Акциздер, қосылған құн салығы
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2. Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері ... ... ... ..9
2.4. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5. Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импорт ... ... ... ... ...19
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

І. КІРІСПЕ
Жанама салықтардың бірі - акциз салығы.
Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.Акциз бюджет кірістерінің 2.7. пайызынқұрайды.
Жұмыстың өзектілігі.Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.
Жұмыстың мақсаты.Акциз әмбебаптық жәнежеке-дара акциздердеп бөлінеді. Әмбебаптықакциздер тауарлар мен қызметтердің кұнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Ал жеке-дара акциздерайтарлықтай көп болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі және акцизделетін қызмет түрлері.Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық термин ретінде «тұтыну салығы» деп аталып жүр. Кейбір дамыған мемлекеттерде «тұтыну салығы» десе, ал бірқатар елдерде «жанама салықтар» ретінде аталуда, қалай атасақта бұл салықтардың мағынасы мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар ата¬лып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.
Жұмыстың маңыздылығы.Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М. Лope (Франция) енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Бұл салықФранция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғы- шарттардың бірі болып саналды.
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында негізінен 4 әдіс қолданылады:
• тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік;
• жанама аддитивті;
• тікелей шегерім жасау әдісі;
• жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу.
Аддитивті –қосу жолымен алынатын шама.
Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, анығын айтқанда ол пайданы анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компанияның балансында жасалған мәмілелер жалпылама түрде көрсетіліп, тауарлар түрлері бойынша жіктелмейді.
Үшінші әдіс өңдірілген өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үш әдісті біртұтас салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдаланады.Ал тәжірибеде, негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұләдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған сәтте бірден қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы, компанияның салық міндеттемелері туралы ақпар алып отыруға мүмкіндік туады.

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы.
2. ҚазақстанРеспубликасының«Қазақстан Республикасындағысалық жүйесі туралы» Заңы. 1991 жылы 25 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы 1995 жылы 24 сәуір.
4. ҚазақстанРеспубликасының «Салықжәне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы. 1999 жылы 16 шілде.
5. ҚазақстанРеспубликасының«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі). 2001 жылы 12 маусым.
6. ҚазақстанРеспубликасының«Салықжәне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (Салық кодексі) жасалған өзгертулер мен толықтыруларды қоса. 2006 жылы 1 қаңтар.
7. ҚазақстанРеспубликасының Бюджет кодексі.
8. ҚазақстанРеспубликасыныңКеден кодексі.
9. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. «Шет мемлекеттер салықтары», Алматы, 2004.
10. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша-қазақша экономикалықтүсіндірме сөздігі». – Алматы, 1993.
11. Сүлеймен Рақымжанұлы Тоқсанбай «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік». – Алматы, 1999.
12. «Бухгалтер бюллетені» журналы. №3 қаңтар 2006.

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2. Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері ... ... ... ..9
2.4. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5. Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импорт ... ... ... ... ...19
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 25
І. КІРІСПЕ
Жанама салықтардың бірі - акциз салығы.
Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.Акциз бюджет кірістерінің 2.7. пайызынқұрайды.
Жұмыстың өзектілігі.Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.
Жұмыстың мақсаты.Акциз әмбебаптық жәнежеке-дара акциздердеп бөлінеді. Әмбебаптықакциздер тауарлар мен қызметтердің кұнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Ал жеке-дара акциздерайтарлықтай көп болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі және акцизделетін қызмет түрлері.Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық термин ретінде тұтыну салығы деп аталып жүр. Кейбір дамыған мемлекеттерде тұтыну салығы десе, ал бірқатар елдерде жанама салықтар ретінде аталуда, қалай атасақта бұл салықтардың мағынасы мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар ата - лып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.
Жұмыстың маңыздылығы.Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М. Лope (Франция) енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Бұл салықФранция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғы- шарттардың бірі болып саналды.
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында негізінен 4 әдіс қолданылады:
тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік;
жанама аддитивті;
тікелей шегерім жасау әдісі;
жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу.
Аддитивті - қосу жолымен алынатын шама.
Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, анығын айтқанда ол пайданы анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компанияның балансында жасалған мәмілелер жалпылама түрде көрсетіліп, тауарлар түрлері бойынша жіктелмейді.
Үшінші әдіс өңдірілген өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үш әдісті біртұтас салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдаланады.Ал тәжірибеде, негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұләдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған сәтте бірден қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы, компанияның салық міндеттемелері туралы ақпар алып отыруға мүмкіндік туады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері
Акциз салығы:
біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импорт - талатын тауарларға;
екіншіден, қызмет түрлеріне салынады.
Акциз салығын төлеушілер:
Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке жәнезаңдытұлғалар;
акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының аумағында бензиннің (авиақиялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке жәнезаңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке жәнезаңды тұлғалар;
резидентемесзаңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.
Акцизделетін тауарлардыңсаны мен көлемі жыл өткен сайын ықшамдалып келеді.
1995 жылы 24 сәуірдегі Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес акцизделетін тауарлардың тізбесі:
тағамдық шикізаттан жасалған ішуге арналған этильді спирт пен тазартылған этильді спирт;
арақ;
ликер-арақ өнімдері;
күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар;
шарап;
коньяк;
шампан шарабы;
сыра;
шарап өнімдері;
темекі өнімдері;
құрамында темекі бар басқа да өнімдер;
бекірежәне қызыл балық, бекіре және қызыл балық уылдырығы, бекіре және қызыл балық және уылдырықтан дайындалған жеңсік тағамдар;
алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
өндірілген немесе өнделмеген мех терілері (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен басқасы);
тазамехтан тігілген бұйымдар, оның ішінде пальто, келте пальто, жакет, жамылғылар, палантиндер, бөкебай, мойынорағыштар, бас киімдер мен жағалар, тондар, пластиндер (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен басқасы);
мехтен жұрындалған пальто, келте пальто, жакеттер, жамылғылар (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен басқасы);
тазабылғарыдан тігілген киімдер;
хрустальбұйымдар, жарық беретін хрусталь приборлар;
бензин (авиақия бензинінен басқасы) және дизель отыны;
жеңіл автомобильдер;
атысжәне газ қарулары (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтажы үшін сатып алынғандардан басқасы).
Қазақсстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес негізделетін тауарлардың тізбесі:
спирттің барлық түрлері;
арақ;
ликер-арақ өнімдері;
күшейтілгенсусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар;
шарап;
коньяк;
шампан шарабы;
сыра;
шарап материалдары;
темекі өнімдері;
құрамында темекі бар басқа да өнімдер;
бекірежәнеқызыл балық, бекіре және қызыл балық уылдырығы, бекірежәне қызыл балықжәнеуылдырықтан дайындалған жеңсік тағамдар;

бензин(авиақиялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны;
жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
атысжәне газ қарулары (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтажы үшін сатып алынғандардан басқасы);
өнделмеген мұнай, газ конденсатын қоса алғанда;
электр қуаты.
Салық кодексі қабылданғалы бері акцизделетін тауарлардың саны біршама қысқарды. Атап айтқанда:
алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар (2003 жылы 29 қарашада №500-11 Заңына орай);
бекірежәне қызыл балық уылдырығы (2004 жылы 13 желтоқсандағы №11-111 Заңына орай);
атысжәне газ қарулары (2004 жылы 13 желтоқсандағы №11-111 Заңына орай).
Сонымен бүгінгі таңдағы акцизделетін тауарлардың тізбесі мынадай:
спирттің барлық түрлері;
алкогольөнімі;
темекі бұйымдары;
құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
бензин(авиақиялық бензиңці қоспағанда) және дизель отыны;
жеңілавтомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
шикімұнай, газ конденсаты.
Қызметтің акцизделетін түрлеріне:
ойын бизнесін;
лотереяныұйымдастыру мен өткізуді жатқызуға болады.
Акциз ставкалары.
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылғантәртіппен өткізетін акцизделетінтауарларғаакциз ставкалары тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағыөлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді жәнежиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, ал оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
2.2. Акциз сомасын есептеу жәнетөлеу тәртібі
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салықкезеңіне белгіленген акциз став - касын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталады.
Салықкезеңінде салық салынатын объектілердің саны өзгерсе, енгізілген (шығып қалған) объектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.
Салық төлеушінің белгіленген салық сомасын осында белгіленген шегерімдерге кемітуге құқығы бар.
Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсатымен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасыныңаумағында төленген акциз сомалары шегерілуге тиіс.
Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.
Осы ережелер акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.
Егер осында өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз:
салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;
салық кезеңінің екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен;
салық кезеңінің қалған күндерінде жасалғаноперациялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс.
Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.
Қазақстан Республикасыныңаумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.
Өз өндірісінің акциз салынуға тиісті шикізатынан акцизделетін тауарлар өндірген кезде осы шикізатқа акцизделетін дайынтауарлар бойынша акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.
Ойын бизнесі бойынша акциз осында белгіленген тәртіппен жәнемерзімдерде төленеді.
Лотерея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан түскен акциз жүзеге асырылатын лотерея билеттерін сатуға шығару тіркелген күнге дейін немесе тіркелген күні төленеді.
Акциз төлеу акциз төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі.
Құрылымдың бөлімшелері бар акциз төлеушілер, егер олар:
спирт және алкоголь өнімдері бойынша акцизделетін тауарларды өндіруді жәнеоларды құюды;
бензинді (авиақиялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса, көзделген тәртіппен құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша акциз төлейді.
Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарындатіркеу есебіне қоюғажәнеөзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті. Құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы әрқұрылымдық бөлімше бойынша жасалғанқұрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады. Акциз есебін құрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін тәлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына төменде белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті. Ағымдағы тәлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
Осы белгіленген тәртіп спирт және алкоголь өнімдері бойын - ша акцизделетін тауарларды өндіруді және оларды құюды және де бензинді (авиақиялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса өзі тіркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады. Жеке кәсіпкер, ағымдағытөлемдерді коса алғанда, акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.
Акцизге қатысты күнтізбелік ай - салықкезеңі болып табылады.
Әрбір салықкезеңі аяқталғансоң, салықкезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, салықтөлеуші өзі тіркелген жері бойынша салықоргандарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.
Құрылымдықбөлімшелерібаракцизтөлеуш ілердекларациямен бір мезгілде құрылымдық бөлімшелер үшін акциз бойынша есепті табыс етеді. Декларация мен құрылымдық бөлімшелер үшін акциз бойынша есеп-қисаптар салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу.Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы.
Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауар - ларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салынатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады.
Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері.
Импортталатын тауарларға акциздер, төменде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді. Таңбалануға тиісті импортталатын акцизделетін тауарларғаакциздік маркаларды алған күнге дейін немесе алған күні акциз төленеді.Акцизделетін тауарларды іс жүзінде импорттауды жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға тиіс.
Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардыңимпорты.
Жеке тұлғалардың Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз төленбейді.
Төмендегі тізіп көрсетілген импортталатын тауарлар акциз төлеуден босатылады:
жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті, сондай-ақ аварияны (сынып қалуды) жою үшін шет елден сатып алынғанакцизделетін тауарлар;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйым және материал ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;
шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, Еркін айналыс үшін тауарлар шығару режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден зандарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар;
сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа).
2.3. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері
Көптеген елдерде қосылған құнға салынатын салықтан экспорттық операциялар, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, кітап, газет-журнал өнімдері, пошта, сақтандыру, жолаушы тасымалдау қызметтері босатылады.
Тұтынуға салынатын салықтардың ішіндегі ең күрделісі - 1992 жылы енгізілген қосылғанқұнсалығы.Қазіргі кезде қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қатарынан саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің 27.1 пайызын құрайды.
Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып алушыға аударады.
Бұл салықтың ерекшелігі мынада - оныңсалық салына - тын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-сома емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.
Қосылған құн салығы дүниежүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 мемлекетінде қолданылады. Бұл салықтық артықшылығы:
біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады;
екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдынығымен ерекшеленеді
үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
Қосылғанқұн салығы дегеніміз - тауарларды(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесін- де қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныңаумағындағытауарлар импорты кезіндегі аудару.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер, бұдан әрі тауарлар) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасында қосылғанқұн салығы бойын - ша есепке тұрған мынадай тұлғалар қосылғанқұн салығын төлеушілер болып табылады:
Жеке кәсіпкерлер.
Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда).
Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері.
Қазақстан Республикасының кеден зандарына сәйкес тауар - ларды Қазақстан Республикасыныңаумағына импорттайтын тұлғалар.
Қосылғанқұн салығының негізгі салықсалу объектілері:
салықсалынатын айналым;
салықсалынатын импорт.
Салық салынатын айналым және салық салынатын им - порт.
Тауарларды өткізу бойынша айналым.
Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:
тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:
тауарды сатуды;
тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;
тауар экспортын;
тауардытегін беруді;
жарғылық капиталға жарна төлеуді;
жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін;
тауарды төлем мерзімін ұзарту шарғымен тиеп жөнелтуді және мүлікті қаржы лизингіне беруді;
комиссияшарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;
қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойылған мүлкін (тауарын) беруін;
кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушініңне оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;
бір заңды тұлғанық қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін;
бұрынэкспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айна - лым кез келген жұмыстар орындаудынемесе қызметкөрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақтауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті,оның ішінде:
мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау (жалгерлік) шартымен пайдалануды;
санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға салым ретінде берілетін құқықтар беруді;
жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін;
қосылғанқұн салығын дербес төлеушілер болып табылатын бір заңды тұлғаныққұрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.
Мыналар өткізу бойынша айналымға жатпайды:
бірлігінің кұны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасыныңшегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп- жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін жәнеосы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері им - порт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
шартга белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасыныңшегінен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден зандарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимімен ресімделсе;
жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына бере - ге тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасыныңменшігіне беруі.
Салық салынатын айналымды анықтау.
Қосылған құн салығын төлеушініңтауарларды өткізу бойын - ша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табыла - ды, оған:
қосылғанқұн салығынан босатылған;
өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасыныңаумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт бо - лып табылады.
Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар.
Сенім білдірілген адамнықсенім білдірушініңатынан жәнесоның есебінен тауарды тиеп жөнелтуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтеркөрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
Осы ережелер:
сенім білдірілген адамныңсенім білдірушіге орындаған жұмыстарына (көрсеткен қызметтеріне);
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент емес сенім білдірушіден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы бо - лып табылады.
Тауарды өткізу орны.
Тауарды өткізу орны болып танылады:
егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын (жіберетін) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны.
Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып:
егержұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктіңорналасқан жері;
егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтерді нақты жүзеге асыратын орны;
егерқызметтермәдениет, өнер, білім, дене тәрбиесі неме - се спорт саласындағықызметтерге қатысты болса, қызметтердің нақты көрсетілетін орны;
жұмыстарды, қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік не - месе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге:
санаткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беру жөніндегі;
консультақиялық, аудиторлық, инжинирингтік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсету- лерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөніндегі қызмет көр- сетулерге;
қызметкерлердіберужөніндегі;
жылжымалы мүлікті (көлік құралдарынан басқа) жалға беру жәніндегі қызметке;
тауарларды(жұмыстарды, қызмет керсетулерді) сатып алу жөніндегі, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тұлға тартатын агенттің қызметтеріне;
байланыс қызметіне;
туризмді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге қатысты қол- данылады;
жоғарыда көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер бола - тын жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны танылады.
Егер тауарларды өткізу басқа негізгі тауарларды өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарлар өткізілген жер осындай көмекші өткізу орны болып танылады. Мақсаты үшін, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының кәсіпкерлік не - месе кез келген басқа да қызмет орны біреуден артық болса, осын - дай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткізілген орын болып есептеледі.
Өткізу бойынша айналым жасау күні.
Тауарды тиеп жөнелтілген күні тауар өткізу бойынша айна - лым жасау күніболып табылады. Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Кепіл беруші кепілге салынғанмүлікті (тауарды) берген кезде кепіл ұстаушы үшін мына күндердің бірі сату бойынша айналым жасау күні болып табылады:
кепілзатынаменшік құқығы кепіл берушіден кепілге салынғанмүлікті өндіріп алу процесінде жүргізілген сауда-саттықтың жеңімпазына ауысқан күн;
егер сауда-саттық өтпеді деп жарияланса, кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн.
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша салық са - лынатын айналым жасау күні төменде аталған шарттардың бірі бірінші болып орындалғанжағдайда басталады:
жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылғанқұн салығымен бірге шот-фактура жазылған;
жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде.
Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда:
қосылғанқұн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылғанкүннің;
әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнінің қайсысы бірінші болса, сол күн өткізу бойынша салық са - лынатын айналым жасау күні болып табылады.
Қызметкерлерге жалақы есебінен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда кызметкерлерге тауар - лар берілген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетілген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Қазақстан Республикасында қосылғанқұнсалығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызметкөрсетулер алғанжағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz