Нарықтық экономикадағы кәсіпорын және оның



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ...9
2.3. Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның негізгі мақсаттарымен анықталады:
• өзгертулер мен анықсыздықты болдырмау
• негізгі міндеттерге ерекше назар аудару
• экономикалық тиімділікке жету және бақылауды күшейту.
Өндірісте кездесетін өзгерістерге жоспарға түзетулер мен толықтырулар енгізіледі:
Жоспарды әзірлеу кезінде оның тиімділігін арттыру үшін мынандай қағидаларға сүйенеді:
- бейімділік (икемділік)
- жоспарды орындау үрдісіне өзгерістер енгізу қағидасы
- ұтымдылық қағидасы.
Жоспардың ұтымды варианттарын (жолдарын) анықтау қағидасы үш бағытта жүргізіледі:
- күрделі қаржының ең тиімді жолдарын анықтау, жоспардың негізгі көрсеткіштеріне күрделі қаржының құрылымы мен көлемі жататын жағдайда
- өндіріс үшін тиімді құрал-жабдықтардың ұтымды жолдарын анықтап алу
- сатылып алынатын шикізат мен материалдардың көлемі кәсіпорынның өнім көлемін арттыратын жағдайда.
Кәсіпорынның ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
• болжау;
• мақсатты анықтау (міндет қоя білу);
• жоспарға түзету енгізу;
• бюджетті құрау;
• жоспарды нақтылау.
Болжаудың құралына жеке салалардағы экономиканы,жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады.Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды.Болжау-фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.
Болжау жасаудың негізінде жалпы міндеттер анықталады.Олардың жуық уақыттары белгіленеді.
Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдеріне түзетулер енгізіледі.Бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.
Бюджет дегеніміз-ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады.Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, бюджет және т.б. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.
Жоспарға түзетулер енгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады.Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақытылы келіп түсуіне байланысты енгізіледі.Түзетулер енгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді.Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстың мөлшеріне де байланысты болады.
Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:
• стратегиялық мәселелерді талдау;
• кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау;
• дамудың ұтымды вариантын таңдау.
Стратегиялық мәселелерді талдау.кәсіпорын жұмыс істейтін нарық талданады.Талдау екі жақты болады:
• нарықтық ортада кәсіпорын қызметінің оңтайлы сәттерін ойластыруы керек;
• нарықтық ортадағы кәсіпорын қызметінің кемшіліктері қарастырылады.
Кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары жөнінде каталог жасалынады. Бұл катологқа нарықтық орта жөніндегі өзгерістер енгізіледі.
Дамудың ұтымды вариантын таңдау. Кәсіпорынның дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады:
• кәсіпорынның нарықтағы орны;
• кәсіпорынның қайсысы сала мен шаруашылық секторына жататындағы;
• өндірістік бағдарламаның ассортименттік құрылымы.
Жоспарлаудың үш түрі бар:
• ұзақ мерзімдік жоспарлау;
• орташа мерзімдік жоспарлау;
• қысқа мерзімдік жоспарлау.
Жоспарлаудың негізгі мақсаттарына мынандай көрсеткіштерді анықтау жатады:
• сату көлемі;
• тауарлық масса;
• табыс;
• кәсіпорынның нарықтағы үлесі.
Әлемдік тәжірибеде ұзақ мерзімдік жоспарлау кең қолданылады және оның құрамына орташажәне қысқа мерзімдік жоспарлар кіреді.ұзақ мерзімдік жоспарда компанияның, кәсіпорынның ұзақ уақыттағы стратегиялық мақсаттары анықталады және оны компанияның басшылары дайындайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР

1. Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
3. Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
4. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
6. Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
7. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
8. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
9. Экономика предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
10. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ...9
2.3. Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның негізгі мақсаттарымен анықталады:
· өзгертулер мен анықсыздықты болдырмау
· негізгі міндеттерге ерекше назар аудару
· экономикалық тиімділікке жету және бақылауды күшейту.
Өндірісте кездесетін өзгерістерге жоспарға түзетулер мен толықтырулар енгізіледі:
Жоспарды әзірлеу кезінде оның тиімділігін арттыру үшін мынандай қағидаларға сүйенеді:
- бейімділік (икемділік)
- жоспарды орындау үрдісіне өзгерістер енгізу қағидасы
- ұтымдылық қағидасы.
Жоспардың ұтымды варианттарын (жолдарын) анықтау қағидасы үш бағытта жүргізіледі:
- күрделі қаржының ең тиімді жолдарын анықтау, жоспардың негізгі көрсеткіштеріне күрделі қаржының құрылымы мен көлемі жататын жағдайда
- өндіріс үшін тиімді құрал-жабдықтардың ұтымды жолдарын анықтап алу
- сатылып алынатын шикізат мен материалдардың көлемі кәсіпорынның өнім көлемін арттыратын жағдайда.
Кәсіпорынның ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
* болжау;
* мақсатты анықтау (міндет қоя білу);
* жоспарға түзету енгізу;
* бюджетті құрау;
* жоспарды нақтылау.
Болжаудың құралына жеке салалардағы экономиканы,жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады.Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды.Болжау-фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.
Болжау жасаудың негізінде жалпы міндеттер анықталады.Олардың жуық уақыттары белгіленеді.
Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдеріне түзетулер енгізіледі.Бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.
Бюджет дегеніміз-ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады.Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, бюджет және т.б. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.
Жоспарға түзетулер енгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады.Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақытылы келіп түсуіне байланысты енгізіледі.Түзетулер енгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді.Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстың мөлшеріне де байланысты болады.
Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:
* стратегиялық мәселелерді талдау;
* кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау;
* дамудың ұтымды вариантын таңдау.
Стратегиялық мәселелерді талдау.кәсіпорын жұмыс істейтін нарық талданады.Талдау екі жақты болады:
* нарықтық ортада кәсіпорын қызметінің оңтайлы сәттерін ойластыруы керек;
* нарықтық ортадағы кәсіпорын қызметінің кемшіліктері қарастырылады.
Кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары жөнінде каталог жасалынады. Бұл катологқа нарықтық орта жөніндегі өзгерістер енгізіледі.
Дамудың ұтымды вариантын таңдау. Кәсіпорынның дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады:
* кәсіпорынның нарықтағы орны;
* кәсіпорынның қайсысы сала мен шаруашылық секторына жататындағы;
* өндірістік бағдарламаның ассортименттік құрылымы.
Жоспарлаудың үш түрі бар:
* ұзақ мерзімдік жоспарлау;
* орташа мерзімдік жоспарлау;
* қысқа мерзімдік жоспарлау.
Жоспарлаудың негізгі мақсаттарына мынандай көрсеткіштерді анықтау жатады:
* сату көлемі;
* тауарлық масса;
* табыс;
* кәсіпорынның нарықтағы үлесі.
Әлемдік тәжірибеде ұзақ мерзімдік жоспарлау кең қолданылады және оның құрамына орташажәне қысқа мерзімдік жоспарлар кіреді.ұзақ мерзімдік жоспарда компанияның, кәсіпорынның ұзақ уақыттағы стратегиялық мақсаттары анықталады және оны компанияның басшылары дайындайды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік

Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатыменеңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді,жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндірісқұрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеппринципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді.
Тіркеу үшін құрылтайшыоны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын - серіктестіктер,қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Кәсіпкерлік - осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік (жұмылдыру).
Кәсіпкерлік - жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:
1. өндіріс ресурстары
2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту
3. кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.
4. нәтижесінде пайда табу.
Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады:
1. жаңа идеяны іздену мен бағалау - идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу; жана идея кәсіпкердін көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. әсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.
2. бизнес планды құрастыру - бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.
3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру.
4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару - бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңірек алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзегс асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліклік жауапкершілігі негізінде жузсгс асыратын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысаныи бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылык қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдаддық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлеріге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік -- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік -- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлік -- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек.
Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: Өнд-к, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық.
1. Өндірістік кәсіпкерлік - сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі.
2. Коммерциялық - тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады.
3. қаржылық -- бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.
4. серіктестік кәсіпкерлік - тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.
5. сақтандырушылық - кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны (компенсация) кепіл етеді.
Меншік қатысушылардын санына байланысты кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге болады:
1. жеке (индивидуалды) заңды тұлға құрусыз кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке жатқызылады.
2. ұжымдық ( колективтік) меншік иелері болып бір уақытта бірнеше субъектілер табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады, оларға: акционерлік қоғам кооперативтері. Серіктестік - екі немесе одан жда көп серіктестерінің құралымен құралады. Серіктестілік басымдылығы - қосымша капитал тарту мүмкіндігі және фирма ішінде бір неше серіктестердің білімдері мен ілімдеріне негізделе отырып мамандарды жүзеге арттыр
Серіктестіктің кемшілігі. Әр бір қатысушы тең материалды жауапкершілікті атқарады (салымына байланысты емес). Бір серіктестің әрекеті қалған барлығына міндетті болады.
Серіктестің келесідей топтары бар: толық серіктестік, коммандитті серіктестік
Коммандитті серіктестік - серіктестердің бір бөлігі шектелінбеген, ал екінші бір бөлігі шектелінген болады. Ол ЖШС бір түрі болып саналады.
Қоғам - келісім б-ша екі азаматтан кем емес немесе заңды тұлғ-рң бірігу мақс-нда жү.ас-тын шар. қызметі.
Жауапкершілігі шектеулі қоғ-ң қатысушылары міндеті б-ша жауап бермейді, салым салған көлеміне ғана жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар- қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктері бойынша жауапты. Бағалы қағаздар шығару жолымен қосымша қажетті құралдарды тартушы қоғам акционерлер болып табылады.
Акционерлік қоғамның қатысушылары қорларында бар акция көлемінде ғана жауапты.
Кооперативтер -- пайлық салым негізінде өндірістік немесе басқа да шаруашылық қызметін біріге отырып құрылған топ немесе кәсіпорын. Басты мақсаты: бір біріне өзара көмек көрсету.
Ең алдымен кәсіпкерлік ұғымын анықтап алайық. Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда бизнес сөзі кәсіпкерлікті білдіреді. Іші пысқандықтан Том Сойердің дуалды бояған кездегісі жұмыс болған. Ол ақшаға бояй бастағанда -- бұл кәсіпкерлік болған. Егер осы ұғымды кең мәнінде анықтап қарасақ, онда кәсіпкерлік -- заңды және жеке тұлғалардың (кәсіпорындар, ұйымдардың) жүзеге асыратын қызметі, табиғи игіліктерді алу (жер қойнауларынан өнімдерді алғашқы өндіру), тауарларды өндіру, ие болу және сатып алу немесе басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету, қызметтер немесе мүдделес адамдардың өзара пайдасына ақша болып шығады.
Алан Хоскинг өзінің Кәсіпкерлік курсы оқулығында мұны былай түсіндіреді:Егер бөлек адам тауарларды өзінің қолдануы мен тұтынуы үшін алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, онда ол кәсіпкер болып табылмайды. Егер ол өзінің қолдануы мен тұтынуынан көбірек мөлшерде алса, өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе, артығын ауыстырса және сатса, онда ол кәсіпкерлікті кәсіпкерлікті жүзеге асырады деп айтуға болады.

2.2. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы

1. Өндірістік үрдіс-дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.
Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары ( машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралельді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.
Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.
Жұмыс орны деп жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады.
Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.
Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.
Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.
Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:
- Жалпы нақты мазмұнына байланысты болмайды
- Арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын қағидалар:
- Мамандыру қағидасы, өндіріс үрдісіне жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді;
- Паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді
- Пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады
- Тұра-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жлдарымен жүруін айтады.
- үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді
- Ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.
Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық, партиялық және бірлік.
2.Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады.өндіріс мазмұны үш элементтен тұрады:
* ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы;
* адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;
* еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіленеді:
а ) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау
б ) әрбір цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу
в ) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдарымен өзара байланысын жоспарлау
г ) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.
Өндірістік бөлімшелерге - цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, текскру жүргізетін зертханалар, бұйымдар, материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және т.б.жатады.
Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі обьектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді.Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.
3.Өндірістік құрылымның түрлері. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының үш түрі бар.Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әуқайсысы өнімнің бір түрін, бөлігін немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттарының двигатель, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Кәсіпорын - экономиканың негізгі звеносы
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасуы. Қазақстандағы меншік қатынастарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Баға теориясы. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
Пәндер