Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Тұрғын үйдi сатып алу құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Тұрғын үйге жеке меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Тұрғын үйге жеке меншік құқығының тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары ішінде тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды және жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспарланған іске қосу көлемінен 8,3 % артық.
Осылайша, тұрғын үй құрылысының жоғарыда көрсетілген бағдарламасын іске асырудың нәтижесі туралы айтсақ, жүргізілген талдаудың нәтижесінде алға қойылған міндеттер толық орындалды деп айтуға болады.
Сонымен бірге, талдау бағдарламада көрсетілген әлсіз жақтарды көрсетті:
1) халықтың экономикалық жағынан белсенді негізгі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болмады;
2) мемлекет олардың алдында белгілі бір міндеттемелер алған азаматтарды, сондай-ақ жас отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету жылдамдатылған жоқ. Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында құрылыс саласында қолданылып жүрген бағдарламаларға тексеру және талдау жүргізуді, олардың негізінде жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізуді және сатып алу құқығымен жалдау тетігін, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кешенді шараларды көздейтін бірыңғай «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді тапсырды.
Тақырыптың мақсаты. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамды(жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға міндеттенеді. Сол себепті алдымызға тұрғын үйді жалдау шартын жасасу барысындағы жалға берушімен жалға алушының міндеттерін анықтауды мақсат етіп қойдық.
Берілген «Тұрғын үйлерді пайдалану: Азаматтардың тұрғын үйге меншік құқығы туралы жалпы ережелер» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Коституциясы 1995 жыл. ( 2011 жылғы 2 ақпандағы енізілген өзгертулермен толықтырулар)
2. Қазақстан Республиканың Азаматтық кодексі (жалпы бөлім 1994 жыл) (Ерекше бөлім 1999 жыл) (2012 жылғы 26 желтқсандағы №61 заңдарымен енізілген өзгертулермен толықтырулар)
3. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңы 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 заңы (2012.10.07 берілген өзгертулер мен толықтырулар)
2. Арнайы әдебиеттер
1. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
2. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
3. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Тұрғын үйдi сатып алу құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Тұрғын үйге жеке меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жалдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .21
2.2 Тұрғын үйге жеке меншік құқығының тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары ішінде тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды және жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспарланған іске қосу көлемінен 8,3 % артық.
Осылайша, тұрғын үй құрылысының жоғарыда көрсетілген бағдарламасын іске асырудың нәтижесі туралы айтсақ, жүргізілген талдаудың нәтижесінде алға қойылған міндеттер толық орындалды деп айтуға болады.
Сонымен бірге, талдау бағдарламада көрсетілген әлсіз жақтарды көрсетті:
1) халықтың экономикалық жағынан белсенді негізгі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болмады;
2) мемлекет олардың алдында белгілі бір міндеттемелер алған азаматтарды, сондай-ақ жас отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету жылдамдатылған жоқ. Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында құрылыс саласында қолданылып жүрген бағдарламаларға тексеру және талдау жүргізуді, олардың негізінде жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізуді және сатып алу құқығымен жалдау тетігін, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кешенді шараларды көздейтін бірыңғай Қолжетімді тұрғын үй - 2020 бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді тапсырды.
Тақырыптың мақсаты. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамды(жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға міндеттенеді. Сол себепті алдымызға тұрғын үйді жалдау шартын жасасу барысындағы жалға берушімен жалға алушының міндеттерін анықтауды мақсат етіп қойдық.
Берілген Тұрғын үйлерді пайдалану: Азаматтардың тұрғын үйге меншік құқығы туралы жалпы ережелер тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЗАҢДАРЫ:
1.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:
а) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;
б) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;
в) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
г) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
д) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.
2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi.
3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi.
4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери қызметшiлер - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) дара (бөлек) меншiк - тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттiң меншiгi;
3) жазбаша сауалнама - кондоминиум объектiсiн басқаруға, күтiп-ұстауға және пайдалануға байланысты шешiмдер қабылдау үшiн қайтадан жиналыс өткiзiлгенге дейiн жазбаша нысанда жүзеге асырылатын кондоминиум объектiсiндегi үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң үштен екiсiнен астамының пiкiрiн анықтау;
4) жалдауға берушi (жалға берушi) - тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайдың меншiк иесi немесе тұрғын үйдi жалдауға беруге меншiк иесi уәкiлеттiк берген адам болып табылатын тарап;
5) жалға берiлетiн үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншiк құқығымен тиесiлi, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);
6) жалдаушы (жалға алушы) - тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;
7) жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың, оқу кезеңiнде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншiк иесiмен немесе иесiмен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшiн арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
8) жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың бiрлестiктерiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын жай;
9) жер учаскесi - тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер аумағы;
10) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, кәрiздi, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;
11) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң дара (бөлек) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда, жылжымайтын мүлiкке меншiктiң нысаны;
12) кондоминиум объектiсi - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң дара (бөлек) меншiгiндегi тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi ортақ мүлiктен тұратын бiртұтас мүлiктiк кешен;
13) кондоминиум объектiсi қатысушыларының жиналысы - үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кондоминиум объектiсiн басқаруға және күтiп-ұстауға байланысты шешiмдердi ұжымдық талқылау және қабылдау үшiн алдын ала белгiленген жерде және белгiлi бiр уақытта бiрлесiп қатысуы;
14) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп-ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
15) кондоминиум объектiсiн тиiстi дәрежеде күтiп-ұстау - тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) тiреуiш конструкцияларының мерзiмiнен бұрын тозуының алдын алу мақсатында жүргiзiлетiн, тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкiне қызмет көрсету және оны жөндеу үшiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi, сондай-ақ кондоминиум объектiсiн басқаруды жүзеге асыратын адамдар iске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралардың жиынтығы;
16) көп балалы отбасы - бiрге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендердi қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы;
17) қайта жабдықтау - үй-жайдың (үй-жайлардың) тiршiлiктi қамтамасыз ету және пайдалану үшiн қажеттi өзiнiң функционалдық мақсатының өзгеруiне, технологиялық және (немесе) инженерлiк жабдықтардың iшкi жүйесiн толық немесе iшiнара ауыстыруға байланысты өзгертiлуi;
18) қайта жоспарлау - белгiлi бiр үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекараларын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарлануын өзгерту;
19) қосымша жалдаушы - тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бiр бөлiгiн жалдаушыдан (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап;
20) қызметтiк тұрғын жай - азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз мiндеттерiн орындауы кезеңiнде оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегi тұрғын жай;
21) қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын жай - мемлекеттiк тұрғын үй қорынан мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк
сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берiлетiн тұрғын жай;
22) мемлекеттiк тұрғын үй қоры - мемлекетке меншiк құқығымен тиесiлi және жергiлiктi атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорынның қарауындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын жай;
23) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде оның шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
24) ортақ мүлiк - дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектiсiнiң бөлiктерi (абаттандыру элементтерiн және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлiктердi қоса алғанда, кiреберiстер, баспалдақтар, лифтiлер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлiк жүйелер мен жабдықтар, абоненттiк почта жәшiктерi, жер учаскесi);
25) табысы аз адамдар - мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын жай берiлуiне өтiнiш жасау алдындағы соңғы он екi айда отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы жиынтық айлық табысы Қазақстан Республикасының заңнамасында осы мақсаттар үшiн белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен адамдар;
26) толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың бiреуi, оның iшiнде ажырасқан, жесiр ата-ана тәрбиелейтiн отбасы;
27) тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлiк болып табылатын бөлiктерiн қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);
28) тұрғын жай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа да мiндеттi талаптарға сай келетiн жеке тұрғын үй бiрлiгi (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
29) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бiр бөлiгiн ақысын төлетiп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
30) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты - оған сәйкес жалдауға берушi (жалға берушi) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретiн шарт;
31) тұрғын жайды жекешелендiру - азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қоры үйлерiндегi өздерi тұратын үй-жайларды меншiгiне сатып алуы, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
32) тұрғын жайды қосымша жалдау шарты - тараптардың шарты, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын жайды не оның бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын бередi;
33) тұрғын жайдың жалпы алаңы - тұрғын жайдың пайдалы алаңының және нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес төмендететiн коэффициенттер қолданылып есептелетiн балкондар (лоджиялар, дәлiздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;
34) тұрғын жайдың құны - тұрғын жайдың мәмiле жасалған күнi айқындалатын нарықтық құны;
35) тұрғын жайдың пайдалы алаңы - тұрғын жайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;
36) тұрғын жайдың тұрғын алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегi) тұрғын бөлмелердiң (жатын бөлменiң, мейманжайдың, балалар бөлмесiнiң, үйдегi кабинеттiң және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетiн алаңының жиынтығы;
37) тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегi) iшкi қосалқы бөлмелердiң (ас үйдiң, ванна бөлмесiнiң, дәретхананың, кiреберiстiң, дәлiздiң, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетiн алаңының жиынтығы;
38) тұрғын жайды реквизициялау - төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша алып қойған тұрғын жайдың құнын не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де өтем түрлерiн төлей отырып, меншiк иесiнен тұрғын жайды заңнамалық актiлерде белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп алып қою;
39) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) - негiзiнен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлiк болып табылатын өзге де бөлiктерден тұратын құрылыс;
40) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
41) тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкiл тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы мен бүкiл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдiң ортақ мүлiк болып табылатын бөлiктерi алаңының жиынтығы;
42) тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
43) тұрғын үй кооперативi (тұрғын үй-құрылыс кооперативi) - азаматтардың тұрғын үйдi сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бiрлестiгi, онда тұрғын үйге меншiк құқығы кооперативке тиесiлi болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздерiне бекiтiлiп берiлген үй-жайларды иелену және пайдалану құқығына, жекелеген жағдайларда - белгiленген тәртiппен билiк ету құқығына ие болады және тұрғын үйдi күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысады;
44) тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншiк нысанындағы тұрғын жайлар;
45) уақытша тұрғындар - жалдаушы (тұрғын жайдың меншiк иесi, тұрғын үй кооперативiнiң мүшесi) олардан тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы алмай, тұрғын жайда уақытша тұру құқығын берген азаматтар;
46) уәкiлеттi орган - тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
47) үй-жай - тұрғын үйдегi (тұрғын ғимараттағы) жеке iшкi кеңiстiк. Үй-жай қабырғасының, еденiнiң және төбесiнiң (қабатаралық жабынның) iшкi әрленбеген бетi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншiк иелерi арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, әрбiр үй-жайдың шекарасы болып табылады;
48) үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi - бiр (бiрнеше) кондоминиум (кондоминиумдар) қатысушыларының ортақ үлестiк меншiктi бiрлесiп басқаруы үшiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi құратын коммерциялық емес ұйым;
49) үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерi кооперативiнiң мүшесi - үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерi кооперативiнiң құрылтайшысы болып табылатын немесе берген өтiнiшiнiң негiзiнде үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi кооперативiнiң мүшелiгiне қабылданған кондоминиум объектiсiндегi үй-жайдың (пәтердiң) меншiк иесi;
50) шектеулi пайдаланылатын ортақ мүлiк - ортақ мүлiктiң жекелеген жеке меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) пайдалануына белгiленген тәртiппен берiлетiн жекелеген бөлiктерi.
Қазақстан республикасының тұрғын үй қоры
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттiк тұрғын үй қорларын қамтиды:
а) жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;
б) мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер.
2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.
3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, осы Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады.
Тұрғын үйлердi пайдалану
1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.
2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс.
3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды.
Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi. Үй-жайларды (пәтерлердi) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң мiндеттi жазбаша келiсiмi мынадай:
А) өзгерiстер тiреуiш конструкцияларды қозғаған;
Б) өзгерiстер ортақ мүлiктi қозғаған жағдайларда, талап етiледi.
Жоғарыда аталған өзгерiстер өзгертiлетiн үй-жайлармен (үй бөлiктерiмен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөлiктерi) меншiк иелерiнiң ғана мүдделерiн қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келiсiмiн алу талап етiледi.
Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн заңдарда тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Тұрғын үй дауларын шешу
1. Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi.
2. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады.
Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi:
1. Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалар мен шетелдiктер, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
1.2 ТҰРҒЫН ҮЙДІ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫ
1. Азамат немесе заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.
2. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiндегi тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды.
3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi:
Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша:
1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу;
2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен заңдарға қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу;
4) жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын үй-жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне алуы;
5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жай үшiн пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi;
6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру;
7) заңды тұлғалардың мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;
8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi заңдарда белгiленген шарттармен өзқызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;
9) жеке меншiкте болған тұрғын үйдiң бұзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айырылудың өтемi ретiнде тұрғын үй беру;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.
Жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне меншiк құқығын жекешелендiр тәртiбiмен алуы
1. Осы Заңда көзделген реттерде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы, кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен, тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген шарттармен және тәртiппен жекешелендiруге құқылы.
Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi
2. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалға алушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмеген болса, бiрлескен ортақ меншiгiне көшедi.
3. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң алып қойылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiне қатысты болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi.
4. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер осы Заңның 101-бабының 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша жекешелендiрiлуi мүмкiн.
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жекешелендiруi мүмкiн. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдiң дара (бөлек) меншiктегi емес және ортақ мүлiк болып табылатын өзге бөлiктерi барлық меншiк иелерiнiң ортақ меншiгiне өтедi.
Аталған тұрғын үй-жай берiлген азамат қайтыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz