Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі



Жоспар

Кіріспе

І тарау Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі
1.1 Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
1.2 Азаматтық қоғамдағы еріктілік
1.3 Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер

Қосымша
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі.
Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым:
1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік
3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы
Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру.
Пайдаланған әдебиеттер мен сiлтемелер

1. Друкер П.Ф. Новые реальности в провительстве и политике в экономике и бизнесе, в обществе и мировозрении. М: Бук Интернэшл, 1990г.
2. Казаков О. Что такое некоммерческий сектор и некоммерческая организация. Информационный бюллетень. М: Программа “Подержка общественных инициативов”. 1996г.
3. Либоракина М.М., Якимец В.Н. Гражданские инициативы в будущее России –М: Школа культурной политики. 1997г.
4. Абишев К.А. О субъектах гражданского общества // С.б: Становление гражданского общества в странах центральной Азии. – Алматы 1999.
5. Аяған Б.Т. Государство Казахстан.Эволюция общественных систем. – Алматы, 1993.
6. Байдельдинов Л.А. Основы политологии. Алматы, 2002.
7. Машан М.С. Коммуникация государства и гражданского общества с позиции теории полит системы. // Сб.: Становления гражданского общества в странах центральной Азии. Алматы, 1997
8. Джунусов А.М. Власть и оппозиция, историко-теоритические аспекты. Алматы 1997
9. Мухаммедов М.Б. Формирование основных приоритетов внешней политике Казахстана. Алматы: Бастау, 1997 г.
10. Кушалиев Г.А. Роль Экологических НПО в построении гражданского общества в Казахстане. // Суверенный Казахстан как политическая реальность. Алматы 2001г.
11. Жусупова А.Д. Профсоюзы и НПО в условиях глоболизации // Национальная экономика РК в условиях глоболизации. Алматы, 2002г.
12. Сиврюкова В.А. Социальное партнерство власти и НПО –основа демократического общества. // Сб: Государственная поддержка неправительственных организаций: пробелмы опыт, перспективы – Астана МКИОС РК, 2002г.
13. Думбаев А., Франц И. Что такое НПО: понятие и деятельнгость. Алматы, 2001г.
14. Платон Менексен // Собрание сочинений в 4-х томах, том 1 М.: Мысль, 1980г.
15. Аристотель Политика. М: Мысль, 1989г.
16. Утченко С.Л. Политические учения Древнего Рима. М: Наука 1977г.
17. Кнабе Г.С. Древний Рим история и современность. М: 1986г.
18. Дж Локк Об управлении разумом // Собрание сочинений в 3-х томах. М: Мысль 1985г.
19. Гоббс Т. Левиафан или материя, форма и власть государства церковного и гражданского // Собрание сочинений в 2-х томах. М: Мысль 1989г.
20. Гегель Основы философии права //Философский энциклопедический словарь. М: Советская энциклопедия, 1989г.
21. Назарбаев Н.А. В потоке истории Алматы: Атамұра, 1999г.
22. (15, стр.46)
23. (14, стр.50)
24. (18, стр. 77)
25. // Аналитик №4, 2004. 15-19 бб.
26. БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннаның ұйымдық қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл // Қазақстанның бейүкiметтiк ұйымдары: кеше, бүгiн, ертең. Алматы 2003 ж.
27. // Аналитик №4, 2004 20-22 бб.
28. Назарбаев Н.А. “Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизаций” Ел басының халыққа жолдауы. 18 ақпан 2005 ж.// Жизнь №3 (23) 2005 стр. 11.
29. // Казахстанская правда №79-80 7 апреля 2005г.
30. Giving and Volunteering in the United States 2001: Key Findings. Independent Sector, Washington, 2001.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І тарау Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен
рөлі
1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік
3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер
Қосымша

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму
тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған
Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік
мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс
бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті
тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы
бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару
жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер
1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994
ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы
құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор
айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор.
Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін
көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде
Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл
сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі
элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың
негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында
мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық
технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес
Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын
тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді.
Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі.
Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен
атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі
өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік
зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын.
Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты.
Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің
бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен
методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер
Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның
зерттеушілері үшінші сектор мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен
әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев
К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов
А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және
т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің
еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12),
қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы,
Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде
Спектор развития мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл
мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға
қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек
қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15),
Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер
жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам
теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман
мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады.
Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан
зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың
еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның
стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам
мәселесіне байланысты ANALITIC деп аталатын мерзімді басылымда көптеген
мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел
басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес
Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми
жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу
барысында алдыма қойған мақсаттарым:
1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік

Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы

Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты
зерттеп, толығымен жүзеге асыру.

1.1 Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы
Азаматтық қоғамнан бастайтын болсақ, онда оның өзі қиын әлеуметтік
құбылыстың өзі, өзіне тән белгілі жүйесімен бірнеше мыңжылдық тарихы бар,
өзінің қалыптасуы әр түрлі болып келетін күрделі құбылыстың бірі.
Қазіргі таңда азаматтық қоғамның дамуы ең маңызды даму жолыретінде
саяси трансформация жүргізіп отырған мемлекеттер үшін маңызы зор.
Бұл сала орта мамандар ескі демократия елдері мысалыға АҚШ-та
толығымен бұл құбылыс орнағанымен қалыптасып біткен жоқ. Демократия, адам
құқықтарының сақталуымен толық байланысты бұл құбылыстың тарихына, қайнар
көзіне көшетін болсақ. Өз бастауын ежелден алады. Азаматтық қоғам туралы
алғашқы ойларын грек философтары жалпы түсінік берген болатын. Атап айтатын
болсақ, Сократ, Платон, Аристотель өзінің антикалық концепцияға сай
азаматтық қоғамның ойларын қарастырушы атақты антика әлемінің зерттеушісі:
Кнабе Г.С., Мотрошилова В.Н., Утченко С.Л. қарастырып кеткен. Азаматтық
қоғам теориясын жасақталуын жаңа заман Европалық философия мектебінің
өкілдері үлес салмағын қосты. Өкілдері Гоббс Т., Локк Дж, т.с.с. Аса
маңызды азаматтық қоғам теориясын қарастырушы Гегельге жатады. Өзінің
үлесін қосқандар ішінен тағы да айтып кететін болсақ, Кант И., Маркс К.,
Джефферсон Т., Бердяев Н., Ясперс К., тағы да басқа зерттеушілер ат
салысты.
Қазақстандағы азаматтық қоғам жөнінде өзінің үлесін қосқан
Н.Ә.Назарбаев еңбектері болып табылады. Теория жағынан және дамуын біздің
елден бір топ зерттеушілерімен белсенді түрде үлес қосуда. Атап кететін
болсақ, олардың қатарына Абишенің К.А., Аяғановтың Б.Г., Байдильдинов А.А.,
Жусупованың А.Д., Нұрмағамбетов А.А., Бельгибаев С.Т., Шомановтың А.Ж
т.с.с. өте көп зерттеушілер осы мәселемен айналысып ат салысуда.
Ал мәселенің яғни азаматтық қоғамның ежелде қарастырып кететін
антикалық қоғамда қалай болды деген сұраққа жауап берсек. Онда антикалық
түсінікте мемлекет, республика, азаматтық қоғам деген түсініктер синоним
ретінде ішінара байланысқан терминдерден құралған болатын.
Ол polis және politcaежелгі гректерде, ал ежелгі римдіктерпде res
publica және society civitas деп атаған. Полис деген сөзден мағынасына
келетін болсақ ол қала, мемлекет деген түсінік берді, тура солай ол
термин азаматтық қоғам (қауым) деген түсінігімен жақын болып келеді.
Аристотель түсінігі бойынша мемлекет және азаматық қоғамды былай
түсіндіреді Всякое государства предоставляет своего рода общение, всякое
же общение организуется ради какого-либо блага больше других и к высшему из
всех благ стремиться то общение, которое являеться наиболее важным из всех
и обнимает собой все остальные общения, это общение и называеться
государственным или политическим (22).
Осындай азаматтық қоғам туралы түсінік, кең мүмкіндіктер қазіргі
кезеңге даму концепциясын ашады. Қазақстандағы фундаменті байланыс жүйесі
ретінде ұлттық стратегиядан көрініс табады. Ол ел басының 2030 жылдардағы
Қазақстан даму стратегиясында орын алған болатын.
Адамдар арасындағы өзара байланысты мен қарым-қатынасты орнатумен
қатар, біз біртіндеп біздің ұлттық бірлігімізді кеңейте түсеміз. Сонымен
осы айтылған ел басының стратегиясында халық арасындағы байланысты нығайту
жолдары туралы айтылған. Ал ол келешекте ұлттық ерекшелігімізді сақтап,
болашақта мықты ұлттың біріне ішінара халық арасындағы келеңсіз немесе
орынсыз текетіреске жол бермеуіне маңызды роль атқарады. Өйткені қалыптасып
келе жатқан құбылыстың яғни азаматтық қоғамның негізі – халық болып
саналады. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік пен экономикалық дәрежесінің
өсуі де азамттық қоғамның дамуының басты ілгері қарай бет алатын құбылыстың
бірі болып табылады. Осындай тұжырымды ерте кезде грек қоғамына да тән
болды. Оларда бүкіл адамзаттың қоғамның ішінде тең болуы туралы Платон
өзінің шығармаларында былай айтқан.
Равенство происхождения раставляет нас стремиться к равным правам для
всех основанным на законе и повиноваться друг-другу в силу авторитета
доблести и разума (23).
Осы Платонның айтқан ойында, азаматтық қоғамның негізгі қағиданың бірі
сол кезеңде айтылып кетеді. Ол заң алдындағы бірдейлік қағидасы. Бәрімізге
белгілі, қазіргі таңда да әр мемлекетте заң ерекше орын алады. Азаматтық
қоғам дамуындағы келесі этаптарының бірі жаңа заман европалық философтар
өкілдері құрайды. Азаматтық қоғам туралы түсініктер Гоббс Г., Локк Дж,
Монтескье Ш. еңбектерінде көрініс табады. Олардың тұжырымдамасы табиғи
құқықтары негізінде жасалынған және қоғамдық келісім шартты қолдай отырып,
ол келісім шарттың мазмұны немесе мақсатты өзін-өзі сақтау негізінде,
келешекте жақсы өмір тұрмысқа негізделген болатын. Осы ойшылдардың
дүниетаным көзқарастары бойынша былай деген, Человек как разумное существо
стремиться к свабоде он хочет осознавать себя владелцом своих жизненных
прав яғни туысынан берілген әр адамға бостандық және табиғи құқықтарының
сақталуын талап етеді. Джон Локк айтуы бойынша табиғи қауым топ адамдар,
адамзаттық қоғамға айналады, яғни былай айтқан Когда какое либо число
людей так объединено в одно общество что каждый из них отказываться от
исполнительной власти, присущей ему по закону природы и передает ее
обществу (24).
Монтескье Ш. бойынша азаматтық қоғам ол тәуелсіз ассоциациялар
жиынтығы ретінде қарастырады. Сонымен қатар жеке тұлға мен мемлекет
арасындағы қарым-қатынасты қарастырған болған.
Ерекше, азаматтық қоғам туралы қарастырған ойшыл Г.Гегель болып
табылады. Жанұя тұрғысынан алып мемлекетпен байланыстырып өткен. Оның
айтуы бойынша, Гражданское общество есть дифференцация, которая выступает
между семьей и государством, хотя развития гражданского общества наступает
позднее, чем развития государства. Сонымен Гегель айтуы бойынша тек қана
жалпы саяси қызығушылықтармен айқындалатын сферадан бөлек, тағы да жеке
меншік сфера бар ол сфераны ол азаматтық қоғам деп атаған. Жаңа заман
өкілдері осы тұжырымдарды жасай келе қоғамның жаңа тап өкілдері пайда болып
келе жатқан көп үшін ол идеологиялық платформа негізінде болсын деп, олар
сол қоғамның бай, дербес халқы – буржуа туралы айтқан. Олар өз кезеңіне сай
дворяндармен қатар бірдей құқықтар алғысы келген.
Сонымен осындай азаматтық қоғам туралы ертедегі ойшыл, философтардың
ойлары іс жүзінде жүзеге аспай қалған. Өйткені Үкіметтік емес ұйымдар
кеңестік кезеңінде екi кері тартпа тән болған олар біріншіден жалпы ойлау
негізінде тұрпайы түрде мағына берген. Ол яғни азаматтық қоғам, өзінің саны
жағынан қоғаммен тең, барлық адамдар, адамзат етіп танылып, адамзаттық
құқықтарға ие сонымен шектелінеді. Екіншіден, азаматтық қоғам мен ҮЕҰ-дар
арасындағы айырмашылық жоқ деп түсіндіріледі, яғни олар бірдей деп, осындай
сияқты азаматтық қоғам теориясындағы кемшіліктер ілгері дамуына ҮЕҰ-дың
секторының қалыптасуына өз зардабын тигізген. Қазақстан Респуликасындағы
азаматтық қоғам құру мәселесімен айналысып жүрген зерттеушілер аз емес.
Олардың атайтын болсақ, Абишев К.А., Байгельдинов Л.А., Аяған Б.Т., Шоманов
А.Ж., Жусупова А.Д., Ибраева Т.Ж., Джунусов А.М. өте көптеген зерттеушілер
азаматтық қоғам құру мәселесі қызықтырады. Осы салаға байланысты аз емес өз
үлесін қосқандар ішінен тағы да ынтымақтастықты дамыту институты (IdC) деп
аталатын ұйым ҮЕҰ-дар секторын дамыту барысында мерзімді басылымдармен
қатар ҮЕҰ-ға нұсқаулар шығарумен айналысады. Олардың негізгі ғылыми
журналдары Спектр Развития мен Организация деп аталады. Ол басылымдар
2001 жылы алғашқы жарық көрді. Қазіргі уақытқа дейін шығып жатыр және де ол
көптеген ҮЕҰ-дарға бүкіл Қазақстан бойынша көмек беруде ат салысады.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі азаматтық қоғам дамуына байланысты
шетел зерттеушілерімен ол мәселе бойынша пікір алысып, өз нұсқауын береді.
Мемлекет пен ҮЕҰ-дар арасындағы, әлеуметтік-экономикалық, заңдық, яғни ҮЕҰ-
дарға қатысты сұрақтардың барлық жақтарын көтереді. Ғылыми жұмыстың жазу
барысында осы аталмыш институтын мерзімді басылымдары қаралып негізге алып
жазылған. Сонымен біздің елдегі азаматтық қоғам мәселесі көптеген
зерттеушілер айналысатынына күмәнсіз үлкен жұмыстар жасалуда бір ауыздан
құптаймыз.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі азаматтық қоғам туралы, Шаманов
А.Ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақатсанның Стратегиялық Зерттеулер
Институтының директорының бірінші орынбасары мен Үмбеталиева Т.Б. саяси
ғылымдарының кандидаты екеуі бірлесіп жазған мақаласында Азаматтық
қоғаммен оның институттарының қазіргі жағдайдағы әлеуметтік кикілжіңдерді
реттеудегі рөлі деп аталынған мақалада (25). Азаматтық қоғам мен оның
институттарының әлеуметтік кикілжіңдерді реттеудегі рөлін анықтау осынау
әлеуметтік феномендер – азаматтық қоғам, оның субъектілері мен әлеуметтік
кикілжіңдердің арасындағы іс жүзінде қалыптасатын ұсынды өзара
байланыстарды анықтап алуды талап етеді. Азаматтық қоғам институттарының іс
қызметтерін талдау, олардың әр түрлі әлеуметтік мүдделердің айтарлықта кең
ауқымын қамтитындығын және қоғамдық проблемаларды шешудің біршама
ресурстарына ие екендігін дәлелдейді. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам
институттарының қоғамдағы әлеуметтік кикілжің деңгейін бәсеңдетудегі рөлі,
ең біріншіден, оның тұрақтылығына келеңсіз әсер ететін үрдістерді
үйлестіруден көрініс табады. Азаматтық қоғамның дамуы, қазіргі таңдағы
дамушы елдер үшін дамуындағы маңызды орын алады. Ескі демократия
елдеріндегі азаматтық қоғам құрылып болғанымен, нақты жұмыс істеуде әлі
дамып келе жатқан құбылыстың бірі болып табылады. Аталмыш кісілердің
зерттеуінде олардың қосқан үлесі азаматтық қоғам институттарын айқындап
кесте ретінде береді. Қосымшадағы кестеден көріп отырғанымыздай азаматтық
қоғам институттарының негізі айқындалып, олардың арасындағы байланысты
көрсетіп, анықталып көрсетілген.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу проблемасы ең біріншіден
адам құқығы сақталып сипаты тұрғысынан демократиялық қоғамды орнату туралы
мәселемен байланысты. Аталмыш мәселе модернизация идеясымен, яғни қазіргі
заманға сай қоғамды орнатумен тікелей тоғысады. Осыған дәлел ретінде ел
басының 18 ақпандағы халыққа жолдауынан көре аламыз. Оның аталған атынан
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында деп
аталады. Онда ел басымыз мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бері қарай
яғни қазіргі күнге дейінгі істелген жұмысын қорытындылап, қиыншылықтары мен
жетістіктерін атап көрсетті. Сонда негізгі даму барысында ұстаған
мақсатымыз жақсы тұру, бостандықты армандадық. Нәтижесінде болашағымыз
жарқын болу үшін қажымай еңбек еттік. Ендігі 10 жылдық ішінде ұлттық
теңгеміздің тұрақтануы, одан көріп отырғанымыздай экономикалық
тұрақтануымызды білдіреді. Нарықтық реформаларды жүргізуде өз орнын нақты
алған және де әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқан құбылыстың бірі. Сонымен
еліміздің барлық салаларын қамтыған жолдауында негізгі әлеуметтік топтың
мәселесін, шешіп берді. Әлеуметтік топ дегеніміз оларға зейнеткерлер,
студенттер мен мемлекет жұмысында істейтін жұмыскерлер жатады. Олардың
зейнетақысы, стипендиясы мен жалақысы екi есе көтеріліп, жағдайлары біршама
жақсарды деп айта аламыз. Тағы да ертеңгі елдің болашағы кәсіби білім алу
мақсатын көздеген ел басы, биылғы, Болашақ стипендиясының санының 3000-ға
дейін көтерді. Азаматтық қоғам институттарының дамуы туралы да айтылды. Ең
бастысы елдің азаматтырының құқығының кепілдігі болатын сөз бостандығы,
қоғамдық бірлестіктер мен саяси еріктіліктің дамуын атап көрсеткен. Адам
құқығы мен азаматтардың құқықтары заңда белгіленгенімен кейбір кезде өз
орнын таппай жүруде, яғни бір жағдайларда олар бұзылады осымен күресу үшін
құқық қорғаушы органдары өз жұмысын белгілі істерде нақты атқару қажет деп
түсіндіреді. Ең бастысы – сөз бостандығы демократиялық дамудың негізгі
өзегі болып табылады. Сонымен құқыққорғаушы органдар сөз бостандығының
бұзылмауын да қамтамасыз ету керек. Қорыта келгенде ел басының халыққа
жолдауынан болашақта еліміздің дамуына қазіргі таңда барлық жағдайлар
жасалған. Осыған дәлел атақты Ресей ғалымы, академик А.Аганбегян айтуы
бойынша екі ел – Қытай мен Қазақстан – қазіргі таңда, экономикалық даму
жоғары қарқында деп айтып кеткен. Ал бізге белгілі экономиканың мықты мен
саяси тұрақты елде ғана ары қарай дамуы жүзеге асыратын үлкен құбылыс,
азаматтық қоғамның да дамуына қолайлы жағдай туады. Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас хатшысы Кофи Аннанның айтуы бойынша Бүкіл адамзат үшін жарқын
болашаққа үміт беретін бірден бір жол, ол өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық
жолы, мұнда барлық қоғамдық күш-жігерлер – мемлекеттер, жеке сектор, білім
беретін және зерттеу мекемелері, барлық нысандағы азаматтық қоғам – нақты
қол жететін мақсаттарға ұмтылу үшін өз күштерін біріктіреді (26). Осыдан
көріп отырғанымыздай мықты адамзаттық қоғам құру үшін қоғамның үш секторын
яғни мемлекет, бизнес мен ҮЕҰ-да қажымай еңбек ету қажет болып табылады.
Сонымен азаматтық қоғам ол өзі қиын әлеуметтік феномен белгілі өзінің
жүйесі бар, және көптеген мыңжылдықтарда дамып келе жатқан құбылыс.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның құрылуы тікелей өркениетті дамушы елмен
бейланысты. Негізінен адам дамудың басты субъектісі ретінде айқындалады. Ол
демократиялық негізінде, адам құқықтарының шектелмеуінен тұратын процесс.
Қазіргі таңдағы азаматтық қоғам деп бірнеше қағидадан тұратын кезеңді
айқындап берген Бельгибаев С.Т. (27).
1. Индустриалды қоғам
2. Экономикалық қарым-қатынас ол қоғамдық нарықтық экономика жүйесі.
3. Саяси тұрғыдан – демократиялық жүйе.
4. Әлеуметтік құрылымда – қиын дефференциялды және стратификациялық
жүйе.
5. Діни-идеологиялық жағына ашық қоғамның танылуы, толеранттық және
гуманды қоғамның орнауы.
Осы 5 қағидасынан қазіргі таңда азаматтық қоғам тұрады деп айтып
кеткен. Көптеген зерттеушілер пікірлерін сараптайтын болсақ, азаматтық
қоғам 2 түсінікте қалыптасып жасалынған.
1. Жеке тұлға түсінігі.
2. Жеке меншік түсінігі.
Батыс Европадағы азаматтық қоғам дәл осы екі түсінікте қалыптасқан
болатын. Азаматтық қоғам Европада жеке тұлғалардың яғни азаматтардың,
мемлекетпен күрес нәтижесінде қалыптасты. Тарихтан белгілі осы күрес
нәтижесінде қоғамдық келісім шартты жүзеге асырушы ол заңдарда орын тапты.
Сонымен көріп отырғанымыздай демократиялық дамудың негізгі өзегі заң болып
табылады. Оны сақтау және қорғау демократиялық қағидаларының негізі болып
табылады. Осы кезде демократия туралы атақты Маргарет Тэтчер айтуы тура сай
келеді. Ол демократия туралы айтқан, Әр елде демократиялы бір қолмен
енгізу оңайға түседі, бірақ оның да өз зардаптары белгілі, басқа елдердің
тәжірибесі көрсеткендей қоғамның барлық қабаттары оған үйрену керек, ол өте
көп уақытты қажет етеді. Көптеген елдер мыңжылдық тарихы бар либералды
дәстүрлерімен ол мемлекеттер жетістікке жетпеді. Біз өз мемлекетімізді
құруда тегiс жерден бастау алдық, бiрақ ескеру қажет демократия ол адамның
жүріс-тұрысы мен мәдени ойлауының мәдениетінен тұрды деп солай айтқан (28).
Азаматтық қоғам құру процесі біздің елдің тәуелсіздік алғаннан
басталады да, әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда азаматтық қоғам
орнату тікелей ҮЕҰ-дармен байланысты екенін білеміз. Бізге ең керекті
нәрсенің бірі ол қазіргі таңдағы жақандануға байланысты өзіміздің тұрақты
даму стратегиямызда таңдап алуымыз қажет болып табылады. Еліміздің ерекше
түрлі жақтары бар оның бірі көп ұлтты халқымыздан көруге болады.
Қазақстанда діни жағдай да ерекше болып табылады. Сарапшылар зерттеуі
бойынша 3000 діни ұйымдар бар олар 70 конфессияға жатады. Діни емес ұйымдар
да ҮЕҰ-дарға жатады, бірақ та олардың ҮЕҰ-дардан айыра алатын айырмашылық
бар. Ол діни ұйымдар белгілі бір идеологиялық тоталитаризм негізінде өзінің
тағы да мысалы 2 конфессияда тұру рұқсат етілмеген жағдайлар бар. Ал ҮЕҰ-
дар демократиялық негізінде жұмыс істеді. Осындай әр қилы қиын деп те айта
алатын жағдайда Қазақстан барлық конфессиялармен өзара түсінушілік сипатта
өмір сүруде. Ел басымыз халықтар ассамблеясының ІХ сессиясында, Евразиялық
хартияның қабылдануы туралы ой білдіреді. Ол хартия конфессиялар арасындағы
бейбітшілік және келісімге келшу туралы айтылады. Көпшілік оны қолдады,
олардың ішінен көптеген діни ұйымдардың өкілдері де болды. Сонымен
халқымыздың ілгері дамуы келешекте мықты азаматтық қоғамға айналатыны
сөзсіз. Осыған байланысты көптеген зерттеушілер ұлттық рухты жоғары ұстап
Қазақстанның дамуына ұлттық идеяның болуы қажет деп түсіндіреді. Бұл ойды
айтушылар ішінен Ашимбаев М., Косиченко А., Нысанбаев А., Шоманов А. Сонда
ғана болашақта жарқын ел ретінде өмір сүреміз (29). Келешекте әрбір азамат
өзіне қолайлы өмір сүрі үшін бағытталған бұл шара маңызды болып табылады.
Осы жоғарыда зерттеушiлер көптеген дамушы мемлекеттер тәжiрибесiн айта келе
мақала соңында өз ұсыныстарын айтады. Оларды бiраз жүзеге асыру үшiн уақыт
керек. Сонда ғана елiмiздiң тұрақты дамуы азаматтық қоғамға әсер ететiн
қоғамның да бұл маңызды бөлшегi дамиды. Көптеген елдерде ол қалыптасқанмен
әлi де даму үстiнде. Негiзгi фактор азамат екенiн ұмытпауымыз қажет. Ал
азаматтардың яғни көпшiлiкке жақын тұратын ҮЕҰ-дар арқылы ол процесс жүзеге
асырылады.
Қорыта келгенде азаматтық қоғамның эволюциясы ежелден бастау алады, әр
кезде даму процестерге байланысты ол әртүрлi формада болды. Қазiргi таңда
азаматтық қоғам құру мәселесi көптеген мемлекеттер бастан кешiруде де
Қазақстан артта қалмады. Нарықтық экономиканың дамуы, азаматтық қоғам
мәселесi де айқындала түстi. Азаматтық қоғам бiзге белгiлi үш сектордан
тұрады, олардың бiр-бiрiмен араласып қарым-қатынастың терең жүргiзiлуiнде
мықты азаматтық қоғам құруға болады. Ол қоғам мемлекетiмiздiң әрбiр азаматы
үшiн қажет.
1.2 Азаматтық қоғамдағы еріктілік
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар дың дамуы, белгілі бір шамада,
еріктілік қозғалысымен байланысты. Еріктілер күш жігерін Халықаралық Ерікті
Күш салу Қауымдастығынаң (IAVE) ынта білдіруімен 1990 жылы Парижде
қабылданған декларациясы бойынша, еріктілік – жеке азаматтың адамзат
қоғамдастықтары өміріне белсенді қатысу мәселесін ерікті таңдауы, ол
қоғамдастықтар әділ және бейбітшілік қоғам құру жолында адамның негізгі
қажеттіліктерін іске асыруға, баланстандырылған экономиканың және
әлеуметтік дамуға, жаңа жұмыс орындары және жаңа мамандықтар құруға
мүмкіндік жасайды.
Көпшілік елдерде еріктілік адам өмірінің негізгі элементтерінің бірі
болып табылады. Сонымен бірге еріктілер қызыметі жергілікті, ұлттық және
халықаралық деңгейлерде бірдей іске асырыла береді. Еріктілік жаңа
нысандарды иемдене алады, сол немесе басқа елдің қажеттіліктерін
икемділікпен қанағаттандара алады. Ол қоғамның дамуында маңызды рөль
атқарады: белсенді азаматтар жергілікті, аймақтық және халықаралық
әлеуметтік мәні бар проблемаларды шешуде үкіметтік шараларына жәрдемдеседі,
дүниежүзілік қоғамдастықтың арықарай интерграциясына ықпал етеді. Жетекші
қызыметті бұл арады БҰҰ еріктілері, VSO (Voluntary Service Overseas),
бейбітшілік корпусы және басқалары сияқты халықаралық еріктілік ұйымдары
еншілейді.
Экономикалық дамыған елдерде еріктілік қоғам өмірінің барлық
салаларына белсенді түрде еңгізілді АҚШ да еріктілердің 500 жергілікті
Орталықтары бар. Осы орталықтардың жұмысы қайырымдылық ұйымдар мен
мемлекеттік агентіктерінде жұмыс істеулері үшін еріктілерді жинақтау және
бөлу. Еріктілердің жұмысы елеулі экономикалық тиімділікке ие. Мысалы, 2001
жылы 83,9 миллион АҚШ азаматтары (халықтың 44% ересек адамдары) 15,5
милиард сағат тегін жұмыс істейді. Осы жұмсалған уақыттың бағасы 239,2
милиард АҚШ долларын құрайды (сағатына 15,40$ есеп құрауға сүйенгенде).(30)
Жапонияда жергілікті еріктілер орталықтарында еріктілер ретінде 4,2 миллион
адам тіркелген (бұл халықтың 3%). Австралияда тіпті мемлекеттік еріктілер
орталықтары да құрылған, олар ішінара бюджет қаржыландыруы қарауында. Осы
елдерде ерікті болу әрі құрметті, әрі мәртебелі.
Еріктілік көптеген елдерде жақсы дамыған, үйткені ол жоқшылық пен
мұқтаждыққа, қоршаған ортаға теріс ықпал тигізуге, АИТС (СПИД) ауруының
таралуына, т.б. қарсы қүрес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үкіметтік емес ұйымдар
Қазақстандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде
Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
ЕҚЫҰ және Қазақстан: бүгіні мен болашағы
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрылуы және даму эволюциясы
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Демократиялық саяси жүйенің орнығуы
Мемлекет туралы
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Пәндер