Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.26
1.1. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
1.2. Азаматтық құқықтық субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.18
1.3. Құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.20
1.4. Жеке және жария құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.5.. Құқық салалары және олардын институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.6. Құқықтық реттеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.26
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І. КІРІСПЕ
Қоғамдық қатынастар – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты бола-ды. Оның ең маңыздылары – саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы – өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу – ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам, марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынас деп қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Құқықтық қатынастардың бірқатар белгілері бар. Ең алдымен бұл қатынастар əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас. Сонымен қатар ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады
Құқықтық қатынастар тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс ретінде танылады.
Құқықтық қатынастар ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет. Сонымен қатар бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қатынастар
Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.
Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.
Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған: құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады; құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.
Олардың қатарына: материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар); материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты); рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.); құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі; бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.
Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық қатынастардың объектілерін зерттеу болып табылады.
Міндеттері:
- Құқықтық қатынастардың теориялық құқықтық аспектілерін зерттеу;
- Құқық теориясындағы құқық және құқықтық қатынастардың мәнін ашу;
- Құқықтық қатынастарда субъективтілік пен объективтілік ұғымын ашу және талдау;
- Құқықтық қатынастардың объектілерін анықтау;
- Құқықтық қатынастардың құрылымын зерттеу;
- Құқықтық қатынастардың объектілеріне талдау жасау.

1. Жоламанов Қ.Ж. «Мемлекет және кукық теориясы». - Алматы: Білім,
1998ж/360 бет.
2. Жоламанов Қ. «Құқық теориясы». - Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999ж/370 бет
3. Сапарғалиев Ғ.С. «Мемлекет және қүқық теориясы». – 1998ж/ 320 бет
4. Карин Е. Саясат – «Қоғамдық құбылыс». //Ақиқат 2001ж/№1
5. Дулатбеков Н.О. «Қазақстан Республикасы мемлекет және құқЫқ тарихынан»- 1994ж/140 бет

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-26
1.1. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
1.2. Азаматтық құқықтық субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-18
1.3. Құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19- 20
1.4. Жеке және жария құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
1.5.. Құқық салалары және олардын институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.6. Құқықтық реттеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24- 26
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. КІРІСПЕ
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас - қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты бола-ды. Оның ең маңыздылары - саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам, марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынас деп қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Құқықтық қатынастардың бірқатар белгілері бар. Ең алдымен бұл қатынастар əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас. Сонымен қатар ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады
Құқықтық қатынастар тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс ретінде танылады.
Құқықтық қатынастар ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет. Сонымен қатар бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қатынастар
Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.
Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.
Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған: құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады; құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.
Олардың қатарына: материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар); материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты); рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.); құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі; бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.
Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық қатынастардың объектілерін зерттеу болып табылады.
Міндеттері:
- Құқықтық қатынастардың теориялық құқықтық аспектілерін зерттеу;
- Құқық теориясындағы құқық және құқықтық қатынастардың мәнін ашу;
- Құқықтық қатынастарда субъективтілік пен объективтілік ұғымын ашу және талдау;
- Құқықтық қатынастардың объектілерін анықтау;
- Құқықтық қатынастардың құрылымын зерттеу;
- Құқықтық қатынастардың объектілеріне талдау жасау.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Азаматтық құқық қатынастарының обьектілерінің ұғымы және түрлері (классификация). Азаматтық құқық қатынастарының пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.
Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:
а) мүліктік игіліктер мен қүқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, қүнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айнал-ған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бүйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік қүқықтар мен басқа да мүлік жатады;
ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен қүқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы қүпиясы, есім алу қүқығы, автор болу қүқығы, шығармаға қол сұқпаушылық қүқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен қүқықтар.
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруа-шылық) және физикалық қасиеттерінің азаматтық қүқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын зандылық қатынастардың сипаты күні бүрын белгіленеді. Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу)
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген занда ай-тылмаған, оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық қүқық түрғысынан алып қарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртьды материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиетіне (физикалық немесе экономикалык) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және әр құқық субъекті лерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қоз-ғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн. Аза-маттық кодексте заң актілері бойынша козғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да қүқықтар, бүл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс (АК-тің 118 -бабының 1 -тармағы).
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағына-да кәсіпорын деп аталады (АК-тің 102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, қүрылыстар, қүрал-жабдықтар, шикізаттар, онімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құкығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң қүжаттарында немесе шартта езгеше козделмесе, жәнетағы басқа айрықша қүқықтар бола-ды. Мүліктік кешеннен қандай да бір объектіні алу занда немесе шартта көрсетілуІ тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған қүқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шы-ғарылған) зат деп азаматтық қүкыкқа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бүл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген түжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді баска да мағынада қолданады -- мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.т. Алайда, бүл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты бойынша бүл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабы, 3-тармағы). Берілугерұқсат етілмейтін заттардыңтүрлері (айналымнан алы-нып тасталған заттар) заң қүжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық қүқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір түлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар -- өмір, денсаулық, тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның таби-ғатына тән нәрсе (АК-тің 120-бабы). Белінетін зат бөлген кезде езінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын) жоғалтып алады, сондай-ақ қүжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының коллекциясын және т.б. аитуға болады. Күрделі заттарды белу мақсаты Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат женінде жасалған мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлык қүрамдас бөліктеріне қолданылады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі (АК-тің 122-бабы). Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (қосалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қыл керілген шыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар да қаралған. Бұл -- затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайдатүсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.б., азық-түлік (өнім) дегеніміз әндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен енімдер болып табылады.
Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның занды меншік иесі еншілейді. Егер занда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді, жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым құқығы берілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарас-тырады. Азаматтық кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер зандарда өзгеше козделмесе, жал-пы ережелер қолданылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде аза-маттық немесе заңды түлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық шығармашьшык қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген занды түлғаны дараландыру қүралдары жеке немесе заңды түлғаның өзі орындайтын жүмысының немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар қүкық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.
Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және коммерциялық қүпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда, коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге мән берілген. ‡шінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен занды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның қүпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып та-былатын акдарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшілер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе коммер-циялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті (АК-тің 126-бабы).
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақша-лай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал оның ірі-ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды жиырма теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с беріп өтеуге де болады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті занды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).
Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар дептанылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Валюталыққазыналарға меншік құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негіздерде қорғалады (АК-тің 128-бабы).
Бағалы қағаздар.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік қүқықтарды куәландыратын қүжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз -- түрі және мазмүнымен заң талаптарына қатаң бағынатын қүжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын қүқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң қүжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздьщ ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куә-ландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсет-кенде не бергенде ғана қүқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық қүқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға -- индоссантқа немесе соның бүйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқыктарды иңдоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).
Азаматтық кодекс бағалы қағазды қүжат деумен бірге оны зат деп те керсетеді. ¤йткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда корсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не крлмен жазылған жазбалары осы қүжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген қүжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік қүқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздьщ міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп сок-тырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің қүнына негізделеді.
Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәлан-дыратын мазмүнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да қүжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей үсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. ‡сынбалы бағалы қағаздар қүжаттың түпнүсқасы болады, ал түпнүсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).
Ордерлік бағалы қағаз да қүжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект қүжат мәтінінде көрсетілген түлғаға міндеттенген нәрсені орындауды үсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.
Сонымен бір мезгілде мүліктік қүқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бүл қағаз берілген жазу -- индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бүл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалықағаз бойынша қүқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, қүкьіқ мирасқорының аты жазылады, ал екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттық жаңа иесінің аты корсетілмейді.
Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды үсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атын жазуға құқылы болады.
Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі қүжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.
Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретімен жазылады. Ал мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың түпнүсқасындағы міндеттерді орындау үшін үсынарда индоссаменттердің реті бұзылыпкетсе, одан бас тартуғақүқылы. Бұл реттердің үзілмеуі таза формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағаз-да қабылдаушының да аты жазылады.
Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz