Мұрагерлік құқық ұғымы.



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Мұрагерлік құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ..4
1.2 Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Өсиет бойынша мұрагерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1 Өсиет бойынша мұрагерліктің ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Нотариустың мұрагерлік туралы куәлік беруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3 Өсиеттiң орындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.4 Заңды мұрагерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5 Мұра алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты-мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау. Срның ішінде өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы талдау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақ-станның заңдарын және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу.
Бұл курстық жұмыстың жүйесіне тоқталар болсақ. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі бөлімнен тұрады. Бұл жұмыста біріншіден, жалпы мұрагерлік құқық ұғымы туралы қарастырып, содаң соң негізгі тақырыбымыз өсиет бойынша мұрагерлік құқығына тоқталдым.
Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіз-дерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.
Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі-жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақ-тайды. Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалар-дағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономика-лық мазмұны бар қатынастар. Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық-Рим құ-қығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.
Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып табылады.
Заң бойынша мұрагерлік ҚР Азамматтық кодексінің 1061-1064-баптарын-да көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Аза-маттық Кодекстің 1038-1083-баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999-жылдың 1-шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Респбликасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1-шілдеге дейін Қазақстанда 1994-жылы қабылдан-ған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999-жылы 1-шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963-жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің норма-лары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолда-нылды.
Нормативті актілердің тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.2007ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы бөлім) 1994-жыл 27-желтоқсан, (Ерекше бөлім) 1999-жыл1-шілде. Алматы, Юрист, 2012-жыл.
3. «Нотариат туралы» Заң 14.07.1997 ж.
4. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1 Заңы;

Арнайы әдебиеттер:
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқу-лық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
1. 3.Рашидова 3. Наследованипо завещанию Гражданский Кодекс Респу-блики Казахстан-толкование и комментирование. Выпуск 5. Алматы, Баспа, 1998
3. Құқық негіздері.Қ.И.Оспанов.Алматы:Жеті жарғы,ЖШС 2006
4. Құқық негіздері:Алматы,2008.Т.Ағдарбеков,А.Әлайдар,А.Алайдаров

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының азаматтық құкығы. Жоғары оқу орындарына арналған акад.курс Алматы, 2001. –215
2. Нысанбекова, Ләззат. Халықаралық жеке құқық : Алматы : Жеті жарғы, 2006. - 135 б.
3. Азаматтық істерді қозғау. Алматы : Жеті жарғы, 2003. - 184 с.
4. Т. Ағдарбеков.Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері : - Алматы : Заң әдебиеті, 2008.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Мұрагерлік құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ..4
1.2 Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Өсиет бойынша мұрагерлік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1 Өсиет бойынша мұрагерліктің ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Нотариустың мұрагерлік туралы куәлік беруі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...11
2.3 Өсиеттiң орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.4 Заңды мұрагерлік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5 Мұра алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты-мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау. Срның ішінде өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы талдау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақ-станның заңдарын және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу.
Бұл курстық жұмыстың жүйесіне тоқталар болсақ. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі бөлімнен тұрады. Бұл жұмыста біріншіден, жалпы мұрагерлік құқық ұғымы туралы қарастырып, содаң соң негізгі тақырыбымыз өсиет бойынша мұрагерлік құқығына тоқталдым.
Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіз-дерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.
Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі-жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақ-тайды. Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалар-дағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономика-лық мазмұны бар қатынастар. Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық-Рим құ-қығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.
Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып табылады.
Заң бойынша мұрагерлік ҚР Азамматтық кодексінің 1061-1064-баптарын-да көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Аза-маттық Кодекстің 1038-1083-баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999-жылдың 1-шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Респбликасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1-шілдеге дейін Қазақстанда 1994-жылы қабылдан-ған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999-жылы 1-шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963-жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің норма-лары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолда-нылды.

1.Мұрагерлік құқық ұғымы
1.1 Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Мұрагерлік-қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адам-ға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Мұрагерлік түсінігін анықтаған кезде келесі жағдайларды ескеру керек:
-құқықтар мен міндеттер мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқор-лығы арқылы өтеді;
-азаматтық кодексте тыйым салынған құқықтар мен міндеттерден басқа барлық құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді;
-мұраны қалдыру ережесі, мерзімі және т.б. мұраны қалдырған кездегі заң-мен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 6 бөлімі Мұрагерлік құқ-ық деп аталған. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Пленумының шеші-мінде мұралық термині қолданылды. Көптеген әдебиеттерде және тәжіри-беде бұл екі термин синоним сияқты қолданылады. Іс жүзінде бұл екі термин әртүрлі. Мұралық құқығы - сол тұлғаның субъективті құқығы. Мұрагерлік құқық-мұра мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқық-тық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында мүлекке және мұралыққа заң кепіл береді делін-ген.
Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүруінің бір мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе, сол тұлғаның жақын адамдарына кері әсер етер еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмау-шы еді. Жинаған қаражатымен не істейтінін білмеген адамдардың іскери бел-сенділігі төмендейді.
Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компан-иялардың және т.б. күйреуіне әкелер еді. Егер өз істерін құрып, кейіннен се-німді қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.
Адам бүкіл өмірі бойына жұмыс істеп, өз мүлкін жақын адамдарына қалдыруға мүдделі.

1.2 Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері
Әдебиеттерде мұрагерлік туралы бірнеше пікір бар:
Заң белгілеген ережелер бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) мүліктік құқықтары және міндеттерінің басқа адамға (адам-дарға) мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Бірақ бұл мүлік емес құқықтар мен міндеттерге қатысты. Сондықтан мұраның құрамына үй емес үйге құқық, автомобиль емес автомобильге құқық кіреді.
Н. Д. Егоров ойы бойынша мұрагерлік бұл құқықтардың өтуі емес, объек-тілердің өтуі. Бірақ құқық бойынша тек мүлік емес құқықтар мен міндеттер де өтеді. Осы пікірді кеңес әдебиеттерінде В. И. Серебровскийдің еңбектерін-де кездестіруге болады.
Ю. Н. Власовтың пікірінше мұрагерлік қайтыс болған азамат мүлкінің мұ-рагерге немесе мұрагерлерге өтуі. Мұрагерге барлық құқықтар мен міндеттер өтуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1039 бабына сәйкес мұра-герліктің негіздері заң бойынша немесе өсиет болып табылады. Әлемдік тә-жірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ.
Заң бойынша мұрагергерлік өсиет болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тә-жірибеде заң бойынша мұрагерлік өсиеттен жиі кездеседі. Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсие-тінде өз қызына пәтерін қалдыратынын жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пәтер өсиет бойынша өтеді де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді.
Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет. Заң бойынша мұрагерлікке кем дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарында болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді. Сондықтан, өсиет жоқ бол-са да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан мұрагерлік заңда қарасты-рылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.
Мұра дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы тәр-тібінде өтетін мүлік. Мұра түсінігін анықтау үшін мұрагерлерге немене және қалай өтеді деген сұраққа жауап беру керек. Мұрагерліктің жалпы ережесі қиын емес. Мұра қалдырушының барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері мұрагерге өтеді. Мұра құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа бар мү-ліктік құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұрагерліктің келесі өзгешеліктерін бөліп көрсету қажет:
1) мұра не мұралық мүлік құрамына қайтыс болған азаматтың құқықтары (актив) мен қарыздары (пассив) кіреді.
2) мұрагерлік бойынша тек мұра қалдырушы тірі кезінде иеленген құ-қықтар ғана өтеді. Сондықтан мұра қалдырушы тірі кезінде ие болмаған, ол қайтыс болған кезде пайда болған құқықтар мұра құрамына енбейді. Мысалы өз жанұясының пайдасына жасалған өмірді сақтандыру шарты. Бұл мұра-герлік мирасқорлығы емес, өйткені сақтандыру ақшасын алу мұра қалдыру-шы қайтыс болған жағдайда ғана беріледі. Осындай жағдайларда мұрагер мұ-ра қалдырушы иеленбеген құқықтарға ие болады.
3)мұра қалдырушының кейбір құқықтары мен міндеттері өз табиғатына байланысты мұрагерлерге өте алмайды. Мұрагерлік мүліктің құрамына жеке сипаттағы құқықтар мен міндеттер кірмейді. Ең алдымен, бұл алименттік құқықтар мен міндеттер, пәтерді пайдалану құқы, қоғамдық мекемеде және т.б. мүшелік құқы.
4)мұрагерге өтетін кейбір құқықтар мен міндеттер заң бойынша өтпеуі мүмкін.
5)мұрагерлік бойынша тек мүліктік ғана емес, мүліктік емес мазмұны бар құқықтар мен міндеттер өтеді. Мұрагерлік бойынша атқа ие болу құқығы, авторлық құқық өтпейді.1
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қай-тыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндет-тері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құ-қықтар мен міндеттер:
-егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
-өміріне немесе денсаулығына келтірілген қиянды өтеу құқығы;
-алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
-зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
-мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұра-ның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көр-сетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезлілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқай-сысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады. Мысалы, белгілі бір апатта азаматты қайтыс бол-ды деп жариялағанда, сот қайтыс болу күні деп, апат болған күнді бекітеді.
Мұраны қалдыру уақыты: Сот шешімінде көрсетілген күн мен сол шешім-нің күшіне енген мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан осындай жағдай-ларда сот шешімі күшіне енген күннен бастап есептеген дұрыс.

1 ҚР Азаматтық кодексінің 1049-бабы

Мұраны ашу уақыты өте маңызды, өйткені онымен келесі анықтамаларға байланысты:
-мұрагерлік мүліктің құрамы;
-мұраны қалдыру не мұрадан бас тарту мерзімі;
-кредиторлардың талап қою уақыты;
-мұрагерлердің мұрагерлік мүлікке ие болу құқығының пайда болу уақы-ты;
-мұрагерлік құқығы куәлігін беру уақыты;
-негізге алынатын заңдар.
Мұраны ашу жері мұра қалдырушының соңғы тұрған жері болып табыла-ды. Егер мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса, мұраны ашу жері мұра немесе оның үлкен бөлігі орналасқан жер болып табылады. Кейбір жағдайларда тұрғылықты жерді анықтау мүмкін емес. Бұл ең алдымен бос-қындарға қатысты. Бірақ қандай жағдай болмаса да мұра қалдырушы тұрған жер мұраны ашу орны болып саналады. Бірақ осы сияқты жағдайларда нотариалдық тәжірибеде кездесетін проблемалар туындайды.
Егер мұра қалдырушы Қазақстандағы кірпіш завод және Армениядағы шарап заводының иесі және еш жерде тұрақты тұрмаған болса, мұраны ашу орны қайда болады, бұл кезде мұраны ашу жері болып мұраның көп бөлігі орналасқан жер болып табылады. Уақытша шет елде тұрып, қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматының мұрасын ашу орны болып, шет елге шыққанша Қазақстан Республикасында тұрған жері болып табылады.
Шет елде тұрақты тұрған Қазақстан Республикасы азаматының мұрасын ашу орны болып, оның шет елде тұрақты тұрған жері болып табылады. Бұл кезде мұрагерлік құқық куәлігін Қазақстан Республикасының Консулдық мекемесі немесе шет елдің осындай жұмыстарымен айналысатын мекемесі береді.
Мұра қалдырушы (Қазақстан Республикасының, шет ел немесе азматтығы жоқ тұлға) қайтыс болғаннан кейін мүлкі мұрагерлік тәртіп бойынша басқа тұлғаларға өтетін жеке тұлға.
Егер мұра қалдырушы азамат заңды түрде өз мүлкін қалай бөлетінін жазса, өсиетші болып табылады. Ал мүлкі туралы жазған документ өсиет деп аталады. Мұрагерлікте заңды мұрагерлер және өсиет бойынша мұрагерлер болады. Заңды тұлғадан мұра алу мүмкін емес, сондықтан заңды тұлға мұра қалдырушы бола алмайды.
Қайтыс болған азамат мүлкі өтетін тұлға мұрагер деп саналады. Заңды мұрагерлердің қатарын заң бекітеді де, өсиет бойынша мұрагерлердің қатарын өсиет белгілейді. Азаматтар сияқты заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы, шет елдер, халықарлық ұйымдар мұрагер бола алады. Мұра қалдырушы қайтыс болған уақытта тірі болған әрбір азамат мұрагер бола алады.
Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүм-кiн.
Кейбір жағдайларда мұрадан лайықсыз мұрагерлер шеттетіледі:
1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қа-сақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өси-ет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қал-дырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.
2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жа-саған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұ-рагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жа-саған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қал-ған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшi-мен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бо-йынша мұраны алуға құқығы жоқ.
4.Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.
Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның iшiнде міндеттi үлеске құқы-ғы бар мұрагерлерге де қолданылады.
Өсиет бойынша мұрагерлікте мұрагерлердi қосымша тағайындау да кезде-седі.
Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қай-тыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагерлер тағайындалады.
Мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн. Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұра-герге пайдасы тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.

2.Өсиет бойынша мұрагерлік
2.1 Өсиет бойынша мұрагерліктің ережелері
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мем-лекетке өсиет етіп қалдыра алады.
Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді.
Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің бір-еуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қол-данылмайды.2
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез кел-ген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті жіне күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға,олар қайтыс болған жағдайда өз кезе-гінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқы-ғы жоқ.
Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысан-да жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Нотариатта куәландырылған өсиеттер; нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауат-сыздығына байланысты өс-иетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете оты-рып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін. Өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда: 3
-нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам;
-пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөбереле-рі, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
-толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
-сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
-жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар

2 ҚР Азаматтық кодексінің 1046-бабының 3-тармағы
3 ҚР Азаматтық кодексінің 1050-бабы

жарамсыз болады. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойын-ша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындал-майтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi Азаматтық Кодекстiң 1061-1066-бап-тарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.

2.2 Нотариустың мұрагерлік туралы куәлік беруі
Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компью-тер және т.б.) пайдалануы мүмкiн.
Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдыру-шы толық оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауат-сыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтi-нiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi, ол туралы өсиет қалдырушы-ның өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жа-салады.
Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте куәның тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай мәлi-меттер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс.
Өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен та-ныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екi куәның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге тиiс. Куә-лар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi.
Нотариус жоқ елдi мекендерде тұратын адамдардың өсиетiн заң актiлерiн-де нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар куә-ландырады. 4
Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекеме-лерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерi-нiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитан-

4 ҚР Азаматтық кодексінің1052-бабы

дары куәландырған өсиеттерi;
4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспеди-циялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауа уәкiлдiк берiлген лау-азымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әс-кери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олар-дың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының коман-дирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi;
6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостанды-ғынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiл-едi. Жоғарыда бірінші тізімде келтiрiлген лауазымды адамдар куәландырыл-ған өсиеттiң бiр данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақ-тауына беруге мiндеттi.5
Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
Өсиеттiң күшi:
1)нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн.
Өсиет:
1) Нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру;
2) бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн.
Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жо-йылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмей-дi.
Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашыл-ғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде он-дағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. өсиеттiң қан-дай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру ар-қылы анықталады.
Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң жарамсыз-дығы Азаматтық Кодекстiң Мұрагерлік құқықтағы мәмiлелердiң жарамсыз-дығы туралы ережелерiне де негiзделедi Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың Азаматтық Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұ-

5 ҚР Азаматтық кодексінің 1052-бабы

зылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен
адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылы-ғын қозғамайды. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойын-ша мұрадан айрылған мұрагер, белгiленген тәртiппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.6
Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.
Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.
Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн.
Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыз-дарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс.
Егер өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау мiндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi.
Егер өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өс-иетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес салмақ салады.
Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қал-дырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды.
Өмiр бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұра қалдырушының мүліктік және кейбір мүліктік құқықтары мен міндеттері ретіндегі мұрагерлік масса
Өсиет бойынша мұрагерлік
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы
Мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау
Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
Мұрагерлік құқықпен байланысты проблемаларды талдау
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау
Азаматтық құқық туралы ақпарат
Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
Пәндер