Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде ... ... ...4
1.1.Заңды тұлға ұғымының сипаттамасы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Заңды тұлға филиалдары мен өкілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.Заңды тұлғалардың азаматтық құқықтағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.1.Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Заңды тұлғалардың құқық субъективтілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3.Заңды тұлға органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий “мемлекеттік ілімнің” авторы. Ол былай деп айтқан: “ мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды” .
Академик А.В.Венедиктов “ұжым ілімін” алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Профессор Ю.К. Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар ілімі”, А.А.Пушкиннің “ұйымдастыру ілімі”, Е.А.Сухановтың “мақсатты мүлік ” тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға “ адамдардың қатысы ” жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
К.Ф.Савиньи “фикция теориясының” негізін қалады. К.Ф.Савиньи кәзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады.
Пайдаланған әдебиеттер

Нормативтік-құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.,
2. ҚР Азаматтық Кодекс (Жалпы бөлім), 27.12.1994 ж., өзгертулер мен ҚР Азаматтық Кодекс (Ерекше бөлім) 01.07.1999 ж.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» жарлығы
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы // 10.071998 ж. «Юрист»

Арнайы әдебиеттер :
1. ҚР Құқық негіздері Алматы жеті жарғы 2003
2. Мемлекеттік құқық негіздері З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов Оқулық 2001
3. Азаматтық құқық Б.А. Жайлин

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі
ретінде ... ... ...4
1.1.Заңды тұлға ұғымының сипаттамасы мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Заңды тұлға филиалдары мен
өкілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.Заңды тұлғалардың азаматтық құқықтағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.1.Заңды тұлғалардың құрылтай
құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2.Заңды тұлғалардың құқық
субъективтілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3.Заңды тұлға
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .28

Кіріспе

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай
субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық
ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды
тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым
профессор С.И.Аскназий “мемлекеттік ілімнің” авторы. Ол былай деп
айтқан: “ мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады
да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды” .
Академик А.В.Венедиктов “ұжым ілімін” алға тартты. Бұл
ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым
тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды
тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Профессор Ю.К. Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның
пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры
болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар
ілімі”, А.А.Пушкиннің “ұйымдастыру ілімі”, Е.А.Сухановтың “мақсатты
мүлік ” тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған.
Сөйтіп, заңды тұлғаға “ адамдардың қатысы ” жөнінде әртүрлі пікірлер
айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді.
Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді,
екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі,
үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді,
ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі
танылады.
К.Ф.Савиньи “фикция теориясының” негізін қалады. К.Ф.Савиньи
кәзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек
адам ғана еншілей алады.
1.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
1.1.Заңды тұлға ұғымының сипаттамасы мен түрлері

Құқықтар мен міндеттемелердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды
тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым
берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын-дағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндет-терге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер мен жауапкер бола
алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балан-сы
немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлғалар – адамдардың кез келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлік
екендігімен ерекшеленетін ұжымдар, яғни мақсаттары, міндеттері мен
құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы немесе ережесі бар ұйымдық бірлік.
Мұндай ұжымға тән нәрсе, оның ішкі мықты құрылымының, басшылықты жүзеге
асыратын органының болатындығы. Мекемелер мен өзге де мемлекеттік бюджетпен
ұсталатын мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңында
көзделген басқа да ұйымдар осы ұйымдар жөніндегі жалпы ережелер негізінде
әрекет жасайды. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қызметтері бойынша
бірыңғай ережелер қолданылатын барлық мектептер, ауруханалар заңды тұлғалар
болып саналады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкепшілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы. Әрбір
заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болған-дықтан,
заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі
құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз
қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай
шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық белгісі
болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл
арада оның меншік құқығы, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы
болып отыр.
Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және
оған билік ету құқығы.
Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде
алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын
осы Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамалық актілерінде белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік
кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.
Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен
қаржыландырылатын мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің
мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шекте сол
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы
қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады.
Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета
заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауапкершілігі.
Толық серіктестің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары
серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жау-апкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
(Азаматтық кодекстің 63-бабының 1-тармағы); Серіктестіктің міндеттемелері
бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін
бір немесе одан да көп қатысушылар-мен қатар, серіктестіктің
(салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін
бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспай-тын серіктестік сенім
серіктестігі деп танылады. (Азаматтық кодекстің 72- бабының 1-тармағы);
2) Кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі.
Өндірістік кооперативтің мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша
Өндірістік кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша
қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. (Азаматтық кодекстің 96-бабының 3-
тармағы);
3) Егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған
болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының
жауапкершілігі.
Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушы-сының)
немесе оның мүлкінің меншік иесінің іс-әрекетінен туындаған болса, заңды
тұлғаның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшы (қатыс-ушы)
немесе оның мүлкінің меншік иесі несие берушілер алдында субсиди-арлық
жауапкершілікте болады. (Азаматтық кодекстің 44-бабының 3- тармағы);
4) Еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның;
Негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі
ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады. (Азаматтық
кодекстің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы);
5) Серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауап-
кершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдары толық қоспаған
қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған
бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. (Азаматтық кодекстің 77-
бабының 1-тармағының 2-бөлігі) ж.т.б. жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуал-дық
құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер мен жауапкер болуына өз атынан
шарт жасасуға бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым. Кіріс түсіру
мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында
бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады (“Коммерциялық
емес ұйымдар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында құрыла алады.
Мемлекеттік кәсіпорындарға:
1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;
2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша
құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
Мемлекеттік кәсіпорынның құқылық ережесі осы Кодексте және өзге заң
құжаттарында белгіленеді.
Құрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген
кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық
кәсіпорын деп танылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне
(салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп
танылады.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар
шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың
өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив
деп танылады.
Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік,
қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі және заң
актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес
сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысы құрған және
қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.
Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып, егер заңдармен
өзгеше көзделмесе, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың
заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті
негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады.
Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін
өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге
асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады.
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар
негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де
қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес
ұйым қор деп танылады.
Рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы
негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен
азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.
Жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік
қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерін білдіру мен қорғау
мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.
Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес
келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер
қойылуы мүмкін;
3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен
шығыстардың есебін жүргізеді;
4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын
кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында
бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни
бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға
пайдалануына жол берілмейді.

1.2. Заңды тұлға филиалдары мен өкілдері

Азаматтық кодекстің 43- бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен
тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның
ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып
табылады. Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның
мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан
мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік
болып саналады. Кәсіпорындар құрылымдық бөлімшелері ретінде филиалдарға ие
болатыны секілді заңды тұлға құқығымен Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға
болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлға мүлкі беріледі және оның
бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктердің
құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары
қоғамдық бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдік-тері
туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады. Діни бірлестіктердің
құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары діни
бірлестіктердің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде
көзделген тәртіппен сайланады және тағайындалады. Өзгеше нысандағы заңды
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік
берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
Сөйтіп, филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі
емес) заңды тұлғалардың өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік
басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған
берілген сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер
басшысыларының мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай
мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне
еншілейтін заңды тұлға көтереді.
Азаматтық кодекстің 42-бабының 4 тармағына сәйкес филиалдар мен
өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды
құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетілуі тиіс. Филиалдар мен өкілдіктер
атаулары өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай
айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлға міндетінің барлығын не
бөлігін, оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда
өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның
атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.

1.3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге
тиіс. Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда белгіленеді.
Мемлекеттік тіркеу деректері, оның ішінде заңды тұлғалардың атауы, ал
коммерциялық ұйымдар үшін – фирмалық атауы Бизнес - сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізіледі.
Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып
саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды
және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді.
Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың
тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тіркеуден
жалтарғаны үшін сотқа шағым берілуі мүмкін.
Заңды тұлғаларды қайта құру негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының 6-
тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық
капиталының мөлшері азайғанда;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде
(шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы
қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы
жүзеге асыратын шаруашылық серіктестерін қоспағанда ) қайта тіркелуге
тиіс.
Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер
заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу ұғымы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған
құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді,
Бизнес - сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, оларға мемлекеттік тіркеу
туралы анықтама беруді, заңды тұлға туралы мәліметтерді Бизнес -
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізуді қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған
құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес-тігін
тексеруді, Бизнес - сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, оларға есептік
тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәлімет-тер
Бизнес - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізуді қамтиды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу:
заңды тұлғалардың құрылу, қайта тіркелу,құрылтай құжаттарына
енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және
қыз-метінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің құрылу,
есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулардың тіркелу және қызметінің тоқтатылу фактісін куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта
ұйымдастырылған және өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ
құрылған, есептік қайта тіркелген, өткен және өз қызметін тоқтатқан
филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу;

Бизнес - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы жалпыға
қолжетімді ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Тіркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер
Өздерінің құрылу мақсатында, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушы-
лар(мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында
құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады.
Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиал-
дар мен өкілдіктерді, оларға заңды тұлға құқығы берілмей-ақ есептік
тіркеуге жатады.
Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар), заңды тұлғаларды –
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекет-тік
тіркеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

2. Заңды тұлғалардың азаматтық құқықтағы орны
2.1. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер
енгізілген сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланды.
Азаматтық кодексте, заңды тұлғаның құрылтайшысы туралы арнайы бап
енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе
бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды
басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол
уәкілдік берген органның келісімімен басқа да заңды тұлғалардың
құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті
реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес азаматтық кодексте және Қазақстан
Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметін
жарғысы және құрылтай шарты негізінде, немесе егер заңды тұлғаны бір тұлға
құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде
ресімделген шешімі (жалғыз құрылтайшының шешімі) негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда,
коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрі
жөніндегі жалпы ережелер негізінде іс-әрекет жасай алады. Шағын, орта және
ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгілейтін үлгі жарғының
негізінде жүзеге асыра алады.
Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары
бекітеді. Егер коммерциялық ұйымның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері туралы
Құқықтық қатнас субъектілері
Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы
Құқық қатынастары туралы
Пәндер