Жолаушыларды тасымалдау шарты


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Жолаушыларды тасымалдау шарты . . . 5
1. 1 Жолаушыларды таксимен тасымалдау . . . 6
1. 2 Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері . . . 8
1. 3Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік міндетті сақтандыру . . . 9
2. Жолаушыларды тасмалдау шарты бойынша тасымалдаушының жауапкершілігі . . . 12
2. 1 Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар . . . 16
2. 2 Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидасы . . . 20
2. 3 Жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету . . . 22
2. 4 Автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын талаптар . . . 24
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Кіріспе
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлiк - бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар - тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.
Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған:
- көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға;
- көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
- көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға;
- көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға.
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде - теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. Жолаушы тасымалдау шарты - екi жақты, ақылы және жүктердi тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.
Жол жүру барысында жол жүру билеттерiн басқаға беруге, қайта сатуға тиым салынады. Ал, әуе тасымалдауы кезiнде шарт жеке сипатқа ие, билеттi басқа тұлғаға қайта сату мен беруге тиым салынады. Қайта сату немесе беру фактiсi анықталған жағдайда билеттiң күшi жойылады және оның бағасы қайтарылмайды. Шарт бекiту (билет беру) жолаушының жеке басын куәландыратын құжат негiзiнде жүзеге асады. Әрбiр жолаушы жол жүру билетiн иеленуге мiндеттi, тасы-малдаушы оның сатылуын жолаушы көрсеткен мекенге жеткенге дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi (егер сол немесе басқа мекенмен байланыс болған кезде ғана) . Егер жолаушы жол жүру құжаттарын жоғалтса немесе бүлдiрсе, онда олар қайта қалпына келтiрiлмейдi, оларға төленген ақша да қайтарылуға жатпайды.
Жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау үшiн пайдала-нылатын поезд түрi маңызды болып табылады. Мәселен, жылдамдығына қарай шапшаң жедел және жолаушы поездары (тиiсiнше тасымалдаулар) ажыратылады. Поездар жол жүру қашықтығына қарай алысқа қатынайтын, жергiлiктi және қала маңына қатынайтын болып бөлiнедi. Жоғары сапалы қызмет көрсетулер көзделетiн поездар фирмалық болып бөлiнедi. Сондай-ақ жолаушы орналасатын вагонның, орынның түрi де маңызға ие. Су көлiгiмен тасымалдау кезiнде берiлетiн каютаның класы (не палуба орындарында тасымалдау көзделуi мүмкiн) маңыздылыққа ие. Жолаушыларды әуемен тасымалдау кезiнде жолаушы орналасатын салонның класына (қызмет көрсету деңгейiне) қарай градация көзделуi мүмкiн.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi жалпы түрде Азаматтық кодексте анықталады, ал толығырақ олар ҚР-ң “Көлiк туралы” Заңында көрсетiлген, көлiктiң жекелеген түрлерiмен жолаушыларды тасымалдау бойынша олар жолаушыларды тасы-малдаудың сол немесе өзге бiр түрiн реттейтiн нормативтiк актiлерде нақтыланады, бiрақ негiзгi тұстары бойынша олардың нормалары аталған заңның нормаларымен сәйкес келедi.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Жалаушыларды тасымалдау шарты
Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді, жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде- теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушымен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысанын көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіппен белгіленеді.
Әртүрлі көлік ұйымдары арасында жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы шарттар жасалуы мүмкін.
Коммерциялық ұйым жүзеге асыратын тасымалдау, егер заң актілерінен, өзге нормативтік құқықтық актілерден немесе осы ұйымға берілген лицензиядан бұл ұйым жолаушыларды, жүктерді және теңдеме жүкті кез келген азаматтық немесе заңды тұлғаның өтініші бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға міндетті екені туындайтын болса, жалпы пайдайдалыныстағы көлікпен тасымалдау болып табылады.
Жүйелі түрде тасымалдауларды жүзеге асыру қазет болған кезде тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші тасымалдауларды ұйымдщастыру туралы ұзартылған шарттар жасаса алады.
Жүктерді тасымалдауларды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы белгіленген мерзімде жүкті қабылдауға, ал жүк жөнелтуші -келісілген көлемде тасымалдауға жүк беріп тұруға міндеттенеді.
Тасымалдауды ұйымдастыру шартта тасымалдау көлемі, мерзімі, сапасы және көлік құралдарын берумен тасымалдауға жүктерді беруді басқада жағдайлары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың заң актілерінде көзделмеген өзге де жағдайлар белгіленеді.
Жүктерді жолаушаларды және теңдеме жүкті тасу тасымалдау шартының негізінде жүргізіледі. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлік туралы заң актілерінде, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен белгіленеді. Жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті көліктің жекелеген тұрлерімен тасымалдау талаптары, көлік туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімен белгіленеді.
Тасымалдаушы жұк жөнелтушіге жұк тиеуге қабылданңан өтінімде тасымалдау шартында белгіленген мерзімде тиісті жұкті тасымалдауға жарайтын кұйінде ақаусыз көлік құралдарын беруге міндеттенеді.
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдау үшін тараптардың келісімінде белгіленген ақы төленеді. Жалпы пайдаланыстағы көлікпен жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдауға ақы төлеу көлік туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен бекітілетін тарифтер негізінде айқындалады.
Жүк иелерінің талабы бойынша орындалатын және тарифтерде көзделмеген жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы тараптардың келісімі бойынша төленеді.
Тасымалдаушының өзіне тасымалдау үшін берілген жүктер мен теңдеме жүкті оған тиесілі кіре ақысын және тасымалдау жөніндегі басқа да төлемдерді қамтамасыз ету үшін, егер заң актілерінде, тасымалдау шартында өзгеше белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, ұстап қалуға құқығы бар.
1. 1 Жолаушыларды таксимен тасымалдау
Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобильдермен, тасымалдаушы мен елді мекендердің жергілікті атқарушы органдарының арасындағы жасасқан жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттың негізінде (бұдан әрі - Шарт) жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы орган тасымалдаушымен Шартты жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей Шарттың көшірмесін (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) көліктік бақылаудың аумақтық органдарына жібереді.
Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемінде төрт есігі бар өнімді топтап шығаруы жеңіл автомобильдер қолданылады.
Арнаулы басқаруы бар автокөлік құралдарын такси тасымалдауы үшін қолдану, соның ішінде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулі оң жақтағы рұқсат етілмейді.
Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру тәртібi
Жолаушылардың таксиге отыруы және одан түсуі жол желісінің учаскелерінде арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, автомобильдердің тоқтауына жол қозғалысы ережелерінде рұқсат етілген жерлерде жүргізіледі.
Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар кезек тәртібімен таксиге отырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.
Жүріп келе жатқан таксиді, егер:
1) онда бос орындардың жеткілікті саны болса;
2) таксидегі жолаушы осылай тоқтауға келісім берсе, қол көтеріп тоқтатуға болады.
Жолаушы бос таксиге отыру кезінде жүргізушіге жүру маршрутын көрсетеді. Егер жолаушы өз бетімен оңтайлы жүру маршрутын анықтай алмай, тек қана сапардың соңғы пунктін атайтын болса, онда жүргізуші жолаушыны барынша қысқа жолмен баратын орнына жеткізеді.
Таксиге отыру және одан шығу толық тоқтағаннан кейін автомобильдің оң жағынан ғана жүзеге асырылады.
Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түседі. Бұл ретте жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған барлық алдын ала келісілген мерзім үшін ақша кепілін талап етеді.
Егер жолаушы оны күтіп тұрған такси-автомобильге алдын ала келісілген уақыт ішінде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледі.
Тапсырыстар бойынша таксидің жұмысы
Такси беруге тапсырыстар қабылдауды тасымалдаушы орталықтандырылған түрде диспетчерлік қызмет арқылы қол жеткізімді байланыс құралдары бойынша ұйымдастырады. Такси беруге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша белгіленген тарифке сәйкес төлейді.
Таксиге тапсырыс берген жолаушыға, жіберілген автомобильдің нөмірі, тапсырыстың шамамен алғандағы құны және беру уақыты телефон бойынша хабарланады.
Шұғыл тапсырыстар қабылданған кезден бастап белгіленген уақыт аралығында орындалуы тиіс.
Алдын ала тапсырыс кезінде жүргізуші таксидің тапсырыста көрсетілген уақытқа берілуін қамтамасыз етеді.
Таксимен жол жүру төлемi
Таксимен жол жүру төлемін жолаушы өзі жүріп өткен қашықтық үшін қолданылып жүрген тарифке сәйкес сапар аяқталған және багаж түсірілген соң төлейді. Жүргізушімен есеп айырысу қолма-қол ақшамен жасалады. Аяқталған сапар үшін төлем туралы түбіртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.
Егер таксимен тасымалдау процесінде, оның қозғалысын жалғастыру жүргізушіге қатыссыз жағдайлар бойынша мүмкін болмайтын жағдай туындаса, онда тасымалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған деп есептеледі және жолаушы жүрілген қашықтықты төлейді.
Қол жүгін, ұсақ жануарларды және багажды таксимен тасымалдау
Жалпы салмағы автомобильдің техникалық құжатында көзделгеннен аспайтын багажды таксидің багаж бөлімшесінде және тек багаж бөлімшесінің қақпағы жабық жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Багажды тиеу мен түсіруді таксидің жүргізушісі жүзеге асырады.
Таксидің салонында есік ойықтары арқылы еркін өтетін, салонның қаптамасы мен жабдығын бүлдірмейтін және ластамайтын, жүргізушіге автомобильді басқаруға кедергі болмайтын және артқы жақты көру айнасымен байқауды шектемейтін түрлі заттар мен бұйымдарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе түбі тұтас сумкалармен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Таксиде иттерді тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргізуші мен басқа жолаушылар келісетін болса ғана рұқсат етіледі.
Такси тұрақтары
Таксидің тұрақтары барлық жолаушылар жиналатын ірі пункттерде (әуежай, вокзалдар, ірі сауда және мәдениет орталықтары) ұйымдастырылады.
Такси тұрақтары басқа автомобильдердің тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен бөлінеді немесе жергілікті атқарушы органдардың жол полициясы органдарымен келісімі бойынша белгіленген көгілдір түсті «Т» («Такси») деген айыру белгісі бар және арнайы белбеумен белгіленеді.
Такси тұрақтары тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылады. Такси тұрағына бөтен автомобильдерді қоюға рұқсат етілмейді.
1. 2 Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы кұкықтык қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін зандылықтармен анықталады.
Жолаушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы максатты жүзеге асыруды қабыддап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т. с. с) .
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады.
Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады.
Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англосаксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктенуші. Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» қатар «фрахтователь» (термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды.
1. 3 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік міндетті сақтандыру
Қазақстан Республикасы «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі- Заң) сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су жолы, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
1. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жолаушыларды және олардың мүлкін, сақтанушы (тасымалдаушы) және сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) арасында, сақтандыру полисін тапсыруымен жасалған шарт (бұдан әрі -Шарт) негізінде тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша сақтандырылуға жатады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті саќтандыру шартын жасамаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына жол берілмейді.
Сақтандыру ұйымының міндетті шарт жасасудан бас тартқан үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 175-бабы талаптарымен әкімшілік жауапкершілік көзделген.
2. Шарт жасасқан кезде тасымалдаушы сақтандырушыға, Заң талаптарына сәйкес, шартқа енгізу үшін мәліметтер беруге, Шартпен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндетті Сақтандыру сыйлық ақысын төлемеуі немесе дер кезінде төлемеуі, тасымалдаушының басқа міндеттерін орындамағаны Шарттың жарамсыз болуына әкеледі.
3. Тасымалдау барысында жолаушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкерішілігінің болу факты тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болып анықталады.
4. Шарт жәбірленуші деп анықталған барлық жолаушыларға қатысты қолданылады. Яғни Шарт бойынша жәбірленуші (оның қаза болған жағдайында - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленуші қаза табуына байланысты зиянды өтеуге құқылы тұлға) пайда алушы болып табылады.
5. Тасымалдаушы дереу, бірақ сақтандыру жағдайы басталғаны туралы мәлімделген күннен үш жұмыс күнінен асырмай, ол туралы сақтандырушыны қол жеткен тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабардар етуге міндетті. Ауызша берілген хабарлама кейіннен (72 сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс. Егер сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болмаса сақтандырушыны хабардар ету міндеті сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) себепті жағдайлармен аталған әрекеттерді орындауға мүмкіндігі болмаса, ол оны құжатпен куәландыруға тиісті.
6. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушы мыналар үшін міндетті:
- ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қол жетімді және ақылға қонымды шаралар қабылдауға, оның ішінде жәбірленген адамдарға көмек көрсету және мүлкін құтқару бойынша шаралар қолдануға.
- құзыретіне орай тиісті органдарға (жол полициясының бөлімшелеріне, ішкі істер органдарына, өртке қарсы қызметі органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтеріне) хабарлауға;
- көліктегі сақтандыру жағдай туралы кесім жасау;
- сақтандыру жағдайының басталғанына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз ету.
Осы міндеттер, сақтандыру кесімін жасаудан басқа, сақтандыру жағдайы басталған сәтте көлікті жүргізген тұлғаға жүктеледі.
7. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушы мен жәбірленуші құқылы:
- денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиян мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы қызметін пайдалануға;
- сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған, келтірілген зиян мөлшерін бағалаудың қорытындыларымен және сақтандыру төлем мөлшерінің есебімен танысуға;
- Заңмен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру төлемін алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, сақтандырушының сақтандыру төлеуден бас тартуы немесе оның мөлшерін азайту жөніндегі шешімін даулауға.
Жәбірленуші сақтанушының мынадай міндеттерін жүзеге асыруға құқылы:
- сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, сақтанушымен (сақтандырылушымен) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған сақтандырушыға табыстауға;
- тасымалдаушыға келтірілген зиян мөлшерінің алынған сақтандыру төлемінен асқан мөлшерінде келтірілген зиянды өтеуге талап қою.
Жәбірленушінің құқықтары басқа тұлғаларға - пайда алушыларға ауысуы мүмкін.
8. Сақтандыру төлемін алу жөніндегі талап сақтандырушыға жазбаша нысанда келесі құжаттармен қоса ұсынылады:
- сақтандыру полисі (оның дубликаты) ;
- сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиян мөлшерін растайтын құжат;
- көліктегі сақтандыру жағдайы туралы тасымалдаушы жасаған кесім;
- жолаушыға билет берген жағдайда - жол жүру билеті немесе оны алмастыратын құжат (билеттерді сату ведомосының немесе билет түбіртегінің тасымалдаушы растатқан көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ресімделген куә айғақтары;
- жәбірленушіге еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасы- ның немесе мамандырылған мекемелердің мүгедектік белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі - ол белгіленген жағдайда;
- жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариатта куәландырған көшірмесі және пайда алушының зиянды өтеу құқығын растайтын құжат (көшірмесі) - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;
- жәбірленушінің жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің тізбесі - мүлікке зиян келтірілген жағдайда.
9. Сақтандырушының, атап айтқанда жәбірленушіден, басқа да қосымша құжаттарды талап етуіне жол берілмейді. Жәбірленушіден құжаттарды қабылдаған сақтандырушы, ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және олардың қабылданған күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz