Өкілдіктің ұғымы мен маңызы. Сенімхат



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 1
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы 3
1.1. Өкілдік субъектілері 4
1.2. Өкілдің өкілеттілігі. Өкілдіктің туындау негіздері 6
1.3. Өкілдіктің түрлері 9
1.4. Төрелік сотта өкілдік ету 12
2. Сенімхат 12
2.1. Сенімхаттың куәландырылуы 13
2.2. Сенімхаттың мерзімі 16
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20
КІРІСПЕ

Өкілдік (representation ағыл. сөзінен) – бір адамның (өкілдің) басқа адамның өкілдік берушінің атынан оған құқықтар мен міндеттемелер жасап әрекет етуін айтады. Өкіл өкілдік беруші тұлғаның атынан әртүрлі мәмілелер жасайды.
Өкілдер арқылы басқа да көптеген заңдық әрекеттер жасалады мысалы, талапарыз ұсыну, жалақыны, посылканы алу және т.б.). Өкілдің атынан тек қана өзі жасауға тиісті әрекеттер жасалынбайды. Оларға мынадай сипаттағы әрекеттер жатады: өсиетті ресімдеу, бала асырап алу және т.т
Өкілдің өкілеттігі сенімхатқа, заңға, әкімшілік актіге негізделеді. Өкіл болушы азаматтар ақыл есі бүтін өз ісіне толық жауап бере алатын адамдар болуы шарт. Заңды тұлғалардың жарғылық міндеттеріне қайшы келмейтін болса олар да өкіл бола алады.
Міне осындай қызықты тақырыпты мен өзімнің курстық жұмысыма арқау етіп алдым. өкілдік институты біздің тәуелсіз Қазақстанда кеңінен тараған, өйткені бір ғана Алматының өзінде 200-ге тарта нотариат кеңселері бар. Ал осы кеңселердің ең көп қолданатын құжаты осы сенімхаттар жазып оны куәландыру екенін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өкілдік институтына арналған баптар Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 5-тарауын қамтып жатыр (163-171 баптар).
Курстық жұмысты жазуда мен заңгер ғалымдарымыз Ғ. Төлеуғалиевтің және Ғ.А. Жайлиннің еңбектеріне арқа сүйедім.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексы, Алматы, 1999ж.

Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 1

1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы 3

1.1. Өкілдік субъектілері 4

1.2. Өкілдің өкілеттілігі. Өкілдіктің туындау негіздері 6

1.3. Өкілдіктің түрлері 9

1.4. Төрелік сотта өкілдік ету 12

2. Сенімхат 12

2.1. Сенімхаттың куәландырылуы 13

2.2. Сенімхаттың мерзімі 16

ҚОРЫТЫНДЫ 19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20
1

2 КІРІСПЕ

өкілдік (representation ағыл. сөзінен) – бір адамның (өкілдің) басқа
адамның өкілдік берушінің атынан оған құқықтар мен міндеттемелер жасап
әрекет етуін айтады. Өкіл өкілдік беруші тұлғаның атынан әртүрлі мәмілелер
жасайды.
Өкілдер арқылы басқа да көптеген заңдық әрекеттер жасалады мысалы,
талапарыз ұсыну, жалақыны, посылканы алу және т.б.). Өкілдің атынан тек
қана өзі жасауға тиісті әрекеттер жасалынбайды. Оларға мынадай сипаттағы
әрекеттер жатады: өсиетті ресімдеу, бала асырап алу және т.т
Өкілдің өкілеттігі сенімхатқа, заңға, әкімшілік актіге негізделеді.
Өкіл болушы азаматтар ақыл есі бүтін өз ісіне толық жауап бере алатын
адамдар болуы шарт. Заңды тұлғалардың жарғылық міндеттеріне қайшы келмейтін
болса олар да өкіл бола алады.

Міне осындай қызықты тақырыпты мен өзімнің курстық жұмысыма арқау етіп
алдым. өкілдік институты біздің тәуелсіз Қазақстанда кеңінен тараған,
өйткені бір ғана Алматының өзінде 200-ге тарта нотариат кеңселері бар. Ал
осы кеңселердің ең көп қолданатын құжаты осы сенімхаттар жазып оны
куәландыру екенін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өкілдік
институтына арналған баптар Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 5-тарауын
қамтып жатыр (163-171 баптар).

Курстық жұмысты жазуда мен заңгер ғалымдарымыз Ғ. Төлеуғалиевтің және
Ғ.А. Жайлиннің еңбектеріне арқа сүйедім.

3 1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның
(өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа
негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің
азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және
тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет
жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік инсттутының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше
нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ
істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы
келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша
кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі
ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан
тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет
қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі
қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке
өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. (АК-тің 163
-бабының 5-тармағы).

4 1.1. Өкілдік субъектілері

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,
олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі
элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің
субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші
жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып,
тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін оның
нүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің
іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.
Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе
жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады .
Ал Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен
заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу
керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі
толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық
қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.

Азаматтық кодекс баптарына сай адвокаттар коллегиясынан, тергеушілер,
соттар, прокурорлар қатарынан шығарылған тұлғалар сотта өкіл болға құқығы
жоқ, егер олар тиісті соттың, прокуратураның немесе заңдық өкіл ретінде
болмаса онда олар сотта өкіл болуға құқығы жоқ.

Үшінші жақ ретінде өкіл көмегімен азаматтық-құқықтық мәміле жасасушы
немесе басқа құқықтық әрекет етуші ретінде кез келген азамат немесе заңды
тұлға бола алады. Өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік
берушінің азаматтық құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және
тоқтатылады. Заң тек қана өкілге өкілдік беруші атынан өзіне қатысты
мәмілелер жасауға тиым салады. Мысалы, өкіл өкілдік беруші сатып жібер деп
тапсырған, сондықтан өкілдік берген мүлікті өзі сатып алуына болмайды.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші
тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған
және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші
тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ, Азаматтық
кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе
өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен
мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

5 1.2. Өкілдің өкілеттілігі. Өкілдіктің туындау негіздері

Егер өкіл өзіне берілген өкілдік шегінен шығып кететін болса, онда
өкілдік беруші тұлға үшінші жақ алдында өкіл жасаған құқықтық қатынастардан
өзін еркін сезінеді, себебі ол мұндай шектен шығуға рұқсат (өкілдік)
бермеген болатын. Бұл жөнінде Азаматтық кодекстің 165 бабында тікелей
көрсетілген. Сөзіміз дәлелді болу үшін Азаматтық кодекстің осы бабының
толық мәтінін келтірейік.
165-бап. Өкілеттігі жоқ өкілдік
Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе
өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен
бастап жарамды етеді[1].
Өкілдің өкілеттілігі болу кез келген өкілдіктің негізгі талабы болып
табылады. Бірақ нақты өмірде өкілеттілігі болмаса да басқа адамдардың
атынан мәмілелер жасап жатады. Мұндай жайттар азаматтық айналымға
қатысушылар арасында таза күйінде кездесіп жатады. Мысалы, азамат өзінің
танысына саяжай үйі керек екенін біліп оның атынан нақты тапсырыс болмаса
да осы үйді оның атынан жалға алып шарт жасасады. Өмірде азаматтық
айналымға қатысушылар арасында жалған өкілдікпен де әрекет жасайтын кездері
кездеседі. Мұндайға мысал ретінде дұрыс толтырылмаған сенімхатпен, немесе
мерзімі өтіп кеткен сенімхатпен әрекет етуді де келтіруге болады.
Өзінің құқықтық тұрғысынан мәміленің жасалуына келісім берудің өзі біржақты
мәміле болып табылады. Ол жазбаша нысанда, хат, телеграмма, факс және т.б.
түрінде болуы мүмкін. Өкілдік берушінің әрекетінен тек қана мәмілеге
тікелей келіскені ғана көрініс тапса болғаны. Мәмілеге келісім берудің
кері күші де бапр, егерде мәміле жасалғанға дейін өкілдік беруші мәміле
жасауға қарсы болса онда ол мәміле жасалмастан бұрын одан бас тарта алады.
Өкілеттіктің туындауының негізі — заң фактісі болып табылады. Заңда
мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде
көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда
көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері
бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және
заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы
өкіл болып қатыса алады ( АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі —
тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы, өкілеттік міндетті
атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің
(бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын
жағдайынан да көрінуі мүмкін ( АК-тің 163-бабының 1-тармағы). Өкілдік заңды
және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол
өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі
бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме
иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде
кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты
талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді.

6 1.3. Өкілдіктің түрлері

Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі
өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып
қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік
берушінің атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау
талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда
өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде
олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық
өкілдік туындайды (АК-тің 166-бабының 1-тармағы). Мұндай жағдайда
коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде,
ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды.
Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның
алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және
ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды.
Мұндай өкілдікте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға
қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса
да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік
кезіңде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс
немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір
мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптардың мүлделерін
білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі
кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы
мәліметтерді өзіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкілдіктің түсінігі
Өкілдің өкілеттілігі және оның туындау негіздері
азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау
Өкілдіктің қолдану аясы
Өкілдіктің түсінігі мен маңызы. Сенімхат
Азаматтық құқықтағы өкілдік
Өкілдік қатынастарының субъектілері
Өкілдік субъектілері
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер