Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЗІРГІ ЗАМАН «БОЛАШАҚ» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ
Пәні: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия
Тақырыбы: Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері
Дайындаған: Сынғалиева Меруерт
Тобы: НОО-10
Тексерген: Измуханова А. Ә.
Ақтау-2014
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-4
І тарау. Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері . . . 5-7
1. 1. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері . . . 5-7
1. 2. Сауат ашу әдісі туралы ұғым . . . 8-10
ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда жазудың мақсаты, міндеттері . . . 11-13
2. 1. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің кезеңдері . . . 11-13
2. 2. Жазуға үйретудің маңызы және қойылатын талаптар . . . 14-16
ІІІ тарау. Оқу және тіл дамыту методикасы . . . 17-18
3. 1. Оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері . . . 17-18
3. 2. Оқудың түрлері . . . 19-20
3. 3. Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту . . . 21-27
Қорытынды . . . 28-29
Пайдаланған әдебиеттер . . . 30
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.
Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету - бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл - адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді. .
А. Байтұрсыновтың жазуға үйрету әдісі жайлы « . . . сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек . . . Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек», - дей отырып, сөйлеудің жазба түрінің күрделі екеніне көңіл бөліп, жазуға үйретуге ерекше мән берілуі тиіс екендігін айтады [2, 263 б. ] .
Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатынасымдық тұлға мәтін құру арқылы жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер оқушыға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т. б. ) жүргізілсе, онда оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде жазуға дағдыланады, өйткені оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
Қорыта айтқанда осы курстық жұмыстың негізгі көздеген мақсаты «Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия» пәндік курсы бойынша білім жүйесінің бірыңғай тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
І-тарау. Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері
1. 1. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері
Сауат ашу методикасы тілдің жазба түрі мен аауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселереді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңларын жете білуді қажет етеді. Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теғселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес. Дыбыс пен әріп. Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз.
Әріп - жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба. Қазіргі қазақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек.
1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды.
2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады.
3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.
Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы - ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты
у
да жеке дыбыс бола алады.
Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады. Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазақ тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42. Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар. Сөзді үйрету барысында балалар мынандай амалдарға дағдыланулары тиіс:1) сөздің мағынасын айту; 2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту; 3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен айтуға болатынын айту; 4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану; 5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғару.
Қазақ алфавитінің шығу тарихына тоқталсақ Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастыру қолға алынып келеді.
1. Ы. Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
2. Араб алфавитіне негізделген оқулықтар.
Ы. Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімен 60 -жылдардың басында - ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан «Қазақ хрестоматиясының» негізін К. Д. Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасаудың мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптермен таңбалау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы «Христоматияда» жүзеге асырды.
Білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды.
Ал А. Е. Алекторовтың, А. В. Василевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына ұсыну, соның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын.
Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, і, ұ, ү, тәрісдес дыбыстарды әліппенің соңына қояды. Екі тілде бірдей кездесетін, ашық естілетін жуан дауыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады. Осыдан кейін араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға бастады. Соның бірі - Нұрбаевтың « Қазақша әліппе» оқулығы. Мұнда автор талдау жинақтауда негізделген дыбыстың ұсынғанымен араб, әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын. Сонымен бірге әліппедегі жаттықтырулардың кейбірі татар әдістерімен берілді.
А. Байтұрсынов ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызыметі айрықша. 1912 жылы Орынборда басылған «Оқу құралдарына» А. Байтұрсынов қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген әріптермен меңгертуді көздеген. Әлипбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен. Әліппеде бірті - бірте жеңілден күрделіге қарай меңгерту принципін ұстанған.
Мысалы: алғашқы сабақта а, р, з, дыбыстарын өтуді ұсынса да оқыту барысында базалық үш әріпті бірден көрсетуді қолдамайды. Әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содан соң әріпті көрсетіп ғана оқытуды ұсынады.
Алғашқы сабақта бір - екі буынды сөздерден аспайды. Екінші сабақта л - таңбасы да осы әдіспен меңгертемін. Әрбір сабақта А. Байтұрсынов көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық, түсінуде қолайлылық қағидаларын ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жойған жоқ.
Басқа ғылымдар сияқты көркем жазуды оқытуда да ғалымдар арасында талас - тартыс болды. XIX ғасырдың басында пайда болған темір перомен тек XIX ғасырдың екінші жартысында мектепке қолданысқа түсті. XIX ғасырдың аяғында үйректің қанатынан жасалған қаламсапты пайдалануды тиімді деп санады.
Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету барысында көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады. Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды. Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.
Уақыт өте келе көркем жазу пән ретінде бастауыш мектепке енгізілді. XIX ғасырда көркем жазу өнер пәндерінің циклінде оқытылды. Бұл пәннен дәріс берген сурет, сызу пәндерінің мұғалімдері еді. Бұл кезде әдемі және тез жазу маңызды болды. XIX ғасырдың ортасында көркем жазуға байланысты бірнеше әдістемелер шыға бастады: В. Половцев «Шапшаң жазу курстары», П. Е. Баранцевич «Шапшаң жазуға жетелеу», П. Е. Традобоев қызмет іс - қағаздарын әдемі жазудың үлгісін шығарды. Осыған қарамастан, XIX ғасырдың ортасына дейін жазу мен оқудың арасында байланыс болмады. Яғни, алфавиттік ретпен оқытылды. К. Д. Ушинский оқи отырып жазуды ұсынды. Яғни, алфавиттік ретпен емес, оқу ретімен жазып үйренді. Оқи отырып жазу нәтиже берді және оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл әдіс қазіргі кезде де мектептерде қолданылады.
1. 2. Сауат ашу әдісі туралы ұғым
«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.
«Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1-сыныпта «Сауат ашу» пәні интеграцияланған (оқу мен жазу - «Әліппе» оқулығы; тілдік және оқу материалдары - «Ана тілі» оқулығы) мазмұңда оқытылады. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген.
Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
Сауат ашу пәнінің міндеттері:
- 6 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
- оқушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;
- дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
- кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын сауат ашудың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізу;
- тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
- сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
- алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
- оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту; қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сауат ашу кезеңдері бойынша бағдарламалық материалдар төмендегідей жіктелген.
- Әліппеге дейінгі кезең:
Тіл дамытуда: сөйлемнің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету; оқуға даярлауда: дыбысталу тілін талдау, сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді ажырату, дыбыс туралы түсінік, сөзге дыбыстық талдау жасау; жазуға даярлауда: жазу гигиенасы, дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дүрыс пайдалану ережелері, дәптермен таныстыру, әртүрлі сызықтар сыздыру, әріп элементтерін жазу.
- Әліппе кезеңі:
Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық-әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу; жазуға үйретуде: әріп элементтерін жазу, бас әріптер мен кіші әріптерді жазу, әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату, сөздерді көшіріп жазу, үлгі бойынша жазу, есту арқылы жазу; ауызша тіл дамытуда: сөйлеудің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу.
- Әліппеден кейінгі кезең:
Оқуда: әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу; байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда: мәтінмен жұмыс; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгертуде: сөйлеу, сөйлем, дыбыстар мен әріптер, сөз, орфография, мәтін; жазуда: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, шығармашылықпен жазу, сөз, сөйлем, шағын мәтіндерді жазу.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.
I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант - 4 - 6 сөз (диктант жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі.
II жартыжылдықта сөздік диктант - 6-8 сөз, есту диктанты, көру диктанты, жыл аяғында 15-18 сөзден тұратын бақылау диктанты (диктант жұмысы әрбір грамматикалық материалды меңгерген соң) алынады.
II жартыжылдықта кем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.
1-сыныпта «Көркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Бастауыш мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Сауат ашу оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің ұстанымдарына сауат ашудың мақсат-міндеттеріне сәйкес болу, алты жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру ұстанымдары жатады. Бұл ұстанымдар ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыратын тілдің графикалық, дыбыстық-әріптік жүйесін тұтастай қабылдауға, оқушылардың оқу қызметінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Сауат ашу» пәні аптасына - 7 сағаттан оқытылады. Барлық сағат саны - 238, оның ішінде: «Сауат ашу» пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген:
Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат.
Әліппе кезеңі - 98 сағат.
Әліппеден кейінгі кезең - 126 сағат.
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады: I жартыжылдықта -«Әліппе» оқулығы, II жартыжылдықта - «Ана тілі» оқулығы.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен: 1-сынып «Әріптер сыры», «Тіл дамыту».
ІІ-тарау. Бастауыш сыныптарда жазудың мақсаты, міндеттері
2. 1. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің кезеңдері
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті - балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой -өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты - болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, өз Отанын, ел - жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі - алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі. Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық - психологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты. Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.
Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріпті алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағынасы бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz