Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жалпы түсінік
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Мемлекеттiк кәсiпорынның түсiнiгi мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметтерiнiң негізгі мақсаттары ... ... ... ... ...7
2. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1. Мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, тiркеу және қайта ұйымдастыру мен тарату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудың тәртiбi мен ережелерi ... ... ...14
2.3. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..17
3. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
3.1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.1. Оралымды басқару құқығындағы кәсiпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi заңды тұлғалардың соның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынның мүлiктiк құқығын өзiнше дербес заңдық құқық ретiнде анықтайды.
Азаматтық Кодекстiң мемлекеттiк кәсiпорындар, яғни шаруашылық жүргiзу құқығы мен оралымды басқару құқығының заттық сипаты туралы ережелерiмен Қазақстан Рспубликасының бiрқатар нормативтiк құқықтың құжаттары үйлестiрiлген.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және салым бойынша, оның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерi арасында да таратылмайды. Мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң шаруашылық қожалықтары, акционерлiк қоғмдар және кооперативтер мүлкiнен елеулi айырмашылығы осында
Жұмыстың мақсаты. Жоғарыда көрсетiлгендей азаматтық құқық саласындағы, соның iшiнде заңды тұлғалардың бiр түрi мемлекеттiк кәсiпорынның құқықтық жағдайына арналған. Аталмыш жұмыс осы мемлекеттiк кәсiпорынның құқықтық жағдайы, құрылуы, таратылуы, негiзгi мақсаттары, кәсiпорынның басқару тәртiбi, мүлкi және түрлерi мәселелерiне толықтай түсiнiк бередi.
Жұмыстың міндеті:
- Мемлекеттік кәсіпорындардың түсінігі мен белгілеріне құқықтық анықтама беру;
- Мемлекеттік кәсіпорындардың заңды тұлғалардың басқа түрлерінен ерекшеліктерін ашып көрсету;
- ҚР-ның мемлекеттік кәсіпорын саласындағы заңнамаларына талдау жасау;
- мемлекеттiк кәсiпорынның меншiк түрлерiне қарай бiрнеше түрлерге бөлiнетiндiгi жазылған. Сол кәсiпорындардың түрлерiне жеке-жеке тоқталып кеткен.
- мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг жүргізу ережесі мен тәртібі мәселелері қарастырылған.
Курстық жұмыс 2 үлкен бөлiмнен, кiрiспе және қорытынды бөлiмдерiнен тұрады.
Бiрiншi бөлiмде, мемлекеттiк кәсiпорынның түсiнiгi мен мазмұнына тоқталып кеткен. Мемлекеттiк кәсiпорынға кәсiпкерлiктi жүзеге асырушы ұйым ретiнде түсiнiк берiлген. Сонымен қатар осы бөлiмде мемлекеттiк кәсiпорынның заңдарында белгiленген қызметiнiң негiзгi мақсаттары көрсетiлген.
Екiншi бөлiмде, мемлекеттiк кәсiпорынды құру, тiркеу, қайта ұйымдастыру мен тарату ережелерi және тәртiптерi жазылған. Негiзiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiптерi, заңды тұлғалардың басқа ұйымдық-құқықтық нысандарына қарағанда бiршама айырмашылықтары мен ерекшелiктерi бар. Сондай-ақ осы бөлiмде, мемлекеттiк кәсiпорынды басқару тәртiбi мен ережелерiне, яғни кiм, қалай басқарады ? деген сұраққа жауап жазылған. Бөлiмде кәсiпорынның өндiрiстiк базасы – оның мүлкi жайында сөз болған.
Сонымен қатар курстық жұмыста осы саланы жетiк меңгерген және зерттеген қазақстандық авторлар, соның iшiнде М.К Сүлейменов, Ю.Г. Басин, А. Худяков, И.У. Жанайдаров, С.Ю. Жайлин және т.с.с. еңбекетерiн қолдана отырып жазылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтң құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi. Жалпы бөлiм, 27 желтоқсан 1994 жыл (өзгертулер мен толықтырулар, 16 мамыр 2013 жыл). -105-117 б.
2. «Мемллекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наруыздағы №446 Қаулысы
3. “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы, 2000 жыл 8 сәуiрдегi заң.
4. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 1297
6. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің 2004 жылғы 1 желтоқсанында № 424 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту» туралы Ережесі. – 11б.
Арнайы әдебиеттер:
1. Азаматтық құқық. 1 том. (жауапты редактор М. К. Сүлейменов. Ю. Г. Басин (орысшадан аударған)). Алматы,2003 жыл. – 239,243 б.
2. Актуальные проблемы гражданского права. (под редакцией М. И. Брагинского). Москва, статут 1999 год. – 85б.
3. «Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы». Төлеуғалиев Ғ. Оқулық.Алматы: Жеті жарғы 2001 ж. 140-145 беттер.
4. Пиляева В. В. “Гражданское право” (учебное пособие). Москва: ИНФРА-М, 2001 год. - 40-43 б.
5. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi. Жалпы бөлiм, 27 желтоқсан 1994 жыл (өзгертулер мен толықтырулар, желтоқсан 2006 жыл). – 313, 317,320 б.
6. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (общая часть). Комментарий постатейный в 2-х книгах. Книга 1. Алматы: Жетi жарғы, 2003 год. – 46-53 б.
7. Басин Ю. Г. “Юридические лиц по гражданскому законодательству Республики Казахстан”. Учебное пособие. Алматы: ВШП “Әдiлет”, 2000 год. -25,26б.
8. “Вещные права в Республике Казахстан”. (ответственный редактор М. К. Сулейменов). Алматы: Жетi Жарғы, 1999 год. -91,92б.
9. Право частной и государственной собственности по гражданскому законодательству. //Предпринимательское право, 1996 г. № 20. -8,9 б.
10. “Гражданское право”. Том 1. Учебник. (под редакцией А. П. Сергеева. Ю. К. Толстого). Москва: Проспект,1999 год. 130-139 стр.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Мемлекеттiк кәсiпорынның түсiнiгi мен
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметтерiнiң негізгі
мақсаттары ... ... ... ... ...7
2. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1. Мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, тiркеу және қайта ұйымдастыру мен
тарату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудың тәртiбi мен
ережелерi ... ... ...14
2.3. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..17
3. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
3.1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы
кәсiпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.1. Оралымды басқару құқығындағы
кәсiпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..36
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi заңды
тұлғалардың соның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынның мүлiктiк құқығын өзiнше
дербес заңдық құқық ретiнде анықтайды.
Азаматтық Кодекстiң мемлекеттiк кәсiпорындар, яғни шаруашылық
жүргiзу құқығы мен оралымды басқару құқығының заттық сипаты туралы
ережелерiмен Қазақстан Рспубликасының бiрқатар нормативтiк құқықтың
құжаттары үйлестiрiлген.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және салым бойынша, оның
iшiнде кәсiпорын қызметкерлерi арасында да таратылмайды. Мемлекеттiк
кәсiпорын мүлкiнiң шаруашылық қожалықтары, акционерлiк қоғмдар және
кооперативтер мүлкiнен елеулi айырмашылығы осында
Жұмыстың мақсаты. Жоғарыда көрсетiлгендей азаматтық құқық саласындағы,
соның iшiнде заңды тұлғалардың бiр түрi мемлекеттiк кәсiпорынның құқықтық
жағдайына арналған. Аталмыш жұмыс осы мемлекеттiк кәсiпорынның құқықтық
жағдайы, құрылуы, таратылуы, негiзгi мақсаттары, кәсiпорынның басқару
тәртiбi, мүлкi және түрлерi мәселелерiне толықтай түсiнiк бередi.
Жұмыстың міндеті:
- Мемлекеттік кәсіпорындардың түсінігі мен белгілеріне құқықтық
анықтама беру;
- Мемлекеттік кәсіпорындардың заңды тұлғалардың басқа түрлерінен
ерекшеліктерін ашып көрсету;
- ҚР-ның мемлекеттік кәсіпорын саласындағы заңнамаларына талдау
жасау;
- мемлекеттiк кәсiпорынның меншiк түрлерiне қарай бiрнеше түрлерге
бөлiнетiндiгi жазылған. Сол кәсiпорындардың түрлерiне жеке-жеке
тоқталып кеткен.
- мемлекеттік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі жағдайына
мониторинг жүргізу ережесі мен тәртібі мәселелері қарастырылған.
Курстық жұмыс 2 үлкен бөлiмнен, кiрiспе және қорытынды
бөлiмдерiнен тұрады.
Бiрiншi бөлiмде, мемлекеттiк кәсiпорынның түсiнiгi мен мазмұнына
тоқталып кеткен. Мемлекеттiк кәсiпорынға кәсiпкерлiктi жүзеге асырушы ұйым
ретiнде түсiнiк берiлген. Сонымен қатар осы бөлiмде мемлекеттiк
кәсiпорынның заңдарында белгiленген қызметiнiң негiзгi мақсаттары
көрсетiлген.
Екiншi бөлiмде, мемлекеттiк кәсiпорынды құру, тiркеу, қайта
ұйымдастыру мен тарату ережелерi және тәртiптерi жазылған. Негiзiнде
мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiптерi, заңды
тұлғалардың басқа ұйымдық-құқықтық нысандарына қарағанда бiршама
айырмашылықтары мен ерекшелiктерi бар. Сондай-ақ осы бөлiмде, мемлекеттiк
кәсiпорынды басқару тәртiбi мен ережелерiне, яғни кiм, қалай басқарады ?
деген сұраққа жауап жазылған. Бөлiмде кәсiпорынның өндiрiстiк базасы – оның
мүлкi жайында сөз болған.
Сонымен қатар курстық жұмыста осы саланы жетiк меңгерген және
зерттеген қазақстандық авторлар, соның iшiнде М.К Сүлейменов, Ю.Г. Басин,
А. Худяков, И.У. Жанайдаров, С.Ю. Жайлин және т.с.с. еңбекетерiн қолдана
отырып жазылды.
1. Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жалпы түсінік
1.1. Мемлекеттiк кәсiпорынның түсiнiгi мен белгілері
Заңдарда кәсiпорын терминi екi мағынада қолданылады. Алғашқысында
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешендi
(зауыт, фабрика, шахта және т.с.с.) кәсiпорын деп түсiнедi. Бұл мағынадан
алғанда, мысалы кооперативтiк, жеке, отбасылық кәсiпорын және т.с.с. туралы
айтуға болады. Демек, мүлiктiк кешен ретiнде қарастырылатын кәсiпорын жеке
меншiкке де, мемлекеттiк меншiкке де жатуы мүмкiн. Екiншi мағынасында
“кәсiпорын” терминi заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандарының бiрiн
бiлдiредi және бұл мағынада тек мемлекеттiк кәсiпорын болуы мүмкiн.
Заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк кәсiпорын өзiне тиесiлi мүлiктiң
меншiк иесi болып есптелмейдi – оның меншiк иесi мемлекеттiң өзi және осы
кәсiпорын иеленiп отырған мүлiкке заттық құқықа қарай өз қызметiн жүзеге
асырады. Олар Азаматтық Кодекснiң 102-бабының 1 тармағына сәйкес:
1. шаруашылық жүргiзу құқықтарына негiзделген;
2. оралымды басқару құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорынға
бөлiнедi[1].
Мұның кейiнгiсi қазыналық кәсiпорын (яғни қазынаға, фискiге
(мемлекетке)тиесiлi кәсiпорын) деген арнайы терминмен аталады.
Мемлекеттiк меншiктiң түрiне қарай кәсiпорын:
а) республика меншiгiндегi кәсiпорын - республикалық мемлекеттiк
кәсiпорын.
б) коммуналдық меншiктегi кәсiпорын - коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорын болып бөлiнедi.
Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк
кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
Мүлiктiк кешен ретiнде мемлекеттiк кәсiпорын жылжымайтын мүлiк
деп танылады. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорын құрамына оның қызмет етуiне
арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар,
құрал-саймандар, шикiзат өнiмдерi, жер учаскесiне құқық, талап ету құқығы,
борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар
(фирмалық атау, тауар белгiлерi) басқа да айрықша құқықтар енедi. Кәсiпорын
тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру
және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты
басқа да мәмiлелер объективтерi болуы мүмкiн. Мүлiктiк кешен ретiндегi
кәсiпорын құрамындағы борыштарды берген кезде несие берушiлердiң құқыққа
азаматтық кодекстiң баптарында көзделген тәртiппен кепiлдiк берiледi.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас
мемлекеттiк кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (кепiлге беру, жалдау және
тағы да басқалары) жасау, оны оқшаулау жөнiндегi мәмiлелердi қоспағанда-
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ол коммуналдық кәсiпорын
жөнiнде- тиiстi әкiмнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттiк
кәсiпорын ролi мен маңызы көп ретте экономиканың түрiне қарай айқындалады:
мемлекеттiк меншiкке негiзделген социалистiк экономикада мемлекеттiк
кәсiпорын елдiң өндiрiстiк шаруашылық кешенiнiң негiзгi бөлiгiн құрайды.
Жеке меншiк басым болатын нарықтық экономика жағдайында мұндай
кәсiпорынның мөлшерi әдетте көп болмайды. Мұны жеке кәсiпорынның
экономикалық тиiмдiлiгiнiң төмендiгiмен (бұған адамзаттың тарихи тәжiрибесi
дәлел болуда) ғана емес, сондай-ақ мұндай жағдайда мемлекеттiк функциясының
да айтарлықтай өзгеруiмен түсiндiруге болады- ол өндiрушi жеке
кәсiпкерлердiң қолына бере отырып, өндiрiстiң өзiн дамытудан шеттеп қалады
және оның қызметiнiң негiзгi бағыты әлеуметтiк және саяси функциялар болып
шығады. Сондықтан мемлекеттiк кәсiпорын қоғам үшiн қажет болса да, жеке
бизнес үшiн ынта тудырмайтын (мысалы: беретiн табыстың аздығынан) экономика
салаларында ғана құрылады немесе мемлекетке жүктелген мiндеттердi шешудiң
құралы ретiнде қызмет етедi.
Осыған байланысты, қазiргi уақытта негiзгi акт болып табылатын
осы кәсiпорынның құқықтық мәртебесiн айқындайтын кәсiпорын туралы жарлық
мемлекеттiң қажеттерiмен айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық
мiндеттердi шешу болып табылады деп көрсетедi:
1. Елдiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және
қоғамдық мүдделерiн қорғау;
2. Экономиканың жеке меншiк секторы қамтымай немесе жеткiлiксiз қамтыған
қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi
тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету).
3. Мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе мемлекеттiң болып табылатын
саясатты қызметтi жүзеге асыру.
Мемлекеттiк бөлiктердiң құқықтық ережелерiнiң, құрылуының,
лицензиялануының, қызметiнiң реттелуiнiң, жауапкершiлiгiнiң, қайта
ұйымдастырылуы мен таратылу шарттарының ерекшелiктерi қолданылып жүрген
банк заңдарымен белгiленедi.
1.2. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметтерiнiң негізгі мақсаттары
Өзiнiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бойынша мемлекеттiк
кәсiпорынның негiзгi мақсаты ретiнде табыс табуды көздеген қоғамдық
ұйымдарға жатады. Алайда мемлекеттiк кәсiпорынның негiзгi мақсаты
мемлекеттiң алдында тұрған әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу
болғандықтан, табыс табу олардың қызметiнiң айқындаушы мақсаты ретiнде
көрiнбеуi тиiс-мемлекет өз кәсiпорынын олар мемлекеттiң өз функцияларын
жүзеге асыру құралы болуы үшiн құрады. Мұнда мынаны басшылыққа алу керек:
мемлекеттiк кәсiпорын қызметi осы кәсiпорын қызметкерлерiнiң жеке басының
көзi болмауы керек (ол үшiн жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысу керек),
нарықтық экономика жағдайларында өмiр сүру мемлекеттiк табысының басшы көзi-
салықтар болуға тиiс.
Сондықтан, егер мемлекет, айталық, соғыс мүгедектерiне арналған
протездер шығаратын кәсiпорын құратын болса, онда алдына мемлекет бюджетi
үшiн табыс кiргiзу мақсатын қою (осы кәсiпорын қызметкерлерiнiң жеке
басының баюы туралы айтпағанның өзiнде) әлеуметтiк саясатқа емес, сондай-ақ
адамгершiлiкке жат әрекет болып шығар едi. Солай бола тұрса да, мемлекеттiң
кәсiпорынды өзiнiң қаржылық қызметiн жүзеге асыру құралы ретiнде (жай
тiлмен айтқанда бюджет кiрiсiн табу көзi ретiнде) пайдалана алатынымен де
санасуға тура келедi. Бұл, әдетте, бағасы арзан жасаулы қарапайым тауарлар
шығарып, сатуға мемлекет монополиясын орнату жолымен iстеледi[2].
Бұл тұрғыдан қарағанда, алкоголь және темекi өнiмдерiне монополия
нақты мысал бола алады. Ертеректе Ресейде әйгiлi тұз бүлiгiнiң шығуына
себеп болған тұз монополиясы қолданылған. Әлде бiр бағалы шикiзат
ресурстарын (мысалы, мұнайды, көмiрдi) немесе асыл металдарды тек
мемлекеттiң меншiгiне жатады деп жариялай отырып, мемлекет көп жағдайда осы
мақсаттар үшiн меншiк институтын пайдаланады.
Мемлекеттiк кәсiпорынды бюджет кiрiстерiн табу құралы ретiнде
пайдалану тәжiрибесiн нарықтық экономиканың қағидаларына (экономикасы
мемлекеттiк меншiкке негiзделген социализм үшiн, мұндай практика,
керiсiнше, қалыпты болып табылады) сай келедi деп есептеуге бола қояр ма
екен. Алайда, ол кейбiр елдерде әлi де қолданылады, негiзгi және басты
бағыты мемлекет үшiн ақша табу болып саналатын мемлекеттiк кәсiпорындардың
құрылуын осымен түсiндiруге болады, яғни мемлекеттiң қаржылық қызметiн
жүзеге асыру осындай кәсiпорындарға жүктеледi. Алайда кез-келген
жағдайларда мемлекеттiк кәсiпорын тек олардың қызметкерлерiнiң, оның үстiне
басшылығының жеке басының баюына арналған тетiк бола алмайды, ол, алайда,
еткен жақсы еңбегi үшiн және кәсiпорынның жоғары экономикалық
көрсеткiштерге жеткенi үшiн материялдық ынталандыру және сыйақы алу
мүмкiндiктерiн мүлде жоққа шығармайды. Мемлекеттiк кәсiпорын жеке бастың
мақсаттарына пайдалану мемлекеттiк меншiктiң мәнi мен мақсатына қайшы
келген болар едi.
Мынаны атап көрсету керек: кәсiпорын туралы жарлық қабылдаған
кезеңде Қазақстан экономиканы мемлекеттiк иелiгiнен алу сатысынан бастан
өткерiп жатқан-ды, яғни өткен кезеңнiң айтарлықтай сәтсiз, социалистiк
мұрасы ретiнде мемлекеттiк сектор, жалпы алғанда, терiс құбылыс ретiнде
қарастырылады. Бұл жарлықтың мемлекеттiк кәсiпорындардың сан жағынан өсуiне
кедергi жасайтын, оларды құрудың күрделендiрiлген тәртiбiн белгiленгенiн
осымен түсiндiруге болады. Мәселен, республикалық мемлекеттiк кәсiпорын
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша (өзiнiң шешiмi бойынша
Ұлттық Банк кәсiпорнынан басқасы), коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорынҚазақстан Республикасы Үкiметi белгiленген тәртiппен тиiстi
әкiмнiң шешiмi бойынша құрылады.
Сонымен қатар, егер ол заңда белгiленген осындай үлгiдегi
кәсiпорындардың мақсатына сай келетiн болса, мемлекеттiк кәсiпорын
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ қазыналық) құруға жол берiлетiнi
көзделген. Мұнда да, жалпы тәртiпке сәйкес заңды тұлғалардың мақсатын
анықтауда құрылтайшының кәсiптiк қызмет түрiн таңдау еркiндiгi болды.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атау тiзбесiн Қазақстан
Республикасы Үкiметi бекiтедi. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атау
тiзбелерiн тиiстi әкiмдер бекiтедi. Осының бәрi тағы да мемлекет
меншiгiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер санының өсуiне жол бермеуге
бағытталған.
Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсатын, мемлекеттiк
басқару органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы)
айқындайды, бұл кәсiпорынның жарғысында бекiтiледi және шаруашылық жүргiзу
құқығындағы кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 18-бабының
талаптарына, ал қазыналық кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Заңның 32-
бабының талаптарына сәйкес келуi керек. Мемлекеттік кәсіпорынға өз
Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін
қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады.
Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет мақсатына қайшы жасаған
мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның құрылтайшысының (уәкiлдi
органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы мүмкiн.
Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет
жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген ретпен
тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады.
Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен
мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық
мiндеттердi шешу болып табылады:
1. мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және
қоғам мүддесiн қорғау;
2. экономиканың жеке меншiк секторы қамтылған немесе жеткiлiксiз қамтылған

тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3. мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау
функцияларын қоспағанда мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы
қызметтердi жүзеге асыру.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында мүлiк иесi (ал ол
мемлекет болып табылады) мемлекеттiк меншiктiң қай түрiне (республикалық
немесе коммуналдық) жататыны және ведомствалық бағыныстылығы (яғни жоғары
тұрған органдарының белгiсi) көтерiлуi тиiс. Оралымды басқару құқығындағы
кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық кәсiпорын екенi көрсетiлуi
тиiс. Мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Елтаңбасы бейнеленген және кәсiпорынның фирмалық атауы бар мөрi болады (бұл
оның мемлекеттiк екенiн дәлелдейдi).
Мемлекеттiк кәсiпорындарға өз Жарғысында көрсетiлген қызметтердiң
нысаны мен мақсатына сай келмейтiн қызметтердi жүзеге асыруына, сондай-ақ
мәмiлелердi жасауына тыйым салынады. Кәсiпорынның Жарғысында айқындалған,
қызмет мақсатына қайшы жасаған мәселесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның
құрылтайшысының (уәкiлдi органдардың) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы
мүмкiн. Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-
әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген
ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық жағдайы
2.1 Мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, тiркеу және қайта ұйымдастыру мен
тарату
Мемлекеттiк кәсiпорынды қайта құрудың және таратудың белгiленген
тәртiбi экономиканың осы секторының сақталуын (сондай-ақ мемлекеттiк
меншiктiң сақталуын) қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тәртiпке сәйкес
республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын –
Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы
органдардың шешiмi бойынша құрылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарының
құрылтайшысы уәкiлдi орган болады. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы
кәсiпорындарды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша, мемлекеттiк
кәсiпорындар туралы Жарлықтың бабында айтылған талаптарға сай келген
жағдайда жол берiледi.
Қазыналық кәсiпорындарды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты
бойынша мемлекеттiк кәсiпорын туралы Жарлықтың 32 бабында айтылған
талаптарға сай келген жағдайда ғана жол берiледi.
Мемлекеттiк кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден
бастап құрылған деп саналады және заңды тұлғалардың құқығына ие болады.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайда
мемлекеттiк кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады[3].
Мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құру және тарату Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ол коммуналдық кәсiпорындар үшiн –
тиiстi әкiмнiң шешiмi бойынша жүргiзiледi. Осылайша, кәсiпорынның өзiн-өзi
таратуының кез-келген әдiсi және тiптi құрылтайшысының шешiмi бойынша
таратуды кәсiпорындарға қатысты қолданылмайды.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық кәсiпорын – жергiлiктi атқарушу
органдардың шешiмi бойынша қайта ұйымдастырылады және таратылады. Кәсiпорын
азаматтық заңдарда көзделген басқа негiздер бойынша да таратылуы мүмкiн.
Кәсiпорындарды қайта құруды және таратуды, егер Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органның
келiсуiмен мемлекеттiк басқару органы жүзеге асырады.
Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандырудан кейiн қалған
таратылған кәсiпорындардың мүлкiн уәкiлеттi орган қайта бөледi.
Таратылған кәсiпорынның ақша қаражаты осы кәсiпорынның несие
берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалатын мүлкiн сату
нәтижесiнде түскен ақша қаражатымен қоса тиiстi бюджетiнiң табысына
есептеледi. Мемлекет – кәсiпорын қатынасы жүйесiнде кәсiпорын басқару
объектiсi рөлiн (ал мүлiктiк кешен ретiнде – мемлекеттiк меншiк құқығы
объектiсi ролiн) атқаратындықтан мемлекет өзiнiң уәкiлеттi органы арқылы
құқықтардың ғана иесi, ал кәсiпорын – тек мiндеттердi атқарушы деп
есептеуге, болмайды: көлемi мен арақатынасы түрлiше болса да, екi
субъектiнiң құқықтары да, мiндеттерi де бар. Мемлекеттiк кәсiпорынның
құқықтық мәртебесi (оның iшiнде мемлекетпен қатынасында нақты
өкiлеттiлiктердi иеленуi) оның заң тқлғалары болуымен, яғни оқшау мүлкi бар
ұйым болып өз мiндеттемелерiне осы мүлiкпен жауап беретiнiме, өз атынан
мүлiктiк және өзiндiк мүлiктiк емес құқықтарды иеленiп, оларды жүзеге асыра
алатынымен айқындалады. Өз кезегiнде бұл мәртебе оның органдары арқылы
мемлекетке де нақты мiндеттер жүктейдi. Мұндай құқықтарды қорғауды
қамтамасыз ету үшiн Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Жарлық оған кәсiпорынның
тапқан пайдасын алып қоюға, мүлiктi қайта бөлуге, мемлекеттiң тапсырыстарын
орналастыруға, кәсiпорын өндiретiн тауарларға (жұмыстарға, көрсететiн
қызметке) баға белгiлеуге, сондай-ақ кәсiпорынның құқықтарын бұзатын басқа
да әрекеттерге байланысты уәкiлеттi адамның iс-әрекетiн қоса алғанда,
мемлекеттiк органдардың заңсыз әрекеттерi жөнiнде сотқа шағым жасау құқығын
бередi.
2.2. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқарудың тәртiбi мен ережелерi
Мемлекеттiк кәсiпорын өзiне тиесiлi мүлiктiң меншiк иесi
болмағандықтан және мүлiктiк кешен ретiнде мемлекттiң меншiгiнде
тұрғандықтан, ол өз мүддесi үшiн емес, мемлекет мүдделерi үшiн әрекет
еткендiктен, кәсiпорын мен мемлекеттiң өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру
мақсатында уәкiлеттi орган фигурасы енгiзiледi.
Уәкiлеттi орган өзiнiң кәсiпорынымен қарым-қатынасында мемлекеттiң
өкiлi болып табылады, оның мүдделерiн бiлдiруi тиiс және үш негiзгi
қызметтi атқарады.
1. Бiрiншiден, бұл орган кәсiпорынның құрылтайшысы ретiнде (жоғарыда
аталғандай, кәсiпорынның Үкiметтiң немесе тиiстi әкiмнiң шешiмi бойынша
құрылатынын ұмытпастан) әрекет етедi.
2. Екiншiден, ол кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы бөлiп шығарады.
Мұнда оның кәсiпорындармен қатынастары әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар
болуы да, билiк және бағыну схемасы бойынша құрылады, мұндағы билеушi
субъект – уәкiлеттi орган, ал бағынушы субъект – заңды тұлғ ретiндегi
кәсiпорын болады.
3. Үшiншiден, ол меншiк иесiнiң (дәлiрек айтқанда, меншiк иесi өкiлiнiң, ол
меншiк иесi мемлекеттiң өзi) функциясын атқарады., мұнда оның
кәсiпорынмен қатынастары азаматтық-құқықтық қатынастар болады.
Алайда бұл арада мынаны ескеру керек: мұндай қатынастарды меншiк иесi
мен оның заттары арасындағы қатынастарға әкеп теңеуге болмайды. Өйткенi өзi
заңды тұлға болып табылатын кәсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi
иелену, пайдалану және оған билiк ету өкiлеттiлiктерiн қоса есептегенде,
белгiлi-бiр шаруашылық дербестiктi иеленедi.
Атаған үш қызметiнiң әрқайсысы бойынша өкiлеттiктердiң көлемi
кәсiпорындардың түрiне қарай (ол шаруашылық құқығындағы кәсiпорын болып,
қазыналық немесе еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып аталады) түрлiше
болады. Солай бола тұрса да, жинақтау ретiнде мынадай тұжырым жасауға
болады. Құрылтайшы ретiнде әрекет ете отырып, уәкiлеттi орган кәсiпорынның
жарғысын жасап, бекiтедi, онда кәсiпорынның нысанасы мен қызмет ету
мақсатын айқындайды; заңды тұлға ретiнде кәсiпорынды тiркеуден, қажет
болатын жағдайда қайта тiркеуден өткiзедi; заңдар бойынша заңды тұлғалардың
құрылтайшысына жүктелетiн өзге де өкiлеттiктер мен мiндеттердi жүзеге
асырады.
Мемлекеттiк басқару органы ретiнде уәкiлеттi орган:
- кәсiпорынның басшысын тағайындайды, белгiленген тәртiппен оны тәртiптiк
жауаптылыққа тартады және заңдарға сәйкес лауазымынан босатады;
- мемлекеттiң тапсырысын кәсiпорындарға жеткiзедi және оның орындалуын
бақылайды;
- кәсiпорын тапқан пайданы бөлу нормативтерiн бекiтедi;
- кәсiпорын басшысының, оның орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтердiң
лауазымдық айлық ақыларының мөлшерiн белгiлейдi;
- кәсiпорынның қызметi туралы есептердi тыңдайды және оған бақылауды жүзеге
асырады.
Мемлекет тапсырыс жөнiнде мынаны бiлген жөн: мемлекеттiк
кәсiпорын үшiн бұл тапсырысты орындау мiндеттi болып табылады. Ал
мемлекеттiк емес ұйым үшiн тапсырысты қабылдау ерекше түрде жүргiзiлдi.
Сондықтан егер осындай шарттар жасауды мемлекеттiң тапсырысында көзделген
болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi) сатып алушы
немесе сатушы ретiнде шарт жасаудан бас тарту құқығы жоқ. Сонымен бiрге,
мемлекеттiң тапсырысынан тыс өндiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлген
қызметтi) кәсiпорынның өз бетiнше өткiзуi көзделген.
Кәсiпорынның меншiк иесi ретiнде уәкiлеттi орган:
- кәсiпорын құрылған кезде оған мүлiк бередi, оның жарғылық және өзге де
қорларын құрады;
- заңдарға сәйкес рұқсат талап етiлетiн жағдайларда кәсiпорынның мүлiкпен
мәмiле жасауына рұқсат бередi;
- заңда мұндай әрекет көзделген жағдайларда кәсiпорынның мүлкiн алып қояды;
- кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң мақсатына сай пайдаланылуына және сақталуына
бақылауды жүзеге асырады.
Мынаны есте ұстаған жөн: қызметтердi (функцияларды) былайша
бөлудiң шартты сипаты бар (нақты өмiрде, олар әлдеқайда күрделенiп, бiрiн-
бiрi толықтырып жатады) және уәкiлеттi органдардың өзi әртүрлi фигураларға
бөлiнбестен, бiртұтас субъект болып табылады. Мәселен, уәкiлеттi органның
кәсiпорынды мемлекеттiк басқару функциясын жүзеге асыруы бiрқатар
жағдайларда меншiк иесiнiң өкiлi ретiнде өзiне тиесiлi өкiлеттiлiктердi
жүзеге асыру арқылы орындалады.
Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы Жарлықтың 3 бабына сәйкес
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк
құқығы субъектiлерiнiң қызметтерiн Қазақстан Республикасы Үкiметi
республиканың мемлекеттiк мүлiкке билiк етуге уәкiлеттiк берген
республикалық мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi атқарады[4].
Министiрлiктер, агенттiктер, ведомствалар және Қазақстан
Республикасы Үкiметi осыған уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (мемлекеттiк басқару
органдары деп аталған) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк
басқару органдары болып табылады.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты (уәкiлеттi орган
деп аталатын) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты коммуналдық
меншiк құқығы субъектiлiк функцияларын жүзеге асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-
аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты ие жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган (мемлекеттiк басқару органы деп
аталатын) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы
болып табылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты қолында бар барлық
өкiлеттiгiн уәкiлетшi органдар жүзеге асырады. Бұған мемлекеттiк
кәсiпорындарды жекешелендiру немесе оның алғашқы сатылары туралы шешiм
қабылдау жөнiндегi өкiлетi қосылмйды. Осы арқылы мемлекет экономиканың
мемлекеттiк секторларының сақталуын қамтамасыз етедi.
Кәсiпкерлiк қызметтiң алуан түрiмен айналыса алатын заңды
тұлғалардың көптеген түрiнен өзгеше, қажет жағдайда қызметтiң бiр түрiнен
екiншiсiне (кәсiптiк қызметтi таңдау еркiндiгi жағдайларында - өндiрiс
конверсиясы) өте отырып, мемлекеттiк кәсiпорындардың қатаң арнайы құқық
қабiлеттiлiгi болады. Сондықтан мемлекеттiк кәсiпорын қызметтерiнiң мiндет-
мақсаттарын оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) мемлекеттiк басқару
органының ұсынысы бойынша айқындап, кәсiпорын жарғысында баянды етедi және
шаруашылық жүргiзу құқығындағы бөлiгiнде Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы
жарлықтың 18 бабына, ол қазыналық кәсiпорындар бөлiгiнде – осы нормативтiк
құқықтық актiнiң 32 бының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
2.3. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi құқықтық жағдайы
Кәсiпорынның өндiрiстiк базасы – оның мүлкi. Негiзгi және айналым
қорлары, сондай-ақ құны кәсiпорынның дербес байланысында көрсетiлген
құндылықтар кәсiпорынның мүлкiн құрайды.
Меслекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар
(үлестер, жарналар) бойынша, оның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерi арасында
бөлуге болмайды. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 102
бабының 2 тармағында көзделген. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк емес
заңды тұлғалардың көптеген түрлерiнен айырмашалаға осында, олардың мүлкi,
мысалы: кәсiпорын таратылатын жағдайда құрылтайшылар (қатысушылар) арасында
бөлуге жатады. Мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң бөлiнбейтiн себебi – бұл
мүлiк мемлекет мүлкi болып табылады, ол тiптi кәсiпорын заңды тұлға ретiнде
таратылатын кезде де жойылмайды. Оның үстiне мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң
бөлiнбеу фактiсi (оның мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың айырым белгiсi)
Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексiнде “бiртұтас”деген терминмен атап
көрсетiлген, ол осындай кәсiпорындардың атауына кiредi.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi:
1. оған меншiк иесi берген мүлiктен құралады. Мүлiкке ие болудың мұндай
әдiсi әдетте кәсiпорындарды алғашқы құру кезеңiне тән болады.
2. кәсiпорынның өз iс-әрекетi мүлiктi иеленудiң негiзгi көзi болып
табылады, ол коммерциялық ұйым бола отырып, өндiрiлген тауарды
(орындаған жұмыстарды, көрсетiлген қызметтi) сатудан алынған табыс
есебiнен өзiн-өзi қамтамасыз етуi және өзiн-өзi қаржыландыруға тиiс.
3. кәсiпорын мүлiктi Жарлықта айтылғандай “заңдармен тыйым салын баған өзге
де қаражат көздерi” есбiнен қалыптастыра алады.
Мынаны атап көрсету қажет: мемлекеттiк кәсiпорындар заң
актiлерiнде тiкелей көрсетiлген белгiлi-бiр мәмiлелердi жасауда шектелген.
Мәселен, Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы жарлыққа сәйкес, мемлекеттiк
кәсiпорындар шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында
бекiтiлген мүлiкке қатысты сату және сыйға тарту мәмiлелерiн жасауға
құқықсыз болады. Сонымен қатар, шаруашылық құқығындағы немесе оралымды
басқарудағы мүлiктi алып қоятын жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi
органның шешiмiне сәйкес алынған мүлiктi өзге адамға берiп, одан соң
есептен щығарғанға дейiн күтiп ұстауға және сақтауға мiндеттi.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды заңда белгiленген тәртiппен
республикалық мүлiктен коммуналдық меншiкке немесе керiсiнше беруде немесе
мемлекеттiк басқарудың бiр органына бағыныстан басқа органына бағынысқа
беруде мұндай кәсiпорын өзiне тиесiлi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығын
(оралымды басқару құқығын) сақтайды. Бұл ерже мемлекеттiк билiк органдарын
кез-келген қайта ұйымдастыру және реформалау жағдайында осымен бiр мезгiлде
оның мүлкi сақталуын қамтамасыз ете отырып, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк
кәсiпорынның өмiр сүру тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған[5].
Мемлекеттiк кәсiпорын тұтас алғанда, мүлiктiк кешен ретiнде
жылжымайтын мүлiк деп танылады және мемлекеттiк меншiк құқығы объектiсi
болып табылады.
Мүлiктiк меншiк ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне

құрал-саймандар, шикiзат өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету
құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге
құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да ерекше құқықтар
кiредi.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiрыңғай мүлiктiк
кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (епiлге беру, жалдау және басқалары)жасау
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық кәсiпорын
жөнiнде – жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Мемлекеттiк кәсiпорын үшiн ммлекет тапсырысын орындау мiндеттi
болады.
Егер бұл шарттарды жасау мемлекеттiң тапсырысында көзделген
болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатып
алушы немесе сатушы ретiнде шарттар жасаудан бас тарту құқығы жоқ.
Мемлекеттiң тапсырысы кәсiпорындарға мемлекеттiк басқару органы
арқылы жеткiзiледi.
Мемлекеттiң тапсырысымен қамтылған өнiмдердi (жұмыстарды,
көрсетiлген қызметтi) кәсiпорын өз бетiмен сатады.
Заңда тыйым салынған, кәсiпорындардың жарғысында көзделмеген
қызметтi жүзеге асырудан кәсiпорындарға түскен табыс, сондай-ақ сатылатын
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтiң) бағасын көтеру
нәтижесiнде алынған табыс Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген
тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджетке алынуы тиiс. Мемлекеттiк
кәсiпорындар өздерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық
ұйымдардың қатарына жататын болса да, пайда табу мақсаты, жоғарыда айтып
өткенiмiздей, олардың қызмет-мақсаттарын айқындаушы ретiнде таныла алмайды
– олардың басты мақсаты мемлекеттiң функциясын жүзеге асыруға жәрдемдесу
болып табылады. Сондықтан пайда табу фактiсiнiң өзi олардың жұмыс сапасының
өлшемi бола алмайды. Осыған байланысты, заңдарда тыйым салынған оның
жарғысында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz