Коммуникативтік ойын технологиясының педагогикалық әдістемесі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1тарау. Ойын технологиясының анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы ... ... ... ... ... .8

1.2. Шетел тілі сабағында ойындардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 тарау . Коммуникативтік ойын технологиясының педагогикалық әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.1. Фонетикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.2.Грамматикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.3.Лексикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
1.Кіріспе

It’s more than a game. It’s an institution.
Thomas Hughes (1822-1896)

«Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын- дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығы мен жасапаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген атақты педагог В. А. Сухомлинский.
Жұмыстың өзектілігі: инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі- иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Бастауыш мектептерде, әсіресе ойындық, коммуникативтік, зерттеушілік, сияқты технологияларды қолдану өте тиімді.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып (1-4 сынып) оқушылары
Зерттеу пәні: шетел тілі сабағында коммуникативті ойын технологиясын пайдалану
Болжамы: коммуникативті ойын кезінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта- ықыласы артады.
Зерттеу мақсаты:
• Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
• Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
• Коммуникативтік ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады, яғни мұғалім әдісі- ойын.
Дүниеге келген сәбидің ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының басты белгі, бедерлері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шығармашылық, эмоционалдық көңіл күйі және ерік жігері бөлінеді.
Ойын мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді., еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Сана- сезімі, еркі, өзін- өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетінің басқалардың іс- әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапйым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.[3,53б]
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Аракин В. Д. Практический курс английского языка ., 1998
2. Мектептегі шет тілі - Иностранный язык в школе №3 , 2004
3. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №1, 2008
4. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №5, 2009
5. Зимняя И.А. Психология обучения иностранному языку в школе. М.,
6. Просвещение, 1991г.
7. Верещагина, Рогова. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях. М., 1998г.
8. Комков И.Ф. О некоторых методах начального обучения иностранным языкам в школе, Государственное учебно-педегогическое издательство Министерства Просвещения БССР, Минск, 1963г.
9. Сумин В.М. Речевые ситуации на уроках иностранного языка. Иностранные языки в школе, № 6, 1993г.
10. Стронин М. Р. Обучающие игры на уроке иностранного языка М., 1981
11. Стронин М.Ф. Обучающие игры на уроке английского языка. М., Просвещение,1984г.
12. Равинская В. Игры как средство обучения. Иностранные языки в школе, № 1,1980г.
13. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №6, 2006
14. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №1,2007
15. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №5, 2009
16. ШҚО педагогика жаршысы, №2, 2008
17. Эльконин Д.Б. Психология игры. М., 1978г.
18. Часнок С.С. Ситуативно-игровое обучение иноязычному устному общению на начальном этапе средней школы. МПИ им. Ленина, 1989г.
19. http\ google\ kz
20. http\ google \ ru

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1тарау. Ойын технологиясының
анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..4

1.1.Ойын технологиясының функциясы мен
классификациясы ... ... ... ... ... .8

1.2. Шетел тілі сабағында ойындардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2 тарау . Коммуникативтік ойын технологиясының педагогикалық

әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2.1. Фонетикалық
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .16

2.2.Грамматикалық
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18

2.3.Лексикалық
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25

1.Кіріспе

It’s more than a game. It’s an institution.
Thomas Hughes (1822-1896)

Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес.
Ойын- дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани
байлығы мен жасапаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік
алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар
оты, - деген атақты педагог В. А. Сухомлинский.
Жұмыстың өзектілігі: инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-
иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып,
оқушының оқу әрекетінің белсенді субьектісі болуына мүмкіндік береді. Оның
өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Бастауыш
мектептерде, әсіресе ойындық, коммуникативтік, зерттеушілік, сияқты
технологияларды қолдану өте тиімді.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып (1-4 сынып) оқушылары
Зерттеу пәні: шетел тілі сабағында коммуникативті ойын технологиясын
пайдалану
Болжамы: коммуникативті ойын кезінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы
өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта- ықыласы артады.
Зерттеу мақсаты:
• Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
• Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту
жолдарын анықтау;
• Коммуникативтік ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және
оның шешімін іздестіруге құрылады, яғни мұғалім әдісі- ойын.
Дүниеге келген сәбидің ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке
басының басты белгі, бедерлері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса
бастайды. Ойында баланың шығармашылық, эмоционалдық көңіл күйі және ерік
жігері бөлінеді.
Ойын мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық
балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала
үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді,
олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді., еңбектің мәнін
түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты
психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Сана-
сезімі, еркі, өзін- өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетінің басқалардың іс-
әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін
арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа
тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз
тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде
пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам,
өткізілуі жағынан қарапйым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған
ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп
отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы
меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп,
тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.[3,53б]
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі,
шығармашылығы артады.

1. Ойын технологиясының анықтамасы.

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік
құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы
зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу
мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып,
оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе,
Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы
мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен
басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа
жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын
ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау
жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан,
ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым
сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық
шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның
табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде
сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын
мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы,
оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан
бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына
сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар,
компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді
жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,
психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В.
Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген
білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап
көрсетуге болады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының
негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі,
дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын
арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген
біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын
қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының
сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан
оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын
элементтері кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын
оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен,
белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың
бірі - дидактикалық ойындар.[17,104б]
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны -
балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың
бірі деп айтуға болады.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын
сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу
(танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға
қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Бастауыш сыныптардың тіл сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа
тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да
пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан
мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге
тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін
арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік
меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға
да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана
қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің
мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын әрекеті балалардын бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ
маңызды орын алады. Ойын бастауыш сынып мұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі
болу керек.
А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас
педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте
мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады.
Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К.
Бабанский - ойында бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін
ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру
жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін
пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында
пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың
сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ
балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың
мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн.
Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін
бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі
маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге
үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен
ынтымақта болуға үйренеді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасы мен
мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде үздіксіз дамытып
отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын окушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен
орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде
пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті
нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа
зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.
Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған
сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану
оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер
етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің
жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың
ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың
психикасына сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу
әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу шәкірттердің
білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы
болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны
әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге
көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы
міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың
әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық
ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың
ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал
шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп
мақсатын байқауға болады.
Отандық педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін
К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин салды.
Қазақстандық ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров еңбектері берік білім
берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын
элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К.Гросс,
Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және тағы басқа ойшылдары
мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді.
К.Гросстың теориясы кеңінен танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке
дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам
жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен
байланысты. Бұл теорияның кемшілігі – ойынды тудыратын себеп, түрткілерді
ашпауы.
Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г.Спенсер қалыптастырған ойын теориясында
ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде,
еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады.

Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға
жіберу себебі анықталмаған.
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы
формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау
алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды.
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К.Бюлер нәтижесіне қарамастан
әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану
теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория
ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.
З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске
асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген
кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің
әдемілігі мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз
қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге
дайындықтан қашуға айналады.
Л.С.Выготский мен оның оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы адам
ойнай отырып, өзіне қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді
ойнайды.
Ойынның спецификалық формаларын дамыту үшін қалыпты жағдайды қиялдағы
жағдаятқа көшу сипатымен айқындалады, бірақ ол ойын негізіне жатпайды.
Ол ойынның бастауларын ашпай ойын жүйесіне басты назар аударады. Бұл
теория баланың қалыпты жағдаяттағы ойынын есепке алмайды және ойынды даму
үстінде сипаттай алмайды.[16,65б]
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену,
екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін
жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары
сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға,
шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне,
еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа
жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және
мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын
әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология
ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі
ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.[5,44б]

1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы

Ойын педагогикалық технологиялары ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар
түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды қамтиды. Жалпы
ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі - оқу-танымдық бағытта
сипатталған, педагогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты қойылады. Оқу
әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын түрінде
ұйымдастырылады.
Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар
айқындалған:
Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.
Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын
жарыс элементтері енгізіледі.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен
байланыстырылады.
Ойын – адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі
болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын
білмейді. Мектепте мұғалім монолог, диалог түрінде балаларға білім береді.
Бір-бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін үйретіп,
өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті
түрде жүреді.
Педагогикалық ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс түсінуі оқу
үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлін анықтайды. Ойын элементтері
мен оқытуды ұштастыру мқғалім шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның
өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясы.
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойын - баланы әлеуметтендірудің
бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-
құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді
игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ
астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Ойынның
әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбие әдеуетін игерген ұжымның
толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының
көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына,
нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды
меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз
ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді
қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық
ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның функцияларының
бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы
үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында
бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына
кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-µрісінің дамуы көрінеді.
 4. Коммуникативтік ойын. Белгілі бір ережесі болса да ойын
коммуникативті әрекет. Ойын оқушыларды адам қарым-қатынастарының әр түрлі
жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге
итермелейді. Топтық ойынға қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы
қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса,
ешқандай ойын болуы мүмкін емес. µ
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Диагностика - диагноз қою үрдісі,
білу қабілеті. Адамның басқа іс-әрекетімен салыстарғанда ойынның немен
аяқталатынын болжауға болады. Тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-
өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған
басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі
қиындықтарды жеңу үшін де пайдаланылады. Д.Б.Эльконин ойын тәсілдерінің
емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: Ойын емінің эффектісі бала
рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен
анықталады. Рөлдік ойындар баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-
қатынасқа үйретеді. Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі
болады.
7. Ойынның түзету функциясы. Ойынның әрбір қатысушысы өз рөлі ғана емес
басқалардың да рөлін жақсы білсе, ойын ережесімен жақсы таныс болса, онда
психологиялық түзету табиғи жағдайда жүреді. Түзету ойындарының тәртібі
нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор. Сонымен
қатар бала өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай,
қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Көңіл көтеру - түрлі нәрсеге,
әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Ойынның көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның
тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды атмосфера
құрып, белгілі бір жағдайларда жайлы жағдай орнатумен тығыз байланысты.
Ойындағы көңіл көтеру үнемі ізденіс жағдайында өтеді. Ойын қиялды дамытып,
көңіл көтеруге итермелейді. µ
Ойын түрінде оқыту барысында әртүрлі түрткінің тәсілдерін қолданады:
1. Қарым-қатынас түрткісі.
2. Моральдік түрткілер.
3. Танымдық түрткілер.
1. Қарым-қатынас түрткісі. Оқушылар ойынға қатыса отырып, бір мақсатты
шешу арқылы қарым-қатынас жасауды, жолдастарының пікірімен санасуды
үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың әртүрлі
мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәжірибелік іс-әрекет кезінде тез ойлай
білетін, жылдам, әрі мұқият жұмыс істейтін байқампаз, сын тұрғысынан қарай
білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды. Ойын кезіндегі
біріккен эмоционалды қобалжулар өзара қарым-қатынастың нығаюына ықпалын
тигізеді.
2. Моральдік түрткілер. Ойын кезінде әр оқушы өзінің білімін, дағдысын,
мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс әрекетке деген қарым-
қатынасын көрсетеді.
3. Танымдық түрткілер. Әрбір ойынның аяқталуы оқушылардың мақсатқа,
жеңіске жету жолында басқалардан білімінің, дағдыларының, спорттық
қабілетінің жоғары болуына итермелейді. Топтық ойында әрбір оқушы бас
кезінде тең жағдайда болады. Бірақ ойынның қорытындысы әр оқушының
дайындығына, қабілетіне, мінез-құлқына, біліміне, шыдамдылығына тәуелді.
Кейбір ойындарда оқушылар әлеуметтік бет перде киіп, өздерін тарихтың
белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді. Ойында табысқа жету танымдық
қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса, ал жеңілген жағдайда
танымдық іс-әрекетін жоғарылату қажеттігін тудырады. Ойын балалар үшін
бәсекелестігімен тартымды. Ойыннан алынған рахаттану сезімі сабақтарда
жағымды жағдай тудырып, пәнді оқуға қызығушылықтарын арттырады. Ойындағы
алынбаған жауап балалардың ойлау әрекетін белсендендіріп, жауабын табуға
тырыстырады. Ойын барысында ортақ мақсатқа жету үрдісіндегі ойлау іс-
әрекеті белсендіріледі. Ойлау танымдық мақсаттарды шешуге бағытталады.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін көптеген ойындар
арқылы басқару қажеттілігі туындайды.
Ойынды таңдау баланың белгілі бір тєрбиелік мақсаттарын жүзеге асыру
қажеттілігінен туындайды. Ойын ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын,
олардың интелектуалдық дамуын, дене бітімінің дамуын, жас ерекшелігін,
қызығушылықтарын, қарым-қатынас жасау деңгейін білу қажет. Ойынды таңдау
оның өту кезеңіне, табиғи климаттық жағдайға, уақыт ұзақтығына, жыл
мезгіліне, ойынға қажетті заттардың болуына байланысты. Ойын барысында ойын
түрткісі өзгере береді. Балалар ойын кезінде рахат алу үшін әрекет жасайды.
Кей жағдайда бала бір нәрсені заттай алу үшін, кейде шығармашылық жағдайда,
бәсекелестік жағдайда өтеді. Бала ойын барысында өзара байланыстағы бірнеше
деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға
қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы,
көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу,
қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.
Баланың тілегі мен тәрбие мақсаты үйлескен кезде ойынға қызығушылық
пайда болады. Ойнауға ауызша және жазбаша тартуға болады. Ойын заттары,
ойыншықтар, ойын жарнамалары ойнауға қызығушылық тудырады. Ойнауға ұсыныс
жасау арқылы оның ережесі мен іс-әрекет техникасы түсіндіріледі. Ойын
шартын түсіндіру өте маңызды кезең. Ойын шартын тура басталар алдында нақты
және қысқаша түрде түсіндіру қажет. Бұл кезде ойын заттарын, ойнаушылар
айырмашылығын, негізгі және көмекші ережелерді, ойын мазмұнын, ойын атын
айту қажет.
 Ойнайтын жер ойынның мазмқнына, құрамына, сюжетіне, ойнаушылардың
санына сәйкес келуі керек. Сонымен қатар қауіпсіз, балаларға ыңғайлы,
гигиеналық талаптарға сай, бөгде адамдар кедергі жасамайтын жерде болғаны
жөн. Ойын алаңы балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталуы тиіс.
Ойындар қосарланған, жеке, топтық және ұжымдық болады. Ұжымға, топқа бөлген
кезде әдеп сақтау, балалардың бір-біріне тартымдылықтарын, симпатияларын,
жаратпаушылықтарын ескеру қажет. Балалардың ойнау тєжірибелерінде топтарға
бөлу кезінде жеребе, санамақ сияқты демократиялық тәсілдер бар.
Бала ойынындағы маңызды сәттердің бірі рөлге бөлу. Олар белсенді және
енжар, негізгі және қосымша болуы мүмкін. Рөлге бөлу кезінде дене
тұлғасының ерекшелігіне, жынысына, жасына тәуелді болмайды. Көп ойындар
рөлдердің тең құқылығына құрылған. Кейбір ойындар үшін жүргізушілер,
капитандар, басқарушылар қажет. Жетекшілер мен тәрбиешілердің балалар
ойынындағы рөлі маңызды. Олар ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны
жөніндегі ақыл-кеңесшісі балалардың даулы мәселелерін шешіп беретін әділ
төреші болуы тиіс. Тәрбиеші кейде рөлдерді өзі бөледі. Кей жағдайда
капитандар, жүргізушілерді тағайындайды. Бала тілегі де ескеріледі. Ойында
рөлдерді кезектесіп ойнайды.
Топтық ойындар кезінде рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүдде
туралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін
көтеруге, тәртіпсіздерге тәртіпті болуға, жаңадан қосылған балаларға
басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді. Демек, ойнау кезінде
балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатар ойын
барысындағы бәсекелестік жағымсыз қарым-қатынас тудыруы мүмкін. Жағымсыз
қылықтар арқылы, әртүрлі амал-айла көмегімен өз тобын жеңіске жеткізуге
тырысады. Сол жағдайда педагогтің немесе жетекшінің міндеті  - балалар
арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты талдап, дұрыс шешім қабылдап,
тиімді әдіспен басқару.
Ойын кезінде көмекші рөлдердегі балаларға жетекшілердің үстемдік
көрсетпеуін, әрбір рөлдің әрекетте болуын, жағымсыз рөлдердің болмауын
ескеру керек.
Ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-
әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында
өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-
әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Сатылай оқыту технологиясы
Жобалау мен шығармашылық
Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ІРІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Пәндер