Қонақ үйдегі жылыту жүйесі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Қонақ үйдегі жылыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қонақ үйлерді жылумен жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қонақ үйдің орталықтан жылыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ бөлім. Қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын жетілдіру жүйесіне негізгі ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Қонақ үй қызметінің жылыту жүйесін жетілдіру бойынша нұсқаулар ... ... ... ... .16
2.2 «Ренессанс» қонақ үйінің жылыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 «Ренессанс» қонақ үйінің қызмет көрсету сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйдегі жылыту жүйесі – бөлменің температурасын адамға жайлы, кейде технологиялық процестің талаптарына сай деңгейде ұстап тұру үшін жүргізілетін жасанды жылыту процесі. Негізінен, сумен жылыту кең таралған. Мұнда жылу ыстық сумен жылыту құралдары арқылы беріледі. Сумен жылыту жүйесінің құрамына су қыздырғыштар, жылыту құралдары (радиаторлар, конвекторлар, панельдер, т.б.); су құбырлары, су қызған кезде оның артық көлемін қабылдайтын ыдыс, бекітіп реттеу арматурасы кіреді. Сумен жылыту жүйесі табиғи айналымға түсетін және механикалық тәсілмен айналымға түсірілетін түрлерге бөлінеді. Біріншісінде су қыздырғышта ысытылған су және жылыту құралдары мен құбырларда салқындаған судың температураларының, тығыздықтарының айырымдары есебінен айналымға түседі. Екіншісінде су, негізінен, салқындаған суды қыздырғышқа беретін түтік құбырға орнатылатын циркуляциялық сорғының әрекеті есебінен жүреді. Бумен жылыту тасымалдағыш су буы бөлмелерде орнатылған жылыту құралдарына бу құбырлары арқылы беріледі. Бумен жылыту жүйелерінде будың жылыту құралдарында конденсациялануы кезінде бу түзіп жылу бөліп шығару қасиеті пайдаланылады. Бұл кезде пайда болған конденсат құбыр арқылы бір орталықтан жылумен қамтамасыз ету торабына немесе жылытылатын үй-жайдағы қазандыққа қайтып оралады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:жылыту мақсатында бу машиналарынан, турбиналарынан, т.б. шығатын бу да қолданылуы мүмкін. Ауамен жылыту кезінде үй-жай, олардың температурасынан жоғары ауамен жылытылады. Ауамен жылыту жүйесі рециркуляциялық және желдетумен біріктірілген түрлерге бөлінеді. Біріншісінде ауа қыздырғышқа берілетін ауа толығымен жылытылатын бөлме ішінен алынады, ал екіншісінде ауа ішінара жылытылатын бөлмеден, ішінара сырттан алынады. Ауамен жылыту жүйелерінде ауаның қозғалысқа түсуі табиғи (ауаның температурасы мен тығыздығының айырмасы есебінен) немесе күштеп (желдеткіштер көмегімен) жүруі мүмкін. Ауамен жылыту жылытылатын үй-жайда орнатылатын жергілікті жылыту және жылыту-желдету агрегаттарымен және бір орталықтан (бір агрегат бірнеше бөлмені жылытады) іске асырылады. Жылыту-желдету агрегаты (ауамен рециркуляциялық жылытуға және желдетумен біріктірілген ауамен жылытуға арналған агрегат) желдеткіштен, калориферден және кейде ауаны шаң-тозаңнан тазалауға арналған сүзгіден тұрады. Электрмен жылыту жүйелерінде электр энергиясы электрлік жылыту құралдарында жылу энергиясына айналдырылады. Электрлік жылыту құралдары құрамындағы қыздыру сымдары ашық (электр камині, электр рефлекторы) және жабық орналасқан, соның ішінде айналымда болатын суды не майды қыздыратын (фарфор не болат радиаторлар); қыздыру сымдары құрылыс құралымдарының (мыс., еден, қабырға, т.б.) ішіне салынып жабық орналасқан; шала өткізгіштерден жасалған түрлерге ажыратылады. Жылу жинау шамасы жоғарылатылған жылыту құралдары да бар. Олар түнде электр энергиясын тұтынып, жиналған жылу энергиясын басқа уақытта жылытылатын бөлмеге береді.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. — М.: Аспект-Пресс, 1995. – 254 с.
2. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства / М.: Academia, 2003. – 185 с.
3. Исмаев Д.К. Международное гостиничное хозяйство: по материалам зарубежных публикаций.- М.: ВШТГ, 1998. – 86 с.
4. Ляпина И.Ю. Организация и технология гостиничного обслуживания. М.: ПрофОбрИздат, 2001– 187 с.
5. Международный стандарт ИСО 9004-2:1991. Общее руководство качеством и элементы системы качества. Ч. 2: Руководящие указания по услугам /
6. Тихомиров К.В. Теплотехника, теплогазоснабжение и вентиляция. – М.: Стройиздат, 1981 – 272 с.
7. Отопление: Учебник для студентов вузов, обучающихся по направлению «Строительство», специальности 290700/ Л.М. Махов. – М.: АСВ, 2002- 576

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Қонақ үйдегі жылыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қонақ үйлерді жылумен жабдықтау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қонақ үйдің орталықтан жылыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ бөлім. Қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын жетілдіру жүйесіне негізгі ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Қонақ үй қызметінің жылыту жүйесін жетілдіру бойынша нұсқаулар ... ... ... ... .16
2.2 Ренессанс қонақ үйінің жылыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..19
2.3 Ренессанс қонақ үйінің қызмет көрсету сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйдегі жылыту жүйесі - бөлменің температурасын адамға жайлы, кейде технологиялық процестің талаптарына сай деңгейде ұстап тұру үшін жүргізілетін жасанды жылыту процесі. Негізінен, сумен жылыту кең таралған. Мұнда жылу ыстық сумен жылыту құралдары арқылы беріледі. Сумен жылыту жүйесінің құрамына су қыздырғыштар, жылыту құралдары (радиаторлар, конвекторлар, панельдер, т.б.); су құбырлары, су қызған кезде оның артық көлемін қабылдайтын ыдыс, бекітіп реттеу арматурасы кіреді. Сумен жылыту жүйесі табиғи айналымға түсетін және механикалық тәсілмен айналымға түсірілетін түрлерге бөлінеді. Біріншісінде су қыздырғышта ысытылған су және жылыту құралдары мен құбырларда салқындаған судың температураларының, тығыздықтарының айырымдары есебінен айналымға түседі. Екіншісінде су, негізінен, салқындаған суды қыздырғышқа беретін түтік құбырға орнатылатын циркуляциялық сорғының әрекеті есебінен жүреді. Бумен жылыту тасымалдағыш су буы бөлмелерде орнатылған жылыту құралдарына бу құбырлары арқылы беріледі. Бумен жылыту жүйелерінде будың жылыту құралдарында конденсациялануы кезінде бу түзіп жылу бөліп шығару қасиеті пайдаланылады. Бұл кезде пайда болған конденсат құбыр арқылы бір орталықтан жылумен қамтамасыз ету торабына немесе жылытылатын үй-жайдағы қазандыққа қайтып оралады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: жылыту мақсатында бу машиналарынан, турбиналарынан, т.б. шығатын бу да қолданылуы мүмкін. Ауамен жылыту кезінде үй-жай, олардың температурасынан жоғары ауамен жылытылады. Ауамен жылыту жүйесі рециркуляциялық және желдетумен біріктірілген түрлерге бөлінеді. Біріншісінде ауа қыздырғышқа берілетін ауа толығымен жылытылатын бөлме ішінен алынады, ал екіншісінде ауа ішінара жылытылатын бөлмеден, ішінара сырттан алынады. Ауамен жылыту жүйелерінде ауаның қозғалысқа түсуі табиғи (ауаның температурасы мен тығыздығының айырмасы есебінен) немесе күштеп (желдеткіштер көмегімен) жүруі мүмкін. Ауамен жылыту жылытылатын үй-жайда орнатылатын жергілікті жылыту және жылыту-желдету агрегаттарымен және бір орталықтан (бір агрегат бірнеше бөлмені жылытады) іске асырылады. Жылыту-желдету агрегаты (ауамен рециркуляциялық жылытуға және желдетумен біріктірілген ауамен жылытуға арналған агрегат) желдеткіштен, калориферден және кейде ауаны шаң-тозаңнан тазалауға арналған сүзгіден тұрады. Электрмен жылыту жүйелерінде электр энергиясы электрлік жылыту құралдарында жылу энергиясына айналдырылады. Электрлік жылыту құралдары құрамындағы қыздыру сымдары ашық (электр камині, электр рефлекторы) және жабық орналасқан, соның ішінде айналымда болатын суды не майды қыздыратын (фарфор не болат радиаторлар); қыздыру сымдары құрылыс құралымдарының (мыс., еден, қабырға, т.б.) ішіне салынып жабық орналасқан; шала өткізгіштерден жасалған түрлерге ажыратылады. Жылу жинау шамасы жоғарылатылған жылыту құралдары да бар. Олар түнде электр энергиясын тұтынып, жиналған жылу энергиясын басқа уақытта жылытылатын бөлмеге береді.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ
1.1. Қонақ үйлерді жылумен жабдықтау

Қонақ үйлерді жылумен жабдықтау жүйелері (қазандықтар, жылулық желілер, жылулық пункттер, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелері) үнемі техникалық ақаусыз күйде болып, белгіленген тәртіпте бекітілген жылумен жабдықтау (желдету) бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес пайдалануға тиіс.
Қонақ үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар міндетті:
# пайдаланатын персоналмен және халықпен тиісті түсіндіру жұмсын жүргізуге;
# инженерлік жүйелер мен құрал-жабдықты уақытында ретке келтіруді, жөндеу мен реконструкциялауды жүргізуге;
# ғимараттардың жылулық тораптарын қазіргі заманға сай автоматтандырылған бақылау-өлшеу аспаптарымен және есептеу аспаптарымен (жылу есептеуіштер және су есептеуіштер) жабдықтау, пәтерлерге су және газ есептеуіштерді орнату арқылы отын- энергетикалық ресурстар мен судың шығынын есептеу мен бақылауды жетілдіруге және олардың сақталуы мен жұмысқабілеттілігін қамтамасыз етуге;
# жүйелерді автоматты реттеу құралдарын және диспетчерлеуді ендіруге;
# ілгерілемелі техникалық шешімдер мен озық пайдалану тәжірибесін кеңінен пайдлануға.
Жүйелерді реконструкциялауды, күрделі жөндеу және ретке келтіруді, әдетте, мамандандырылған монтаждау және ретке келтіру ұйымдары жүргізуге тиіс.
Жылумен жабдықтау жүйелерін сенімді және үнемді пайдалану үшін жоспарлы - алдын алу жөндеуді уақытында жүргізу және ақаусызда ұстау ұйымдастырылады:
# қазандықтардың жұмыс режимінің карталарын әзірлеумен, қазандықтың берілген түрі үшін қажетті жоғары сапалы отынмен қамтамасыз етумен, температураны реттеу мен жылулық тораптарда судың шығынының қажетті кестесіне сәйкес қонақ ғимараттарда жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау үшін жылу тасығыштың қажетті мөлшері мен сапасын берумен жылу (қазандардың) генераторларын;
# минималды жоғалту кезінде жылу тасығыштың есептік шығынымен және қажетті параметрлерімен (құбырлардағы температурамен және су қысымымен) ішкі жылу құбырларын (квартал ішілік жылулық тораптарды);
# жылу шығынын автоматты реттеу жүйелерімен орталық және жеке жылулық пункттерді;
# жылыту жүйесінде судың температурасын реттеу кестесімен ғимараттың барлық қыздыратын аспаптарына қажетті параметрді жылу тасығышты берумен жылыту жүйелерін (Ф қосымша);
# барлық су тарататын жерлерге қажетті температуралы ыстық суды және қысымды берумен ыстық сумен жабдықтау жүйелерін;
# механикалық желдетумен және ауамен жылытумен жүйелерде ағынды ауаның және, терезе мен есіктер арқылы сүзілетін ауаны ыздыруға жылудың минималды шығындары кезінде, жайларда нормаланатын ауа алмасуын қамтамасыз ететін желдету жүйелерін;
# жерасты арналарында, жертөлелерде, шатырларда, сондай-ақ санитарлық- техникалық кабиналарда орналасқан ыстық су құбырларын жылумен оқшаулауды.
Квартал ішілік жылулық тораптарда (құдыққа дейін немесе жылу камерасына дейін) табылған авариялар дереу жойылуға тиіс (қауіпсіздік шараларын қабылдаумен).
Қонақ үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар ағымдағы жылу беру кезеңі аяқталғанға дейін бір ай бұрын жағдай туралы екі күн бұрын қонақдарға хабарлаумен, жылулық тораптардың, жылулық пункттерді және жылу тұтыну жүйелерінің алдын алу және жөндеу бойынша кестелерді әзірлеуге жылумен жабдықтйтын ұйыммен келістіруге және әкімдіктерде бекітуге тиіс.
Жылулық тораптарды, жылулық пункттерді және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді бір уақытта жаз мезгілінде жүргізу қажет. Ыстық сумен жабдықтауды тоқтатумен байланысты жөндеудің ұсынылатын мерзімі - 14 күн. Әрбір нақты жағдайда жөндеу ұзақтығын әкімдіктер белгілейді.
Жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау, орталықтан ауа тазарту жүйелерінің және жылы еден жүйелерінің құрал- жабдығын беріктікке және тығыздыққа сынаулар жылыту кезеңі ақталғаннан кейін жыл сайын ақауларды анықтау үшін, сондай-ақ жөндеу аяқталғаннан кейін жылыту кезеңі басталу алдында жүргізілуге тиіс.

1.2 Қонақ үйдің орталықтан жылыту жүйесі

Қонақ үйлердің орталықтан жылыту жүйелерін пайдалану қамтамасыз етуге тиіс:
# жылытылатын жайларда ауаның оптималды температурасын (мүмкіннен төмен емес) қолдау;
# жылыту жүйесінде судың температурасын сапалы реттеу кестесіне сәйкес жылыту жүйесіне түсетін және қайтатын ауа температурасын қолдау барлық жылыту аспаптарын біркелкі жылыту;
# жүйенің беретін және кері құбырларындағы қажетті қысымды қолдау (жылыту аспаптары үшін мүмкіннен жоғары емес);
# герметикалық;
# судың барлық көрінетін ағуларын дереу жою;
# жылыту аспаптарында ақаулы шүмектерді жөндеу немесе ауыстыру;
# жылыту жүйесін реттеу, артық орнатылған жылыту аспаптарын жою және температуралық режим бойынша артта қалатын жеке жайларда қосымшаларын орнату.
Қонақ үйдің жайларында ауа температурасы салқын мезгілде стандарттармен қарастырылған мәндерден төмен болмауға тиіс. Ғимарат жайларында энергияны үнемдеу мақсатымен жылу шығынын автоматты реттеу құралдар болған кезде түнгі сағат нөлден беске дейін ауа температурасын 2 - 3 °С-қа дейін төмендетуге болады.
Темір ұста- сантехниктер жылыту жүйесінің ақаусыз күйін бақылауға, жылу энергиясының артық шығынын туғызатын ақаулықтар мен себептерді уақытында жоюға тиіс.
Қонақ үй қорына қызмет көрсететін ұйымның арнайы рұқсатысыз жылыту аспаптарының бетін немесе санын арттыруға жол берілмейді.
Пайдаланушы персонал жайынды болуға тиіс:
а) ғимараттың жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын тіркеу журналы;
б) қызмет көрсететін персоналдың кезекшілік кестесі;
в) негізгі тораптар мен тіреулерді орналастырумен кезекшінің үстелінде шыныланған стенд (бұл тіреулер өтетін пәтер нөмірлерін, бекітпе- реттеу арматураны, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің ауа жинағыштарын көрсетумен);
г) қонақ үй қорына қызмет көрсететін ұйымның бас инженері бекіткен, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін іске қосу, реттеу және босату бойынша нұсқаулық. Нұсқаулықта бүкіл құрал- жабдық пен құбырларды тексеру кезеңділігі көрсетілуге тиіс;
д) кірісте судың жұмыс қысымын, жүйедегі статикалық және ең үлкен мүмкі қысымды көрсетумен сыртқы ауаның температурасына байланысты жылу торабындағы немесе жылыту жүйесіндегі беретін және кері судың температура кестесі;
е) жылумен жабдықтау ұйымдарының (ЖЭС, аудандық қазандық және т.б.), апаттық жағдайлар қызметі, жедел жәрдем қызметі, өрт сөндіру күзеті бойынша қонақ үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың телефон нөмірлері;
ж) Аспап, автономды қоректендіргіші бар ауыспалы шырағдан, ұсақ алдын-ала жөндеу жұмыстарына арналған материалдар, арнайы киімдер, сүлгі, сабын және дәрі-дәрмек салынған сөмке;
з) жертөлелер мен ғимарат шатырларының кілттерін орналастыруға арналған стенд;
и) кілтті алушы тұлғаның аты-жөні көрсетіліп, қызмет көрсетушінің қызметкерге кілт беру туралы мәліметті тіркеу журналы, берілген және қайтарған уақыты.
Пайдаланушы қызметкер жылу кезеңінің алғашқы күндері жылу жүйелері бойынша жылу тасығыштың дұрыс таратылуын тексеріп жүргізуі тиіс, оның ішінде жекелеген стояктар үшін. Жылу тасуды тарату аталған жоба немесе үйлестірілген ұйым бойынша қайтарылған су температурасы негізінде жүргізілуі тиіс.
Ағымдағы және күрделі жөндеуді өткізу жоспары (кестесі) өз ішіне гидравликалық сынақты, жуып шаюда сыналатын жіберуді және оның орындалу мерзімі көрсетілген үйлестіру жұмыстарын кіргізеді.
Жоспар (кесте) жылумен жабдықтаушы ұйымдар мен келісіліп, әкімшілік органымен бекітілуі тиіс.
Жөндеу кезінде жылыту құралдары, құбырлар, жауып реттеуші арматура, ауа шығарушы қондырғы және тағы басқа жабдықтар жарамсыз деп танылса, жобаға сәйкес немесе қазіргі заманға сай шығарылатын жабдықтар есебінен арнайы ұйымдардың ұсынымдарымен ауыстырылуы тиіс.
Жылу жүйелерінің ақаулы жағдайы тіркеу журналына енгізілуі тиіс. Ақауды жою бойынша жүргізілген жұмыс түрлері, күні және жөндеу жүргізген қызметкердің аты-жөні журналда белгіленеді. Жылу жүйесінде анықталған кемшілік келесі жылу кезеңіне дайындық жүйесі кезінде есепке алынуы тиіс.
Жылуды пайдалану жүйесін тазарту жыл сайын жылу беру кезеңі аяқталған соң, онымен қоса құрастыру, күрделі жөндеу, құбырларды ауыстыруға байланысты ағымды жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізіледі (ашық жүйелерде жүйені пайдалануға енгізгенге дейін осылайша дезинфекцияға ұшырауы да мүмкін).
Жүйелер жылу таратқыштың есептік шығынынан 3-5 есе асып түсетін су мөлшерінде тазартылып шайылады, бұл ретте судың толық тұнығу жағдайына жету керек. Гидропневматикалық тазартуды жүргізу кезінде ауа қосындысының шығыны жылу таратқыштың есептік шығынынан 3-5 есе аспау тиіс.
Тазартып шаю үшін су құбырындағы немесе техникалық су пайдаланылады.
Тазартудан өтпеген жүйенің қосылуына, ал ашық жүйелерде шаю және дезинфекция жасауға жол берілмейді.
Жылу жүйесін тазарту уақытында гидроэлеваторладың диафрагмасы мен соплолар алынып тасталуы тиіс. Тазарту жүргізілгеннен кейін жүйе бірден жылу таратқышпен толтырылуы тиіс. Жылу жүйесін бос ұстауға жол берілмейді.
Жылу алмастырғыштарды жүйені қосу алдында химиялық немесе механикалық әдіспен тазартқан жөн.
Жылу жүйесін қосуды сынау жылу таратқыштың температурасын 80 - 85 °С-ге дейін қосу арқылы тазарту және қысу жүргізілгеннен кейін жүргізілгені дұрыс, бұл ретте жүйедегі ауа жойылып, барлық жылу құбырларының жылуы тексеріледі.
Жылытқыштардың жылуын сынау бес жылда бір реттен жүргізіледі.
Сыналатын пеш оттығының басталуы мен ұзақтығы әкімшілікпен келісіліп, жылумен жабдықтаушы ұйымдар арқылы анықталады және сынау арқылы жағу басталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірілмей тұтынушылардың назарына жеткізілуі тиіс.
Қонақ үй қорына қызмет көрсететін ұйым қызметкері жылу жүргізу кезінде жылу жүйесінің жұмысына жүйелі түрде бақылау жүргізуі керек.
Жылу таратқыштардың қысымының мөлшерден тыс асып кетуіне орталықтандырылған жылудың қосылуы және өндірілуі кезінде рұқсат етілмейді. Жергілікті жүйелерді жылу таратқыштардың апаттық параметрлерінің артуынан, жылу пунктеріндегі бос қалудан қорғау үшін автоматты қондырғы орнатылады.
Жылу жүйесін толтыруды жылу аспаптарымен немесе ауа шығуы арқылы ауа жиынтығынан кері желі арқылы жүргізген дұрыс.
Барлық жүйелердің сөну уақытында және су ағып кету не басқа ақаулар анықталған жағдайда оның жекелеген учаскелерінде сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде екі сағатқа дейінгі сыртқы ауа ұзақтығының температурасына байланысты белгілеген дұрыс.
Ауа жиынтығы арқылы орталық жылу жүйесінен, ауаны автоматты түрде жоюшы немесе жылу аспабындағы ауа шығарғыш крандардан ауа шығару аталған жүйенің статистикалық қысымының төменгі деңгейін енгізуде қысымның түсуі кезінде, сонымен қатар нұсқауламаға сәйкес (т 5,2.6г) ол сіңгеннен кейін әрқашан кезеңмен жүргізіледі.
Шатырдағы су құбырларына таратушы стояктардың қосылу орындарында және жертөле үй жайларында МЕМСТ-қа сәйкес таңбаланған қалқан орнатылған дұрыс.
Жылу орындарында, шатырда және жертөле жайларындағы су құбырлары боялған болуға тиіс. Ысырмалары мен бұрандалар сұлбаға сәйкес нөмірленуі тиіс (жоба бойынша).
Бекітпе арматурасының сыртқы беті таза, ал бұрандасы графитпен араласқан машина майымен майланады.
Су жылуының сенімді пайдалану жүйесі келесідей жұмыстарды орындау арқылы қамтамасыз етілуі тиіс:
Тазартушы құбырларды жан-жақты тексеру;
Айына бір реттен кем болмауы;
Барынша жауапты элементтер жүйесін жан-жақты тексеру (сорғы, магистралды бекітпе арматурасы, бақылау-өлшеуші аппаратура, автоматты қондырғы) аптасына бір реттен кем болмауы тиіс;
Жылу жүйесінен ауаны жүйелі түрде жою;
Батпақты шаю (шаю жұмысын ластану деңгейіне байланысты орнатқан дұрыс, ол батпаққа дейін және кейін де манометрге қысым ауытқуы бойынша анықталады).
Жылу таратқышының температурасына және қысымға күнделікті бақылау жасау.
Бекітпелі-реттеуші арматураның дұрыстығын тексеруді бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес, ал ысырманы шешу ішкі қарау мен жөндеу үшін үш жылда бір реттен кем болмауы тиіс (дискілер шабрені, дөңгелек тығыздығын тексеру, қысу); жылыту құралдарына реттеуші крандардың майланған тығыздық ауысымы мен жабылудың тығыздығын тексеру жұмысын жылына бір реттен кем емес болғаны дұрыс (бекітпелі-реттеуші крандар, олардың құралымды ақауы бар, және олар одан да жетілгенге алмастырылуы тиіс).
Ысырма мен бұрандалардың реттеуші органдарын соңынан бұрынғы қалпына келтіріп ашудан бас тартқанға дейін айына екі рет жапқан дұрыс.
Тығыздалған төсемдердің фланецті қосылуларын алмастыру фланцецті қосылуларды әр былғаған сайын, арматураны шешу кезінде жүргізілуі тиіс.
Құбырлар мен жылытқыш құралдар бекітіліп, ал олардың орнатылу еңісі деңгей бойынша бекітілуі тиіс.
Пәтерлердегі және баспалдақ алаңдарындағы құбырлар мен жылытқыш құралдар екі рет майлы бояумен боялуы тиіс.
От жағылмайтын үй-жайларда орналасқан жылу жүйесінің арматурасы мен құбырлары-дұрыстығын жылына екі реттен тексеру қажеттігі бар жылу оқшаулауға болуы тиіс.
Құбырлар арқылы ауысу орындарында (шатырда, жертөлелерде немесе техникалық еденастыларында) құбырлардың жылу оқшаулатқышына сүйенбейтін ауыспалы көпір жасаған дұрыс.
Жылыту құбыры ғимаратына орталықтан жылытуды енгізуде бекітпе арматура орнатылуы дұрыс, ол кип құралдарына дейін және кейін де орнатылуы тиіс (манометр, термометр, жылу энергиясы есебінен құралдар мен жылу таратқыштар).
Бақылау-өлшеуіш құралдар, бекіту және реттеуші арматура техникалық жағынан дұрыс жағдайда болып, бекітілген талаптарға жауап беруі тиіс.
Қызмет көрсететін қызметкер жылу пунктінде белгілі болған бақылау-өлшеуіш құралдардың көрсеткішін тіркеу журналына күнделікті тіркеп отыруы тиіс.
Қашықтықтан басқару мен бақылауды диспетчерлік пунктен қолдану ұсынылады.
Жылу таратушының температурасы мен қысымын тіркеу термометр және манометр көрсеткіштері бойынша, ал жылу шығыны жылуесептегіштерінің көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
Жылуды жылыту жүйесіне беруді автоматты түрде реттеу жобаға сәйкес белгіленген реттеуішке немесе тәртіпке келтіруші ұйым ұсыныстарымен жүзеге асқаны дұрыс.

мамандары бекіткен кесте бойынша тәулігіне бір реттен кем өткізбеген жөн (диспетчерлік бақылаудың жоқтығы кезінде).
Жылу таратқышының тапсырыс берілген параметрін автоматты реттеуішпен қолдау арқылы тексеруді әр қараған сайын жүргізген дұрыс.
Қол тәртібіндегі орталықтан тепкіш сорғыларды жіберу қысымды ұлғайтуға ысырманы жабу кезінде жүргізіледі.
Сорғыны әр жіберер алдында (сорғының жұмыс істеуі барысында тәулігіне бір реттен кем емес) сорғы немесе сонымен байланысты жабдық және автоматтандыру құралдары жағдайын тексерген дұрыс.
Сорғыны жіберу кезінде:
а) орталықтан тепкіш сорғылардың жұмыс доңғалақтары корпусты айналып өту бағыты бойынша айналым бағыты дұрыс болуы тиіс;
б) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Достық» қонақ үйінің инженерлік-техникалық жабдықталуы
Қонақ бөлме
Түркия елінің беделді қонақ үйлерінің тур пакеттері
Клуб жүйесіндегі демалыс пен қонақ үйдегі демалыстың айырмашылығы
Екіқабатты өндірістік ғимаратты жобалау
Окан Интер-Континенталь отелінің жалпы сипаттамасы және сервистік қызметкерлерді бағалау
Сервистік қызметкерлердің жеке үлесін бағалау
Ақылды үйді қашықтан басқару
Интерконтиненталь экономикалық қауіпсіздігінің заманауи деңгейін бағалау
Интерконтиненталь қонақ үйінің қауіпсіздік жүйесінің мәселелерін анықтау
Пәндер