Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары ... ... ... 15
2.1. Фонетика, морфология, синтаксис ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3.Сын есімді оқытуда ойын элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ІІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.1. Мәтіннің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.2. Жалқы есім мен жалпы есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
«Білім туралы Заңның» негізгі ережелері
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер «Білім туралы» Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ш.Әуелбаев. Бастауыш сынып қазақ тілін оқыту методикасы, Алматы мектеп 1987
2. С.Рахметова «Ана тілі» қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы 1991
3. Ғ.Ж.Турдалиев, Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі, Фолиант баспасы, Астана 2007
4. «Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал №10 (42), №11 (43) 2013
5. «Бастауыш сыныпта оқыту» Республикалық әдістемелік журнал 2. 2011.
6. Жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбына арналған оқулық Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева Алматы, «Атамұра» 2014
7. «Тәрбие сағаты» журналы №1 2012 (30 бет)
8. «Бастауыш білім» журналы №3 2013 (3,4,5 беттер)
9. Қазақстан мектебі. №11 2009 (8-9 беттер)
10. «Бастауыш мектеп» журналы №4 2006
11. «Бастауыш білім» №2 2011 (3-4 беттер)
12. «Бастауыш мектеп» №10 2010 (3,4,5,14,15 беттер)
13. Қазақ тілі оқушы анықтамалығы (1-4 сыныптар) Э.Б.Бапиева, П.Е.Мұқашева
14. «Бастауыш мектеп» №10 2006 (5 бет)
15. «Бастауыш білім» №6 2010
16. «Бастауыш білім» №3 2013 (16-17 бет)
17. 2 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары ... ... ... 15
2.1. Фонетика, морфология, синтаксис ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3.Сын есімді оқытуда ойын элементтерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ІІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.1. Мәтіннің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.2. Жалқы есім мен жалпы есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы -- республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Білім туралы Заңның негізгі ережелері
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі - жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер Білім туралы Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Құқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
Білім заңына сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
Білім туралы Заң жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.
1989 жыл, 22 қыркүйек: ҚР Тілдер туралы Заңы қабылданып, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесі (статусы) берілді.
1997 жыл, 11 шілде: ҚР Тілдер туралы Заңы Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
ҚР Тілдер туралы Заңында 6 тарау бар:
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар).
2-тарау. Тіл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында (8-15 баптар).
3-тарау. Тіл - білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында (16-18 баптар).
4-тарау. Тіл - елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекті ақпаратта (19-22 баптар).
5-тарау. Тілдік құқықтық қорғау (23-26 баптар).
6-тарау. Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану (27 бап).
Қолдану саласы
Бұл стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды және Қазақ тілі пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқу пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың білім беруді ұйымдастыруының меншіктік формасына, типіне және түріне қарамастан, Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың жалпыбілімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде,
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде,
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында пән бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында,
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында Қазақ тілі пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,
- білім саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында Қазақ тілі пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылуы және сақталынуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдалануы мүмкін.
Қазақ тілі пәні бойынша осы стандарт мектептің бастауыш сатысындағы базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
- ҚР БМЖМС 2.003-2002 Жалпы орта білім. Негізгі ережелерге,
- ҚР ЕР. 40.1.01-2000 ҚР МЖС-нің Білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуге қойылатын жалпы талаптарына сілтемелер жасалған.
3 Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңына және ҚР БМЖМС 2.003-2002 сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша осы стандартта келесі анықтамалар және қысқартулар келтірілген.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беру стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ қазақ тілінен оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
Қазақ тілі пәнінің базалық мазмұны - мектепте міндетті түрде оқытулуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының тізбесі.
БМЖМС - Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
БОЖ - базистік оқу жоспары.
4 Жалпы ережелер
4.1. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
4.2. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты міндеттері
Қазақ тілі пәнін оқытудың басты міндеттері төмендегідей болып белгіленді:
- сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, оларды өзара салыстыра, топтай және жинақтай білуге үйрету;
- орфографиялық дағдыларды қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгерту;
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Оқушылардың адамгершілік, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
4.3 Қазақ тілі пәнін зерттеу объектілері
Қазақ тілі пәнінің мазмұны қазіргі тіл біліміне негізделеді. Мектептің бастауыш сатысындағы Қазақ тілі пәнінің басты оқыту объектісі - тілдік дыбыстық, мағыналық жүйесі; сөз және сөйлем жүйесі.
4.4 Қазақ тілі пәні мазмұнының даму болашағы
Бастауыш мектептегі Қазақ тілі пәнінің мазмұны негізгі мектептегі Қазақ тілі пәнінің мазмұнында дамытылады.
4.5 Қазақ тілі пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны
БОЖ-да Қазақ тілі пәні Филология білім саласына кіретін, бастауыш мектепте міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген.
Қазақ тілін оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының БОЖ-дағы мектеп компонентіне (таңдау пәндері) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
5 Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
Қазақ тілі пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы мына бөлімдерді қамтиды:
- тіл және сөйлеу;
- фонетика;
- лексика;
- сөзжасам;
- морфология;
- синтаксис;
- мәтін;
- пунктуация.
6 Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Қазақ тілі пәні 2-3-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады, оқу жылында:
2-сыныпта 136 сағат;
3-сыныпта 136 сағат;
4-сыныпта 136 сағат.
7 Қазақ тілі пәнінің базалық білім мазмұны
Тіл және сөйлеу
Тіл және сөйлеу туралы түсінік. Сөйлеудің түрлері. Сөйлеу мәнері. Сөйлеудің адам сезіміне, іс-әрекетіне ықпалы.
Фонетика
Дыбыс және әріп. Дауысты дыбыс, оның жуан және жіңішке түрлері. Дауыссыз дыбыс. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар, олардың үндесуі және емлесі. Буын және буын үндестігі. Тасымал. Қазақ алфавиті.
Лексика
Сөз туралы түсінік. Сөз мағынасы және оның түрлері. Тұрақты сөз тіркестері.
Сөзжасам
Түбір және қосымша. Қосымшаның түрлері. Қосымшаның емлесі. Түбір сөз және туынды сөз. Күрделі сөз және оның түрлері.
Морфология
Сөз таптары. Зат есім, оның түрлену жүйесі. Негізгі және туынды зат есім. Етістік, оның дара және күрделі түрлері. Болымды, болымсыз етістіктер. Негізгі және туынды етістік. Етістіктің жіклетуі. Етістіктің шақтары. Сын есім, оның дара және күрделі болып бөлінетіні. Негізгі және туынды сын есім. Сын есімнің салыстырмалы шырайы. Сан есім, оның дара және күрделі болып бөлінетіні. Есептік және реттік сан есім. Есімдік. Жіктеу есімдігі. Үстеу, оның түрлері. Шылау. Одағай.
Синтаксис
Сөйлем, оның айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жай сөйлем, оның жалаң және жайылма түрлері. Құрмалас сөйлем. Қаратпа сөз. Қыстырма сөз.
Мәтін
Мәтін туралы түсінік. Оның түрлері (хабарлау, сипаттау, пайымдау). Байланыстырып сөйлеу. Сөйлеу мәдениеті.
Пунктуация
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі. Қаратпа және қыстырма сөздердің тыныс белгісі. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі.
Каллиграфия
Таза, әдемі жазу. Әріптерді дұрыс жазу, сөздегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу. Жылдам және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
8 Қазақ тілі пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8.1. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар
Білімі:
- әріп дыбыстың таңбасы екенін білу;
- дыбысты және оның дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін білу;
- дауысты дыбыстар, оның жуан және жіңішке түрлерін білу;
- дауыссыз дыбыстар, оның қатаң, ұяң, үнді түрлерін және олардың емлесін білу;
- буын мен тасымалды білу;
- сөз мағынасының өтілген түрлерін білу;
- түбір мен қосымшаны білу;
- жұрнақ пен жалғау, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу;
- өтілген сөз таптары және олардың түрлену жүйесін білу;
- сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін білу;
- жай сөйлем, оның жалаң және жайылма түрлерін білу;
- құрмалас сөйлемді білу;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын білу;
- сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін білу (жеке атауларынсыз);
- бірыңғай мүшелерді білу;
- сөз тіркесін, оның сөйлемнен өзгешеліктерін білу;
- мәтіннің жеке сөйлемдерден ерекшеліктерін білу;
- мәтіннің түрлерін білу.
Біліктілігі:
- дыбыс түрлерін айыра алу;
- буынға бөле алу және дұрыс тасымалдай алу;
- дыбыстық талдау жасай алу;
- түбір мен қосымшаны ажырата алу;
- жұрнақ пен жалғауды ажырата алу;
- сөз құрамына талдай алу;
- өтілген сөз таптарын айыра алу және талдай алу;
- сөйлем түрлерін ажырата алу;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсете алу;
- сөйлем мүшелерін айыра алу;
- сөйлем соңында келетін тыныс белгілерін дұрыс қоя алу;
- өтілген емлелік ережелерге сай сауатты жаза алу;
- мәтін түрлерін айыру және ондағы негізгі ойды анықтай алу;
- мәтінге ат қоя алу және оны бөлікке бөле алу.
Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуын негізі ретінде танылған. Білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы - бастауыш мектеп, сондықтан мұндай мақсатқа жетуде ерекше орын алады.
Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында [4] айқын көрсетіліп, әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп, оларға әрбір пәннің мақсатын қайта қарауға бағыт береді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты: қоғам мақсаты мен өз мақсатын ұштастырып байланыстыра алатын, шығармашыл, қоршаған ортадағы жағдайға бейімделгіш, өз бетімен шешім қабылдай алатын, іскер, ой-өрісі дамыған интеллектуалды, зиялы, мәдениетті, парасатты, елжанды, жеке тұлғалы азаматты тәрбиелеп шығару.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - ұлттық құндылықтардың баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына, өз ойы мен пікірін ашық жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуметтік толық іске асыруына ықпал ету болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: 12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру, - деп нақты көрсетілген.
Мұғалім оқушы бойына коммуникативтік білім, біліктілік, дағдыларды қалыптастыру керек. Менің ойымша: оқушы бойына коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін мынадай біліктілік пен икемділікті меңгерту қажет:
- кез-келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даяр тұруы;
- қарым-қатынаста сөз байлығын кеңіне қолдана алу, оның ішінде көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу;
- айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге төселу;
- кез-келген тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалау;
- тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б.
12 жылдық білім моделіне көшу - бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепішілік шығармашылық топтар, аудандық және мектептің әдістемелік бірлестігі отырысында, әр түрлі деңгейдегі семинарларға қатысу, біліктілікті арттыру институтындағы курсқа бару, кәсіби сайыстарға және басылымдарға жазу және т.б. арқылы жүзеге асады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу барысында педагогикалық құзыреттілікті дамыту жолдары:
- педагогтардың әдістемелік мәдениетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеу;
- 12 жылдық білім беруге көшуді ақпараттық әдістемелік банкінің қалыптасуы, озық педагогикалық тәжірибені, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану;
Озық тәжірибелі мұғалімдердің қызметінің негізгі бағыттары:
- қызықтыратын тақырып бойынша педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді оқу;
- ең озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмысымен тәжірибе алмасу және оны тарату;
- мұғалімдердің озық тәжірибесімен танысу;
- шебер мұғалімдер жұмысымен танысу.
12 жылдық білім беруге көшумен байланысты жаңа технологияларды оқу-тәрбие процесіне енгізуге және мұғалімдердің жаңа буын оқулықтарын игеру, педагогтардың кәсіптік біліктіліктерін дамыту, пәнді оқытудың деңгейін көтеруде себебін тигізеді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігі педагогикалық құзыреттілікті дамыту, кәсіби біліктілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында ережеге сай жұмыс жасайды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада тұңғыш рет еліміздің білім беру саласында күрделі реформа жүргізу, 11 жылдық орта білімнен 12 жылдық орта білімге көшу қажеттігі айтылған.
Бағдарламада 12 жылдық мектептің мақсаты өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесі үшін де, қоғамдық мүдде үшін де өзін-өзі толық жұмылдыра алатын, білімді, шығармашыл, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және дамыту деп атап көрсетілген.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін білім беруге бағдарланған оқыту жүйесінен дүниежүзілік үрдіске сәйкес білім берумен бірге, тұлғаны әлеуметтендіру мен оқушылардың проблемаларын шешу, ақпараттық және коммуникативтік (іс әрекет) құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған, яғни нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесіне көшу керектігі негізделген.
Барлық дамыған елдердің 12 жылдық мектептері жоғарыда айтылғандай (5-6)+(4-3)+3 моделімен жұмыс жасайды, ал Қазақстанда 4-6+2 моделі арқылы жұмыс жүргізетін болады.
Жастарға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мектеп моделіне тәуелді. Орта білім жүйесіне жаңа білім беру мазмұнын енгізу - елімізде бұрын-соңды іске асырылмаған аса күрделі ғылыми-тәжірибелік жұмыс. Оны іске асыру үшін көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бір жағынан 12 жылдық мектеп тұжырымдамасы жазылып, эксперименттік оқу құралдары әзірленіп, оларға теориялық және тәжірибелік мониторнг жүргізіліп, екінші жағынан 12 жылдық мұғалімдерін даярлаудың тұжырымдамасы, педагогикалық оқу орындарының жаңа білім стандарттары мен оқу құралдары дайындалып, 12 жылдық мектеп мұғалімдерін дайындау жұмыстары басталуы керек еді.
Қазіргі уақытта 12 жылдық мектеп талабына жауап беретін бірде-бір оқулық жоқ. Оған жеңіл көз жеткізуге болады. Барлық оқулықтар - тек пәндік білім беру әдіс-тәсілдеріне негізделген оқулықтар.
Білім сапасын арттыру үшін оқулық сапасы қаншалықты маңызды рөл атқаратыны белгілі жайт. Қазіргі жағдайда оқулықтар сапасы жыл сайын жақсара түсуде. Яғни 12 жылдық мектеп оқулықтарын жасауға тәжірибе қалыптасты деуге болады.
12 жылдық мектеп оқулықтарын сапалы дайындау үшін жұмыстар төрт бағытта атқарылуы қажет.
Қазақстандық 12 жылдық мектеп оқулығын дайындаудың негізін жасау; оқулық авторларын дайындау; оқулықтарға теориялық және тәжірибелік мониторнг жүргізу жүйесін толықтырып, олармен жұмыс жасайтын эксперттер дайындау; дайындалған оқулықтарды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру.
Осындай жұмыстар атқарылған жағдайда сапалы оқу құралдары дайындалады.
2004 жылы қабылданған Мемлекеттік бағдарламада 2008 жылы 12 жылдық мектепке өту қажеттігі жазылған болатын. Бұл шешім өзгертіліп, 12 жылдық мектепке өту 2010 жылға қалдырылды.
Өйткені әр пән бойынша оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік негізін жасау; құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру жағдайларында білім беру үрдісін ұйымдастыруды теориялық-әдіснамалық негіздеу; оқу пәндерінің мазмұны арқылы оқушыларды әлеуметтендірудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін жасау; оқушылардың жаңа материалды өздігінен игеруіне бағытталған оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін құру және т.б. көптеген қажетті зерттеулер жүргізілмей қалып отыр.
ІІ. Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары
2.1. Фонетика, морфология, синтаксис
Фонетика - дыбыстуралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп атаған.
Дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп түрудың тетігі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б.
Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы болып келеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады.
Тарихи фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бо - йынша айқындалады.
Тілдің дыбыс жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыс - тырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салғастырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жазылуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әуесқойлығын да қажет етеді. өйткені сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады. Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген.
Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлі сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше - оқушылар сөз таптарын орфографиялық ережелерді көп сөздерді мағыналарын түсіне алмайды.
Морфология - сөздерді жеке - жеке қарастырмайды, оларды белгілі топқа бөліп, сол топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық белгілерін және өзіне тән ерекшеліктерін анықтап, сол жөнінде анықтама жасайды.
Морфология - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Морфология бөлімінің объектілірі ғылыми тұрғыдан жан - жақты зерттеліп, нақтыланған.
Морфология - грамматиканың көп қолданылатын және оның барлық саласымен ұштасты, оларды қолдануға дәнекері сияқты қызмет атқаратын ең бір тармақты саласы. Соныдқтан да біз мектебіміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын жақсы білгізу үшін, тіліміздің морфология бөлімін жақсы білгізуге ерекше ғылыми, пратикалық мән береді. Егер оқушылар морфологияның ғылыми негізгі мен оның өзіне тән белгілерін жақсы білсе, олар қазақ тілі грамматикасының басқа салаларын да жақсы білетін болады.
Синтаксис - сөздердің тіркесін, сөйлем заңдылықтарын жүйелеп, сол жөнінде анықтамалар жасайды.
Синтаксисті өту арқылы оқушы жазу тілі мен ауызекі сөйлеу тілінің маңызын игере түседі. Оқушыға сөйлемдегі сөздердің бәрі грамматикалық байланысқа түсе бермейтінін, сөйлемді талдағанда оқшау сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген жөн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді саналарында берік қалыптастыруға күш салу қажет.
Синтаксис - грамматикалық, морфология сияқты, өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді; синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі , тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр- түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы ситаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз - оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу заңдылығы т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы. Сөз тіркесін тарауындағы күрделі тақырыптарының бірі - күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер. Сөз тіркесін таптастыру тақырыбын өткенде басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалып тұрғандығы айтылады, ал бағыныңқы сыңарының қай сөйлем мүшесі екендігіне қарап-ақ, оның қандай қатынаста тұрғандығын білдіреді.
Сөз тіркесін көптеген ғалымдар сөз таптары негізінде топтаса, кейде сөйлем мүшелері аясында да топтайды.
Жалпы алғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай көбінесе сөз таптары негізінде топтау басым. Бірақ осы ұстанымды көптеген ғалымдар қолданғанымен түрколог ғалымдар арасында бірізділік жоқ.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы сыңарларының қызметі ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-келген сөз тіркесі қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сөз табына ұйытқы болатын бір ғана сөз табы қатысады.
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары көбінесе есімді, етістікті делінсе, ал сөйлемдегі тиянақтаушы баяндауыштарды есімді, етістікті және құрама деп үшке бөліп қарастырамыз. Осындай құрылымдардың сөз тіркесінің аясына келгенде бір ғана байланысу формасы қарастырылады.
Жай сөйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен сөйлемнің басты қасиеттеріне ерекше тоқталған жөн. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді оқытқанда, оқушыларға бұл сөйлемдердің әрқайсының қандай жағдайда, қандай мақсатпен қолданылатынын және олар ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазбаша текстілерде қандай мән беретінін, мағынасының жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол сөйлемдердің айтылуындағы тиісті дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп, нақысына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға оларды оқытудың интонациясы сөйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі жағына айрықша көңіл бөлінуге тиіс.
Синтаксистің басты зерттеу обьектісінің бірі - сөйлем. Сөйлем - пікір алысуды, қарым - қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі. Біздің басқаға айтатын ойымыз мақсатты болады: кейде, мысалы, есіткен - білгенімізді біреуге хабарлауды мақсат етсек, кейде біреуден бірдеңені сұрап білуді мақсат ете сөйлейміз. Сондай мақсатты ойларымызды сөздерден сөйлем құрау арқылы хабарлаймыз. Ал сөздер сөйлем құрамына ену үшін өз ара мағыналық, синтаксистік байланысқа түсіп, өз ара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуінен сөз тіркесі жасалады.
Сөйтіп , сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың материалдары. Сөйлем кейде көп сөзден, кейде жеке сөзден не сөз тіркесінен жасалады. Соңғы жағдайда сөздер мен сөз тіркестері өздерінің лексикалық және синтаксистік қасиетін жоймайды. Түн . Аспанда алақандай бұлт жоқ. Не болмаса: Желсіз түн. Екі кісі жүріп келеміз. Бұл сөйлемдерде түн- әрі сөз, әрі сөйлем; желсіз түн - әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем.
Сөздер сөз тіркестерінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы болады да, бастауыш- баяндауыштық тұрлаулы, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық тұрлаусыз қатынаста жұмсалады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың бас арқауы, негізі болса, тұрлаусыз мүшелер олардың маңына ұйысып бастауыш, баяндауыш арқылы ойды толықтырып, айқындай түседі. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы,сұраулы, бұйрықты және лепті болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем. Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы болады.
Орфография мен орфопияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор. Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы естеріне түсіруіне болады. Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.
Орфография (гректің орфос-дұрыс, графо - жазамын)
1) Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.
2) Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.
Орфография тілдің бір даму кезеніңдегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге болады. Ережелер жүйесі:
1. дыбыстарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz