Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер ... ... ... 4
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру және оны тарату ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы ... ... ...23
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару тәртібінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Кіріспе

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілетін жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, негізгі тарау, қортыныды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Нормативтің құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы.-Алматы.-1995.
2. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 22 сәуір N 220-I
3. ҚР Азаматтық Кодексі:жалпы және ерекше бөлімі.-Алматы,2002
4. ҚР Конституция.-Алматы: Жеті жарғы, 1995 ж (өзгертулер мен толықтырулар 2007 ж 5 мамыр)
5. Шаруашылық серіктестіктері туралы жарлық- ҚР Президентінің 1995 ж 2 мамырдағы № 2225 «ШСТ» Жарлығы

Арнайы әдебиеттер:
1.Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. 1995 ж.
2.Төлеуғалиев Ғ. І том. ҚР азаматтық құқығы. Алматы 2001 ж.
3.Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 – тамыз.
4 .Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан – 2030» жолдауы.
5.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы ІІ жеті жарғы.
6.Жайлин.Ғ.А. Азаматтық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім. Алматы: Заң әдебиеті. 2004 ж.
7.Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы. Жеті Жарғы-2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер ... ... ... 4
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру және оны тарату ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы ... ... ...23
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару тәртібінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

Кіріспе

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілетін жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, негізгі тарау, қортыныды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.
Шаруашылық серіктестік туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады (АК-ның 58-бабының 1-тармағы). Қазақстан Республикасының заңдары 1998 ж. 10 шілдеге дейін шаруашылық серіктестіктердің мынадай 5 түрін көрсетті: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Олардың ішінен біздің республикамызда жән елемде барынша кең таралғандары -- жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдар. Дүние жүзінің көптеген елдерінің (мысалы, Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Англияда) заңдарында акционерлік қоғамдар шаруашылық серіктестіктің түрлері болып есептелмейді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясьшда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады. Коммерциялық ұйымдарды түлғалардың (серіктестіктердің) бірлес-тіктеріне және капиталдардың (қоғамдардың) бірлестіктеріне бөлу бастапқы бөлу болып табылады. Мұның бірінші санатында түлғалық жағдай айтарлықтай маңызды болады. Сондықтан жаңа серіктерді қабылдау жалпы жиналыстың келісім беруін талап етеді. Екінші санатга тұлғалық жағдайдың айтарлықтай маңызы болмайды. Сондықтан қатысушылар құрамының өзгеруін еш нөрсе шектемейді және капитал айтарлықтай еркін ауысатын болады.
"Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң акгілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 ж. 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктердің қатарьшан шығарып, оларға коммерциялық ұйымның дербес түрі рөлін берді. Тиісінше, АК-ның 2-тарауының 2-параграфының "Шаруашылық серіктестік" деп аталатьш II бөлімінің, "Жалпы ережелеріңдегі" 1-бөлім тармақшасы осы уақыттан бастап акционерлік қоғамдарға таралмайды. Осыған қарамастан, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құқықтық жаратылысында айырмашылықтардан гөрі ортақ нәрселер әлдеқайда көп болады. Шаруашылық серіктестіктер туралы заңдардың жалпы бөліміндегі нормалардың негізгі бөлігі акционерлік қоғамның құқықтық режиміне барынша сай келеді. Сондықтан акционерлік қоғамды "Шаруашылық серіктестік" ұғымының ауқымьшан шығару қисынсыз және шетелдік заңдарды көшірудің жеткіліксіз дәлелі болады. Ағылшын-американ жүйесі елдеріңдегі компаниялардың (акционерлік қоғамдардың) құқықтары занды тұлғаның мәртебесін алуы арқылы сріктестіктерден өзгешеленіп тұрады. Сондықтан оларда акционерлік қоғамды серіктестіктерден ажыратудың Қазақстанда кездеспейтін маңызды негізі бар.
Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі. Баланста көрсетілген заттар шаруашылық серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі АК-ның 2-бөлігіңде баянды етілген. Баланста көрсетілген қалған активтер мүліктік құқықтар болғандықтан, серіктестікке меншік құқығында тиесілі болмаса да, шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіреді. Меншік иелері мен олардың мүлкін айқын жіктеу заңгерлердің маңызды міндеті болып саналады. Даулы жағдайларда мүліктің меншік иесін анықтау қажет болады. Әрбір меншік иесі өз мүлкінің кездейсоқ жойылып кету қаупін сезеді және тек өз борыштары бойынша және тек өз мүлкімен жауап береді. Іс жүзінде, өкінішке қарай, бұл қағида кейде бұзылып жатады. Мысалы, мемлекет кейде өзі қатысатын коммерциялық ұйымдарды әлде бір іс-әрекеттер жасауға міндеттейтін шешімдер қабылдайды.
Шаруашылық серіктестікті азаматгық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда -- қатысушылар деп атайды. "Құрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес; олар едәуір дәрежеде біріне-бірі таңылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серікгестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, "құрылтайшы" терминін пайдаланады.
Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі жөне қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін (ЖПІС туралы заңның 1-бабының 3-тармағы, 2-бабының 1-тармағының 1-бөлігі; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5-тармағы). Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушьшардың саны екеуден кем болмауы тиіс (АК-ның 71-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1 жөне 4-тармақтары, 76-бабының 1-тармағы; Шаруашьшық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 3-тармағы, 36-бабы).
Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, занды тұлға және мемлекет шаруашыпық серіктесгіктің қатысушысы бола алады. Мүнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматгар ғана толық серіктестіктердің катысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады (АК-ның 58-бабьшың 3-тармағы). Бүл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарьшда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, ЖШС туралы заңның 10-бабының 1-тармағы "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды" деп белгіледі.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай кұжаттары -- құрылтай шарты жөне жарғы. Егер серіктестікгі бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніңдегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде ерекет етеді (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Акционерлерінің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серікгестікке айналдыратьш жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын делелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады (АК-ның 58-бабының 9-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат куәлан-дыруға тиіс (АК-ның 58-бабының 4 және 5-тармақтары). Занды тұлғаларға арналған, АК-ның 41-бабының 4,4 -- 1 және 5-тармақтарыңца аталған жалпы мәліметтерден басқа, шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салатын салымдарының мөлшері, құрамы, мерзімі жөне тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы, соңцай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс (АК-ның 58-бабының 6-тармағы). Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда:
-- егер олар құрылтайшьшардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
-- егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс (АК-ның 41-бабының 6-тармағы).
Жарғылық капиталға салым салу. Қатысушының үлесі. Шаруашылық серіктестіктің бастапқы мүлкі қүрылтайшылардың салымдарынан құралатын жарғылық капиталдан тұрады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интеллектуаддық қызметтің нәтижелеріне құқықты қоса алғанда, мүліктік құқықтар және өзге де мүлік жарғылық капиталға салатын салым бола алады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай немесе мүліктік құқықтар түріңде салатын салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларьшың жалпы жиналысының шешімімен ақшамен бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомадан асатьш болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Шаруашылық серіктестікгі қайта тіркеуде оиың қатысушысының ақшалай салымьш серіктестікгің бухгалтерлік құжаттары не аудиторлық қорытьшды растай алады. Жалпы ереже бойынша, заңцы түлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауап береді. Алайда шаруашылық серіктестіктер үшін бүл ережеден ерекшеліктер бар. Мысалы, серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері аддында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді (АК-ның 59-бабьшың 1-тармағының 1 -- 4-бөліктері).
Салым ретінде мүлікгік құқық, мысалы, мүлікгі пайдалану қүқығы берілуі мүмкін. Мұндай салымның көлемі құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзім үшін есептелген осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақымен анықталады. Салымдарды мүліктік емес өзіндік құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді (АК-ның 59-бабы). Соңғы ереже айтарлықтай пікірталас туғызады және мамандар арасында оның жақтастары да, қарсыластары да жеткілікгі. Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, соңдай-ақ жарғылық капиталды қүру жөніңдегі міңцетгемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң құжаттарында және (немесе) құрылтай құжаттарында белгіленеді (АК-ның 59-бабының 3-тармаіы).
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері жөне тиісінше олардьщ шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады. Алайда құрыл-тайшылар құрылтай құжаттарында өзгеше мақсатгы көздеуі мүмкін. Шаруашылық серіктесгікке қатысушы серіктестік мүлкіңцегі өз үлесін, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарыңца өзгеше көздел-месе, салып қоюға және сатуға қүқылы (АК-ның 59-бабының 2-тармағы).
Жарғылық капиталды өзгерту -- іскерлік тәжірибеде жиі кездесетін әдеттегі іс және ол өрбір серіктестікте дерлік байқалады. Жарғьшық капитадды арттыру коммерциялық ұйымның қызметіндегі игі сет больш табылады, несие берушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмейді. Сондықтан оның құқықтық реттелуі айтарлықтай шартты реттеуші сипатта болады. Ал жарғылық капиталды азайту қажетсіз шара болып саналады,ол ең алдымен серіктестіктің несие берушілерінің мүдделеріне жағымсыз есер етеді. Сондықтан шаруашылық серікестшнің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннанкейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрьш тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орыңдауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы (АК-ның 59-бабының 4-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктері қатысушьшарьшың жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) серіктестіктің жоғары органы болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілетгігі оның бірден-бір қатысушысьша тиесілі болады (АК-ның 60-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларьшың жалпы жиналысына (өкідцер жиналысына) есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе, жеке-дара) құрылады. Басқару оргавдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктесгіктің алқалы органдары ретінде басқарма (дирекция) және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін (АК-ның 60-бабының 2-тармағы).
Шаруашылық серіктестік органдарының құзіреті, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі АК-ға, заң құжаттарына және құрылтай құжатгарына сәйкес белгіленеді (АК-ның 60-бабының 3-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығару құқығы жоқ. Мұны өздеріне белгіленген тәртіп бойынша акционерлік қоғамдар ғана істей алады. Акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық ұйым капиталды барынша мол жинақтай алатындықтан, заң акционерлік қоғамдар үшін ғана қаржы есебін жүргізуді көздеген. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктесіікгер үшін көзделуі мүмкін (ЖШС туралы заңның 60-бабы). Шаруашылық серіктестіктің қызметін мемлекеттік органдар тексере алады. Олардың бұл саладағы қүзіретін заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есеп-қисабының дұрыстығына көз жеткізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделерімен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады (мүны сыртқы аудит деп атайды). Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушының талап етуі бойынша соның (солардың) есебінен кез келген уақытта жүргізілуге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі зандармен және серіктестіктің құрылтай құжатгарымен белгіленеді (АК-ның 60-бабының 4-тармағы).
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:
-- құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға;
-- шаруашылық серіктестікгің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәргіппен оның құжатгамаларымен танысуға;
-- таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ержелері жарамсыз болып табылады;
-- шаруашылық серіктестік таратылғаи жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктесгік мүлкіңдегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар:
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін (АК-ның 61-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
2) салымдарды құрылтай құжатгарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер жөне мерзімдер бойынша салып отыруға;
3) шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметгерді жария етпеуге міндетгі.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міңдеттерді атқаруы мүмкін (АК-ның 61-бабының 2-тармағы).
Серіктестіктерді қайта құру және тарату. Шаруашылық серіктестік оның қагысушыларының шешімімен ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Оларды қайта құру мен таратудың өзге негіздерін АК, Шаруашьшық серіктестік туралы жарлық, ЖШС туралы заң және басқа заң құжаттары анықтайды. Мысалы, несие берушілерге жарғылық капиталды азайту туралы хабарламау шаруашылық серіктестіктер үшін осындай негіз болып табылады (АК-ның 59-бабының 4-тармағы).
Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шауашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне акционерлік қоғамдар немесе өңдірісгік кооперативтер болып қайга құрылуы мүмкін. Толық серіктестік немесе сенім серіктестігі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестіктің өзіне тиесілі акцияларды (үлестерді) иеліктен шығаруы оны мұндай жауаптылықтан босатпайды (АК-ның 62-бабы).

1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің түсінігі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)-белгілі бір шаруашылық қызымет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызымет мақсаты пайда алуды көздейді. Қатысушыларының жүзден аспауға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал серіктестіктің қызыметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана жауап береді.Жарғылық капиталдың мөлшерін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары белгілейді.
Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына бара-бар сомадан кем болмай керек.
Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында өзгеше жағдай қарастырылмаса, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізу туралы шешім қабылдай алады.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғарғы органы оған қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің алқалы ұйымы ретінде басқарма және байқаушы кеңес сайланады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заң құжаттарында белгіленген реттермен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне, мысалы: акционерлік қоғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарату туралы шешім шығару қатысушылардың жалпы жиналысының құзыреттіне жатады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі басқару мәсеселері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, заң актілеріне және оның жарғысына сәйкес іске асырылады.

1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру тәртібі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін:
Бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда;
Серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы;
2) осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда (осы баптың 2-тармағы), егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7) серіктестік жарғысын бекіту;
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты және басқа да заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін.
Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді.
Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
Құрылтай шартын жасау тәртібі мен оның нысаны
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады.Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды.Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс. Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін.
Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды.
Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады.Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктері.Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады.
Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді.
Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі.
Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, құрылтай шартына қол қоюға міндетті.
Тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу және қызмет ету ерекшелiктерi:
- Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен (тiркеушiмен) серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы.
Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлік қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
-Акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген адам қол қояды.
Акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiм серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында, осы Заңның 48-бабында белгiленген тәртiппен қабылданады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
- серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
- серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
- серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
- серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
- серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
- серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртібі;
- серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
- серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы;
- серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін.
Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
3. Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс және оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
4. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын қоспағанда, серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысының, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттардың даналары серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады.
6. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту тәртібі
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың ережелеріне сәйкес қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Серіктестік жарғының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде хабарлауға міндетті. Бұл мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сәйкес өзгерістер енгізуді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
3. Серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мән-жайлар мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл жасауға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.Мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде серіктестіктің фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жері туралы мәліметтер жалпыға бірдей танысу үшін ашық заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және серіктестіктің коммерциялық құпиясы болмайды.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:
- құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;
- серіктестіктің жарғысын;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты табыс етуге тиіс.
- Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттік тіркеу үшiн:
- қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлдiк берген адам қол қойған серiктестiктi құру туралы өтiнiш;
- серiктестiктiң жарғысы;
- қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлдiк берген адам қол қойған, акция ұстаушылар тiзiлiміндегі деректер негiзiнде жасалған серiктестiкке қатысушылар тiзiмi табыс етiлуге тиiс.
Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда , серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының негізінде тіркеу туралы өтініште:
1) серіктестіктің атауы мен оның орналасқан жері;
2) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
3) серіктестікке қатысушылардың атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі;
4) серіктестіктің өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратыны туралы нұсқама көрсетілуге тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінішін қоспағанда, өтінішке барлық құрылтайшылар қол қойып, олардың қойған қолдарының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның серіктестік құрылтайшыларынан өзге құжаттар табыс етуді талап етуге құқығы жоқ.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тарту
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға:
- серіктестік жарғысының мазмұны заң актілерінің талаптарына сәйкес келмегенде;
- серіктестік құрылтайшылары серіктестікті құрудың осы Заңда көзделген тәртібін бұзғанда жол беріледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру орынсыз деген себептермен оны мемлекеттік тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтаруға оның құрылтайшылары сот тәртібімен шағым жасай алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құруға байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары серіктестікті құруға байланысты және оны мемлекеттік тіркеуге дейін пайда болған міндеттемелер бойынша, егер бұл орайда құрылтайшылардың серіктестік мүдделері үшін әрекет еткені дәлелденсе, ортақ жауапкершілікте болады. Аталған адамдардың әрекеттері серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында кейіннен мақұлданған жағдайда серіктестік мұндай міндеттемелер бойынша жауап береді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар құрамындағы өзгеріс.Серіктестік жарғысының және құрылтай шартының талаптарын сақтай отырып, серіктестікке жаңа қатысушы қабылдауды жүргізу құрылтай шартына қосылу туралы шартпен ресімделеді. Қосылу туралы шартқа серіктестік органының уәкілетті басшысы мен қосылған қатысушы қол қояды.
Қосылу туралы шарт құрылтай шартының ажырағысыз бөлігі болып табылады, ол қосылу туралы шарттың ережелерінен туындайтын бөлігінде өзгертілген болып есептеледі. Құрылтай шартына қосылу туралы шартты нотариат куәландыруға тиіс.
Жаңа қатысушы серіктестіктің құрылтай шартына және оның жарғысына осы құжаттардағы қосылу туралы шарттың ережелерінен туындайтын өзгерістерді ескере отырып қосылған болып есептеледі. Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке жаңа қатысушыны қабылдау серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiне жазба енгізу жолымен ресiмделеді.Шығып кеткен қатысушының үлесін сатып алу нәтижесінде немесе үлес ауысуының өзге негіздері бойынша серіктестікке қатысушы болған адам үлеске деген құқық өзіне ауысқан кезден бастап серіктестіктің құрылтай шарты мен жарғысына қосылған болып есептеледі.

1.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру және оны тарату ережелері

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін: бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс: серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері; серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі; серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау; серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері; серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары; құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;серіктестік жарғысын бекіту; серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты басқа да заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс.Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді. Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды. Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға және құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс.
Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс. Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді. Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, олар құрылтай шартына қол қоюға міндетті. Акционерлердiң саны жүз және одан да көп акционерлiк қоғам жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Серiктестiкке қатысушылардың тiзiмiнен көшiрме акционерлердiң саны жүз және одан да көп акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталдағы қатысу үлесiне меншiк құқығын растайтын құжат болып табылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асырады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi тiркеушi мен серiктестiк арасында жасалған шартпен, сондай-ақ осы тiркеушiнiң серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметiн реттейтiн iшкi құжаттарымен анықталады. Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген адам қол қояды.
Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы жалпы ережелер
Шаруашылық серіктестік түрлері
Ұйымдық құқықтық жоспар
Заңды тұлға
Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер мен заңдар және қатысушылар
Шаруашылық серікестіктер
Казақстан республикасындағы шағын және орта кәсіпорындардың ұйым-заңды формалары
Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Пәндер