Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары ... ... ... ... ..5
1.1. Іске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет...6
1.3. Бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Ағымдағы жай.күйдi талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1. Адами ресурстарды дамыту елiмiздiң 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бiрi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3. Орта бiлiм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4. Техникалық және кәсiптiк бiлiм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.5. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм және ғылым ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.6. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиiстi шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.1. Бiлiм беру жүйесiн қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2. Педагог мәртебесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.3. Педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.4. Бiлiм беру менеджментi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуының негізгі нәтижесі
Қазақстанның білім беру жүйесі білім беру мембағдарламасын іске асырудың 2 жылында сапалы түрде өсті.
Жаhандық бәсекеге қабілеттіліктік индексі білім беру саласындағы 14 позицияның 11 позициясы бойынша өсу, елдер рейтингісінде Қазақстанның 51-орынды алуына ықпал еткенін растады.
Білім беру жүйесін қаржыландыру 1,6 есеге өсті. 2012 жылы 1,3 трлн. теңге бөлінді (ІЖӨ 4,2%). Кең ауқымды заң шығармашылық қызметі жүргізілді. 8 заң, Үкіметтің 70 қаулысы, Білім және ғылым министрлігінің 560 бұйрығы әзірленді.
Жаңа жүйелік институттар құрылды: «Кәсiпқор» холдингі, Болон процесі орталығы, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы, «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ, ШЖМ дамытудың республикалық орталығы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы.
Ақша жинақтаудың қосымша тәсілі болатын және болашақты жоспарлауға, қалаған мамандығы бойынша ЖОО-да немесе колледжде өзінің оқуына не баласының оқуына қаржы жинауға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі әзірленді (МБЖЖ).
Мектепке дейінгі білім беру саласында алғашқы екі жылда 3824 жаңа мектепке дейінгі ұйымдар, соның ішінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, сондай-ақ шағын орталықтар ашылды. Нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту екі есеге, 2010 жылы 36%-дан 2012 жылы 71,5%-ға дейін ұлғайды.
Бүгінгі күнге Қазақстан – балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші бойынша ТМД елдері арасында көш бастап келеді. 2020 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту жоспарлануда.
Орта білім беру деңгейінде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын іске асыру аяқталды.
2015 жылы басталуы тиіс 12 жылдық білім беруге көшіру жөніндегі барлық іс-шаралар аяқталу сатысында. Жаңа мектептердің белсенді құрылысы және мемлекеттік стандарттар мен жаңа оқулықтарды жаңарту жүргізілуде. «Бейiндiк мектеп» кәсіптік мектебін құру жұмыстары атқарылуда.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
2. Педагогика. Дәріс курсы./ Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К және т.б. Алматы: Нұрлы әлем,2003.
3. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, Білім, 2003.
4. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, Санат,2001.
5. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі./ред.басқар. С.Қалиев, т.б. Алматы,1999.
6. Методика воспитателной работы. / Под ред. Л.И. Рувинского. М,1989.
7. С. Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын, 2004.
8. Ә. Құтпанбаев, Е. Райымжанов. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие. Алматы,2001.
9. Қожахметова К. Сынып жетекшісі. – Алматы,Әлем,2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары ... ... ... ... ..5
1.1. Іске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет...6
1.3. Бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 8
2. Ағымдағы жай-күйдi талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1. Адами ресурстарды дамыту елiмiздiң 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бiрi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3. Орта бiлiм ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4. Техникалық және кәсiптiк бiлiм ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.5. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм және ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. .15
2.6. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиiстi шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.1. Бiлiм беру жүйесiн қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.2. Педагог мәртебесi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.3. Педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
3.4. Бiлiм беру менеджментi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуының негізгі нәтижесі
Қазақстанның білім беру жүйесі білім беру мембағдарламасын іске асырудың 2 жылында сапалы түрде өсті.
Жаhандық бәсекеге қабілеттіліктік индексі білім беру саласындағы 14 позицияның 11 позициясы бойынша өсу, елдер рейтингісінде Қазақстанның 51-орынды алуына ықпал еткенін растады.
Білім беру жүйесін қаржыландыру 1,6 есеге өсті. 2012 жылы 1,3 трлн. теңге бөлінді (ІЖӨ 4,2%). Кең ауқымды заң шығармашылық қызметі жүргізілді. 8 заң, Үкіметтің 70 қаулысы, Білім және ғылым министрлігінің 560 бұйрығы әзірленді.
Жаңа жүйелік институттар құрылды: Кәсiпқор холдингі, Болон процесі орталығы, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы, Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы, Ақпараттық талдау орталығы АҚ, ШЖМ дамытудың республикалық орталығы, Жастар ғылыми-зерттеу орталығы.
Ақша жинақтаудың қосымша тәсілі болатын және болашақты жоспарлауға, қалаған мамандығы бойынша ЖОО-да немесе колледжде өзінің оқуына не баласының оқуына қаржы жинауға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі әзірленді (МБЖЖ).
Мектепке дейінгі білім беру саласында алғашқы екі жылда 3824 жаңа мектепке дейінгі ұйымдар, соның ішінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, сондай-ақ шағын орталықтар ашылды. Нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту екі есеге, 2010 жылы 36%-дан 2012 жылы 71,5%-ға дейін ұлғайды.
Бүгінгі күнге Қазақстан - балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші бойынша ТМД елдері арасында көш бастап келеді. 2020 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту жоспарлануда.
Орта білім беру деңгейінде 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасын іске асыру аяқталды.
2015 жылы басталуы тиіс 12 жылдық білім беруге көшіру жөніндегі барлық іс-шаралар аяқталу сатысында. Жаңа мектептердің белсенді құрылысы және мемлекеттік стандарттар мен жаңа оқулықтарды жаңарту жүргізілуде. Бейiндiк мектеп кәсіптік мектебін құру жұмыстары атқарылуда.
Назарбаев зияткерлік мектептерін насихаттау бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Жұмыс істеп тұрған 6 мектепке 2012 жылы тағы 1 мектеп қосылды. 14 мектеп түрлі құрылыс кезеңінде.
Жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленді. Қазіргі уақытта оны пилоттық мектептерде апробациялау басталды.
Көп тілділікті дамыту саясаты белсенді жүргізілуде. 165 мектепте екінші сыныптан бастап ағылшын тілін эксперименталдық оқыту басталды. 2013 жылғы қыркүйек айынан бастап бірінші сыныптан ағылшын тілін оқыту кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
Мемлекеттік тілдің дамуына баса назар аударылуда. Білім беру жүйесінің инновациялық, көп тілді үлгісін құру мақсатында дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептер желісі құрылды.
ҰБТ жүйесін жаңғыртылды.
2011-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру басталды. Негізгі күш мектепте оқыту сапасын арттыруға, балалардың функционалдық сауаттылығын дамытуға салынатын болады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде жүйелік өзгерістер болды.
Жаңа басқару жүйесі енгізілді. 16 өңірлік және 14 салалық және бизнес өкілдерінің қатысуымен Премьер-Министр басшылық ететін кадрларды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Барлық облыстарда өңірлік кеңестер жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 4 өңіраралық орталықтың, 4 әлемдік деңгейдегі колледждің және барлық өңірдегі 9 серіктес колледждің жұмысын, сондай- ақ ТжКБ жаңа инфрақұрылымын құруды және әлемде танылған инновациялық технологиялар мен оқытуды енгізуді үйлестіретін Кәсіпқор холдингі құрылды.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны қайта қаралуда. Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Пилоттық режимде 3 салалық қауымдастық базасында біліктілікті растаудың тәуелсіз орталықтары құрылды. ТжКБ жүйесінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылуда. 2010 жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 5 есеге артты.
2012 жылы кәсіпорындар мен оқу орындары арасында 22,1 мың келісім-шартқа қол қойылды және іске асырылды, 170,3 мың орын практика үшін берілді. Жұмыс берушілерден 5,5 мың стипендия бөлінді, 2 мың оқытушы өндірісте тағылымдамадан өтті.
1. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары
1.1. Іске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.
Мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:
шағын жинақты мектептерден (ШЖМ) басқа барлық білім беру мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілетін болады;
жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесі 52%-ды құрайды;
орта білім ұйымдарының 90%-ында электронды оқыту жүйесі қолданылатын болады;
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтылатын болады;
оқытудың 12 жылдық моделіне толық көшу жүзеге асырылады;
мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің 80%-ы жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша қызметке орналастырылатын болады;
үздік әлемдік университеттер рейтингінде Қазақстанның ең кемі 2 жоғары оқу орны атап өтілетін болады;
халықаралық стандарттар бойынша институциональдық тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 65 %-ды құрайды.
халықаралық стандарттар бойынша мамандандырылған тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 30%-ды құрайды.
Басты мақсаты:
Экономиканың орнықты дамуы үшiн сапалы бiлiмнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, бiлiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру

Бағдарламалық мақсаттар:
бiлiм беру қызметiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
педагог мамандығының беделiн көтеру;
бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық жүйесiн қалыптастыру;
бiлiм беру процесiнiң барлық қатысушыларының үздiк бiлiм беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
балаларды мектепке дейiнгi сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтудың, оларды мектепке даярлау үшiн мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлi бағдарламаларына тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
жалпы бiлiм беретiн мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлiк, дене бiтiмi және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретiн әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететiн бiлiм алудағы қажеттiлiгiн қанағаттандыру, елiмiздiң экономикалық әл-ауқаты үшiн бәсекеге қабiлеттi адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделiне көшу;
қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесiн жаңғырту, әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне кiрiгу;
еңбек нарығының, елiмiздiң индустриялық-инновациялық даму мiндеттерi мен жеке тұлғаның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және бiлiм беру саласындағы үздiк әлемдiк тәжiрибелерге сай келетiн жоғары бiлiм сапасының жоғары деңгейiне қол жеткiзу;
өмiр бойы бiлiм алу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
жастардың бойында белсендi азаматтық ұстанымды, әлеуметтiк жауапкершiлiктi, отансүйгiштiк сезiмдi, жоғары адамгершiлiк және көшбасшылық қасиеттердi қалыптастыру.

1.2. Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет

сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi арттыруға бағытталған бiлiм берудi қаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу;
бiлiм беру жүйесiн жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету;
педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау мен ынталандыруды күшейту;
бiлiм берудегi менеджменттi жетiлдiру, оның iшiнде корпоративтiк басқару принциптерiн енгiзу, бiлiм беруде мемлекекеттiк-жеке әрiптестiк жүйесiн қалыптастыру;
бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесiн жетiлдiру, оның iшiнде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық бiлiм статистикасын құру;
оқу процесiн автоматтандыруды енгiзу үшiн жағдай жасау;
мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн ұлғайту;
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;
12 жылдық оқыту моделiне көшудi бiлiм беру мазмұнын жаңғыртумен жүзеге асыру;
шағын жинақталған мектептердiң проблемаларын шешу;
мектептегi инклюзивтi бiлiм жүйесiн жетiлдiру;
экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;
экономика салалары үшiн кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;
ТжКБ-да бiлiм алудың беделiн арттыру;
елiмiздiң индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетiн жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлармен қамтамасыз ету;
жоғары бiлiмнiң еуропалық аймағына кiрiгудi қамтамасыз ету;
бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң бiрiгуiн қамтамасыз ету, зияткерлiк меншiк пен технологиялардың өнiмдерiн коммерцияландыру үшiн жағдай жасау. Жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми - педагог кадрларды даярлау;
өмiр бойы оқыту, баршаға бiлiм алу үшiн жағдай жасау;
жастарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсендiлiгiн, әлеуметтiк жауапкершiлiгiн және әлеуетiн ашу тетiктерiн қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру.
Бағдарламаны iске асырудың мақсатына, нысаналы индикаторларына, мiндеттерi мен нәтижелердiң көрсеткiштерiне Бiлiм және ғылым министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Байланыс және ақпарат, Индустрия және жаңа технологиялар, Туризм және спорт, Iшкi iстер, Мәдениет министрлiктерiмен, салалық министрлiктерiмен, жергiлiктi атқарушы органдармен, жұмыс берушiлер қауымдастығымен, Атамекен одағымен, ҮЕҰ-мен бiрлесе отырып жететiн болады.

1.3. Бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесi

Бiлiм берудегi сапа менеджментi жүйесiндегi принциптердiң бiрi мониторинг нәтижелерiн ескере отырып, бiлiм беру процесiн тұрақты жетiлдiру принципi болып табылады. Ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi бiлiм беру нәтижелерi мен әлеуметтiк әсерлердiң жүйелi мониторингiн жүргiзу мақсатында басқарудың ақпараттық базасы және даму жолдарын болжамдау түрiнде бiлiм беру мониторингiнiң бiрыңғай жүйесi енгiзiледi. Осы мақсатқа жету үшiн Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау орталығы Ұлттық бiлiм беру статистикасы және бағалау (бұдан әрi - ҰБСБО) орталығы болып өзгертiледi.
Бұл үшiн:
барлық деңгейде бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн (бұдан әрi - БСБҰЖ) енгiзу жалғастырылады;
ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және АҚШ халықаралық бiлiм беру статистикасының талаптарын ескере отырып ұлттық бiлiм беру статистикасы әзiрленедi;
бастапқы мәлiметтер негiзiнде бiлiм беру статистикасының бiрыңғай базасы құрылады;
бiлiм берудi басқару жүйесiнiң инфрақұрылымы кеңейтiледi.
Мониторингтiк зерттеулер жүргiзетiн болады. Басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн мониторинг нәтижелерi бойынша бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар жарияланып отырады.
2013 жылдан бастап бiлiм беру статистикасының жинағы жыл сайын басылып шығатын болады. БМ-ның және ҰБСБО-ның сайттарында жинақтың электрондық нұсқасы орналастырылады. Оқытудың барлық деңгейi бойынша оқушылардың, педагогтердiң бiрыңғай базасы құрылатын болады.
2015 жылға қарай статистикалық деректердiң бытыраңқы электрондық базалары бiлiм беру статистикасының бiрыңғай базасына бiрiктiрiледi. Аталған база бастапқы деректер негiзiнде толықтырылып (мектеп, колледж, жоғары оқу орны, интернат, орталықтар, сапаны бағалау қызметтерi және т.б.), ҚР БМ-да жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай әкiмшiлiк есептiлiктiң барлық нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз етiледi.
Әртүрлi бейiндi және даярлық деңгейiндегi мамандар қажеттiлiгiн бағалау мемлекеттiк реттеу тетiктерiн тұжырымдау және ел экономикасының, басқару мен әлеуметтiк саласының қажеттiлiгiне сәйкес мамандар даярлауды ынталандыру үшiн арналған еңбек нарығын мониторингтеу, талдау және болжау жүйесi негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
2. Ағымдағы жай-күйдi талдау
2.1. Адами ресурстарды дамыту елiмiздiң 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бiрi

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттiлiгi мен маңыздылығын түсiнiп, бiлiм беру жүйесiн реформалауды бастауға және жүргiзуге жан-жақты қолдау көрсетуiнiң нәтижесiнде бiлiм берудi қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкiн болып отыр.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, 2007 - 2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары бағдарламасы, Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы қабылданды.
Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнiң үздiк университеттерiнде бiлiм алуға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Болашақ халықаралық стипендиясын iске асыру елiмiздегi адами капиталдың дамуына қосылған елеулi үлес болды.
Қазақстан қазiргi уақытта бiлiм беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негiзгi халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл - Жалпыға бiрдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңiрiнде жоғары бiлiм беруге жататын бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.
Адами ресурстарды дамыту елiмiздiң 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бiрi ретiнде айқындалған.
Бiлiм беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде 2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бiлiм берудiң барлық деңгейi тиiстi ұйымдар желiсiмен институционалды қамтамасыз етiлген. Бiлiм берудiң құрылымы Халықаралық бiлiм берудiң стандартты жiктеуiшiне сәйкес келтiрiлдi. Оқытудың 12 жылдық моделiн енгiзу үшiн жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсiптiк бiлiм қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлi даярлау енгiзiлдi: бакалавр - магистр - Ph.D докторы. Мамандықтардың iрiлендiрiлген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм мамандықтарының жiктеуiшi бекiтiлдi.
Тәуелсiз сыртқы бағалау элементтерiн қамтитын (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бiрыңғай тестiлеу (бұдан әрi - ҰБТ), мемлекеттiк аралық бақылау (бұдан әрi - МАБ), талапкерлердi кешендi тестiлеу және т.б.) Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау жүйесi құрылды.
Республиканың барлық өңiрлерiнде бiлiм беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесiн енгiзу басталды.
Бiлiм беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.
2009 жылдың өзiнде мектептерде 640 биология кабинетi, 536 - лингафондық мультимедиалық кабинет (бұдан әрi - ЛМК), 10 физика кабинетi, 78 химия кабинетi жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивтi тақталармен толықтырылды. Қазiргi уақытта 3450 мектептiң лингафондық мультимедиалық кабинеттерi бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге көбейiп отыр.
Бiлiм беру сапасы арттырылуда.
Инклюзивтi бiлiм дамуда.
Орта мектептiң балаларын тегiн тамақтандыру және жеткiзу мәселелерi баяу шешiлуде.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы 35425-ке артты.
Бiлiм саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта 18 оқушыға бiр компьютерден келедi. 2005 жылы аталған көрсеткiш 41-дi құраған, оның iшiнде 36-сы - ауылдық жерлерде.
Интернет желiсiне мектептердiң 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде - 97 % (2005 жылы - тиiсiнше 75 % және 70 %). Мектептердiң 34 %-ның кең жолақты интернетке шығуға мүмкiндiгi бар.
Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS - 2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуiне қатысып, 36 елдiң 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иелендi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң дамуына зор көңiл бөлiнуде. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, республика өңiрлерiндегi жоғары оқу орындары жанынан қазақ тiлiн оқыту орталықтары құрылды, мiндеттi оқыту курстары енгiзiлдi, қазақ тiлiнде iс жүргiзу, негiзгi және орта жалпы бiлiм беретiн мектептерде мемлекеттiк тiлдi деңгейлеп оқыту енгiзiлдi.
Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын мамандандырылған мектептердiң желiсi құрылды. Қазiргi уақытта республикада үш тiлде оқытатын 33 мектеп жұмыс iстейдi.
6 Назарбаев Зияткерлiк мектебi құрылды.
Ұлттық жоғары мектепте бiлiм берудiң әлемдiк деңгейiне жету жөнiнде шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық бiлiм кеңiстiгiне ендi, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдiк деңгейдегi беделдi жоғары оқу орны - Назарбаев Университетi құрылды.
Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының академиялық еркiндiгi кеңейтiлдi: таңдау бойынша компонент бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға және докторантурада 70 %-дан 80 %-ға дейiн ұлғайтылды.
Сапалы жоғары бiлiм алуға ынталы студенттердiң саны өсiп келедi. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық бiлiм алады. 3 мыңға жуық Болашақ халықаралық стипендиясының стипендиаты әлемнiң 27 елiнде оқиды.
Шетелдiктер үшiн елiмiздiң жоғары оқу орындарында бiлiм алудың тартымдылығын арттыру үшiн жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылдануда. Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары бiлiм алуда.
Дегенмен қазақстандық бiлiм беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйiнде қалып отыр.

2.2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мәнiн арттыру жалпы әлемдiк үрдiстер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде бiлiмдi тез қабылдайды және жалпы өмiрде табысты болып келедi.
2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Қазақстанда мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өскен және балалардың 40 %-ын ғана құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткiш 90-100 %-ға жетiп отыр.
Туу деңгейiнiң есебiнен балабақшалардағы орын тапшылығы елiмiзде орта есеппен жыл сайын 5 - 7 %-ды құрайды. Сонымен қатар 5 өңiрде туу факторы мен көшi-қон әсерiнен бұл көрсеткiш 11,1 %-ды құрайды: Оңтүстiк Қазақстан облысында - 8,1 %, Қызылорда - 11,8 %, Жамбыл - 10,7 %, Алматы қаласында - 11,3 %, Астана қаласында - 13,6 %.
Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келедi, қалаларда - 120. Қалалық жерлерде әрбiр үшiншi бала, ауылдық жерлерде 100 баланың 5-уi ғана балабақшаға барады.
Инклюзивтi бiлiм беру қажеттi деңгейде дамымаған. Қазiргi кезеңде мүмкiндiктерi шектеулi 149 246 баланың 29 212-сi немесе 19,5 %-ы - мектеп жасына дейiнгi балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана құрайды.
Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдармен қатар жекеменшiк балабақшалар да ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса, 2010 жылы 284 болып отыр.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттiк бюджет шығыстарының үлесi соңғы жылдар iшiнде iшкi жалпы өнiмнiң (бұдан әрi - IЖӨ) шамамен 0,1 %-ын құрайды. ЭЫДҰ елдерiнде - IЖӨ-ден 1 %-дан 2 %-ға дейiн.

2.3. Орта бiлiм

Бiлiм беру жүйесiнiң базалық деңгейi орта бiлiм болып табылады. Оны тегiн алу құқығына ел Конституциясы кепiлдiк бередi.
Орта бiлiм беру жүйесiнде материалдық-техникалық, оқу-әдiстемелiк базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жаңарту қажеттiлiгiне байланысты проблемалар орын алған.
2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша республикада жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi - ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне (бұдан әрi - БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, онда 2,5 млн.-ға жуық оқушы бiлiм алады. Мектептердiң жалпы санының 64,6 %-ы үлгiлiк, 35,4 %-ы - ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердiң 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс iстейдi. Мектептердiң 25,1 %-ы күрделi жөндеудi қажет етедi.
Республиканың негiзгi және орта мектептерiнiң 47,4 %-ы жаңа үлгiдегi физика кабинеттерiмен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттерiмен жабдықталған.
Әрбiр бесiншi мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен мүкәммалының ескiруi 80 %-ды құрайды. Мектептердiң 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.
Осылардың барлығы 12 жылдық бiлiм беру моделiн енгiзу мерзiмiн кейiнге қалдыруға себеп болды.
Қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң ерекшелiгi - мектептердiң жалпы санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы - 52 %) ШЖМ болуы. Оның iшiнде, ауылдық жерлерде - 68,6 %.
Iс жүзiнде әрбiр төртiншi мұғалiм ШЖМ-да жұмыс iстеп, әрбiр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.
Мүмкiндiктерi шектеулi балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы бiлiм беру бағдарламаларымен қамтылған.
Қазiргi заманғы бiлiм беру жүйесi, оқытудың инновациялық нысандары мен әдiстерiн енгiзу педагог қызметкерлердiң тұлғасына және кәсiби құзыреттiлiгiне жоғары талаптар қоюда.
Бүгiнгi таңда педагог еңбегiн материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтiк мәртебесiн көтеретiн барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.
Жұмыс iстейтiн әрбiр бесiншi мұғалiмнiң жасы 50-де және одан да үлкен. Педагогтердiң жалпы санынан 3 жылға дейiнгi өтiлi барлар - 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебiнен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
Гендерлiк сәйкессiздiк, кәсiп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалiмдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (елiмiздегi орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсiбiнiң беделiнiң болмауы жоғары бiлiктi кадрлардың бұл саладан кетуiне ықпал етедi. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскенiне қарамастан, оның деңгейi елiмiздегi төмен деңгейлердiң бiрi болып қалып отыр.
Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесiн дамыту болып табылады.
Алайда, бiлiм беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетiнiң тиiмдiлiгi төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсiптiк бағдарлау жүйесi жойылған, мектептердегi және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйiрмелерiнiң, спорт секцияларының саны жеткiлiксiз. Балалар мен мектептiң қоғамдық ұйымдарының қызметi дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша бiлiм берумен қамту басқа елдермен (30 - 50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Бiлiм алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгiнде 20 %-ды құрайды.
Орта бiлiмге керi әсер ететiн факторлар - ескiрген әдiснамалар мен бiлiм беру мазмұнын iрiктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуiне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледi. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.
Осылайша, қазiргi бар проблемалар орта бiлiм жүйесiн қазақстандық қоғам дамуының қазiргi заманғы талаптарына және әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне кiрiгу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етедi.

2.4. Техникалық және кәсiптiк бiлiм

ТжКБ жүйесi тұлға мүдделерiн, еңбек нарығының сұраныстарын және экономика мен әлеуметтiк саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.
2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жалпы мемлекеттiк статистика деректерi бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс iстейдi, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 64-ке өстi, оның iшiнде 306 кәсiптiк лицей, 480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердi бiтiрушiлердiң 32,7 %-ы кәсiптiк лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның iшiнде 9-сыныптан кейiн - 24,8 %, 11-сыныптан кейiн - 7,9 %.
ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның iшiнде 36,3 %-ы ғана мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алуда.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 бiлiктiлiк бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар еңбек нарығында кәсiби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазiргi заманғы бiлiктiлiк талаптарының болмауы индустрия және жұмыс берушiлер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол жеткiзуге мүмкiндiк бермейдi.
ТжКБ жүйесiнiң қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағдарламала - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Жалпы инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер