Жүкті тасмалдау шартын жасау тәртібі.


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . 3

Ι. Жүкті тасмалдау шартын жасау тәртібі . . .

1. 1Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер . . . 5

1. 2Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілік . . . 8

1. 3 Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi . . . 17

1. 4 Жүктердi тасымалдағаны үшiн есеп айырысу тәртiбi . . . 19

ΙΙ. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлерi . . .

2. 1 Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау . . . 22

2. 2 Жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау . . . 27

Қорытынды . . . 33

Пайдаланған әдебиеттер . . . 34

Қосымша . . . 35

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттеме-лер Қазақстан Рес-публикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.

Көлiк бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталуменқоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынаста-ры дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.

Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынас-тарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндетте-мелiк (тауарлы ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық құқықтықпен қатар, қазiргi термино-логиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.

Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және ша-рттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар-дың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар - тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.

Жұмыстың маңыздылығы . Мемлекеттiң әртүрлi аймақтарына, елдi мекендердiң iшiнде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үз-дiксiз жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылатын көлiктiң қызмет етуiнiң тiкелей мақсаттарына тасымалдау шартының көмегiмен жетуге болады, оның өз кезегiнде тасымалдау процесiн қамтамасыз ететiн өзiмен тығыз байланысты бiрқатар түрлерi бар. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын, олардың қатысушыларының тиiстi тәртiбiн және т. б. қамтамасыз ететiн құқықтық құралдардың бiрi болып табылады.

Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.

Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (тең-деме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.

Жұмыстың міндеті. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бұл мiндеттемелер-дiң ерекшелiктерi өз-дерi туындайтын салалармен байланысты. Сол себептi заңнамада көлiк түсiнiгi арнайы бөлiп қарастырылады, және қайсыбiр көлiк соларға сай болуға тиiс көптеген арнайы талаптар бар.

Көлiк түрлерi. Объективтi сипаттағы себептер бойынша бөлiнуi қажет болатын, көлiктiң бiрнеше түрi бар, олардың ерекшелiктерi мен қолданылу аясы пайда-лану ерекшелiктерiне себеп болады және олардың қайсыбiрiмен тасымалдауға бекiтiлетiн шарттардың мазмұнына елеулi түрде ықпал етедi.

Қазақстан Республикасының көлiгi - бұл оның аумағында тiркелген темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де жатқызылады. Көлiктiң аталған түрлерi Қазақс-тан Республикасының көлiк жүйесiн құрайды.

Жұмыстыңқұрлымы. Құқықтық реттеудiң қайнар көздерi. Тасымалдау мен өзгеде көлiк шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар (688-714-баптар) арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтiк актiлердiң маңызы аса зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын қауiпсiздiк бойынша және басқа да технологиялық сипаттары көп мөлшердегi арнайы талаптардың сақталуға тиiстiгiмен байланысты. Бiрақ, қазiргi таңда көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне, яғни олардың шарттық тәжiрибесiне де, мемлекеттiң араласпау торабы нақты бекiтiлген. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеудiң шек-терi арнайы көлiк заңнамасында көрсетiлген.

Тасымалдаушылар қызметтерiн тұтынатындар үшiн тасымалдаудың бiрыңғай параметрлерiн қамтамасыз ету де (негiзiнен) аса зор маңызға ие. Осы саладағы құқықтық реттеудi бiр iзге келтiру үшiн 21 қыркүйек 1994 жылы “Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы” Заң қабылданды. Онда Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiмен байланысты жария сипаттағы қатынастарды реттейтiн нормалармен қатар тiкелей азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтiн нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария және жеке нормаларды орналастыру - басқа да көлiк-құқықтық актiлердiң ерекшелiк белгiсi. Бiрақ, бұл мұндай жағдайда қандай да бiр әкiмшiлiк-құқықтық “дақтары” бар шарт туралы айту қажет екенiн бiлдiрмейдi, алайда оларды мүлдем ескермеуге де болмайды.

Ι. Жүкті тасмалдау шартын жасау тәртібі

1. 1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер

Тасымалдау шартының сипаттамасы. Тасымалдау шартына тән ерекше белгiлер жүктердi тасымалдау шартында неғұрлым айқын көрiнедi. Өзiнiң құ-қықтық табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзiне сенiп тапсырылған жүктi белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi. Осылайша, тасымалдау шартын бекiту тараптардан, тасымалдау шартының алғышарттары ретiнде бағалауға болатын, белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруды талап етедi. Кейбiр жағдайларда тасымалдауға мүдделi жүк жөнелтушi мәлiмдеме (тапсырыс) жасайды. Тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құралдарын, яғни олар дұрыс болуға тиiс беруге мiндеттi. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға беруге тиiс. Темiр жолдар мен жүк жөнелтушiлер (жүк алушылар) жүктердi тасымалдауға қысқа мерзiмд i және ұзақ мерзiмдi шарттар (келiсiм-шарттар) бекiте алады. Ұзақ мерзiмдi тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте даулы болып табылады. Сөз, ҚР Азаматтық кодексi 692-бабымен және ҚР “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 38-бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жайында болып отыр. Ол ұзақ мерзiмдi жүйелi тасымалдаулар орын алғанда қолданылады. Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып табылады, өйткенi тасымалдаушы белгiленген мерзiмдерде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi келiсiлген көлемде тасымалдауға беруге мiндеттенедi. Сөз алдын ала шарттың ерекше бiр түрi жайлы болып отыр. Заң шығарушы екi мағыналы тұжырымды қолданған. Ұзақ мерзiмдi шарт мәнiсi жағынан алдын ала шартпен көзделген жағдайларда тасымалдаудың негiзгi шарттарын (болашақта) бекiту туралы келiсiм болып та-быладыс (ҚР АК 390б. ) . Оның алдын ала шартекенiне қарамастан, тасымалдау-шылар мен жүк жөнелтушiлер мүдделерiнiң маңыздылығын ескере отырып, тараптар үшiн оның мiндеттемелiк дәрежесi жоғары болуға тиiс.

Осы айтылғанмен байланысты барлық өзектi мәселелердi оқу процесі аясында қамту әрине, мүмкiн емес, тек тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт қазiргi жағдайларда жоспарлаудың әкiмшiлiк актiсiне балама бо-лып табылатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар ол тасымалдау шартында тi-келей бекiтiлетiн тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтау үшiн аса зор маңызға ие. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдау-дың көлемi, мерзiмдерi, сапасы және тасымалдау үшiн көлiк құралдары мен жүк-тердi берудiң басқа да жағдайлары анықталады.

Тасымалдау шарты екi жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалар оның элементтерiн, соның iшiнде ерекше тұрғын жүктердi тасымалдау шар-тының мазмұнын, одан әрi қарастыру кезiнде көрiнетiн болады. Заңнама (жүк-тердi) тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлiк накладнойын, коно-саменттi, тауарлы көлiк накладнойын немесе көлiк туралы заңдыактiлермен көзделген, жүкке деген басқа да құжаттарды толтырумен рәсiмделедi. Тауарлы-көлiк жүкқұжаты (жүкқұжат пен коносаментте) шарттың негiзгi жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың құжаттарының) ныса-ны Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiмен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы жазбаша ны-санда бекiтiлетiндiгi туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелiгi оның қатысушыларының құқықтарымен мiндеттерiнiң көпшiлiгi тiкелей нормативтiк актiлермен реттелгендiгiнде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария си-патқа ие. Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” Заңының 11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк кодекстерiмен (жар-ғыларымен) көзделген жағдайлардан басқа. Жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.

Тасымалдау шартының тараптары. Жүктердi тасымалдау шартының бiр тарабы болып тасымалдаушы - заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы - заңды тұлға ретiнде негiзiнен (мамандандырылған) көлiк кәсiпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкiн. Көлiк кәсiпорындары жүктердi жолаушыларды тасымалдау бойынша көлiк құралдар-ын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргiзу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады. Тасымалдауды дұрыс жүзеге асыру үшiн қызметтiң аталған түрлерiнiң барлығы да маңызды болып табылады. Тасымалдаушы меншiк құқығы немесе басқа да заңдық негiздер бо-йынша көлiк құралын иеленетiн, ақы үшiн немесе жалдау бойынша жолаушы-ларды, көтерме жүктi, жүктердi және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көр-сететiн және оған белгiленген тәртiпте берiлген рұқсаты немесе лицензиясы бар тұлға ретiнде анықталады. 17 сәуiр 1995 жылғы Қазақстан Республикасының “Лицензиялау туралы” Заңының 9-бабына сәйкес жолаушылар мен жүктердi темiр жол теңiз, өзен, әуе және автомобиль көлiгiмен тасымалдау лицензиялау-ға жатады.

Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы) яғни көлiк қызметтерiн тұтынушы бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекетте клиент болуы мүмкiн. Жүк жөнел-тушi ретiнде жүктiң иесi және ол жөнелтiлу үшiн сенiп тапсырылған тұлға да болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда жүк жөнелтушi мен жүк қабылдаушы бiр тұлға болуы мүмкiн. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткiзудiң азамат-тық құқықтық шарттары бойынша несие берушiлер, мүлiктi бөлу әкiмшiлiк ак-тiсiне сәйкес мүлiк алатын субъектiлер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретiнде, әр уақытта көлiктiң қайсыбiр түрiне билет ал-ған немесе ауызша тасымалдау шартын бекiткен жеке тұлға танылады. Тасымалдау шартының пәнi. Тасымалдау шартының пәнi болып тасымалдаушы көрсететiн қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзi мәнiсi жағынан қызмет көрсету шарты болып табылады, сондықтан оны реттеу кезiнде, бел-гiлi бiр шамада өтелмелi қызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да еске-ру қажет. Көлiкте көрсетiлетiн қызмет (қызметтер) қандай да бiр заттық ны-санға ие емес, және оларды тұтыну дер кезiнде жүзеге асады. Көлiк қызметi - бұл жүктердi (жолаушыларды) кеңiстiкте тасымалдау болып табылады және осы қасиетiне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы мiндеттеменiң жеке пәнi бар және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негiзi де бар.

Тасымалдау ақысы. Жүктердi жолаушылар мен көтерме жүктi тасымалдаға-ны үшiн тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн тасымалдау ақысы төленедi. Автомобиль, әуе, су көлiктерiмен тасымалдау кезiнде еркiн шарттық баға қол-данылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерiнiң бағалары мен тарифте-рiн басшылыққа алады.

Орталықтандырыла белгiленген тарифтер жүктердi, жолаушылар мен қол жүгiн қоғамдық көлiкпен тасымалдау кезiнде қолданылады. Бұрын орталық-тандырыла белгiленген бағалар темiр жол тасымалдаулары үшiн де көзделген болатын. Ендi Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңы-ның 12-бабына сәйкес тасымалдаушының қызметiне бағалар, соның iшiнде тариф тасымалдаушымен белгiленедi. Заңнамаға сәйкес бұл бағалар реттелiнiп тұрады.

Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” Заңы тасымалдаушы мен клиенттiң өзара қарым қатынасының жалпы негiздерiн анықтайды. 1 Жүктердi жолаушылар мен көтерме жүгiн тасымалдау кезiнде және көлiк экспедициялы қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құра-лдарын ғана қолдануға мiндеттi. Мұндай талап тасымалдау шарты бойы-нша мiндеттемелердi тиiстi түрде орындаудың маңызды алғышарттарының бiрi болып табылатыны сөзсiз клиент пен үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян-ды, соның iшiнде ақшалай эквиваленттегi уақыт шығынын, өтеу көзделедi. Жолаушының өлiмiне немесе оның денсаулығын жарақаттауға алып келген зиянды өтеу ерекше орында тұрады. Жолаушы тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде жолаушының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оған қызмет көрсетудiң қажеттi ыңғайлылығы мен жағдайларды қалыптастыру, ал жолаушы көтерме жүктi тапсырған жағдайда оны уақытында тасымалдау мен сақтау талап етiледi.

Тасымалдау процесi барысында қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуі тиiс. Клиенттiң көлiк қызметi нарығында көлiк таңдау еркiндiгi шектелмеуге тиiс. Тасымалдаушы жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкестiгiн куә-ландыратын құжаттарды алуға, әлеуметтiк маңызды және қорғаныс тасымал-дарын жү-зеге асыруға мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi. (Егер осындай тасымалдаудың бағалары көлiк шығындарын өтемесе, онда тиiстi компенсациялық дотация жүзеге асырылуға тиiс) . Реттелетiн тасымалдаулардан басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелерiне сәйкес тасымалдаудың бағаларын еркiн бел-гiлеуге құқылы.

Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша клиенттiң құқықтық жағдайы оған оның және тасымалдаушының арасында бекiтiлген шартты орындауды талап ету, тасымалдау сапасы деңгейiнiң сертификатына сәйкестiгiн даулау, келтiрiлген зиянды, соның iшiнде ақша эквивалентiндегi уақыт шығынын, өтеудi талап ету мүмкiндiктерiн (құқықтарын) берумен сипатталады. Клиенттiң өзiде тасымалдаушымен бекiткен шарт жағдайларын сақтауға мiндеттi. Ол сон-дай ақ жүктiң өз сертификатына сәйкестiгiн куәландыратын құжатты тасы-малдаушыға беруге, тасымалдау ережелерiн орындауға, жүктер мен көтерме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде беруге тиiс.

1. 2 Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк

Жүктердi тасымалдау бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң жалпы негiздерi тасымалдаудың басқа да шарттары сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 701 бабының әрекетiне негiзделедi. Тасы-малдау бойынша мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған кезде басқа да шарттық мiндеттемелердi бұзғаны үшiн тараптар Азама-ттық кодекспен, көлiк туралы заңды актiлермен, өзге де заңды актiлермен, сондай ақ тiкелей жүктердi тасымалдау шартымен тiкелей көзделетiн жауапкершiлiкке тартылады.

Тасымалдау шарттары жөнiндегi жалпы ереже бойынша заңды актiлер-мен белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жоюға бағытталған келiсiмдер де жарамсыз деп танылады. 2

Тасымалдау шартын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы негiзгi ереже-лер Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңында қалыптас-тырылған. Аталған заңның 73 бабының 1 тармағында көрсетiлгендей, мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту тек қана құқық бұзылған тараптың талабы бойынша жүзеге асырылады. Осы норманы енгiзу арнайы көлiк заңнамасы мен Азаматтық кодекстiң тағы да бiр тығыз нығая түскендiгiн куәландырады. Тасы-малдау шарты бойынша тараптар өзара келiсiм бойынша жауапкершiлiк мөл-шерiн ұлғайта алады, сондай ақ қосымша жауапкершiлiк көздеуi мүмкiн (яғни сол немесе өзге бiр жағдайларда тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiктiң жекелеген негiздерiн және жауапкершiлiк мөлшерiн анықтау) . Тасымалдауды бiрнеше тасымалдаушылар жүзеге асырған жағдайда олар жүктi, теңдеме жүктi жоғалтқаны, олардың жеткiлiксiздiгi, бүлiнуi (зақымдануы), сондай ақ жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершiлiкте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдау-шының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иесiнiң, экспедитордың кiнәсi бойынша туындаған жауапкершiлiкке тартылса, онда ол кiнәлiлерге регресс-тiк талап қоюға құқылы.

74 бапта жауапкершiлiк шарасы ретiнде айып төлеу қолданудың белгi-лерi анықталған. Темiр жол көлiгiмен тасымалдау шартымен айып төлеу жиi-жиi айыппұл сипатына ие екенiн атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын) . Айып төлеу мөлшерi Азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тiкелей тасымалдау шарттарымен анықталады. Тасымалдаушы тиесiлi төлемдердi төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленгендей, бөтеннiң ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде айып төлейдi. Егер тасымалдау шартының тараптарында өзге келiсiм болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сомасынан ең алды-мен айып төленедi, ал қалған бөлiгiмен қарыздың негiзгi сомасы өтеледi.

Тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн де жауапкер-шiлiк туындауы мүмкiн (мұнда, тасымалды ұйымдастыру туралы шартқа негiзделген жоспар ойға алынып отыр) . Мұндайжауап-кершiлiк тек темiр жол тасымалдары үшiн ғана көзделедi. Тасымалдауды реттейтiн басқа нормативтiк актiлер бойынша жауапкершiлiк тасымалдау шарттарының немесе тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттардың өзiнде көзделуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 77-бабында шарттың екi тарабымен тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн айыппұл түрiндегi мүлiктiк жауапкершiлiк көзделген. Тасымалдаушы тарабынан тасымалдау жоспарын бұзу көлiк құралдарын бермеу немесе уақытысында бермеуден көрiнiс табады.

Жүк жөнелтушi төмендегi жағдайларда тасымалдау жоспарын орында-мағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылады:3

- тиеу үшiн берiлген вагондар мен контейнерлердi пайдаланбау;

- жоспар бойынша көзделген вагондар мен контейнерлерден бас тарту;

жүк жөнелтушiнiң кiнәсi бойынша станцияда тиеу мен түсiруге берiлу үшiн күтуде бос тұрған вагондар мен контейнерлердi пайдаланбау. Бұл жағдайларда жүк жөнелтушiнiң жауап-кершiлiгi жалпы түрде тасымалдау жоспары орындалмағанына қарамастан туындайды. Жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы жоспардан артық және жоспардан тыс мiндеттемелердi орындамаған үшiн де, егер оларға қатысты жүк жөнелтушiнiң мәлiмдемелерi темiр жолмен қабылданған болса, жауапкершiлiкке тартылады.

Егер мiндеттемелердi орындауға стихиялы сипаттағы құбылыстар(су та-сқыны, жер сiлкiнiсi, көшкiндер, құйындар және т. с. с. ) кедергi келтiрсе, онда та-раптар темiр жол тасымалының жоспарын орындамағаны үшiн жауапкершiлiк-тен босатылады. Тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындауға тыйым салу да оларды жауапкершiлiктен босату негiзi болып табылады.

Жүк жөнелтушi өзiнiң алдын ала келiсiмiнсiз тиеудi арттыру тәртiбiмен жоспардағы нормадан артық берiлген вагондарды (контейнерлердi) пайдаланба-ғаны үшiн жауапкершiлiкке тартылмайды. Сондай-ақ егер жүк жөнелтушi күнтiзбелiк он күндiктiң жекелеген күндерi жол берiлген жүк толмаушылық-тың орнын сол күнтiзбелiк он күндiк iшiнде толтырса, жауапкершiлiкке тартыл-майды. Мұнайнемесе мұнай өнiмдерiн тасымалдау туралы сөз болатын сондай ұқсас жағдайларда жүк жөнелтушiнiң жауапкершiлiгi туындамайды егер ол жүк толмаушылықтың орнын сол жүк толмаушылық орын алған айдың жартысын-да толтырса. Бiрақ бұл жағдайда олардың түсiрiлуi мұнай өнiмдерiнiң құю стан-цияларынан немесе қайта құю пунктерiнiң жүзеге асырылуға тиiс.

Темiр жол тасымалдау жоспарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жоғарыда аталған негiздерден басқа мына жағдайларда босатылады.

Түсiру мен тазалауда жүк жөнелтушi вагондарды, контейнерлердi кешi-ктiрген кезде. Бiрақ бұл кезде темiр жол осы жүк жөнелтушiге аталған себептер бойынша ұстап қалынған және iс жүзiнде тиеуге берiле алмайтын вагондар контейнерлер санын бермегенi үшiн ғана жауапкершiлiктен босатылады;

егер темiр жол күнтiзбелiк он күндiктiң жекелеген күндерi жол берiлген вагон-дардың, контейнерлердiң берiлмеуiнiң орнын сол он күндiк iшiнде толтырса. Мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдау бойынша қозғалмалы составты беру-дiң орнын толтыру мерзiмi тиiсiнше жарты айды құрайды (жүк жөне-лтушiнiң жауапкершiлiгiн болдырмайтын дәл сол жағдайларда) .

Тасымалдаушы жүктiң мүлтiксiз сақталуын оны тасымалдауға алған сәттен бастап, жүктi жүк алушыға, оның уәкiлдi тұлғасына берген сәтке дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушының кiнәлi жауапкершiлiгi көзделген. Бiрақ, азаматтық құқықтағы басқа да шарттар (мiндеттемелер) бойынша мiндеттеменi орындамаған тиiстi түрде орындамаған борышқор ретiнде оның кiнәсiнiң презумпциясы болады. Осының салдарынан ол жүктiң жоғалтылуы үшiн, егер жүктiң неме-се теңдеме жүктiң жоғалтылуы, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жауап бередi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік экспедициясы
Жалға алу шарты
Жүк тасымалдау тиімді моделдеу
Жолаушы тасымалдау шарты
Тасымалдау келісім шарты
Тасымалдау шарты кезінде қолданылатын көлік түрлері
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Тасымалдау шартының жалпы ережелері
Жолаушы мен жүктерді халықаралық тасымалдау
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz