Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Kіріспе . . . 3

1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері

1. 1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы . . . 5

1. 2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері . . . 7

1. 3. Құқық қорғау органдары . . . 10

2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілдері.

2. 1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілдері . . . 15

2. 2. Залалдарды өтеу - азаматтық құқықтарды қорғаудың ерекше тәсілі ретінде . . . 19

Қорытынды . . . 29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 31

Қосымша . . . 32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Азаматтық айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысты емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен байланысты. Ғылымда қалыптасқан дәстүрлі түсінік «азаматтық құқықтарды қорғау» ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар жатады.

Азаматтық құқықтарды қорғау - бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың бipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындьқ туғызады. Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды. Бұл зерттеудің маңыздылығы мынадай көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады.

Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6-шы бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.

Курстық жұмыстың мақсаты. азаматтық құқықтықтарды қорғаудың ұғымын, азаматтық құқықтарды қорғаудың нысандарын, меншік құқығын қорғау, азаматтық құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдері, оның ішінде субъективтік құқықтарды мойындау, құқықтар бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру, құқықтарды бұзатын немесе бұзу қаупін туғызатын әрекеттердің алдын алу, мәмілені жарамсыз деп тану, мемлекеттік органның немесе жергілікті басқару органының актісін жарамсыз деп тану, заңға қайшы келетін мемлекеттік органның актісін соттың қолданбауы, міндеттерді нақты орындату, залалдарды өтеу және айыппұл төлету тәсілдерінің мазмұнын ашып, толық қарастыру болып табылады.

Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып бiз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:

• Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымына тоқталып, оның маңыздылығын ашып көрсету;

• Азаматтьқ құқықтарды қорғау нысандарын талдау;

• Азаматтьқ құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдерін зерттеп, мәнін ашып көрсету;

• Азаматтық, құқықтарды қорғаудың ерекше тәсілі ретінде залалдарды өтеудің ерекшелігіне тоқталу.

1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және

жалпы ережелері

1. 1Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы

Ерте кезде бұзылған құқыты қорғау тәсілі өзін өзі қорғау болды. Яғни үшінші тұлғалардың кедергілерін өзінің қорғау құралдары арқылы қорғау. 1

Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол бермейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемелекеттің қолдауын айтамыз. Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету принціпі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК-тің 2 бабы. ) Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асрылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыдан профессор В. П Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттілігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді” 1

Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қарауға тиісті құқықты еншілейді. Қазақстан Респуликасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәләм. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен реттелген мүліктік қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс жатады. 1964 жылғы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылғы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшелігі, сол мелекет азаматтық құқық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген. Өзін өзі қорғау азаматтың құқығына жасалған қиянатты өз күшімен жеңу деуге болады, бұл өзін - өзі қорғау, не мүлікті не қаржыға қатысты төлемді ұстап қалу, сондай - ақ өз бетімен кепілдік құқығы жүзеге асыруы түрінде көрінеді.

Өзін өзі қорғау ұғымы қылмыстық құқықтың аясына жатады, бірақ өзін өзі қорғау жазалауға тұрмаса онда онысы заңды әрекет болып табылады.

Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғаныста қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарның сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң тегін көрсетіледі. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне белгіленген азаматтық құықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқытардың тоқталуына әкеліп соқтырмайды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдеттілік ережелерін сақтауға тиіс. Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделеді.

1. 2 Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері

Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағында меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес3.

Азаматтық кодексте дәстүрлі қорғау шараларынан басқа қорғаудың жаңа да арнайы тәсілдері енгізілген. Арнайы заң құжаттарында көзделген жағдайда нақты және заңды әрекеттермен тікелей құқығы бұзылған адамдардың құқығын қорғауға (өзін өзі қорғау) заң жол береді.

Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғарғы инстанция және т. б) шағымданады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады . Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді . Жалпы тәртіпке сәкес заңмен қорғалатын азаматтық құқытардың мүддесін қорғау сот төрелік немесе аралық сот жүзеге асады. Азаматтық кодекстің 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған, әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесі мүддесін қорғауға орай тиісілі өкілетті органға беріледі.

Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқада заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі иеленушісі сотқа шағымбас бұрын мемлекеттің басқару органына шағымданады.

Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзіретті органдарға бармай-ақ өз бетімен қорғануын білдіреді . Азаматтық кодекістің тұжырымдарында аталған әрекеттер «Азаматық құқықтардың өзін өзі қорғауы»ұғымымен байланысты (АК тің 9 бабы) және меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады. Азаматтық құқықтың өзін өзі қорғауы өзінің заңдық табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікірде бар. Мәселен, проф. А. П Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. 4 Біздің пікірімізше өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады. Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын, меншік құқығын қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың ) арнайы құрал жүйесінен айыра білу керек.

Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық - құқықтық сипаты бар құралдарды оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік -құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығына тікелей емес соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды.

Ал меншік құқығын қорғаудың зттық - құқықтық құрал меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды.

ҚР заңдарында жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық - құқықтық) бермейді, бұл орайда шетелдердегі “талап қою бәсекесі” деп аталатын жағдайларда қолдамайды. Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттық - құқықтық, не міндеттемелікке жатпайтын ерекше қорғау тобы5 белгіленген. Мысалы, хабар ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адамдардың меншіке мүліктік құқытарын қорғау (АК-тің 29, 32-баптары), кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т. б болып табылады.

Хабар ошарсыз кетті деп танылған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық бегіленеді. Осы мүліктен хабар ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқада міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі мүдделі адамдардың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар - ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. 6Хабар - ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азамат, келген немесе оның жүрген жері анықталған жағдайда сот жаңа шешіммен өзінің бұрын шығарған шешімінің күшін жояды. Бұл шешім мүлікке қамқоршылық жасауды алып тастауға және азаматтық хал актілерін кітабындағы оның қайтыс болуы туралы жазбаны жоюға негіз болып табылады, яғни өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот тиісті шешімнің күшін жояды.

1. 3 Құқық қорғау органдары

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады7.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында мынадай құқық қорғау органдары құрылған, және оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т. б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т. б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Полиция органдарының қызметі. Полиция - Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы - жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары - күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т. б.

Заң бойынша - полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т. б. міндетті8.

Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т. б. құқық береді. Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының - Интерполдың мүшесі болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан былай ұлттық қауіпсіздік комитеті) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіндегі орталық мемлекеттік орган. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. 10 ҰҚК-і басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдарда жұмыс істейді.

ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның Президентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.

ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт - лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу - 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын ала зерттеу жүргізеді.

Прокуратура органдарының қызмет. Қазақстан Республикасының прокуратурасы-Республика аумағындғы заңдардың Қазақстан Республикасы президенті жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қоланылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республиксының президентіне есеп беретін мелекеттік орган. 9 ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.

Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.

а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;

ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;

б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;

в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;

г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.

Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т. б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Талап қою арқылы іс жүргізу
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz