Қазақстан Республикасының неке туралы жалпы түсінік


Мазмұны
Кіріспе . . . 1. Қазақстан Республикасының неке туралы жалпы түсінік . . . 1. 1. Неке түсінігі . . . 1. 2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі . . . 2. Некені бұзудың түсінігі . . . 2. 1. Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу . . . 2. 2. Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы . . . Қорытынды . . . Пайдаланылған әдебиеттер . . .
1. Қазақстан Республикасының неке туралы жалпы түсінік
- Неке түсінігі
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты - нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады. Ең алғаш неке шартын өмірге енгізген Еуропа да, Америка да емес. Бұл құжат ежелгі заманда пайда болған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Греция мен Рим еркек пен әйел отбасы құрмас бұрын, мәміле жасап, онда мүліктік қатынастарын ойластырып, мұрагерлік мәселе туралы алдын-ала келісетін болған. Бұл әрекетті еш ұят немесе ерсі деп санамаған. Христиан діні пайда болғанға дейін мұндай келісім дәріптеліп келген. ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында кейбір дамыған Еуропа мемлекеттерінде (Австрия, Англия, Франция, Германия) неке шарты институттары қайта құрылған. Франция мен Англия неке шартын бұрыннан бері қолданылып келеді. Некеге тұрушы әйелдің туыстары некеге дейінгі мүлікпен және одан түсетін табстарды пайдалана алды. 1882 жылға дейін Англияда жұбайлардың «жалпы құқыққа» (common law) байланысты ерікті болды. Күйеуге шыққан әйел өзіндік мүлікке құқығы болған жоқ. Некеден кейінгі мүліктердің барлығы күйеінікі болады. Яғни жұбайылық мүліктері болған жоқ ХVІІ ғасырдан бастап, Англияда капитализмнің дамуы салдарынан «жалпы құқықтың» нормалары таптардың мүдделеріне қарма-қайшы келді. Осы мақсатта «әділет соттары» (eguity) құрылып, олар неке шарттарда әйелінің жарты мүлкі ерінің билігінен бөлек болды. Осы «әділет сотының» шығарған ережелері тек отбасы мүлкіне жатпайтын капитал түріндегі меншікке қолданылды, сондықтан Англияда ХІХ ғасыр соңына дейін жұбайылық мүліктің екі режимі болды: «common law» - көпшілік халыққа, «eguity» - жоғары топқа арналған еді. 1882 жылы Парламентпен тұрмыс құрған әйелдердің меншігі туралы заң қабылданды. Онда әйел неке шартына тұрған жағдайда ерімен мүлікті бөліскен кезде оған дейінгі сол кездегі, одан кейінгі мүлік әйелінің меншігі болып табылды және оны ол мұрагерлікке қалдыра алды. Революцияға дейінгі Ресейде «неке шарты» деген ұғым болған жоқ. Неке тәңірде жасалып, шіркеуде бекітілді. Бірақ сирек мұражайлық құжаттардың арасында Петр І патшаның Анна Петровна деген қызының неке шарты көрсетілген. Ресей империясының заңгер жинағында ерлі-зайыптылардың мүліктерін бөлу туралы қағида бекітілген, ол ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке мүліктерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерінде отбасын қамтамасыз ету міндеттілігі жатты. Бірақ сол кездегі Ресей империясының құрамындағы Польшада «алдын-ала неке шарты» деген ұғым қолданылған. Ол некеге дейін жасалынады, нотариалды түрде куәландырылған, неке жазу актісінде көрсетілген. Онда тек жергілікті заңдармен анықталған ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары өзгертіледі. Кеңестік кезеңде шіркеу өз әсерін жоя бастады, бірақ неке шартына деген қатынасы өзгерген жоқ. 1918 жылы революциядан кейін Ресейде бірінші «Неке және Отбасы заңдары туралы» кодекс қабылданды. 1969 жылы Ресейдің «Неке және Отбасы туралы кодексінде» ерлі-зайыптылардың балаларының және ата-аналарының отбасындағы ара-қатынасын қатаң анықтады. Әр отбасы - қоғамның бір бөлігі. Ол кезде ерлі-зайыптылардың негізгі мүлкі қолданыстағы заттар (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) болған еді, сондықтан меншік құқығын таныған жоқ. Бірақ кейін жеке меншіктің және нарық қатынастарының дамуынан жағдай қатты өзгерді. Қазақстанда «неке шарты» болды, бірақ мазмұны басқа еді. Бұл шарт неке жасаудың тәртібін реттеді және әдет-ғұрыптардың негізінде түсіндірілді. Осында келешек ерлі-зайыптылардың ата-аналары немесе қамқоршылары келісетін еді. Олардың мәмілесінде қалыңдыққа қалым беру көлемі (жігіт отбасының қызға төлейтін ақшасы) көрсетілді. Оның қазіргі кездегі неке шартынан айырмашылығы - әйелінің ерінің мүлкіне, қалым төленген ақшаға ешқандай құқығы болған жоқ. Құқық жағдайына қарағанда, әйелі ерінің меншігі болды, сонымен қатар ерінің өлімінен кейін әйелі қалған мүлікпен тең болды, тектік үзілмес үшін оның қандас туыстарының бірінің әйелі болды. 1990 жылдары Совет Үкіметі құлағаннан кейін жаңа өзгерістер ТМД елдеріндегі неке заңнамаларын қайта қарастыру керек болды. 1995 жылы Ресейде азаматтар неке шарттарын жасасуға мүмкіншілік алды. Ал Қазақстанда 1993 жылдан бастап осындай тәжірибенің іске асырылуына жол берілді. Қазақстандық заңнамаларда неке шартын жасасу тек ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеу үшін ғана қолданылады. Сонымен бірге көптеген мемлекеттердің неке шартында жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу көрсетілген. Мысалы, 1994 жылы АҚШ-та танымал миллиардер Билл Гейтс Мелинда Френчпен неке шартын жасасты, онда ол өзінің жылына бір демалыс күнін ашынасымен өткізетіндігі туралы айтылған. Әлем тәжірбиесінде міндетті жыныстық қатынастарды қағазға түсіретін шарттар да бар. Батыс мемлекетінің тәжірибесінде неке шартын жасасу кең тараған. АҚШ-та осыдан 25 жыл бұрын жастардың 1 % ғана неке шартын жасасқан. Қазіргі қорғаушылардың пайымдауынша, қазір 60% - ға жетті. Отбасы қатынастарындағы Қазақстан мен АҚШ-тың ұқсастығы - ажырасу санында АҚШ-та бір ажырасу үш неке қиюға әкеп соғады. Бізде одан аз. Бірақ осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстанға бұл көрсеткіш отбасы тұрақтылығы үшін өте масқара болатын еді. 1950 жылы жүз некеге бір ажырасу келетін. Ал 1970 жылы тұрмыстық ахуалдың пайда болуына байланысты ажырасу неке қатынасына байланысты өсті де, көрсеткіш біреуі алтауына келетін болды. Қазір біздің республикада неке шартын жасасу көрсеткіші көрсетілмейді. Бұл құжатты жұбайлар нотариуста куәландырады. Заңгерлердің пайымдауынша, ерлі-зайыптылар арасындағы келісімді қатынастар кездеседі. Азаматтардың көбісі орта деңгейдегі адамдар болғандықтан, бөлісетін ештеңе жоқ. Бізге белгілі, неке шарты жұбайлар арасындағы мүліктік және қаржылық қатынастарды реттейді. Заңгерлер неке шартының белең алмауының бір себебі: Кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әр түрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді. Ал неке шарты болса, ажырасу кезінде өзекті болып отыр. Ресми түрдегі неке байланыстары кезінде ешкім оның соңы бұзылуға әкеп соғады деп ойламайды. Ресми ақпаратқа сәйкес некеге тұрушылардың орта жас 19-20 жас аралығы болып табылады. Әуелі некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олар неке жасына жетуі қажет. Дәлелді себептер болған жағдайда ғана мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал-актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып, қозғай алды. Барлық жағдайларды неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Неке - қоғаммен санкцияланған, жыныстық қатынастардың әлеуметтік және тұлғалық қалыпты формасын айтады. Неке тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттыратын жоғарыда айттық. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі - экономика, өндіріс, адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады. Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. өйткені отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы - кез - келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді. Отбасы - қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады. Отбасы әлеуметтік институты есебінде адам қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғам мен оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы - кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады. Ер мен әйел - отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі. Қоғамның тұрақты болуына, дамуына отбасының тигізетін әсері зор. Өзінің табиғаты бойынша ол ортамыздағы түбегейлі мәселелерді шешуге көмектеседі - депопуляцияның азайюына, балалардың әлеуметтенуіне, мәдениет, экономика мен отбасылық кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларға ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Социологтардың пікірінше, отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық - эстетикалық қатынасқа негізделі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алу материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеде негізделуі қажет, ол жеке адамдардыі рухани қалыптасуы, дамуына байланысты болуы қажет. Отбасының негізін некелік жұбайлар құрайды, сонымен бірге толық емес, юридикалық түрде рәсімденбеген отбасылар. Отбасы тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығынан беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Сондықтан да қоғам некелік - отбасылық қатынастардың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек. Тұрақты махаббаттың негізі Абай: «Махаббатсыз - дүние бос, хайуанға оны қосыңдар. Махаббат өмір көркі» деген. Ол өзінен-өзі пайда болмайды, оның мыңдаған қыры мен сыры, өз мұңы, өз бақыты мен хош исі болады. Олай болса, некеге дейінгі қатынастың негізі - сүйіспеншілік, махаббат. Онсыз некеге тұратындардың бақытсыздыққа кездескен мысалын әр ұлт адамдарының өмірінен көптеп келтіруге болады. Тұрмыс құрмағандар - адамдық міндетін орындаудан қашқандар. Адам баласы адамгершілік қасиетінің борышы мен міндетін тек үйлену ғана орындай алады. Бальзак: «Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-құлқын, әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес», - деген болатын. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесін сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық динамикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты. Отбасының маңызы оның атқартын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның жүйесімен қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы адамның бастапқы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік негізігі компонеттерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының қызметі қоғамдық тарихи жауапкершілікке оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігінде тәуелділділігі мен қатар отбасының негізгі қызметтеріне тоқталайық. Отбасының бірінші міндеті-ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызмет болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамының қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазірде солай. Отбасылық міндеттері мен лидерлік қасиеттеріне байланысты отбасы үш негізгі типтерге бөлінеді:
1. дәстүрлі (патриархалды) отбасы; 2. дәстүрлі емес(эксплуататорлық) отбасы; 3. эгалитарлы(теңдіктері бірдей отбасы) ;
Дәстүрлі отбасыларда бір баспанада кем дегенде үш ұрпақ тұруы тиіс. Бұл типтің мінездемесі:
1. әйелдің күйеуіне экономикалық тәуелділігі;
2. әйел мен еркектерінің міндеттерінің білуі;
3. еркектің отбасының басында тұруы.
Дәстүрлі емес отбасыларда:
1. әйел мен еркектің қоғамдық еғбекке бірдей қатысуы; 2. үй шаруашылығын әйел атқарады.
Эгалитарлы отбассының мінездемесі:
1. үй шаруашылығының бірдей бөлінуі; 2. туған мәселені отбасының барлық мүшелерімен келісуімен шешілуі; 3. отбасындағы қатынастардың эмоционалдылығы;
С. П. Дружинин «эгалитарлы отбасы»деген ұғымды -біздің «ешкім де басшы емес, би емес, ерлі-зайыптының екеуі де билікке теңдей қатысады» дейтін бүгінгі таңдағы отбасылардың түрі. Бірақ мұнда дау-дамай көп болады. Оны дау-жанжалды отбасы деу керек, дейді ол. Отбасының негізгі функциялары: Репродуктивтік функция - балаларды өмірге әкелу. Әрине, бұл репродуктивтік функция тек отбасылық жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Қоғам масштабы мен репродуктивтік халықтыққа адам саны азаймас үшін жұбайлардың әрқайсысына екі баладан аз емес бала сәйкес келуі керек. Көптеген әйелдер мен еркектер некеге тұрғызса келмегендіктен әр отбасыға үш баладан болғаны дұрыс. Бірақ, бұл «қоғамдық қажеттіліктерді» тек кейбір отбасылар ғана орындайды. Экономикалық-шаруашылық функциясы отбасылық қатынастардың келесі аспектісі қамтиды: үй шарушылығын жүргізу, отбасы бюжеті, үй еңбегін бөлу. Тәрбиелік функциясы баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады. Отбасының рекреационды функциясы - отбасы мүшелерінде психологиялық комфортын және қауіпсіздік сезімін тудыру, отбасының демалысын ұйымдастыру. Мысалы, дәстүрлі (патриархалдық) отбасы - шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қоюлуын таңқалу болмайды. 1936 жылы Кеңес Одағында аборт жасауға тыйым салынды. Яғни, ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды. Дегенмен, солай болғанда да, қоғам отбасының өмірге қанша жаңа адам әкелу қызметіне әсер етпейді деуге болмайды. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп немесе аз баласы болуына итермелейді. Мысалы, Қытайда отбасында бір бала ғана болуы саясатты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы - отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азайады да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны бір милиардтан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті. Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси-экономикалық жағдайларға байланысты орыстар және басқа да ұлттардың өкілдері көшіп жатыр, ал олар өндірістің шешуші салдарында қызмет атқаратын. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюуі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси-экономикалық проблемаларға айналды. Қазақстан Республикасының табиғи байлығы мол, жаңа зауыттар, фабрикалар өмірге келеді. Онда білімді адамдар жұмыс істеу керек. Қандай жаңа техника технология енгізілсе де, оның тетігі адам қолында. Кеңес Одағында екінші дүниежүзілік соғысқа дейін бір әйелге 4, 4 баладан келсе, 1990 жылы 2, 2 қалада - 1, 8, селода - 3, 3 баладан келді, ал Түркіменстан мен Тәжікстанның селолық жерлерінде 6, 5-6, 6 баладан келсе, Латвия, Эстонияда бір баладан аспады. Қазір біздің республикада бір отбасына орта есеппен 2, 5 баладан келеді. Аз балалы отбасы барған сайын көбейіп барады. 1998 жылғы есеп бойынша туудан өлім көбеюде. Сондықтан да қоғамның болашағын ойлап отырып, бала тууды ынталандыру, балалы аналардың материалдық жағдайын қазіргіден жақсарту жағын ойластыру керек. Балалар бақшасын жабуды доғарып, қайта оларды көбейту, жағдайын жақсарту болашаққа бүгін жасаған қамқорлық болуы тиіс. Олай болса, ұрпақ жалғастыру әлеуметтік қана емес, саяси-экономикалық та проблема болып табылады. Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынғ көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің - күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметтерін ерлі-зайыптылар атқаруы қажет. Қазақта «Үйлену - оңай, үй болу - қиын», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген мақал сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті қйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы, отбасының беріктігі де осыған байланысты. Бұрынғы кезде әйел үйде ұй шаруасын жүргізді, бала тууды, оны тамақтандырып, тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылықтық-тұрмыстық қызметті бірігіп жүргізуі өмір талабына айналды. Отбасында тұрмыстық мәселелерді шешумен қатар әдет-ғұрыптарды сақтау іске асырылады. Отбасы мүшелерінің, туған-туысқанның туған күні, оқуға бару, оқу бітіру, т. б. мерекелі күндер өткізіледі, оларды да ортақтасып өткізу қажет. Отбасының шаруашылық қызметін ерлі-зайыптылардың өзара бқлісуі әртүрлі. Әйелдер тамақ істеу, қонақ қабылдау, кір жуу, бала күту, т. б. жұмыстарға бос уақытының 70-80% жұмсаса, еркектер олардан 3-4 есе кем уақыт бөледі, ал балалар тіпті 10-15 есе кем істейді екен. Ал тұрмыстық қызмет атқару мекемелері отбасының тұрмыстық қызметінің отыздан бір бөлігін ғана атқарады екен.
1. 2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz