетін қоғамдық қатынастар (азаматтық құқықтың реттеу нысанасы), реттелу әдісі (құқықтық тәсілдері) арқылы ажырата аламыз. Сондай-ақ біз азаматтық құқықты оның мәнісі жағынан да ажырата аламыз. Азаматтық құқық арнайы сөз тіркесі жеке құқық сөз тіркесімен өте жақын. Азаматтық құқық жеке құқықтың негізгі бөлігін құрайды. Азаматтық құқық пен бірге жеке құқықтық болып келетін өзге де құқықтық салалар бар деп айтылады.
Мысалы заң әдебиетінде жиі жеке құқық құрамына халықаралық жеке құқық, отбасы құқығын, еңбек құқығын жатқызып отыру кездеседі. Кейде осылардың қатарында азаматтық іс жүргізу құқығы да аталады. Осыған қатысты бірқатар құқықтық салалар жеке және жария құқық элементтерін бірліктерінің, ал кейбір құрылымдар тек дәстүр бойынша құқықтық сала деп аталатынын айта аламыз, отбасы құқығы.
Түсініктеме ретінде қазіргі құқық теориясында азаматтық құқықты жеке құқық саласы ретінде тану тұрақтанғанын айтып кету керек. Орыс тілінде бұл арнайы сөз тіркес частное право деп айтылады. Орыс тіліне ол латын тілінен келген, Рим құқығында бүкіл құқықты ius publicum және ius privatorum етіп бөлу орын алған, соңғысы жеке құқық деп аударылады. Өз кезегінде бұл арнайы сөз тіркесі бөлек тұлғаның мүддесін жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін құқықтық саланы (құқықты) білдіреді.
Рим құқығының әсері осы атауды берумен шектелмейді. Қазіргі заман Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығында көптеген Рим құқығында өңделген құқықтық құрылымдар іске асып тұр.
Мұның себебі біздің құқықтық жүйе роман-германдық құқықтық отбасында болып келетінінде. Қазіргі кезде біздің ұлттық құқық әртүрлі тарихи жүйелердің әсерін шегіп отырады деп айта аламыз. Бұрынғы Кеңес Одағы құқығының кейбір әсері де осы күнге дейін сақталып келеді. Жаһандану жағдайында барлық мемлекеттер өздерінің жеке құқықтық жүйелерін бір-біріне жақындастырғылары келеді. Осындай құбылысты жеке құқықтың біркелкі болуы (унификациялануы) деп атайды. Көптеген елдердің жеке құқықтық жүйелеріндегі рим құқығынан қалған негіздері осыған көмектеседі.
Азаматтардың (жеке тұлғалардың), әртүрлі ұйымдардың (заңды тұлғалардың) күнделікті мүліктік қарым-қатынастары, бірқатар мүліктік емес қатынастары азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Біздің ұлттық құқықтық жүйеміздің ерекшелігі ретінде азаматтық құқық: азаматтар (жеке тұлғалар) заңды тұлғалар және мемлекет қатысуымен пайда болатын қатынастарды да реттейді. Басқаша айтсақ, мемлекет де азаматтық құқықтық қатынастардың тең қатысушысы болы алады.
Қазіргі таңда азаматтық құқық кәсіпкерлік қатынастарды елеулі түрде реттейді. Бірақта келешекте Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік кодексті қабылдау жоспарлануда, сондықтан кәсіпкерлік құқық кешенді құқық саласы ретінде көбірек оқшаулану мүмкіндігі өсе түседі. Қалай болсада сол кәсіпкерлік құқықта жеке құқықтық реттеудің мәні және үлесі үлкен болмақ.
Өзге құқықтық салалармен реттелетін қатынастардың пайда болу негіздерімен салыстырғанда азаматтық құқықтық қатынастар көптеген негіздер бойынша пайда болады. Осы қатынастар тұлғалар өздерінің құқықтарын, мүдделерін кәдімгі өмірлік жағдайларда жүзеге асырғанда қалыптасады, немесе, егер олардың жеке мінездегі мүлікті және өзіндік мүліктік құқықтары бұзылса сол кезде пайда болады. Ал, сипаттағы, қылмыстық құқықтық қатынастар тек белгілі бір құқықтық бұзушылық жасалуына байланысты ғана пайда болады.
Осы айтылғанға негізделіп, азаматтық құқытың анықтамасын берейік. Азаматтық құқық - бұл қатысушылар теңдігіне негізделген мүліктік қатынастарды, мүліктілерімен байланысы жоқ өзіндік мүліктік емес қатынастарды ретейтін құқықтық сала.
Өзге де құқықтық салалар сияқты азаматтық құқықтың дербес реттеу нысанасы - аталған үш топ қатынастары, реттеудің құқықтық әдісі болып табылады. Азаматтық құқықтың өзге құқықтық салаларға қарағанда өзгешелігінің дәрежесі едәуір қағидаттары да бар.
Жоғарыда келтірілген азаматтық құқық анықтамасы заңнамаға негізделген. Азаматтық кодекстің 1-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сонда-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.
Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнімен туындамайды.
Сөйтіп азаматтық құқықтың реттеу нысанасын үш түрлі құқықтық қатынастар құрайды. Бірінші түрі мүліктік қатынастар. Екінші түрі мүліктілермен байланысы жоқ өзіндік мүліксіз қатынастар. Үшінші түрі мүліктілермен байланысты өзіндік мүліксіз қатынастар.
Осы қатынастар қандай екенін түсіндіріп кетуге тырысайық. Мүліктік қатынастар азаматтық құқықта үш негізгі типте болып келеді. Ең негізгі бөлініс бұл оларды заттық және міндеттемелік қатынастар ретінде жіктеу. Құқықтық әдебиетте осы туралы тікелей айтылмағанымен үшінші топ ретінде санаткерлік (интеллектуалдық) меншік жөніндегі қатынастарды атауға болады.
Мүліктік қатынастардың пайда болу негіздері көп. Олар әр түрлі мәмілелер, өзге құқыққа сай келетін әрекеттер, құқыққа қайшы әрекеттер, оқиғалар орын алуы себебінен пайд болады. Мәмілелер бүл мүлікті сату-сатып алу, сыйға тарту, мүлік жалдау, сенімхат беру, мұра қабылдау және көптеген басқа мәмілелер (шарттар).
Пайда болу негіздерінің көптілігіне қарамастан мүліктік қатынастар типіне қарай тұрақты болып келеді. Міндеттемелер туралы айта кетсек, олар тауар беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету бойынша міндеттемелерге бөлінеді. Міндеттемелік құқықтық қатынастың негізгі құрылымы барлық жағдайларда өзгермейді.
Заттық құқықтық қатынастарға бірінші кезекте меншік қатынастары жатады. Өзге де заттық құқықтар және оларға сай келетін заттық құқықтық қатынастар бар. Олар мүлікті шаруашылық жүргізу, мүлікті оралымды басқару, жерді пайдалану, кепіл құқығын жүзеге асыру т.б. жөнінде пайда болады.
Санаткерлік (интеллектуалдық) меншік қатынастары адамдардың ой шығармашылық қызметтерінің объектіленген нәтижелері жөнінде болып келеді. Аталғандай объектілердің қатарына авторлық шығармалар, өнертабыстар, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік өнегелер т.б. жатады. Санаткерлік меншік объектілері жөніндегі қатынастарға да белгілі бір дәрежеде міндеттемелік құқықтың нормалары қолданылады.
Қатысушылар теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар пайда болу аясына қарамастан, егер заңнамада басқаша көрсетілмесе, азаматтық құқықтық болып табылады. Егер субъектілердің бір біріне әкімшілік бағынуы орын алса, онда заңнамада осы жөнінде тікелей айтылған жағдайда азаматтық құқықтық қатынастар орын алады.
Жалпылама алғанда құқықтық қатынастар еңбек, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану заңнамасы нормаларының әсерінде бола тұрып, олармен толық реттелмесе онда азаматтық құқық нормалары қолданылады.
Дәстүр бойынша мүліктік қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың ең маңызды бөлігі болып есептеледі. Шын мәнінде сол қатынастардың ауқымына қарасақ, жағдай осылай болып көрінеді.
Бірақ мүліктің қатынастардың кең таралуына қарамастан қазіргі азаматтық заңнама мүліксіз қатынастардың реттелуіне елеулі мән береді. Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адамның ажырамас жеке құқықтарының бірқатары азаматтық құқық нормаларымен нақтыланады және оның нормалары арқылы жүзеге асырылу, қорғалу тетіктеріне ие болады.
Азаматтық құқық адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне құқықтарды, жеке бастың құпиясына құқықты т.б. мүліктік емес өзіндік құқықтарды жүзеге асыруға және оларды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Бұл жағдайларда пайда болатын қатынастарды мүліктілермен байланысты емес мүліктік емес қатынастар деп атайды.
Әдебиетте азаматтық құқықпен мүліктілермен байланысты мүліктік емес өзіндік (жеке) қатынастар тобы реттелетіні туралы айтылады. Бұрын қатынастардың аталған тобына ой (шығармашылық) қызметінің нәтижелері жөнінде пайда болатын қатынастарды жатқызатын. Бұл кеңес дәуірінен қалған көзқарас.
Қазіргі кезде мүліктілермен байланысты емес мүліктік емес қатынастардың қатарына тек тұлғаға келтірілген моральдық зиянды өтеу бойынша қатынастар жатқызылуы мүмкін. Осы туралы тікелей Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 142-бабының нормасында айтылған. Оған сәйкес: Мүліктік емес өзіндік және мүліктік құқықтар бір мезгілде бұзылған жағдайда мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылғандығы үшін жәбірленушіге тиесілі өтем ескеріле отырып, мүліктік зиянның орнын толтыру мөлшері ұлғаяды.
Әрине, келтірілген норманың мағынасы маман емес, адам үшін онша түсінікті емес. Біз осы норманы тұжырымдалу сапасы жағынан да өте жоғары бағалай алмаймыз. Оның мазмұны кең және оны әртүрлі жағынан талқылауға болады.
Көп мәселені көтермей мынаны айтайық. Моральдық зиян бұл мүліктік зиян емес. Моральдық зиянды келтірушіде жәбір шеккен адамға оны ақшалай түрде өтеу бойынша міндеттеме пайда болады, бірақ осы міндеттемені мүліктік қатынасқа жатқызбайды. Осы жерде мүліктілермен байланысты мүліктік емес қатынастар пайда болады.
Сонымен, азаматтық құқықтық реттеу нысанасы бұл оларға оның нормалары әсер ететін қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқықтың реттеу нысанасына мүліктік қатынастар, мүліктілермен байланысты емес мүліктік емес қатынастар, мүліктілермен байланысты мүліктік емес қатынастар жатады.
1.2 Азаматтық құқықтың реттелу әдісі мен қағидаттары
Жоғарыда айтылып кеткендей құқықтық сала ретіндегі азаматтық құқықтың тағы да бір ерекшелігі оның дербес реттеуінің құқықтық әдісінің болуы. Құқық теориясында құқықтық саланың реттелу әдісі реттеудің құқықтық тәсілдерінің және амалдарының жиынтығы ретінде бағаланады. Осыған орай азаматтық құқықтың реттелу әдісі бұл - азаматтық құқық шеңберінде қолданылатын құқықтық тәсілдерінің және амалдарының жиынтығы.
Құқықтық әдебиетте құқықтық әдіске беретін анықтамалардың ұқсастығы студенттерді жаңылыстырмауы қажет. Келтірілетін анықтамалар тек жалпы қалып (үлгі) ретінде қарастырылуы қажет. Ал мазмұны жағынан алсақ, әрбір құқықтық саланың өзінің дербес, өзге құқықтық салалар реттелу әдісіне ұқсамайтын реттелу әдісі болады.
Құқықтық реттелу әдісі деген ұғым күрделі және оның көп тұстары бар. Реттеудің құқықтық әдісі құқықтық сала нормалары әсер етуіің ең маңызды өлшемдерін анықтайды деп айтуға болады. Өзінің реттелу әдісі арқылы құқықтық сала қайталанбас қасиеттеріне ие болады және оған жүктелетін міндеттерді атқара алады.
Біздің ойымызша онды мағынада азаматтық-құқықтық реттелу әдісінің ең маңызды бағыттары мыналар болып келеді:
- тұлғалар еріктерінің дербестілігін (автономиялығын) қамтамасыз ету;
- тұлғалардың құқықтарын өз мүдделерінде жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Егер құқықты бұзу орын алып тұрса, онда азаматтық-құқықтық реттеу бұзылған құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктері іске асуына мүмкіншілік береді.
Әдіс құрамына кіретін бөлек тәсілдер өзара тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырады. Азаматтық-құқықтың реттеу әдісін жүзеге асыруда маңызды рөлді заң шығарушы оның нормалары әсер етуінің сипатына бөледі. Азаматтық-құқықтық нормалардың көбісі диспозитивті. Басқаша айтқанда олар құқықтық қатынастарға кірісетін тұлғалар үшін міндетті емес, ұсынбалы. Тұлғалар оларды басшылыққа ала отырып, жүріс тұрысының субъективті нормаларын қалыптастыра алады.
Басым көпшілік жағдайларда азаматтық-құқықтық қатынастара кіріседі ме, әлде кіріспейді ме, тұлға өзі шешеді. Тек заңнамада тікелей көрсетілген жағдайларда тұлғаның еркі осыған қатысты шектеледі. Осындай жағдайларда императивті, яғни қатысушылар үшін міндетті нормалар қолданылады.
Азаматтық құқықтың аталған қасиеттерін байқаған соң, құқықпен жақын танысы жоқ адамдарда азаматтық құқықтың елеулі міндеттейтін мәні жоқ деген қате пікір қалыптасуы мүмкін (азаматтық құқық заң емес деген сияқты). Бірақ бұл олай емес. Егер азаматтық-құқықтық қатынас қалыптасса, ондағы міндеттер ықтиярсыз орындалуға жатады.
Әдіске қатысты тағы да бір нәрсені айтып кету керек. Азаматтық құқықта оның көмегімен азаматтық құқықтық қатынастар қатысушылардың бір-біріне қатысты теңділігі қамтамасыз етіледі, азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері өз алдыларында қоятын мақсаттарға қол жеткізеді.
Азаматтық құқықтың реттеу әдісін жақсырақ түсіну үшін азаматтық заңнадама азаматтық құқықтарды жүзеге асыруға қатысты талаптарды білу қажет. Жалпы түрде аталған талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 8-бабында қарастырылып кеткен.
Әрине, азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларда да азаматтық құқықтарды жүзеге асыру жөніндегі ережелер бар. Бірақ көбінесе азаматтық құқықтық бөлек институттарының нормалары азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың қағидалы ережелері Азаматтық Кодекстің аталған бабында қарастырылған деп айтсақ дұрыс болады.
Жоғарыда айтылғандай субъектілер өздеріне берілген азамттық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқталуына әкеліп соқтырмайды. Мысалы, егер бір тұлға өзге тұлғаға зиян келтіріп болашақта зиянды толық өтеймін деп жәбірленуші талаптан бас тартатыны туралы қолхат жаздырып алса да, болашақта жәбірленуші сот тәртібімен өз құқығын қорғай алады. Алайда егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 373-бабына сәйкес борышты кешіру әрекеті рәсімделсе, онда несие беруші тұлға бұрын болған талабын болашақта қоя алмайды.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс. Мысалы, егер кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері баланың кейбір құқықтарын жүзеге асырған кезде әрекеттері баланың мүдделеріне зиян келтіретін болса, онда заңды өкілдің әрекеттері заң тәртібінде жоққа шығарылуы мүмкін.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.
Осыны сипаттайтын жағдай мынандай болуы мүмкін. Борышкер тарапынан ақшалай міндеттемені тиісті орындамау орын алса ақшаны қайтаруды кепілге берілген мүлікті сату қамтамасыз етуі мүмкін. Борышкер уақытылы несие берушіге міндеттемені орындай алмайтынын хабарлап кепіл мәні болып келетін мүлікті сатып борышты өндіріп алуды ұсынады.
Алайда несие беруші уақытты созып болашақта сыйақы және өсімді өшіру туралы қомақты соманы өндіру туралы талабын қояды. Осындайда біздің ойымызша азаматтық құқықтарды адал жүзеге асыруға жатқызуға болмайды.
Азаматтық құқықтарды адал парасатты және әділ жүзеге асыру міндетін шартпен жоюға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарындағы қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасап отырғандығы болжанылады. Яғни біреу өзіне қатысты басқа тұлға тарапынан аталған құқықтарды жүзеге асыруға қойылатын талаптар бұзылды деп есептелсе, соны дәлелдеуі қажет.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді.
Егерде жоғарыда тізіліп айтылған талаптар орындамаса сот оларды бұзған адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады.
Осыны қорытып айтқанда, азаматтық құқықтың көлемінде жол беру тәсілі, ал қажетті жағдайларда тыйым салу тәсілі қолданылады. Осы азаматтық құқықтық реттелу әдісінің тағы да бір көрінісі.
Азаматтық құқықтың қағидаттары
Азаматтық-құқықтық реттеуді жүзеге асыруда оның қағидаттарының рөлі жоғары. Қағидаттар бұл осы құқықтық саланың негізгі бастаулары, құқықтық идеялары. Олардың көмегімен азаматтық-құқықтық реттеудің әдісі жүзеге асады. Басқаша айтсақ қағидаттар әдіске қатысты оның құқықтық нысаны ретінде қарастырылуы мүмкін. Азаматтық құқықтың қағидаттары арқылы оның реттелу тәсілі бекітіліп көрінісін табады.
Қағидаттар тікелей қолданыла алатын нормалар болып келеді. Қағидаттар жалпы мәні бар құқықтық нормалар және заңнамада орын алатын идеологияларға сай олар басқа салалық нормалар алдында үстемділікке ие болуы тиіс. Егер бөлек норманың мазмұны қағидатқа қайшы келіп тұрса, онда қағидат талабы іске асуы тиіс. Әрине, заң шығарушы қағидатты арнайы норма арқылы әдейі шектеуі мүмкін, осы орын алса қағидат басшылыққа алынбайды.
Азаматтық құқықтың қағидаттарының қатары Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (жалпы бөлім) - бабын талдау негізінде анықталады. Бұл оқулықта қағидаттарды атап, оларға қысқаша сипаттама беру азаматтық құқықты жеке құқық саласы ретінде бағалауға мүмкіншілік береді.
1) Ең бірінші қағидат бұл азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі. Біз жоғарыда осыны әдіс ерекшелігі жөнінде атағанбыз және әдіспен қағидаттардың өзара тығыз байланыстығы жөнінде айттық. Енді соның мазмұнын ашайық.
Теңдік дегеніміз бұл қатынастарға қатысушылардың өзара әкімшілік бағыныстылығының болмауы. Ешкім, заңнамада арнайы талаптар болмаса, азаматтық құқықтық қатынас көлемінде өзінің мүдделерінің үстем екені туралы айта алмайды және өзге қатысушыға бағытталған талаптарды қоя алмайды.
Ал азаматтық құқықтық қатынастар қатысушылардың құқықтық жағдайлары негізінен бір-бірінен ерекшелінуі мүмкін.
Тағы да бір қағидатқа меншікке қол сұғылмаушылық қағидаты жатады. Бұл қағидатқа сәйкес қандай да болсын адамдар меншік иесінің құқықтарын жүзеге асыруына араласпауы керек.
Осы қағидат бойынша меншік құқығы тек заңнамада (Азаматтық Кодекс) көрсетілген негіздер бойынша және тисіті тәртіпте тоқтатылады. Меншік құқығын мәжбүрлі тоқтату туралы айтсақ, басым көпшілік жағдайларда меншік құқығы сот тәртібінде тоқтатылады. Меншік иесі меншік құқығын қорғаудың көптеген құқықтық тәсілдерін пайдалана алады.
Заңнамада немесе шартта көзделген шектеулер орын алмаса онда кімнің де болсын меншік иесінің оның затқа қатысты билігін (құқықтарын) шектейтін әрекеттері заңсыз болып табылады. Керісінше меншік иесінің затқа тарайтын билігі барынша толық болып есептеледі және заңда көрсетілген негіздер болса ғана сол билікті шектеуді талап ете алады. Мсыла мемлекеттік орган жеке меншік иесі қоғамдық пайда да нақты әрекет жасауын талап етуі мүмкін. Әрине осындай талап басым көпшілік жағдайда заңсыз болып шығады. Тек әдейі заңнаманы өзгертіп мемлекет жеке меншік қоғамдық мүддесіне қызмет етуін талап ете алады.
2) Азаматтық құқықта шарт еркіндігінің қағидаты да бар. Оған сәйкес тұлға қайдай да болсын азаматтық құқықпен қарастырылған және онымен қарастырылмаса да оның негізгі бастауларына қайшы келмейтін шартты жасай алады. Тұлғаға шарттың жағдайларын еркін анықтауға мүмкіншілік берілген және шартты кіммен жасасады, осыны да тұлға еркін таңдайды.
Шарт еркіндігі қағидатының мазмұнына шартты жасау немесе жасамау құқығы да кіреді. Жоғарыда аталғандай тек заңнамада көзделген жағдайда тұлға шарты жасауға мәжбүрленуі мүмкін.
3) Жеке істерге озбырлықпен араласпау қағидаты
Бұл қағидат тұлғаның мүліксіз өзіндік құқықтарының және мүліктік құқықтарының кепілдігін орнатады. Жалпылама жеке істерге озбырлықпен араласпау қағидаты тұлғаның өзіне тиесілі құқықтарды өз қалауына сай жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Қарастырып отырған қағидаттың қатарында жеке өмірдің құпиялығын, тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін т.б. көптеген құқықтарды атауға болады. бөтен адамдар соның арасында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тұлға құқықтарын жүзеге асыруына араласпауы керек. Оларды жүзеге асырылуы немесе асырылмауы туралы негізсіз талаптар қоя алмайды.
Мысалы, тәжірибеде тұлға өз құқықтарын қорғауға қатысты кейбір әрекеттерді жасамауы мүмкін. Жасалмаған әрекеттер заң бойынша міндетті емес дейік.
Бірақ соған қарамастан құқықтық қатынастардағы қарсы талаптар, мемлекеттік органдар, кейде соттардың өзі де неге уақытылы наразылық ұсынбадыңыз, неге анау айтылған жоқ, басқа нәрсе айтылған жоқ деп бұзылған құқықтарды қалпына келтіруден бас тартпақ болады.
Осыны түсіндірейік. Көптеген құқықтық қатынастар бойынша егер тұлғаның құқықтары бұзылса құқық бұзушыға алдын ала сотқа дейінгі наразылық ұсыну міндеті жәбірленушіге жүктелмейді. Бірақ кейде дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмағандыққа сілтеме жасалып жатқанын кездестіруге болады.
Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қағидаты азаматтық заңнамада барлық құқықтарды жүзеге асырудың тетігі болуын қамтамасыз етеді. Осы қағидатпен азаматтық құқықтардың қорғалуының қағидаты тығыз байланысты. Егер белгілі бір құқық азаматтық заңнамада қарастырылып оны жүзеге асыру тәртібі болмаса, онда құқық иесі осындай құқығы қамтамасыз етілуі жөнінде сотта талап қоя алады.
Рим құқығында құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру туралы кімді-кім өзіне тиесілі құқықты пайдаланса, теріс пиғылды әрекет етті деп танылмайды деп айтылатын.
4) Азаматтық құқықтың қағидаты ретінде азаматтық құқықтарды қорғау қағидатын атауға болады. Азаматтық құқықтың нормалары қандай да болсын құқық бұзылу жағдайына сай келетін сол құқықты қорғау шараларын қарастырады. Мысалы, егер меншік құқығы бұзылса, онда меншіктегі мүлікті басқаның заңсыз иелігінен қайтару қарастырылуы мүмкін.
Бұзылған құқықтарды қорғау шаралары (тәсілдері) құқықтың бұзылу сипатына сай болып келеді және құқықты қалпына келтіру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Азаматтық құқықтарды қорғау туралы жалпы ережелерді қысқаша қарап өтейік. Азаматтық құқықтарды қорғаудың басым көпшілік жағдайда сипатына жеке болып келеді. Осы айтылған тұлға құқығы бұзылды деп өзі ғана айта алатындықты және құқықты қорғау тек құқық иесінің бастамасымен болатындықты білдіреді.
Азаматтық құқықтарды қорғау туралы нормалар жөнінде айтқанда біріншіден Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 9-бабын ескеру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz