Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы



ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.25
1. БИЛІКТІҢ БӨЛІНУ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ФУНКЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.19
1.1. Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің түсінігі мен мазмұны ... 5.16 1.2. Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің функциялары ... ... ... ... 17.19
2. БИЛІКТІҢ БӨЛІНУ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ЖҮЙЕСІ, БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.25
2.1 Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 20.23 2.2.Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің белгілері ... ... ... ... ... ... 24.25
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.28
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I.КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.
Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді. Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады. Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.
Сот билігінің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдауға тырысып, әр түрлі әдебиеттер мен қайнар көздер көмегімен қазіргі Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау. Зерттеудің міндеттері қойылған мақсаттан туындайды және сол үшін сот қадағалауы негізделетін фундаментін нақты білу қажет, тақырып бойынша әдебиеттер мен нормативтік актілерге талдау жасау керек. Тақырыптың зерттеу деңгейі. Құқықтық жүйелер мәселерін зерттеген бірнеше ғалымдар бар: Олар: Халиков К.Х, Алиев Мирбашир Мирахмед Мақұлбеков Б.Д.
Нарикбаев. М.С. Нәрікбаев М. Сапаргалиев М. Шаламов М. Халиков К.Х. Сулейменова Г.Ж. В.И. Радченконы, Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Мами К.А. Савицкий В.М. В.И.Швецов. Кальсин И. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А.
3
Ибрагимов Х.Ю. Кудряцев В.Н. Право и поведение. М. 1988. С. Неп,..Стецовский Ю.И. Токвил А.Чиркин В.Е. Гунель М. В.Г. Стрекозова. М. А.П. Рыжаков, А.И. Сергеев. – М.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.
2. Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004
3. Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2003. – 146 бет.
4. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет
5. Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж.
6. Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г.
7. Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г.
8. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.
9. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.
10. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.
11. Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998. 6-бет.
12. Баглай М.В. Конституционное право Российской федерации. – М., 1998.-612-613 бет.
13. Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Росии. М. 1995. С.33
14. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда,2001
15. Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. – М., 1997. – 20-бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-25
1. БИЛІКТІҢ БӨЛІНУ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ФУНКЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-19
1.1. Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің түсінігі мен мазмұны ... 5-16 1.2. Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің функциялары ... ... ... ... 17-19
2. БИЛІКТІҢ БӨЛІНУ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ЖҮЙЕСІ, БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-25
2.1 Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 2 0-23 2.2.Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің белгілері ... ... ... ... ... ... 24 -25
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26- 28
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

I.КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.
Сот билігінің негізгі мақсаты - қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді. Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады. Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы - мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі - сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады.
Сот билігінің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдауға тырысып, әр түрлі әдебиеттер мен қайнар көздер көмегімен қазіргі Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау. Зерттеудің міндеттері қойылған мақсаттан туындайды және сол үшін сот қадағалауы негізделетін фундаментін нақты білу қажет, тақырып бойынша әдебиеттер мен нормативтік актілерге талдау жасау керек. Тақырыптың зерттеу деңгейі. Құқықтық жүйелер мәселерін зерттеген бірнеше ғалымдар бар: Олар: Халиков К.Х, Алиев Мирбашир Мирахмед Мақұлбеков Б.Д.
Нарикбаев. М.С. Нәрікбаев М. Сапаргалиев М. Шаламов М. Халиков К.Х. Сулейменова Г.Ж. В.И. Радченконы, Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Мами К.А. Савицкий В.М. В.И.Швецов. Кальсин И. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А.
3
Ибрагимов Х.Ю. Кудряцев В.Н. Право и поведение. М. 1988. С. Неп,..Стецовский Ю.И. Токвил А.Чиркин В.Е. Гунель М. В.Г. Стрекозова. М. А.П. Рыжаков, А.И. Сергеев. - М.

4
I.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.БИЛІКТІҢ БӨЛІНУ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ФУНКЦИЯСЫ
1.1. Биліктің бөліну теориясындағы сот билігінің түсінігі мен мазмұны
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы - қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет. Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды. Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар - сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған. Пролетариат төңкерісінен кейін Кеңес өкіметінің ең алғаш рет сот құрылысы туралы №1 декретті 1917 жылы 17 қарашада қабылданды. Бұл декретте жергілікті соттарды және революциялық трибулналдарды құру қаралған болатын. Яғни, жергілікті соттар тұрақты және екі халық заседательдерінен тұрады деп көрсетілді.Соттар және халық заседательдері демократиялық принцип негізінде сайланды. Сот құрылысы туралы №1 декркетте жергілікті соттардың қылмыстық және азаматтық істерді қарай алатыны және олардың қылмыстық іс бойынша екі жылға дейін, ал азаматтық істер бойынша 3000 рубльге дейінгі айып салынатын істерді шеше алатындығы атап көрсетіледі. Осы жергілікті соттың шешімдеріне келіспеген жағдайда, іс кассациялық инстанция ретінде жергілікті уездік судьялар кеңесінің сьезінде қаралды. Ал, революциялық трибуналдың құрамына бір төраға мен губерниялық және уездік жұмысшылар кеңесінің арасынан және шаруалардан, солдаттардан депутат болып шыққан алты заседательдері сайланды. Революциялық трибуналдар - революцияға қарсы шыққандармен, пара алушылармен және басқа қылмастармен күресу үшін құрылды. 5
1918 жылы 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі №2 декрет ең алдымен соттың атын - " Жергілікті халық соты" деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істер бойынша кең ауқымда қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп, округтік соттардың мүмкіндіктерін молайтып, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі бөлімдерді ашты. Сатылы кезеңге негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мыныдый құрылымға ыңғайлады:
1) жергілікті халық соты;
2) аймақтық сот;
3) облыстық сот;
4) жоғарғы бақылайтын сот.
Сот құрылысы туралы №2 декреттің ең негізгі ерекшілігінің бірі - істі қараған уақытта халық заседательдерінің дауысы шешуші дауыс болып саналды. Өйткені, төрағалық етуші көп жағдайда бұрынғы бітімгер(мировой) судьяның білімін және тәжірибесін пайдалана отырып, оның қызметін бақылады. Шындығында Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңіндегі сот жүйесі қым-қуат, аласапыран кезде белгілі бір бағыт-бағдарда ойдағыдай жұмыс жасамады. Жоғарыда аталған сот жөніндегі №1, 2, 3, декреттер сот өндірісіндегі прцессуалдық іс жүргізудің ережелерін,бағыт-бағдарларын бір жүйеге келтіре алмады.бұл кемшілік 1918 жылғы 23 шілдеде РСФСР Юстиция Халық Комиссириатының "Жергілікті халық соттарының іс-әрекетін ұйымдастыру" жөніндегі нұсқауында атап көрсетілді. Осы пәрменді құжаттан кейін Қазақстан аумағындағы Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Қарағанды және Түркістан өлкесіне қарайтын Жетісу, Сырдария облыстарындағы уездерде халық соттары жедел түрде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 1918 жылдың тамыз айына дейін облыс, уездерде 63 жергілікті халық соты құрылып үлгерген болатын. Бірақ бұл құрылған жергілікті халық соттары азамат соғысы жылдары кезінде өз міндеттерін уақытша ғана атқарды. Аталған бұл соттармен қатар революциялық трибуналдар да құқықтық тәртіпті қорғау негізінде сот істеріне араласты. 1918 жылы 14 қазанда Әскери революциялық кеңестің жанынан Әскери революциялық трибунал құрылды. Бұл орган негізінен шпиондық әрекеттерді, ақгвардияшылардың үгіт-насихаттарын жүргізушілерді, шетел агенттерін ұстап жауапқа тартты. Сонымен қатар, бұл орган әскери қылмыстарды қарады.
Әскери революциялық трибуналмен бірге құқықтық қызметті революциялық трибуналдар да атқарды. Революциялық трибуналдардың құрамын, сондай-ақ олардың жанындағы тергеу комиссияларының құрамын,олардың алты заседательдерін жұмысшы, шаруа, қазақ және қызыл әскер депутаттарның кеңесі сайлады. Еңбекші кеңес депуттатарының жанындағы Юстиция Халық Комиссириатының басқармасына жүктелді. Бұл орган 1946 жылы Қазақ ССР Юстиция Министрлігі болып қайта құрылды.
6
1960 жылы 1 маусымда Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Төралқасы "Қазақ ССР Юстиция министрлігін қысқарту туралы" жарлық қабылданды. Министрліктің сот мекемелері жөніндегі басшылық, қызметі Қазақ ССР Жоғарғы Сотына берілді. Бұл құзыретті Жоғарғы Сот он жыл қатарына атқарып келді.
1954 жылы 14 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі "Одақтас республикалар мен автономиялық республикалардың Жоғарғы Соты құрамында және өлкелік, облыстық соттарда, автономиялық облыстарда төралқа құру туралы " Жарлық қабылдады.
1978 жылы 20 тамызда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституция бойынша, Қазақ ССР соттарына: Қазақ ССР Жоғарғы Сот, облыстық соттар және Алматы қалалық соты, аудандық халық соттары жатқызылды.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Н.Назарбаевты Қазақ ССР Президенті қызметіне тағайындап, Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.
1991 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституцияның 16-тарау сот билігіне арналды. Осы Конституцияның 95-бабында Қазазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екендігі атап көрсетілді.
1995 жылы 20 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың " ҚР-дағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы туралы" Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл Жарлық аясында республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңа заңдар ережесі жасалып бекітілді.
Қазіргі уақытта ҚР Президентінің аталмыш Жарлығы күшін жойып, 2000 жылы 25 желтоқсанда "ҚР-ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы " конституциялық заңы қабылданды. Бұл конституциялық заң бойынша көптеген өзгерістер енгізілді.
Қазан төңкерісінен кейінгі уақыттан бастап осы күнге дейін мемлекетіміздің тарихында бес Конституция қабылданғанын және сол Конституцияларда көрсетілген сот жүйелері өз заманында өмір талабын лайықты қызмет атқарғанын, қажет кезде тиісті толықтырулар мен өзгертулер жасалып отырғанын байқаймыз.
Коммунизм кезінде биліктің үш тармаққа бөлінуі буржуазиялық өтірік болды. 1917 жылдан бастап жалпы адамдық құндылықтар жоққа шығарылды. Әділеттілікке байланысты халықаралық нормалар қабылдағаннан кейін де бұл жағдай сол күйінде қала берді. Адам құқықтары туралы жалпы декларациясында былай жазылған: "Кез келген адам құқықтары бұзылған
жағдайда құзыретті ұлттық соттар негізінде нәтижелі қалпына келтіруге құқығы бар." Мұндай құқық туралы КСРО-да сөз болған жоқ. Социалистік жылдар кезінде соттар партияның қатаң қадағалауында болды. Соттардың
7
90%-ке дейін партия мүшелерімен тағайындалатын, Сот шешімі партия мүшелерінің келісімімен анықталатын. Жоғарғы соттар партиямен сайланып, оларға есеп беретін және олардың шешімімен жұмыстан босатылатын.
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді.
"Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" ҚР конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нориативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады. Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз жұмыстарында қарастырды.
Қазақстандық ғалым К.Х. Халықов сот билігін мемлекеттік биліктің ең маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар тағдырындағы ең жоғары әділеттік таразысы тәріздес. Ондағы нақ осы қасиет мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысында жоқ. Осылардың бәрі сот билігі мәселесінің жалпы теориялық бағыттарын айқындайтын факторлар болып табылады. Ал әкімшіл-әміршіл кеңестік тәртіптен демократияға өтудің күрделі де қиын кезеңдерін бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде сот билігі қалай әрекет етеді, сот билігінің өзінің қалыптасу процесі қалай өтуде және ол қандай қиындықтарға кезігіп отыр - міне осылардың бәрі ғылыми тұрғыдан да тәжірибелік тұрғыдан да өзекті мәселелер болып табылады.
"Сот билігі" ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және жақында - 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде теориялық тұжырымы қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот
- құқық қорғау органы жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды. Өз кезегінде, атқарушылық билік тармағының органы ретіндегі әділет министрлігі Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес аудандық соттың төрағасы мен
8
судьясына үміткерлерді Президентке ұсыну арқылы аудандық соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге, Әділет министрлігі мен оның басқармасы кез келген буындағы соттарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру бойынша олардың қызметне араласпау қағидатын қатаң сақтау жағдайында заңмен берілген функцияларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру туралы ережесін дәйекті түрде іске асыру билікті бөлу принципін және сот билігін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде нығайтуды жүзеге асырмайынша мүмкін емес [1, 4 б.]. Мемлекетіміз тәуелділік алғалы бері басталып келе жатқан және біздің Республиканың Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына
арнаған 2007 жылғы 28 ақпан күнгі Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру [2, 3 б.] деп көрсеткен. Қазіргі таңда экономикалық даму үрдісінде қоғамдық тәртіпті қалыптастыруда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесі жаңашыл сипатты талап етеді. Осыған байланысты қаріз біздің мемлекетімізде жүріп жатқан сот реформалары дәлел бола алады. Құқықтық реформаларды айқындап, жүргізу барысында сот билігін реформалау мәселесі нақты қадамдармен басып келеді. Ендігі бір кезекте осы реформалардың тиімділігін арттыру үшін және одан шыққан нәтижені әрі қарай оңтайлы дамыту үшін үнемі сот органдарындағы жағдайларды талдап отыруымыз қажет. Себебі, еліміз бір орында тұрған жоқ, экономика дамып келеді, сонымен қатар саяси, әлеуметтік құндылықтар да жаңашыл идеяларды тартып отырады. Мемлекеттің осындай даму кезеңінде негізгі жүк қорғау т.б. функцияларын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік биліктің тармақтарына жүктеледі. өз құқықтарын қорғай алатын азаматтар қатары өсіп куеледі. Осы айтылған сөздің дәлелі ретінде сот органдарына арызданатын субъектілердің көбейгені бола алады. Сот мәртебесін көтеру аясында мемлекет қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Соттарға жаңа құзіреттерді беру, өкілеттіктерін кеңейту, соттардың жұмысын материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету бұл тек осы жұмыстардың алдыңғы қатары. Мамандандырылған соттардың ашылуы, жүріп жатқан сот реформалары бұл да дамып келе жатқан мемлекетіміздің өмірлік талабы десек те болады [3, 12 б.]. Сот органдарының әділдікті жүзеге асыру қызметі заңдылық принципінен бастау алады. Адам тарихы қалыптасқан ісәрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, айналадағы заттар мен
9
құбылыстарды объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Табиғаттың өзі белгілі бір заңдылықтардан тұрады. Адам айналадағы дүниеге, өзін қарамақарсы қойып белгілі мақсатта іс әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Көне қазақ даласынан келе жатқан билер соты да шындық пен әділдік қағидаттарына жүгінген. Барлық әділет жүйесінің түбірлі реформалану жағдайларында, сонымен қатар сот өндірісінің денгейінің жоғарлауына, және сот тәуелсіздігін, кәсіптілікті қамтамасыз етуге бағыталған сотта сот қызметінің сапасын арттыру мәселесі өзекті болып келді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері, сот жүйесіндегі Негізгі Заң қабылдағалы құқықтық реформа өткізумен, қоғам өміріндегі заңының, құқықты қорғаудың, азаматтар мен ұйымдардың бостандығы мен заңдық қызушылығын бекітетін, еліміздің Конституциясы мен заңдарымен сөзсіз орындалатын жауапты мәселелер қойылды. Сот билігін қалыптастыру мен нығайту процесі 1994 жылғы Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасына сәйкес белгілі бір сатыдан өтті. Оның негізгі тқжырымдамалық ережелері іске асырылды және соттардың дербестігіне кепілдік жүйесін құрудан, судьялар қоғамдастығын органдарын қалыптастырудан, қолданыстағы заңдарды жаңартудан көрініс тапты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасымен жұмыс жүріп жатыр. Ол сот билігінің аса таяудағы кезеңдегі негізгі міндеттерін анықтап, сот құқықтық реформаны жалғастырудың жолдарын белгілеуге тиіс. Сот билігін мемлекеттік биліктің тармағы ретінде тану Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысының негізіне билікті бөлу тұжырымдамасын енгізудің арқасында мүмкін болды. Таяудағы уақытқа дейін сот билігі проблемасын зерделеуде сот құрылысы не іс жүргізу сәттері басым болды. Осыған сәйкес, заңдар мен құқықтық әдебиетте сот құрылысы, сот ісін жүргізу, соттар жүйесі, сот әділдігінің сот қызметі сияқты терминдерді пайдалану басым болды. Бұл ұғымдар сот әділдігін жай ғана соттардың ерекше функциясы ретінде түсінуді жоққа шығарады, сот жүйесі ретінде ұйымдасқан сот билігінің функциясы деп түсіндіреді. Сот әділдігін қарастыру оның сот органдарының сатылылығына, сот ісін жүргізу түрлері мен сатыларына қатысты шектеулі түсінікпен ерекшеленеді. 1990 жылдың орта шенінен бастап, сот әділдігінің проблемасын ғалымзаңгерлердің зерттеуінде сот әділдігі мәнінің мемлекеттік құқықтық қырларын, оның функциялық міндетін мемлекеттік биліктің жеке тармағы ретінде басым бола бастады. Сот әділдігі ұғымын, оның мазмұнын, сот билігімен, сот қызметімен арақатынас арқылы мәні мен белгілерін анықтайтын санаттармен де қарайтын еңбектер пайда болды. Зерттеу обьектісі мен пәні. Мемлекет сот билігінің қалыптасуы, дамуы мен оның жүзеге асуы және болашағының теориялық және тәжірибелік мәселелелер
10
обьектісін құрайды. Сот билігінің мемлекет механизмінде жүзеге асуы мен дамуы диплом жұмысының зерттеу пәні болып табыладыЗерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасы сот органдарының қвзметін қазіргі заманға сай екендігін айқындау, сот органдарының өкілеттіктерін басқа да билік тармақтары органдарының өкілеттіктерімен ұштастыру, яғни, ол арқылы нақты сотқа тиесілі құзіреттерді бөліп көрсету. Сот әділдігін іске асырудың конституциялық негіздерінің әрекет ету шеңберін кеңейтуде жүргізіліп жатқан сот реформаларының мақсатын ашып көрсету. Зерттеу диплом жұмысының белгіленген мақсаттарына байланысты мынадай міндеттер туындады: Қазақстан Республикасының сот билігі туралы толық мәліметтер жинай отырып зерттеу;Мемлекеттің сот билігінің тарихына, жайкүйіне және болашағына тоқталу; Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында билер сотының перспективаларын қарастыру; Қазақстан Республикасында сот билігінің ұйымдастырылуына тоқталу; Сот әділдігін атқарудың негізгі қағидалары және оны жүзеге асырудың кепілдіктерін саралау; Қазақстан Республикасының сот билігін демократияландыру мәселелерін қарастыру. Зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысын әзірлеуде, билік бөлу теориясына байланысты және оның Қазақстан Республикасында жүзеге асуын сипаттайтын барлық теориялық еңбектерді саралаудан өткізіп, барынша пайдалануға ұмтылды. Сонымен қатар, ғылыми әдістердің ішінде тарихисалыстырмалы, жүйелеп талдау, функционалды т.б. ұтымды пайдалана отырып, ғылыми нәтижелер зерттелінді. Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы.Зерттеу жұмысының негізі теориялық маңызы, отандық заң ғылымында мемлекет және мемлекеттік биліктің тарихиқұқықтық тұрғыдан жүйеллі түрде талдануы болп табылады. Мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік. Билік бұл -- бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл басқару-орындау қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т.б). Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз. Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес. Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға
11
мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің тұрақты болуының себебі оның институциализациясында, әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады. Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес. Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды. Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз. Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған - мемлекеттік билік. Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі енеді - ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл - саяси мәртебелердің теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы, жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т.б. Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы ми штабы, сонымен бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет. Демек, қоғам тарихы - саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл - қоғамды ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда қоғамның дамуына үлес қосқан. Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді.Чиркин В.Е., Легализация, лигитимизация государственной власти Государство и право. М. 1995. №8 Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси
12
шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі, сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады. Мемлекеттік билік органдары - мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді. Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
1. Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот органдары).
2. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент әкімшілігі және тағы басқалары).
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды. Мемлекеттік механизмі түсінігі мемлекеттік аппарат категориясымен тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі. Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл - Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни, мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік механизмді де қарастыруымыз қажет. Конституцияның қабылдауына байланысты республикада биліктің жаңа жүйесі қалыптасты.Саясаттағы шешуші буын - мемлекеттік биліктің құрылымы.Мемлекет - саяси жүйенің, қоғамдық өмірдің басты құралы, оны нығайту,дамыту саясаттың мақсаты.Қазақстан халқы мемлекеттік өкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.Конституцияның 2 - бабында: Қазақстан Республикаы-Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп көрсетілген.Мемлекеттік құрлымға жаңаша сипат беретін бұл қағида Конституцияның ең басты жаңалығы.Консититуциядағы басты мәселенің бірі-жоғарғы мемлекеттік органдар жүйесіндегі Президенттің орны,рөлі және мәні.Дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдерде басқарудын Президенттік жүйесі көптен бері қолданылып келеді. Конституциядағы басты мәселенің бірі - жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі Президенттің орны, рөлі және мәні. Дүние жүзіндегі алдынғы қатарлы елдерде басқарудың Президенттік жүйесі көптен бері қолданылып келеді. 13
Конституцияның үшінші бөлімі Призидент деп аталады, ол 9 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атыннан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға (40-бап). Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және адамзат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Ол өз төрелігімен мемлекеттік биліктің бүкіл тармақтарының келісіп қызмет етуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті халыққа: Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін - деп ант берген кезден батап өз қызметіне кіріседі. Президенттік басқару жүйесі Президентке үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік құрылыста Президенттің бірінші қатарға қойылуына байланысты халықтың, мемлекеттің, әр азаматтың алдындағы оның жауаптылығы аса жоғары. Соған сәйкес, Президентке де жұмыс істеу мүмкіндігі берілген. Оның парламентке ықпалы да Конституцияда айтылған. Премьер - министрді өз ұсынып, үкіметтің басқа басшыларын тікелей өз тағайындауына, Жоғары сотты және басқа судьяларды бекітуіне байланысты биліктің бұл салаларында да Президенттің ықпал ете алуы көзделген. Президент - халық сайлаған ерекеше адам. Сондай - ақ Сот билігінің континентальды үлгісінің негізгі белгілері: соттарды ұйымдастыру мен оның қызметін айқындайтын күшті дамыған заңнамалық база; құқық көзі ретінде сот прецендентін шартты түрде мойындамау. Сот шешімдеріне шағым берудің аппеляциялық нысанымен қатар кассациялық және телидарлық нысандарын пайдалану; процесте судьяның белсенді ролі; алқа билері мен әлемдік судьялар институттарының аз таралуы; төмен деңгейдегі кәсіпқой судьяларды ерекше тағайындау; кадрлық функциялар мен өкілеттіктермен бірге толық немесе ішінара судьялық өзін-өзі басқару органдарын құру болып табылады.
Белгілі Ресей ғалымы В.Е.Чиркин шет елдердегі сот органдарының мынадай түрлерін бөліп көрсетеді.
Сотқа дейін іс қарау органы, мысалы Франциядағы, Италиядағы медиаторлар, консилиаторлар( делдалдар,бітімшілер). Оларды әдетте муниципалитет-жергілікті өзін-өзі басқару органдары отставкадағы мемлекеттік қызметшілердің ішінен құқық негіздерін білетін және көршілер арасындағы ұсақ дауларды, құқық бұзушылықтарды қарайтын жолдастық соттар қолданылған. Тараптар келіспеген кезде осы соттардың шешімдері бірінші сатыдағы сот бекіткеннен кейін ғана күшіне ие болады. Жолдастық соттардың шешімдеріне сотқа шағым беруге болады.
14
Мәнісі бойынша, әсіресе беделді әрі өкілеттіктері жоғары қоғамдық соттардың ролін АҚШ-та мекемелердегі әкімшілік соттар, ал Ұлыбританияда - әкімшілік трибуналдар орындайды. Екеуі де әдетте әкімшілік әділетке жатады, бірақ, мысалы Францияда немесе Италияда әкімшілік әділеттің біріңғай жүйесін құрамайды. Сонымен қатар, олар тек таза әкімшілік істерді ғана емес, басқа да мәселелерді қарайды (Ұлыбританияда - еңбек, салық даулары, пәтерақы туралы даулар, денсаулық сақтауға байланысты мәселелер және т.б.). Қоғам қайраткерлері, заңгерлер трибунал мүшелері болып табылады, ал мемлекеттік қызметшілер бола алмайды. Осы санаттағылардан АҚШ-та көбінесе әкімшілік судьялар іріктеледі, бірақ соңғылары әдетте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекеттік құрылым формасы
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру мәселелері
Мемлекеттің сыртқы функциялары
Қазақстан Республикасының сот билігі
Мемлекет түсінігі, функциясы
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Пәндер