Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің операциялары



ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім 3

1. Ұлттық Банк, оның міндеті және қызметтері, меншікті қаражаттары мен пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің міндеті, бағыттары
құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі . «Банктердің
Банкі» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.2.2 Қазақстан Ұлттық Банкі . Қазақстан Республикасы ... ... ... ... ... .. 11
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің операциялары ... ... ... ... .. 14
2.1 Ақша айналысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлерін қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның қызметтері мен операциялары» атты курс жұмысы «Ақша, несие, банктер» пәнінің оқу жоспары бойынша жазылып отырған теориялық және практикалық жұмыс болып табылады.
Курс жұмысын жазудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің міндеті және қызметтері, құрылымы мен басқару органдары, банктің операциялары, сонымен қатар банктік қызметті қадағалау және оны реттеу мәселелерін тереңірек түсіну.
Курс жұмысынан ойдағыдай жазу үшін оқыған алыс, жақын шетел және Қазақстан ғалымдарының ғылыми әдебиеттері мен еңбектері, сонымен қатар ресми құжаттары оқылып, түсініліп, олар пайдаланылды. Нақты ақпарларды терең талдап, оларды мұқият таңдап алу шарт.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» атты курс жұмысы «Ақша, несие, банктер» пәнінен «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқауға сәйкес жазылып, құрылымы 2 тараудан тұрады.
Бірінші тарауда Қазақстан Республика Ұлттық банктің міндеті мен қызметтері, меншікті қаражаттары және пайдасы туралы мәселелер берілген. Онда банктің мақсаты және атқаратын рөлі, қызметінің бағыттары, сондай-ақ өз қаражаттары қарастырылған.
Екінші тарау Ұлттық банктің операциялары: ақша айналысын басқару туралы.
Қолданылған әдебиеттер

1. Ақша, несие, банктер Ғ.С.Сейітқасымовтың жалпы ред – Алматы: Экономика, 2001-465 бет.
2. Банки и банковские операции: Учебник/Под ред. проф. Е.Ф.Жукова – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2003.- 600с.
3. Банковское дело / Под. ред. О.МЛаврушина. – М: Финансы и статистика, 2002 – 576 с.
4. Деньги, кредит, банки /Под ред. Лаврушина О.И. – М: Финансы и статистика, 2001 – 464 с.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы «Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы» № 2155
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелер» негізгі заң актілері 2003 жылғы 1 мамыр.
8. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. /- Алматы: Издат. Маркет, 2004. – 246 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
Негізгі бөлім
1. Ұлттық Банк, оның міндеті және қызметтері, меншікті қаражаттары мен
пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
... ... ...
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің міндеті, бағыттары
құқықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Банктердің
Банкі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.2.2 Қазақстан Ұлттық Банкі – Қазақстан 11
Республикасы ... ... ... ... ... ..
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің операциялары ... ... ... ... ..14
2.1 Ақша айналысын 14
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлерін
қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...30
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қолданылған 31
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның қызметтері мен
операциялары атты курс жұмысы Ақша, несие, банктер пәнінің оқу жоспары
бойынша жазылып отырған теориялық және практикалық жұмыс болып табылады.
Курс жұмысын жазудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің міндеті және қызметтері, құрылымы мен басқару органдары, банктің
операциялары, сонымен қатар банктік қызметті қадағалау және оны реттеу
мәселелерін тереңірек түсіну.
Курс жұмысынан ойдағыдай жазу үшін оқыған алыс, жақын шетел және
Қазақстан ғалымдарының ғылыми әдебиеттері мен еңбектері, сонымен қатар
ресми құжаттары оқылып, түсініліп, олар пайдаланылды. Нақты ақпарларды
терең талдап, оларды мұқият таңдап алу шарт.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі атты курс жұмысы Ақша, несие,
банктер пәнінен Қаржы және несие мамандықтары бойынша курс жұмысын
орындауға арналған әдістемелік нұсқауға сәйкес жазылып, құрылымы 2
тараудан тұрады.
Бірінші тарауда Қазақстан Республика Ұлттық банктің міндеті мен
қызметтері, меншікті қаражаттары және пайдасы туралы мәселелер берілген.
Онда банктің мақсаты және атқаратын рөлі, қызметінің бағыттары, сондай-ақ
өз қаражаттары қарастырылған.
Екінші тарау Ұлттық банктің операциялары: ақша айналысын басқару
туралы.

1. Ұлттық Банк, оның міндеті және қызметтері, меншікті қаражаттары мен
пайдасы
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің міндеті, бағыттары,
құқықтары
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк эканомикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
эканомикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз акша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет керсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтерлің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз ақшалай есеп айырысуларды
Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық
банктен неше ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибиеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі
мынадай құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке несиелі немесе
мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
- Орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жартысынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады,
ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері
– 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан,
құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым
қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан
тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік
қаржылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебінен толықтырады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға
арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға
қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған
қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнота мен монеталарды қоса
алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды
абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен алымлар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен
валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму
мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына
жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;
- ақша, несие және банктік жуйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкта шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- Қазақстан Республика төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттар есебінен.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды
жүзеге асыру бойынша ережелерді әдістемелік инструкциялық нормативтік
актілерді шығару (барлық банктерге міндетті) есеп жүргізу және
банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау ақша-нисиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстарды жүргізу;
- валюталық операциллардыжүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталық салсатын жүргізу және т.б.
Қазақстан ұлттық банкінің құқықтары:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша, ақша төлемдері
мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген
болса, банктердің және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк
шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезегін белгілеуге құқылы;
- Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына
жәрдемдесетін және қаржы рыногының инфрақұрылымының бір бөлігі болып
табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы;
- Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды жүзеге асырады және
валюта операцияларының барлық түрлерін жүргізуте құқыды және т.б.

1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын
қызметтері
Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді – атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және бағалы қағаздарды
эмиссиялайды;
- Қазақстан Республика Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге
қатыасады;
Қазақстан аумағында банктердің, елшілес банктердің ашылуына және
филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың
жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;
- белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау проспектісіне
мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;
- банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденциялық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында несиелер бойынша сыйақы пайыз мөлшерлемесін
реттеуді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып,
банктердің бухгалтерлік есебінің стандарттарын белгілейді.

1.2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Банктердің банкі
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру,
банк қызметін реттеу болып табылады. Ол баска қаржы-несие құралдарымен
бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық
субъектілермен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның
клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды.
Осыдан келіп, Ұлттық банкіні банктердің банкі деп атайды. Коммерциялық
банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар
береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен
салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық банк банктердің банкі қызметін атқару үшін:
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімде қажеттіліктеріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді,
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айрысуларды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық банкінің маңызы қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік
мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банк туралы және Қазақстан Республикасының банктер және
банктік қызметі туралы заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін
Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша
айналымын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және
өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық – несиелік
мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді соңғы
сатыдағы несие беруші деп атайды. Олар – коммерциялық банктерден есеп
мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын
толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен,
мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық
міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау
мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары
арқылы несие береді.
Ұлттық банк банкаралық қолма-қолсыз ақшалай есеп айырысуларды
жүргізеді.
Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық шаруашылықтың
есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Осыған
байланысты келесі қызметтерді атқарады:
- қолма-қолсыз ақшалай және қолма-қол ақша айналымының ауқымын
бақылау;
- бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық негіздегі елдің
бірыңғай есеп айырысу орталығы;
- есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және
үйлестіру;
Елімізде қолма-қол ақшалай есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар.
Біріпшісі – коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысу, екіншісі –
Ұлттық банкідегі банктердің корреспонденттік шоттары арқылы жасалатын
орталықтандырылған есеп айырысулар.

1.2.2 Қазақстан Ұлттық Банкі – Қазақстан Респубдикасы Үкіметінің қаржы
кеңесшісі.
Қазақстан Республикасьшың Ұлттық банкі – үкіметтің бас банкирі, қаржы
кеңесшісі және агенті. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы
заңында былай жазылған: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Үкіметтің
бас банкир, қаржы кеңесшісі, әрі агенті ретінде және басқада мемлекет
органдарымен өзара мәмілеге келуі бойынша әрекет етеді [3;12].
Ұлттық банк барлық үкіметтік қорлардың және басқа да мемелекеттік
органдардың депозиттары-банкі болып табылады. Ол органдардың шот
қаражаттарын сақтайды және операциялар жүргізеді, сондай-ақ оларға қаржылық
қызмет көрсетеді. Ол үшін үкіметтік мекемелер мен ведомствалардың шотын
жүргізеді, салықтар мен басқа түсімдерді шоғырландырады және қаржы
министрлігінің тапсырмасы бойынша төлемдерді жасайды.

Ұлттық банк бюджеттің кассалық орындалуы мен мемлекеттік қарызға қызмет
көрсетуі жағынан үкіметтің фискальды агенті және депозиторы қызметін
атқарады. Ұлттық банк бюджеттік кассалық қызмет көрсету функциясын, барлық
меншік кәсіпорындар мен азаматтардан түскен республикалық және жергілікті
бюджет шотындағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу жолымен атқарады.
Бюджет кірісіне түскен ақша қаражаттарының көлемі туралы ұлттық банк және
оның жергілікті мекемелері қаржы министрлігінің органдарына хабар береді.
Қаржы министрлігі қарамағында қазыналық институттың құрылуымен
байланысты мемлекеттік бюджетпен кассалық қызмет көрсету жұмысы аталған
құрылымға беріледі.
Қаржы министрлігінің келісуімен Ұлттық банк мемлекеттік заемның бір
бөлігін құрайтын, Үкіметпен шығарылған және кепілденген бағалы қағаздар
айналымын реттеуге, қатысуға құқы бар, яғни ол мемелекеттік заемдардың
нарықта орналасқан және эмиссиясы бойынша операциялар жасайды.
Мемлекеттік ақша-несие саясатының және қаржы жүйесі қызметінің
тиімділігін қамтамасыз ету мақсатын да ұлттық банкіге заңға сәйкес, келісім-
шарт негізінде қаржы министрлігіне, 6 айдан аспайтын мерзімге бюджеттің
ағымдағы кірістері мен шығыстары арасынла жылдың ішіндегі үзілістерді
жабуға, яғни бюджет тапшылығын жабу үшін қысқа мерзімді несие береді. Бұл
несиенің мөлшері шектеулі, оған Қазақстан Республикасының Парламенті лимит
белгілейді.
Қаржы министрлігіне берілген әрбір несие бойынша, несие саласы, оны
төлеу мерзімі және пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген келісімдерге қол
қойылуы тиіс. Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген ңесиелік
лимит негізінде үкіметке берілген несие саласына Ұлттық банк Қаржы
министрлігінен бағалы қағаздарды, оларды бірінші орналастырған кезде сатып
алады.
Шамамен осы өзара келісім-шарттар бойынша Ұлттық банк үкіметке
мемлекеттік қарызды жабуға, ақы төлеу, қайтару, көздеген мақсатқа жұмсау
шартымен несиелер береді. Ол үкіметтік несиелердің өтелу мерзімін бақылайды
және келісімде көрсетілген мерзімде олардың пайдалануын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банк Қаржы министрлігімен біріге отырып мемлекеттік заемдарды
өтеуге, пайыз бойынша олардың мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуіне
қатысады.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және
орналастыру жолымен қаражаттарды біршама тез жұмысауды қамтамасыз ету
мүмкіндігі, республикадағы бағалы қағаздар нарығының қызмет жағдайына
байланысты. Өз кезегінде Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының толығымен
қалыптасуының болашағы екі деңгейлі банк жүйесінің толық құрылуына,
жекешелендіру бағдарламасының нәтижелеріне, экономиканың түрлі
сигменттерінің дамуына және басқаларға тәуелді. Бірақ республикамызда бұл
жағдайлар жасалған жоқ және қалыптасқан бағалы қағаздар нарығы да жоқ.
Ұлттық Банк қаржылық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша
үкіметтің және т.б. мемлекеттік оргондарын кеңесшісі болып табылады.
Өйткені болашақта ақша, қаржы, несие және т.б. макроэкономикалық
көрсеткіштер туралы жаппай дәл және жедел көпшілік ақпараттарды иеленетін
ірі экономикалық, ғылыми және акпараттық орталық бола бастайды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің операциялары
2.1 Ақша айналысын басқару
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге
болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың
наминалдық құрылымы, аймақталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзге жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімнің, тәртібін
анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағасын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру
жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық
банктерге инкасациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі
себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың
үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер саласы неше ақшаны құру үшін
қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырылған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың
сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15
ақша бірлігін құрайды, қалған 15 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі оолады. Бұл
– саласы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы
жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола
алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша
мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер
– бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие
корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі
(бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен
қолданылатын резернтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік
шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері
банктердің кореспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты
болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі
банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша несие саясатының құралдарынын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша базасына
массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша
мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтің нормасына
байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі
болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда
мулътипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі
олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның
коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей
реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша –
несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы
экономиканың тұрақтылығын және ұлттық валюта деген сенім болғанда ғана
мұмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің
өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық
субъектерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өніміне қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі
жоғарылайды.
Монтаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда – 64,5%,
Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ-та – 77,5%, Жапонияда – 116,7% болды.
Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ке жуық болды, бұл әрине
жеткіліксіз.

2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлерін қарастыру

Қазақстан Ұлттық Банкінің заңында келесі жазылған:
“Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру мөлшерін, сонымен қатар
жүргізіетін операциялар бойынша ресми сыйақы мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшері ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша
ұсыныс пен сұранысына, инфляцияның деңгейі мен инфляциялық күтуіне
байланысты қойылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ресми сыйақы мөлшерін белгілеу
саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты шеңберінде нарықтық сыйақы
мөлшеріне әсер ету үшін қолданады”.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын басқару
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Ұлттық банктің дискрециялық ақша - несие саясаты
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Ұлттық Банк – Қазақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
Цеснабанктің бір филиалы
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы ақпарат туралы мәлімет жайлы
Пәндер