Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І тарау. Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Мемлекет пен құқық теориясының түсінік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ..6.7
1.3. Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.9
1.4. Мемлекет пен құқық теориясының басқадай заң ғылымдарының арасындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.11
ІІ тарау. Дүние жүзінің әр түрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.13
2.1. Дүние жүзінің әр түрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.13
2.2. Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар ... ... ... ... ... ...14.15
2.3. Құқықтың пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.17
ІІІ тарау. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.20
3.1. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар ... ...18.20
3.2. Мелекеттің түсінігі мен белгілері. Мемлекеттің түрлері, негіздері және
әлеуметтік орны. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.22
ІV тарауҚазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
4.1. Құқықтық жүйенің түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
4.2. Роман.германдық құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
4.3. Жалпылама құқықтың құқықтық отбасы (ағылшын.саксондық құқық)..25
4.4. Діни.дәстүрдегі құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27
4.5. Социалистік құқықтық отбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.30
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы – жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық шындықтың ең маңызды теориялық-әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның негізгі категориялары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сон-дықтан, қандай болмасын заңгерлік жоғары оқу орындарында юриспруденцияны игеру мемлекет және құқық теориясын зерттеуден басталады және міндетті түрде мемлекеттік емтиханды осы берілген пәннен тапсырумен аяқталады.
Бұл курстың материалдары қайнар көздерге және ғылыми жұмыстарға, бағалы зерттеулерге сүйенеді, сондықтан да оны жалпытеориялық ойлардың шоғыры, нақтылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың көрінісі ретінде қарауға болады. Осыған орай, мұндағы материалдардың мазмұны мемлекет және құқық теориясының курсын қайталау мақсатында және емтиханға дайындық кезінде пайдалануға көбірек тиімді. Сондықтан да материал қойылатын сұрақтарға қарай, оларға жауаптар алгоритмінде жазылған. Бірақ ескеретін нәрсе сол, бұл оқу құралы емтихан тапсыруға жеткілікті барлық минимум ақпаратты өзінде ұстаса да, сол не басқа сұраққа жауап бергенде оқытушы әр уақытта студенттен кең көлемдегі және ойлы жауапты күтеді.
Яғни студентке міндетті түрде материалды түсінетіндігін және оны талқылаудағы өзінің қабілеттілігін көрсете білу қажет. Сондықтан осы басылымдағы негізгі блоктағы мәліметтер мемлекет және құқық теориясының курсынан нақты сұраққа жауап ретінде ұсынылғанмен, емтиханда өз жауабын қажетті түрде «тірі» мазмұнмен толықтыруы қажет. Мұнда жауапты жаттап алып, автоматты түрде қайталау емес, оның мазмұнын түсіндіріп, әрекеттегі заңдардың көзқарасын тәжірибеге сүйеніп, негіздеп күнделікті өмірлік мысалдар арқылы көрсете білу қажет.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеуде маңызды құқықтық түсініктердің анықтамаларына ерекше көңіл аударылады.
Өз маңыздылығына байланысты бұл түсініктер басқадай мемлекеттік-құқықтық институттардың негізін ашып көрсететін, өзіндік ерекшелігі бар кілті болып есептеледі. Сондықтан оларды байымдау міндетті түрде жаттауды керек етеді, себебі оларды білу тек мемлекет және құқық теориясын толық игеру емес, оларға кепілдік береді және өз маңызды-лығын, келесі салалық заң пәндерін зерттегенде де жоғалт-пайды және олардың меншікті институттарының түсіндіру негізіне жатады. Ондай жалпы теориялық түсініктердің және анықтамалардың маңыздылығы, қандай болмасын заң ғылымдарының оқулық пәндерімен байланысты олардың универсалдылығында. Сол үшін сол не басқа тақырыптардың керек категориялары бұл курстық жұмыста ерекше бөлінген.
Есепке алатын жағдай – бұл басылым дербес және негізінен біреу ғана, мемлекет және құқық туралы теорияның қайнар көзіне жатпайды. Негізгі оқулықтар осы басылымның соңында ұсынылған. Библиографиялық тізімдегі кең көлемдегі оқу құралдарынан қосымша ретінде пайдаланылады.
Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы, басқа қоғамдық және салалық заң ғылымдарымен салыстырғанда өзінің салыстырмалы тұрақтылығына қарамай, қатып қалған мәліметтердің жиынтығы емес. Олардың тәжірибелерін және жетістіктерін пайдаланып, тұрақты дамиды және қиындай түседі. Осыған байланысты монографиялық әдебиеттерде арнайы жарияланған, ең алдымен, заң журналдарындағы ғылыми мақалалардың маңызы зор.
Мемлекет және құқық теориясын игерудің нәтижесінде міндетті түрде студенттер мемлекет және құқық теория-сының түсініктемесі мен категориялдық аппаратты игеру, дағдылану және «оқи» алуы, талқылау және басқа нормативті актілердің заңдарын қолдана білуі, заңды фактілерді дұрыс топтаудағы жағдайлар, қазіргі кездегі мемлекет және құқық теориясының мәселелеріне қарай өзін-өзі басқара білуі қажет.
Студенттер міндетті түрде құқықтық сезімнің және мәдениеттің жоғарғы деңгейін, құқыққа, заңға деген құрметтің тұрақты стереотипін жасап, оларды бұзуға жол бермеуі керек. Міне осындай, универсалды (әмбебап) және іргелі мемлекет пен құқық теориясының сипаты, ғылым және оқулық пән ретінде оның бізді қоршаған дүниені танитын құралы мен әдісі екендігін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Административное право. Оқулык, жауапты редакторы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев F. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық құқығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж.
16. Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.
17. Жоламан, Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.
18. Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]: оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.
20. Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І тарау. Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Мемлекет пен құқық теориясының түсінік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ..6-7
1.3. Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..8-9
1.4. Мемлекет пен құқық теориясының басқадай заң ғылымдарының арасындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-11
ІІ тарау. Дүние жүзінің әр түрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12- 13
2.1. Дүние жүзінің әр түрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-13
2.2. Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар ... ... ... ... ... ...1 4-15
2.3. Құқықтың пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 16- 17
ІІІ тарау. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-20
3.1. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар ... ...18-20
3.2. Мелекеттің түсінігі мен белгілері. Мемлекеттің түрлері, негіздері және
әлеуметтік орны. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-22
ІV тарауҚазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
4.1. Құқықтық жүйенің түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
4.2. Роман-германдық құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
4.3. Жалпылама құқықтың құқықтық отбасы (ағылшын-саксондық құқық)..25
4.4. Діни-дәстүрдегі құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-27
4.5. Социалистік құқықтық отбасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29-30
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясы - жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық шындықтың ең маңызды теориялық-әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның негізгі категориялары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сон-дықтан, қандай болмасын заңгерлік жоғары оқу орындарында юриспруденцияны игеру мемлекет және құқық теориясын зерттеуден басталады және міндетті түрде мемлекеттік емтиханды осы берілген пәннен тапсырумен аяқталады.
Бұл курстың материалдары қайнар көздерге және ғылыми жұмыстарға, бағалы зерттеулерге сүйенеді, сондықтан да оны жалпытеориялық ойлардың шоғыры, нақтылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың көрінісі ретінде қарауға болады. Осыған орай, мұндағы материалдардың мазмұны мемлекет және құқық теориясының курсын қайталау мақсатында және емтиханға дайындық кезінде пайдалануға көбірек тиімді. Сондықтан да материал қойылатын сұрақтарға қарай, оларға жауаптар алгоритмінде жазылған. Бірақ ескеретін нәрсе сол, бұл оқу құралы емтихан тапсыруға жеткілікті барлық минимум ақпаратты өзінде ұстаса да, сол не басқа сұраққа жауап бергенде оқытушы әр уақытта студенттен кең көлемдегі және ойлы жауапты күтеді.
Яғни студентке міндетті түрде материалды түсінетіндігін және оны талқылаудағы өзінің қабілеттілігін көрсете білу қажет. Сондықтан осы басылымдағы негізгі блоктағы мәліметтер мемлекет және құқық теориясының курсынан нақты сұраққа жауап ретінде ұсынылғанмен, емтиханда өз жауабын қажетті түрде тірі мазмұнмен толықтыруы қажет. Мұнда жауапты жаттап алып, автоматты түрде қайталау емес, оның мазмұнын түсіндіріп, әрекеттегі заңдардың көзқарасын тәжірибеге сүйеніп, негіздеп күнделікті өмірлік мысалдар арқылы көрсете білу қажет.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеуде маңызды құқықтық түсініктердің анықтамаларына ерекше көңіл аударылады.
Өз маңыздылығына байланысты бұл түсініктер басқадай мемлекеттік-құқықтық институттардың негізін ашып көрсететін, өзіндік ерекшелігі бар кілті болып есептеледі. Сондықтан оларды байымдау міндетті түрде жаттауды керек етеді, себебі оларды білу тек мемлекет және құқық теориясын толық игеру емес, оларға кепілдік береді және өз маңызды-лығын, келесі салалық заң пәндерін зерттегенде де жоғалт-пайды және олардың меншікті институттарының түсіндіру негізіне жатады. Ондай жалпы теориялық түсініктердің және анықтамалардың маңыздылығы, қандай болмасын заң ғылымдарының оқулық пәндерімен байланысты олардың универсалдылығында. Сол үшін сол не басқа тақырыптардың керек категориялары бұл курстық жұмыста ерекше бөлінген.
Есепке алатын жағдай - бұл басылым дербес және негізінен біреу ғана, мемлекет және құқық туралы теорияның қайнар көзіне жатпайды. Негізгі оқулықтар осы басылымның соңында ұсынылған. Библиографиялық тізімдегі кең көлемдегі оқу құралдарынан қосымша ретінде пайдаланылады.
Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы, басқа қоғамдық және салалық заң ғылымдарымен салыстырғанда өзінің салыстырмалы тұрақтылығына қарамай, қатып қалған мәліметтердің жиынтығы емес. Олардың тәжірибелерін және жетістіктерін пайдаланып, тұрақты дамиды және қиындай түседі. Осыған байланысты монографиялық әдебиеттерде арнайы жарияланған, ең алдымен, заң журналдарындағы ғылыми мақалалардың маңызы зор.
Мемлекет және құқық теориясын игерудің нәтижесінде міндетті түрде студенттер мемлекет және құқық теория-сының түсініктемесі мен категориялдық аппаратты игеру, дағдылану және оқи алуы, талқылау және басқа нормативті актілердің заңдарын қолдана білуі, заңды фактілерді дұрыс топтаудағы жағдайлар, қазіргі кездегі мемлекет және құқық теориясының мәселелеріне қарай өзін-өзі басқара білуі қажет.
Студенттер міндетті түрде құқықтық сезімнің және мәдениеттің жоғарғы деңгейін, құқыққа, заңға деген құрметтің тұрақты стереотипін жасап, оларды бұзуға жол бермеуі керек. Міне осындай, универсалды (әмбебап) және іргелі мемлекет пен құқық теориясының сипаты, ғылым және оқулық пән ретінде оның бізді қоршаған дүниені танитын құралы мен әдісі екендігін көрсетеді.

І тарау. Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі
1.1. Мемлекет пен құқық теориясының түсінік негіздері
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен қызмет етуінің негізгі даму заңдылықтарын әлеуметтік құрылым ретінде, олардың негізін және құрылымын, негізгі элементтерін, принциптерін, институттарын, олардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін зерттеу бірінші орында.
Мемлекет және құқық теориясының пәніне, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың маңызды функционалды (негізгі) ерекшеліктері кіреді. Оған жататындарға: мемлекет пен құқықтың түсінігі және олардың жіктелуі, белгілері, негізгі принциптері және мемлекет пен құқықтың функциясы, мемле-кеттің механизмі (тетігі) мен құқықтық реттеу ерекшеліктері, заңды факторлар, құқықтық қатынастар, құқық жүйесі, заңдар мен мемлекеттік органдар жүйесі, сонымен бірге басқа да көптеген, юриспруденцияның неден қалыптасатыны туралы алғашқы элементтерінің бәрі жатады.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқық туралы негізгі заңдылықтардағы белгілердің жалпы жүйесі, оған оның пайда болуы, негізі, қызмет етуі, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың дамуының салалық және қосымша заң ғылымдарының әдістемелік негізі болатын жағдайлар кіреді.
Мемлекет пен құқық теориясын игеру кезінде үлкен маңыздылыққа ие болатын категория - түсіндіруші аппарат екендігі байқалады, себебі жалпы ғылыми жүйелер (философиялық, социологиялық, психологиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық) және жекелеген ғылыми (арнайы заңды-лықтағы) категориялар және түсініктер, мемлекет пен құқық теориясының ең маңызды танымдық инструментариясының қайнар көзінің бөлігі болып табылады.
1. Мемлекет пен құқық теориясы, бай эмпирикалық материалдарды салалық заң ғылымдарынан алады және маңызды деңгейде сол ғылымдардың жалпылама методологиялық проблемаларын кеңейтеді, функционалды негізгі пән ретінде болады, жекелеген пәндердің білімдерін қорыта келіп, негізгі түсініктер мен категорияларды шығарады, сол білімдерді жүйелейді. Оның категориялары мен түсініктері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесін біріктіріп, сайып келгенде, заңгердің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталады.
1.2. Мемлекет пен құқық теориясының функциялары
Білім жүйесінде қоғамдық даму заңдылықтарында негіздемеде мемлекет пен құқық теориясының өзінің қатаң түрде белгіленген орны бар және ол заң ғылымдары үшін жол сілтемесі болып табылады, себебі ол оның магистралды бағытын және іске асыру жолын қалыптастырады. Сол рөлі оның мынадай функцияларында көрініс табады:
Онтологиялық функция - бұл функция мемлекеттік құ-қықтық құбылыстың негізін түсіндіреді, яғни юриспруденция-ның пәнін тануға мүмкіндік береді. Бұл функцияның мазмұ-нына мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы ақпаратты зерттеу жатады және оларды талдау мен (топтастыру) жүйелеу кіреді;
гносеологиялық функция - (теориялық таным) теория-лық-танымдық функция мемлекеттік-құқықтық құбылыстар-дың мәнін, мазмұнын, нысанын, тәртібін тоқтаусыз зерттеуге бағытталған;
прогностикалық функция - мемлекет пен құқық теориясының әрі қарай ғылыми дамуы туралы болжамдар мен гипотезалар жасап олардың болашақ проблемаларына көңіл аударады;
идеологиялық функциясы бойынша мемлекет пен құқық теориясы өзінің көбірек өзекті және маңызды, қазіргі кездегі қоғамның құқықтық дамуындағы жаңа жағдайларды бекіте отырып, оның дамуының барлық маңызды парагдигмасын көрсетеді, өмірде гуманистікке бастап, құқықтық таным мен құқықтық мәдениетті негіздейді;
аксиологиялық функцияның қажеттігі сонда, ол мемлекет пен құқықты зерттеуде, ондағы мемлекет пен құқықтық құбылыстардағы құндылық бағалылық және маңыздылыққа көңіл аударылып, олардың қоғам өміріндегі қажеттілігін және маңыздылығын негіздеу мақсатында көрінеді;
тәжірибелік функция модельдік көзқарас бойынша стандарт идеалынан тұрады, өзіне юриспруденцияның барлық бастамасын шоғырландырып негізінен оның әлемін аша отырып, өміртанымының заңдылық негізін қалыптастырады;
методологиялық функция мемлекет пен құқық теориясының негізі болып табылады, яғни басқадай заң ғылымдарының негізі: мемлекеттік құқықтық құбылыстардың методалогиясын, құқықтың негізгі түсініктері мен категорияларын қалыптастырады (құрайды). Оны салалық және арнайы (қосымша) заң ғылымдары пайдаланады және оларды зерттейтін сара жолдың бағытын белгілеп береді.
қосымша функция мемлекеттік-құқықтық аядағы әр түрлі субъектілердің қызметін жетілдіру мақсатындағы тәжірибелік жағдайды ұсыну жатады. Ондай ұсыныстар диссертацияларда және мемлекеттік зерттеушілер мен құқықтанушылардың мақалаларында бекітіледі.
эвристикалық функция - мемлекет пен құқықтың дамуындағы жаңа заңдылықтарды, олардың қоғамға ықпал жасайтын нысандары мен әдістерін және ондағы қалыптасатын қатынастарды ашады.

1.3. Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі
Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі - қоршаған ортаның шындығын зерттейтін әдістер мен жолдардың жиынтығы. Ондай әдістерді, жалпыға бірдей (әмбебап, жалпылама ғылыми, философиялық) және арнайы әдістемелерге бөліп көрсетеді. Жалпыға бірдей әдістеме барлық ғылымдардың білім саласына және оқулық пәндерге тән, себебі олардың негізінде табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуындағы заңдылықтар бар. Ал жекелеген әдістемелерді, бір ғана ғылым не болмаса, ғылымдардың жиынтығы және арнайы ғылымдар қолданады.
Жалпылама ғылыми әдістемеге мынадай таным әдістемесін жатқызуға болады: идеалистік (метафизика) және материалистік (дуалистика);
Мемлекет пен құқық метафизика шеңберінде өзіндік мәні бар құбылыс ретінде қаралады, адам еркінен тәуелсіз өмір сүреді, тұрақты өзгермейтін құбылыс; олардың пайда болуы объективті танымдылықпен не адам сезімімен байланысты.
Диалектика - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы дамуы туралы ғылым; тұрмыс пен таным туралы жалпы заңдылықтар. Осындай сөзсіз басымдылықтағы отандық ғылыми зерттеуде, мемлекеттік құқықтық құбылыс өмірді қоршаған ортада, өз дамуында динамикада басқадай қоғамдық тұрмыстық факторлармен экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланыста зерттеледі.
Метафизика мен динамикадан басқа, маңызды әдістеме-лердің біріне - синергетика - өзін-өзі ұйымдастыратын, күрделі әлеуметтік процестер туралы ғылым жатады.
Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін жекеле-ген ғылыми әдістерге жататыны мыналар:
* Формалды заңдылық (догматикалық) әдіс, ол құқықты зерттеу үшін пайдаланылады, жалғыз ғана өзіндік ерекшелігі бар феномен ретінде басқа құбы-лыстардан бөлек, жекешеленіп зерттеледі. Құқық ешнәрсемен бірдейлестірілмейді және салыс-тырылмайды (экономикамен, саясатпен, моральмен және этикамен). Мемлекеттік-құқықтық элементтер (олардың құрамы, қарым-қатынасы, негіздері) өздерінше таза конструкцияны жасау үшін зерттеледі.
* Терминологиялық зерттеу әдісі - мемлекеттік-құқықтық проблемалардың негізгі және шеттегі түсініктемелерімен пайдалану, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылымда бекіген түсініктер мен дефиницилерге талдау жасау арқылы зерттеу.
* Салыстырмалы-құқықтық әдіс дегеніміз - белгілі мемлекеттік-құқықтық институттарды, құқықтық құбылыстарды және процестерді басқа елдердің құқықтық жүйесімен салыстырып, олардың арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын ескере отырып, олардың көбірек тиімді жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.
* Нақты социологиялық әдіс - мемлекет пен құқықты зерттеу кезіндегі мемлекет пен құқық туралы фактор-ларды еске алу, ол туралы қоғамдық пікірді, статистикалық мәліметті, тұрғындардың пікірін жинау және құқықтық эксперименттер жүргізу, т.б. байқау (құқық социологиясы).
* Құқықтық модельдер - таза (теориялық), заңды нормаларға қажетті идеяларды жасауға қажет (не үшін және ол қалай көрінетін болады, басқа нормалармен қандай қарым-қатынаста болады), бұл мол идеалдарын көрсету;
* Мемлекет пен құқық теориясының, тарихи-салыстырмалы әдісі дегеніміз зерттеудегі пайда болу мен даму заңдылығы, сонымен қатар, мемлекеттік және құқықтық институттарды, әр түрлі тарихи даму кезеңдерімен салыстыру.
* Логикалық әдіс - құқықты түсіндіруге логикалық жолдар мен құралдарды пайдаланады. Формалды логика заңдарына негізделген құқық - формалды белгіленген дұрыс жүйе, ол қандай құқық нормасы болмасын - біткен келісім нәтижесі.
Логикалық әдістердің түрлеріне: анализ, синтез, индукция және дедукция жатады.
Анализ - тұтастықты оның элементтеріне бөлу (мем-лекеттік аппараттың құрамын бөлу, құқық жүйесін салаларға бөлу, қарым-қатынастары мен ерекшеліктерін белгілеу, заңды құжаттарға талдау жасау (контент - анализ, яғни бөліп алып олардың негізгі элементерін зерттеу);
Синтез - алынған деректерді біріктіріп, тұтас көрініс жасау;
Индукция - жекешеден бастап жалпыға қарай зерттеу; мемлекет пен құқықтың жекелеген қасиеттері арқылы көріністі қалыптастыру. Мысалы, белгілі құқық нормаларының негізінде, заңды нормалардың құрылымын және барлық заңдардың құрылуындағы тұтастықты түсіндіруге болады. Нақтылы мемлекеттік органдардың белгілерін анықтау арқылы мемлекеттің механизмін түсінуге болады - бұл белгілі мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдардың жиынтығы.
Дедукция - жалпыдан жекешеге қарай әңгімелеу (мыса-лы, нақтылы құқық саласынан оның құқықтық нормаларының ерекшелігі жөнінде).
Арнайы әдістерге әлеуметтік психологиялық, киберне-тикалық, статистикалық, т.б. жатқызуға болады. Мысалы, кибернетикалық әдіс, құқықтық информацияларды автоматты түрде тексеруге, сақтауға және құқықтық информацияны іздеуге пайдаланылады.

1.4. Мемлекет пен құқық теориясының басқадай заң ғылымдарының арасындағы орны

Заң ғылымдарын үш үлкен топқа бөлу дағдыға айналған, олардың өзіндік жиынтығы құқықты жүргізуді құрайды. Бұл:
1) Теориялық-тарихи ғылымдар (мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы);
2) Салалық заң ғылымдары (конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, кедендік құқық, отбасы құқығы, жер құқығы, халықаралық құқық, салық құқығы, қаржы құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, т.б.);
3) Қосымша (арнайы) заң ғылымдары, әр түрлі басқа ғылымдардың теориялық білімдерін тікелей пайдалануды іс жүзіне асырушы (математиканы, химияны, психологияны), яғни тәжірибедегі құқықтық мәселелерді шешуге қажетті (криминалистиканы, сот медицинасын, сот психиатриясын, сот бухгал-териясын, құқықтық статистикасын және заң психологиясын, т.б.) пайдаланады.
Халықаралық құқықтық бағытты зерттейтін ғылымдар бар - халықаралық жекеше және көпшілік құқық, теңіз құқығы, ғарыш құқығы, шетелдердің мемлекеттік құқығы, т.б. Кейінгі кезде, жаңа құқық салалары пайда болды. Себебі ол қоғамдық дамудың нәтижесі. Оларға: банктік, биржалық, спорттық, медициналық, информациялық құқықтары жатады.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының рөлі мен орнын заң ғылымдарының жүйесінен бөліп көрсетуге болады:
* Мемлекет пен құқық теориясы - барлық заң ғылымдарының жиынтығын біріктіруші білім жүйесі;
* Мемлекет пен құқық теориясы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың жалпы заңдылықтарын зерттесе, салалық заң ғылымдары тек жекелеген жақтарын зерттейді (мысалы, қылмыстық құқық - қылмыс пен қылмыстық жауапкершілікті, ал мемлекет пен құқық теориясы - құқық бұзушылық пен жалпы заңды жауапкершілікті зерттейді);
* Салалық заң ғылымдары үшін мемлекет пен құқық теориясы олардың негізі (базасы) ретінде, мықты қалыптағы пән ретінде - негізгі түсініктемелер мен категорияларды, жекелеген пәндердің білімдерін жинақтап қорытындылау арқылы шығарады, сол білімдерді жүйелейді;
* Мемлекет пен құқық теориясы эмпирикалық материалдарды салалық заң ғылымдарынан алады және көп деңгейде жалпылама методологиялық проблемаларды шешумен шұғылданады.
* Мемлекет пен құқық теориясы заңгерлік оқу пәндерінің жүйесінде ерекше орын ала отырып, студенттерге мемлекеттік-құқықтық қоғам өмірі туралы білім береді, жалпы заңды мәдениеттің, заңды ойлаудың негізін қалыптастырады және мемлекет пен құқық туралы алғашқы түсініктер мен категорияларды үйретеді, себебі онсыз басқа заң пәндерін зерттеу мүмкін емес.

ІІ тарау. Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар
2.1. Мемелекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен байланысты, өзінің дамуында, ұзақтығына қарай және кезеңді толтыруына сай әр түрлі төрт кезеңнен өтті.
Біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл шамасында рулық құрылым пайда болды (отты табу, күршектерді, садақты ойлап табу, бір-бірімен адамдардың сөйлесу қабілеттілігінің дамуы). Біздің эрамызға дейінгі 9-6 мыңыншы жылдары неолит кезеңі (жаңа тас заманы) басталады, ол кезде адам аң аулаудан жер өңдеуге және кәсіпкерлікке көшеді. Келе-келе еңбектің бөліну процесі айқындала түседі. Біртіндеп қоғамның жекешеленген аясы ретінде, мал бағу бөлініп шығады (мал айырбас құралы болды, яғни ақша функциясын қабылдаған).
Кәсіпшілік жер өңдеуден бөлінді. Содан кейін бір топ адамдар пайда болып (сатып алушылар) жер өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастаумен шұғылданған.
Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып, рулар бірігіп бір атаның ұрпағы ретінде туыстасып біріккен шаруашылық-пен шұғылданады. Онда рудың ішінде бір-біріне үйленуге рұқсат болмағанына байланысты, солай айтылатын дуальдық ұйым қалыптасады да екі рудың қандас туыстығы бойынша бір екендігі мойындалады.
Жер өңдеу мен мал өсіруге байланысты еркектің (патриархат) рөлі өсе бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталады.
Бұл кезеңде, еркектердің жалпы жиналыстарында басқару, руластырудың теріс қылығы үшін жазалау, табысты бөлу сияқты мәселелер шешілген. Сонымен қатар онда ақсақалдар мен ру басшыларының әкімшілік жұмыстары қаралған. Ру басындағы ақсақалдардың және әскер басшыларының билігі, әскери әрекеттер кезінде сайланған, сайлау ол адамдардың беделдері мен тәжірибесі барлығын сыйлағандыққа негізделген. Ақсақалдардың биліктегі лауазымы, оларға деген ерекшелікке жол бермеген. Қоғамдық билік, рулық қоғаммен тікелей сай келген, одан бөлінбеген.
Құқық сол күйінде болмаған, оның орнында әдет-ғұрып нормалары болған. Кейіннен біртіндеп мононормалар қалыптасып, әрекет еткен.
Келе-келе қандастық туыстық қатынастар ыдырап аумақтықпен алмастырылады, басқару қажеттігінің маңыздылығы мойындалады. Биліктің функциясы бөлініп, светтік (басқаруға), әскери (әскер басшылық), діни (бар тәртіп жолын қолдау үшін идеологиялық негіздеме) құрылады. Ақсақалдар кеңесі ағымдағы басқару органына айналады. Тайпалық бюрократия пайда болады (басқарушылық, әскери, діни), олар қоғамды басқаруды оның жалпы мүддесі үшін емес, меншіктік, топтық, таптық мүдделер үшін басқаруды көздеген. Бұл мемлекеттілік элементтердің алғашқы пайда болу кезеңі - әскери демократия режимі (Л.Г.Морган), қоғамда әскери басшылардың күшті билігі қалыптасып, қоғамдық басқаруда ұйымшылдықтың қалдықтары сақталған.
Қоғам өмірін тұтас организм ретінде сақтауға, қамтамасыз етуге қабілеті бар сана жағынан жаңа ұйым қажет болды. Қоғамнан жоғары тұратын көпшілік биліктің қажеттілігі пайда болды, себебі ол ұйым арнайы адамдардан құралған және тек басқарумен шұғылданып, ұйымдастырушылық кезінде қыстау мүмкіндігімен пайдаланған. Ондай ұйымға - протомемлекеттер жатады. Осы көне қоғамның ұйымы таптыққа дейінгі ертетаптық қоғамдағы өтпелі кезеңге тән болады. Бұл ұйымдар алғашқы рет Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада пайда болды. Әдеттегідей олар үлкен өзендердің бойындағы кеңістікте орналасты. Тигр, Евфрат, Инда, Янцзы өзендерінің бойында: Үндістан, Ассирия, Персия, Қытай, Хетт мемлекеттері орналасты. Олардың көне тарихы біздің эрамызға дейінгі IV мыңжылдықтан басталады (Шумер, Египет, Вавилон).
Сонымен, мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады:
* өндірістің даму нәтижесіндегі қиындықтарға байланысты қоғамды басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі, тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуі (таптарға);
* қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады.
* қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуінің негізінде пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу;
* мемлекеттің аумағын қорғау, қорғану және басып алуы мақсатында соғыстар жүргізу;
* үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы адамдарды біріктіру.
2.2. Дүние жүзінің әр түрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері
Алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы әр түрлі халықтарда әр түрлі жолдармен жүреді, себебі олар географиялық, мәденилогикалық, экономикалық, саяси және басқа да факторлармен қамтамасыз етілгені белгілі. Қандай болмасын қоғамда мемлекеттіліктің пайда болу негізіне тән, маңызды сипатына қарай мемлекеттің пайда болу тәсілін батыстық (европалық), шығыстық (азиялық), германдықтар ретінде айырып зерттейді.
Шығыстық жолмен (тәсілмен) мемлекеттің пайда болуы, басынан бастап Вавилонның, Египеттің, Қытайдың, Үндістанның құрылумен байланысты. Бұл көне мемлекеттер, біздің эрамызға дейінгі үш мың жылдар бұрын, рулық құрылымның біртіндеп, қоғамның мемлекеттік ұйымға өту процесінде пайда болған. Бұл мемлекеттердің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататыны, тұрақты ирригациялық (суармалы өңдеу) жұмысты жүргізу қажеттілігіне байланысты болды. Тұрғындарды тамақпен қамтамасыз ету, әсіресе құрғақшылық не тұрақсыз климат жағдайында қажеттілігі арта түсті. Мұндай жағдай, тармақтарға бөлінген басқару аппаратын көпшілік жұмыс басқару, қаржы және әскер қалыптастыртып өте көлемді аумақтармен және көпшілік адамдармен жұмыс жүргізуді мәжбүр етеді.
Батыстық жолдың ерекшелігі сонда, мемлекеттік институттардың құрылуы жеке меншіктің пайда болып, қоғамда антогонистік рухтағы топтардың болуымен байланысты. Көне елдердің тарихында ол германдық мемлекетте варварлық корольдіктердің пайда болуынан көрінді.
Афиндік республика - шын мәніндегі классикалық мемлекеттердің құрылуындағы үлгі болды. Себебі мемлекеттіліктің пайда болуы мұндағы рулық құрылымның ішіндегі қарама-қайшылықты тежеу процесінің нәтижесі болды. Біздің эрамызға дейінгі VII ғ. - Драконта реформалары (жеке адамдар арасындағы қарама-қайшылықты, басқарушы элиталардың басынушылығын тежеді, көріне бастаған жеке меншікті қорғады); б.э.д. 594 жылғы - Солон реформасы бойынша (қандас-рулық қатынастар жойылып, барлық тұрғандарды өздерінің тұрмыстық жағдайларына байланысты разрядтарға бөлді); б.э.д. 509 ж. - Клистфен реформаларына байланысты (аумақтарды бөлу кіргізіліп, Аттикада рулық-тайпалықтың орнына, саяси қайта құру жүргізілді).
Римдік мемлекеттің пайда болу нысаны - мемлекеттің пайда болу концепциясы, рулық қоғамды тұйық аристократияға айналдыруға негізделген және оны көптеген құқығы жоқ плебейлер тобынан айырып, партиялық (құлдықтағы) патрисциямен саяси қатынастарды орнату, оның қирағанының орнына сайып келгенде мемлекеттің пайда болуы көзделген.
Германдық мемлекеттердің құрылуы великое переселения народов процесімен байланысты алынған ат, яғни IV-VII ғғ. Европадағы көптеген этникалық топтардың бір жерден басқа жерлерге ауысуы, яғни Рим империясының сырт жағынан сол аумақтың ішіндегі белгілі жеріне көшуі. Мұндай жағдайдың басталуы ғұндардың шабуыл жасауынан басталады. Басты сипаттамаға варварлармен Рим империясының көп жерлерін жаулап алуы және бағындырып өз биліктерін жүргізуі жатады. Басып алынған жергілікті жерлерінде Римдік мемлекеттіліктің аппараты қызметте болған. Жаулап алған жерлерді басқару мақсатында, арнайы мемлекеттік органдар құрылған. Мысалы, әскери басшының орнына король сайланған, көпшілік халық билігі және қыстау (қинау) мемлекеттілік органдары құрылған.
Шығыс славяндарының мемлекеттігінің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататын факторларға ерекше географиялық орнын айтуға болады. Батыс (европалық) жағына және шығыс (азиялық) жерлердің (мәдениетімен, өркениетімен) арасындағы үлкен аймақта V-Х ғғ. бір-бірінен бөлек тайпалар өмір сүрген. Сондықтан шығыс славян мемлекеттігі тұрақты түрде көшпелілер мен варягтар жағынан шабуыл жасап басып кіру қауіптілігін күткен. Климат жағдайының тұрақсыздығына байланысты ауылшаруашылық-пен шұғылдануға мүмкіндік болмаған және қарсыластардың кезекті шабуылына байланысты жұмыс істеу тоқтатылған. Алғашқыда кәсіби (жалдамалы) әскери дружиналар жаудан қорғану үшін құрылып, кейіннен бір орталықтағы салық жинау қажеттілігіне байланысты және басқа міндетті төлемдерді жинайтын міндеттілікті қоса атқарған.

2.3. Құқықтың пайда болу ерекшеліктері
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде маңызды әлеуметтік реттеушіге әдет-ғұрып (көптеген жылдар бойы қайталанудың нәтижесінде адамдардың үйреншікті әдетіне айналған тәртіп жолдары) және діни (культтік) нормалар болды. Әдет нормалары табиғи райға қажеттіліктен қауымның өмірінің барлық жағына маңызды болған - рудың, тайпаның шаруашылық өміріне және отбасылық, тағы басқа рудың арасындағы қарым-қатынасқа, моральға, діни салт-дәстүрге.
Тыйым салу (табу) - бірдеңе істеуге діни тыйым салу белгіленген. Ондай тыйым салу нақтылы затқа не әрекетке арнайы белгіленген және оларды бұзу рух пен құдайлар жағынан жазалауға жатқан. Мұнда тек тәртіпті бұзушы ғана жауапқа тартылмай, ру не қауымдастық тұтасымен жазалануға тиіс болған. Мысалы, қандас адамдардың отбасын құруы; Злобной магиисі бар адаммен араласпау; тұрған үйден, жермен жақындасу үшін, басқарушыға тіке қарау (көз тигізбеу); жай адамдармен араласпау (Жапония және Қытай империялары, Африкандық корольдерге) тиісті болған, тамақтың қалдықтарына табу қойылған (қалдық тамақтарға зиян келтіру оны жейтін адамға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
Мемлекет функциясының түсінігі түрлері жүзеге асырудың нысандары
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекет түсінігі мен нысаны
Кәсіпорын қаржысын басқару
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Пәндер