Мемлекеттік билік түсінігі, құрылымы, түрлері, белгілері



ЖОСПАР

I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.3

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.25
1.Мемлекеттік билік түсінігі, құрылымы, түрлері, белгілері ... ... ... ... ... ..4.25
1.1. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... 4.9
1.2. МЕМЛЕКЕТ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.10
1.3. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.12
1.4. МЕМЛЕКЕТТІҢ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ..13.21
1.5. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ..22.23

III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.25

IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
I. КІРІСПЕ

Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
«Мемлекет биліктің түсінігі және құрылымы» атты курс жұмысымның тақырыбы өте қызықты да күрделі болып табылады. Бұл тақырыпты пайымдай отырып, қазіргі кезеңде дербестігін алған біздің мемлекетіміздің қандай екенін, оның қалыптасуын ұғынуға болады. Мемлекетіміздің республика екендігі атынан айқын болса, унитарлық екендігін біз Конститутциямыздан айқын көре аламыз. Енді, міне, бұл терминдердің астарында не жатқанын зерделеп, оның маңызы мен мәндерін түсінуге күш саламыз. Осы курстық жұмысты атқара отырып біз өз мемлекетімізді, оның атқару билік органдарының алатын орнын білетін боламыз. Сондықтан біз зерттеуіміздің арасында мемлекеттердің ерте заманғы нысандарын да сөз арасында келтіреміз. Соңғы жылдары біздің заңгер-ғалымдарымыз «Мемлекет және құқық теориясы» пәніне бірнеше оқулықтар жариялап үлгерді. Міне, бұл еңбектермен қатар мен орыс тілінде оқулық тарды да пайдаландым.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.
Билік бұл-бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас,әлеуметтік институт,басқаша айтқанда бұл «басқару-орындау» қатынасы,кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді.Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады:табиғи теңсіздік(физикалық,интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік(мәртебелілік,экономикалық,білімділік және т.б).Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие.Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз.Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін,артықшылығын көрсете бере алмайды,біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады.Себебі,біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті,қуатты болсын немесе бізге ұнасын,ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз.Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәуелсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып,жүзеге асырылады.Міне,біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз.Қоғамда биліктің айрықша түрі бар.Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған,қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады.Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі,меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі,даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін.
Биліктің қоғамдық құбылыс ретінде шығуын,мәнін,құрылымын қарастырып,саяси ғылымдағы анықтамаларына,негізгі концепцияларға тоқталу.Билікті қатынас ретінде қарастыра отырып,оның субъектісін,объектісін көрсетіп,саяси және мемлекеттік билікті қарастыру,саясаттанудағы биліктің бөлінуі мәселесіне тоқталып,саяси биліктің легитимдігі,жариялылығын,типтерін басқару бойынша формаларын,жүргізу әдістерін көрсету.’’Билік’’-саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады.Билік-адамзат қауымдастығының,адам өмірінің негізгі бастауларының бірі.Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология(«kratos»-билік,«logos»-ілім,ғылым) деп атайды.
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Жоламан.К.Д.Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы,2001ж.
2.Сапарғалиев.Ғ.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.- Алматы,2004ж.
3.Азаматтық құқық. М.К.Сүлейменов. Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003ж.
4.ҚР Азаматтық Кодексі 05.06.2006ж. 159-бап,11-тармақ
5.0 1,1 1,2 1,3 1,4 1,5 1,6 1,7 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Ердібеков.И.А., Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
6. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
7. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
8. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007ж. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
9.«ҚР Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» 25-12-2000 жылғы ҚР Конституциялық заңы.
10.Безнасюк А.С.,Рустамов Х.У., Судебная власть, М.,2001ж.
11.Ө.Қопабаев,Қ.Айтхожин,Н.Қыдырқожаева,Ғ.Жайлин,А.Жұмағали.,
Құқық негіздері-Алматы-2010ж.
12.«Заң Республикалық құқықтық,ғылыми-практикалық журнал».,№9-03-2000ж. 13.« Заң Республикалық құқықтық,ғылыми-практикалық журнал».,№10-12 2011ж. 14.Сарсембаев М.А.,Основы права Республики Казахстан.,2006г

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 -3

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-25
1.Мемлекеттік билік түсінігі, құрылымы, түрлері, белгілері ... ... ... ... ... ..4-25
1.1. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... 4-9
1.2. МЕМЛЕКЕТ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-10
1.3. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-12
1.4. МЕМЛЕКЕТТІҢ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ..13-21
1.5. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ..22-23

III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24- 25

IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

I. КІРІСПЕ

Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі - тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
Мемлекет биліктің түсінігі және құрылымы атты курс жұмысымның тақырыбы өте қызықты да күрделі болып табылады. Бұл тақырыпты пайымдай отырып, қазіргі кезеңде дербестігін алған біздің мемлекетіміздің қандай екенін, оның қалыптасуын ұғынуға болады. Мемлекетіміздің республика екендігі атынан айқын болса, унитарлық екендігін біз Конститутциямыздан айқын көре аламыз. Енді, міне, бұл терминдердің астарында не жатқанын зерделеп, оның маңызы мен мәндерін түсінуге күш саламыз. Осы курстық жұмысты атқара отырып біз өз мемлекетімізді, оның атқару билік органдарының алатын орнын білетін боламыз. Сондықтан біз зерттеуіміздің арасында мемлекеттердің ерте заманғы нысандарын да сөз арасында келтіреміз. Соңғы жылдары біздің заңгер-ғалымдарымыз Мемлекет және құқық теориясы пәніне бірнеше оқулықтар жариялап үлгерді. Міне, бұл еңбектермен қатар мен орыс тілінде оқулық тарды да пайдаландым.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.
Билік бұл-бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас,әлеуметтік институт,басқаша айтқанда бұл басқару-орындау қатынасы,кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді.Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады:табиғи теңсіздік(физикалық,интеллектуалдық ) және әлеуметтік теңсіздік(мәртебелілік,экономикалық ,білімділік және т.б).Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие.Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз.Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін,артықшылығын көрсете бере алмайды,біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады.Себебі,біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті,қуатты болсын немесе бізге ұнасын,ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз.Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәуелсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып,жүзеге асырылады.Міне,біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз.Қоғамда биліктің айрықша түрі бар.Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған,қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады.Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі,меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі,даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін.
Биліктің қоғамдық құбылыс ретінде шығуын,мәнін,құрылымын қарастырып,саяси ғылымдағы анықтамаларына,негізгі концепцияларға тоқталу.Билікті қатынас ретінде қарастыра отырып,оның субъектісін,объектісін көрсетіп,саяси және мемлекеттік билікті қарастыру,саясаттанудағы биліктің бөлінуі мәселесіне тоқталып,саяси биліктің легитимдігі,жариялылығын,типтерін басқару бойынша формаларын,жүргізу әдістерін көрсету.''Билік''-саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады.Билік-адамзат қауымдастығының,адам өмірінің негізгі бастауларының бірі.Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология(kratos-билік,logos -ілім,ғылым) деп атайды.

I.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекемеарқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай
* заң шығарушы;
* атқарушы;
* сот билігі болып бөлінеді.
Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай
* авторитарлық;
* тоталитарлық;
* демократиялық болып бөлінеді.
Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
* пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
* пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
* жария-саяси сипатта жүруі, мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат - міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.
Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады. Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық - регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық. Мемлекет механизмі - бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай - ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в) өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді;.
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот.
3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша - құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4. Иерархия бойынша - республикалық және жергілікті.
5.Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады)
6.Құзырлығының сипаты бойынша - жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).
Қазақстан Республикасының коституциясы - еліміздің ата заңы 1993 жылдың 28 қаңтарында бірінші конституция бекіген болатын. Тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасуында ол белгілі бір тарихи рол атқарды. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда жаңа конституция қабылданды. 1998 жылы ел президентінің бастамасымен парламент Конституцияға 2 шақты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл толықтырулар парламенттің өкілдігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтті.
Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Президент елбасы болып табылыды. Президентке кең өкілдік берілген. Ол Үкіметті қалыптастырады, Парламенттің келісімімен Премьер-министрді тағайындайды, оны қызметінен босатады. Президент Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшысы болып табылады. 1991 жылы елдің алғаш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Конституция бойынша президент бес жылға сайланады, бірақ 1998 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес бұл мерзім жеті жылға дейін ұзартылды. 1999 жылы Президенттің кезектен тыс сайлауы болды, онда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 2000 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң Республика басшысының өмірлік мәртебесін анықтады.Қазақстан Республикасының Парламенті - заң шығару міндетін атқаратын Жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Парламент екі құрылымнан тұрады: Жоғарғы палата - Сенат, Төменгі палата - Мәжіліс. Сенатты әр облыстан, республикалық маңыздағы қалалардан және мемлекет астанасынан екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Парламент өкілеттігінің мерзімі 4 жыл.
Үкімет атқару билігінің жоғарғы органы болып табылады. Үкімет басында Премьер-министр тұрады.Оны республика Парламентінің келісімімен Президент тағайындайды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, оның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртібін қамтамасыз етеді. Үкімет өз қызметі үшін Президент алдында жауап береді және өз өкілдігін жаңадан сайланған Президент алдында тоқтатады.Сот жүйесі қызметін Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары жүзеге асырады. Қазақстанда әділет органдарын реформалау жөніндегі негізгі жетістіктер Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі Конституциялық заңында көрсетілген. Бұл заң 2000 жылдың 25 желтоқсанында қабылданды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі Жоғарғы сот органы болып табылады. Конституциялық заңдардың орындалу бақылауын Конституциялық Кеңес жүргізеді. Ол алты жылға сайланатын жеті мүшеден тұрады. Бұның сыртында Республика экс-президенттері Конституциялық Кеңестің өмірлік мүшелері болып табылады.Жергілікті жерлерде мемлекеттік басқару жергілікті өкілетті және атқаратын органдарының еншісінде. Жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттар - сол әкімшілік-аумақтық бірлік жұртшылығының қалауын білдіреді. Жергілікті атқару билігін облыстық әкімшіліктер - облыс әкімдері басқарған әкімдіктері жүргізеді. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды.
Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді, олардың біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның Жеті жарғысын білу қажет. Демократияның маңызды бір буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның салтанат құруы болып табылады. Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары Қазақстан Республикасы және дамыған елдер Конституцияларының сот туралы ережелерімен астасып жатыр. Ол соттарды шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды: білімді және білікті адамдарды, осы орында отыру мерзімін анықтамай-ақ, сайлау қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды ауыстырукерек.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы -- адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.
Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады. Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген. Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны -- Үкімет, сот билігін -- Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады.Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады.Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Конституция Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам қалып-тастыруға ықпал жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық және саяси әралуандылық танылатынынан айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық билікті саяси әралуандылық негізінде жүзеге асырады. Конституция саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші ретіндегі қандай да бір идеологияның белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің әралуандылығымен сипатталады.
1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі болып табылады. Сот билігінің тәуел-сіздігі судьялардың өкілеттігін сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және Әділет біліктілік комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады. Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген (79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады және тағайындалады. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді демократизациялауға бағытталған. 75-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, өзгерістері және толықтыруларымен, соттарды жеке билік ретінде бекіткен, соттар өз қызметінде заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз.Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет деп жариялайды. Демек Қазақстан құқықтық мемлекет құру және оның негізгі белгілерін конституциялық бекіту жолында тұр.Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің негізі:
- Құқықтық мәдениет;
- Азаматтық қоғам;
- Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:
1. Заңның үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келеді

1.2 МЕМЛЕКЕТ ТҮРЛЕРІ

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
* Унитарлық (лат. unitas -- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
* Федерация (лат. foederatio -- одақ, бірлестік) -- белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді

1.3 МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ

* мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
* мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
* мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
* мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
* мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
* мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
* мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
* мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
* мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
* мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Осы заманғы теория бойынша мемлекеттік құрылым унитарлық және федеративтік болып бөлінеді.Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтың құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынады унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет болып табылады. Унитарлық мемлекет тек әкімшілік - аумақтық бөлшектерге бөлінеді де, мемлекеттік ішкі әкімшілік - аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылымдарға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекеттерде бір ғана конституция, бір заң шығаратын жоғарғы орган, бір жоғарғы басқару органы, біртұтас азаматтық болады.Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып табылады.Мемлекет құрылымының екінші бір түрі - федерация. Федерация құрамында екі немесе одан да көп мемлекеттер болады. Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет. Онда федералдық конституция, заң шығару, басқару органы бар.Дегенмен федерациялық мемлекеттің билігі оған кірген мемлекеттерден өріс алады. Бұл әр түрлі формада көрінуі мүмкін. Кейде мемлекеттер федерациясына кіретін үкімет одақ мемлекеттің ең жоғарғы билігін құруы мүмкін, мысалы президент. Бірақ бұл екінші жағдайда да мемлекеттерге одақ мемлекетінің билігін жүзеге асыруға қатысуға құқық берілген. Мысалы, барлық республикалық одақ мемлекеттерінде палаталарының бірі федерация мүшесінің өкілдігі ретінде қызмет етеді және де бұлардың кейбіреулерінде федерация субъектілерінің теңдігі әрі мемлекет - мүшесіне, көбіне федерацияға енетін, конституцияны өзгерткенде шешуші дауысы бар бөлек мемлекеттерге депутаттарының санының теңдігін ұсынғанда көрінеді.Бұл федеративтік құрылыстың үлкен және эмперикалық түрлілігіне куә болады. Бұлардың жартысы тарихи өзгеріп бірқатар федерациялардың унитарлық мемлекетке айналу тенденциясында көрініс табады.
Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі конфедерация деп аталады.
Конфедерация - тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Бұндай одақ бір немесе бірнеше саяси, экономикалық, әскери т.б. мақсаттарды көздеп құрылады. Конфедерация белгілері бар құрылым мемлекет конфедерациялық одаққа кіре отырып, өзінің тәуелсіздігін толық сақтайды.Мемлекет конфедерациялық одаққа өзінің тәуелсіздігін толығымен сақтап, ішкі және сыртқы істердің барлығында дербес субъект бола береді. Әдетте конфедерацияның бір әскери заң шығарушы органдары, бір азаматтығы, бір салық, бюджет, ақша бірлігінің жүйесі болмайды. Конфедерацияның маңызы бойынша шапқыншылық немесе қорғаныс одағы болатын шатастырмау керек. Оларға қарағанда конфедерация тиісті тұрақты болады және оның мемлекеттік заңды сипаттамасымен және өз биліктерімен тек қана сыртқы істерде ғана жүзеге асырылмайтын, басқарудың конфедералдық органдары бар.Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі - тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.

1.4 МЕМЛЕКЕТТІҢ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

Мемлекеттік билік органдары-мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзіреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан,рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді.Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:Конституциямен,республик алық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін органдар(Республика Үкіметі,Парламенті,сот органдары).Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар(Президент әкімшілігі және т.б).Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.Мемлекеттік механизмі түсінігі мемлекеттік аппарат категориясымен тығыз байланысты.Соңғысын екі мағынада:тар және кең мағынада түсінуіміз қажет.Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекет органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес келеді.Неғұрлым тар(арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.Ендеше,мемлекет механизмі(аппараты) бұл-Қазақстан Республикасының Конституциясында,өзге де республикалық заңдарда бекітілген,тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі.Яғни,мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады.Біз қай тұрғыдан болмасын,мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік механизмді де қарастыруымыз қажет.
Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді:Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі.Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.Қазақстан Республикасының Президенті-мемлекет басшысы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.Республиканың Президенті-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,Конституцияның мызғымастығының,адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді(40-бап).Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған,40 жасқа толмаған,мемлекеттік тілді еркін меңгермеген,әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет.Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындвғв жатады.Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды,өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады.Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.Қазақстан Республикасының Парламенті-Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы,ол тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан-Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы-Мәжіліс жалпыға бірдей,тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы-Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады(51-бап).
Қазақстан Республикасының Үкіметі-атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады,атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың,қызметіне басшылық жасайды.Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.Сот билігін-сотта іс жүргізудің азаматтық,қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады.Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың Жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді(75-бап).Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Әкімшілік құқықтың әдісі
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Пәндер