Құлық тәрбиесі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құлық тәрбиесі ... ... ... ... 5.8
1.1.Мораль және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8
1. 2. Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.10
1.3. Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеу мәселелерін басшылыққа алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.12
ІІ тарау.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың азаматтық тәрбиесі ... 13.15
2.1. Азаматтық тәрбиенің мәні, қызметі, жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.15
2.2.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлт аралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.17
ІІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еңбек тәрбиесі ... ... .18.19
3.1.Жеке адамның дамуындағы еңбектің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.19
3.2. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21
3.3. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.29

Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау-соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жаткан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде «Педагогика» курсының атқаратын қызметі айрықша.
«Педагогика» курсы педагогикалық оқу орындары студенттерін мұғалім мамандығына дайындау жүйесінің негізгі бір саласы. Оның мақсаты болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды қалыптастыру.
Педагогикалық курстық жұмыс негізінен 5 бөлімнен құрылған. Әрбір бөлімде қарастырылған педагогикалық мәселердің негізгі идеялары мен мазмұны тыңғылықты айқындалып, ғылыми дәрежесі көтерілген, педагогикалық ойлауды дамытуға сай негізгі ұғымдар жеке қарастырылған. Сонымен бірге әрбір тақырып соңында студенттердің ойлау белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын жақсартуға арналған бақылау сұрақтары берілді. Пәнде қарастырылған бөлімдер негізінен дәстүрлі түрде оқу стандартына сай құрылған. Атап айтсақ, «Педагогика курсының теориялық және әдіснамалық негіздері», «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Дидактика: Білім беру және оқыту теориясы», «Қазақстан Республикасында халыққа білім беру жүйесі, мектептерді басқару және оған басшылық жасаудың педагогикалық негіздері» секілді тақырыптар қарастырылған.
Тәрбие-педагогикалық процесте өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі мәлім. Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оның нәтижелі ұйымдастырылуы, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім дәрежесінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты болып келеді. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілеттерін игерудің де маңызы ерекше. А.С. Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған. Сондықтанда осы пәнде тәрбие теориясының мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ұйымдастыру формалары мен әдістері топтамасы қатар қарастырылған. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Қорыта айтқанда осы курстық жұмыстың негізгі көздеген мақсаты –«Педагогика» курсы бойынша білім жүйесінің бірыңғай тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы – Алматы.Қазақ университеті.1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері-Алматы, 1991.
3. Айтмамбетова Б. Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері – Алматы, 1991.
4. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.- Алматы, Өнер.1972.
5. Айтмамбетова Б. Бозжанова К.т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.- Алматы,1985.
6. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. Қазақстан мұғалімі,18 ақпан,1994.
7. Алмаханова Х. Жасөспірімдерге эстетикалық тірбие беру, Методикалық нұсқау. Алматы, 1990.
8.Ақназарова Б. Класс жетекшісі - Алматы, Мектеп 1973.
9.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру – Алматы, 1992 .
10.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі- Алматы, 1999.
11.Әбдіразақов Е . Адамгершілік,имандылық тәрбиесі –Шымкент,1994.
12.Әбиев Ж. Педагогика тарихы.Алматы,2006.
13.Әбиев Ж. Бабаев С. Құдиярова А. Педагогика- Алматы «Дарын»2004.
14.Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру- Алматы.1988.
15.Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері-Алматы.1997.
16.Әбиев Ж. Оқушыларға тәрбие беру.Алматы // Қазақстан мектебі,1959,№3
17.Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.- Алматы, 1972.
18.Әбілова З. Этнопедагогика- Алматы, 1997.
19.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні, Қаз.мем. 1-1996.
20.Бабаев С. Оңалбек.Ж. Жалпы педагогика.Оқулық.Алматы.Заң әдебиеті,2005.
21.Бап-Баба С. Жалпы психология. Алматы, 2006.
22.Бап-Баба С. Психология негіздері, Оқу-анықтамалық құрал.Алматы,2007.
23.Балдырев Н. Класс жетекшісі- Алматы, Мектеп 1980.
24.Богославский В. т.б. Жалпы психология – Алматы, Мектеп,1980,13 тарау.
25.Безкаравайный С. Жұмабаев Алматы, Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер- Алматы, Мектеп,1968.
Стандарттар, бағдарламалар
1. Жоғары кәсіптік ғылыми-педагогикалық білім (магистратура). 540350 – Педагогика дайындау бағытының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. –Астана: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 2001. (Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, С.И.Қалиева, Т.С.Оспановтармен авторлық бірлікте).
2. 050102–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының (Бакалавриат) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.– Астана: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004. (Р.М.Қоянбаев, Т.Қ.Оспановтармен авторлық бірлікте).
3. 6N0102–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының (магистратура) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. –Астана:ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2004. (Р.М.Қоянбаев, Т.Қ.Оспановтармен авторлық бірлікте).
4. Бағдарламалар. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған. –Алматы: ROND, 2003. –28 б. (Г.И.Уәйісова, Р.Ізғұттыновалармен авторлық бірлікте).
5. Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1-4-сыныптары (байқау нұсқасы). Қазақ тілі. 2-4-сыныптар. –Алматы: Атамұра, 2004. –43-62 б. (Г.И.Уәйісовамен авторлық бірлікте).

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құлық тәрбиесі ... ... ... ... 5-8
1.1.Мораль және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-8
1. 2. Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-10
1.3. Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеу мәселелерін басшылыққа алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-12
ІІ тарау.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың азаматтық тәрбиесі ... 13-15
2.1. Азаматтық тәрбиенің мәні, қызметі, жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..13-15
2.2.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлт аралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...16-17
ІІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еңбек тәрбиесі ... ... .18-19
3.1.Жеке адамның дамуындағы еңбектің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-19
3.2. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..20-21
3.3. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..22-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-29
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау-соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жаткан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде Педагогика курсының атқаратын қызметі айрықша.
Педагогика курсы педагогикалық оқу орындары студенттерін мұғалім мамандығына дайындау жүйесінің негізгі бір саласы. Оның мақсаты болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды қалыптастыру.
Педагогикалық курстық жұмыс негізінен 5 бөлімнен құрылған. Әрбір бөлімде қарастырылған педагогикалық мәселердің негізгі идеялары мен мазмұны тыңғылықты айқындалып, ғылыми дәрежесі көтерілген, педагогикалық ойлауды дамытуға сай негізгі ұғымдар жеке қарастырылған. Сонымен бірге әрбір тақырып соңында студенттердің ойлау белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын жақсартуға арналған бақылау сұрақтары берілді. Пәнде қарастырылған бөлімдер негізінен дәстүрлі түрде оқу стандартына сай құрылған. Атап айтсақ, Педагогика курсының теориялық және әдіснамалық негіздері, Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Дидактика: Білім беру және оқыту теориясы, Қазақстан Республикасында халыққа білім беру жүйесі, мектептерді басқару және оған басшылық жасаудың педагогикалық негіздері секілді тақырыптар қарастырылған.
Тәрбие-педагогикалық процесте өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі мәлім. Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оның нәтижелі ұйымдастырылуы, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім дәрежесінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты болып келеді. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілеттерін игерудің де маңызы ерекше. А.С. Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған. Сондықтанда осы пәнде тәрбие теориясының мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ұйымдастыру формалары мен әдістері топтамасы қатар қарастырылған. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты, білімі қажет. Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл - ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Қорыта айтқанда осы курстық жұмыстың негізгі көздеген мақсаты - Педагогика курсы бойынша білім жүйесінің бірыңғай тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
І тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құлық тәрбиесі.
1.1.Мораль және оның мәні.
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың құлықтық саналығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір басты айқындаушы міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын жаңаша қарастыру үшін ең алдымен адамның негізі немен аяқталатынын зерттеу керек.
Ғылыми, философиялық, психологиялық әдебиеттердегі құлықтық тәрбие
жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Шәкірттердің саналы тәртібі, пайымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағыталған іс-әректіне құлық тәрбиесіне байланысты.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында мінез - құлық негізгі құндылық болып келеді.
Құлық-қоғамдық дамудың жемісі ол қоғам өміріндегі өзгерістерге
байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы құлық тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Құлықтық тәрбие туралы ой-пікірлер VI ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып, Орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн , М.Қашғари, А.Иугенки т.б.) алтын орда дәуірі оқымыстылары (С.Сари, Қ.Жалаири, т.б.). XIV-XV ғасырда өмір сүрген ақын - жазушылар (Асанқайғы, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет, Әсет т.б.) еңбектерінен көрініс табады. 1 (8, 87-105 бет)
XIX ғасырдың II жартысында (Шоқан, Ыбырай, Абай) одан бертін келе ортамызға қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфулин т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Әбу-Насыр Әл-Фарабидің (850-950) " Математикалық трактаттары" "Философиялық трактаттары", "Логикалық трактаттары", "Этикалық трактаттары" және т.б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бақытқа, шаттық өмірге жету жолындағы ең негізгі компоненттер деп экономиканы, саясатты, мемлекеттік құрылысты, жанұяны және тәрбиені атаған .
Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бір пікірдің біздің дәуірімізге де өз маңызын жоймай жеткені.
Жалпы, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін , жоғары маңызын , халықтар арасындағы туысқандық пен достықты жырлайды. Оның "Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады" деген қағидасы да тап бүгін өте өзекті мәселе.
Білім - ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанды. Әлемнің негізгі тұрақтысы - адам. Адамның ақыл - ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп-өркендей алады. Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді. Жаман мінез - құлық бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой басты қадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады.
Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру )тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай ғана ол шәкірттерден шындықты, адамгершілікті, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады. Сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуға тиіс.
Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамгершілік қасиеттер болып табылады. Біз қасиеттер дегенде әрбір нәрсенің игілікті жағын айтамыз. Адам бойындағы мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады.
Құлықтық тәрбие дегеніміз- адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында - еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді.
Құлық-тәрбиесі - адамгершілікті тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Мұның міндеті моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің игілігі ету, оларды терең құлықтық сенімдеріне жоғары құлықтық қылықтарына және шын мінез - құлқына айналдыру. Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның құлықтық санасы, оның қоғамдық борышқа, тәрбие әсемдікке көзқарас қалыптастыруда әлеуметтік тәрбие институттарының тәжірибелік жұмыстарын қамтиды. Құлық тәрбиесінде тәрбиешінің беделінің үлкен мәні бар. Тәрбиешінің өзінің тәрбиелі болуы - құлық тәрбиесіндегі өзекті мәселе.
Құлықтық сана - адамдардың көзқарастарында және елестетулерінде шындықты, қоғамдық болмысты бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі: өзінде құлықтық іс- әрекетті, құлықтық қатынастарды бейнелейді және белгілейді. Ал бұлар құралудан бұрын адамдар санасынан өтеді. Құлықтық сана құрамына: мұраттар, моральдық межелер, құлықтық құндылықтар, моральдық сылтаулықтар, бағалаулар енеді.
Адам басшылыққа алатын моральдық межелер мен принциптер жиыны тұлғаның құндылық бағдарында көрініп, оның моральдық санасын сипаттайды. Құлықтық сананың өзіндік мінез - құлық шеңберіне қатысты, қылықтарды таңдап алу мүмкіндігі болғандықтан адамдар қылығын бағытауға ғана қабілетті болады.
Құлықтық сезім - тұлғаның рухани құлықтық өмірінің көңіл - күйде сезіну жағы адам іс- әрекетінде маңызды орын алды.
Құлықтық сезімдерге намыс, ар, ұят, абырой, мақтаныш, махаббат, өшпенділік, жек көру, қызғаныш, менмендік, өзімшілдік, атақ құмарлық т.б. жатады. Құлықтық сезім адамның түрлі жағдайларға өзіндік тұрғыда жауап беруі.
Өзінің әлеутеттік мазмұны жағынан олар қоғамдық болмысқа, өмірдің түрлі жағына субъективтік қатынас болып табылады. Мысалы, басқа адамға, өзінің - өзіне, жеке қоғамдық өмір құбылыстарына, толық алғанда қоғамға тағы с.с. қатынасы. Құлықтық сезімнің әлеуметтік сипаты болады, олардың көбі адамның моральдық бейнесін сипаттайтын, оның сапаларына сәйкес келетін құлықтық санаман бағаланады. Моральдық сезімдер түйсіктер, қабылдау, елестетулер, ойлар сияқты танымдық іс - әрекеттерден туындайды және адамның түрлі іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Құлықтық сезімдер адамның бүкіл өмірінің іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне ықпал жасайды, оның әлеуметтік, тынымдық және басқа белсенділіктерін қуаттандырады, тұлға оянуын күшейтеді.
Құлықтық құндылықтар - әлеуметтік құбылыстарды, адам әрекеттері мен мінез- құлықтарын, олардың моральдық жағынан қарағандағы жақсылық пен зұлымдық жөніндегі түсініктеріне бағалауға мүмкіндік беретін адамның мінез-құлқындағы бағдарлары.
Құлықтық қатынастар шеңберінде адамдар қылығының моральдық маңызы болатын себептері олар қоғамдық өмірге, қоғамдық құлықтың негізіне оң не теріс әсер етеді. Моральдық санада құлықтық құндылықтар адам башылыққа ала отырып лайықты әрекет жасайтын моральдық мұраттар, принциптер, межелер ретінде көрініс береді. Қайрымдылық пен зұлымдылық жөніндегі құлықтық талаптар мен түсініктерге сәйкес келетіндігі ретінде бұл әрекеттерге қоғам баға бареді. Бұл жағдайда адам қоғам алдында өзінің моральдық қалауы үшін жауап береді.
Құлықтық құндылықтар мұғалімінің, оқушылардың көз қарастары арқылы өтіп, құлықтың санасында қатысу мен мінез құлықтың жеке қабылданған межелерінде бекіп, олардың бүкіл іс-әрекеттерінің өн бойын алып жатады.
Құлықтық сезім, сана, сенім ұғымдары мен оны іс жүзіне асырудың арасында ұзақ жол жатыр. Мектеп тәжірибесінде кейбір оқушылар күнделікті талапты жақсы білгенімен, оны ісінде істей алмайтынын байқаймыз.
Әдеп сақтау - адмгершіліктің белгісі. Әдеп сақтау (этикалық қалып) - қазақ халқының тарихи қалыптсқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы.
Халық өмірлік практикада ешбір тиым салусыз - ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат - мүддеге сәйкес әдептілкті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Әдеп сақтаудың әлеуметтік (қоғамдық) мәні зор.
Әдептілікті бұзған адамға кез - келген қоғам мүшесі (жасына, нәсіліне қарамай) өз пікірін айтуға, тиым салуға ерікті, өйткені әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтау - этикет, яғни мінез - құлық пен қарым - қатынастың қалыптасқан, халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда, адамгершілік борышты өтеу болып табылады. "Әдептілік - әдемілік" дейді халық. Әдептілік - имандылық, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз.
Бастауыш мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен, балалар ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынып жетекшісі "әдеп дегенді қалай түсінеміз", "әдептілік деген не?", "әдеп сақтау - адамгершілік", т.б. тақырыптарда сынып сағатын өткізеді.
Әдеп сақтау жөнінде мектеп қабырғасында әсем безендірілген жарнамалар бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді.
Әдептілік жөнінде мектепте арнайы апталық ұйымдастырып, оның соңын жалпы мектептік кешпен ұштастыру қызықты өтеді. Әдеп сақтау кешіне ата - аналар, ұстаздар, өнер адамдары, ақын - жазушылар қатыстырылады.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым - қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік, халықтық игі іс - әрекеттер, мінез - құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Үлкенді сыйлау - адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Қазақ халқының ұлттық әдеп - салтында адамгершілік жоғары бағаланады. Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам "адагершіліктен" шыққан болып есептелінеді. Ертеде адамгершілік қалыпты сақтай алмаған адамдарды қадірлі адамдар, билер жөнге салып, жазасын тартқызып, тәрбиелеп отырған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады.
Ғылыми педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде құлықтық сенім негізінен, дүниеге, өмірге көзқарас тұрғысынан анықталады. Егер оқушыға осы пікірмен қарағанда, сенімі күшті болса, онда оның ісіне сенім билейді.
1. 2. Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.
Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Құлық тәрбиесінің міндеттері:
Оқушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауда қатыстыру.
Оқушылардың тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
Балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету.
Отанға, халқымызға, еңбек пен қоғамдық іс - әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру: біріншіден тәрбие процесінің объективті
және субъективті жақтарының бірлігіне яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі - бұл тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты.
Адамгершілік тәрбиесінің принциптері:
Идеялық пен мақсат көздеушілік принципі.
Оқушыларды ұжымда тәрбиелеу принципі.
Педагог балаға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен ұштастыра отырып жасау принципі.
Сезімге, санаға, мінез - құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.
Мектепте және отбасында балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі принципі.
Жеке - дара тәсіл принципі.
Бастауыш сынып оқушыларының дамуында бір-бірімен сабақтастыққа байланысты болуы айрықша орын алады. Балалар мұғалімнің, ата-ананың бас-көз болумен құлықтық ережелерді, қағидаларды өзінің күнделікті өмір сүру барысында біртіндеп қабылдайды. Алайда, құлықтық ережелер, үлгілер, нормалар мәңгі өзгермейтін категория емес. Ол қоғамдық - экономикалық әлеуметтік жағдайдың, құрылыстың өзгеруіне байланысты өзгеріп, жаңарып отырады. Оқушыларды тәртіптілікке тәрбиелеудің маңызды шарттарының бірі - күн ырғағын (режимді) дәл орындау. Күнделікті тәртіптің дұрыс орындалуы оқушыларды өздерін бір қалыпты ұстауға, оларды аса қалжыратпай іс - әрекеттің бір түрінен екінші түріне дер кезінде ауысып, белсенді қызмет пен демалыс сағаттарын алма - кезек ауыстырып тұруға мүмкіндік береді.
Мектепте оқушылардың мінез - құлқы біздің қоғамның моральдық нормаларына сай ережелермен реттеліп отырады.
Мінез - құлық ережелері біртіндеп енгізіледі, өйткені І - сынып оқушылары бірнеше талапты бірден есіне сақтап, өз қылықтарын соларға сәйкес реттей алмайды. Оқушыларды белгілі бір ережелерге сай мінез - құлық тәжірибесін қалыптастыруда мұғалімнің бақылауы үлкен орын алады.
Бақылау мен бағалау әрқашан да қатар жүргізіледі.
Тәртіптілікке және мінез - құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, педагог балалардың мінез - құлқына деген талаптарды үнемі күрделендіріп отырады, мұнда ол олардың тәжірибесін ережелерді игеру дәрежесін, мінез - құлқын саналы түрде тәртіптеу қабілетін ескереді.
1.3. Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеу мәселелерін басшылыққа алу.
Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата - аналар баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар деп - оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балаларды айтамыз. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер мыналар:
Бірінші себеп - отбасы тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбилеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп - бұл отбасындағы сәтсіздік - маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу - неке бұзу.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткілдіксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата - аналар балалардың күндеолікті өмірі мен іс - әрекеттеріне басшылық жасайды. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез - құлық қасеттері дамиды және қалптасады.
Төртінші себеп - бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиеі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата - аналарын мектепке шақыру, олардың ата - аналары істейтін жеріне хабарлау т.б.
Ғылыми деректерге қарағанда қиын балалардан байқалатын белгілер:
Біріншіден, аномальді қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық т.б.)
Екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейірімсіздік, жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік)
Үшіншіден, ата - аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты ерегесу жағдайлары.
Төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін - өзі түзетуге қабілетсіздігі. Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алуы қажет: а) Тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу; ә) Олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық - педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу; б) Мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген жұмыс өнегесін озат мектептердің іс - тәжірибесінен көруге болады:
Біріншіден, педагогикалық ұжым және ата - аналар комитетті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оын іске асыру үшін шаралар белгілейді;
Екіншіден, мектептерде тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын балаларды әртүрлі жұмыстарға- жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге, өздігімен іс - әрекетіне, бастауыш сынып балаларын қамқорлыққа алуға т.б. белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық - психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.
Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары. Қазақ халқы өз ұрпағын жақсылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеген. Бұлар ата - бабаларымыздың тарихи дәстүрмен бірге жасаын куеле жатқан имандылық қасиеттер. Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата - аналардыңі тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бір - бірін түсінушілігіне, өзара қарым - қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.
От басында ата - аналар тарпынан үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс - әрекетін жасауына жол берілмейді, өз өміріне немесе отбасына байланысты бірде - бір мәселені шешуге үй - іші кеңесіне қатыспайды.
Осының нәижесінде бала отбасында болып жатқан әлеуметтік өмірге, еңбекке, білімге, мәдениетке, саясатқа байланысты мәселелерге қатыспай сыртта қалады. Бұл жағдай баланың танымдық қабілетінің дамуына, рухани және адамгершілік қасиеттірінің қалыптасуына бөгет болады.
Теріс қылықтардың бірі - қақтығысулық. Бұл отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады.
Теріс қылықтарды болдырмаудың жолдары:
1. Аномальды мұқтаждық - ішкілікке, анашаға құмарлықты, ұрлық жасау, төбелес т.б. болдырмау.
2. Мейірімсіздік, қаталдық, жалғандық, жалақорлық, өсекшілдік, өз қамын көздеушілік, өзімшілдік сезімдерді болдырмау.
3. Ата - аналар және мұғалімдер жағдайының тұрақтылығы.
ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың азаматтық тәрбиесі
2.1. Азаматтық тәрбиенің мәні, қызметі, жүйесі.
Адамның моральдық сапа негіздері балалық шақта қалыптасады. Балалардың адамгершілік жағынан одан әрі дамуы көп жағдайда осы процесстің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты. Әуел бастан - ақ баланы моральдық кодекстің жоғары принциптері рухында тәрбиелеу, онда қажетті адамгершілік сезімді, түсінікті қалыптастыру және солардың негізінде қоғам мінез - құлық нормаларына лайықты қылықтар қалыптастыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының іс - әрекеттерін басқара отырып мұғалім олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс - әрекетте белсенділік пен инициатива көрсету сияқты адамдарға мңызды сипаттарды қалыптастырады. Бастапқы бірлестіктерде құрдастар қаумында - бастауыш сынып оқушыларының арасында өзара қарым - қатынас орнығып, бұл қатынастар мұғалімнің жетекшілігі арқасында ұжымдық сипат алады, оқушыларда жолдастық - достық сезім пайда болады.
Ересектермен қарым - қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бастауыш сынып оқушыларында қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім оқушыларды белсенді іс - әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді.
Оқушылардың өзінің туған өлкесін, еңбек адамдарын құрметтеп қадірлеу сезімдері, өзіне тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілік қалыптасады.
Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мұғалім оқушыларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым - қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез - құлық дағдыларын қалыптастырады.
Бұлар әдет бола отырып, мінез - құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рахмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.
Оқушыларды мінез - құлықтың азаматтық дағдылары мен әдеттеріне баули отырып, мұғалім өзі балаларға істеткізетін белгілі бір іс - әрекеттердің
мақсатқа сай келетіндігін, әділдігін, дұрыстығын саналы түрде ұғынуға бағытталған үлкен түсінік жұмыстарын жүргізеді.
Мұғалімнің алдында оқушылардың азаматтық түсініктерін дамыту міндеті тұрады, міне, осының негізінде мінез - құлық мотивтері қалыптасады. Ол қалай істеу керек екендігін нақты мысалдармен түсіндіреді. Осы нақты түсіндірулер оқушыларға жалпы моральдық ұғымдарды (қайырымды, сыпайы, әділ, қарапайым, қамқоршыл т.б.) бірте - бірте түсінуге көмектеседі.
Азаматтық тәрбие беру мұғалімнің оқушылармен жүргізетін барлық тәлім - тәрбие, білім беру жұмысының барысында жүзеге асады.
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны мынадай принциптер арқылы қалыптасады:
Идеялық пен мақсат көздеушілік принципі
Оқушыларды ұжымда тәрбиелеу принципі
Педагог оқушыға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен ұштастыра отырып жасау принципі
Сезімге, санаға, мінез - құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі
Мектепте және отбасында оқушыға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі принципі
Жеке дара тәсіл принципі
Педагогикадағы негізгі қағидалардың бірі - оқушылардың іс - әрекетін орынды ұйымдастырудың тәрбиедегі жетекші рөлі туралы қағида болып табылады. Практикалық адамгершілік тәжірибені ұйымдастыру, жаттықтыруды жағымды қылықтарға пайдалану азаматтық тәрбиенің жетекші әдісі болып табылады. Практикалық іс - әрекетте бала адамгершілік тәжірибе жинап, өз құрбы - құрдастарымен, үлкендермен қарым - қатынас жасауға кіріседі.
Педагогқа бала қылықтарының мотивтерін түсіну және дұрыс бағалай білу өте қажет.
2.2.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлт аралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Патриотизм - еліміз азаматының аса маңызды азаматтық қасиеті. Патриотизмнің мәні - Отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету сезімі, оны бұрынғыдан да құдыретті және көрікті етуге барынша ұмтылу.
Патриотизмнің бірден - бір өте дамыған формасы - интернационалды патриотизм. Бұл ұлттық мақтаныш сезімінің бірлігінен, елімізді мекендеген барлық ұлттар мен халықтарға және бүкіл дүние жүзі еңбекшілеріне деген құрмет, туысқандық қарым - қатынастардан көрінеді. Патриотизм өзінің сипатымен, Отанды сүю және оны өзінің еңбегімен нығайтуға, жаулардан қорғауға дайын тұру сезімдерінің бірлігімен ерекшеленеді.
Патриотизмнің бүкіл халықтық сипаты Қазақстан халқының моральдық -саяси бірлігімен, Отанға берілгендігінен, ел басы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдау ісінің дұрыстығына кәміл сенуінен көрінеді.
Отанға деген сүйіспеншілік Қазақстан халқын еңбек және жауыынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады. Оқушылардың Отанын сүю сезімі отбасындағы, мектептегі, бүкіл қоршаған болмыстағы патриоттық атмосфераның ықпалынан туады. Қазақстан адамдарының Отан игілігіне сіңірген еңбегі, елімізде болып жатқан оқиғалар мен қоғамдық өмірдегі құбылыстар, бүкіл халықтық қоғамдық - саяси ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz