Ақыл-ой тәрбиесі және оны қалыптастыру жолдары


Ақыл-ой тәрбиесі және оны қалыптастыру жолдары.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Теориялық бөлім
- Ақыл-ой тәрбиесінің мәні, мақсаты менміндеттері
- Ақыл-ой тәрбиесінің түрлері
- Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары
- Ақыл ой тәрбиесінің дамуы жәнедамытудың халықтық жүйесі
- Оқушының ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру ерекшеліктері. Әдіс-тәсілдер
ІІІ. Практикалық бөлім
Қорытынды
VI. Қолданылған әдебиеттер.
Курстық жұмыстың тақырыбы : «Ақыл-ой тәрбиесі және оны қалыптастыру жолдары»
Курстық жұмыстың өзектілігі : Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат - оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеуәдістері арқылы біріншіден - айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден - баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден - сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты : Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстық міндеттері :
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Кіріспе.
Қазіргі Қазақстан мектептеріне білім бері беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ" деген халқтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Орнымен, жүйелі түрде, уақытында пайдаланылған халықтық педагогикалық ескерткіштер үлкен білімділік және тәрбиелік тиімділікке ие екендігін қазіргі оқыту тәжірибесі көрсетуде.
Халықтық білімдердің көпқорлылығы, олардың ақыл-ой тәрбиесі мазмұнындағы орны мәселелерінің тиісті оқу пәндерінде ашып көрсетілуі болашақ мамандар, тәрбиешілер мен ата-аналарды теориялық және практикалық білімдермен қаруландыруға көмегін тигізері сөзсіз.
"Мәдени мұра" бағдарламасы осыған айғақ. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында :"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет.
Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлаудың түрлері?Ақыл-ой тәрбиесінің мектеп бағдарламаларындағы алатын орны қандай?
"Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың" күрделілігі сонда, ол - тек қана педагогиканы ғана қамтып қоймай, психологияны, басқа жаратылыстану, логика ғылымдарының қатыстылығымен сипатталады.
Әрине, "Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру" туралы жан-жақты білу мақсатындағы ізденісімді қазақ халқының ірі тұлғалары Әл-Фараби, М. Қашғари, А. Құнанбаевтан бастадым. Себебі, дәл осы ірі ғалым-ойшылдардың мұралары ұлттық тәрбие беруде сіңірген еңбектерінің зор екендігін дәлелдей алады. Әсіресе, А. Құнанбаевтың педагогикалық мұраларының ықпалымен қазақ халқынада тәуелсіздік үшін күресушілердің жаңа легі:М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов т. б. көші басталды.
Ұлтымыздың аяулы азаматтар ұлт келешегі үшін қызмет еткен, бойындағы барын берген зиялы қауым өкілдерінің қазақ мектептері үшін пайдалануға тұратын көзқарастары мен тәжірибелері бүгінгі күнде өзектілігін көрсетіп отыр.
Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары, газет-журналдар жарыққа шықты. Мен осы "Ақыл-ой тәрбиесі қалыптастыру" тақырыбы бойынаша ақыл-ой тәрбиесі мәселесі жөнінде оқытушылардың балалармен жұмысы туралы практикалық, әдіс-тәсілдер мәліметтерін педагог мамандарына арналған тамаша мерзімді басылымадардан алдым. Мен осындай басылымдардың бірінен сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы мазмұнымен таныстым. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Сонымен қатар, қазіргі заманғы білім беру бағдарламалары бойынша сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты "Сорос-Қазақстан" қоры көмегімен құрастырған бұл бағдарламаның құрылымымен жете таныса отырып, мен осы жұмыста 4-сынып оқушыларына арналған бір ашық сабақ жобасын қарастырдым. "Оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту"туралы мақаласын Д. Малдыбаева, "Ойлау логикасын қалыптастыру" Қ. Хатапұлы, "Ой белсенділігін дамыту" З. Базылова мақалалары оқыту іс-тәжірибелері үшін, әдістемелерді жандандырып отыру үшін балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруына көмекші құралдар болар десем, қателеспеспін.
- Ақыл-ой тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері
Ақыл-ой дегеніміз
- адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезіммен бірге оның адамдық қасиеті. Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдың даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесі деп
тәрбиешілердің баланы ақыл-ой күш-қуатын және ойлауын дамытуға, оны ақыл-ой еңбегінің мәдениетіне баулуға бағытталған мақсатты түрде жүргізетін іс - әрекетін түсінуге болады.
Ақыл-ой тәрбиесі деп
тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің балалардың ақылын, ойлауын, ақыл-ой күш-қуаты мен қабілетін дамытуға, оларды ғылыми негіздерінен білімдер жүйесімен қаруландыруға, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған өзара бірлескен іс - әрекетін немесе олардың өзара әрекетесуін айтады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:
- Жеке тұлғаның сана - сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту;
- Адам жасаған заттық және рухани байлықтарды меңгеру. Олардыөмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру;
- Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету. Абайдыңтұжырымдауынша «ақыл - адамға ғана тән жоғары қасиет».
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылыми негіздеріментерең және берік қаруландыру;
- Балалардың таным қабілеттерін дамыту, олардың ойлай білуін, қиялы мен түйсігін дамыту.
- Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістеріментаныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету;
- Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойындаөздігінен білім алуын молайтуды, қажетсінуді қалыптастыру;
- Ақыл - ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру.
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
- ақыл- ой түрлерін дамыту;
- негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
- дүниетанымды қалыптастыру.
2. Ақыл-ой тәрбиесінің түрлері.
Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ойдың түрлері
: диалектикалық, логикалық, абстрактылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік.
Диалектикалық ойлау
- құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау
- білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактылы ойлау
- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмектеседі.
Категориялық ойлау
- айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау
- білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.
Индуктивтік ойлау
- ойдың жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.
Дедуктивтік ойлау
- ойдың жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.
Алгоритмдік ойлау
- нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Ақыл-ойдың дамуы талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), синтез (бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты негізгі ойлау тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.
Жалпы
(жалпы педагогикалық)
іскерліктер
- оқи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу. Қазіргі уақытта оқушының өз жұмысының қорытындысын шығара білу іскерлігіне үлкен маңыз берілуде.
Арнайы іскерліктер
- ноталарды тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы "Мәтіндібаянда", "Жоспаржаса", "Дәлелде" деген тапсырмаларды орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Осы іскерліктер оқушының ақыл-ой еңбегі мәдениетін дамытады. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетануды қалыптастыру.
3. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту. "Дамыта оқыту" ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л. С. Выготский, Л . В. Занков, т. б. терең зерттеді. Л. В. Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өнімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді. Д. Б. Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.
Л. В. Занков және оның ізбасарлары ұсынған дамыта оқыту принциптері:
• бағдарламаны тез қарқынмен оқып, оқушыларға жаңа білімдерді бере беру. Ең бастысы - танымның үздіксіздігі және жүйелілігі.
• бастауыш сыныптардағы теориялық білімнің жетекші рөлі. Оқушылар таным, ақыл-ой жұмысымен айналысып, бақылаулары арқылы ұғым, анықтама шығарып, білімдерін тәжірибеде қосарландырады. Мысалы, абстрактылық алгебралық операциялар тәжірибелік жұмыстар үшін қолданылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:
• оқушының дербестігін, индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т. б.
• логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, симметриялық фигураларды, оқиғаларды салыстыру.
• ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған ақыл-ойдың алгоритімдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру, т. б.
• талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Ақыл-ой тәрбиесін беру үшін мұғалімдер, ғалымдар ғылыми тақырыпта лекциялар оқиды, ғылыми кинолар көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады, физика, химия, математика, т. б. пәндерден апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді. Топтар шеберханаларда көрнекі құралдар жасайды. Үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзөрім, сөзтуымдар шешеді.
Жеке оқушылар ғылыми кітаптар оқиды, техника жасайды, үлгілер құрастырады, шығармашылықты талап ететін тапсырмалар орындайды, ғылыми тақырыпта баяндама, рефераттар оқиды.
Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл ойды дамытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.
4. Ақыл ой тәрбиесінің дамуы және дамытудың халықтық жүйесі
Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы) .
Білім мен ақыл егіз.
Білім - ақылдың ажары көркі.
Оны халқымыздың; «Ақыл азбайды, білім тозбайды» - деген мақалынан көруге болады. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби; «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет», - десе, «Білімді болу деген сөз, - ол белгісіз нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады» - деп түсіндірген.
Көне грек философы Сократ: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұятсыздық», - десе, оның шәкірті Платон: «Ештемені білмейтін және бірдемені білейінші деп талпынбайтын адам - өте жаман адам, оның бойына екі кесел бірден ұялаған» - дейді.
Ендігі жерде «Ой», «ойлау» ұғымына келсек бұл өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы ұғым. Философиялық еңбектерде бұған анықтама әртүрлі пікірде, қарама-қайшылықта берілген.
«Бой жеткен жерге ой жетеді,
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді»- деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, жастарды ойлай білуге, дұрыс ойлауға ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, баланың ой өрісін дамытуда, ең алдымен айналадағы қоршаған дүниені, табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастағаны жөн». Бұл үрдіс бір-бірі мен тығыз байланыста жүргізіледі.
Бұл бағытта отбасы, балабақша, мектеп, тіпті жоғары оқу орындарының атқаратын қызметі ерекше. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады. Оқытудағы негізгі міндеттің бірі-адамзат ғасырлар бойы жасап келген ұшаң теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ол диалектикалық ойлау негізінде жүзеге асырылады.
Ал психология саласындағы еңбектерге келсек, «Ойлау -адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелейдіретінде олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс», -деген анықтама беріледі. Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі. Ойдың ерекшеліктері оны қабылдау мен салыстырғанда айқын көрінеді. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғаны мен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.
«Ойлау дегеніміз белгілі бір дәрежедегі мидың дамуның нәтижесі».
«Ойлау-мидың желісі».
Ми жануарларда да бар. Одан адам миынан ерекшелігі, өмір сүрген ортасы, онымен қарым -қатынасы бар. Яғни, ойлау қарым -қатынас нәтижесі. Ол үшін, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ойлай білуге үйрету, дағдыландырулары қажет.
Ой танымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерлену мен және практикалық ажырамастай байланысқа түседі.
Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысымен мінісімен өзара байланысы танып біледі.
Шындықта болатын байланыстардың себептік, мақсаттық, жағдайлық, қатынастың т. б. тәрізді категориясы адам тәрбиесіне танылып, белгілі тілдік формалармен аталып отырады.
Қорыта айтқанда « . . . ақыл -ой дегеніміз адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімі мен бірге оның адамдық қасиеті».
Ақыл-ойды дамытудың халықтық жүйесі.
Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастыру және оның ақыл-ой дамытудың бастау көз ретінде - ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге және мұндағы адамның орнына көзқарастарды тірек еткен дүниетанымды алға шығарады. "Арманы жоқ жас - қанатсыз қарлыағаш" - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және мазмұнды тұжырымалар ұсынды. Ақылдың адамдағы сезім мен қабылдаудан ойлау мен қиялға дейінгі танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды. Қоғамның материалдық және рухани өміріндегі білімнің саналуан мәніне "Білімдіге дүние жарық, білімсізге күні кәріп"-деп арнайы көңіл аудартады.
Халық ақыл-ой тәрбиесі жүйесі оның өндірістік қызметімен тығыз астасып жатыр.
Халықтың педагогикалық тәжірибесі ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері мен мазмұнына кең мағына берілгенін көрсетеді. Ақыл-ойдың даму деңгейі адам көп біле ме?Оның білімдері қаншалықты терең және кең, ол танып білгенін өмірде қолданылатынымен анықталады.
Адамның ақылы, оның сөйлеуінен көрінеді. "Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді"; "Ақылдының сөзі қысқа, айта қалса нұсқа" - дейді нақылдар.
Баланың ақылын тәрбиелеу - оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мәселен, жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды, оларды қоршаған ортаның түрлі салаларынан заттар мен құбылыстарды талдай алуға үйретеді. Және де сол зат (құбылыс) туралы материалдардың молдығы (мәселен, жалпы адам туралы, адамның жекеленген дене мүшелері:бас миы, көздер, тістер) затқа соғұрлым кеңірек сипаттама беруге мүмкіндік береді.
Ақыл-ой тәрбиесіндегі жұмбақ шешу ойындарының халықтық үлгісі.
Қазақ халқы жұмбақ шешу ойындарын әр бір құбылыстың өзіндік дербес қасиетін дәл келтіру мен қатар, екінші бір затқа не құбылысқа ұқсастығын салыстыра отырып, баланың өзін қоршаған табиғат әлеміне: аспан, жер-су, жан-жануар, от пен жарық, тұрмысқа қажетті бұйымдар мен жабдықтар, өмірде кездесетін құбылыстар мен заттарға зейін қойып, бақылау, байқау қабілеттерін ояту мақсатында пайдаланған.
Жұмбақтарды Аристотель "Жан-жақты жымдасқан метафора" дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра отырып, ақыл-ой қабілетін дамытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz