Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ДРАМАТИЗАЦИЯЛАУ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ..4
1.1. Сәбилер тобындағы драматизациялау ойындарының мазмұны ... ... ... ... ...4
1.2. Естияр тобындағы драматизациялау ойынының мазмұны ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Ересек тобындағы драматизациялау ойынының мазмұны ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.1. Ертегілер әлеміне саяхат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Драматизация - әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі
Ш. Айманов «Театр–адамдардытуыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі.Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж.
2. «Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.
3. Ембергенова Ж. Жастарды салаутты өмір салтына халықтың педагогикалық құндылықтары негізінде ұрпақ сабақтастығымен ұштастыра тәрбиелеу. Автореферат.канд. дис.-Қарағанды -2009ж.
4. Жалпы бастауыш білім. Қазақстан Республикасы. Стандарт. -Алматы,2003 ж. -23 б.
5. З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова Развивающие игры для детей младшего дошкольтного возраста.М.: «Просвещение»1991г.
6. «Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» В.С.Мухина 1975
7. Назарбаев Н.Ә // Егемен Қазақстан ,2 наурыз ,2006ж
8. Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002 ж. 383 б.
9. Қозыбаев С. Педагогика.- Алматы, 1999 - 274 б.
10. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика - Алматы, 2002 - 383 б.
11. «Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.
12. Өмірбаева К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер. -Ақтөбе,2003.
13. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1987. 392-6.
14. Рахметова С. Тестік бақылау жүйесі. Бастауыш мектеп. № 6. 2004 ж.
15. Сағындық ұлы. Педагогика. - Алматы, 1998 - 356 б.
16. Хухлева Д.В теория и методика физического воспитания детей дошкольного возраста. М.: «Просвещение»1971г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ДРАМАТИЗАЦИЯЛАУ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ..4
0.1. Сәбилер тобындағы драматизациялау ойындарының мазмұны ... ... ... ... ...4
0.2. Естияр тобындағы драматизациялау ойынының мазмұны ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Ересек тобындағы драматизациялау ойынының мазмұны ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1. Ертегілер әлеміне саяхат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Драматизация - әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі
Ш. Айманов Театр - адамдардытуыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес-деген болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі.Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ДРАМАТИЗАЦИЯЛАУ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
0.1. Сәбилер тобындағы драматизациялау ойындарының мазмұны
Драматизациялық ойында бала - артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын - драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады:
- Саусақтар ойын драматизациясы.
Сәбилер тобындағы балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
- Қуыршақ бибабомен ойын - драматизациясы.
Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Драматизациялауда қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
- сөздік қорларын байыту;
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;
Әдіс-тәсілдер:
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.
Жұмыстың нәтижесі:
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны сиқырлы өлке деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов Театр- адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері- тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес деген сенімде болған. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна \театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.
Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді.
Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.
Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.
Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.
Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатаын болсақ;
-Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі - қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі.
Театр түрлері:қуыршақ театры, саусақ театры, көлеңке театры.
Ойыншықтар театры.
Саусақ - театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.
Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.
Ас ішер алдында қолдануға болады.
Тамақ ішер кезде саусақ қуыршағы арқылы:\тақпақ айтуға болады.
Тамақ ішер кез келді.
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені,
Көзімізге ілмейміз. астарың дәмді болсын
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
-Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
-Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. \қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с.
-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

0.2. Естияр тобындағы драматизациялау ойынының мазмұны

Естияр тобындағы драматизациялау ойындарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің және т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Олар сюжетті - рольді ойындарға ұқсас: екеуіде құблыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым - қатынастарын, т.т шартты түрде елестеуге негізделген, сондай - ақ екеуінде де творчество элементтері бар. Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменің сюжеті бойынша балалар белгілі бір рольдерді атқарады, оқиғалаларды дәл жүйелілікпен жасайды.
Драматизация ойындарының көмегімен балалар шығарманың идеялық мазмұнын, оқиғалардың логикасы мен бірізділігін,олардың дамуы мен себептік шартын жақсы түсінеді.Ортақ әсерленумен біріккен балалар үйлесімді іс-әрекет жасауға,өз қалауын коллектив мүддесіне бағындыра білуге үйренеді.
Драматизация ойындарын өрістету үшін мыналар қажет: балалардың ойынға ынтасын туғызу және дамыту,олардың шығарма мазмұны мен тексін білуі,костюмдердің,ойыншықтардың болуы.Ойынға костюм кейіпкер бейнесін толықтаырады, бірақ ол балаға жайсыз болмауға тиіс. Егер костюм жасауға мүмкіндік болмаса, онда қайсыбір персонажға тән ерекшеліктерін сипаттайтын және элементтерді: қораздың айдарын, түлкінің құйрығын, қоянның құлағын, т.т. пайдалануға болады. Костюмдер жасауға балалардың өздерін тартқан жақсы.
Тәрбиешінің басшылығы мынада: ол ең алдымен тәрбиелік маңызы бар, сюжеті балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алады.
Мектепке дейінгі балалармен ертегіні арнайы жаттаудың қажеті жоқ. Тамаша тіл, тартымды сюжет, текстегі қайталаулар, оқиға дамуының ширақтығы - осының бәрі оны тезірек игеруге көмектеседі. Ертегі қайталап айтқанда балалар оны жадында жақсы сақтайды да, ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ишаратпен, ыммен, интонациямен тікелей жеткізеді.
Драматизация ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек - ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.
Драматизация ойынын өрістетуде, ойынның сипатты белгілерін игеріп, оны рольде ойнап көрсетуге, оған педагогтың өзінің ықылас қойып ертегіні оқып немесе айтып берген кезде көркемдік әсерлендіру құралдарын пайдалана білуінің зор маңызы бар. Дұрыс ырғақ, алуан түрлі интонация, пауза, кейбір ишараттар бейнені жандандырып, оларды балалағарға жақын етеді, олардың ойнауға ықыласын күшейтеді. Ойынды үсті - үстіне қайталай бастайды. Драматизация ойынына бір мезгілде бірнеше бала ғана қатыса алады, сондықтан педагог балалардың бәрі де кезекпен қатысып шығатындай етуге тиіс.

1.3. Ересек тобындағы драматизациялау ойынының мазмұны

Мектепке дейінгі ересек балалар рольдерді бөлісерде балалардың ынтасын, тілегін ескереді, ал кейде санау қолданады. Бірақ, бұл реттеде тәрбиешінің кейбір көмегі қажет: ол жасқаншақ балаларға құрбыларына игі тілектестігін туғызып, оларға қандай рольді тапсыруға болатынын айтып беруге тиіс. Басқалардың күте - күте жалықпауы үшін, бір мезгілде ойнайтын бірнеше топ ұйымдастыруға, көрушілер мен ойнаушыларды алмастырып отыруға болады.
А. С. Макаренко былай деп жазады: Бала ойында қалай болса, кейін өскен соң жұмыстада көп жағынан ұқсас болады. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқандай Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы балаланың рухани сезімі, жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады.( А. С. Макаренко).
Ойын іс-әректін дұрыс ұйымдастыру баланы әлеуметтендірумен когнитивтік оқытуға негіз болады (Ф.Фребель)
Драматизация ойындарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің және т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Олар сюжетті - рольді ойындарға ұқсас: екеуіде құблыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым - қатынастарын, т.т шартты түрде елестеуге негізделген, сондай - ақ екеуінде де творчество элементтері бар. Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменің сюжеті бойынша балалар белгілі бір рольдерді атқарады, оқиғалаларды дәл жүйелілікпен жасайды.
Драматизация ойындарының көмегімен балалар шығарманың идеялық мазмұнын, оқиғалардың логикасы мен бірізділігін, олардың дамуы мен себептік шартын түсінеді.
Шығармашыл бала тұлғасын қалыптастыруда ертегіні жандандыру үлкен рол атқарады. Белгілі бір шығарманы оқып, талдағаннан кейін оның мазмұнын ойын, жобалау, эксперименттеу, театрландыру, драмалау арқылы жандандырады. Ертегіні жандандырудың негізгі мақсаты ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің өмір сүретін әлеміне ену. Шығарманы кейіптендіру балалардың әдебиетке құмарлығын, артистік шеберлігін, шығармашылық қаблеттерін дамытуға ықпал етеді.
Бала қашанда өзінің ойлағанын, қоршаған ортадан алған әсерлерін тірі бейнеге немесе әрекетке енгізуге тырысады. Бейнеге енуде, бала кез-келген ролде ойнап, көргеніне, қызыққанына еліктеп, содан эмоционалды рахатқа бөленеді. Тәрбиеші мәтіннің мазмұнын жаттанды айтқызудан сақ болуы керек. Мәтін мазмұнын жатқа айту бір сарындылыққа ұласып, бала қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан драмалау әрекетінде импровизация(жанынан шығару) принцпін ұстанған дұрыс. Сонымен драмалау әрекетінде ең маңыздысы- кейіптендіру, образды шығармашылықпен енгізу және іске асыру.
Шығарманы жандандыру үрдісінде педагог мынадай міндеттерді шешеді:
- Балалардың ортақ іске жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
- Баланың жаңа ақпаратты пен әрект тәсілдерді меңгеру тәсілдерін жетілдіру;
- Баланың ойлауын, мақсатқа жетудегі табандылығын, еңбек сүйгіштігін қалыптастыру;
- Балалардың шығармашылық ізденісін, қызығушылығын, өз идеясын іске асыруға ынталандыру,
Драматизация ойындарын өрістету үшін мыналар қажет: балалардың ойынға ынтасын туғызу және дамыту,олардың шығарма мазмұны мен тексін білуі,костюмдердің,ойыншықтардың болуы.Ойынға костюм кейіпкер бейнесін толықтаырады, бірақ ол балаға жайсыз болмауға тиіс. Егер костюм жасауға мүмкіндік болмаса, онда қайсыбір персонажға тән ерекшеліктерін сипаттайтын және элементтерді: қораздың айдарын, түлкінің құйрығын, қоянның құлағын, т.т. пайдалануға болады. Костюмдер жасауға балалардың өздерін тартқан жақсы.
Тәрбиешінің басшылығы мынада: ол ең алдымен тәрбиелік маңызы бар, сюжеті балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алады.
Мектепке дейінгі балалармен ертегіні арнайы жаттаудың қажеті жоқ. Тамаша тіл, тартымды сюжет, текстегі қайталаулар, оқиға дамуының ширақтығы - осының бәрі оны тезірек игеруге көмектеседі. Ертегі қайталап айтқанда балалар оны жадында жақсы сақтайды да, ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ишаратпен, ыммен, интонациямен тікелей жеткізеді.
Драматизация ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек - ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады.
Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.
Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.
Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту.
Балалар сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.
Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:
- дамытушылық
-әсемділік
- театрлық.
Ырғақты иілгішті (ритмопластика) - бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:тынысалу және артикуляциялық,дикциялық және интонациялық сөздер мен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс - жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.
-қойылыммен таныстыру
- қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.
-Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.
-Дайындық
Қойылымды саханалау.
Театрландырылған ойынның жіктелуі.
Драматизация
Режиссерлық
Драматизациялық ойында бала - артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын - драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері:
-жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
-мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
-шығармашылық көрсетілім;
-бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.
Ал, драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.
Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды.
Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
Қуыршақ бибабомен ойын - драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ең көп тараған түрі:ойыншықтар театры - мұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды - маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында - саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар:
-әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар;
-таяқшадан жасалған театр;
-киндер- театр;
-магнит театры;
-мачалка театр;
-үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады (олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады);
-ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Суреттер театры - Декорациямен кейіпкердің - суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
Стенд-кітапша театры - Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер).
Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Трафарет театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
Көлеңкелі театр - Жарық өте жақсы түскен экранда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәнерлілігін дамыту ерекшеліктері
Байланысты сөйлеуді дамыту - балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
Химия пәнінен интербелсенді әдістерді қолданудың ерекшеліктері
Қазіргі балабақшадағы тәрбиешенің тың қызметі
Пәндер