Азаматтық-құқықтық мәміле туралы жалпы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Азаматтық.құқықтық мәміле туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Мәміленің түсінігі, маңызы, нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жарамды және жарамсыз мәмілелер, жарамсыздықтың салдары ... ... ... 7
2. Азаматтық.құқықтық мәмілелерді топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Азаматтық.құқықтық мәміленің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Азаматтық.құқықтық шарттар мәміленің құқықтық нысаны ретінде ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы кәсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының «көлеңкелі бизнеске» қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді .
Менің курстық жұмысымның тақырыбы азаматтық құқықтық мәміленің түсінігі және оның түрлеріне арналған. Тақырыптың өзектілігі мәміленің азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатынастардың заңды түрде жасалуында.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық қатынастардың дамуы барысында мәміле институтының элементтерінің маңызы зор. Осыған байланысты туындайтын қатынастардың ерекшеліктерін талдап, олардың маңызын айқындаудың мәні зор.
Жұмыстың объектісі. Мәмілеге негізделген азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).
Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
Курстық жұмыс мазмұны кіріспеден екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Нормативтік құқықьық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Арнайы әдебиеттер:
1. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов Қазақстан Республикасының құқық негіздері., -Алматы, 2003ж
2. Оспанов. Қ. И. Құқық негіздері Алматы, 2007.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық құкығы., Алматы, 2001
4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өнделіп, толыктырылған, 2-басылымы / Ғ. Сапарғалиев. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.
5. Толеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. –Алматы: қамза,2001.380 бет
6. Комментарий к гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая, особенная часть) /Отв. Редактор М.К. Сулейменов, Ю.Б. Басин. – Алматы: «Жеті жарғы», 2000. 800 с.
7. Гражданское право. Учебник / Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю. К- Т. 1,2 и 3 – М., 1997-1998 гг.
8. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие.- Т.1 – Алма- Ата, 1978 г.
9. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие.- Ч.1– Алма- Ата, 1980 г.
10. Ғылыми-құқықтық, саяси – қоғамдық журнал «Тураби» 1-96 62 бет
11. Аскназий С.И. Обоснование правовых отношений междугосударственными социалистическими оргнизациями // Учен. Зап. Ленингр. Юрид. Ин-та. Вып.IV-Л., 1947, 33 бет.
13. Венедиктов А.В. Государственная социалистическая собственность.-
М. –Л., 1948, 665 бет
14. Генкин Д.М. Значение применения института юридического лица во
Внутреннем и внешнем товарообороте СССР. – В кн.:Сб. Научных тр-в
Ин-та Народного хоз-ва им. В.Г. Плеханова вып. IX- М.,1955.
15. Толстой Ю.К. Содержание и гражданско-правовая защита права
Собственности в СССР – Л.,1955, 88 бет
16. Красавчиков О.А. Сущность юридического лица. Сов.гос-во и право,
1976.
17. Гражданское право. – Т. 1 / Под ред. Суханова И.А. – М: Век. 1993 г.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Азаматтық-құқықтық мәміле туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Мәміленің түсінігі, маңызы, нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Жарамды және жарамсыз мәмілелер, жарамсыздықтың салдары ... ... ... 7
2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .15
2.1. Азаматтық-құқықтық мәміленің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Азаматтық-құқықтық шарттар мәміленің құқықтық нысаны ретінде ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік - экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы кәсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада жаппай жекешелендіру бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының көлеңкелі бизнеске қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы азаматтық құқықтық мәміленің түсінігі және оның түрлеріне арналған. Тақырыптың өзектілігі мәміленің азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатынастардың заңды түрде жасалуында.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық қатынастардың дамуы барысында мәміле институтының элементтерінің маңызы зор. Осыған байланысты туындайтын қатынастардың ерекшеліктерін талдап, олардың маңызын айқындаудың мәні зор.
Жұмыстың объектісі. Мәмілеге негізделген азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).
Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
Курстық жұмыс мазмұны кіріспеден екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Азаматтық-құқықтық мәміле туралы жалпы түсінік
1.1. Мәміленің түсінігі, маңызы, нысаны
Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.
Мәміленің ең көп тараған түрі - шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады. Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды. Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз - заңды факті. Заңды фактілердің оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет болып саналады. Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекеті. Міне осы жерден мәмілеленің белгілері мен өзіндік ерекшелігі көрінеді. Мәміленің басты ерекшелігі оны жасағанда азаматтық салдар туындап - белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленіп, өзгеріп, тоқтатылып жататынында.
Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар. Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі.
Мәмілемелерде азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының еркі көрінеді. Оны біз адамдардың еркіне бағынбайтын және еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білгуіміз керек. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда, мәселен, өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың тұрмыстық, өндірістік, азық - түлік тауарларын сатып алуы және т.б. әрекеттері.
Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата білу керек. Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе, бірақ басқа тұлғаларға байқалмаса, онда ол заңдық салдарды туындата алмайды. Осы сияқты, егер сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле жасалмаған болып саналады. Мысалы, кіріптарлық мәміле. Ол Азаматтық кодекстің 159 бабының 9 тармағында көрсетілген.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады. Жасалған кезде атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәмілелер:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Заң мәміленің қандай жағдайларында жазбаша түріде жасалатын айқындайды. Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмінкіндіктері үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы - ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
52 бапқа сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
Мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;
Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті. Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар.
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәніне не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.
Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжаттықарастыруды ғана талап етпестен, сондай-ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. Талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарапта осындай талап қоюға құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолдануменшектелуге болмайды.
Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
1.2. Жарамды және жарамсыз мәмілелер, жарамсыздықтың салдары.
Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.
4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.
Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттік туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) Әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.
Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра пайдаланушыларды да жатқызады. Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.
Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл - бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу - заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).
Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.
Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге асыру жолы нормативтік актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы" Жарлығында биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:
1) коммерциялық өкілдердің өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша көрсетілуі тиіс;
2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға алушының және т.б.).
3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;
4) коммерциялық өкілге сауда мәмілелерін жаса кезінде мәлім болған құпияларды сақтау міндеті жүктеледі.
Коммерциялық өкілдіктің бір сферасы сақтандыру құқықтық қатынасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы" Жарлаығы бойынша сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың атынан әрекет ететін сақтандыру брокерларының қызметіне жол берілген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сақтандыру брокері ретінде лицензияланған қызмет қажет емес. Шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының территориясында сақтандыру брокерлік қызметтерін өздерінің филиалдары немесе өкілдіктері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асыра алады.
Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың салдары
1. Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгiленедi.
3. Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге мiндеттi.
4. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс.
5. Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс.
6. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген салдарды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған, не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдар басталады.
7. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, сот мәмiленiң жарамсыз болуын туғызған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты екiншi тараптың залалын оның пайдасына өндiрiп беруi мүмкiн.
8. Жарамсыз мәмiле заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды, бұған мәмiленiң жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмiлелер кiрмейдi.
9. Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы.
Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы:
1. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.
2. Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
3. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн орындаудан немесе үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару ниетiмен жасаған ретте, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi:
1. Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.
2. Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады.
3. Осы Кодекстiң 23-бабында көзделген мәмiлелердi қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәмiле жарамсыз болады.
4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.
6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
8. Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады (осы Кодекстiң 150-бабы).
Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.
9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
10. Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы) терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.
11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күнiлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
12. Осы баптың 3, 5-тармақтарында көзделген мәмiлелер жас балалардың немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамдардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының талабы бойынша, егер олар аталған адамдардың пайдасына жасалған болса, сот шешiмiмен жарамды деп танылуы мүмкiн.
Жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелер:
1. Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мәмiле жарамсыз болады.
2. Егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге қатысты ережелер қолданылады.
Мәмiленiң бiр бөлiгi жарамсыздығының салдары:
Егер мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау мүмкiн болса, мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына әкелiп соқтырмайды.
Жарамсыз мәмiлелер бойынша талап қою мерзiмдерi:
1. (алып тасталды)
2. Осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негiздер бойынша мәмiленiң жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзiмi қорлық немесе қорқыту ықпалымен мәмiле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын өзге де мән-жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл болады.
ІІ. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді топтастыру
2.1. Азаматтық-құқықтық мәміленің түрлері
Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды деп саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. Жайттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәмілелер - бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы, меншік құқығынан бас тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат беру (Азаматтық Кодекстің 167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды.
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б. Шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер - көп жақты мәмілелер болып табылады. Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады.
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған нәрсеге байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо, әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі мәмілелерге жатады.
Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:
1. Мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;
2. Әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;
3. Мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;
4. Мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемлекет тіркеуден өтуі қажет.
Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. Мерзімді Мәміленің ерекшелігі белгіленген мерзімнің міндетті түрде келетіндігінде. Кейде Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер қандай да бір алдын ала келісілген оқиға болған кезде туындайды, ал оқиғаның болуы-болмауы екі ұшты мәселе. Яғни келісілген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асуы оқиғаның болуына тікелей тәуелді болса, мұны шартты Мәміле деп атайды. Сондай-ақ өзара сенімге негізделген фидус. Мәміле де (лат. Fіducіa -- сенім арту) болады. Тапсыру, комиссия, мүлікті сенімгерлікпен беру тараптардың арасындағы бір-біріне сенушіліктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz