Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Отбасы құқығы . . . 4

1. 1 Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік . . . . . . 4

1. 2 Отбасы құқықтарының түсінігі мен пәні . . . 10

1. 3 Отбасы құқығының қайнар көзі . . . …15

2. Отбасы құқықтық қатынастары . . . 19

2. 1 Отбасы құқықтық қатынастарының субъектілері мен объектілері… . . . 19

2. 2 Отбасы құқықтарының қатынастарының пайда болуы өзгертілуі және тоқтатылуы . . . 24

2. 3 Отбасы құқықтық қатынастарын реттейтін органдар жүйесі . . . 26

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: . . . 33

Қосымша … . . . . . 34

Кіріспе

Отбасы әлеуметтік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасының басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерде бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы саясатын жетілдіруі болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс.

Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде өзінің болмысын қатынастардың нақты түрлері арқылы жүзеге асырады және осындай отбасы-неке қатынастары қоғам өмірінің негізгі заңы ─ конституциямен реттеледі және қорғалады.

Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге сонымен қатарұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.

Отбасы және неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.

Бұл курстық жұмыста біз неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайптылардың арасындағы қатынас, олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес.

Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады.

1. Отбасы құқығы

1. 1. Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік

Отбасы құқығы Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сонадй-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп реттейді. Отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Отбасы құқығын реттейтін қатынастарға мыналар жатады:

  1. некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
  2. отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
  3. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
  4. азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының неке-отбасы зандары:

1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының тендігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді1.

Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттык, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы кұкықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, «Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы» кодексінен, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

«Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы» кодексімен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық кодекстер қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді «Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы» кодексінде көзделген қатынастар кодекстермен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық кодекстердің нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады.

Аталған жағдайларда кодекс ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық кодекстердің жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.

Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да осында жатыр.

Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О. С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективті мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады, сөйтіп сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.

Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады.

Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі - зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы кодекс нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.

Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М. Ворожейкин: “Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек”, деп жазған2.

Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы “Неке және отбасы туралы” Кодексі болып табылады. Осы аталған Кодекс актісі 1969 жылғы 6 тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.

“Неке және отбасы туралы” Кодекс 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан тұрады.

Бірінші бөлімдегі “Жалпы ережелерде” неке-отбасы кодексінің негізі жасалып, осы кодекспен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.

“Неке” деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.

“Отбасы”деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.

“Қорғаншылық және қамқоршылық” деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастыралады.

“Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары” деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.

“Азаматтық хал актілері” деп аталатын 6 бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.

Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке - отбасы кодекстерінің нормаларын қолдану мәселелері шешілген.

Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. “Неке және отбасы туралы” Кодексінің 4-бабында.

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ.

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі кажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып козғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

«Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы» кодексінің 11 бабында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар көрсетілген. Некеге тұруға:

  1. біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
  2. тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-карындастардың) ;
  3. асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
  4. біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке кию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.

Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке киюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке киюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.

Сот қайтыс болды деп жарияланған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды. Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже колданылмайды.

Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

Заң бойынша неке азаматтық хал актілерін жазу органында және сот тәртібімен бұзылады.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында неке:

1. ерлі-зайыптыдардың кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ болған жағдайда;

2. бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында;

3. ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:

а) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

ә) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

б) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда бұзылады.

Некені сот тәртібімен бұзу:

  1. ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
  2. ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;
  3. егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
  4. ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы» кодексінде белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған неке жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге кұқылы. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.

Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі занды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.

1. 2 Отбасы құқықтарының түсінігі мен пәні

Қоғамның әлеуметтік институты ретінде неке мен отбасы өте ертеде пайда болды және өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Қоғам рулық белгі бойынша бөлінген промискуитет кезеңінде жыныстық қатынастар аралас болды. Дүниеге келген балалар бүкіл рулық қауыммен тәрбиеленді. Руын анасының жағынан анықтады, өйткені әкесін анықтау мүмкін болмады. Бұл кезең матриархат деп аталды.

Қоғам дамыды, онымен бірге мораль дамып, ата-ана мен балалардың арасындағы неке қатынастарының моральға қайшы екені туралы тұжырымдар пайда болды. Нәтижесінде адамзат жаңа неке қатынасының нысаны: топтық некеге көшті. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ол екі нысаннан өтті: қандық туыстық отбасы мен пуналуалық отбасы. Қандық туыстық отбасында неке ұрпақ бойынша құрылды, яғни ата-ана мен балалар ұрпағы өзінің неке қауымдастығын құрды.

Басқаша айтқанда, Ф. Энгельс дұрыс атап көрсеткен, апайы әйел болды және ол моральдық тұрғыдан дұрыс саналды. Бірақ біртіндеп некелік қарым-қатынас шеңберінен қандас туыстар, яғни туған аға мен апай шығарылды; пуналуалдық отбасы пайда болды. Онда бір рудағы туысқан қыздар тобы келесі топтағы туысқан ұлдар тобының ұжымдық әйелдері болып табылды. Бұндай неке қандық араласуды болдырмау салдарынан туындаса керек3.

Өндіріс құралдарының дамуы, жер өңдеу мен мал өсіру сияқты алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болуы, сонымен қатар қоғамдағы одан әрі пргрессивті өзгерістер артық өнімнің пайда болуына әкелді. Бұл некенің келесі сатысы - бір әйел мен бір еркектен тұратын некенің дамуына әсерін тигізді. Бірақ олардың тұрақты экономикалық жағдайларының болмауына байланысты, олар жеке мүліктік дербестікке жете алмай, сол өздерінің рулық ұйымдарында қалуларына мәжбүр болды.

Тек адамдардың белгілі бір тобының (ақсақалдар, абыздар және әлеуметтік дәрежесі бар басқа да тұлғалар) өзіндік жеке отбасын құру мүмкіндігі болды. Осы кезеңде патриархат, яғни руын әкесінің жағынан анықтау пайда болды. Дегенмен, әлі де болса да барлық жағдайда баланың биологиялық әкесін нақты анықтау мүмкін емес болды, өйткені бұл некелер де әлсіз, мықты емес болды.

Экономикалық қатынастардың, құқықтың одан әрі дамуына байланысты некелік одақтарды заңдастыру қажеттілігі туындады. Осыдан келіп дінмен қиылған моногамиялық некелер пайда болды. Бұл некелік қана емес сонымен қатар мүліктік қауымдастықтан тұратын әйел мен еркектің тұрақты одағы.

Моногамиялық неке - ол біздің елімізде танылған жалғыз некелік одақ.

Аталған неке нысандарымен қатар басқа да неке нысандары бар. Олар: полигамиялық және бір жыныстық неке.

Полигамиялық неке - ол үш және одан да көп мүшеден тұратын одақ. Егер бұл бір еркектің екі немесе одан да көп әйелмен одағы болса, онда оны полигинея деп атайды; керісінше - бір әйел мен бірнеше еркек болса, онда полиандрия деп атайды. Полигамниялық некелер көбінесе мұсылман елдерінде кездеседі, ал полиандриялық неке көп кездеспейді (аралдық африка мемлекеттерінде) . Әлемде бір жыныстық неке аз кездеседі, бірақ бірқатар мемлекеттер оларды заңдастыруға ниет білдіруде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі
Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі
Қорғaншылық және қaмқоршылық ұғымы
Отбасы құқығы мен мораль нормаларының мүліктік емес қатынастарды реттеудегі алатын орны
Отбасы құқығы пәні
Неке шартының жарамсыздығы
Жасөспірім және заң туралы
Дәлелдеме- фактілердің бір тобы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz