Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы ... ... .4
1.1. Грамматика сабақтарының міндеті мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс.тәсілдері..5
1.3. Грамматикалық материалдарды пайдаланужайында ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарда синтаксистік ұғымдарды меңгерту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Синтаксистің құрылымы, құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе

Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканың, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар менережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді.
Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды.
Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грам¬матикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік де-ген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі пси¬хология ғылымының деректеріне сүйенеді.
Пайдаланылғанәдебиеттер:

1. Г.Граник, С.М. Бондаренко,А.Консевая. Секреты орфографии. Москва,1991
2. Л.Я.Желтовская, Е.Н.Соколова. Формеравания каллиграфических
навыков у младших школьников. Москва, 1987.
3. Ш.Әуелбаева. Бастауышмектептеқазақтіліноқытудыңәдістемесі. Алматы, 1987.
4. В.Г.Горецкий, В.А.Кирюшкин, А.Ф.Шанько. Уроки обучение грамоте. Москва, 1988.
5. Я.А.Коменский. Великая дидактика. Москва, 1955.
6. Ж.Б.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 1992.
7. И.Н.Садовникова Нарушение письменной речи у младших школьников. Москва, 1983.
8. Д.Н.Богоявленский. Психология усвоение орфографии. Москва, 1966.
9. Н.Әміриев. Ойдыңкөрінісі.// Қазақтілі мен әдебиеті, 1999, № 5 – 6.
10. Н.Кенжебекова. Оқушылардыңкөркемжазудағдыларынқалыптастыру. // Бастауышмектеп, 2005, №8.
11. Ұ.Бейсенбиева. Сауаттыжазуғаүйрету.// Бастауышсыныпта оқыту,2005,№2 .
12. Ғ.Абашыкова. Сауаташу. // Бастауышмектеп, 2004, № 11.
13. Д.Бірімжанова. Сауаташу. // Бастауыш мектеп,2004, №5.
14. Ғ.Тұрманбекова. Әліппесабағы. // Бастауышмектеп, 2004, № 7.
15. С.Құлбаева.Ойынәдісімен. // Бастауышмектеп, 2004, № 3.
16. Р.Ибекова. Ашықсабақ. // Бастауышмектеп, 2005, № 8.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы ... ... .4
1.1. Грамматика сабақтарының міндеті мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері..5
1.3. Грамматикалық материалдарды пайдаланужайында ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарда синтаксистік ұғымдарды меңгерту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Синтаксистің құрылымы, құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматиканың, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар менережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді.
Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды.
Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грам - матикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік де-ген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі пси - хология ғылымының деректеріне сүйенеді.

1. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
1.1. Грамматика сабақтарының міндеті мен мақсаты

Бастауыш мектепттерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грам - матика курсының алға қоятын ең басты мақсаты -- оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастау - ыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бас - тауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мек - тептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдығына қарамастан ғылыми негізде құрылады.
Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жүмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз үғымдар оқушы - лар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.
Бағдарламаның Түсінік хатында грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік қағидалары белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын меңгеруге қажетті грамматикалық мағлұматтар мен сөйлеу дағдыларын, орфография және пунктуация бойынша дағдыларды толық қамтитындығы байқалады.

1.2. Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері

Партиямыздың Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетіледі:
1. Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
2. Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
3. Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату әдісі.
4. Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.
Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынандай әдістер қолданылады:
1) мұғалімнің хабарлауы,
2) оқушылармен әңгімелесі,
3) оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.
Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың зейінін аударып, айтылғандарды олардыңжақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады.
Материалдарды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысалы. Мысалы, түбірлес сөздің белгілері, т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттерінебасшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың, өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.
Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3 -- 5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осыныңсалдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда өте сирек қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикамен жазуға үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады.
Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі -- эврика -- таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтарданоқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.
Эвристикалық әдіскейдепроблемалықәдіспенұштасады . Әңгімекезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны оқушылар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінен мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалада т. б.) табу керек.
Міндет: сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімініңдұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық жағдаяттар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірбиесі, дайындығы, бағдарламалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы -- олардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді.
Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындалғанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. IIсыныпта 5 -- 10 минут, III сыныпта -- 10 -- 15 минут, IVсыныпта 15 -- 20 минуттықтапсырмаларберіледі. Кейбіржағдайлардатапсырмаларбөлікте рге бөлінеді: әуелісөзтабынақарайталданады, сонансоңсептікжалғауларыанықталады т. б.
Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті мате - риалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.
Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығудың ұғымы оқушыларға өздік - терінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу -- мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас практикалық жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылар - дың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.
Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалар - дың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар талдау жасаса, екіншіде оны жинақтайды. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетико-графикалық (дыбыстық-әріптік), морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық, пунктуациялық талдау жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырып, жинақтайды.
Жинақтау балалардың алған білімдерін байланыстырып, жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырады.
Әдетте талдау немесе жинақтау бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушызат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасынайтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сын есіммен, етістікпен немесе керісінше т.с.с.). Міне, мұнда талдау да, жинақтау да қолданылады. Жұмыстың мұндай тәсілдері талдау-жинақтау (аналитико-синтетикалық) әдісі деп аталады.
Талдау мен жинақтауда әсіресе оқылып отырған құбылыстың ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады, ал екінші жағдайда (де - дуктивтік әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе мәтінді талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйым-дастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивтіәдіс деп аталады.
Мысалы, Үстеу тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң үстеу сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен байланысып келетінін айтады. Ал осы тақырыпты дедук-тпвтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.
Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.
Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іскс асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік, схема, кар - тина, таблица,, кинофильм, диафильм, радио, магнитофон т. б. Бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай, кез келген әдісте қолданыла береді. Мысалы, сөз тұлғасын талдауда схемалар, сөз табы мен онын, жазылуын үйреткенде таблицалар т. с. с.

1.3. Грамматикалық материалдарды пайдаланужайында

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Мысалы, сөз таптары тақырыбы зат есім, сын есім т. б. с. с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі жалқы есім, жалпы есім және жекеше, көпше т. б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатын - дай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді -- осылар ашып көрсетілуге тиіс.
Мысалы, зат есім ұғымының мазмұнын ашу үшін есім деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. Зат есім, сын есім, сан есім деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан айырмашылығы т. б. балаларға ұғындырылады.
Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі (Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз, сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз т. б.). Оқушыларға осы сияқты анықтама-лардың әрқайсысының қандай бөлшектерден тұратынын көрсеткен жөн:
1. Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині болады (Мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).
2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сынын, сөздің өзгермейтін бөлшегін т. б.).
3. Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, жұмсалатьш қосымшаны жалғау дейміз т. с. с).
4. Анықтамаларда әрбір категорияньң негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т. б.). Мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.
Формалық белгілерді жинақтап, топтап (синтездеп) сол категорияның басқалардан семантикалық, морфоло - гиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға ту - ра келеді. Мысалы, кітапта: Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз деген анықтама берілген. Бұл -- сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал бас - қа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады т. с. с.) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пен баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау ба - рысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымынын, айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе Ана тілінен, оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесесөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.
Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белгілерін санап көруді ұсынады.
Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді (мысалы, III сыныпта заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз деп, зат есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады). Сонымен, қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім т. б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырым-дауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар грамматикалық тапсырма мен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгерді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығудың, бірнеше сабақ бойына өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.

2. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарда синтаксистік ұғымдарды меңгерту жолдары
2.1. Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік

Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов Завершающей частью грамматики деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.
Кейде осы күнге дейінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.
Әсіресе осы синтаксис салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі. Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу, яғни оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, Түркология еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық..
Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесінің номинативті, не коммунакативті мәні, сөз тіркесіне салалас, не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.
Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? Деген мәселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мәселенің өзі тек Түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.Виноградов, В.Н.Ярцева, Д.Ю.Корбин, К.Н.Абервух, Түркологияда М.Балақаев, М.З.Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде яғни сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қолданылады деп дәлелдейді.
Шынында да, сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексиканың, семансиологияның, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер, (ТТ) күрделі терминдер (КТ) де сол сияқты өмір сүреді. Сондықтан да сөз де, ТТ, КТ де сөйлемдеқолданысы жағынан ұқсас. Олай болса бұл топтар сөйлемге материал. Әрбір сөз сөйлемде өзара мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы өзі, оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, сөйлемнің ойды білдірудегі алғы шарты сөз тіркестері арқылы жүзегеасатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тексөйлемде жұмсалатындығының негізі шарты. Әрине мына нәрсені де еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің айқындалса керек.
Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ де басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемның де аясын кеңейтеді. Бұдан шығатын қорытынды - сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.
Сөз тіркесі - синтаксистік единица.Сөз тіркесі сөйлем жасаудың негізгі материалы болуының өзі синтаксистің бір саласы ретінде жұмсалатынының белгісі. Орыс тіл білімінде сол сияқты Түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келеді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөйлемнің синтаксисінде, кезде керісінше жай сөйлемнің сөз тіркесінің бір нұсқасы ретінде қарастырылады. В.В.Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт Түркологиялық әдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е.И.Убрятова сөз тіркестерінің сөйлем мүшелерінің ыңғайында қарастырды, осы пікірді С.Аманжолов та қолдағанды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Бастауыш мектептердегі грамматика курсы
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Грамматика және тіл дамыту
Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Грамматикамен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты
Пәндер