Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І бөлім. Дене тәрбиесіндегі қимыл.қозғалыс ойындарының маңызы ... ...5
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... .5
1.2. Дене тәрбиесіндегі ұлттық жүйенің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Ұлттық қозғалыс ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ бөлім. Қозғалмалы ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі ... ... ... ... 15
2.2. Педагогикалық практикадағы қозғалмалы ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3. Қозғалмалы ойынды өткізуге даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІІ бөлім. Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Атабаев А.С. Ұлттық ойындар - халық мұрасы /Ұлт тағылымы. – Алматы, 2006.
2. Бержанов К., С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
3. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,
4. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Құрманбаева С.К. Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі / Қазақстан мектебі. - Алматы, 2004.
6. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты / Ана тілі. - Алматы 1995.
7. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
8. Несіпбаев Б.К. Ұлт мәдениеті мен өнері / Білім. - Алматы, 2003.
9. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.
10. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, 1991.
11. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
12. Сейталиев К.Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
13. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, 1994.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы ... ...5
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... .5
1.2. Дене тәрбиесіндегі ұлттық жүйенің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..10
1.3. Ұлттық қозғалыс ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІ бөлім. Қозғалмалы ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі ... ... ... ... 15
2.2. Педагогикалық практикадағы қозғалмалы ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3. Қозғалмалы ойынды өткізуге даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІІ бөлім. Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
:: балаларға оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
:: оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы
1.1. Дене тәрбиесіндегі ұлттық жүйенің маңызы
Денешынықтыру балаларды үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Балаларменжүргізілетінденетәрбиесіж ұмыстарыныңалдынақоятынмақсаттары:
* баланың денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру;
* жаттығулар мен ойындар туралы жалпы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды орындай білу;
* қимыл-қозғалыс негіздерін орындау техникасының дұрыс негізін қалап, балалардың жалпы икемділігін арттыру;
* қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрылысын дұрыс қалыптастыру;
* денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, үйлесімді, тиімді жасауға үйрету;
* жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын арттыру.
Бұл мақсаттарға жетуге денешынықтыру сабақтары мен денені сауықтыру жұмыстары, ертеңгілік гимнастика, сергіту сәттері, үзілісте жүргізілетін жаттығулар мен ойындар жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы барған сайын арта түсуде. Өйткені, соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері, әсіресе, мектепке дейінгі кезеңде мақсатты түрде жүргізілетін педагогикалық шаралар нәтижесінде балалардың шыдамдылық, төзімділік, жұмыс істеу қабілеті және басқа да жеке тұлғаның жан-жақты және гармониялық дамуына қажетті сапалары қалыптасатындығын айқындады.
Қоғамымыздағы болып жатқан түбегейлі жаңарулар тәрбие сферасына да әсерін тигізуде. Бұл өзгерістердің сапасы мен мазмұнының негізгі бағыттары мектеп жасына дейінгілердің дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру тенденцияларын талдау арқылы белгілі болуда. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесінің жекелеген аспектілері, балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар, олардың өмірін ұйымдастырудың жаңа бағыттары бүгінгі күн тәжірибесіне енгізілуде. Мектепке дейінгітәрбие мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесіндегі әкімшілік тарапынан болатын нұсқаулар азайтылып, тәрбие барысындағы ағаттықтар жойылуда.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі мазмұнында әлі де болса шешімі анықталмаған мәселелер баршылық, атап айтқанда дене тәрбиесінің потенциалдық мүмкіндіктері әлі анықталған жоқ, мектеп жасына дейінгі балалар табиғатына әсер ететін дене тәрбиесінің құралдарының механизмі, дене тәрбиесінің басқа да өмірлік маңызды құбылыстармен әсері, баланың жеке тұлғасының дене және психикалық даму деңгейлеріндегі дене тәрбиесінің әсер ету маңызы т.б.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің бастапқы сатысы болумен қатар, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың негізі болып табылады. Баланың жан-жақты үйлесімді дамуындағы оның нысанасы бала денсаулығын нығайту және дене дамуын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесінің негізгі түрлері мыналар: оқу әрекеті, белсенді демалу кезеңі, балалардың дербес қимыл-қозғалыс әрекеті.
Оқу әрекетінің негізгі түрі-дене тәрбиесі сабағы. Сабақтың негізгі формаларының құрылымы міндеттерді шешуде нақты жүйелілікті талап етеді. Баланың жас ерекшелігіне сай ағзалары мен жүйке жүйесінің жұмыс қабілетін ескерудің маңызы зор.
Дене тәрбиесін үйрету әдістемесі бірқатар ғылыми әдістер мен әдістемелік тәсілдерге негізделеді. Көптеген зерттеушілердің пікірінше (А.И.Быкова, Т.И.Осокина т.б.), әдістердің ғылыми негізделуі дене жаттығулары сабағының тәрбиелік және сауықтыру тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әдістемелік құралдарда көп жағдайда ұйымдастыру әдістері мен нақты талаптар ашып көрсетілмеген әдістемелік тәсілдер айтылумен шектеледі, ал нақты ұйымдастыру әдістері мен оқыту мазмұны, сабақтың міндеттері мен сабақтағы жағдайларға тікелей байланысты, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің жалпы талаптарымен, мектепке дейінгі дене тәрбиесінде де лайықтап ескеріп отыру қажет. Сабақта нақты міндеттер қойылмаса оқыту әдістерін дұрыс таңдау мүмкін емес. Келесі талап, оқытудың тәрбиелік сипатының маңызын ашып көрстеу. Әрбір таңдалынған әдісте, оқыту тиімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, баланың танымдық белсенділігін тәрбиелеу де ескерілуі қажет. Оқыту әдістері барлық дене жаттығулары үшін бірдей болып келеді. Әдістер оқу материалының ішкі мазмұнымен үндес болуы керек. Сонымен қатар, баланың жеке дара және топпен даярлығын ескеру қажет.
Кез-келген әдіс жеке дара және негізгі бола алмайды. Сондықтан әдістерді қолдануда сауықтыру, оқыту және тәрбиелеу талаптары үйлесімді жүргізіліп отырылуы қажет.
Соңғы жылдары жүргізілген психологиялық-педагогтік зерттеулер білім беру жүйесінің балалар мен жас өспірімдердің қоғам сұранысына лайық деңгейін қамтамасыз ете алмай отырғандығын көрсетті. Сондықтан балалардың интелектуалды, адамгершілік тұрғыда және дене дамуын қамтамасыз ету, халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі білім беру жүйесі алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы дене тәрбиесі мамандары мен тәрбие мекемесі қызметкерлерінің білім сапасынан және оны дене тәрбиесі процесінде пайдалана білуі іскерлігі мен дағдыларынан талап етіледі.
Жас ұрпақты жалаң қимыл-қозғалыс әрекеттеріне баулу жеткіліксіз, оларды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, әрбір баланы жеке тұлға ретінде қарап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау уақыт талабы болып отыр.
Әлеуметтік және экономикалық рухани сұраныстарға орай, егемен еліміздің өміршең талаптары негізінде балаларды өз ұлтының рухани мұраларымен таныстыру, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді жаңартып отыру дене тәрбиесі міндеттерінде де ескерілуі қажет. Дене тәрбиесі мазмұны мен әдістемесінде ұлттық ойындар, спорт элементі бар түрлі сайыстар, ермек ойындары көрініс алуы тиіс.
Ұлттық білім беру жүйесі мемлекет пен қоғамның нақты бір ауқымды әлеуметтік тапсырысын орындай отырып, тәрбие және оқыту мақсаттарын айқындап алуы тиіс. Бұл мәселе осы уақытқа дейін ұлттық білім беру жүйесінде қажетті деңгейде ескерілмей келеді.
Платонның Ұл тәрбиелей отырып жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз дегендей ұл деген сөзіне лайықты біздің халқымыз жас ұрпақты ең жас кезінен дене күшімен рухани күштері сай жетіліп, шындалып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді тәрбие саласының аса маңызды міндеттерінің бірі деп санайды.
Жүсіп Баласұғынның Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатаң ұста бос жүрмесін сандалып - деген сөзінен баланы есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ шектен тыс еркелетпей, байсалды, ұстамды етіп тәрбиелеу керектігі жөнінде айтылған. Өйткені, атамыз қазақтың Адам ұрпағымен мың жасайды деген мәтелдерінен, ұрпақ тәрбиесі қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселесі болып келе жатқанын білуге болады.
Қазіргі уақытта мұндай жан-жақты үйлесімді дамыған адамзат тәрбиелеудің негізі - мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі сабақтарын жақсартудан және оның маңызын халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен бірге өсіп өркендеп келе жатқан тарихи көне процестерге жатады. Ондай тәрбие жүйесі қай уақытта болмасын халықтық педагогика ұлттар мен ұлыстардың бірнеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрмен мәдени ойлау процесінің озық үлгісінің жиынтығы.
Қанша заман өтсе де, сары алтындай жарқырап, тот баспайтын халықтың педагогикалық тағылымы мен салт-дәстүрін тәлім-тәрбие жұмыстарының түп қазығына айналдыру ендігі жерде біздің негізгі мақсатымыз. Сонымен бірге жас ұрпақтың дене тәрбиесінің уақыт мөлшерін көбейтіп Республикамыздың ұлттық және тұрғылықты жер жағдай ерекшеліктерін ескере отырып, қозғалыстың тәртібін сол бағытқа баруға кең жол ашу арқылы болашақ өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу керек. Озық та өнегелі рухани дәстүрді жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп отыруы тиіс.
Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарындағы өміршең идеялар мен өнегелі дәстүрлерді дене тәрбиесінде пайдаланудың тәрбиелік маңызы зор.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында жас ұрпақты адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеумен қатар, жалпы дене дайындығы мықты, рухы биік, халқын, Отанын сүйетін етіп өсуіне аса жоғары мән берген. Сонымен қатар дене сапаларын дамытып жетілуіне дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызы зор болған.
Ұлттық ойындардың жас өспірімдерді тәрбиелеуде тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойын жас өспірімдердің жүгіріп, күш сынасып ойнайтын ойыны болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілеттілігін арттырып, дененің барлық мүшесін шынықтырып жас ағзаның дұрыс қалыптасуын, сұлу мүсінді, сымбатты тұлға болып өсуін реттейді. Жас өспірімдердің тұлғасы мықты, денесі шымыр, қимылы ширақ, әрі епті болу үшін ұлттық ойындар арқылы түрлі-түрлі дене шынықтыру әдістерін қалыптастырған.
1.2. Дене тәрбиесінде ұлттық қозғалыс ойындарының маңызы
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айта келе ғалымдар сабақта және тәрбие жұмысында, балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға негіз болады,- деп пікір білдірген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысындағы спорттық жаттығуларға, ойындарға И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және т.б. ғалымдар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезде заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілеттері жетіледі, - деп тұжырымдайды. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала. Өз бетінше әлі ештеңе жасамайтын тұлға. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді. Д.Хухлаеваның пікірінше, дене жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады, - дейді.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етуде. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды. А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Сонымен, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде деп негіздеме береді.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл - Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі, - деген екен. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан да оның мәні де ерекше болып табылады.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Ұлттық ойындардың қысқаша мазмұнын былай бейнелеуге болады:
Ақшамшық (сақина салу) - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны халық арасында Сақина салу, Са - қина тастау деп те айтады. Ойынға он-он бес адамқатысып, ор - тағабіржігіттінемесебірқыздышығарып , қолынасақинаұс - та - та - ды.
Теңге алу - жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу - үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тә - жірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге бе - ріледі.
Қыз қуу - бұл ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек.
Көкпар - ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы көк бөрі сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған.
Күміс ілу - бұл ойын ептілікті, атқа жақсы отыруды та - лап етеді. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық ора - малға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сон - дықтан да кей аймақта бұл ойынды жүзік ілу деп атайды.
Бәйге - бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.
Асық ойыны - қыз-бозбалалар ойыны. Жазғы айлы түнде ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.
Ақсүйек - жазғы айлы түнде ойнаған. Әдетте, қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.
Этнограф-ғалымдардың зерт - теу - леріне жүгінсек, қазақтың ұлт - тық ойындары аңға, малға бай - ланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойында - ры түрінің жүзден асып жығылаты - нын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлт - тық ойындардың, әсіресе, жас - өс - пірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен өрнектеліп те отырған. Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз ойынның эсте - ти - калық әсерін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға деген ықылысын оятып, дүниетанымын арттыра білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шы - нықтыруды мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар ар - қылы жастарды өмір сүруге дағ - дыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, Аламан бәйге, Аударыспақ, Арқан тар - ту ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере бі - луге, білек күшін дамытуға ба - ғытталған. Хан дойбысы ойын түрлерін спорттық, Хан талапай, Төрт асық, Атпақыл, Қақпақыл, Омпы, Сасыр ойындары дәлдікті ептілікке, серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының әлсіз және күшті жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда ұлттық қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған. Қозғалмалы ойындар төрт топқа бөлнеді:
- табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;
- жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;
- мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
- құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру тетігіне айналды. Содан ойын өнері ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.
Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. Ойын - дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтаржиіатқарылады. Мектепоқушыларынаденекүшін, қозғалысдағдыларындамытуғабайланыст ыұлттықойындартүрлеріфизиологиялық, психологиялықтұрғыданқазіргізаманта лабынасай ары қарайдамытудықажететеді. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.
ІІ бөлім. Қозғалмалы ойындар
2.1. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.
Ойын - балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.
Ұжымдық қозғалмалы ойындар - бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.
Индивидуальды (жеке) қозғалмалы ойындарды әдетте кіші балалар құрады және ұйымдастырады. Мұндай ойындарда әркім өзінің жоспарын белгілеп, өіне қызықты шарттарды орнатады, ал кейде қалағандарынша өзгертеді. Жеке қалаулар бойынша ойластырылған іс-әрекеттерді іске асыру жолдары таңдалынады.
Қозғалмалы ойындар мазмұны оның сюжеті (тақырыбы, идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz