Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі



Жоспар

Кіріспе

1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және ондағы нормативті.құқықты актілер
2. Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
3. Коммерциялық банктер және олардың негізгі қызметтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады. Осы тиiмдi экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн басты экономикалық жүйелердiң бiрi банк жүйесi болып табылады.
«Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank» - орындық, «айырбас орны» деген ұғымды білдіреді. Тарихта банктің ең алғашқы қызметтері тұқым сату барысында ақшаны несиеге беру қызметтері жаңа эраға дейінгі ғасырларда орын алған болатын. /3, 212 б/
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және банк жүйесi болғандықтан, қазiргi елiмiздегi банк жүйесiнiң құрылымын, оның экономикадағы негiзгi қызметтерi мен тиiмдiлiгiн талдап, ұлттық экономикамыз дамуына қосар үлесiн анықтау болып отыр.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Қолданылған әдебиеттер

1. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
2. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
3. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
4. Банки Казахстана, 2004 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
5. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
6. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.
7. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – алматы: Издат Маркет, 2004. – 248 бет.
8. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
9. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
10. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56-61 стр.
11. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
12. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
13. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, № 5- 2006 г. 3-4 стр.
14. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
15. Кинасова О. «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г.
16. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
17. С.Кабашев «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және ондағы нормативті-құқықты
актілер
2. Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
3. Коммерциялық банктер және олардың негізгі қызметтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл
мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық
бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап
көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына
қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi
экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең
түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және
соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып
табылады. Осы тиiмдi экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн басты
экономикалық жүйелердiң бiрi банк жүйесi болып табылады.
Банк деген ұғым италиян сөзі bank - орындық, айырбас орны деген
ұғымды білдіреді. Тарихта банктің ең алғашқы қызметтері тұқым сату
барысында ақшаны несиеге беру қызметтері жаңа эраға дейінгі ғасырларда орын
алған болатын. 3, 212 б
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа
талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы
қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды
жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз
алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын
ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика
болса, ал экономиканың негiзi қаржы және банк жүйесi болғандықтан, қазiргi
елiмiздегi банк жүйесiнiң құрылымын, оның экономикадағы негiзгi қызметтерi
мен тиiмдiлiгiн талдап, ұлттық экономикамыз дамуына қосар үлесiн анықтау
болып отыр.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-
өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар
жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу
саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар
жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi
атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен
, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет
өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға
мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.

1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және ондағы нормативті-құқықты
актілер

Елімізде банктік қызметті мемлекеттік реттеу негізінен Қазақстан
Республикасының заңдарымен және нормативті-құқықты актілерімен іске асады.
Осы аталған заңдардың негізгісі "Қазақстан Республикасындағы банктер және
банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444
Заңы
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк
қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi
деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-
нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық
банктер жүйесi. 7, 73-74 б.
Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған
несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып
саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi
болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн
эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң
кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер
ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.
Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп
жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында
осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн
басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi
мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте
болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық –
Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе
акциянерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы
болғанда есептеледi.
1991 – 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты
инфляция қарқыны өте жоғары болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000% - ға
дейiн жеткенi көрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы
әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп керкен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы
Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық
жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар
өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр
болды.
Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi.
Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын
жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста классикалық
қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты
толық жауапкершiлiк жүктелдi.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық
банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ
Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға
алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың
әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы
жасалынды.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық
банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ
Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға
алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың
әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы
жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi
екi деңгейден тұрады.
Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. 1
Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердiң және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта
белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуi банк қызметi болып табылады.
Банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
б) жеке тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
в) банкiлер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспонденттiк есепшоттарын ашу және жүргiзу;
в-1) осы адамның иелігiндегi тазартылған бағалы металдардың нақты саны
көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және
жүргiзу;
г) кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды ұсату, айырбастау,
қайта санау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау және кейiннен беру мақсатында
оларды қабылдау жөнiнде қызметтер көрсету;
д) аудару операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөнiндегi
тапсырмаларын орындау;
е) есептеу операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз
мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес:
ақшалай түрде несие беру;
з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент
банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды
жүзеге асыру;
и) сенiм операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның
тапсыруымен ақшаны ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын, және
тазартылған бағалы металдарды басқару;
сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және соның тапсыруымен ақшаны,
тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;
к) банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау
және pacтaу, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг
қатысушылары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
л) сейфтiк операциялар:
сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң
құжаттамалық нысанда шығарылғанбағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын
сақтау жөнiндегi қызметтер;
м) ломбард операциялары:
сақтауға алынып оңай өтетiн бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын
мүлiктi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие беру;
н) төлем карточкаларын шығару;
о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау;
п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда);
с) чек кiтапшаларын шығару;
т) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді
орындау;
ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл
болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру. 1
Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған
бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды
уәкiлеттi орган бередi.
Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі
рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық
актiлерiнде қызметтiң жекелеген түрлерiне банктердiң және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лицензия
алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ұйымдардың
акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн иеленетiн банктер
үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші
органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк
тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi
уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. 1
Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.
Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк
жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.
Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi
және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан
Республикасының Заңымен белгiленедi.

2. Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан
Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай
мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. 2
Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген
мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң
және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан
Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiнің негізгі
стратегиялары келесідей сипат алады:

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары
Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк
кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға
бағытталған.
Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық
мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi
банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. 1
Банкiлердiң қызметiн құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының
Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан
халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне
жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен
Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын
уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен
реттеледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа
банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит
ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн
бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу
мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi,
құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi
Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан
Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау
мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың
клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды
және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер
шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде
және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң,
ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында
тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына
жататын нормативтiк актiлер шығарады. 2
Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға. Қазақстан Ұлттық Банкi
мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,
оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және
ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен
өкiлдiктерiн аша алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкi өз
қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан
Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен
қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы
консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын
ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына
әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға
жәрдемдеседi. 2

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн,
сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екiншi деңгейлi банктердiң
несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы
мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң
тұрақтылығын қамтамасыз ету. 3, 79-80 б.

Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-
несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру
мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы
теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету
болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн
төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол
жеткiзуi тиiс.
Қазақстандағы инфляциямен күресуiң тағы да маңызды факторы – шетел
валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.
Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы
ретiнде қызмет етедi.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк
мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкiндiк жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi
деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау
шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.
Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын
несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн
нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа
мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа
мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң
мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк
ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра
түстi.
Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн
несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi
төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн
қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн
қолданады.
Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi
құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму
жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру
қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн
реттеу қызметтерiн атқарады.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші
органдарда) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын
жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi.
Осы аталған Заң негізінде еліміздегі банктер өздерінің қызметтері мен
операцияларын жүргізе алады.

Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны
анық. Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге
болады:

• Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
• Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен
операциялар жүргiзу;
• Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем
айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы
клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi ,
вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
• Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
• Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi. 4, 23 б
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол – Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң
негiзгi мақсаты – айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше
тауар – ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару болып табылады.

Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы
төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң
анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және
салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз
кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және
елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006
жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп
жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды.
Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция
деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап
өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін
тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша
биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды
экономикалық тұрғыдан қолға алуда. 10, 65 б.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған
шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және
жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу
табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың
өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал
етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады.
Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне
монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық
банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне,
пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы
бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп
отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі
бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау
тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен
ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді. 11, 13 б
Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту,
яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты
көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.
Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету
мақсатындағы саясатына толық жауап береді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Төлемдерді жою
Банк қызметі және операциялары
Коммерциялық банктер және ұлттық банк
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң қалыптасуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Қазақстанның банктік жүйесі
Банктер жүйесі жайында
Банкаралық несиелеу
Пәндер