Алименттік міндеттемелер
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Алименттік міндеттемеле ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Алименттерді есептеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Ата.аналарға қамқорлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Ата.аналармен балалардың алименттiк мiндеттемелерi ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.4. Ерлi.зайыптылардың және бұрынғы ерлi.зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5. Отбасының басқа мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi ... ... ... ... ... ..13
2. Алимент төлеу туралы келiсiм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Алимент төлеу туралы келiсiм жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Алименттi сот тәртiбiмен төлеттiру және өндiрiп алу тәртiбi ... ... ... ... ...17
2.3. Ата . аналық құқықты қалпына келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінің өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;
• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Нормативтік құқықьық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Арнайы әдебиеттер:
1. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов Қазақстан Республикасының құқық негіздері., -Алматы, 2003ж
2. Оспанов. Қ. И. Құқық негіздері Алматы, 2007.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық құкығы., Алматы, 2001
4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өнделіп, толыктырылған, 2-басылымы / Ғ. Сапарғалиев. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.
5. Толеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. –Алматы: қамза,2001.380 бет
6. Комментарий к гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая, особенная часть) /Отв. Редактор М.К. Сулейменов, Ю.Б. Басин. – Алматы: «Жеті жарғы», 2000. 800 с.
7. Гражданское право. Учебник / Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю. К- Т. 1,2 и 3 – М., 1997-1998 гг.
8. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие.- Т.1 – Алма- Ата, 1978 г.
9. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие.- Ч.1– Алма- Ата, 1980 г.
10. Ғылыми-құқықтық, саяси – қоғамдық журнал «Тураби» 1-96 62 бет

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Алименттік міндеттемеле ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Алименттерді есептеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Ата-аналарға қамқорлық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Ата-аналармен балалардың алименттiк мiндеттемелерi ... ... ... ... ... . ... ... .8
1.4. Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерi ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.5. Отбасының басқа мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi ... ... ... ... ... . .13
2. Алимент төлеу туралы келiсiм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Алимент төлеу туралы келiсiм жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Алименттi сот тәртiбiмен төлеттiру және өндiрiп алу тәртiбi ... ... ... ... ...17
2.3. Ата - аналық құқықты қалпына келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе
Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен -- "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) -- заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты -- отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
:: бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінің өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
:: олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;
:: алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
:: субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
:: заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
:: тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
:: ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
:: балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
:: ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.
1. Алименттік міндеттемеле
1.1. Алименттерді есептеу тәртібі
Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен кәмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалақысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға -- үштен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін -- тең жартысы мөлшерінде. Сондай-ақ сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады.
Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 14 бөлігінің орнына 16 бөлігін өндіріп алуды белгілейді.
Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мысалы, балалардың ауыр науқасы, шипажайлық ем қажеттігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы. төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді.
Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретінде алимент өндіріп алудан басқа ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған. Сот бұл соманың мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларына орай әрбір нақты жағдайды жеке айқындайды. Алименттердің тұрақты ақша сомасы ретінде өндіріп алынуының мысалдары көп кездеседі: алимент төлеушінің табысының тұрақсыздығы немесе жиі өзгеріп отыруы; жалақысын заттай алуы және т.б.
Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланысты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананын жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мәжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар кәмелетке толғанда тоқтатылады. Алайда заң кәмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігін де қарастырады. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар еңбекке жарамсыз болып табылады.
Сот балалардың мұқтаждығын нақты жағдайларды ескере отырып анықтайды. Біріншіден, ешқандай табысы жоқ адам мұқтаж деп танылады, екіншіден, егер тапқан табысы қалыпты тұрмыс құруға жеткіліксіз болса (өмір сүру минимумынан төмен).
Сот жақтардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алиментін ол төленетін соттағы айлық есептік көрсеткішке (АЕК) қатысты еселеп белгілейді.
АЕК 1000 теңге болса, сот 6 еселік көрсеткіш белгілейді, демек, айсайын өндіріліп алынатын сома 6000 тенге (1000x6=6000) болады.
Еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырап-бағу міндеті ата-аналардың екеуіне де бірдей.
1.2. Ата-аналарға қамқорлық.
Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауға және оларға көмек көрсетуге міндетті. Ата-анаға қамкорлық дегеніміз -- оларға моральдық қолдау көрсету, тиісті көңіл бөлу, құрметтеу және көмектесу. Олардың өмір сүруіне қажетті материалдық қаржы бөлу, ата-аналарға көрсетілетін көмектің айрықша түрі болып табылады. Әдетте, көмелетке толған балалар тарапынан көмек көрсету ерікті болып табылады. Бірақ көмелетке толған балалары тиісті көмек көрсетпеген жағдайда, ата-аналарының сот арқылы олардан алимент өндіріп алуға қақысы бар.
Алименттер көмелетке толған балалардың әрқайсысынан өндіріліп алынады. Алимент мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, айлық есептік көрсеткішке қатысты еселенген түрде сот айқындайды. Демек, сот балалардың әрқайсысына қатысты тең еселенген көрсеткіш не бұған керісінше көрсеткіш қолдана алады.
Қызы 5 еселенген мөлшерде алимент төлеуге міндетті болса, ал ұлы -- 7 еселенген мөлшерде, өйткені сот бұл арада қызының көмелетке толмаған өз балалары барын да ескерген. Сонымен айлық есептік көрсеткіш 1000 теңгені құрайтын болса, еңбекке жарамсыз ана ай сайын 12000 теңге (5х1000)+(7х1000) алып тұратын болады.
Алайда балаларынан алимент талап етуші ата-аналары бұрын оларды асырапағудан жалтарған болса, онда сот балаларды ата-аналарын асырап-бағу міндетінен босатуы мүмкін.
Отбасылық заңнама сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде біріне-бірі материалдық қолдау көрсету міндеттерін де көздейді. Ерлі-зайыптылар арақатынастары қалыпты болған жағдайда бір-біріне ерікті түрде көмектесіп тұрады. Бірақ ерлі-зайыптылар біріне-бірі көмек көрсетпеген жағдайда, мұқтаж жұбайы алимент ендіріп алу женінде сотқа талап түсіруге қақысы бар. Сот тәртібімен алимент өндіріп алу үшін мынадай шарттардың болуы қажет:
:: тіркелген неке;
:: еңбекке жарамсыздығы және материалдық көмекке мұқтаждығы;
:: мұндай көмек көрсету үшін екінші жұбайының қажетті қаржысы болуы керек.
Әйелінің жүкті кезінде және олардың ортақ балалары туған күннен бастап үш жыл бойына өз жұбайынан асырап-бағуға қаржы сұрауына құқығы бар. Әйел екіқабат кезінде жүктілігі мен тууына байланысты еңбек демалысына шыққанша жұмыс жасайды, бұл жағдай көбінесе осыған байланысты. Осы кезенде, сондай-ақ бала туғаннан кейін ананың қосымша шығындары көбейіп кетеді: бала тағамы, нәрестенін киімкешегі, медициналық көмек және басқалары. Бұлардан басқа, заңда мүгедек баласын бағып-күтетін жұбайдын алимент өндіріп алу құқығы да көзделген.
Қажетті қаржысы бар бұрынғы жұбайынан сот тәртібімен алименттер төлеуді талап етуге мынадай қоқысы бар:
:: бұрынғы әйелі жүкті кезінде және ортақ балаларын туған күннен бастап үш жыл бойына;
:: ортақ мүгедек балаларын бағып-күтетін мұқтаж, бұрынғы жұбайы;
:: некелерін бұзғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған мұқтаж, бұрынғы жұбайы.
Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы Алименттік міндеттемелер мына жағдайларда тоқтатылады. Егер алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған болса, онда ол баланың кәмелетке толуына байланысты тоқтатылады. Егер кәмелетке толмаған бала некеге тұрса, онда алименттікке міндеттемелер де тоқтайды.
Алименттер төлеу, сондай-ақ асырапбағу үтттін сот тәртібімен алименттер өндіріліп алынған, бала асырап алынған жағдайда тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайлардың алименттік қатынастары алимент алатын жұбайының жаңадан некеге тұруына байланысты тоқтатылады.
Бұрынғы жұбайының еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенде немесе оның алименттік көмекке мұқтаждығы тоқтаған жағдайда алименттік қатынастар тоқтатылады.
Алименттік қатынастар алимент алушы адамның немесе оны телеуге міндетті адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
Егерде алименттік міндеттемелер тараптардың алименттер төлеу женіндегі келісімімен белгіленген болса, онда ол тараптардың біреуі қайтыс болған жағдайда не келісім мерзімі өткен жағдайда, не алименттер төлеу жөніндегі келісімде көзделген негіздерге байланысты болады.
Сонымен, алименттер дегеніміз -- заңда белгіленген жағдайларда отбасының бір мүшелерінің оның екінші бір мүшелері пайдасына төлеуге тиісті белгілі бір ақшалай қаражаттары.
Алименттік міндеттемелердің негізі -- отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты -- отбасының еңбекке жарамсыз және мұктаж мүшелерін асырап-бағу. Алименттер сот шешімі бойынша (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімі бойынша (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттеме -- бұл сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын кұқықтық қатынастар. Оған байланысты алименттік міндеті бар адам (төлеуші) басқа адамға (алимент алушыға) оны асырап-бағуға қажетті қаржы төлеп тұруға міндеттенеді, ал алушының талап етуге қақысы бар.
1.3. Ата-аналармен балалардың алименттiк мiндеттемелерi
124-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi
1. Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға мiндеттi. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртiбi мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келiсiм (алимент төлеу туралы келiсiм) жасауға құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келiсiмi болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берiлмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың бiреуiнен) алимент өндiрiп алу туралы талап қоюға құқылы.
125-бап. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi
1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алименттi ай сайын мынадай мөлшерде: бiр балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кiрiсiнiң - төрттен бiрiн; екi балаға - үштен бiрiн; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндiрiп алады.
2. Бұл үлестердiң мөлшерiн сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемiтуi немесе көбейтуi мүмкiн.
126-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын табыстың және (немесе) өзге де кiрiстiң түрлерi
Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және осы заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзге де кiрiсiнiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
127-бап. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша сомасы түрiнде алимент өндiрiп алу
1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бiрге үлестеосы Заңның 125-бабына сәйкесжәне тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Мұндай жағдайларға үнемi алынбайтын, өзгермелi табысы және (немесе) өзге де кiрiстерi бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кiрiстерiн толығымен немесе iшiнара заттай алатын ата-анадан алимент өндiрiп алу жатады.
2. Тұрақты ақша сомасының мөлшерiн сот баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн мүмкiндiгiнше барынша сақтауды негiзге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгiлейдi.
3. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерiн аз қамтамасыз етiлген ата-ананың бiреуiнен екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 2-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот белгiлейтiн тұрақты ақша сомасы белгiленедi.
128-бап. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алименттi өндiрiп алу және пайдалану
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Заңның 125-127-баптарына сәйкес өндiрiп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешiсiне төленедi.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелерi мен өзге де мекемелердегi балаларға ата-аналарынан өндiрiп алынатын алимент сол мекемелердiң шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледi.
Аталған мекемелер бұл соманы банкiлерге салуға құқылы. Келiп түскен алимент сомасының айналысынан түскен кiрiстiң елу процентi аталған мекемелердегi балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кiрiстiң елу процентi уәкiлеттi банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады.
129-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы
1. Ата-аналар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерiн сот алимент төленетiн кезде қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып белгiлейдi.
130-бап. Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға арналған қосымша шығындарға қатысуы
1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалардың ауыр науқастануы, мертiгуi, оларға бөгде адамның бағып-күтуiне ақы төлеу қажеттiгi және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге әрбiр ата-ананы қатысуға тарту мүмкiн.
2. Ата-аналардың қосымша шығындарды көтеруге қатыстырылу тәртiбi мен бұл шығындардың мөлшерiн сот ата-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып ай сайын төленуге тиiстi алимент төленетiн кездегi айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынасында белгiлейдi.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығындарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта жасалуға тиiс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға мiндеттеуге құқылы.
131-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi
1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Әрбiр баладан өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынастарында белгiлейдi.
4. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде сот, балаларының бәрiне, олардың бiреуiне немесе олардың бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрiн ескеруге құқылы.
5. Егер сот ата-аналардың ата-ана мiндеттерiн орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерiнiң еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
132-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға қатысуы
1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертiгу, оны бөгде адамның бағып-күткенi үшiн ақы төлеу, оны халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң интернат үйiне орналастыру қажет болғанда және т.с.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге қатыстыруы мүмкiн.
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығындарды көтеру тәртiбi мен осы шығындардың мөлшерiн сот осы Заңның 131-бабының 3,4, 5-тармақтарының ережелерi сақталған жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн ескере отырып белгiлейдi.
3. Қосымша шығындарды көтеру тәртiбi мен бұл шығындардың мөлшерi тараптардың келiсуiмен белгiленуi мүмкiн.
1.4. Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерi
1. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiн материалдық жағынан қолдауға мiндеттi.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлi-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының
2) жүктi кезiнде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелiнiң
3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегiз жасқа толғанға дейiн;
4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейiн бағып-күтiп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге құқығы бар.
134-бап. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейiн алимент алуға құқығы
1. Алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге:
1) жүктi кезiнде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелiнiң
2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейiн бағып-күтiп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының
3) неке бұзылғанға дейiн еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттiң мөлшерi мен оны неке бұзылғаннан кейiн бұрынғы жұбайына берудiң тәртiбi бұрынғы ерлi-зайыптылардың арасындағы келiсiм бойынша белгiленуi мүмкiн.
135-бап. Ерлi-зайыптылардан және бұрынғы ерлi-зайыптылардан сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi
Ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген есептiк көрсеткiшке еселенген қатынаста сот белгiлейдi.
136-бап. Жұбайды екiншi жұбайды асырап-бағу жөнiндегi мiндеттен босату немесе бұл мiндеттiң мерзiмiн шектеу
1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екiншi жұбайды асырап-бағу мiндетiнен босатуы немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейiн де бұл мiндеттi белгiлi бiр мерзiмге мынадай жағдайларда:
1) спирт iшiмдiктерiне, есiрткi заттарына, психотропты заттарға салынып кетуi салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;
2) ерлi-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;
3) алимент төлеудi талап ететiн жұбайдың отбасында өзiн лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуi мүмкiн.
2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөнiндегi мiндет мынадай жағдайларда:
1) көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;
2) осы Заңның 134-бабына көзделген мән-жайлар жойылғанда сот шешiмiмен тоқтатылады.
1.5. Отбасының басқа мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi
137-бап. Ағалары мен апаларының өздерiнiң кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз, кәмелетке толған iнiлерi мен сiңлiлерiн (қарындастарын) асырау жөнiндегi мiндеттерi
Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж iнiлерi мен сiңлiлерiнiң (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерiнiң еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық берiледi.
138-бап. Немерелерiн асырап-бағу жөнiндегi атасы мен әжесiнiң мiндеттерi
Өздерiнiң ата-аналарынан көмек алуы мүмкiн болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердiң өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар әжесi мен атасынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар. Өздерiнiң жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық берiледi.
139-бап. Немерелердiң атасын және әжесiн асырап-бағу мiндетi
Өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажеттi қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар кәмелетке толған немерелерiнен сот тәртiбiмен алимент талап етуге құқылы.
140-бап. Тәрбиеленушiлердiң өздерiн нақты тәрбиелеушiлердi асырап-бағу мiндетi
1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие берудi, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерiнiң кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушiлерiнен көмек берудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
2. Егер тәрбиелеушiлер тәрбиеленушiлердi бес жылдан аз уақыт асырап- бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерiнiң тәрбиеленушiлерiнен тиiстi түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушiлердi нақты тәрбиеленушiлерiн асырап бағу жөнiндегi мiндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейдi.
141-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесiн және өгей шешесiн асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi
1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенiң, егер өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерiнiң тәрбиелеу және асырау мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесi мен өгей шешесiн асырап-бағу мiндеттерiнен босатуға құқылы.
142-бап. Отбасының басқа мүшелерiнен сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi
1. Осы Заңның 139-141-баптарында аталған адамдарға алименттiң мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот әрбiр жеке жағдайда алимент төлеушi мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген есептiк көрсеткiшке еселенген қатынаста белгiлейдi.
3. Егер отбасының алимент талап етушi мүшесiн бiр мезгiлде бiрнеше адам асырап-бағуға мiндеттi болса, сот ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz