Қонақ үйдегі сақтандыру түрлері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ.ТУРИЗМДЕГІ САҚТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
1.1.Туристикфирмалардағысақтандырудыңтүрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Сервистітуристіксақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II БӨЛІМ. ТУРИСТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҚАУІПСІЗДІГІ
2.1.Тасымалдаукауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Туристердімедициналықсақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3.Туристерді мүліктік сақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4.Туристерді жеке сақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.5.Сақтандыру туристік өнімнің ажырамас бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ
Туризм жалпы халықаралық көлемде танылған аса маңызды мәдени-ағарту, спорттық, демалыс шаралары ретінде кеңінен мәлім екендігі белгілі. Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу, игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды. Қазақстан Республикасының "Туризм туралы " Заңына сәйкес туризмдік қызмет атқаруға туристік сапарлар мен саяхаттар ұйымдастыру, әр түрлі туристік қызмет көрсету, туристік тауарлар шығару және өткізу жатады.Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады . Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру. Республикада Қазақстанның Ортаазиялық аймақ туризмінің орталығы болуына жағдай мен мүмкіндік жасалатын болады. Туризмнің даму және орналасу базасы – табиғи - рекреациялық әлеует. Бұл тұрғыдан Қазақстанды туризмді экономиканың дамыған саласына айналдыруға мүмкіндік бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі:Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Агеева О.А. Туристические фирмы и гостиницы; бухучет и налогооблажение.- М.: Совр. экономика и право, 2000.-184с.
2 Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебник.-М.: Аспект-Пресс,2002-470с.
3 Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб.пособие. – Алматы: Каз ГАУ, 1999.-94с.
4 Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб.пособие.- М.: Финансы и статистика,2001.-176с.
5 Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие / Багатов А.П., Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)
6 БиржаковМ.Б. Введение в туризм: СПб.: Герда, 1999.-192с.
7 БиржаковМ.Б. Введение в туризм: Учебник.-Изд.7-е, перераб. И доп.- СПб.: Герда,2005.-448с.
8 Бирюков Е.С. Развитие туризма в СССР и его влияние на экономику (на примере исторического города-музея Суздаль): Афтореферат.-М.,1975.-20с.
9 Борисов К.Г. Международный туризм и право: Учебно-метод. Пособие.-М.: НИМП, 1999.-352с.
10 Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. – М.: АСПЕКТ-ПРЕСС, 1995.-382с.
11 Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика, 1999.-352с.
12 Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Бухгалтерский учет и отчетность в туризме : Учеб.пособие.- М.: Нолидж,1998.-272с.
13 Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика,2000.-352с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I БӨЛІМ.ТУРИЗМДЕГІ САҚТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
1.1.Туристикфирмалардағысақтандыруд ыңтүрлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...5
1.2.Сервистітуристіксақтандыру ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II БӨЛІМ. ТУРИСТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҚАУІПСІЗДІГІ
2.1.Тасымалдаукауіпсіздігі ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Туристердімедициналықсақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3.Туристерді мүліктік сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4.Туристерді жеке сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.5.Сақтандыру туристік өнімнің ажырамас бөлігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ
Туризм жалпы халықаралық көлемде танылған аса маңызды мәдени-ағарту, спорттық, демалыс шаралары ретінде кеңінен мәлім екендігі белгілі. Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу, игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды. Қазақстан Республикасының "Туризм туралы " Заңына сәйкес туризмдік қызмет атқаруға туристік сапарлар мен саяхаттар ұйымдастыру, әр түрлі туристік қызмет көрсету, туристік тауарлар шығару және өткізу жатады.Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады . Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру. Республикада Қазақстанның Ортаазиялық аймақ туризмінің орталығы болуына жағдай мен мүмкіндік жасалатын болады. Туризмнің даму және орналасу базасы - табиғи - рекреациялық әлеует. Бұл тұрғыдан Қазақстанды туризмді экономиканың дамыған саласына айналдыруға мүмкіндік бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі:Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

I БӨЛІМ.ТУРИЗМДЕГІ САҚТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
1.1.ТУРИСТИК ФИРМАЛАРДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:
1. турист пен оның мүлкін сақтандыру;
2. туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;
3. шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;
4. шетелдік туристерді сақтандыру;
5. азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
6. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
7. қауіпті жағдайларда туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.
Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:
1. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
2. көліктік сапарларды сақтандыру.
Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.
Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.
Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады. Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:
1. коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары);
2. фирманың банкрот болуы;
3. кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;
4. форс-мажорлық жағдайлардың болуы;
5. саяси қауіптер және т.б.
Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:
1. кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;
2. туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;
3. тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;
4. ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;
5. дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
6. дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда);
7. ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;
8. туристі репатриациялау;
9. шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.
Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.
Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.

1.2.СЕРВИСТІ ТУРИСТІК САҚТАНДЫРУ.
Сервисті туристік сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.
Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.
Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:
1. халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі;
2. қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;
3. ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;
4. қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.
Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:
1. 3 топты мүгедектікте - сақтандыру сомасының 50%;
2. 2 топты мүгедектікте - сақтандыру сомасының 75%;
3. қаза болу - сақтандыру сомасының 100%.
Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:
1. туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;
2. қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;
3. жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;

4. әскери міндетін орындауға шақырылу;
5. кіру визасын ала алмау;
6. келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.
Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.

IIБӨЛІМ.ТУРИСТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҚАУІПСІЗДІГІ
1.1.ТАСЫМАЛДАУ КАУІПСІЗДІГІ
Туризм әрқашанда көлікпен байланысты болады (авиациялық, теміржол, автомобильді, су көлігі т.б.). Көлік түрлері туристерді тасымалдау кездерінде апаттар болып, қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті туристерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне аса қатты көңіл бөлінуі керек.
Туристік және экскурсиялық көліктік саяхаттарды ұйымдастыру үшін ең маңызды мәселе көліктің қауіпсіздігі мен сенімділігі және туристердің қауіпсіздігін ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар арқылы жоғарылату болып отыр. Туризм мақсатында қолданылатын көліктердің бекітілген талаптарға сәйкестік сертификаттарының, ал көліктік кәсіпорындардың жолаушы тасымалдау қызметіне лицензияларының болуы тиіс.
Туристердің баратын жерлеріне дейін жетуі мен қайтадан келуі және саяхат кезінде пайдалануы үшін әртүрлі көлік түрлері қолданылады.
Әрбір нақты жағдайларда туристердің жарақат алуы, қозғалмалы механизмдермен байланыс кезінде төнетін қауіптерді болдырмау шараларын қарастыру қажет.
Жарақат алуды болдырмау үшін туроператорлар, ең алдымен, көлік компанияларының қауіпсіздікке қатысты рейтингтерін қадағалап отыруы және тасымалдау кездерінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.
Әрбір көлік жүйесі шегінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ережелері мен нормалары бар.
Авиатасымалдау кезіндегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Авиатасымалдау қауіпсіздігі - авиакомпанияларының өздерінің сөзсіз ерекше хұқы. Бұндай көпсалалы міндеттер көптеген мамандандырылған қызметтер көмегімен шешіледі (қарапайым техникалық мәселелерден терроризмді болдырмауға дейін). Сонымен қатар, бір мезгілде ұшу қауіпсіздігі көптеген жағдайларда жолаушылардың өздеріне байланысты болады.
Туристік фирмалар жұмысшылары жолаушыларды, жүктерді авиалинияларда тасымалдаудың ережелерін, ұшу қауіпсіздігі ережесін білуі және ұшу кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету шаралары туралы туристерді ақпараттандыруы керек.
Туристер өздерімен бірге тіркелмейтін жүктер ретінде қандай заттарды алып жүруге рұқсат етілетінін білулері қажет. Бұл заттардың салмағы 5 кг аспауы шарт. Кейбір жағдайларда (авиакомпания рұқсатымен) тіркелмеген заттар ретінде тасымалдауда ерекше абайлылықты талап ететін заттарға рұқсат етіледі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында азаматтық авиация, милиция, кеден мекемелері мен шекара орындарының жолаушылардың жеке және жүктерді тексеруге құқылары бар.
Туристер тексеру жүргізудің мақсаты, ұшу көліктерінде тасымалдауға рұқсат етілмейтін заттар және тасымалдау ережелерін бұзған жағдайлардағы жауапкершіліктер туралы алдын ала ақпараттандырылуы керек.
Жүк ретінде мына заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді:
-- суық қару-жарақтардың барлық түрлері;
-- жарылғыш заттар мен жару құралдары;
-- қауіпті тудыратын газдар;
-- уландырғыш заттар;
-- коррозиялы заттар.
Жолаушы тасымалдауға рұқсат етілмеген заттарды алып жүргені және оның ерекше жағдайларын сақтамай өткізгені үшін жауапқа тартылады. Ережелерді бұзғандары туралы барлық жағдайларда акттер жасалады. Тасымалдауға рұқсат етілмеген заттар мемлекеттік орындарға беріледі немесе жойылады.
Өткір қатты заттары бар (шегелер, сымдар т.б.) және дұрыс салынып оралмаған жүктер тасымалдауға жіберілмейді. Әуежайда, ұшу алаңы мен ұшу кездерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында туристерді мыналар туралы ақпараттандыру қажет:
-- бөгде адамдардан тасымалдау үшін заттар мен жүктер алудың рұқсат етілмеуі;
-- турист заттарын өзінің салуы немесе өзінің жеке қарауымен салдыруы;
-- ұшу көліктерінде темекі шегуге рұқсат етілмеуі;
-- жүктерді тексеру кезінде жолаушының болмауынан оның жүктерінің тасымалға жіберілмеуі;
-- жолаушының мас болуынан ұшуға жіберілмеуі;
-- жүкке өзінің фамилиясы, аты және әкесінің атын жазып қоюы.
Жолаушы өзінің тіркелмеген жүктерін тексеруге бермеуі және шекара аймағына шығу кезінде құжаттарының болмауынан ұшуға жіберілмейді.
Жолаушылар ұшақ бортында отырғанда авиакөліктерде ұшу қауіпсіздігін қатаң түрде сақтаулары және ұшақ командирінің барлық бұйрықтарын орындаулары қажет.
Автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Апаттар мен құрбандар саны бойынша көліктің ең қауіпті түрі автомобиль көлігі болып отыр. Бұл автокөлік жолдарында қауіптердің көп болуынан болады.
Автокөлік оқиғаларының анализдері бойынша алсақ, көптеген апаттар жүргізушілердің жолда жүру ережелерін бұзуынан болатынын көрсетеді. Қозғалыс қауіпсіздігі автокөліктің дұрыс техникалық жағдайы, жүргізушінің квалификациясы мен саяхатқа апарған елдің жол қозғалыс ережелерін білуімен қаматамасыз етіледі.
Бірнеше елдің территориясынан өтетін автобус саяхаттарын ұйымдастыру кезінде туроператорлар көлік таңдауына, жүргізушілерді таңдау мен олардың дайындылығына аса назар аударуы қажет. Туристерді тасымалдауға қолданылатын автобустарының бекітілген талаптарға сай сертификаттары болуы керек.
Автобус техникалық жағынан дұрыс жөндеуден өткізілген, қалыпты жылу және вентиляция жүйелерінің болуы, жанар жағар маймен толық толтырылған, қатты сөйлеуге арналған құралдармен жабдықталған, ішкіжәне сыртқы тазалығының сақталуы, дәрі-дәрмек жәшікшелерінің болуы тиіс. Автобусты қолдану ережелері айқын көрінетін жерлерде болуы керек. Автобустың дұрыс жұмыс істеп тұрғаны оның сапарға шығар алдында жүргізуші мен механиктің қолдарымен жол қағазында бекітіледі.
Еуропалық конвенцияның көліктердің жұмыстары бойынша қабылданған шешіміне сәйкес халықаралық тасымалдауға жүргізілетін 9 орыннан асатын барлық автобустар міндетті түрде тахографтармен жабдықталуы керек делінген. Егер онымен жабдықталмаса, онда автобус жұмысқа жіберілмейді.
Тахограф дегеніміз - бұл автобус пен жүргізуші жұмысын есепке алып бақылау жүргізуге арналған құрал. Ол автоматты түрде қозғалыс жылдамдығын, жүрген уақытты, автобустың жүрісін, жүргізушінің еңбек және демалыс уақыттарын көрсетіп және жазып тұрады. Жазбалар диаграммалы дисктерде жазылып, жүргізушінің жұмыс күнінің толық суреттемесін береді.
Автобус жүргізушілері қозғалысты ұйымдастыру және маршрутта қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ақпараттары бар құжаттың мазмұнын білуі тиіс. Онда мыналар көрсетіледі:
-- жол маршруты:
-- маршруттың графикалық сызбасы;
-- маршрут бойынша жол құрылыстарының болуы;
-- аялдама пунктері, олардың арақашықтықтары;
-- автобустың қозғалыс уақытының есебі;
-- жол түрлері мен жағдайы және т.б.
Жүргізушіге бір қатар талаптар қойылады. Туристік маршруттарда автобусты жүргізуге 20 жастан жас адамдарға рұқсат етілмейді, ерекше абайлылықты талап ететін жол бөліктерін, қозғалыс трассасын білетін, маршрут сызбасын мұқият қарайтын бірінші класты жүргізушілер болуы керек.
Маршруттарды жоспарлау кезінде жанар жағар май станцияларының болуын ескеру абзал.
Шетелге сапарға шығар алдында әрбір автобусқа сапар кезінде болған шығындарды өтеп беруге кепілдік беретін автоазаматтық жауапкершілікке сақтандыру құжаты болуы керек.
Егер автобустың өзі сақтандырылса, яғни автомобильді ассистанция ресімделсе тиімді болады. Ол жол-көлік апаттарының болуы, сынып қалғанкездерінде және ұрдап кеткен жағдайда автокөлік иесіне шығындарды төлеттіріп алуға кепілдік береді.
Бірге жұмыс істейтін әріптестермен маршрут бойынша барлық аялдама пунктерінде автобустарға қорғаныс мекендерінің болуы туралы келісім жасау қажет
Автобус маршрутқа шығар алдында барлық механизм және құрылғыларының дұрыс жұмыс істейтіндігі мұқият тексерілуі қажет.
Автобустық турлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушіге мыналар рұқсат етілмейді:
-- маршрутқа ауырған немесе шаршаған күйінде шығуға;
-- тіпті ең аз мөлшерде ішімдік ішкен немесе есірткі қабылдаған күйінде көлікті айдауға;
-- қозғалыс графигі мен жол қағазында көрсетілген маршруттан бөлек өзгеріс жасап жүріп кетуге, маршрутты тек жол немесе климаттық жағдайларға байланысты ғана өзгертуге болады;
-- жол құжаттарында көрсетілмеген адамдарға көлікті жүргізуге беріп қоюға;
-- жұмыс істеу уақытында демалуға немесе ұйықтауға.
Автобус саяхаттарын түнгі 12 сағаттан таңғы 4-ке дейінгі аралықтарда өткізбеген дұрыс болады, себебі бұл уақытта адамның физиологиялық жұмыс істеу қабілеттері төмендейді.
Туристік маршруттарды әзірлеген кездерде автобустың қозғалыс графигін жылдамдықты 70кмсағ мөлшерлеп құрастыру керек.

1.2.ТУРИСТЕРДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ
Медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын сақтау мүддесін қорғау түрі болып табылады. Оның мақсаты - сақтандыру жағдайы болған кезде азаматтарға жиналған қор есебінен дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және аурудың алдын ала емдеуді қаражаттандыру.
Медициналық сақтандыру жеке сақтандыру түріне жатады. Ол сақтанушының денсаулығына қауіп-қатер төнген жағдайда сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Медициналық сақтандырудың келесі түрлері болады: амбулаторлық ем алу шығындарының, хирургиялық шығындарының, ауруханада болу шығындарын, ауруға диагноз қою шығындары бойынша сақтандыру.
Медициналық сақтандыру екі түрде - міндетті және ерікті болып жүргізіледі. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес барлық ел азаматтарына медициналыұ және емдік көмек алуда тең мүмкіндіктер береді. Ерікті медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасы негізінде іске асырылады. Ол азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы белгілеген қызметтердің үстіне қосымша басқа да медициналық қызметтерді көрсетеді. Ерікті сақтандыру топтық және жеке түрде болуы мүмкін.
Туризм саласында ерікті медициналық сақтандыру келесі тұлғаларға таралады:
-- шетелге баратын азаматтарға;
-- ел территориясына уақытша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдегі жиһаз түрлері және олардың орналасуы
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі.
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Онақ үй кәсібінің ішкі және сыртқы ортасы
Кәсіпорынның шығын түрлері
Қонақ үйдегі қызметкерлердің қарым- қатынас мәдениеті
Қонақ үйдегі текстиль, кілемдер
«Достық» қонақ үйінің инженерлік-техникалық жабдықталуы
Айқын шығындардың түрлері
Қонақ үйдегі сигнализация жүйесі.
Пәндер