Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
1.1 Сенімхат түсінігі, нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Сенімхат мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Сенімхаттың ауысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Сенімхат . өкілдікті рәсімдеу нысаны ретінде
2.1 Сенімхаттың тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Сенімхат.өкілдікті рәсімделу нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Сенімхатты куәландырылу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Сенімхат дегеніміз бұл — бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-ның 167-бабының 1-тармағы).
Бұған дейін айтып өткеніміздей, өкілеттіктер жеке құжат — сенім-хатта, сондай-ақ өкілдікті белгілеу туралы шарт — тапсырма беру шартында, коммерциялық өкіл шартында және т.с.с. баянды етілуі мүмкін. Өкілеттік шарттың талаптарына қосылатын реттерде шарттың өзі сенімхат болады. Мұндай шарт заңның шартқа қоятын барлық талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Жеке жазбаша құжат — сенімхат біржақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөніндегі заңдардын барлық ережелері қолданылады. Сенімхат берудің сипаты бір адамның — сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) ерік білдіруінің және екінші адамның — сенім білдірілген адамның (өкілдің) ерік-жігер әрекеттерінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Сенім білдірушіде немесе сенім білдірілген адамда әрекет қабілеттілігінің болмауы немесе шектеулі болуы сенімхаттың жарамсыздығы немесе тоқтатылуы үшін негіз болады.
Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданылу мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолданылу мерзімі, әдетте, сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең ұзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты көрсеткен. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол тұтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл мерзіммен шектейді.
Сенімхат мерзімді мәмілеге жатқанымен, оның мәтінінде қолданылу мерзімінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етпейді, өйткені заңда, атап айтқанда, АК-ның 168-бабында осы жағдайды толықтыратын нормалар көзделген, олардың мазмұны мынаған саяды: егер сенімхатта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда мұндай сенімхат толтырылған күнінен бастап бір жыл мерзімге берілген деп есептеледі.
Сенімхаттың берілген күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс және ол сенімхаттың жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың берілу күнінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің көрсетілуі оның берілген күнін көрсету міндетін алмастырмайды және оның орнын толтыра алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар берілетін және осыған байланысты кейін олар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі кездеседі.

Пайдаланған әдебиеттер
Нормативтік - құқықтық актілер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. (өзгерістер мен толықтырулар 1998 жыл 7 қазан) Алматы -1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (жалпы бөлім) 1994 жыл 27 желтоқсан (өзгерістер мен толықтырулар 2003 жыл 16 мамыр)
3. Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегi Заңы (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 15.07.10 ж жағдайы бойынша енгізілген)
Арнайы әдебиеттер тізімі:
1. Азаматтық құқық I том / Жауап. Ред. М.К. Сүлейменов, Ю. Г. Басин (орысшадан аударылған) Алматы 2003 жыл.
2. Актуальные проблемы гражданского права / Под. Ред. М.И. Брачинского. Москва: Статут 1999г.
3. Актуальные проблемы гражданского права: вопросы теории и практики (сборник) Алматы 2003г. 23-26 стр.
4. Басин Ю.Г. «Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан» Учебное пособие. Алматы: ВШП «Әділет» 2002 г.
5. Басин Ю.Г., Мукашева К.В. Новый закон Республики Казахстан «О товариществах с органиченной и дополнительной ответсвенностью» // Гражданское законодательство РК (статьи, комментарий, практика). Выпуск 7. Алматы 1999 г. 42-49 стр.
6. Вещное права в Республики Казахстан / Отв. Ред. М.К. Сулейменов. Алматы: Жеті Жарғы. 1999г. 198 стр.
7. Вишневский А.А. Залоговое право. Учебное и практическое пособие - Москва: БЕК, 1995
8. Гражданское права. Том 1 Учебник / под. Ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. Москва: Проспект – 1999 г.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
1.1 Сенімхат түсінігі, нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Сенімхат мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Сенімхаттың ауысуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Сенімхат - өкілдікті рәсімдеу нысаны ретінде
2.1 Сенімхаттың тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Сенімхат-өкілдікті рәсімделу нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Сенімхатты куәландырылу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Сенімхат дегеніміз бұл -- бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-ның 167-бабының 1-тармағы).
Бұған дейін айтып өткеніміздей, өкілеттіктер жеке құжат -- сенім-хатта, сондай-ақ өкілдікті белгілеу туралы шарт -- тапсырма беру шартында, коммерциялық өкіл шартында және т.с.с. баянды етілуі мүмкін. Өкілеттік шарттың талаптарына қосылатын реттерде шарттың өзі сенімхат болады. Мұндай шарт заңның шартқа қоятын барлық талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Жеке жазбаша құжат -- сенімхат біржақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөніндегі заңдардын барлық ережелері қолданылады. Сенімхат берудің сипаты бір адамның -- сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) ерік білдіруінің және екінші адамның -- сенім білдірілген адамның (өкілдің) ерік-жігер әрекеттерінің бар екенін көрсетеді. Сондықтан сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Сенім білдірушіде немесе сенім білдірілген адамда әрекет қабілеттілігінің болмауы немесе шектеулі болуы сенімхаттың жарамсыздығы немесе тоқтатылуы үшін негіз болады.
Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданылу мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолданылу мерзімі, әдетте, сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең ұзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты көрсеткен. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол тұтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл мерзіммен шектейді.
Сенімхат мерзімді мәмілеге жатқанымен, оның мәтінінде қолданылу мерзімінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етпейді, өйткені заңда, атап айтқанда, АК-ның 168-бабында осы жағдайды толықтыратын нормалар көзделген, олардың мазмұны мынаған саяды: егер сенімхатта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда мұндай сенімхат толтырылған күнінен бастап бір жыл мерзімге берілген деп есептеледі.
Сенімхаттың берілген күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс және ол сенімхаттың жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың берілу күнінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің көрсетілуі оның берілген күнін көрсету міндетін алмастырмайды және оның орнын толтыра алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар берілетін және осыған байланысты кейін олар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі кездеседі.
1. Сенімхат нысаны мен мерзімі
1.1 Сенімхат түсінігі, нысаны
Көп жағдайларда өкілдік сенімхат беру арқылы рәсәмделеді. ҚР Азаматтық кодексінде сенімхаттың түсінігі берілген.
Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.
Көбінесе сенімхат ерікті өкілдіктің уәкілеттігін растау үшін беріледі. Бірақ ерікті өкілдіктің негізінде өкіл мен өкіл берушінің арасындағы келесім болса, сенімхатты беру өзінің заңды табиғаты бойынша өкіл берушінің жеке еркі бойнша жасалатын бір жақты мәміле болып табылады. Басқаша айтқанда, сенімхатты беру және оның заңды күшіне енуі үшін өкілдің келісімі керек жоқ.
Өкіл мен өкіл берушінің арасындағы ішкі қатынастарды реттейтін келісім-шарттан сенімхаттың айырмашылығы - ол өкілдіктің сыртқы тиімділігін қамтамасыз етеді, нақты айтқанда өкіл беруші мен үшінші тұлға арасындағы құқықтық байланысты өкілдің әрекеттері арқылы орнатады. Өзіне бағытталған сенімхатпен танысу арқылы үшінші тұлға өкілдің уәкілеттігін біледі.
Келісім-шарттың немесе сенімхат беру үшін негіз болған басқа заңды фактілердің үшінші тұлғаларға қатынасы жоқ. Өкілдің берілген уәкілеттігі шегінде жасаған кез келген мәмілелері және басқа заңды фактілері өкіл беруші үшін міндетті сипатқа ие. Атап айтқанда өкіл беруші өкіл олардың арасында жасалған келісімнің шарттарын бұзды деп сылтауратып, мыслаы, өкіл өзіне берген уәкілеттігін асыра орындаған жағдайда, егер келісім-шартта ғана емес, сенімхатта көрсетілген уәкілетігінің шегінен асыра жасауды есептемегенде, сенімхат негізінде жасалған келісім-шарттан бас тарта алмайды. Басқаша айтқанда келісім-шарт пен сенімхат арасында өкіл мен өкіл берушінің ішкі қатынастарын анықтайтын ауытқулар болса, өкіл берушінің өкілдің үшінші тұлғамен жасаған мәмілелер бойынша құқықтары мен міндеттері келісім-шартта емес, сенімхатта көрсетілген уәкілеттігіне сәйкес анықталады (мысалы, тапсырма шарты).
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру - біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуын талап ететін болса, онда ол нотариалды жолмен куәландырылады (ҚР АК-нің 167-бабының 2-тармағы).
Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізге алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспау керек (ҚР АК-нің 169-бабының 3-тармағы).
Сенімхатқа қойылатын талаптардың бірі - оның нысаны. Сенімхат міндетті түрде жазбаша болу керек. Нотариалды куәландырылатын мәміле жасау (мысалы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер) үшін берілетін сенімхат тек нотариалды куәландырылған нысанда болу керек. Бұл ережеден ауытқулар заңда көрсетілуі мүмкін. Бірақ кейбік кезде ерекше рәсімделген сенімхаттар нотариалды куәландырылуы заңмен талап етілетін сенімхаттарға теңестіріледі. Бұл өкіл берушінің ерекше жағдайына байланысты болады. Бұл тізімге келесі кіреді:
1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар;
2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң сенiмхаттары;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенiмхаттары;
4) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке толған әрекет қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары.
Жалақыны және еңбек қатынастарымен байланысты басқа да төлемдерді, авторларға және тауып шығарушыларға төленетін сый-ақы, зейнет-ақы, жәрдем-ақы және стипендия, азаматтардың банктердегі салымдарын, ақшалай, посылка немесе басқа да корреспонденция, азаматтар мен заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенімхатты сенiм бiлдiрушi тұратын қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппараты, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, сондай-ақ әскери қызметшiлерге сенiмхат берiлгенде тиiстi әскери бөлiмдердiң командованиесi куәландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куәландырады.
Үшiншi жақтар сенiм бiлдiрiлген адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк және өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған өздерiне қатысты әрекеттер жасау үшiн берiлген сенiмхатты түпнұсқа деп санауға құқылы.
Сенімхатқа нысанына байланысты арнайы талаптар қойылады, мысалы, заңда және басқа құқықтық актіде немесе келісім-шартта нақты нұсқау көрсетілген жағдайда ұйымның мөрімен бекітілу керек. ҚР Азаматтық кодексінің 167-бабының 6-тармағында заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi деп көрсетілген.
Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс.
Банкiде операциялар жасауға берiлетiн сенiмхатты және сауда саласында мәмiле жасауға берiлетiн сенiмхатты беру тәртiбi мен нысаны арнайы ережелермен белгiленуi мүмкiн.
Сенімхаттың түрлері.
Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады:
1) бас (жалпы) сенімхат, ол белгілі бір кезеңге арналып, әртүрлі мәмілелер мен заңды әрекеттер жасайтын өкілге беріледі (мысалы, заңды тұлғаның басшысы фииалға берген сенімхаты);
2) арнайы сенімхат - ол бір текті мәмілелер мен заңды әрекеттер жасайтын өкілге беріледі (мысалы, заң кеңесшісіне сотта іс жүргізу, тауар-материалдық құндылықтарды жүк тасымалдаушысынан алу үшін беріледі);
3) бір мәрте берілетін сенімхат - ол тек бір заңды әрекет жасау үшін беріледі (мысалы, поштадан алатын хат-бума үшін берілетін сенімхат).
Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе ол үш жыл бойы, ал егер қолданылу мерзімі көрсетілмесе - берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
Сенімхат мерзімімен байланысты маңызды бір мән-жай - бұл оның беру күні, өйткені оның болу-болмауы сенімхаттың жарамдылығына әсер етеді. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.
Сенім ауыстыру бойынша берілетін сенімхаттың мерзімі алғашқы сенімхаттың мерзімінен аспау керек.
1.2. Сенімхаттың мерзімі
Сенімхаттың мерзімі. Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданылу мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолданылу мерзімі, әдетте, сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең ұзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты керсеткен. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол тұтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл мерзіммен шектейді.

Сенімхаттың берілген күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс және ол сенімхаттың жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың берілу күнінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің керсетілуі оның берілген күнін көрсету міндетін алмастырмайды және оның орнын толтыра алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар берілетін және осыған байланысты кейін олар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі көздеседі.
168-бап. Сенімхат мерзімі
1. Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта не-ғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
2. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болады.
Азаматтық кодекс сенімхаттың әрекет ету шегін белгілеген. Сенімхат үш жылға беріледі. Бірақ, егер қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Сөйтіп сенімхатта мерзімнің болмауы өзінің заңдық күшін жоюға алып келмейді. Дегенмен, сенімхат мерзіміне байланысты мынаны айтуға болады, егер сенімхаттың берілген мерзімі болмауы сенімхатты жарамсыз деп тануға алып келеді (абсолютті міндетті талап). Бірақ шетелдерде берілген сенімхаттарға бұл талап орындалмайды. Егер мұндай сенімхат берілген болса және ол нотариуспен куәландырылса онда ол оны тоқтатқанға дейін қызмет етеді.
Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).
Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат -- әр кезде де мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.
Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады: а) бас (жалпы) сенімхат, ол белгілі бір кезеңге арналып, өртүрлі мәмілелер жасайтын өкілге беріледі; ә) арнайы сенімхат -- ол бір текті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі (мысалы, заң кеңесшісіне сотта іс жүргізу үшін беріледі); б) бір мәрте берілетін сенімхат -- ол тек бір заң әрекет жасау үшін беріледі (мысалы, поштадан алатын хатбума үшін берілетін сенімхат).
Өзіне арнап өкілеттік құқық берілген әрекеттерді сенім алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік құқық берілген немесе сенім берушінің мүлделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.
Сенім алушы өз өкілеттігін басқа біреуге сенім тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісіне бұл жөнінде білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс. Бұл міндетті орындамаса, сенім алушыға өзінің өкілеттік құқықтарын сеніп тапсырған адамның әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі.
Сенімхаттың күші мынадай жағдайларда жойылады:
1) сенімхат мерзімінің өтуі;
2) сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;
3) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;
4) сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
5) өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;
6) атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;
7) сенімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;
8) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылуы.
Сенім ауысуы ретінде берілген сенімхатта осы айтылған жағдайлардың кез келгені болғанда тоқтатылады.
Сенімхат тоқтатылған болса, оны алған тұлға сенім хатты бергенге немесе оны құқықты мирасқорына қайтаруы керек.
Сенімхат жазбаша құжат ретінде өкілдік қатынастардың қажетті элементі болып табылады. Сенімхат беру біржақты мәміле болса да, оны берудің және өкілдікті жүзеге асырудың негізінде шарт -- өкілдік беруші мен өкілдің арасындағы өкілдік орнатуға келісім жатқанын мойындау қажет. Мұнда өкілдік беруші мен өкіл арасындағы өкілдік қатынастар орнату жөніндегі шарт кез-келген түрде жасалуы мүмкін: жазбаша түрде (мысалы, тапсырма беру шарты), ауызша түрде (мысалы, қандай да бір жазбаша рәсімделген өзге шартсыз-ақ сенімхат беру). Сенімхат беру фактісінің өзі (өкілдің өкілдік берушінің атынан заңдық маңызы бар әрекеттер -- мәмілені жүзеге асыруы) өкілдік туғызбайды. Өкіл өкілдік берушінің атынан және сенімхаттың негізінде заңдық маңызы бар әрекеттерді -- мәмілелерді жүзеге асырғанда, тіпті олардың арасында бір адамның екіншісіне өкілдік белгілеуі туралы жазбаша шарт болмағанның өзінде, тараптардың өкілдік белгілеу туралы еріктерінің үйлесуін теріске шығару мүмкін емес.
Сенімхаттың түрлері. Заң мәміленің ерекше түрі -- сенімхат үшін оның міндетті жазбаша түрі болуын көздейді.
Жалпы ереже бойынша, сенімхат, жай жазбаша түрде жасалуы тиіс. Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс (АК-ның 167-бабының 2-тармағы).
АК-ның 167-бабының 3-тармағына сәйкес, нотариат куәландырған сенімхаттарға:
1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілердің және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, медицина бөлімі жөніндегі орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттар;
2) мемлекеттік нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын оргаңдары жоқ әскери бөлімдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орыңдары орналасқан мекеңдердегі осы бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, оқу орындарының командирлері (бастықтары) кәуландырған әскери қызметшілердің сенімхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелері мен әскери қызметшілер отбасы мүшелерінің сенімхаттары;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенімхаттары;
4) халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың осы мекеменің немесе тиісті халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшысы куәландырған сенімхаттары теңестіріледі.
Бірқатар жағдайларда сенімхатты оның нотариаттық түрін сақтамастан куәландыруға да жол беріледі. Атап айтқанда, мұңдай жағдайлар АК-ның 167-бабының 4-тармағында аталған -- хат-хабар, жалақы және өзге де ақша қаражатын алуға берілетін сенімхаты жергілікті басқару органдары, сенім білдіруші оқитын ұйым және т.с.с. куәлаңдыруы мүмкін. Заң осыңдай сенімхатта болатын өкілеттіктердің толық тізбесін көрсетеді. Сенім білдірілген адамға сенімхаттың берілуін жеңілдету және тездету үшін, қажет болатын кезде, сенімхатты телеграфпен немесе өзге де ресми байланыс құралдары арқылы беруге рұқсат етіледі, мысалы, сенім білдірілген адам мен сенім білдіруші әр түрлі шалғай қалаларда жүріп, сенімхатты шабарман немесе пошта арқылы алуға мүмкіндік болмайтын кезде оны ұсыну талап етілетін жағдайда. Мұндай сенімхатты байланыс органдары қосымша куәлаңдыруы тиіс.
Сенімхатты ресми байланыс арналарын пайдаланбай да беруге, мысалы факс арқылы беруге болады. Бұл жағдайда оған қатысты сенімхат берілген үшінші жақта сенімхаттың жалған еместігін тану немесе танымау құқығы болады. Үшінші жақ мұндай сенімхаттың жалған еместігін мойындаған жағдайда сенім білдіруші адам сенімхаттың түріне қойылатын талаптың сақталмауын желеу етіп, жасалған мәміленің нәтижелерінен бас тартуға немесе мұндай мәмілені жарамсыз деп тану туралы мәлімдеуге құқысыз болады.
АК-ның 167-бабының 6-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атынан сенімхатты ресімдеудің ерекше тәртібі бар. Жалпы ереже бойынша, заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхат оны сенім ауысуы тәртібімен беретін жағдайлардан басқа реттерде нотариаттық қуәлаңдыруды талап етпейді. Заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхатқа оның басшысы немесе құрылтай құжаттарымен осыған уәкілеттік алған адам қол қояды да, осы ұйымның мөрі басылады. Занды тұлғаның құрылтай құжаттары заңды тұлға атынан сенімхатты өзге адамның да, мысалы басшы орынбасарының беру мүмкіңдігін де көздеуі мүмкін.
Ақша және басқа бағалы мүлікті алуға немесе беруге мемлекеттік органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берілетін сенімхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтері де қол қоюға тиіс (АК-ның 167-бабының 7-тармағы). Бұл норма ақшаның және өзге де материалдық қаражаттардың төленуі мен жұмсалуын бақылап отыру қажеттігіне байланысты белгіленген және мұндай сенімхатты ресімдеу ережелерін сақтамау оны жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
1.3. Сенімхаттың ауысуы
Сенімнің ауысуы. Сенім білдірілген адамның өзіне уәкілдік берілген әрекеттерді орындауы өкілдік бойынша құқықтық қатынастардағы жалпы ереже болып табылады. Бұл сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам арасындағы өкілдік бойынша қатынастардың сенімгерлік сипатына байланысты. АК-ның 169-бабына сәйкес, сенім білдірілген адам өзіне сенімхатпен берілген өкілеттікті екі жағдайда ғана сеніп бере алады: сенімхат бойынша өкілеттікті сеніп тапсыру құқығын сенімхаттың өзі беретін кезде, мысалы, сенім білдіруші сенімхатты сеніп тапсыру құқығымен берегін жағдайда, соңдай-ақ сенім білдірілген адам сенім білдірушінің мүдделеріне қауіп төндіретін және сенім білдірілген адамның сенім білдірушімен сенім ауысуын үйлестіруіне кедергі келтіретін мән-жағдайлардың тууына байланысты өкілеттікті сеніп тапсыруға мәжбүр болатын кезде, мысалы, сенім білдірілген адамның науқастануы салдарынан шұғыл орындауды қажет ететін тапсырманы жеке өзі орындау мүмкіндігінен айрылуы және сенімді тапсыруға келісімін алу және сенім білдірушінің өз мүдделерін білдіру немесе қорғау жөнінде өзге шешім қабылдау үшін сенім білдірушімен дереу байланыс орнату мүмкіндігінің болмауы.
Сенім ауысуының ерекшелігіне байланысты және сенім білдірушінің мүдделерін қорғаудың берік кепілдігін беру мақсатында заң тіпті сенімхаттың өзі нотариаттық куәландыруды керек өтпейтін жағдайлар үшін сенім ауысуы туралы келісімді нотариаттық ресімдеу қажеттігін белгілеген. Мұндай сенімхат нотариатта емес, өзгеше әдіспен ресімделетіне қарамастан, сенім ауысуын нотариаттық ресімдеу заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхатпен жүзеге асырылатын сенім ауысуына да таралады. Сенім ауысуын нотариапық ресімдеу тәртібін бұзу оны жарамсыз етеді.
Сенім ауысуына қатысты құқықтық қатынастар өкілдік жөніңдегі негізгі құқықтық қатынастардан туындайды. Сондықтан өкілеттікті басқа адамға беру жөніндегі сенімхат мазмұны бойынша негізгі сенімхатқа қайшы келмеуге немесе оның қолданылу мерзімі негізгі сенімхаттың қолданылу мерзімінен асып кетпеуге тиіс. Өкілетікті басқа адамға беру жөніндегі сенімхаттың мазмұны өте шағын болуы да мүмкін, бұл жағдайда сенімнің ауысуы тәртібімен берілетін сенімхатқа енгізілмеген өкілеттіктер бойынша сенім білдірілген адам бастапқы адам болып шығады.
Өкілеттікті басқа адамға беру жөніндегі сенімхат қысқа мерзімге де берілуі мүмкін, оның мерзімі аяқталған соң бұрынғы сенім білдірілген адам қайтадан өкілдік бойынша қатынастарға түседі.
Өз өкілетгігін басқа біреуге берген сенім білдірілген адам бұл жөнінде сенім білдірушіні дереу хабардар етуге және оған өлгі адам туралы, оның тұрғылықты жері туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс (АК-ның 169-бабының 4-тармағы). Жаңа өкілдің өз міндеттерін атқаруына септігін тигізетін өзіндік және кәсіби қасиеттеріне сипаттаманы қажетті мәліметтер деп түсіну керек. Сенім білдіруші сенімнің ауысатыны туралы білуі үшін, оның өзіндік және кәсіби қасиеттерін бағалап, сенім ауысуын жою немесе жаңадан сенім білдірілген адамның кандидатурасын қабылдамау, жаңадан сенім білдірілген адаммен байланысу үшін және ол мұны қажетті немесе орынды деп тапқанда, сенім ауысуын жою немесе өз мүдделерінің екілдігі туралы мәселені өзге әдіспен шешу үшін осындай хабардар ету қажет болады.
Сенім білдірілген адам сенімнің ауысуы туралы сенім білдірушіні дер кезінде хабардар етіп, оған жаңадан сенім білдірілген адам және оның тұрғылықты жері туралы хабарлаған соң өзін алмастырған таңдаудың дұрыстығына ғана, яғни жаңадан сенім білдірілген адамның іскерлік қасиеттерінің тапсырманың сипатына сай келетініне ғана жауап бере отырып, оның әрекеттері үшін жауап беру міндетін өзінен алып тастайды. Өйтпеген күнде бастапқы сенім білдірілген адам сенім білдірушінің аддында жаңадан сенім білдірілген адамның әрекеттеріне жеке өзінің әрекеттеріндей жауап беретін болады.
Сенімхаттың түрлері. Сенім білдірілген адамға берілетін өкілеттіктің көлемі мен мазмұнына қарай сенімхаттың түрлерін ажыратады. Сенімхат мыналарды жасау үшін берілуі мүмкін: а) заңдық маңызы бар белгілі бір әрекетті жасау үшін, мысалы, белгілі бір пәтерді сатып алу-сату шартын жасасу үшін; б) акционерлердің бір жиналысыңда акционердің мүдделерін білдіру үшін; в) белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір әрекеттерді жасау үшін, мысалы, кассирдің ай сайынғы жалақыны банктен алып тұруы үшін белгілі бір уақыт ішінде акционерлік қоғамның басқармасында ұдайы акционердің мүдделеріне өкілдік ету үшін; г) ұзақ уақыт бойы сенім білдірушінің мүліктік құқықтары мен міндеттерінің тұтас кешенін жүзеге асыру үшін, мысалы, сенім білдірушінің мүлкін басқару, филиаддың немесе өкілдіктің орналасқан жерінде заңды тұлғаның мүдделеріне өкілдік ету және т.с.с. Осыған байланысты бір жолғы, арнайы немесе бас сенімхатты ажыратады.
Сенімхатіың тоқтатылуы. Сенімхат міңдеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздері бойынша, сондай-ақ занда сенімхат үшін көзделген, атап айтқанда, АК-ның 170-бабында көзделген арнайы негіздер бойынша тоқтатылады.
Кез келген сенімхат белгілі бір мерзімге беріледі. Егер, тіпті, сенімхатта мерзім көрсетілмеген болса, мұндай сенімхаттың қолданылу мерзімін анықтауға болады. Сенім білдірілген адамның сенімхатта көзделген әрекеттерді жүзеге асырғанына немесе асырмағанына қарамастан, оның мерзімінің аяқталуы сенімхаттың қолданылуын тоқтату негіздерінің бірі болып табылады.
Заңның сенім білдірушіге сенімхаттың күшін жою құқығын беруіне және сенім білдірілген адамға кез келген уақытта сенімхаттан бас тарту құқығын беруіне байланысты сенім білдіруші сенімхаттың күшін жоятын жағдайда не сенім білдірілген адам сенімхаттан бас тартатын кезде мерзімге немесе өзге де мән-жайларға қарамастан, сенімхат кез келген уақытта тоқтатылады.
Өкілдік бойынша қатынастар біржақты мәміле жасайтын -- сенімхат беретін сенім білдіруші тарапынан да, сондай-ақ сенім білдірушінің атынан және оның мүдделеріне мәмілелер және өзге де заңдық маңызы бар әрекеттер жасайтын сенім білдірілген адам тарапынан да жеке ерікті, мақсатты әрекеттер жасауды талап етеді. Сондықтан сенімхат берген азаматты немесе атына сенімхат берілген азаматты әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану әрекет қабілеттілігі жоқтығының немесе шектеулілігінің орнын толтыруға тиісті адамдардың, мысалы, қамқоршылардың немесе қорғаншылардың бар-жоқтығына қарамастан, сенімхаттың тоқтатылуына әкеп тірейді.
Сенім білдіруші мен сенім білдірілген адам арасындағы қатынастың өзара сенімділік сипатының өкілдік бойынша құқықтық қатынастар үшін зор маңызы бар. Сондықтан өкілдік бойынша құқықтық қатынастарға қатысушылар арасында белгілі бір себептермен сенім немесе ынта жойылатын жағдайда, мысалы, тараптардың біреуінің теріс ниеттілігі, сенім білдірушінің сенімхат берілген мәміленің жасалуына ынтасының жойылуы секілді жағдайда заң мұның себебін түсіндіріп жатпастан, кез келген уақытта сенім білдірушіге сенімхаттың немесе сенім білдірілген адамға берілген сенімді ауыстыру құқығының күшін жоюға, ал сенім білдірілген адамға -- сенімхаттан бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл сенімхаттың күшін жою немесе сенім білдірушінің сенімді ауыстыру мәселесі бойынша немесе сенім білдірілген адамның сенімхаттан бас тарту мәселесі бойынша өзгеше келісім жасауға жол бермейтін бұйрықты сипаттағы норма және бұл құқықтан бас тарту жөніндегі кез келген келісім жарамсыз болады.
Сенім білдіруші сенімхаттың күшін жоятын жағдайда бұл жөнінде сенім білдірілген адамды, сондай-ақ өзіне белгілі үшінші жақты хабардар етуге міңдетті. Сенімхаттың күшін жою үшін сенім білдірілген адамға хабарлаудың маңызы бар, өйткені сенімхат сенім білдірушінің сенімхаттың күшін жою жөніндегі шешімі туралы сенім білдірілген адам білген немесе білуге тиісті болған кезден бастап тоқтатылады.
Өз атынан сенімхат берген заңды тұлға тоқтатылатын жағдайда немесе сенімхат берген адамның қайтыс балуынан сенімхат тоқтатылатын жағдайда АК-ның 170-бабының 1-тармағының 5 және 7-тармақшаларына сәйкес, құқық мирасқорларға сенім білдірілген адамға және үшінші жаққа сенімхаттың тоқтатылуы туралы хабарлау міндеті жүктеледі.
Сенім білдірілген адам сенімхаттың тоқтатылуы туралы хабар алғанға дейін теріс пиғылды болмаса, оның қолындағы сенімхат сенім білдіруші мен оның құқық мирасқорлары үшін де, сондай-ақ үшінші жақ үшін де күшін сақтайды.
Сенім білдірілген адам сенімхаттың күшін жою жөніндегі хабарды алғанға дейін сенімхат бойынша уәкілеттігі бар әрекеттерді жасай алатын жағдай үшін де, соңдай-ақ сенімхаттың күшін жою жөніндегі хабарды алғаннан кейін теріс пиғылды әрекет жасауы мүмкін жағдай үшін де үшінші жақты хабардар етудің алдын алушылық сипаты бар.
Сенімхаттың күші жойылғаны жөнінде хабардар болған немесе қандай да бір өзге негіздер бойынша сенімхаттың тоқтатылғаны жөнінде білген үшінші жақ сенім білдірілген адаммен мәміле жасауға құқысыз болады. Бұлай болмаған жағдайда сенім білдіруші немесе оның құқық мирасқорлары мұндай мәмілелердің нәтижелерін қабылдамауға не мұндай мәмілелерді жарамсыз деп тануға және келтірілген шығынның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz