Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік . . . 5
1. 1. Акционерлік қоғам түсінігі, белгілері . . . 5
1. 2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаты мен оны құру, қайта құру, тоқтату . . . 8
1. 3. Акционерлік қоғамның органдары . . . 20
2. Азаматтық заңнамалар бойынша акционерлік қоғамның түрлері . . . 29
3. Акционерлік қоғамның акциялар шығару тәртібі мен акционерлердің құқықтық жағдайы . . . 32
3. 1. Акционерлік қоғамның акция шығаруы . . . 32
3. 2. Акционерлердің құқығы мен міндеттері . . . 35
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Нарықтық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болады. Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара отырып, бизнесін жаңғыртады.
Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерліктің бұл түрінде кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке азаматтар келісім бойынша капиталын бір жерге шоғырландыру арқылы заңды түрде тіркелген ұйым құрып және өздері бекіткен жарғы бойынша қызмет атқарады. Акционерлік қоғамдар акцияның бірнеше түрлерін шығаруға құқықтары бар. Акция (французша action - құнды қағаз) - акционерлік қоғамның қаржылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын бағалы қағаздың түрі. Ол өз иесіне осы қоғам қызметінен түскен пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам тартылған жағдайда оның мүлігін үлестіруге қатынасуға құқық береді.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үрдіс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын құрылтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңды тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі , ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті зерттелмеуі курстық жұмыс тақырыбын «Акционерлік қоғамның түсінігі мен түрлері» деп таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты - республикадағы акционерлік қоғамдардың қазіргі жағдайларын талдай отырып, олардың қызметінің негізгі мәселелерін зерттеп талқылау, сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік. Акционерлік қоғамға жалпы түсінік бере отырып осы тарауды үші тақырыпшаға бөліп қарастырмақпын.
Екінші бөлімінде Азаматтық заңнамалар бойынша Акционерлік қоғамның түрлері.
Үшінші бөлімінде Акционерлік қоғамның акциялар шығару тәртібі мен акционерлердің құқықтық жағдайы жөнінде қарастырылады.
1. Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
1. 1. Акционерлік қоғамның түсінігі, белгілері
Қарастырылып отырған қоғам коммерциялық заңды тұлға боып табылады, сонымен қоса оның міндеттері мен құқықтары бар. Яғни бұл - акционерлік қоғам.
Акционерлік қоғам мүшесінің дүние-мүлгіне және меншігіне акционердің қол сұғуына құқығы жоқ, бірақ акционердің құқығы мен міндеттері шектеулі . Акционердің мүліктік құқығының негізгі элементі - құқық меншігі мен бағалы ұағаздар немесе акциялар. Акционер акцияларын мирасқа қалдыруға, біреуге беруге және сатуға құқығы бар. Бірақ келесі акционердің келесі акционерге мінездеме беруге құқығы бар. Акция сатытушыдан акция сатып алушының құқықтары мен міндеттері заңға сәйкес жүргізіледі.
Айрықша жағдай тууы мүмкін, акционерлік қоғам мемлекеттік кәсіпорынға өзгерген жағдайда мемлекет өзімен бірге бақылау пакеті акцияларын қалдыруы мүмкін.
Бұндай акционерлік қоғамның мүлкі мен құқық қабілеттілігі кімге тиесілі?
Сирек емес жағдайда өзгертілген акционерлік қоғам мемлекетке тиесілі. Оны мемлекеттік акционерлік қоғам деп атайды.
Бірақ, бұл заңды тұрғыдан қарағанда бұл пікір дұрыс емес. Акционерлік қоғам тіпті білімді қоғамның өзінде өзінің мүлкін, құқық қабілеттілігін сақтап қала алатын тұлға бола алады, ал мемлекеттің атынан акцияларн басқаратын тұлға сол акциялар оның меншігіне өтеді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда заңды тұлғаның мемлекеттік билігі әлсіз емес мықты болады, себебі мемлекеттің атынан акцияны басқаратын тұлға акционерлік қоғамның барлық мүліктерді қарауға байлансты мәселелерді шешуге қатысып бәрін бақылап отырады. Бірақ заңды тұрғыда мұндай шешім министрліктің акімшілігінен емес, ал акционерлік қоғамның басқару органдарымен шешіледі. 1
Акционерлік қоғам - өз қызметін іске асыру үшін қаражат тарту мақсатындағы акциялар шығаратын заңдылық тұлға.
Акционерлік қоғам дегеніміз қатысушылардың қоғамға деген міндеткерлік құқықтарын куәландыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады.
Қоғам балансында ескерілетін иелігінде жекелеген меншігі бар, өз атынан заттай және заттай емес құқықтарды иеленіп жүзеге асыратын заңды тұлға.
1 Ю. Г. Басин Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учеб. Пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. - Алматы: ВШП «Әділет», 200. -20-21 стр.
Акционерлік қоғам заңға қайшы келмейтін кез келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда табуға бағытталған.
Қоғам құрылтайшылары арқылы қайта құрылуы немесе жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну, сіңіру, қайта құрылу) мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылуы деп есептеледі.
Қоғамның барлық органдарына және акционерлеріне талаптардың орындалуы негізгі құжат қоғамның жарғысы болып табылады.
Акционерлік қоғамның акциялары
Акция - меншік титулы, жазбаша куәлік, акционерлік қоғам капиталына қаржы салымын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Ол акция иесіне Акционерлік қоғамның істеріне қатысуға, салынған капитал мөлшеріне байланысты белгілі көлемде дивиденд алуға құқық береді. Акция иесі - акционер болып табылады. Акционер Акционерлік қоғамның кредиторы болып табылмайды, сондықтан күнделікті дивиденд төлемін және акцияны сатып алуына (егер акция курсы төмендейтін болса) фирмадан талап етуге құқы жоқ. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденд) көлемі баланста көрсетілген табысына тәуелді. Жалпы акционерлік жиналыста осы табыс үлесін дивиденд түрінде болу және төлеу, табысты қолдану сұрақтары шешіледі. Табыс акция мөлшеріне байланысты пропорционалды бөлінеді.
Егер Акционерлік қоғам тиімді жұмыс істесе, онда акционерлік капиталды көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ акция иелері акционерлер санын көбейтуге ұмтылмайды, себебі әр акционер қайта шығарылған акцияны алуға ерекше құқық алады. Әрбір акционер «ескі акция» мөлшеріне пропорционалды суммада жаңа акция ала алады. Бағалы қағаздар нарығында, әсіресе қор биржасында, компанияның іс жүзіндегі қоры ешқандай шақалусыз дамуына қарамастан, бір кәсіпорынның акциясы бір уақытта әр түрлі баға (курсқа) ие бола алады.
Акционерлік қоғам табысы келесідей қолданылады: бір бөлігі акционерлер арасында таратылады, екінші бөлігі акционерлік қоғамның резервіне бағытталып, капитал ұлғаюына немесе кәсіпорын құлдырағанда дивиденд төлеуге қолданылады.
Әдетте, Акционерлік қоғам «жасырын» резервтердің өсіруге жағдай жасайтын саясатты жүргізеді. Резервтер жиналымдар біткеннен кейін акционерлік компания дивидендтерін төмендетеді. Бұл Акционерлік қоғам күйреуінің бірінші белгісі. Акция иелері аз дивидендтер әкелетін акциялардан құтыла бастайды. Бұл акция курсының номиналды құнынан төмендеуіне әкеледі. Егер Акционерлік қоғам қызметін тоқтатса, онда акция ұстаушылар Акционерлік қоғамға салған қаржысын толығымен жоғалтады, ал акция ешкімге керек емес қағазға айналады.
Акционерлік қоғам қалыпты жұмыс істеген жағдайда акция ұстаушы өз акциясынан қоғам жұмысына сәйкес дивиденд алады. Мысалы, 50 теңгелік акция табысы 6 теңге құрайды. Сондықтан, бір акция дивидендті 6 теңге құраса, онда акционер жылдық 12% алады. Қоғам құрылған кезде алғашқы акциялар номиналды құны бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады.
Қор биржасында және банкте акция сатылу мен сатып алу бағасын акция курсы деп аталады. Ол негізгі екі факторға тәуелді: дивиденд мөлшеріне және саудалық пайыз көлеміне. Әрине, төленетін дивиденд көлемі жоғары болса, яғни оның курсы жоғары.
Акция сатып ала отырып, ақшалай қаржы иесі әрдайым алынған дивидендтің аз капитал салымын берік табысқа кепіл беретін банк немесе өнеркәсіп облигациясынан кепілмен ала алатын табыстармен салыстырады.
Банктік пайыздық көресткіш акция курсының төмендеуі мен жоғарлауына әсер ететін фактор: банктік пайыз жоғары болған сайын, қор биржасындағы акция курсы соншалықты төмендейді және керісінше. Айталық, акцияны номиналды 100 теңгелік құны 12 теңге көлемінде дивиденд әкеледі, ал ссудалық пайыз көлемі - 4. Онда бұл акция қор биржасында 360 теңге курспен сатылады, өйткені дәл осындай соммамен банкке жылдық 4% есеппен қойылған сомма 12 теңге әкеледі.
Берілген түсніктегі шамалар акция курсының әрдайым тербелінуі, акцияның сұраныс пен ұсыныс қатынасына тәуелді.
Қоғам акция ұстаушыға түрлі артықшылықтарды беретін және атаулы акция түрлерін шығарады. Акция ұстаушы - заңды түрде компанияның акционері екендігін куәландырады. Атаулы акцияларды шығарғанда, оларды тек акционерлер иемдене алады. Әр түрлі елдерде, қоғам қызметін реттейтін түрлі заңдар бар.
Акцияның әр түрлі артықшылықтар мен кемшіліктерге ие.
Ұсынушыға арналған акция сату операцияларында қолануға ыңғайлы. Бұл жағдайда компания акция иелерінің аттарын білмейді. Осылайша акцияларды сату және сатып алуда қоғам құрылтайшыларына және акционерлеріне түрлі қиыншылық туғызуы мүмкін.
Акциялар тағы жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акция - акционерлік құқықта негізінде көрсетілген қоғам табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция жай акцияға қарағанда ұстаушыға түрлі формада көрсетілетін арнайы басымдылықтарға ие. Басымдылықтардың бірі, қоғам акцияларына табыс деңгейі анықталғанға дейін кепілді табыс нормасына төленеді. Артықшылығы бар акцияның екі түрі бар. Біріншісі: нақты белгіленген дивиденті бар акция, бұдан қоғам қызметінің нәтижесін байланыссыз алдын ала келісілген табыс төленеді. Артықшылығы бар акцияның бұл түрі өз мәні бойынша облигациядан айырмашылығы жоқ. Бұндай акция өте сенімді, бірақ олардың дивидентің жоғарылауы болмайды. Артықшылығы бар акциялардың сату барысында компания акцияның тұрақты бағасын қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері, акцияларды биржалық курспен сатудан түскен пайданы бөлуге қатыса алмайды. Артықшылығы бар акция ішінде нақты белгіленген дивидендке қоса, қосымша шектеулі көлемде табыстың белгілі бір бөлігі төленеді. Сонымен қатар, артықшылығы бар акция иемденушілер, компания жойылғанда, қоғам мүлігін бөлуде басымдылыққа ие болады.
Компания жай акциялар бойынша қарыздарды өтеу бұрын, артықшылығы бар акция иемденушілерге, сол акцияның номиналды құнынан жоғары яғни, нарықтық курсты жабатын сомма төленеді. Соған қарамастан артықшылығы бар акция иемденушілеріне қоғам жойылуында теріс жақтары бар. Қоғамды заңды түрде резервтер болады. Оларды бөлу көбінесе жай акцияларға кетеді, сондықтан жай акцияларға төленгенде олардың номиналдық құнынан әлде қайда жоғары болады.
1. 2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаты мен оны құру, қайта құру, тоқтату
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ уәкілетті органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады. Мемлекеттiк кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғам «Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар» туралы заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін. 1
1 Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 Заңының 6-бабы.
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
2) құрылтай шартын жасайды;
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;
4-1) қоғамның акцияларына ауыстыруға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
4-2) «Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар» туралы заңына сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
6) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;
7) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
8) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
9) қоғамның жарғысын бекітеді.
Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.
Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) :
1) қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде: жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері; заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;
2) қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі
3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;
4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны;
5) оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары;
6) қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу;
7) қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;
8) қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) құрылтайшылардың шешімі бойынша.
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады.
Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылу кезеңінде «Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар» туралы заңына сәйкес 6-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 1
Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс.
Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды. Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.
Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.
1 Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 Заңының 6-бабының 3-тармағы
Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, жарғыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген өзгерiстер мен толықтыруларды (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылғандарды) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.
Қоғамның жарғысында мыналар:
1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;
3-1) оларға қатысты «алтын акция» (ол болған кезде) иесінің вето құқығы белгіленген мәселелер, сондай-ақ «алтын акция» иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ;
4) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;
5) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;
6) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
6-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi;
7) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен «Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар» туралы заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;
8) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;
9) «Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар» туралы заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес өзге де ережелер болуға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz