Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамас



Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Сыйға тарту шартының түсінігі және құқықтық табиғаты ... ... ..4
1.2 Сыйға тарту шартының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Сыйға тарту шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Сыйға тарту шартының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Сыйға тарту шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ

Сыйға тарту азаматтық құқықтағы ең көне шарттардың бірі болып табылады. Ежелгі республикалық Рим құқығында (Б.э. д. V-I ғ.) сыйға тарту меншік құқығының туындау негіздерінің бірі ретінде есептелді.
Революцияға дейінгі азаматтық заңдарда сыйға тарту шарттар құрамынан шығарылып, айрықша заттық құқықтың туындау негізі ретінде қарастырылды.
1964 жылғы Азаматтық кодекс бойынша бұл шарт тек қана нақты шарт ретінде танылды, яғни сыйға тартушы затты сыйға алушыға берген сәттен бастап күшіне енді. Затты сыйға беруге келісімнің бір өзі ешқандай құқықтық салдарды туындатпады және құқықтық қорғалмады.
Классикалық құқықта сыйға тарту шартының ерекшелігі мен құқықтық жағдайына сипаттама берілген. Бұл бағытта біз сыйға тарту шартының ежелгі Римде, Үндістанда және Наполеон Бонапарт кезіндегі Францияда құқықтық реттелу ерекшеліктерін қарастырамыз.
Қазіргі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекшелігі, заң шығарушы нақты сыйға тарту шартын сақтай отырып, бір мезгілде консенсуалды шарт жасасуға жол береді.
Курстық жұмыстың мазмұны меншік құқығының туындау негізі ретінде сыйға тарту шартын құқықтық реттейтін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын, басқа да заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілердің нормаларын зерттеуге негізделген.
Курсттық жұмыс құрылымы бойынша: кіріспеден, екі тараудан және қорытынды, қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда – сыйға тарту шартының түсінігі және құқықтық табиғаты, пәні мен элементтері және мазмұны қарастырылған.
Екінші тарауда – сыйға тарту шартының жекелеген түрлеріне тоқтала отырып, оның құқықтық реттелуін қарастырамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Нормативті-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім. 1.07.1999 ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексі. 13.07.1999 ж.
4. Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы ” Заңы, 16.07.1997ж.
5. Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы ” Заңы. 14.07.1997 ж.
6. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңы. 17.12.1998ж.
7. Қазақстан Республикасының “Қарудың жекелеген түрлерінің айналысына мемлекеттік бақылау туралы” Заңы. 30.12.1999ж. - Алматы, 2003ж.
8. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 20.06.2003 ж.
9. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” заңды күші бар Жарлығы. 23.12.1995ж.
10. Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы // ҚР Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат.
11. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің “Қазақстан Республикасында нотариаттық әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы” бұйрығы. 28.07.1998ж. №539.

2.Арнайы әдебиеттер:
1. Глущенко П., Седов А. Основы нотариальной деятельности.- СПб.,1999г.
Дормидонтов Г. Классификация явлений юридического быта. - М.,1995г.
2. Иоффе О.С. Обязательственное право. – М., 1975г.
3. Калпин А., Масляев М. Гражданское право. – М., 1997г.
4. Коваленко М. Практикум по гражданскому праву. – М.: БЕК, 1993г.
5. Брагинский М.И. Комментарий части второй Гражданского кодекса РФ. - Москва, 1990г.
6. Виновер М. Из области цивилистики. М.: СПб, 1908г.
7. Гражданское право. Том 2. Полутом 1. 2-е издание. / Поде ред. Е.А.Суханова. – Москва: БЕК, 2000 г.
8. Комментарий к ГК РК. Особенная часть. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000.
9. Садиков П. Гражданское право: курс лекций. – М., БЕК,1997г.
10. Тулеугалиев Г., Мауленов К. Гражданское право Республики Казахстан. -Алматы: Ғылым, 1998г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
1. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
1.1 Сыйға тарту шартының түсінігі және құқықтық табиғаты ... ... ..4
1.2 Сыйға тарту шартының
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Сыйға тарту шартының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ
РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Сыйға тарту шартының құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2 Сыйға тарту шартының жекелеген түрлерінің құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Сыйға тарту азаматтық құқықтағы ең көне шарттардың бірі болып
табылады. Ежелгі республикалық Рим құқығында (Б.э. д. V-I ғ.) сыйға
тарту меншік құқығының туындау негіздерінің бірі ретінде есептелді.
Революцияға дейінгі азаматтық заңдарда сыйға тарту шарттар
құрамынан шығарылып, айрықша заттық құқықтың туындау негізі ретінде
қарастырылды.
1964 жылғы Азаматтық кодекс бойынша бұл шарт тек қана нақты шарт
ретінде танылды, яғни сыйға тартушы затты сыйға алушыға берген сәттен
бастап күшіне енді. Затты сыйға беруге келісімнің бір өзі ешқандай
құқықтық салдарды туындатпады және құқықтық қорғалмады.
Классикалық құқықта сыйға тарту шартының ерекшелігі мен құқықтық
жағдайына сипаттама берілген. Бұл бағытта біз сыйға тарту шартының
ежелгі Римде, Үндістанда және Наполеон Бонапарт кезіндегі Францияда
құқықтық реттелу ерекшеліктерін қарастырамыз.
Қазіргі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекшелігі,
заң шығарушы нақты сыйға тарту шартын сақтай отырып, бір мезгілде
консенсуалды шарт жасасуға жол береді.
Курстық жұмыстың мазмұны меншік құқығының туындау негізі ретінде
сыйға тарту шартын құқықтық реттейтін Қазақстан Республикасының
азаматтық заңдарын, басқа да заңға бағынышты нормативтік құқықтық
актілердің нормаларын зерттеуге негізделген.
Курсттық жұмыс құрылымы бойынша: кіріспеден, екі тараудан және
қорытынды, қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда – сыйға тарту шартының түсінігі және құқықтық
табиғаты, пәні мен элементтері және мазмұны қарастырылған.
Екінші тарауда – сыйға тарту шартының жекелеген түрлеріне тоқтала
отырып, оның құқықтық реттелуін қарастырамыз.

1. Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамасы
1.1. Сыйға тарту шартының түсінігі және құқықтық табиғаты
Заңға сәйкес, сыйға тарту шарты бойынша, бір тарап (сыйға
тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты және өзіне
немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе
беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы
мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Азаматтық құқықтың көптеген шарттары өтеулі және өтеусіз болып
келеді, бірақ сыйға тарту шарты мен несие шарты барлық жағдайларда да
өтеусіз. Бір қарағанда міндеттеменің өтеусіз болуы, азаматтық құқықтың
табиғатына қайшы келетін сияқты. Оның пәніне кіретін мүліктік
қатынастар әдетте тауарлы-ақшалы, мүліктік-құнды қатынастар ретінде
түсіндіріледі. Макроэкономикалық құн заңының әрекеті өтеулі
міндеттемелік қатынаста көрініс табады, тек осы жерде тауар алмасу
байқалады. Егер шынымен сыйға тарту шартында қарсы ұсыну болса, онда
сыйға тарту шартының айқын құбылғаны. Басқаша айтқанда, сыйға тарту
шарты өзінің басты белгісі - өтеусіздігін жоғалтады.
Меншік қатынастары тікелей ақша айырбасымен байланысты емес. Бірақ
тұлғаларға қандай да бір заттың тиесілігін анықтау олардың азаматтық
айналымға қатысуы үшін қажетті алғышарт болады, ал заттық құқықтың
көлемі мен сипаты болашақ міндеттемелік қатынастың мазмұнын анықтайды.
Бастысы, зат өзіне тән тауарлық қасиетін басқа тұлғаға қайтарымсыз
өткенде де жоғалтпайды. Сыйға тарту шарты мүліктің (зат, құқық т.б.)
бір тұлғадан келесі бір тұлғаға өтуін білдіреді, бұл жерде сыйға
тартушы мен сый алушы да заңды тең құқылы субъектілер. Сонымен сыйға
тарту шартынан туындайтын қатынастар азаматтық құқықтың пәніне кіреді
және азаматтық құқықтың реттеуіне бара-бар болып келеді.
[1]Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап келесі тараптың меншігіне
ақша және мүлкін өтеусіз негізде береді. Яғни, сыйға тарту шарты – ол
екі тараптың келісімі, сондықтан оны біржақты жүзеге асыруға болмайды.
Шартты жазбаша нысанда нотариуста рәсімдеу қажет, нотариусқа екі
тарап та немесе олардың өкілдері келісімге қол қою үшін келу тиіс.
Сыйға тарту шарты азаматты құқықтық қатынасты өзгертуге,
қалыптастыруға, тоқтатуға бағытталған тараптың келісімі. Сыйға тарту
бір жағынан қарағанда сыйға берушінің бір жақты әрекетінің нәтижесінде
туындап, сый алушының келісімін талап етпейтіндей болып көрінеді. Бұл
шарт затты бергенде ғана нақты болып саналады. Ал, болашақтағы сыйға
тартуға уәде ету туралы шарт консенсуалды болады. Бұндай келісім
ешқайсы тарапта құқықтар туындатпайды. Егер заң нотариалды нысанды
талап етсе, тараптарда құқықтар мен міндеттер шарт рәсімдеумен қоса
ақша және затты бергенде пайда болады. Куәгерлер көзінше бір нәрсе
беруді уәде етіп, артынан орындалмағаны туралы талап қоюға болмайды.
Сыйға тарту өтеусіз мәміле. Сыйға тартумен бүркемелеп, мүлікті
сатып алу-сатуды жүзеге асырып, орнына ақша алсақ, оны сыйға тарту
шарты деп айта алмаймыз.
Қайтыс болу оқиғасына сай сыйға тартуға болмайды, онда ол мүлікті
өсиет ету болып табылады.
Сыйға тарту шартына ауызша келісім жасау мен затты ұсыну
жеткілікті. Айрықша жағдайларда, [2]ҚР АК-нің 508-бабының 2-3-
бөлімдеріне сәйкес, қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту шарты:
1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде
белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын; 
      2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда
жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген
жағдайларда жарамсыз болады.
Жылжымайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс. 
Азаматқа мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық ұйым мүлкін
сыйға тартуы үшін қарапайым жазбаша рәсімдеу жеткілікті.
ҚР Азаматтық кодексіне сай сыйға тарту шартының құқықтық
реттелуінде бұрын әрекет еткен заңнан айырмашылығы бар.
Сыйға тарту шартының пәні мүлікті өтеусіз негізде беру болып
табылады.
Егер де ниет сыйға тартудың мазмұнына кіріп, яғни заттың
бағасын түсіріп сыйласа, онда ол шарттың жарамсыздығына әкеліп соғады.
Мысалы, туысқанына нарық бағасынан төмен қылып, баланстық құнымен үйді
сыйласа, ол экономикалық тұрғыдан-қомақты сыйлық. Бірақ заңдық тұрғыдан
ол сыйға тарту емес, сатып алу құны бар қарсы талап болып отыр.
Сонымен, сыйға тарту шартының негізі - сыйлауға ниет ету емес, оны
өтеусіз негізде беру ойының, тілегінің болуын айтамыз. Өтеусіз
дегеніміз, қарсы қанағаттандыратын талаптың болмауын білдіреді.
Дегенмен, сыйлаған пышақ үшін ұсақ монетаны беруін қарсы талап деп
қарауға болмайды. Мұндай ақысын беру дәстүрге құрмет сияқты, дінге
сенім болуы мүмкін. Оның мәні сый алушыдан пәле-жаланы әкету, ол сый
берушіге сыйлық үшін балама беру емес. Бұлар символикалық әрекеттер
тәрізді, олардың ешбір заңдық мағынасы болмайды.
Сыйға тартудың ерекше түрі қайырмалдық - қоғамдық игілікке мүлікті
өтеусіз беру.
Ақшалай сыйақы, награда, құнды сыйлық беру, азамат пен ұйымдарға
материалдық көмек көрсету Азаматтық кодекстегі сыйға тарту шартымен
реттелуге жатпайды, олар әкімшілік және еңбек құқығының ережелерімен
анықталады.
Сыйға тарту бір жақты мәміле емес, шарт болып табылады, қатысушы
тараптардың келісіміне негізделген екі жақты мәміле. Себебі, әрқашанда
сыйды алуға сый алушының келісімін талап етеді. Осы белгісіне сай ол
Азаматтық кодексте көрсетілген біржақты мәміле болатын қарызды
кешіруден ажыратылады.
Сыйға тарту шартының нақты түрі көп жағдайда міндеттемелік
құқықтық қатынастар туындатпайды. Бұл көптеген авторларға сыйға тартуды
шарт емес, меншік құқығын иеленудің ерекше тәсілі деп тануға негіз
болды. Дегенмен келесі тараптың келісімінсіз сыйға тартуды жүзеге
асыруға болмайды, ал егер шартты жарамды деп тану үшін заң арнайы талап
қойса, мысалы, қозғалмайтын мүлікті сыйлағанда тараптардың келісімі
мен мемлекеттік тіркеуді қажет ететін меншік құқығының ауысуы сәйкес
келмейді. Сондықтан да сыйға тарту шартын біржақты мәміле ретінде
қарастыру қате болып есептеледі және қазіргі цивилистикада танылмайды.
Борышты кешірудің нәтижесі болып несие берушінің есебінен және
келісімі бойынша борышқордың мүліктік жағдайының жақсаруы табылды.

1.2. Сыйға тарту шартының элементтері
Кеңес дәуіріндегі азаматтық құқық сыйға тартудың пәнін тек затпен
шектеді. Қазіргі азаматтық кодекс сыйға тарту шартының пәнін кеңейтті,
атап айтсақ, оған зат, сыйға берушіге және үшінші тұлғаға қатысты
мүліктік құқық, сол сияқты үшінші тұлғалар алдында мүліктік
міндеттемелерден босату жатады. Сыйға тарту шартының пәнін бұлай
анықтау заңгерлердің әділ сынына ұшырауына әкеліп соқты. Оның себебі
әртекті объектілерді бір жерге шоғырландыру болып табылады. Мысалы,
мүлік (зат пен мүліктік құқық) және әрекет (міндеттемеден босату)
сияқты. Сонымен, сыйға тарту шарты ретінде мүліктік міндеттемеден
босату негізіне өзінің, әлде үшінші тұлғаның алдында міндеттемеден
босатуға уәде етуді айтуға болады. Сыйға тартудың пәні кез келген
әрекет емес, кейбір заңды әрекеттер бола алады: қарызды кешіру (егер
сыйға беруші сый алушыны өзінің алдында міндеттемеден босатса), қарызды
аудару (егер сый беруші сый алушының үшінші тұлға алдындағы
міндеттемесін өзіне аударса), өзіне міндеттемені орындауды алса (егер
сый беруші сый алушының атынан міндеттемені орындаса). Осы әрекеттердің
барлығы сый алушының мүлкін ұлғайтуға бағытталған. Бірақ бұның бәрі оны
сыйға тартудың пәніне кіргізуге жеткілікті ме?
Біріншіден, сый алушыны байытудың, міндеттемеден босатудан басқа
әр түрлі құқықтық нысандары бар. Мысалы, мүлікті тегін пайдалануға беру
несие алушыны байытады, яғни ол жалдау ақысын өзінде ұстап қалады.
Бірақ бұдан мүлікті тегін пайдалану сыйға тартуға айналмайды.
Екіншіден, қарызды кешіру, ауыстыру негізі мен тәртібі әр түрлі
болып келеді, оларды сыйға тартуға біріктіру жасанды болып шығар еді.
Азаматтық айналымнан алынған заттар сыйға тартудың пәні бола
алмайды. Айналым қабілеттігі шектелген заттар сый алушыға осы затқа
арналған режим талаптарын сақтағанда берілуі мүмкін. Егер затты иелену
үшін рұқсат керек болса (лицензия), ол сый алушыда болу қажет.
Сыйға тартудың пәні болып құқық та табылады. Бұл жағдайда құқықты
беру (ауыстыру) құқығы жүзеге асырылады. Ол үшін ҚР АК-нің 345-347-
баптарын басшылыққа алу қажет. Барлық жағдайда талап ету құқығының
ауысқандығы туралы борышқорды хабардар ету қажет.
Сыйға тартудың пәні болатын мүліктік құқықтар міндеттемелік және
заттық сипатқа ие. Денсаулыққа, өмірге келтірілген зиянды өтеттіру,
алимент алу жөніндегі міндеттемелерді, яғни мүліктік құқықтарды басқа
тұлғаға беруге болмайды. Үшінші тұлғаға құқықты сыйлау цессия арқылы
жүргізіледі. Өтеусіз болғандықтан, сыйға тарту шарты бойынша, сый
алушыда мүліктік міндеттеме болмауы керек (шарт рәсімдеу үшін
мемлекеттік бажды төлету, табысталатын жөндеу үшін компенсация төлеу).
Бұндай жағдайлар сыйға тартудың болмағанын растайды және шарт
жарамсыздығына әкеліп соғады. “Сыйға берушінің” әрекетін жарнамалайтын
шарты болып, ақшаны немесе мүлікті “өтеусіз” беру сыйға тарту шарты
болмайды.
Бір жағынан, қайырымдылық қорларының, діни ұйымдардың іс-әрекетін
осы шартты қолданбай қарау мүмкін емес.
Сый алушыға “өзіне” мүліктік құқықты беру сый берушіде сый
алушыға қатысты заңды құқығының бар екендігін көрсетеді. Мысал ретінде,
өтеулі шарт бойынша сыйақы алу құқығын беруді айтуға болады, бұндай
құқықты беру қарсы міндеттемеден босатуға ұқсас келеді. Құқықты беруге
міндеттемеден босату сияқты жеке міндетемелер бойынша жол берілмейді,
дегенмен сыйға беруші сый алушыны жекелеген төлемдерден босата алады.
Cый алушыны қарызынан босату бойынша қарыздың нақты анықтамасы мен
сыйға берушінің ниеті нақты мазмұндалуы қажет.
Сыйға тартудың негізгі түрлері нақты және консенсуалды сыйға тарту
болып табылады. Саралаушы белгі ретінде шарт жасау сәтін айтуға болады.
Негізгі сыйға тартудың мақсаты болатын басқа да жіктеуді айтуға болады.
Сонымен, біз сыйға тарту шартының пәні ретінде затты, мүліктік құқықты
және міндеттемеден босатуды қарастырдық. Сондай-ақ азаматтық құқықтың
басқа да объектілері, мысалы, жұмыс пен қызмет көрсетуде сыйға тартудың
пәні болуы мүмкін. Сыйға тартудың пәнін бұлай кеңейту заңға негізделген
және де осы объектілердің табиғатына қайшы келеді.
Сыйға тартудың пәні ретінде мердігердің жұмыс нәтижесінде
дайындалған зат бола алады. Бірақ зат дайындау үрдісін сыйға тартуды
елестету қиынға соғады. Бұл бар пайдалылық орындаушының іс-
әрекетінде
болатын қызмет көрсетуге де қатысты.
Сыйға тарту шартының тараптары ретінде азамат, заңды тұлға және
мемлекет бола алады. Мемлекеттің сыйға тарту құқығы күмән тудырмайды.
Революцияға дейінгі құқықта мемлекет басшысы – Император мемлекет
атынан жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлікті сыйға тартқан. Қазіргі
қолданыстағы заңдарда бұндай сыйға тарту сирек кездесетіндіктен, арнайы
реттелген. Шетел мемлекет көсемдерінің сыйға тартуы азаматтық құқық
шегінен шығып кетеді. Бірақ мемлекет сый алушы ретінде сыйды
қайырмалдық ретінде қабылдайды. Қорғаншы арқылы сыйға тарту шартын
жасауға болады. Оның атынан әдетте құны аз болатын сый тартуға жол
берілген. Қорғаншы арқылы сый алу құқығы шектелмеген. Азаматтық
заңдарға сәйкес, кәмелетке толмағандар мен жас балалар (жасы 18-ге
толмағандар), егер де нотариалды куәландыру мен мемлекеттік тіркеуді
талап етпесе, сый алушы ретінде қатынасқа түсе алады. Кәмелетке
толмағандар жасаған шарт үшін жауаптылық заңды өкілдеріне, ал кәмілетке
толған жасаса, олардың өздеріне жүктеледі. Сонымен қоса, кәмілетке
толмағандар өз жалақыларына, кірістеріне, стипендияларына иелік ете
алады, сыйға тартуға құқысы бар. Басқа барлық жағдайда сыйға тарту
кәмілетке толмағандар мен жасы балалардың заңды өкілдерінің келісімі
арқылы жасалады. Соңғы жағдайда сыйға тартудың пәні әдеттегі құны аз
болатын сыйлық болады.
Жұбайлар арасындағы сыйға тарту да олардың жеке біреуіне ғана
тиесілі болған мүлік сыйға тартудың пәні болады.
Талаптан бас тарту мәселесі де маңызды болып отыр. Талаптан бас
тарту материалдық құқықтық мағынада жауапкердің талапкер алдында
міндетінен қарызды кешіру жолымен, яғни сыйға тарту арқылы босатылуы
түсіндіріледі. Сый тартуға уәде ету, құны 10 айлық есептік көрсеткіш
болатын және де шартқа заңды тұлға қатысса, сыйға тарту шарты жазбаша
жасалады. Басқа нақты сыйға тарту шарты ауызша жасалады немесе белгілі
бір әрекеттер жасау арқылы жасалуы мүмкін. Үшінші тұлға алдында
міндетінен босату немесе оған талап құқығын беруге қатысты арнайы
талаптар АК-тің 348-бабында көрсетілген.

1.3. Сыйға тарту шартының мазмұны
Нақты сыйға тарту шарты өтеулі емес, яғни қандай да бір
міндеттемелік қатынас туындатпайды. Бұндағы айырмашалық, сыйға
берушінің өзіне қатысты мүліктік құқықты сыйға тартудан туындайтын
міндетеме болып табылады. Бұл міндеттеменің мазмұны сыйға тартылған
құқықтың мазмұнымен сәйкес келеді. Сондықтан тек консенсуалды сыйға
тарту шартынан туындайтын міндеттеме туралы ғана айтудың мәні бар.
Сыйға берушінің басты міндеті сый беру болып табылады. Егер шарт
пәні зат болып табылса, сыйды беру оны тапсыру, символдық беру не құқық
белгілейтін құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Үшінші тұлғаға
мүліктік құқықты беру осы құқықтың пайда болуын негіздейтін құжаттарды
ұсыну арқылы жүргізіледі. Мысалы, ұсынбалы бағалы қағаз бойынша құқықты
беру.
Сый берушінің өзіне қатысты құқықтың пайда болуының бірден- бір
негізі – сыйға тарту шарты. Бұл жағдайда сый алушыға құқықтың ауысуы
тараптармен келісілген уақыт болғанда немесе қандай да бір жағдай
туындағанда жүзеге асырылады. Міндеттемеден босату түріндегі сый беру
сый берушінің қандай да бір әрекет жасауын талап етеді, мысалы, сый
алушы үшін міндеттемені орындауды мойнына алу.
Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тарту уәде берілген сый алушының
құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның
мұрагерлеріне ауыспайды. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының
міндеттері, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның
мұрагерлеріне ауысады. Қайырмалдыққа бұл ереже қатысты емес.
Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту
қайырмалдық деп танылады. Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру
мекемелеріне, әлеуметтік қорғау мекемелеріне және басқа да сол сияқта
қайрымдылық, ғылыми және діни бірлестіктерге, сондай-ақ мемлекетке және
азаматтық құқықтың басқа да субъектілеріне жасалуы мүмкін.
Қайырмалдықты алуға ешкімнің рұқсаты немесе келісімі талап етілмейді.
Азаматқа мүлік қайырмалдыққа берілуге тиіс, ал заңды тұлғаларға
қайырмалдық етуші осы мүлікті белгілі бір мақсатқа пайдалануды ескертіп
беруі мүмкін. Мұндай талап болмаған жағдайда азаматқа мүлікті
қайырмалдыққа беру жай сыйға тарту болып есептеледі, ал басқа
жағдайларда қайырмалдыққа берілген мүлікті сый алушы мүлікті мақсатына
сай пайдаланады.
Пайдалану үшін белгілі бір мақсат белгіленген қайырмалдықты алушы
заңды тұлға қайырмалдыққа берілген мүлікті пайдалану жөніндегі барлық
операциялардың оқшауланған есебін жүргізуге тиіс. Егер мән- жайлардың
өзгеруі салдарынан қайырмалдыққа берілген мүліктің қайырмалдық беруші
көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкін болмаса, ол басқа
мақсатқа қайырмалдық беруші азамат қайтыс болған немесе қайырмалдық
беруші заңды тұлға таратылған жағдайда-сотың шешімі бойынша
пайдаланылуы мүмкін (ҚР АК-нің 516-бабы). Қайырмалдыққа берілген
мүліктің қайырмалдық беруші көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылмауы
немесе бұл мақсатты Азаматтық кодексте көзделген ережелерді бұза отырып
өзгертуі қайырмалдық берушіге, оның мұрагерлеріне немесе өзге де құқық
мирасқорына қайырмалдықтың күшін жоюды талап етуге құқық береді.
Егер де қайырмалдық бойынша сый алушыға мүлікті анықталған
мақсатқа пайдалану жөнінде міндет жүктелмесе, оның өзіне мақсатын
анықтау құқығы берілген. Дегенмен ол мақсаттар қоғамдық пайдалы сипатқа
ие болуы қажет.
Консенсуалды сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту құқығы -
сыйға тартудың маңызды құқықтарының бірі.
Егер сый алушы сыйға тартушының өміріне, оның отбасы мүшелерінің
немесе жақын туыстарының біреуіне қастандық жасаса не сый берушіге
қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға
құқылы. Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтірген жағдайда сотта
сыйға тартудың күшін жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерінің
құқығы болады.
Сыйға тартуға тыйым салуды қарастырғанда екі сәтке назар аудару
қажет: біріншіден, тыйым салынған сыйдың құнына назар аудару, оның құны
заң актілерімен бекітілген 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Екіншіден, сый алуға және сый беруге тыйым салынған тұлғаларды
қарастыру қажет.
Сый алушының сыйды алудан бас тарту құқығы АК-тің 507-бабында
көзделген. Сый алушы өзіне сый берілгенге дейін кез келген уақытта одан
бас тартуға құқылы. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса,
сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиіс. Яғни, сыйды қабылдау
сый алушының міндеті емес деген қорытынды жасауға болады.
Сонда сый алушының сый алуға келісімінің қандай мәні бар? Сый
қабылдаудың шартты жағдайы сый алушы міндетін анықтамайды, ол сый
берушінің сыйды беру міндетімен сипатталады, оның өзі сый алушы оны
қабылдағанда ғана орындалды деп танылады. Бұл мағынада сыйды қабылдау
сый берудің міндетті жағдайы болады.
Сыйланған заттың кемшіліктері салдарынан сый алушы азаматтың
өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды сыйға тартушы
өтеуге тиіс. Затты шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына
негізделіп иеленетін заңды тұлға, егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, меншік иесінің келісімімен өзінің затын сыйлауға құқылы.
Бұл шектеу құны заң актілерінде белгіленген 10 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарға қолданылмайды. Бірлескен ортақ
меншіктегі мүлікті сыйға тартуға бірлескен меншіктің барлық
қатысушыларының келісімі бойынша ережелерді сақтай отырып жол беріледі.
Өкілдің сыйға тартуға жасаған сенімхатында сый алушы аталмаса және
сыйға тартатын заты көрсетілмесе, ол жарамсыз болады. Құны заң
актілерінде белгіленген 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын
әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, жас балалар мен іс-әрекетке қабілетсіз
деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкілдерінің, емдеу,
тәрбиелеу мекемелерінің және сол секілді мекемелердің
қызметкерлерлеріне олардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі
азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының
мемлекеттік қызметшілерге, олардың лауазымдық жағдайына байланысты
немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйға тартуға
жол берілмейді.
Сыйға тарту шарты бойынша міндеттемені орындамау немесе тиісінше
орындамағаны үшін жауаптылық жалпы негіздер бойынша туындайды.
Дегенмен, шарттың өтеусіздігін ескеріп, заң жүзінде тараптардың
жауаптылығын шектейтін бірқатар ережелерді алып тастаған. Егер сыйға
тарту шарты жазбаша жасалып, сый алушының сыйды қабылдап алудан бас
тартуы салдарынан келтірілген зиян үшін жауапкершілік нақты залалды
өтеумен шектелген. Сыйланған заттың кемшіліктері салдарынан сый
алушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды,
Азаматтық кодекстің ережелеріне сәйкес, сыйға тартушы өтеуге тиіс. Егер
бұл кемшіліктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны
дәлелденсе және анық кемшіліктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол
жөнінде біле тұра сый алушыға ескертпесе, зиянды сыйға тартушы өтейді.
Сонымен, жауаптылық кінәлілік негізінде, қалыптасады.
АК-ке сәйкес заттың өз кемшіліктерімен қатар, заңды ақаулықтары
болады, мысалы, зат белгісіз үшінші тұлғалармен ауыртпалықта болуы
мүмкін немесе оның зиян шегуі. Заңды ақаулықтар сый алушының өмірі мен
денсаулығына зиян келтірмесе де, оның мүліктік жағдайына келтірілген
залал келтіруі мүмкін. Сыйға тартудың пәні мүліктік құқық немесе
міндеттемеден босату болғанда бұл ережені қолдану салыстырмалы болып
табылады. Бұл жағдайда сыйдың бірден-бір кемшілігі заңдық зияндылығында
болуы мүмкін. Нақты сыйға тарту шарты, әдетте, сый алушыда құқық
туындау негізі ретінде қалыптаса отырып, міндеттеме туындатпайды. Оған
қарағанда консенсуалды сыйға тарту шарты өз кезегінде екі кезеңнен
өтеді: алдымен тиісті міндеттеме туындайды, содан кейін осы
міндеттемені орындау сый алушыда сыйға қатысты заттық немесе басқа да
құқықтардың туындауына әкеліп соғады. Бірінші кезеңде сыйға тарту сыйға
тартуға ғана арналған негіздерде тоқтатылуы мүмкін. Міндеттеме
орындалғаннан кейін, шарт өз рөлін орындаған соң оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
Сыйға тарту шартының ұғымы
Сыйға тарту шартының мазмұны
Сый алушының құқықтары мен міндеттері
Сыйға тарту шартының түсінігі
Сыйға тарту шарты
Жылжымайтын мүлік экономикасында тұрғын үйлердің алатын орны
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
Пәндер