Мәмілелер ұғымы мен оны жасау тәртібі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Мәмiленің құқықтық жағдайы 6
1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша мәміле туралы жалпы түсінік 6
1. 2 Мәміленің белгілері 10
2 Мәмiлелердiң нысаны және нотариалды куәландыру 13
2.1 Мәміленің нысаны және оның маңызы 13
2.2 Мәмілені нотариаттық куәландыру тәртібі 21
Қорытынды 41
Пайдаланылған әдебиеттер 43
Кіріспе

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік рөл атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын рөлі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.
Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық қатынастарда дамыған ел экономикасының тиімді құқықтық базасын құру, азаматтық қоғамның дамуы мен нығаюымен тікелей байланыстылығында.
Бұл міндетті шешуде субъектілермен жасалатын әртүрлі құқықтық азаматтық мәмілелерді реттеудің құқықтық механизмдерін анықтайтын құқықтық нормалар аз роль атқармайды.
Жеке құқық түсінігі әрдайым мәміле ұғымымен үздіксіз байланыста. Қазіргі таңда мәміле ұғымының ролінің артуы, азаматтық құқықтың мәміле жайлы барлық нормаларынығ маңыздылығын талап етуде.
Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрген құқықтардың қалпына келтiруiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез – келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi.
Қазiргi нарықтық қатынасты игеруде заман талабына сай мәмiлелер жасау, оларды құқықтық реттеу қоғамымызда елеулi қиындықтар тудыратыны баршаға мәлiм. Мәмiленi жасаудың жалпы тәртiбi, жарамдылық негiздерi жеткiлiктi зерттелген десек күмән туғызбас, ал мәмiлелерге байланысты дауларды сотқа дейiн, сотта шешу, сот тәжiрибесiнде жиi кездесетiн жекеленген мәмiлелердi жасау, мiндеттемелердi орындау барысындағы құқықтық мәселелер әлi өз шешiмiн толық тапқан жоқ, арнайы ғылыми еңбектерiң тапшылығын аңғаруға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мәмiлеге, оның жарамдылығына түсiнiк беру, нотариалды куәландыру, дауларды сотта қарау тәртiбiн анықтау.
Осы аталған мақсатқа жету үшiн мына мiндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша мәміле туралы жалпы түсінікті қарастыру;
- мәміленің белгілерін қарастыру;
- мәміленің нысаны және оның маңызын анықтау;
- мәмілені нотариаттық куәландыру тәртібін қарастыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығына келсек, жұмыстың көмегiмен азаматтық айналымда мәмiлелердi дұрыс, әрi заңды жасау - қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау, мәмiлеге байланысты дауларды шешу мәмiле жасаудағы, құжаттарды дұрыс рәсiмдеу мүмкiндiгiн жүзеге асыруға болады.
Зерттелу барысында психология, логика, философия, азаматтық құқық, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымдары бойынша Қазақстан Республикасының белгiлi ғалымдарының еңбектерiне сүйендiк.
Курстық жұмыс кiрiспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тiзiмдерiнен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, практикалық маңыздылығы көрсетілген. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша мәмілеге жалпы түсініктеме берілген және мәміленің төрт белгісі айқындалған. Екінші тарауда мәміленің нысаны және оның маңызы анықталып, мәміленің нотариаттық куәландыру тәртібі қарастырылған. Қорытындыда курстық жұмыстық тобықтай түйіні тезис түрінде жасалған.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз Алматы: «Жеті Жарғы»,-2007ж
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 27 желтоқсан 1994 жыл (Жалпы бөлім) (03.07.2013 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Заңы (03.07.2013 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы (15.04.2013 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
5. Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығы. (13.12.2012 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
6. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі (19.11.2013 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Арнайы әдебиеттер
1. Гражданское право. Учебник для вузов (академ курс) Том 1. /Ответ. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин – Алматы: Издательство КазГЮА, 2000 г.
2. Гражданское право. Общая часть. Учебное пособие. /Под ред. А.Г.Диденко – Алматы, 2003 г.
3. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық Құқығы. Оқулық. Алматы-2006.
4. Смағұлова Асыл Смағұлқызы. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Дәріс курсы. Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Редакциялық – баспа бөлімі, 2009 жыл.
5. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: “Жеті Жарғы”, 2001.
6. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық.– Алматы, КазГЮУ, 2003.
7. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. – Алматы: Заң əдебиеті, 2006. – 378 бет.
8. Жайлин Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқу құралы. Жалпы бөлім.- Алматы: Жеті Жарғы, 2012. -304 б.
9. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен қазақстан құқығы. // Заң газеті.№ 12,03 наурыз 2012 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Мәмiленің құқықтық жағдайы 6
1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша мәміле туралы жалпы түсінік 6
1. 2 Мәміленің белгілері 10
2 Мәмiлелердiң нысаны және нотариалды куәландыру 13
2.1 Мәміленің нысаны және оның маңызы 13
2.2 Мәмілені нотариаттық куәландыру тәртібі 21
Қорытынды 41
Пайдаланылған әдебиеттер 43

Кіріспе

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік рөл атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын рөлі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.
Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық қатынастарда дамыған ел экономикасының тиімді құқықтық базасын құру, азаматтық қоғамның дамуы мен нығаюымен тікелей байланыстылығында.
Бұл міндетті шешуде субъектілермен жасалатын әртүрлі құқықтық азаматтық мәмілелерді реттеудің құқықтық механизмдерін анықтайтын құқықтық нормалар аз роль атқармайды.
Жеке құқық түсінігі әрдайым мәміле ұғымымен үздіксіз байланыста. Қазіргі таңда мәміле ұғымының ролінің артуы, азаматтық құқықтың мәміле жайлы барлық нормаларынығ маңыздылығын талап етуде.
Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрген құқықтардың қалпына келтiруiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез - келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi.
Қазiргi нарықтық қатынасты игеруде заман талабына сай мәмiлелер жасау, оларды құқықтық реттеу қоғамымызда елеулi қиындықтар тудыратыны баршаға мәлiм. Мәмiленi жасаудың жалпы тәртiбi, жарамдылық негiздерi жеткiлiктi зерттелген десек күмән туғызбас, ал мәмiлелерге байланысты дауларды сотқа дейiн, сотта шешу, сот тәжiрибесiнде жиi кездесетiн жекеленген мәмiлелердi жасау, мiндеттемелердi орындау барысындағы құқықтық мәселелер әлi өз шешiмiн толық тапқан жоқ, арнайы ғылыми еңбектерiң тапшылығын аңғаруға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мәмiлеге, оның жарамдылығына түсiнiк беру, нотариалды куәландыру, дауларды сотта қарау тәртiбiн анықтау.
Осы аталған мақсатқа жету үшiн мына мiндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша мәміле туралы жалпы түсінікті қарастыру;
- мәміленің белгілерін қарастыру;
- мәміленің нысаны және оның маңызын анықтау;
- мәмілені нотариаттық куәландыру тәртібін қарастыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығына келсек, жұмыстың көмегiмен азаматтық айналымда мәмiлелердi дұрыс, әрi заңды жасау - қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау, мәмiлеге байланысты дауларды шешу мәмiле жасаудағы, құжаттарды дұрыс рәсiмдеу мүмкiндiгiн жүзеге асыруға болады.
Зерттелу барысында психология, логика, философия, азаматтық құқық, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымдары бойынша Қазақстан Республикасының белгiлi ғалымдарының еңбектерiне сүйендiк.
Курстық жұмыс кiрiспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тiзiмдерiнен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, практикалық маңыздылығы көрсетілген. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша мәмілеге жалпы түсініктеме берілген және мәміленің төрт белгісі айқындалған. Екінші тарауда мәміленің нысаны және оның маңызы анықталып, мәміленің нотариаттық куәландыру тәртібі қарастырылған. Қорытындыда курстық жұмыстық тобықтай түйіні тезис түрінде жасалған.

1 Мәмiленің құқықтық жағдайы
1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша мәміле туралы жалпы түсінік

Күнделікті өмірімізде адамдар бір-бірімен мәмілелерге келе отырып, шарттар жасасады. Мәмілелер юридикалық фактілердің негізгі түрі болып табылады.
Азаматтың құқық айналысында мәмілелер құқықтық қатынастарды тудыратын негізгі құжат болып табылады. Азаматтық кодексің 147-бабында мәміленің ұғымы берілген. Онда - Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Яғни мәмілелер субъектілердің әрекеттері олардың негізгі мақсаттары азаматтың құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату (мысалы - сыйға тарту мұнда әрекет бір мүлікті басқа біреудің меншігіне беру болып табылады. Яғни, иелену, пайдалану және билік ету құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беру болып табылады. Тоқтатуға мысал келтіретін болсақ борышқордық немесе берушіге қарызын қайтарып беруі.).
Мәміле бұл заңмен рұқсат етілетін заңды әрекет болып танылады. Мәмілелердің заңсыз әрекеттен айырмашылығы олар басқа тұлғаларға зиян келтірілмеуі, кейде мәмілелер заңмен белгіленбейді, бірақ олар заң нормаларына қайшы келмейді.
Мәміленің маңызды ерекшелігі мынада: оны жасаудың нәтижесінде азаматтық құқықтық салдар пайда болады, құқықтар мен міндеттер және тағы басқа белгіленеді, өзгертіледі немесе тоқтатылады. Заң мысалы демеушімен көмек алушының арасындағы құқықтық қатынастарды реттемейді. Бірақ бұл қатынастар заңға қайшы емес. Сонымен қатар азаматтық кодекс аралас шарттарға да рұқсат берген. Яғни бұл шарттар түрлі шарттардың элементтері бар шарттар болып табылады. Бұларға инвистициялық шарттар жатады.
Мәмілелер мәміле жасаушыға азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүктейді. Осы белгілер бойынша олар әкімшілік актілер мен ерекшеленеді. Себебі әкімшілік актілер өкілеттігі бар органдардың белгілі бір тұлғаларға ғана мәмілелерді ұзартуға немесе тоқтатуға тыйым салады. Сонымен қатар осы белгілер бойынша соттың шешімімен ерекшеленеді.
Мәмілелер саналы түрде жасалынатын азаматтардың әрекеттері болып табылады. Бұл құжатта олардың өзара мәміле жасау туралы еркілері көрсетіледі.
Мәмілелерге әрекет қабілеттігі жоқ немесе әрекет қабілеттігі сот арқылы шектелген азаматтардың мәмілеге қатысуға құқықтары болмайды. Бұл кәмелетке толмаған және сот арқылы әрекет қабілеттігі тоқтатылған немесе шектелген азаматтардың атынан мәмілелерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары және қамқоршылары жүзеге асырады. [4]
Мәміле дегеніміз - азаматтардың ерікті актісі болып табылады. Онда азаматтық құқық қатынастардағы қатысушылардың еркі көрінеді (оны адамдардың еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білген жөн). Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған әрекет болып табылады.
Атап айтқанда, өздерінің шаруларын, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мысалы: адам өз қажетіліктерін қанағаттандыру үшін өндірістік, азық-түлік тауарларын сатып алып өз пайдасына жаратады.
Мәміле дегеніміз - бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын әрекеттерді мәміле деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды мағынасымен үйлеспейді.
Заңдылық белгілер жөнінен мәміле мақсатты заңсыз әрекеттерден, яғни басқа адамдарға нұқсан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді. Мұндай әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттілігіне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар мәміледен емес, залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды.
Мәміленің қажетті сапасы - әрекеттердің заңдылығы мәміленің барлық түрлерін заңның көздеп отыруын мүлдем талап етілмейді, керсінше, заңда көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі, тыйым салуды бұзбауы талап етіледі (АК-тың 7-бабы). Заң мысалы, демеуші мен ол жәрдем көрсететін тұлға арасындағы шарттық қатынастарды реттемейді, бірақ мұндай шарттың жасалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, Азаматтық кодекс (381-бап) аралас шарттар жасауға рұқсат етеді, олар заңдарда көзделген әр түрлі шарттардың элементтері болады. Инвестициялық шарт осындай саладағы үлгі шарт болып табылады.
Мәмiлелер мынандай түрлерге бөлiнедi:
1) бiр жақты және екi немесе көп жақты (шарттар);
2) ақылы және ақысыз;
3) нақты және консенсуалды;
4) казуалды және абстрактiлi;
5) шартпен жасалған;
6) биржалық.
Бiр жақты мәмiле дегенiмiз, заңдарға немесе тараптарды келiсiмен сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптын ерiк бiлдiруi қажет және сол жергiлiктi болатын мәмiле. Бiр жақты мәмiлелердiң анағұрлым жиi кездесетiн түрi - өсиет қалдыру. Әдетте, бiр жақты мәмiлелер тым көп бола бермейдi. Азаматтық айналым көбiнесе өзара мәмiлелерден құралады. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екi жақты мәмiле) не үш немесе оданда көп тараптың (көп жақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiру қажет.
Тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алса немесе тараптар бiр бiрiне бiр нәрсе беру керек болса, Бұл ақылы мәмiле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей ұсынуды мiндетiне алған мәмiле ақысыз болып есептеледi.
Консенсуалды мәмiлелер (латынша сonsеnsus - келiсiм) - келiсiмге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi туындайтын мәмiлелер. Нақты мәмiленi жүзеге асыру үшiн (латынша res - зат) келiсiмiнiң бiр өзi жеткiлiксiз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмiлелердi азамат құқықтану iлiмiнде каузальдық (себептi) және абстракциялық деп те бөледi. Әрбiр мәмiле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негiз бен құқықтық мақсатты (causa) еншiлейдi. Бiрақта бiр жағдайда мәмiленiң жарамдылығы оның негiзiне байланысты болса, екiншi жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмiлелер өзiнiң негiзiнен қол үзгендей көрiнедi (abstrahete - қол үзу, бөлiну), (мысалы, вексельдi тапсыру).
Шартпен жасалған мәмiлелер қандай да бiр нәрсере тәуелдi болып келедi (оқиға немесе үшiншi жақтын әрекетi), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкiн. Мәселен, егер тараптар құқықтары мен мiндеттерiнiң туындауын басталу - басталмауы белгiсiз мән - жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалады деп есептеледi (АҚ - тiң 150 - бабы, 1 - тармағы). Азаматтық кодекстiң 150 - бабының 2 - тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтары мен мiндеттемелерiнiң тоқтатылуын басталу - басталмауы белгiсiз мән - жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалады деп есептеледi.
Егер шарттың басталуы өзiне тиiмсiз деп есептейтiн тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталады деп танылады, ал шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156 - бап) биржалық мәмiлелер қаралған. Биржада айналысқа жiберiлген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлiкке қатысты құқықтар мен мiндеттемелердi өзара беру туралы келiсiмдердi (биржалық мәмiлелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгiленген тәртiп бойынша жасасады. Биржалық мәмiлелер делдалдық жазбалармен рәсiмделуi мүмкiн және биржада тiркелуi тиiс.
Биржалық мәмiлелер жасауға байланысты даулар тиiстi биржа жанындағы биржа төрелiгiнде қаралады, оның шешiмiне сотта дау айытылуы мүмкiн.

1. 2 Мәміленің белгілері

Мәмілелерге мынадай төрт белгі тән:
1) Мәміле -- адамдардың ықтиярлы актісі, яғни әрекеті. Әрекеттер мен оқиғаларды ажырата білу қажет, ол оқиғаларға адамның ықтиярына бағынбайтын мән-жайлар жатады. Мысал үшін дүлей апат сипатындағы құбылыстарды (дауыл, су тасқыны, өрт, сондай-ак, соғыс қимылдары, ереуіл) айтуға болады. Мәміленің ерікті сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады. Мәмілелерді құқықтардан - әлгіндей нысаналы бағыты жоқ әрекеттерден сондай белгілері бойынша ажырату қажет. Бұл арада Азаматтық кодекстің олжа және оған меншікті бөлу тәртібі жөніндегі ережелерді реттейтін 245-бабын мысалға келтіруге болады. Жоғалған затты табушының оны табуды мақсат етпесе де, оның белгілі бір құқықтары мен міндеттері пайда болады.
2) Мәміле -- занды әрекет, ол құқыққа қарсы (заңсыз), азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын әрекеттерден деликтілерден (азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамның мүлкіне зиян келтіру) сонысы арқылы ерекшеленеді.
3) Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, тоқгатылуына немесе өзгертілуіне бағытталған.
Мәміле құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгертілуіне немесе токтатылуына бағытталуы мүмкін, алайда баска құқық салалары реттейтін өзге де ықтиярлы актілерден осы белгілері арқылы ажырату қажет. Мәселен, еңбек заңдарында қызметкерлердің еңбектегі құқықтары мен міндеттері олардың қызметке есептеу туралы арыз беруі мен әкімшіліктің оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы шығарылған кезден бастап пайда болатыны көзделген.
Мәмілелерді әкімшілік актілерден ажырата білу қажет, ондай актілер заңнамада көрсетілген реттерді қоспағанда азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына негіз болмайды (ҚР АК-нің 7-бабы) және оларға Азаматтық кодекстің мәмілелер туралы ережелері қолданылмайды.
4) Мәміле азаматтық катынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде туындайтын құқықтык салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
Мәміле белгілерін қарастыра келгенде, оның мәні тараптардың еркі мен ерік біддіруінен тұратынын атап өту қажет. Ерік дегеніміз -- адамның мәміле жасауға деген тілегі, ниеті, яғни оның психикалық жай-күйі.
Мұндай ниет, тілек ішкі ерік деп аталады. Алайда адам ерік білдірмесе, оның мәміле жасауға деген ниеті белгісіз болып қала береді. Ерікті білдіру (көрсету) ерік білдіру деп аталады.
Ерік: мен нені қалаймын? деген, ал ерік білдіру: бұл үшін мен не істеймін? деген сұраққа жауап қайтарады (ауырып қалуыма немесе қартаюыма байланысты өзімді-өзім қамтамасыз еткім келеді, сондықтан да өмірімді сақтандыру жөнінде мәміле жасаймын).
Ерік ауызша, жазбаша, ым жасау арқылы және, ақырында, үндемеу (әрекетсіздік) арқылы білдірілуі мүмкін. Мәмілені ауызша жасасу оны өзара ерік білдіруге катысушылардың тікелей қабылдауын білдіреді. Телефон арқылы жасалған мәміле ауызша жасалған деп танылады.
Егер мәмілеге катысушылар ерік білдірілген құжат жасаса, ерік жазбаша білдірілген болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабында, егер заңдарда немесе тараптардың, келісімінде өзгеше белгіленбесе, хат алысу, телеграммалар, телефонограммалар, телетайпрограммалар, факстер немесе субъектілерді және олардын, білдірген еркінің мазмұнын анықтайтын өзге де құжаттар алысу мәміленің жазбаша түрде жасалуына теңестіріледі деген ереже белгіленген.
Конклюденттік әрекеттер -- адамның мәміле жасау ниетін аңғартатын мінез-құлық. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде конклюденттік әрекеттерге 151-баптың 2-тармағы арналған: адамның мәміле жасасу еркі көрінетін жағдайда да мәміле жасалған болып саналады. Мысалы, автоматтар арқылы зат сатып алу, валюта айырбастау, әртүрлі ойындар ойнау мәміле жа-сау болып табылады.
Үндемеу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады (ҚР АК 151-бабынын 4-тармағы).
Мәмілелерде мақсат пен тараптардың себептенуін де бөліп көрсету қажет. Мәмілеге қатысушылардың еркі бағытталған құқықтық нәтиже мәміленің мақсаты деп түсініледі. Себептену адамды мәміле жасауға ынталандыратын нәрсе. Себептенудің қателігі мәміленің жарамдылығына ықпал ете алмайды.

2 Мәмiлелердiң нысаны және нотариалды куәландыру

2.1 Мәміленің нысаны және оның маңызы

Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және байқалған сыртқы еркін ажырата білу қажет.
Егер ерік сыртқы еркін білдірсе ол басқа адамдардың қолы жететін нәрсе бола алады, яғни оның заңды салдары жоқ. Сонымен бірге ерік білдіру құбылысы мәмілеге қатысушылардың ішкі еркіне сәйкес келмесе, онда мәміле жасалмады деп танылады.
Еріктің ішкі мағнасы адамдардың ішкі ойы болып табылады, ол еріктің сыртқы мағнасы болса сол ойдың қағаз бетіне түсуі болып табылады.
Мәміле жасаған кезде адамның еркі белгілі бір тәсілмен бейнеленуі және ресми түрде нотариалдық куәландырылуы керек. Ол үшін мәміленің ауызша және жазбаша әрекеттер жолы мен белгіленген нысаны болады.
Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалынады. [4] (жай немесе нотариалды) мәмілелер сөз жүзінде жасалынатын болса онда олар ауызша жасалған деп есептелінеді.
Ауызша жасалған мәмілелер жасалған реттен бастап бітетін немесе аяқталатын болса ауызша жасалған деп танылады. Жетон билет немесе әдеттегідей өзге де растайтын беті арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру болып табылады (АК - тiң 151 - бабының төртiншi тармағы). Мысалы, егер мүлiктi жалға алушы шарт мерзiмi бiтiп кетпес те, жалға берушiнiң тараптарынан қарсылық бомаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзiмiне қарамай - ақ пайдалана беруiне болады.
Азаматтық кодекстiң 152 - бабына сәйкес мәмiленiң жазбаша түрi - бұл орайда мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа жүз есептiк көрсеткiштен жоғарғы сомаға жасалуы тиiс.
Азаматтық кодекс мәмiленiң жазбаша түрiне қатысты бiрқатар маңызды шарттарға мән бергенiн айта кету керек. Азаматтық кодекстiң 152 - бабына сәйкес, егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттерi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюы керек.
Мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi, мұның өзi заңға немесе қатысушылардың бiрiнiң талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады. [11]
Заңдамен немесе тараптардың келiсiмiмен қосымша тараптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.
Екi жақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп - жазба, факс немесе субъектiлердiң және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұның айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге басқа адам қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасауға құқығы бар басқа лауазымды адам, мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептерiн көрсете отырып, куәландыруға тиiс.
Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмiлеледрi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсiптiк мәмiленi орындаған тараптардың да осындай құқығы бар.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғанан кейiн ғана жасалады деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстiң 157 - бабының 3 - тармағында көзделген салдармен мәмiленi жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Мысалы, АК - тiң 58 - бабының 5 тармағына сәйкес шаруашылық серiктестiк құру туралы құрылған шарты нотариалды куәландыруды қажет етедi.
Заң талап ететiн нысанды қысқарту арқылы бұзуға болмайды. Нотариалды куәландыруды талап ететiн мәмiле тек жай жазбаша нысанда, не жазбашаның орнына ауызша нысанда жасауға болмайды. Керiсiнше, мәмiленiң тараптарының өзара келiсуiмен белгiленген нысандарды күрделендiруге жол берiлмейдi. Мысалы, заң бойынша мәмiле ауызша жасалу керек болса, тараптар мәмiленi жазбаша нысанда жүргiзуге құқылы, тараптар жазбаша мәмiленi нотариалды куәландыруға болады, заң оны талап етпесе де.
Азаматтық кодестiң 155 - бабына сәйкес кейбiр мәмiлелер заң құжаттарында көрсетiлуiне сәйкес, мемлекеттiк немесе өзге тiркелуге жатады. Бұл мәмiлелер тек оларды теркегенен кейiн жасалады деп саналады. Тiркеу тараптың тiркеушi органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арыз бойынша жүргiзiледi. Тiркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсiмделуге тиiс және заң талаптарының бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады. Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанада жасалса, бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтартса, сот екiншi тараптың талап етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi. Тiркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Мемлекеттiк тiркеуден өте отырып, келесi мәселелердi шешуге болады:
Бiрiншiден, мәмiленi толық заңды күшi бар; екiншiден, туркеу туралы құжат субъектiнiң мәмiленiң негiзiнде иемденген құқықтарын жеткiлiктi дәрежеде растайды; үшiншiден, тiркеудiң бiрыңғай жүйесi мәмiленi толығымен есепке алады, нәтижесiнде жеке ғана емес, жалпы мүдде қамтылады; төртiншiден, егер заң тиым салмаса, мәмiленi тiркей отырып, мүдделi тұлғалардың сол, не басқа мәмiлемен және одан туындайтын құқықтармен танысуына мүмкiндiк туындайды. Осы арқылы тiркелетiн объектiлерге құқықтары және иемдену туралы мәлiметтердi ала отырып, тiркелген объектiнi иемденушiмен мәмiле жасайтын тұлғаның заңды мүдделерiн қорғауғамүмкiндiк туындайды. Бұл мәселе қозғалмайтын мүлiкпен байланысты мәлiметтердi тiркеу кезiнде маңызды. Мәмiлелердi нотариалды тiркеу (АК - нiң 154 бабы, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының заңының 8 тарауы) және оларды мемлекеттiк тiркеу - өте ұқсас процедура, бiрақ сонда да бiр-бiрiнен ерекше. Көп жағдайда мәмiледен туындайтын құқықтар мемлекеттiк тiркеудi, нотариалдық куәландыруды қажет етедi. Бiрақ та нотариалды куәландыруды қажет ететiн барлық мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қажет ете бермейдi және де мемлекеттiк тiркеуге жасатын мәмiлелер нотариалды куәландырыла бермейдi. Әдетте, қозғалмайтын мүлiктермен жасалынатын мәмiлелер тiркеленедi. Мәмiленiң толықтығы және күмәнсiздiгi мәселесi негiздi күмән тудыратын жай. Iс тәжiрибеде банктiк несиенi қамтамасыз ететiн қозғалмайтын мүлiктi кепiге қою тiркелiнбей, iс нәтижесiз қалған жағдайлар жиi кездеседi.
ҚР АК 155 - бабындағы талаптарды толығымен iске асыру үшiн ведомстволық мүддеден тыс, тәуелсiз тiркеу жүйесiнiң қажеттiгi мол. Бұл жүйе тiркеу объектiлерi және олармен жасалынған мәмiлелер туралы мәлiметтермен тиiстi ақыға барлық мүдделi тұлғаларға бас тартпай және тез арада қамтамасыз етiп отырады.
Мәселенi шешудiң бiр ғана жолы бар, ол нотариустар мен нотариалдық әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғаның мәмiлелердi нотариалды куәландыру туралы ережелердi бұзудан ("Нотариат" туралы заңның 24-бабы) шығындар келгенi үшiн, ал мемлекеттiк тiркеу органдарын (немесе мемлекет) мәмiлелердiң толық еместiгiнен, кумәндi болуынан немесе берiлмеуiнен органға жүгiнген тұлғаларға залал келген жағдайда жауаптылық тағайындайды.
Қозғалмайтын мүлiктермен байтанысты мәмiлелер мемлекеттiк тiркеудi қажет етедi. Тiркеу тәртiбi "Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк теркеу " туралы жарлықпен реттеледi.
Қозғалмайтын мүлiкпен байланысты мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеумен қатар, заң басқа объектiлердi, әсiресе меншiк құқығының пайда болуы, өзгеруi, не тоқтатылуына алып келетiн мәмiлелердi тiркеудi де қарастырады. Көлiк құралдарына да бұл мәселе қатысты. Көлiк құралдарының түрiне байланысты тiркеу органы да анықталады.
1998 ж. 30 маусымындағы "Қозғалмайтын мүлiктi кепiлге қоюды тiркеу туралы" заңда қозғалатын мүлiктiң кепiлдiгiн тiркеу қарастырылған. [13]
Мәмiлеге қойылатын талаптарды орындамау, сақтамау нәтижесiнде мәмiлелер жарамсыз деп танылады (АК - тың 157 бабы). Ал, мәмiлелердiң жазбаша нысаның сақтамаудың нәтижесi қандай деген сауалға нақты жауап беру қиын. Заңнан екi түрлi жауап алуға болады: бiреуiн жалпы ереже ретiнде қолданылса, екiншiсi - жалпы ережеден ескертпе.
Жалпы ереже: мәмiленiң жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда жарамсыз деп танылмайды. Егер тараптар мәмiленiң жасалғандығы және мазмұны туралы фактiнi дауламаса, мәмiленiң заңдық күшi бар. Мәмiле орындауға жатады, оны сақтамаған жағдайда жалпы анықталған жауаптылық туындайды. Мысалы, АК - тiң 152 бабында сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен асқан мәмiле жазбаша нысанда жасалынуы тиiс. Азамат өз танысына 150 АЕК мөлшерiнде ақшаны қарызға бердi делiк, қарызды қайтарар сәтте займ жөнiндегi фактiнi, сомасы, мерзiмi жоққа шығарылмай, ақшаны қайтармайды. Мұндай жағдайда мәмiле өзiнiң заңдық күшiн сақтайды және несие берушi сотқа қарызды мәжбүрлеп өткiзуi туралы талап арызымен жүгiне алады.
Алайда, нысан сақталынбады. Заң бұзушылық қандай нәтиже бередi?
Егер бiр тарап мәмiленiң жасалғандығын түпкiлiктi жоққа шығарса немесе екiншi тараптың қойып отырған талаптардың мәмiленiң мазмұнында қарастырылғанын терiстемесе, орындалуын талап етiп отырған жақ өзiнiң айтқандарының рас екендiгiн растайтын куәнiң жауабымен дәлелдей алмайды. Бiрақ та басқа жазбаша дәлеледемелер келтiруi мүмкiн. Таныс мысал келтiрсек, борышқор ақшаны қайтармай, сотта несие берушiден тiптен ақша алмағандығын айтады. Борышқор қарыз берген кезде көрген куәнi сотқа ертiп келедi. Сот мұндай жағдайды ескермеуi тиiс. Егер несие беру борышқордың, яғни қарызды кешiктергенi үшiн кешiрiм сұраған хатын сотқа берсе, онда хат мәмiленiң жалғандығын растауы мүмкiн, ал борышқор оның орындалуына мәжбүрлеу шараларын қолданылуын талап етуiне болады. [14]
Сонымен, мәмiленiң жай жазба нысанын жалпы сақтамау мәмiленiң жарамсыз деп, танымауына әкеп соқтыра қоймайды, бiрақ дәлiлдемелердi қиындатады.
Ережеден басқа жағдайларға жол берiлмейдi. Егер, мысалға заңда немесе тараптардың келiсiмi бойынша мәмiленiң басқаша нысанының болуы жөнiндегi талапқа, нысанның сақталмауы мәмiленiң жарамсыз деп танылуына әкеп соқтырады деген фраза қосылса, онда нысан сақталмаған ретте, тараптар оны жасағандығы жөнiндегi фактiнi терiстемегенде де мәмiленiң заңды күшi болмайды.
Мұндай жағдайда мәмiлеге қойылатын мiндеттi талаптарды бұзудың жалпы зардаптары қолданылады. Мәмiлелердiң жарамсыз деп тануына байланысты мұндағы қатысушы қарсы жақтан мәмiле бойынша бергендерiн қайтарып беруiне және қайтарып бере алмаған жағдайда келтiрiлген шығындарды қайтаруын талап етуге құқылы, яғни екi нақты реституция қолданылуға жатады.
Мәмiленi жазбаша нысанда жасамау, оны жарамсыз деп тану қаупiн тудыратын ережелер ҚР АК - тiң 294, 331, 337 баптарында қарастырылған.
Қазақстандық және шетел азаматтары және заңды тұлғалардың арасындағы сыртқы экономикалық, яғни коммерциялық мәмiлелер жай жазбаша нысанда жасалынады.
Талаптар сақталынбаған ретте жоғарыда аталған зардаптар туындырады (153 - баптын АК). Сыртқы экономикалық мәмiлелердiң жарамдылығын сақтау үшiн мөрмен, қолмен немесе басқа белгiлермен, шарттарда, не заңда басқаша көрсетiлсе, растау мiндеттi емес.
Мәмiлелердiң жазбаша нысанының сақталу қажеттiлiгi заңдардағы талап болмай тараптардың келiсiмiмен туындаса, тараптар мәмiленi жазбаша нысанада рәсiмделмей, мәмiлелер күшiне енбейдi және де заңды нәтижелер туындамайды. Тараптардың өзара келiсiмi болған жағдайда, мәмiленiң нысаны жөнiнде алғашқы келiсiмдерiн өзгерте алады.
Жоғары айтылғандай, кей жағдайларда жазбаша мәмiлелер жасау үшiн мәмiленiң талаптары қол қойған, құжаттастыру не тиiстi құжаттарды алмастыру, жеткiлiксiз. Сонымен қатар тиiстi реквизиттердi сақтау керiк. Арнайы белгiлердi пайдалану, мәмiленiң қатысушыларының қолдары мөрмен растау және т.б. (АК 152 бап 3 тарау). Тараптармен басқаша келiсiлмесе, мәмiле нысаның сақтамайды нәтижесiнде жарамсыз деп танылады және екi жақты реституция қолданылады.
Нотариат куәландыру қажет ететiн мәмiлелердiң нысанын сақтамау (АК - тiң 154-бабы 1 тармақ), мәмiленiң жарамсыздығын бiлдiредi және екi жақты реституция толығымен немесе iшiнара орындалса, олар бiр бiрiне мәлiмделiу қайтаруы қажет (АК тiң 157 бабы).
Бұл жалпы ережелер, егер нотариалды куәландыру туралы талаптарды сақтамай жасалған мәмiлелер сотта расталса, қолданылмайды. Мәмiленiң жасалғаны және мазмұны шағымдануға жатпайтын фактiлер тән мәмiлелер жөнiнде сөз қозғалып отыр. Бұл ереже, мәмiле нысанының сақталмағандығына кiнәлi қатысушы (не оның құқыққабылдаушысы) кейiнен өзiне бiр жағынан тиiмсiз болып қалған мәмiледен арылу мақсатында, өзiнiң құқық бұзушылығын негiзге ала отырып, мәмiленi жарамсыз деп тануды қалған жағдайда қатысушы қорғайды. Бұл қатысушының әрекеттерiнде АК - тiң 158 - бабы 2 тармағы сақталынбаған.
Мына 3 шарт орындалған жағдайда аталған жалпы ережелер қолданылмайды:
1) мәмiленiң мазмұны заңға қайшы болмай, тек заңдағы мәмiле нысаны туралы талап бұзылса;
2) тым болмағанда бiр тарап болсын мәмiледегi қызметтердi (мiндеттердi) орындаса;
3) мәмiле үшiншi жоқтың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбаса.
ҚР АК - нiң 155-б. анықталған мәмiлелердi тiркеу туралы талаптар сақталынбаған ретте бұл мәселе күрделенедi. Баптың мәтiнiнде айтылғандай, тiркеудi қажет ететiн мәмiлелердi тек талап iске асырылған кезде ғана жасалынған болып табылады. Тиiстi дәрежеде рәсiмделген мәмiле тiркеуден өткенге дейiн толық заңды күшке ие болмайды. АК - тiң 155-бабы 2-тармағында былай дейдi: Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанда жасалса, бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптын талап етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi.
Мәмiле жасалып, бiрақ басқа тараптың қаламауымен тiркелмеген кезде қатысушының мынадай құқықтары бар: 1) егер мәмiле бойынша қандай да мүлiк келесi тарапқа берiлiп қойылса, екi жақты реституцияның қолданылуын талап етуге; 2) талапты сақтаудан бас тартып отырған қатысушының мәмiленi мәжбүрлi тiркеуiн соттан талап етуге.
Сот шешiмi бойынша тiркеудiң екiншi жолын таңдаған жағдайда, мәмiле заңдық күшiне енедi және талапты сақтаудан бас тартушы қатысушының еркiнен тыс мәжбүрлi түрде орындайды.
Бұл мәмiле жөнiндегi заңнамалардағы негiзгi ережелерi, олар мәмiленiң Құқықтық негiзiн жасау тәртiбiн, мазмұны мен жарамдылық шарттарын анықтайды. Ережедегi басты жағдай сол, мәмiле азаматтық, әсiресе мүлiктiк қатынас тудыратын негiзгi заңды факт болып қалады.
Әрбiр азамат және әрбiр заңды тұлға күнделiктi, кейде бiр рет күнiне мәмiле жасайды, оларды орындайды, бiрақ барлық уақытта мәмiленiң Құқықтық сипатын сезiне бермейдi. Мәмiленiң заңды сипатын бiлу және дұрыс түсiну - экономикалық айналымын қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғаудың басты шарты.

2.2 Мәмілені нотариаттық куәландыру тәртібі

Мәмілелерді куәландыруда және кейбір нотариаттық іс-әрекеттердің жасауда мәмілеге қатысушылар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға тілек білдірген басқа адамдардың қойылған қолдарының түпнұсқалығы тексеріледі. Өкілмен мәміле жасау кезінде оның өкілеттілігі тексеріледі.
Мәмілеге қатысушылардың жүйке ауруымен немесе ақыл есінің кемдігі өзін-өзі билей алмауы өз отбасын материалдық жағдайын ауыр жағдайға ұшырататыны нотариустың болжамына негіз болса, оның ауру екендігі жөніндегі қағаздары болмаса, нотариус мәлімдемені он күнге кейінге қалдыра тұрады және әрекет қабілеттілігі шектелген деп тану туралы сот шешімінің бар жағын тексереді.
Нотариаттық тәртіппен куәландырылатын мәмілелердің қатарына мыналар жатады:
1) тұрғын үйлерді иеліктен шығару, 2) өсиеттер, 3) сенімхаттар, 4) шарушылық серіктестігінің құрылтайшылық құжаттары, 5) неке-келісім шарттарыжатады.
Нотариус заңдармен міндетті нотариаттық куәландыру белгіленген мәмілелерді куәландырады. Тараптардың тілегі бойынша нотариус басқа мәмілелерді де куәландыра алады.
Нотариус пен нотариаттық іс-әрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар табыс еткен мәміле жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес кемтіліп және заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті.
Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу және кепілге салутуралы шарттар иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын мүлікке деген меншік құқықтарын растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкін.
Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу мен кепілге салу шартын куәландыру сол мүлік тұрған жерде жасалады.
Тіркелуге жататын жер учаскесіндегі тұрғын үй құрылысы туралы шартты жер учаскесі берілген жердегі нотариус куәландырады.
Нотариус пен нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы басқа да лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес іс-әрекетке қабілетті азаматтар жасаған және олардың өздері нотариусқа табыс еткен өсиеттерді куәландырады. Өсиеттерді өкілдер арқылы куәландыруға жол берілмейді.
Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлікке оның меншік құқығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етілмейді.
Нотариус және нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттің күшін жою туралы хабарлама алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттің күшін жоятын немесе өзгертетін жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттің нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізіліміне бұл туралы белгі соғады. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы хабарламаны нотариат куәландыруға тиіс.
Нотариус пен лауазымды адамдар бір немесе бірнеше адамның атынан сенімхаттарды куәландыру.
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құққығы сөз болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Биржалық шарттың ережелері
Мәмiлелердiң ұғымы және түрлерi
Жазбаша мәмілелер
Жарамсыз мәмілелердің түрлері
Мәмiленің құқықтық жағдайы
Мәміле ұғымы
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Мәміле ұғымы жарамдық шарттары
Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелер
Пәндер