Қонақ үйдегі лифт қызметі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Қонақ үйдегі лифт қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Қонақ үйде лифт жабдықтарын орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қонақ үйде лифтінің жұмысына диспетчерлік бақылау мен басқару жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Қонақ үйдегі лифт құрылғысын пайдаланудың қауіпсіздік талаптары ... 14

ІІ бөлім. Қонақ үйдегі лифттердің электрлі жабдықтары ... ... ... ... ... ... ..17
2.1. Электрлі жабдықтардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Лифт қызметіндегі кабина жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3. Лифт есіктердің механикалық жетегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйде лифт қызметін пайдаланушы лифтінің бұзылмауын қамтамасыз етеді және қажетті қызмет пен жөндеуді ұйымдастыру арқылы оның қауіпсіз пайдаланылуына жағдай тудырады. Осы мақсат үшін пайдаланатын ұйым қамтамасыз етеді:
-өндірістік қауіпсіздік саласындағы заң актілері мен нормативті құжаттардың сақталуын, лифтіні пайдалануға байланысты қызметкерлер штатының жасақталуын, тиісті біліктілік талаптарын қанағаттандыратын және аталған жұмысқа байланысты қарсы медициналық көрсеткіші болмағандарды жұмысқа жіберу, өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша жұмыскердерді даярлау және қайта даярлаудан өткізу;
-жұмысты жүргізуді белгілеген ереженің нормативті құқықтық актісі мен нормативті-техникалық құжаттардың болуы, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтаудағы өндірістік бақылау, белгілеген пайдалану мерзімі өтісімен техникалық диагностиканы, лифтілерді тексеру және лифтілерлі беру, лифт бөлмесіне бөтен адамдардың кіруіне тыйым салу, адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда лифтіні пайдалануды өз бетімен тоқтату, лифтідегі апаттың салдары мен бақытсыз жағдайларды шектеу мен жою жөніндегі шаралар, мемлекеттік органдарға көмек беру, лифтідегі апат пен бақытсыз жағдайлардың техникалық себептерін тергеуге қатысу, сонымен бірге аталған себептер мен оның алдын алу шараларын белгілейді, лифтідегі аяқ асты болған жағдайдың себептерін талдау, аталған себептерді болдырмау және осындай жағдайдың алдан алу жөнінде шара қабылдау, лифтіні пайдалануға байланысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар, лифтідегі апаттар мен бақытсыз жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органдар билігіне уақытында ақпарат беру.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: қонақ үйде лифтіге қызмет жасау және жоспарлы - алдын-ала жөндеу. Лифтіге қызмет жасауды лифтер атқарады және оған лифтіні ай сайын байқау жүргізу қосылады. Техникалық қызмет жүйесіне жататындар:
- мерзімді байқаулар;
- ағымдағы байқаулар;
- апатты - техникалық қызмет көрсету;
Лифтінің ресурстарын қалпына келтіру жүйесіне жатады:
- күрделі жөндеу (жабдықтарды ауыстыру);
- пайдалану кезіндегі жетілдіру.
Қонақ үйде техникалық қызмет жасау, күрделі жөндеу және жетілдіру үшін пайдаланатын ұйым арнаулы ұйымды тартуына болады. Пайдаланатын ұйым және (немесе) арнаулы ұйым жұмыс мөлшерінің орындалу қажеттігіне орай, бұл пайдаланушы ұйым басшылығы көздеген және пайдаланудағы жергілікті жердің жағдайын ескеріп, қызметкерлер штатының түгенделуін қамтамасыз етеді. Пайдаланушы және арнаулы ұйымдардың басшылары, мамандары және аттестациялау комиссияның мүшелері қолданыстағы заңға сәйкес өндірістік қауіпсіздік жөніндегі кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді. Аталған адамдар электроқауіпсіздік бойынша тиісті біліктілік тобында болады.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. ҚР-да туризмді дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Алматы. 2000. Жолдасбеков Ә.Ә.
2. Организационно-правовые основы туристской деятельности в РК.Учебное пособие. Алматы, 1998с. (в соавторстве: Пыхарев А. Н., Мамадияров М. Д.)
3. Исмаев Д.К Маркетинг гостиничных услугв России.- Учебн.пособие. - М.: ВШТГ, НОУ "Луч", 1999;
4. Котлер Ф., Боуэн Д., Мейкенз Дж. Маркетинг. Гостеприимство и туризм. Учебник для ВУЗов. / Пер. с англ.- М,: ЮНИТИ, 1998.
5. Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов. – Мн.: Финансы и статистика, 2001.
6. Ляпина И.Ю. Организация и технология гостиничного обслуживания. – М.: Профиздат, 2001.
7. Михеева Н.А., Галенская Л.Н. Менеджмент в социально-культурной сфере. – СПб.: Изд.-во Михайлова В.А., 2000.
8. Сервисная деятельность/ С.Н. Коробкова, В.И. Кравченко, С.В. Орлов, И.П. Павлова / Под ред. В.К. Романович. – СПб.: Питер, 2005.
9. Сфера услуг: проблемы и перспективы развития / Под ред. Ю.П. Свириденко. Т.1. Формирование сферы услуг. – М.: Вега Интел XXI, 2000.
10. Сфера услуг: проблемы и перспективы развития / Под ред. Ю.П. Свириденко. Т.2. Экономика предприятий сферы услуг. – М.: Кандид, 2001.
11. Сфера услуг: проблемы и перспективы развития / Под ред. Ю.П. Свириденко. Т.3. Особенности функционирования отдельных отраслевых групп услуг. – М.: Кандид, 2001.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Қонақ үйдегі лифт қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қонақ үйде лифт жабдықтарын орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қонақ үйде лифтінің жұмысына диспетчерлік бақылау мен басқару жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Қонақ үйдегі лифт құрылғысын пайдаланудың қауіпсіздік талаптары ... 14

ІІ бөлім. Қонақ үйдегі лифттердің электрлі жабдықтары ... ... ... ... ... ... . .17
2.1. Электрлі жабдықтардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Лифт қызметіндегі кабина жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Лифт есіктердің механикалық жетегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйде лифт қызметін пайдаланушы лифтінің бұзылмауын қамтамасыз етеді және қажетті қызмет пен жөндеуді ұйымдастыру арқылы оның қауіпсіз пайдаланылуына жағдай тудырады. Осы мақсат үшін пайдаланатын ұйым қамтамасыз етеді:
-өндірістік қауіпсіздік саласындағы заң актілері мен нормативті құжаттардың сақталуын, лифтіні пайдалануға байланысты қызметкерлер штатының жасақталуын, тиісті біліктілік талаптарын қанағаттандыратын және аталған жұмысқа байланысты қарсы медициналық көрсеткіші болмағандарды жұмысқа жіберу, өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша жұмыскердерді даярлау және қайта даярлаудан өткізу;
-жұмысты жүргізуді белгілеген ереженің нормативті құқықтық актісі мен нормативті-техникалық құжаттардың болуы, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтаудағы өндірістік бақылау, белгілеген пайдалану мерзімі өтісімен техникалық диагностиканы, лифтілерді тексеру және лифтілерлі беру, лифт бөлмесіне бөтен адамдардың кіруіне тыйым салу, адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда лифтіні пайдалануды өз бетімен тоқтату, лифтідегі апаттың салдары мен бақытсыз жағдайларды шектеу мен жою жөніндегі шаралар, мемлекеттік органдарға көмек беру, лифтідегі апат пен бақытсыз жағдайлардың техникалық себептерін тергеуге қатысу, сонымен бірге аталған себептер мен оның алдын алу шараларын белгілейді, лифтідегі аяқ асты болған жағдайдың себептерін талдау, аталған себептерді болдырмау және осындай жағдайдың алдан алу жөнінде шара қабылдау, лифтіні пайдалануға байланысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар, лифтідегі апаттар мен бақытсыз жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органдар билігіне уақытында ақпарат беру.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: қонақ үйде лифтіге қызмет жасау және жоспарлы - алдын-ала жөндеу. Лифтіге қызмет жасауды лифтер атқарады және оған лифтіні ай сайын байқау жүргізу қосылады. Техникалық қызмет жүйесіне жататындар:
- мерзімді байқаулар;
- ағымдағы байқаулар;
- апатты - техникалық қызмет көрсету;
Лифтінің ресурстарын қалпына келтіру жүйесіне жатады:
- күрделі жөндеу (жабдықтарды ауыстыру);
- пайдалану кезіндегі жетілдіру.
Қонақ үйде техникалық қызмет жасау, күрделі жөндеу және жетілдіру үшін пайдаланатын ұйым арнаулы ұйымды тартуына болады. Пайдаланатын ұйым және (немесе) арнаулы ұйым жұмыс мөлшерінің орындалу қажеттігіне орай, бұл пайдаланушы ұйым басшылығы көздеген және пайдаланудағы жергілікті жердің жағдайын ескеріп, қызметкерлер штатының түгенделуін қамтамасыз етеді. Пайдаланушы және арнаулы ұйымдардың басшылары, мамандары және аттестациялау комиссияның мүшелері қолданыстағы заңға сәйкес өндірістік қауіпсіздік жөніндегі кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді. Аталған адамдар электроқауіпсіздік бойынша тиісті біліктілік тобында болады.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ ЛИФТ ҚЫЗМЕТІ
1.1. Қонақ үйде лифт жабдықтарын орналастыру

Қонақ үйде лифт жабдықтарын орналастыру үшін оның құрылыс бөлігі пайдаланған және сынақтан өткізген кезде пайда болатын ауыртпалықтарға, сондай-ақ, барлық тартқыш элементтердің үзілген кезіндегі ауыртпалықтарға есептелуі тиіс және қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес болады.
Лифтіні орнату үшін құрылыс бөлігі өрт қауіпсіздік талаптарына сай болады.
Лифті жабдықтарын орналастыру үшін жылу беру қондырғылары мен бөлмелерді желдеткішпен жабдықтау оны пайдалану барысында дайындаушылар қоятын талаптарға сәйкес ғимараттарды (құрылыстарды) жобалаған кезде қойылады.
Қонақ үйде лифт жабдығын орнату жүкшығыр, онымен байланысты механикалық және электрлі құрылғылар мен блоктар арнайы, сыртқы әсерден қорғалған бөлмелерде орналасады. Бұл бөлмеге бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.
Қонақ үйде лифт жабдықтары орналасқан бөлмелерге кіру көлденең орналасқан алаңшалар бойынша жүзеге асады. Бөлмелердің және оған кіру 0,35 м асатын әртүрлі деңгейде болса, төмендегі талаптарға сай келетін стационарлық баспалдақтар қолданылады:
- биіктігі 1,5 м асатын баспалдақ көлденеңінен 60 0 аспайтын бұрышта қойылады;
- жарықтағы сатының ені 0,35 м, баспалдақтың ені - 25 мм кем болмайды. Тік сатының құрылғысы болғанда сатыдан тыс баспалдағы мен қабырға арасы 0,15 м кем болмайды. Баспалдақтар 1500 Н жүктемесіне деп есептеледі;
- 0,5 м саты биіктігі 0,9 м кем емес таянышпен немесе порученмен жабдықталады;
- сатының биіктігі 4,0 м аспайды.
Жабдықтарды қоятын бөлменің ойығын жабатын есік пен қозғалмайтын сатының арасында көлденең алаңша болады.Есік ашылуының сызғысы мен алаңшаға жанасқан саты арасындағы қашықтық 500 мм кем болмайды. Алаңшаның мөлшері есіктің айқара толық ашылуына мүмкіндік береді. Деңгей дәрежесі 500 мм асса, алаңша биіктігі 900 мм кем емес таяныштармен жабдықталады.
Лифт жабдықтары қойылған бөлмелерде лифтіге қатысы жоқ жабдықтар мен төселетін коммуникацияларды орнатуға болмайды.
Бұл бөлмелерде:
- лифтіге қызмет көрсететін механизмдер мен тетіктер;
- желдеткіш, кондиция немесе бумен жылытуды қоспағанда ауаны жылыту жабдықтары;
- сақтау және өрт сигналдары;
- өрт сөндіру жабдықтары;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлмелерде жүк көтергіш құралдарын асып қоятын құрылғылар болады. Осы құрылғыда немесе оның жанында қанша салмақ көтеретін немесе қанша жүктеме көтеретіні көрсетіледі. Жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да жүк көтергіш құралдарын қолдануға болады.

1.2. Қонақ үйде лифтінің жұмысына диспетчерлік бақылау мен басқару жүйелері

Қоанқ үйде лифтілерді диспетчерлік бақылаумен жабдықтауды пайдаланатын ұйым анықтайды.
Лифтінің жұмысын диспетчерлік бақылау үшін өндірістік қауіпсіздік сараптамасынан өткен көп функционалды диспетчерлік жинақтамалар, сондай-ақ, арнаулы диспетчерлік пульттер қолданылады және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етіледі.
Диспетчерлік бақылауды жобалау мен дайындауды, құрастыруды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеу, қайта құрастыру және жабдықтарды ауыстыруды техникалық құралдармен және білікті мамандармен толықтырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Диспетчерлік бақылаудың жабдықтарын пайдаланатын ұйым, тиісті қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру жолымен оны пайдалануды дұрыс жағдайында қамтамасыз етеді. Бұл үшін ол арнаулы ұйыммен шартқа отырады.
Лифт жұмысын диспетчерлік бақылаудың жабдықтары құрастыратын, қайта құрастыру және мерзімді пайдаланудан кейін, дайындаушының пайдалану құжатында белгіленген мөлшерде қызметі тексеріледі.
Лифт жұмысын диспетчерлік бақылау жабдықтары диспетчерлік пунктте лифтіні қашықтықтан өшіретін құрылғы болады. Диспетчерлік пункттен лифтіні қашықтықтан қосуға болмайды.
Лифт жұмысын диспетчерлік бақылау қамтамасыз етіледі:
1) диспетчерлік пункт пен кабина, диспетчерлік пункт және машина бөлмесі арасындағы екі жақты байланысты, сондай-ақ, диспетчерді байланысқа шақыратын дыбысты сигнализация;
2) қабатта кабинаның болмаған кезінде шахта есігінің ашық қалғаны туралы сигнализация;
3) олардың машина бөлмесінен тыс орналасқан кезінде (машина бөлмесі жоқ лифтілер үшін) машина және блокты бөлмелердегі есіктердің ашық қалғаны туралы сигнализация;
4) лифтінің қауіпсіз шынжырының істеп кеткені туралы сигнализация;
5) келіп жатқан сигнализацияны (қай лифтіден және қандай сигнал) сәйкестендіру.
Диспетчерлік бақылау лифтінің күйі туралы қосымша сигнализацияны көздеуі мүмкін.
Лифт жұмыстарын диспетчерлік бақылау жабдықтарын энергиямен қамтамасыз ету лифтінің энергожабдығына байланыссыз жүзеге асады. Диспетчерлік бақылаудың жабдықтарын энергиямен қамтамасыз етуді тоқтатқанда кабина мен диспетчерлік пункттің арасындағы 1 сағаттан кем болмайтын екі жақты байланыс қызметі қамтамасыз етіледі.
Қонақ үйде лифттерде мынадай басқару түрлері болады: ішкі, сыртқы,
аралас.
Автоматты есіктері бар лифт кабинасындағы басқару постысы кнопканың үстінде немесе Есік деген жазуы бар немесе графикалық нышанына сай келетін кнопкамен жабдықталады. Есік деген кнопканы басқанда қабаттағы алаңша деңгейінде жылжусыз тұрған кабинаның есігі ашылады.
Есік деген кнопканың орнына Өзгерту деген кнопканы орнатуға болады, оны басқанда кабинаның қабат деңгейінде қозғалусыз тұрған кезінде бұрынғы берген бұйрықтар мен кабина есігінің жабылуын өзгертеді. Кабинаның қозғалысы кезінде Өзгеріс кнопкасын басқанда жүріс бойынша ең жақын қабат алаңшасына тоқтауы және есік ашылады.
Кабинада Тоқта кнопкасын орнатудың қажеті жоқ.
Кабина есігінің (көпжармалы есіктер жағдайында немесе қандай бір жарма болса) ашық кезінде кабинаның қозғалысы мүмкін болмайды. Егер кабинадан берілген бұйрық тіркелмеген жағдайда бұйрық бойынша қабат алаңшаларынан жолаушыларды кабинамен жіберу есік жабылғаннан кейін 2 с кем болмайтын уақытта рұқсат етіледі.
Лифтіні басқару жүйесі:лифтін электрмен қамтамасыз етілмегенде және жүкшығыр электроқозғалғышы бірдей ажыратылғанда басқару тізбегі автоматты түрде өшіріледі.
Электрмен қамтамасыз ету қалпына келгеннен кейін лифтідегі дара басқарумен кабиналарды жүргізу жаңа басқару командасын бергеннен кейін ғана мүмкін болады, ал топтық басқаруы бар лифтіде - жаңа басқару командасын бергеннен немесе одан бұрын тіркелген шақырудан кейін. Шахтаға тиісті қалпына және калибрлі сапар басқару жүйесінің жағдайын қалпына келтіру үшін кабинаның автоматты түрде қабаттар алаңшаларының біріне жылжуына болады. Мұндайда Өзгерту кнопкасы бар болса да оның қызметі іске аспайды.
Кабина есіктерінің қолмен ашылатын (жабылатын) лифтілерде кабинада адамдар болғанда кабинаны жүргізу кабинадан берілген басқару бұйрығы бойынша іске асады. Егер мұндай лифт жүк тиелгенді (жолаушылардың болуы) бақылау құрылғымен жабдықталмаса және 10 с ішінде басқару командасы кабинадан түспесе, калибрлі сапарды орындауға болады.
Барлық аталған жағдайларда кабинаның жылжуы тек кабина есіктерінің жабық кезінде, сондай-ақ, жабық және есіктері бекітілген шахталарда мүмкін болады. Жинақтама басқаруы бар лифтілерде кабинадан немесе қабат алаңшасынан кабина осы алаңшадан жұмыс кезіндегі баяулау жүрісінен кем қашықтықта болған сәтінде басқару командасы бойынша кабинаның баяулауы және тоқтауы мүмкін болмайды. Электрқозғағышты тікелей ажырату және механикалық тежегіштерді таңу үшін көзделген аппараттардың электр түйісулері, сондай-ақ, қауіпсіз электр құрылғысының электр контактілері электр тізбегін ажырату үшін жұмыс істейді. Лифт жұмыс істеген кезде пайда болатын немесе сырттан келетін индукциялық немесе сыйымдылық бөгеттері, қауіпсіз электр құрылғысының жұмыс істеуіне кедергі бола алмайды.
Лифтінің бақылау жүйесі, жинақтап басқаратын лифтіден басқа, осы Талаптың 124-тармағы бойынша машина бөлмесінен немесе басқару құрылғысынан берілетін командасынан басқа бұрын берілген команданы орындауға дейін Тоқта жаңа басқару командасын орындауды болдырмайды.
Лифтіні басқаратын жүйе нақты шапшаңдықтағы 1,6 мс және одан артқанда шеткі қабаттар алаңшаларында алдын-ала бәсеңсуді, кабинаның жұмыс кезіндегі бәсеңсуін қайталауын қамтамасыз етеді.
Лифтінің басқару жүйесінде, плунжердің жүрісі кеміген буферді қолданғанда, кабинаның жоғары және төменгі қабат алаңшаларына келе берісінде шапшаңдығын шектейтін құрылғы көзделеді.
Элетроқозғағышты ажырату, механикалық тежегішті таңу және кабинаны тоқтату кезінде өтеді. Электроқозғағыштағы температураның қажетті мөлшерінен асқанда. Механикалық тежегішті таңу және кабинаны тоқтату қозғалыс бағыты бойынша жақындағы қабат алаңшасында немесе басқару командасын (бұйрық) лифті орындағаннан кейін жүзеге асады.
Ақырғы өшіргіш іске қосылғаннан кейін, кабинаның жылжуына болады, ұстағыштарды бақылайтын қауіпсіз электрлі құрылғының, арқанның тарту элементтерінің, буфердің, жылдамдықты шектегіштің үзілуі және біршама орын ауыстыруы (босауы) және осы қауіпсіз құрылғының түйісулерін байлау арнайы электр тогының бағытын өзгертетін құралға құрылғымен іске асады. Мұндайда машина бөлмесінен немесе басқару құрылғысынан іске асады. Машина бөлмесінен тыс жерде орнатылған аппараттардан немесе құрылғыдан берілген команданың іске асуы қабылданбайды.
Кабинаның қозғалуы өздігінен келетін басқару аппараттарға басқанда (кнопкалар, тумблерлер) жоғары немесе төмен жылжуымен жүзеге асады.
Кабинаны нақты шапшаңдықпен жүргізуге болады. Машина бөлмесінен лифтіні басқару мүмкіндігі - Машина бөлмесінен басқару режимі қарастырылуы тиіс. Бұл режимдегі машина бөлмесінен лифтіні басқару болмағанда, шахта сыртында орналасқан құрылғыдан жүзеге асады.
Мұндайда:
1) машина бөлмесінен тыс орналасқан немесе құрылғылардан басқаратын аппараттардан берілетін команда жүзеге аспайды;
2) лифтідегі шахта есіктеріндегі осындай бұру аспабын автоматты құлыптарға жылжымалы бұрмалы аспаптардың әсер етуін болдырмайды;
3) шахта және кабина есіктерінің автоматты ашылуын болдырмайды;
4) жоғары және төменгі қабаттар алаңшаларында кабинаның автоматты тоқтауы қамтамасыз етіледі;
5) осындай сигналмен жабдықталған лифтіге Бос емес сигналын қосу.
Машина бөлмесінен немесе құрылғыдан басқару кезінде кабинаны жіберу және оның қозғалысы қауіпсіз электрлі құрылғының түйіскен кезінде ғана, жағдайлардан басқасында мүмкін болады.
Машина бөлмесінен кабинаның жоғары немесе төмен жылжуын немесе осы Талаптың 124-тармағына сәйкес құрылғыдан басқару осы тектес өздігінен келетін басқару аппаратын тікелей әсер еткенде ғана жүзеге асады. Кабина қозғалысының бағыты жанында немесе басқару аппаратында белгіленеді. Басқару аппаратының жанында лифтіні тоқтату үшін құрылғы болады. Осы құрылғыда (өшіргіш, кнопка және тағы басқалар) немесе оның қатарында Тоқта деген жазу болады. Лифтіні тоқтататын құрылғыны басқару элементі қызыл түсте болады. Құрылғы өздігінен келмейтін болады. Құрылғыны басқару элементінің орналасуы белгіленеді.
Ақпар беретін индикация қамтамасыз етіледі:
1) кабина жылжуының бағыты;
2) есік ашылатын аумаққа кабинаның жетуі;
3) кабинаның қабаттар бойынша орналасу жағдайы немесе жүкшығыр жұмысын бақылау мүмкіндігі.
Сынақты өткізу немесе лифтінің Қалыпты жұмыс режимі кезінде машина бөлмесінен немесе шақырулар мен бұйрықтарды ұқсастандыруға болады.
Кабина төбесінен лифтіні басқару Ревизия режимінің мүмкіндігі қарастырылады, жұру шапшаңдығы 0,63 мс аспайды.
Лифтіні басқару кабинаны жоғары және төмен жіберу үшін басқару постысынан жүзеге асады. Жүру бағыты басқару аппаратында немесе онымен қатар жерде белгіленуі қажет. Қалыпты жұмыс режимінен кабина төбесінен басқаруды көшіру машина төбесінен немесе құрылғыдан жүзеге асады.
Бұл құрылғы сондай- ақ, Ревизия режиміне сәйкес кабина төбесіндегі басқару постысында орналасады.
Кабина төбесінен лифтіні тоқтату үшін құрылғыны орнатуға болады, егер кабина төбесіне қол жететін 0,7 м аз жерде өз бетімен келмейтін қауіпсіз электрлі құрылғы болса.
Кабина төбесінен басқару кезінде қозғалыс іске асады:
1) басқару аппаратына тұрақты әсер еркенде;
2) қауіпсіз электрлі құрылғының тұйықталған түйісуінд;
3) кабинада, машина бөлмелерінде, құрылғыда аппараттардан басқару командасы әсерін санамағанда;
4) лифт шахтасы есіктеріндегі осындай бұрмалармен жабдықталған автоматты құлыптарына жылжымалы бұрым аспаптармен ықпалын болдырмау;
5) шахта мен кабина есіктерінің автоматты ашылуын болдырмау;
6) лифтіде осындай сигналмен жабдықталған Бос емес сигналын қосқанда.
Кабина төбесінен есіктер жетегі жұмысын басқаруға болады: Ревизия режиміне осы режимді көшіру және керісінше кабина төбесіндегі тиісті құрылғыға ықпал ету жолымен ғана.
Ревизия режимінен Қалыпты жұмыс режиміне көшу машина бөлмесіндегі Ревизия режимінің ажыратқышын ажыратқаннан кейін немесе құрылғыда немесе кабина төбесі мен шахта есіктерін жапқанда мүмкін болады.
Лифтіні басқару жүйесінде төменгі немесе жоғары қабат алаңшаларындағы аумақтарға келе бергенде кабинаны автоматты тоқтату көзделуі тиісті, мұндайда кабина төбесіндегі қызмет жасайтын алаңшадан шахта жабындысына дейінгі қашықтық 1,8 м кем болмайды. Ревизия режимінде шахта есіктері автоматты ашатын құралмен жабдықталған шахта есіктерінің жабылуы мен бекуін түйін құрылғысымен бақылайтын (кнопкалар, ажыратқыштар және тағы басқалар) қауіпсіз электр құрылғысының түйісулері электр қозғағышының көмегімен ұштастырылғанда лифт кабинасының жылжуына болады. Ревизия режимінде шахта есіктері қолмен ашылған кезде шахта есіктерінің жабылуы мен бекуін түйін құрылғысымен бақылайтын (кнопкалар, ажыратқыштар және тағы басқалар) қауіпсіз электр құрылығысының түйіндерін электрқозғағыштың көмегімен жалғаса, лифт кабинасының жылжуына болады. Құрылғыны іске қосу кабина төбесінен және (немесе) машина бөлмесінен немесе құрылғыдан жүзеге асады.
Кабина оған аса көп жүк тиемейтінін бақылайтын және оған тиеген жүк салмағы лифтінің нақты жүк көтеруінен 10 % асқанда, кабинаның жылжуын болдырмайтын, бірақ 75 кг кем емес, жүк құрылғымен жабдықталады. Мұндайда Лифтінің жүгі асқан сигналы іске қосылады салмағы асқан кезде автоматты есіктер ашық қалуы қажет, қолмен ашылатын есіктер жабылмайды. Жүк асқан кездегі сигнал Лифтінің жүгі асқан деген дыбысты және (немесе) жарықты құрылғымен соған сәйкес графикалық нышан орындалады. Белгіленген жазуды немесе графикалық нышанды жарық беру сигналы құрылғысымен қатар орналастыруға болады. Кабина мен кабинаның төбесін көрсететін персоналдар жүрген жермен екі жақты байланыспен қамтамасыз етіледі. Машина бөлмесі арасында орналасқан кезінде машина бөлмесі мен кабинаның, машина бөлмесі мен төменгі қабат алаңшалары немесе приямка арасында, ал машина бөлмесінің төменде орналасқан кезінде машина бөлмесі мен кабинаның, машина мен блоктық бөлмелердің арасында телефондық жөндеу немесе екі жақты басқа байланыс көзделуі тиіс. Машина бөлмесі болмаған жағдайда мұндай байланысты басқару құрылғысын орнатқан жер және кабина, приямоктың (төменгі қабат алаңшаларында) блоктық бөлме арасында орнату көзделеді.
Қалыпты жұмыс режиміне келу автоматты түрде іске аспайды. Қабат алаңдарының бірінде қызмет көрсету персоналының лифт жұмыс режимін өзгертуі үшін қолмен басқаратын ауыстырып-қосқыш орнатуына болады. Бұл құрылғылар бөгде адамдар үшін қол жетпейтін болады. Лифтілер қалыпты жұмыс режимі кезіндегі шахта есіктерінің рұқсатсыз ашылуы кезінде қауіпсіз тізбектерді ажырататын құрылғылармен жабдықталады. Қалыпты жұмыс режиміне қайту автоматты түрде жүзеге асады.

1.3. Қонақ үйдегі лифт құрылғысын пайдаланудың қауіпсіздік талаптары

Қонақ үйде лифт құрылғысын пайдаланудың талаптары қауіпсіздікті анықтайтын техникалық нормаларға талап қояды:
- үйкеліспен жетектелетін, барабанмен немесе жұлдызбен қоса жетектелетін электрмен қозғалатын лифтердің құрылғысы мен қондырғысына;
- пайдалануға бергенде, пайдаланғанда, лифтілерді диагностикадан өткізерде және лифтілердің жұмыс істеуі кезінде диспетчерлік бақылауға алуға.
Қонақ үйде лифттерді жерасты тәсілімен орнату кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары сақталады. Бұл Талабының қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі талаптары:
- пайдаланушыларға;
- қызмет жасаушыларға;
- өте қауіпті өндіріс объектілерінде бақылау жүргізуші тұлғаларға;
- шахта лифтінен, машина және блоктан жасалынған бөлмелерден (олар болса) тыс жердегі адамдарға және лифтілерді өз мақсатында пайдаланған обьектілерді қорғау.
Лифтінің құрал - жабдығының құрылымы егер оның көлемі мен салмағы немесе жабдықтың қорамы оны қолмен атқаруға мүмкіндік бермесе, оны жүк көтергіш құралдарын қолданумен жылжытуды қамтамасыз етеді.
Әрбір жеткізілген лифтінің (лифтіні пайдаланатын жерде жинақтау үшін көзделген лифт жабдығының жиынтығы) төмендегідей құжаттар пакеті болады:
- лифтінің паспорты және оған қоса құжаттар;
- жинақтау сызбасы;
- принципті электрлік схемасы- схеманың элементтер тізбегі және ажырататын электрлік схемасы (электражыратқыш);
- лифтіге берілген сертификаттың көшірмесі, өртке қарсы есіктер және лифтінің басқа да элементтері;
- лифті пайдалануға болатын рұқсаттың көшірмесі.
Жоғалған паспорттың көшірмесін лифт бойынша мамандандырылған ұйым жасайды;
- пайдалануға байланысты басшылыққа алатындар:
- лифтінің қысқаша сипаттауы;
- лифтіні қауіпсіз пайдаланудың жағдайы мен талабы, соның ішінде:
-техникалық қызмет, жөндеу, лифтіні техникалық диагностикадан өткізу тәртіптері;
- кабинадан адамдарды қауіпсіз көшіру әдістемесі;
- тез тозатын тетіктердің тізімі;
Қонақ үйде лифтінің пайдалану мерзімі көрсетілген нұсқау: құрастыру жөніндегі нұсқау. Жарақтар құралдарының бөлшектер мекемелері (одан әрі - ЖҚБ) мекемелері, шартқа отыру кезінде лифтіге заказ берушінің белгілеуі бойынша дайындаушының немесе жеткізушінің ұсынысымен қосалқы бөлшектер, құралдар, жарақтар мен материалдар жеткізілген жиынтықтың ішіне енеді.
Лифтіні жеткізгенде жиынтық ішіне іске қосу-реттеу жұмыстары үшін қосалқы бөлшектер жиынтығы енеді. Лифтімен бірге құжаттардың тізбесі.
Лифтіні жеткізуші толымдау мен құжаттардың түгендігін бақылайды. Бірнеше лифтілердің бір моделін жеткізгенде құжаттар жиынтығының саны жеткізуші мен лифтіге заказ берушілері арасындағы шарт бойынша белгіленеді, бірақ, ол 5 лифтіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабаттың жалпыға ортақ жерлерінің күтімі (холл, фойе, дәліз т.б.) Баспалдақ түрлері және оның басты элементтері
Қонақ үй шаруашылығы қызметінің өрлеу әдістері
Қонақ үй ғимаратын санитарлық тазалау
Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі
Нөмірлік қор департаменті
Қонақ үй қызметінің түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі.
Түркия елінің беделді қонақ үйлерінің тур пакеттері
Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет көрсету
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру
Пәндер