Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары



ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.20
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... .6.14
1.1. «Неолиттік төңкеріс» және мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.8
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары ... ... ... ... ... ... 9.14
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ, ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОРГАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.20
2.1. Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.20
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.22
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I .КІРІСПЕ
Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ бәрімізге де қызықты. Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он төрт жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт жылда еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы бес-алты жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында мемлекеттің пайда болуы туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпеске, еліміз тыныш, халқымыз аман болса келешекте ғалым, заңгерлеріміз мемлекеттің пайда болуы туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз!Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі әрекет етеді. Әр түрлі жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: нақты тарихи кезең, нақты құқықтық ілімнің туған жеріндегі, яғни мемлекеттегі тарихи құқықтық ахуал. Ал, субъективті белгілерге ілімнің негізін қалаушы заңгер - теоретиктің жеке ойы мен қандай да бір әлеуметтік топқа жатуын келтіруге болады. Жұмыс барысында мемлекеттің пайда болуы хақындағы жинақталған білімді сараладым, сонан кейін қолдан келгенше өзім ой түюге әрекет жасадым. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95 ж. қабылданды, А. 1995 жарыққа шықты. Өзгертулер мен толықтырулар 7.11.98ж. А.1995 енгізілді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң. 16.12.91 ж.
3. Егемендік туралы декларация. 25.10.90 ж.
4. «Қазақстан Республикасының президенті туралы» конституциялық заң күші бар жарлығы 26.12.95 ж.
5. Назарбаев Н.А. Қазақстан халықына Президенттің Жолдауы – 2030. Казахстанская правда. 11.10.97 ж.
6. Назарбаев Н.А. Тәуелсіздік мемлекет ретінде Қазақстанның дамуын қалыптастыру стратегиясы. Алматы, 1992 ж.
7. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы, 1996 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
II.НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6-20

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... .6-14
1.1. Неолиттік төңкеріс және мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-8
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары ... ... ... ... ... ... 9-14
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ, ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ
ОРГАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..15-20
2.1. Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-20
III.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .21-22
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

I .КІРІСПЕ
 Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ
бәрімізге де қызықты. Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр
тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының,
оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да
мәнді мәселелерінің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз
– Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік
алғанына он төрт жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің
арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты.
Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт
жылда еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі
соңғы бес-алты жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық
теорияларында мемлекеттің пайда болуы туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп
реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпеске,
еліміз тыныш, халқымыз аман болса келешекте ғалым, заңгерлеріміз
мемлекеттің пайда болуы туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз!Бастапқы
айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ
бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда
болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің
пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың
қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ -
мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы
қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады.
Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен
типологиясы зерттелуі қажет.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда заңгерлер
ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға және
факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі әрекет
етеді. Әр түрлі жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: нақты тарихи кезең,
нақты құқықтық ілімнің туған жеріндегі, яғни мемлекеттегі тарихи құқықтық
ахуал. Ал, субъективті белгілерге ілімнің негізін қалаушы заңгер -
теоретиктің жеке ойы мен қандай да бір әлеуметтік топқа жатуын келтіруге
болады. Жұмыс барысында мемлекеттің пайда болуы хақындағы жинақталған
білімді сараладым, сонан кейін қолдан келгенше өзім ой түюге әрекет
жасадым. Мемлекеттің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету
салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық
3
қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп,
мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана
бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп
жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің адында дәрменсіз болып
қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-
әрекеті мен қылыптының аяғы неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудын
жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек
өнімділігі табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады
ол қалдықсыз пайдаланылды. Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы
дамуының маңызды кезеңдері тән саяси ұйым.
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың,
топтардың,
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және
биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар; 
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз
ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет функциясының сипаттамасы түрлі негіздер бойынша топтастыруға
болады. Фунмкцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру
неғұрлым кең тараған. Адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру
саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы
жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы
және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да
мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және әдетте, ықпал
етеді де:  1)
экономиканы дамытудың сара жолын талдау (мысалы, нарықтық, ди-рективалық
жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау); 2) мемлекеттік реттеу дәрежесі,
оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау; 
3) экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай
тудыру; 4) жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі
субъектілерінің мәртебесін анықтау; 5) экономикалық инфрақұрылым құралдарын
(шаруашылық басқарудың қаржы ақша құралдары, несие беру, заем беру,
инвестициялық саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның
айырықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы,
мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей
байланысты. Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға
болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру
неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғам мен
мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда
мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп
топтастыруға болады.

4
Мемлекеттің ішкі функциядарына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына
мемлекетгік ықпал ету немесе мемлекетгік басқару бағыттарың жатқызуға
болады. Бұл функцияның мақсаты — халықтың арасында мемлекеттің саясатын
түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын
қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-
ағарту және мекемелердің басқа да идеолгиялық бағытын аталған міңдеттерді
шешуте жұмылдыр.  Сыртқы функциялар
халықаралық қатынастар сапасына қатынасты және оның сыртқы саяси
міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын
қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта
алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты
жүзеге асырыуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім түрады.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын
ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде
"конституция" деген сөз "саяси құрылыс" ұғымын білдіретін. Конституцияның
ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың
басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте жоғары заңдық (күші бар, бір
жа-
ғынан адам мен коғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы
қатынастар негізін, қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін,
адам азаматгың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, мемлекеттің
құрылысын, ел басының екілетгілігін, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және
сот органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру
және олардың қызметі қағидаларын бекітушілері реттеуші. Негізгі Заң ретінде
тұжырымдайды. Оның басты мақсаты-азамат-
тардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, конституциялық құрылыстын
мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын оның
халықаралық қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады.

5

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары

1.1.Неолиттік төңкеріс және мемлекет

Мемлекет - саяси жүйенің басты институты және оның қызметінде
саясаттың негізгі мағынасы топталады.“Мемлекет” атауын екі мағынада ұғынуға
болады. Сонымен, кең мағынада “мемлекет” тиісті бір территорияда орналасқан
және жоғарғы үкімет органдары бар ел, қоғам, халық ретіндегі түсінікті
білдіреді. Екінші мағынасында “мемлекет” атауы ол тиісті бір территорияда
жоғары үкіметке ие болған ұйым. Мемлекеттің
пайда болып, дамуына мүмкіндік еткен себептерге көңіл аударған жөн. Мысалы:
- Қоғамдық еңбекті бөлуді дамыту, басқару еңбегін әдейі салаға бөлу;
- Қоғамды басқару ісін күшейтуге құштарлықтың пайда болуы және ол үшін
мемлекет құруды талап етушілік;
- Қоғамдық өндірістің барысында жеке меншіктің, таптар мен қанаушылықтың
пайда болуы;
- бір халықты басқа халықтың жаулап алуы;
- халықтың саны мен тығыздығының өсуі, халықтардың көшпеліктен отырықшы
өмірге көшуі;
- жағрапиялық жай-күйі, ауа-райы жағдайы және сол сияқтылар.
Мемлекет пен құқықтың танымын мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтан
бастау қажет – адамзат қоғамының тарихында бұл әлеуметтік институт әрдайым
болды ма, әлде ол қоғамның дамуының анықталған деңгейінде пайда болды ма?
Тарихи логикалық қағидасын жүзеге асыратын осы әдістемелік көзқарас қана,
мемлекеттің пайда болуының себептері мен нысандарын, оның сипаттық
мүмкіндік белгілерін, қоғам өмірінің алдыңғы ұйымдастырушы нысандарынан
айырмашылығын білуге мүмкіндік береді. Осы себептен алғашқы қауымдық
қоғамның жақтарының мінездемесінен бастауға, тікелей осы қоғамды зерттейтін
археология мен этнографияның мағлұматтарын пайдалануға тура келеді.
Қазіргі таңда археология мен этнографияның
жетістіктерінің арқасында алғашқы қауымдық қоғам туралы, оның дамуының
сатылары туралы білім едәуір байыды. Алғашқы қауымдық қоғамның бұл жаңаша
түсінуінде ең алдымен осы қоғамның дамуы мен алғашқы қауымдық тарихтың
кезеңдігін сипаттайтын білімдерді ажырату қажет. Басқаша айтқанда, бұл
қоғамның өзі ешқашан баптық болған жоқ, ол дамыды және түрлі деңгейлерден
өтті. Бұндай кезеңдіктің бірнеше түрі ажыратылады - жалпы тарихтың
археологиялық, антропологиялық. Мемлекет пен құқық теориясы үшін
археологияның жаңа мағлұматтарын негізге алатын және алғашқы қауымдық
қоғамның дамуының ең негізгі шегі ретінде неолиттік төңкерісті ажырататын
кезеңділік айрықша әдістемелік құндылыққа ие. Неолитте
6
иемденушіден өндіруші шаруашылыққа өту кезінде қалыптасқан адамзат өмірінің
барлық салаларындағы қағиданың сапалы төңкерісті сипаттай отырып, бұл
түсінікті тарихи ғылымға ХХ ғасырдың ортасында енгізілді. Алғашқы
қауымдық қоғам өмірінің барлық материалдық негізін, оның әлеуметтік және
рухани құрылымын өзгерткен бұндай көшу, бірнеше мыңжылдықтарға созылып
кеткенімен, әділетті түрде төңкеріс деп аталады.Бұл кезеңділік қай алғашқы
қауымдық қоғам туралы, ол қандай уақыт шегінде өмір сүргендігі туралы,
қоғамның әлеуметтік және рухани құрылымы қандай болғандығы туралы, адамзат
қандай өмір сүрудің нысандарын пайдаланғандығы туралы нақты белгілеуге
мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғам теориясы үшін иемденуші экономикасы
бар қоғамда және өндіруші экономикасы бар қоғамда қандай әлеуметтік -
жүйелер мен билікті ұйымдастырудың қандай нысандары қызмет еткендігін нақты
анықтауға мүмкіндік туды.
Неолиттік төңкерістің әлеуметтік экономикалық экологиялық мәні мынада
болады - өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамзат дайын жануарлық
және өсімдік нысандарын иемденумен тағам өндіруге бағытталған шынайы
еңбектік қызметке; жаңа жануарлық өсімдік нысандарын тауып, олармен табиғи
қарапайым нысандарды алмастыруға көшті. Бұл көшу жер шарындағы ғана емес,
сонымен қатар ең алдымен керамикалық бұйымдарды дайындау, металлургия,
металл өңдеу тәрізді өзге де өндірістік қызметпен ұштасты. 4-3
мыңжылдықтарға қарай өндірістік экономика адамзаттың өмір сүруінің 2-ші
негізгі әдісі болып табылады. Өндірістік экономикаға көшудің негізіне
азаматтық өмір сүруіне қауіп төндірген дағдарыстық құбылыстар жатыр. Барлық
өзінің әлеуметтік және шаруашылық ұйымдастыруының қайта құруымен жауап
беріп адамзат глобалді экономикалық дағдарыстан шыға алды. Бұл қайта құруға
биліктік қатынастардың жаңа құрылуы да кіреді, яғни, мемлекеттік
бірлестіктер мен ертетаптық қана мемлекеттер.
Неолиттік төңкерістің нәтижесі болып жер шарының кейбір
аймақтарында ерте жер өңдеуші қоғамдардың пайда болуы табылады. Әлеуметтік
экономикалық дамудың келесі сатысында ерте жер өңдеуші қоғамдардың
өркендеуі орын алды. Олардың негізі алғашқы өркениеттер мен ертетаптық
қоғамдардың қалыптасуы болды. Осылайша неолиттік төңкерістің - адамзаттың
өндіруші экономикаға көшуі – алғашқы қоғамдық қауымды объективті түрде
өзінің ішкі дамуының әсерінен финалды шекке, яғни, қоғамның әлеуметтік
қабаттануына, таптардың пайда болуына, мемлекеттің туындауына жетті.
Әдетте, ежелгі мемлекеттік құрылымдар заңды
түрде ерте жер өңдеуші қоғамның әлеуметтік негізінде пайда болғандықтан
ертетаптық мемлекеттер ретінде сипатталады.
Бастапқыда олар қала мемлекеттер ретінде пайда
болды. Еркін одақтастар – жер өңдеушілер тұратын ауыл, енді рулық емес,
көршілік одақты ұсынады. Ол алғашқыда ауылдар тобынан шаруашылық діни орта-
7
лыққа бөлініп шығып, әлеуметтік шаруашылық діни қала орталыққа айналады.
Қала мемлекеттік әлеуметтік дифференциацияны, мүліктік қабаттануды нақты
біледі. Бұнда ең бірінші бөлінісі территориялық болып бекітіледі,
құмырашылар, мысшылар т.б. қолөнершілер кварталдары пайда болды, беделділер
бөліне бастады, басқарудың бастапқы аппараты - өндірісті ұйымдастырудың,
есеппен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы, қоғамдық қорлардан алынатын
төлемдер тағы басқаларымен айналысатын тұлғалар қалыптасты. Қала мемлекетте
әкімшілік идеологиялық басшылықтың 3 басқару орталығы ұйымдастырылады:
қалалық одақ, сарай, храм. Қала басқа шектесетін ауылдарға қатысты
мемлекеттік басқару қызметін атқара бастады. Бұл қызметтер алуан түрлі
қауымдық, жер өңдеу, жер иеленуді басқару, қоғамдық ритуалды дәстүрлерді
орындау. Осылайша, мемлекеттік адамзат өндіруші
экономикаға көшетін неолиттік төңкеріс нәтижесі, яғни қоғамдық өмір
сүруінің материалдық жағдайларының өзгеруі осы өмірдің жаңа ұйымдастырушысы
еңбек нысандарының қалыптасуы үрдісінде қоғам өмірінің жаңа
ұйымдастырушысының нысаны пайда болды.
 

8

1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
  Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған.
Мемлекет мәңгілік табиғатқа ие емес, ол алғашқы қауымдық құрылыста болған
жоқ, тек осы қоғамның дамуының финалды негізінде адамзаттың өндірістік және
өмір сүруінің жаңа ұйымдық - еңбектік үлгісімен байланысты себептерде пайда
болған. Мемлекеттік билік оның шығу тегі теориялық зерттеудің маңызды
объектісі. Ерекше айта кететін жайт, қазіргі кездегі мемлекет теориясында
билік арасындағы, олардың ұйымдастырылуы және экономикалық иемдену және
экономикалық өндіруші қоғамында, топқа дейінгі және топтық қоғамда жүзеге
асырушы үшін арасында ерекшеліктерді жүргізу керек.
Батыстағы отандық мемлекет пен құқық
теориясына эквивалентті қоғамдық ғылымдардың кейбір шеңберінде, бірақ
мұндай ерекшеліктер әрқашан ескерілмейді, алғашқы қоғамдық қоғаммен ерте
таптық қоғам билігі арасындағы шекара өшіріліп қалады. Былайша билік ерте
таптық қоғамда мемлекеттік болады, қанаушылық қатынасын бекітуі мүмкін,
озушылықтың артықшылығын бекітіп, қамтамасыз етіледі, оның көмегімен
негізгі өндірісітк салаларға белгілі бір топтың меншігі бөлінеді және осы
тап билік етушіге айналысатыны толық анықталмайды. Осылайша, тапқа дейінгі
эгалитарлық қоғамға қарағанда (эголите - теңдік) таптық қоғамда билік саяси
болады. Бұл топқа дейінгі және таптық қоғамдағы биліктердің қағидалы
ерекшеліктеріне негізделеді. Мысалы, бүкіл жерде тікелей өндірушілердің
еңбегіне басқарушы бойынша еңбекті ауыстыру болады және осы ауыстырудың
басшылық ету бойынша еңбекке сыйақының ұйымдастырушылық үлгісі туралы ғана
әңгіме болуы мүмкін. Осылайша мемлекеттік билік әр түрлі жолдармен
тарихи дамиды: әскери-иерархиялық құрылым арқылы, қоғамдық лауазымдардың
династиялық монополизация (аристократиялық жол) және экономикалық билік
етуші таптың артықшылығын, жағдайын бекіту жолы (плутократиялық жол).
Енді,
мемлекеттің пайда болуымен тағы бір маңызды қоғамдық дамудың ерекшелігі
бар. Бұнда әңгіме қоғамдық дамудың бірдей еместігі туралы, яғни адамзаттың
белгілі бір тарихи кезеңдерді отрядтармен өтуі туралы. Бұл процеске
объективті ғана сәйкес, субъективті факторлардың да әсер етуі туралы, бұл
ең бір фундаментальді заңдылықтардың бірі. Осы заңдылық мемлекеттің пайда
болуының әр түрлілігіне әкеп соқтырады.Бұл заңдылық топтық қоғам мен
алғашқы қауымдық арасында жүрген қадамдар арасындағы байланыстың пайда
болуына көмектеседі. Оларға сауда, әскери, мәдени, технологиялық байланыс
жатады. Осында мемлекеттік байланыс та жатады. Бірақ олар тек қоғаммен
бейімделген жағдайда, қоғам мемлекетпен белгілі бір байланысқа түсуге дайын
кезде және оларға белгілі бір әлеуметтік күштер қызығушылық білдірген кезде
ғана өз ролдерін ойнай алады. Бұндай
9
кезде қазіргі кездегі мемлекет теориясында бірінші, екінші, үшінші
мемлекеттердің концепциясы пайда болады. Бұның өз мәні бірінші мемлекет
қоғамдық өндірістік, әсіресе жер өңдеу шаруашылығының тез өсуіне жағдай
жасаған жерлерде дамиды.
Бұндай зонада топтық құрылымдардың және мемлекеттік құрылымдардың орталығы
құрылады. Келе-келе олар өздерінің қанаушылығын және оның қамтамасыз ету
үлгісі жүзеге асырды. Бұндай қорғалған қоғамда 2 мемлекет пайда болады.
Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі
теориялар бар. Ол осы құбылыстардың пайда болуын олар түрлінше түсіндіреді.
Марксизм-ленинизм мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория
тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып,
қоғам екі топқа қанаушы және қаналушы топтарға бөлінген соң, олардың
арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі топ
нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің
орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған
қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей (туғызу үшін туғызған) топты байлардың
еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан
қандайда мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып бай үстем таптың игілігін
көздеп, мүддесін қорғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ
ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін
қорғайды.


Марксистік теорияда мемлекеттің пайда болу таптық теория тұрғысынан
түсіндіріліп, рулық қауым ыдырау жеке меншік пайда болуын қоғам 2 топқа
қанаушы және қаналушы топтарға бөлінген соң олардың арасында шешілмейтін
қайшылықтар орын алады. Сол екі топ күресте бірін-бірі жойып жібермеу үшін
рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым мемлекет пайда болды. Мемлекет
кедей тапты байлардың еркіне көндіріп оны қанауға, езуге, оларға жағдай
туғызу үшін   құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды
мақсат тұтып, бай үстем таптың мүддесін қорғайды дейді.Бұл теория процесті
материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіргенмен, құқық және мемлекет
байланысындағы экономикалық құрылысқа, таптық құрылымдарға, күштеу және
зорлауға өте үлкен маңыз береді. Дәл осы теорияда құқық өзінің аппаратынсыз
(құқық нормаларын жүзеге асыруға күштеп көндіретін) өз мәнін жоғалтады, -
деп айтылған. Осының әсерінен құқықтың   реттеуші   жүйедегі   құны  
жойылып, репрессивтік зорлық функциясы жоғары қойылды.
Маркстік теорияның тұжырымдалуынша (түсіндіруінше) құқықтық
нормалардың таптық сипаты ескі рулық әдет-ғұрыпты   ығыстырып шығарғанымен
негізгі мәнін сақтап қалды. Жеке меншіктің пайда болуымен, топтардың
құрылуы қоғамдық теңсіздікті алып келді. Ал, қоғамның топқа бөлінуі мен
меншіктің пайда болуына орай орындалуы мемлекеттің зорлау
10
күшімен қамтамасыз етілген жүріс-тұрыс тәртібі пайда болды. Мұның барлығы
әрине шындық қатарынан орын алады және белгілі бір халық пен мемлекеттер
тарихынан көп мысалдар келтіруге болады.Бірақта бұл процестерді қомақты
етіп көрсету, құқықтың пайда болуы заңдылығының жалпы әлеуметтік түсінігін
және шындықты бұрмалау болып табылады.Бірақта осы негізде кұқықтың пайда
болуы маркстік теорияның жетістіктерін жоққа шығаруға тағы да болмайды.
Тарихи принципті құқықтың әлеуметтік институт ретінде пайда болуының,
таптық құрылымдарымен құқықтың байланысы және тағы басқа да жағдайлар
маркстік бағытта да үлкен теоретико-құқықтық, ойлардың қозғалысы ретінде
қарастырылады.
Құқықтың пайда болуының жекеленген мәселелерді басқа да теорияларда
(психологияның, паретивтік, нормативтік, әлеуметтік және т.б.)
қарастарылады. Күш көрсету теориясы идеялық қайнар көздері құл иеленушілік
кезеңнің өрінде пайда болды. Оның өкілдері мемлекет күш көрсету және басып
алушылық нәтижесінде пайда болды деп ойлаған. Күш көрсету теориясының
ғылымдық негіздері ХІХ-ХХғғ. қаланды. Оның мәні жеке меншіктің таптардың
мемлекеттердің пайда болуы ішкі және сыртқы күш көрсетудің нәтижесі
ретінде, яғни тікелей саяси әсер ету жолымен байланысты. Мемлекет
қанаушылықтың органы болды тек әлі де жеңушімен жеңіп алушылар арасындағы
заңдық ерекшелік кетпеген елдер бар. Сонымен қатар, мемлекет пен
құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз
тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін
мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді. Күш
көрсету тероиясының сипатты ерекшеліктері Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский
еңбектерінде көрінеді. Дюринг ойы бойынша қоғамдық дамудың негізі - саяси
актілер нәтижесі. Мемлекеттің
пайда болуының бірінші факторын тікелей саяси күштерден іздеу керек.
Дюрингтің ойы бойынша қоғам кем дегенде 2 адамнан құрылу керек. 2 адамдық
ерік бір немесе бірімен тең және олардың бірі де екіншісіне талап қоя
алмайды. Істің мұндай жағдайында, яғни қоғамның тең тұлғалардан тұрғанда
теңсіздік пен құлдық мүмкін емес. Мемлекеттің шығу тегін түсіндіру үшін
Дюринг үшінші адамды әкеледі, өйткені онсыз көпшілік дауыспен шешім
қабылдана алмайды, ал ондай шешімсіз, яғни көпшіліктің азшылыққа билік
етуінсіз мемлекет пайда болмайды. Оның ойы мен меншік, таптар мен мемлекет
қоғамның бір бөлігінің екіншісінің үстімен күш көрсету нәтижесінде пайда
болады. Австралиялық социолог және мемлекет зерттеуші Гумплович сыртқы күш
көрсету теориясының өкілі. Бұл теорияға сәйкес мемлекетті басып алу
нәтижесінде құлдық пайда болды: күресте жеңіп алушы тайпа билеуші болды.
Құлдық жеке меншіктің және топтардың пайда болуына әкеп соқтырды.
Мемлекеттік билік Гумплович ойы бойынша, физикалық түрі
11
келе-келе таптық мемлекетте ойланады.
К.Каутский да мемлекет қайнар көздерін сырт күш көрсетуден, соғыстардан
көреді. Жеңіп алушы тайпа жеңілуші тайпаны өзіне бағындырып, оның жерін
алып, ол үшін ақы төлеттіреді. Нәтижесінде таптарға бөлісу пайда болады, ол
мәжбүр ету аппараты мемлекетке айналады. Күш көрсету теориясында толығымен
экономикалык концепция элементтері бар. Қағидалы сәйкес келмеуіне
қарамастан, бұл теория адамның әрекеттерінің ортақ базасына әлеуметтік және
экономикалық факторларымен байланысты. Күш көрсету теориясын толығымен
жоққа шығару тек формальды көзқарастардан емес, сонымен қатар тарихи
тәжірибелер негіздеріне де қайшы келеді. Сыртқы да, ішкі де күш көрсету
теориясының элементтері кез келген мемлекеттердің пайда болу процесінен
көрінеді. Психологиялық теорияның жақтаушылары қоғам мен мемлектті
адамдардың және олардың әр түрлі бірлестіктерінің психологиялық әсер ету,
түрінде көреді. Халықтар табиғатына бағыныштылықты талап ететін биологиялық
жан болып табылады. Адамдар күштілігіне бағынып, әлсіздерге зорлық көрсету
табиғаттың берген сыйы деп санайды. Сондықтан қондырмалық құбылыстар пайда
болуы керек деп есептеген. Халықтар тең дәрежеде мемлекет басшыларына және
мемлекет заңдарына тәуелді.Ал шын мәнінде мемлекеттің пайда болуымен қызмет
атқаруының себептерін тек психологиялық көзқараспен түсіндіру мүмкін емес.
Психологиялық теория қоғам өмірінін экономикалық, келісімдік, органикалық
теориясында қалып кеткен көптеген сұрақтарын түсіндіреді.Бірақ барлық
қоғамдық өмірді адамдардың психологиялық әсер етуіне әкеп тіреу, қоғам мен
мемлекет өмірін психологиялық жалпы заңдарымен түсіндіру.
Мемлекет жан-жақты төтенше құбылыс. Оның пайда болуының себебптері әртүрлі
объективті факторлармен түсіндіріледі: биологиялық, психологиялық,
экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық және т.б. олардың ортақ ғылыми
түсіндіру бір жан-жақты теория шеңберіне кіргізу мүмкін болмас. Бірақ
мұндай талаптану әрекеттері болды және жеңісті де болған (Платон,
Аристотель, Монтескье, Руссо, Гегель, Маркс, Плеханов, Ленин, Бердяев)
Адамды көптеген
қызығушылықтар жинақталған: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани, діни,
және т.б. Бірақ олар нәтижесінде тек физиология және психика арқылы жүзеге
асады. Бұл бөлімді қорыта келгенде толығырақ болу үшін мемлекеттің пайда
болуының тағы мынадай теорияларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастар құрылымы
Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
Террорлық актінің виктимизациясы
Мемлекеттің сыртқы функциялары
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар түсінігі
Меркантилизм туралы жалпы ұғым
Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі
Құқықтық қатынастардың түрлері
Пәндер