Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері


Ж О С П А Р

К і р і с п е

I тарау. Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері
мен қызметтері.

1.1 Ұлттық банктің міндеттері, мақсаттары мен құқықтары
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтерінің бағыттары

II тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық
Банктің құрылымы мен басқару органдары

2.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк . "Банктердің
банкі"
2.2 Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары
2.3 Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік өкімет органдарымен өзара іс ― қимылы

III тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық
Банктің операциялары мен негізгі бағыттары

3.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің
операциялары және агенттікпен бөлісуі.
3.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің 2004.2006
жылдардағы негізгі бағыттары

Қорытынды

Қолданылға әдебиеттер
Кіріспе

Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім - Ұлттық Банк – еліміздің эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек түсініп, танып білгім келеді.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық Банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.
Мен курстық жұмысымның барысында, жалпы Ұлттық Банктің ұғымына, мәніне, мақсатына, оның операциялары мен қызметтеріне , құрылымы мен басқару органдарына тоқталып өтемін.
Курстық жұмысты көрсетілген талаптарға сай орындау үшін еліміздегі Ұлттық Банк мәселелерін талдау бойынша, жарық көрген бірнеше әдебиеттерді, газеттерді қолдандым.
Қолданылған әдебиеттер

1. ҚРдың «Ұлттық Банкі заңдары» Егемен Қазақстан Алматы 1995ж зо наурыз

2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері» негізгі заң актілері, Алматы 2002 ж. 3―53 б.б.

3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Қазақстан Республмкасының Президенті. Алматы 2000ж., № 2443 заңдық күші бар жарлығы

4. Зиябеков Б «Қазақстанда банк жүйесінің дамуы» заңы, Алматы 2003ж., №3. 52―58 б.б.

5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Алматы 2002ж., 64 бет

6. «Экономикалық шолу » ҚР ―сының Ұлттық банкі журналы, №1 2004ж., 21 бет

7. «Қазақстан Ұлттық банкі» журналы, жылдық есеп, Алматы 2002ж.

8. «Баспасөз релизі» Ұлттық банк хабарлаушысы журналы, № 9 (283) Алматы 2004ж.

9. Расулов Н. «Банк жүйесінің дамуы қарқынды» // Қаржы қаражат 1999ж. Алматы, № 6, 24-27 б.б.

10. Алдаберген Ә. «Банк жүйесінің дамуы қарқынды» // Егемен Қазақстан 2001ж. 6-наурыз 3 бет

11. Теңізбаева А.С. «Қазақстанда банк жүйесі мен банк заңдарының қалыптасуы және дамуы», право и государство, 2003ж. №3, 28 – 30 б.б.

12. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы 2004ж. 128б. 154б.

13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001ж.



14. Кошенов Б.Н. «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001ж.

15. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы 2001ж.

16. Қалығұлова Р.Ж., Ғұмар Н.А. «Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру», Алматы 2000ж.

17. Ғабжалелов Х. «Теңге», Алматы 2003ж. 23-35б.б

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 27 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экономика және менеджмент пәні кафедрасы

Тақырыбы: Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері

Орындаған:

Қабылдаған:

Ж О С П А Р
К і р і с п е

I тарау. Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері
мен қызметтері.

1.1 Ұлттық банктің міндеттері, мақсаттары мен құқықтары
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтерінің бағыттары

II тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық
Банктің құрылымы мен басқару органдары

2.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк - "Банктердің
банкі"
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары
3. Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік өкімет органдарымен өзара іс ―
қимылы

III тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық
Банктің операциялары мен негізгі бағыттары

3.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің
операциялары және агенттікпен бөлісуі.
3.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің 2004-2006
жылдардағы негізгі бағыттары

Қорытынды

Қолданылға әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл
атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып
табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие
мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім - Ұлттық Банк – еліміздің
эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша – несие және валюта саясатын
анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек
түсініп, танып білгім келеді.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру,
банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен
бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан
Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО
Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында
алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың
наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк
жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа
сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде
Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық
шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық Банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинақ және тағы
басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып
табылады. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" және "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдарына сәйкес
барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені
жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық
банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін
стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ―
несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені
қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО
операциялары арқылы несие береді.
Мен курстық жұмысымның барысында, жалпы Ұлттық Банктің ұғымына,
мәніне, мақсатына, оның операциялары мен қызметтеріне , құрылымы мен
басқару органдарына тоқталып өтемін.
Курстық жұмысты көрсетілген талаптарға сай орындау үшін еліміздегі
Ұлттық Банк мәселелерін талдау бойынша, жарық көрген бірнеше әдебиеттерді,
газеттерді қолдандым.

I тарау. Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері
мен қызметтері.

1. Ұлттық банктің міндеттері, мақсаттары мен құқықтары

Ұлттық Банктер ― бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы, әрі реттеуші
бас органның рөлін атқара отырып, ерекше ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мен мемлекет
берген үлкен өкілеттіліктерімен анықталады. Ұлттық Банк елдің эмиссиялық,
резервтік және кассалық орталығы, сондай ― ақ норма шығару, басқару
құқықтарына ие банк рөлін атқарады, ақша ― несиелік және валюталық саясатты
анықтайды. Оның негізгі мақсаты ― пайда табу емес, ақша ―несие саясатын
жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” туралы заң бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ― Қазақстан Республикасының Орталық
банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып
табылады.
Ұлттық Банк ― ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен,
басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мүліктің құралу көздеріне ― банк ісінен түскен табыстар, бағалы
қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар
жатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті ―
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіге мынадай қосымша міндеттер жатады:

✓ Қазақстанның экономикалық дамуы және дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы,
несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы
мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;

✓ Ақша ― несие және банк жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге көмектесу;

✓ Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін
реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына
бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің,
салымшылардың мүдделерін қорғау;

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Ұлттық
банкінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:

✓ Оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің
қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

✓ Акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғам;

✓ Бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен
немесе қатысуынсыз);

✓ Ұлттық Банкінің қызметін бірігіп атқаратын
тәуелсіз банктер жүйесі;

Негізгі Ұлттық Банк ― унитарлы орган болып табылады. Мемлекет ―
жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ― ғимараттардан, құрылғылардан,
көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты ― банкіге
тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа да
құралдардан тұрады. Резеритік қор ― жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік
табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес
жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылғы жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Оған: активтер
амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір
бөлігі жатады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан
қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады. АҚШ―та орталық
банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды
резервтік жүйенің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

2. Ұлттық банктің атқаратын қызметтерінің
бағыттары

Қазақстан Ұлттық банкі ― Қазақстан Республикасы заңдарының
негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде
кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес
қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер
шығарады.
Ұлттық банктің атқаратын қызметтері:
✓ Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша ― несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық Банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгенртумен шұғылданады. Егер
ақша ― несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі
болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк
операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құұығы бар. Сондай
― ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және
айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады. Ұлттық
банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, облигацияларды, депозиттік
сертификаттарды , дисконттық және өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі
проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады.
Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп,
айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
✓ Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны
эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық Банк номиналдардың құрылымын, теңге мен
тиындардың пішінін, олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын
қамтамасыз етеді.
Ұлттық Банктің қолма ― қол ақша қаражатын

шығаратын, тиын мен теңгенің қолма ― қол ақшасыз эквивалентін алып
сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар.
Сондай ― ақ, қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды
жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
✓ Банктердің банк ісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық Банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші
класты бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген
несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк ― екінші деңгейдегі
банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де,
шетел валютасымен де, сондай ― ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса
қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп
айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен
жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін
қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
✓ Үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және
агенті қызметін атқарады. Бұл қызметті атқару үшін кепілшісі үкімет
болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады. Қаржы
министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты болдырмау үшін
қажетті іс― шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт
негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың
депозитаралық ісін жүзеге асырады.
✓ Банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі . Ол
үшін Қазақстан террииориясында, сондай ― ақ одан шет жерлерде
банктермен, олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар
жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері
және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есптеу,
есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік
актілер шығарып , олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік,
банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін , тәртібімін
және әдісін бекітіп, сондай ― ақ олардың орындалуын бақылайды.
Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе
аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау
қызметін атқару үшін банктердің балансының есебін жіәне басқа
құжаттарын тексереді.
✓ Валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны
атқару үшін Ұлттық Банк шетел валютасының және шетел валютасындағы
бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел
валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде
проценттік мөлшерін деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетелвалютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін
белгілеп, сондай ― ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің
республикадан тыс шетел валютасында шот ашуның мақсатын, тәртібін
және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел
валютасымен
салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды
ұйымдастырып, шетелдермен валюта ― қаржылық және несие ― есеп
қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін
жүргізеді;
✓ Елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармн
операциялар жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президенттінің “Бағалы
металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу”
туралы Заң күші бар жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына
бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа
өндірушілерден Ұлттық Банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, қажет жағдайда заңға
сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырысы бойынша Ұлттық Банктің қоймасында
сақтау үшін үкіметтік резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және
басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген
табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату
операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банкі жұмысының бағыттары:
✓ Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;

✓ Өзіне бғынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;

✓ Халық шаруашылығында несиелік, есеп ― айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік ―
инструкциялық, нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің
есеп беруін ұйымдастыру;

✓ Банк ісін лицензиялау, ақша ― несиелік реттеудің әдістерінің формаларын
таңдау;

✓ Банк ісін бақылау және қадағалау;

✓ Елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;

✓ Ғылыми ― зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

✓ Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау ,
біркелкі валюталық саясатын жүргізу және тағы басқалары.

Атқаратын қызметтердің негізгілері:

✓ Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша ― несие саясатын жүргізеді және бағалы қағаздарды
эмииссиялайды;

✓ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет
етуге қатынасады;

✓ Қазақстан аумағында банктердің, еліміздегі банктердің ашылуына және
филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын
береді;

✓ Белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмисиялау
проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуге
міндетті сараптама жүргізеді;

✓ Банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденциялық нормативтер белгілейді;

✓ Қазақстан Республикасында несиелер бойынша сыйақы пайыз матерлемесін
реттеуді жүзеге асырады;

II тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық
Банктің құрылымы мен басқару органдары

Ұлттық банктің басқару құрылымы мен қызметтік ұйымдастырудың
басқа да мәселелері “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” туралы заң
және негізінде анықталады. Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін
басқарма, директорат, бас аумақтың және облыстың басқармаларымен қатар,
басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.

Басқарма. Төраға. Төрағаның
Директорлар кеңесі орынбасарлары

Ұлттық Банктің орталық аппараты

Департаменттер, дербес басқармалар және бөлімдер

Облыстық (аумақтық(
басқармалар

Ұлттық банктің тәуелсіз бөлімшелері:

Мемлекеттік сақтау орны
Банкноттық фабрика
Бағалы қағаздар фабрикасы
Приборлық бақылаудың мемлекеттік
инспекциясы
Қазақсандық банкаралық есеп айырысу
орталығы
Банкаралық және қаржылық
телекоммуникациялар орталығы
Банктік сервистік бюро

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару орны Ұлттық банк төрағасы мен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма ( адамнан тұрады. Оның
құрамына ( Ұлттық банк төрағасы, оның ( орынбасары, парламент пен
президенттің бір ( бір өкілі және Қазақстан министрлер кабинетінің екі
өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының Президентімен
бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

✓ Мемлекеттік ақша ( несиелік саясатын жасайды;

✓ Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;

✓ Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

✓ Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

✓ Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағасын анықтау тәртібін
бекітеді, белгілейді;

✓ Сыртқы резевтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;

✓ Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;

✓ Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және
Ұлттық банк депариаменттерінің директорларын тағайындайды;

✓ Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді;

Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асады.
Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының мәжілістері қажет болуына қарай, бірақ
айына кемінде 1 рет өткізіледі. Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк
төрағасының немесе басқармасының үш мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің
ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан сенімхатсыз мемлекетік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы ( Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және
атқарушы ( бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім (
шарттар жасауға өкілетті. Бірақ оған басқармаға берілген өкілеттіктер
кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы
уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол президенттің ұсынысымен орнынан
босатылады. Ұлттық банкінің жедел басқару органы ( Директорлар кеңесі.
Ұлттық банк төрағасымен басқарылады. Директорат "Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі" туралы заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның
және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім
қабылдайды. Басқарманың шешімі қатысқан мүшелерінің жай көпшілік даусымен
қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының
даусы шешуші болып табылады Директорат құрамына ( төраға, оның
орынбасарлары және депортамент директорлары кіреді. Ұлттық банктің орталық
аппараттарында ақша ( несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық
қатынастар, эмиссиялық ( кассалық операциялары, ақпараттық технологиялар,
бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика,
ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң
департаменттері және дербес басқармалар бар. Ұлттық банк өзінің негізгі
қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас
филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және
Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
✓ Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы алты сайлайды және қызметінен
босатады;

✓ Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық есебін Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді;

✓ Ұлттық валюталық ( теңгенің айлығының тұжырымымен Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді;

✓ Қазақстан Ұлттық банкінің Қазақстан республикасының Президентінің
сұрауы бойынша өзінің қызметіне байлансыты ақпараттарды беріп
отырады;

Ұлттық банкінің функционалдық құрамына департаменттер мен
басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппарттары, филиалдары,
өкілеттіктері мен ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен
дербес басқармалары бар:

✓ Зерттеу және статистика департаменті;

✓ Шетел операциялары департаменті;

✓ Ішкі операциялар басқармасы;

✓ Монетарлық операциялар департаменті;

✓ Заң қызметі департаменті;

✓ Әкімшілік департаменті;

✓ Қолма ( қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;

✓ Инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;

✓ Бухгалтерлік есеп департаменті;

✓ Есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;

✓ Операциондық басқармасы;

✓ Төлем жүйесі басқармасы;

✓ Қаржылық қадағалау департаменті;

✓ Персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;

✓ Халықаралық қаржы ұйымдарының жоболарын іске асыру бөлімі;

✓ Мерзімді басылымдар және іскерлік ақараттар бөлімі;

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банк құрылымы мынадай дербес
бөлімшелер кіреді:

✓ Мемлекеттік сақтау қоймасы;

✓ Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;

✓ Банкноттық фабрика;

✓ Монета сарайы;

✓ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы;

✓ Қазақстан ипотекалық компаниясы;

✓ Актуарлық орталық;

✓ Банктік сервистік бюро;

✓ Ұлттық ақпараттық технология;

✓ Автобаза

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы қызметінен кетерінен екі ай
бұрын Қазақстан Республикасының Президентіне өзінің жазбаша өтінішін беріп,
қызметінен кетуге құқылы.

1. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк (-
"Банктердің банкі"

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақстаты (- экономиканы
төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық
несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына
келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы (- несие
құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын
көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз
клиенттеріне шаруашылық субъектілерімен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде
соны жасайды. Оның клиенттері (- коммерциялық банктер және басқа да
несиелік мекемелер болады. Осыдан келіп, Ұлттық Банкіні (- "банктердің
банкі" деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан
салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық Банкі де
банктерден және жинақ мекемелерінен салымарды қабылдап, оларға қарыздар
береді.
Ұлттық Банк (- "Банктердің банкі" қызметін атқару үшін:
✓ Коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;

✓ Коммерциялық банктерге қысқа мерзімде қажеттіліктеріне байланысты,
қысқа мерзімді қарыздар береді;

✓ Жалпы Ұлттық ауқымда қолма (- қолсыз есеп айырысуларда жүзеге
асырады;

✓ Банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді;

Ұлттық Банктің тағы бір маңызды қызметі (- банктердің,
жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп
аталатын салымдарын сақтау болып табылады. Қазақстанның заңдарына сәйкес,
барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық Банкіде сақтаулары тиіс,
өйткені жоғарыда айтылғандай , олардың ақша айналымын реттеуде,
коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті
қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық Банк (- коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық (-
несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетлде орталық банктерді
"соңғы сатыдағы несие беруші" деп атайды. Олар коммерциялық банктерден
есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын
толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен,
мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздың
міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (- жалпы банктік жүйені
қолдау мақсатында аукциондық негізде ломбардтық несиелерді және РЕПО
операциялары арқылы несие береді. Ұлттық Банк (- банкаралық қолма (-
қолсыз ақшалай есеп айырысуларды жүргізеді.
Ұлттық Банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпы халықтың
шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып
табылады. Осыған байланысты келесі қызметтерді атқарады:
✓ Қолма (- қолсыз ақшалай және қолма (- қол ақша айналысының ауқымын
бақылау;

✓ Бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай метадологилық негіздегі елдің
бірыңғай есеп айырысу орталығы;

✓ Есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесімен орнату және
үйлестіру;

Елімізде қолма (- қол ақшалай есеп айырысудың екі ішкі
жүйесі бар. Біріншісі (- коммерциялық банктер арасында тікелей
есеп айырысу, екіншісі (- Ұлттық банкідегі банктердің
корреспонденттік шоттар арқылы жасалатын орталықтандырылған есеп
айырысулар. Барлық банктер қолма (- қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық
банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден
несие алады.

2. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары

Қазақстан Ұлттық банкі банктердің, сондай ― ақ
шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі
операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін және
қадағалайтын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі банкілер желісінің, сондай ― ақ шет
валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды
жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін ортақ жағдайлар жасауға
және банкілердің адал бәсекесі принциптерін енгізуге жәрдемдеседі.
Оның реттеушілік функциясы Қазақстан Республикасы ақша ―
несие жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының,
салымшыларының және клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Қазақстан Ұлттық банкі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
Аудит пәні, мақсаттары мен міндеттері
Әлеуметтік психологияның мақсаттары мен міндеттері
Әлеуметтік психология мақсаттары мен міндеттері
Ұлттық банк және оның мақсаты
Банк және банктік қызметтері
Стандарттау ұғымы, стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Банк жүйесінің қызметтері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь