Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Мектеп пен мектепке дейінгі мекеме арасындағы сабақтастық ... ... ... ... ..5
1.2. Балаларды мектепалды дайындық тобында қалыптастыру ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Мектеп жасына дейінгі баланың салауатты өмір салтын отбасында қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене дайындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының түрлерін дұрыс бағытта қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.4. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі.Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсекеле бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады.
Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жайғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс. 12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған орта мен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж.
2. «Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.
3. Ембергенова Ж. Жастарды салаутты өмір салтына халықтың педагогикалық құндылықтары негізінде ұрпақ сабақтастығымен ұштастыра тәрбиелеу.Автореферат.канд. дис.-Қарағанды -2009ж.
4. Жалпы бастауыш білім. Қазақстан Республикасы. Стандарт. -Алматы,2003 ж. -23 б.
5. З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова Развивающие игры для детей младшего дошкольтного возраста.М.: «Просвещение»1991г.
6. «Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» В.С.Мухина 1975
7. Назарбаев Н.Ә // Егемен Қазақстан ,2 наурыз ,2006ж
8. Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002 ж. 383 б.
9. Қозыбаев С. Педагогика.- Алматы, 1999 - 274 б.
10. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика - Алматы, 2002 - 383 б.
11. «Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.
12. Өмірбаева К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер. -Ақтөбе,2003.
13. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1987. 392-6.
14. Рахметова С. Тестік бақылау жүйесі. Бастауыш мектеп. № 6. 2004 ж.
15. Сағындық ұлы. Педагогика. - Алматы, 1998 - 356 б.
16. Хухлева Д.В теория и методика физического воспитания детей дошкольного возраста. М.: «Просвещение»1971г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Мектеп пен мектепке дейінгі мекеме арасындағы сабақтастық ... ... ... ... ..5
1.2. Балаларды мектепалды дайындық тобында қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Мектеп жасына дейінгі баланың салауатты өмір салтын отбасында қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының түрлерін дұрыс бағытта қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.4. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемелік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..34

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі.Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсекеле бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады.
Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жайғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс. 12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған орта мен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Мектеп пен мектепке дейінгі мекеме арасындағы сабақтастық

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар. Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:
- аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
- екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде -- жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда -- мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа -- баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:
* балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
* білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны);
* біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
* балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
* балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;
* балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;
* тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
* эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
* талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
* айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері:
* салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
* қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
* мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
* әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
* мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
* мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
* мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
* бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
* денсаулығын сақтау, нығайту;
* психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
* мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
Екі ұйым арасындағы әрекет: Мектепке дейінгі мекеме -- танымдық әрекет -- мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып -- оқу әрекеті -- оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.

1.2. Балаларды мектепалды дайындық тобында қалыптастыру

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.
Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері Баланы мектепке даярлау мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді. Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:
Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.
Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.
Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.
Сөздік-логикалық ойлау -- сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай -- ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.
Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.
Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Денешынықтыру балаларды үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Балалармен жүргізілетін дене тәрбиесі жұмыстарының алдына қоятын мақсаттары:
* баланың денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру;
* жаттығулар мен ойындар туралы жалпы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды орындай білу;
* қимыл-қозғалыс негіздерін орындау техникасының дұрыс негізін қалап, балалардың жалпы икемділігін арттыру;
* қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрылысын дұрыс қалыптастыру;
* денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, үйлесімді, тиімді жасауға үйрету;
* жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын арттыру.
Тәрбие мен баланың алғашқы дені- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған басты мақсат- баланың жас ерекшелігіне қарай балалар тарихы негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт - дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қарапайымдылық, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, салт дәстүрін , әдеп -ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай, жаны таза адал жан болуы керек.
Тәрбиеші саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан-жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады. Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау мен нығайту және деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына араластыру.
Балабақшадағы әрбір тәрбиеші - педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс- шаралар мен тәрбие ісіне қатысты тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

1.3. Мектеп жасына дейінгі баланың салауатты өмір салтын отбасында қалыптастыру

Ата-ана ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу үшін мінез-құлқын тәрбиелеуі керек. Мінез-құлық кемшіліктерінің көзін міндетті түрде балалық шақтан іздейміз. Адамның психикалық дамуы өмір бойы жүреді. Әсіресе алғашқы үш жылда қарқынды болады. Бала басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып, қоғамда өмір сүре отырып қана адамға айнала алады. Бала қандай адам болып шығады, оған осы өскен ортасы әсер етеді. Ең бірінші көретін, тәрбие алатын адамдары әрине анасы мен әкесі. Әсіресе дүниеге келген алғашқы айлардың әсері мол. Анасымен болған сайын баланың өзі сабырлы, байсалды бола түседі.
Тәрбиенің бірінші шарты: ата-ананың баласының мінез-құлықтарындағы ерекшеліктеріне, өзгерістеріне үнемі әрі уақытылы назар аударып отыруы: Құптау, құптамау, жұмсақ немесе қаттылау дауыспен өз пікірін білдіріп отыру. Бұл құлықтық - имандылық тәрбиенің негізі десек болады. Қоршаған ортаның әсері арқылы имандылықтың өлшемі қалыптасады. Құлықтық - имандылық тәрбие баланың қоршаған ортадан алатын, көретін жағымды - жағымсыз байланыстар, әр түрлі жағдаяттарға байланысты беріледі.
Тәрбиенің келесі шарты: баланың мінез-құлқының бір жақты, бірегей бағалануы. Бала бірте-бірте болжау механизмін меңгереді: бұлай істесем - осылай болады, ал басқаша - басқа болады. Бұл механизм өз мінез-құлқының құлықтық - имандылығын реттеуші негіз болады.
Жасөспірімнің өзіне де ата-анасына да жасөспірім шақ қиын кезең болып есептеледі. Жылдам өсуі, соматикалық дамуы, жыныстық жетілуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі, әсіресе өзге жыныс өкілімен қарым-қатынасының ерекшеленуі.
Осы кезеңде жасөспірімнің жалпы жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, аурулары шиеленісуі мүмкін. Ең басты психологиялық қиындық: жасөспірімнің ата-анасымен қарым-қатынасының өзгеруі. Осы кезеңде бұрын алған тәрбиесінің кемшілік - ақаулары анықталып, көріне бастайды.
Ата-аналарға бірнеше тәрбиелік қызмет жүктелген:
- қорғау және моральдық қолдау;
- бақылау және көңіл-күйі, жалпы жағдайын қарау;
- қарым-қатынасының тұрақталуына жағдай жасау;
- қандай жағдайға түссе де, кіммен қарым-қатынас жасаса да туған үйі мен ата-анасы ол үшін әрдайым - құндылық болуы керек.
Тәрбиенің тағы бір шарты: тыйым салуға деген дұрыс қараушылықты қалыптастыру.
Ерте жастан бала үшін барлық тыйым салулар негізделген болуы қажет. Тыйым салуға деген ата-ана құқығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өкінішке орай, негізделмеген тыйым салулар арқылы ата-аналар жасөспірім алдындағы өз беделінен айырылып жатады.
Өйткені тыйым салулар көп болып кетсе, әйтеуір біреуін бұзуға тура келеді емес пе. Ал бұл бала кезінен бастап тыйым салуларды бұзушылыққа, тілазарлыққа әкеледі, қалыптастырады.
Балада ата-ана бәрін де кешіреді, кешірім сұрасаң жеткілікті деген психология қалыптаспауы керек. Ата-ана бәрін кешіре алады, бірақ кейбір жайттарда ата-ананың кешірімі жағдайды түзей алмайтынын, еш нәрсені өзгерте алмай қалуы мүмкін екенін бала түсінгені дұрыс.
Жасөспірім өзінің іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы өзін өте қиын, келеңсіз жағдайға апаруы мүмкін екенін ата-ана да, мұғалім - тәрбиеші де әрдайым есіне салып отыруы керек. Егер осындай жағдай туса, ата-ана да өзі де шығар жол таппай қалуы мүмкін екенін бала түсінуі керек, балаға сендіру керек.
Жасөспірімдерге ата-анадан алатын өмірлік маңызды ақпараттар жетіспейді. Егер ата-ана осы жастағы баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін білсе, баласын түсініп, оның бостандығын тежемей, онымен келіспеушілік тумас еді.
Ата-аналарға көмек ретінде жүйелі ақыл-кеңестер беруге болады.
Бүкіл әлемге танымал психолог - дәрігер, академик Дмитрий Васильевич Колесовтың ата-аналарға ұсынған жүйелі кеңесінен:
Ата-ана әрқашан жасөспірімнің өзге жерде емес, өз отбасында өзін-өзі жайлы сезінуін үнемі қадағалап отыруы, әрі солай болуын орындауы керек.
Бала туғаннан отбасында өзін-өзі қауіпсіз сезініп, ата-анасының кез келген уақытта көмекке келетінін, қолдайтындығын біліп, сондай рөлде қабылдауы керек.
Бала өзгелерден гөрі, өз ата-анасының ақыл-кеңесін тыңдауға ұмтылуы өте маңызды. Басқаша айтсақ ата-ана мен баланың отбасындағы қарым-қатынасы жат болмауы керек.
Кез-келген келіспеушілік, түсініспеушілік шешілуі керек !
Ата-ана өз ұлы - қызына өмірлік кеңес беруге дайын болуы қажет. Ол үшін пайдалы кеңес-ақыл айту мен айқайлап, өз пікірін таңып қоюда ажырата білгені жөн.
Ата-ана балаға деген қамқоршылығын өркениетті түрде, педагогикалық жағынан ақсамайтындай етіп жасауы керек.
Үй мен отбасы бала үшін толық мағыналы қорғанға айналғаны дұрыс, бала өзінің қорғаны бар екендігін сезінуі керек!
Әр ата-ана баласын ерте бастан-ақ салауатты өмір салтына дайындап, қалыптастыруы керек.
Әр жасөспірімді қоршаған ортаға ғана емес өз денсаулығына да дұрыс қарауға тәрбиелеу керек.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың негізгі шарттары:
# денсаулығына құндылыққа қарағандай қарау;
# өзін дені сау адам ретінде қалыптастыру;
# денсаулығын жоғалтудан үрейлену;
# салауатты өмір салтын дағдыға айналдыру.
Сонымен: отбасы - ата-ана - жасөспірім - мектеп - қоғамдық орын - жасөспірім тізбегінің өзара қарым-қатынасы: шынайы да әділ, өркениетті, тәрбиелі болған жағдайда ғана біз мінез-құлқы тәрбиеленген, салауатты өмір сүруге ұмтылар жасөспірімдерді - еліміздің ертеңгі болашағын өсіреміз

ІІ БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері

Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өмірінде өте үлкен маңызы бар. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру, өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық әдеттерді бойларына сіңіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең.
Мектеп жасына дейінгі баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізі, тәрбие көзі дене тәрбиесі болып табылады. Табиғи, дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде қозғалғысы келіп тұрады. Оның осы қозғалыс әрекетін жанұяда, бала бақшасында дұрыс ұйымдастыру оның жүрек-қан тамырлары, дем алу, жүйке жүйесі, зат алмасу жүйесі қызметтерін жақсартады, қозғалыс-тірек аппараттарын нығайтады. Баланың ауруға қарсылық күшін, ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді. Қозғалыс арқылы бала өмірді, табиғатты тани бастайды, оның психологиясы, ерік-күші, өзіндік қасиеттері дамиды. Бала көбірек қозғалыстарды білген сайын оның таным, түйсік, қабылдау, сезім, қабілет және басқа да әр түрлі психикалық мүмкіншіліктері кең көлемде дамиды. Сондықтан да осы кезеңде дене тәрбиесі сауатты, дұрыс жүргізілмесе, өткізіп алған уақытты қуып жету, жіберілген қателіктерді түзету қиын болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді:
Сауықтыру міндеттері:
1. Бала ағзасын шынықтыру арқылы, сыртқы ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұра алу қабілеттіктерін жетілдіру. Табиғаттың табиғи күштерін, ауаны, суды, күн қызуын дұрыс пайдалану арқылы бала денесі шынығады. Оның әр түрлі суық тию арқылы болатын тұмау, жөтелу, тамақ ауруларына қарсылық күштері көбейеді.
2. Қозғалыс тірек аппараттарын нығайту және дұрыс мүсінді қалыптастыру. Қозғалыс белсенділігі көлеміне әсер ететін жалпақ табан болмауы үшін, табан және сирақ бұлшық еттеріне арналған жаттығуларға көңіл бөлу. Бала денесі үйлесімді дамуы үшін денесінің екі жағындағы бұлшық еттерге бірдей мөлшерде жаттығулар беру. Күнделікті өмірде аз жұмыс істейтін бұлшық еттер топтарына көбірек жаттығулар беру. Жас кезінен балаға дұрыс мүсін туралы мағлұмат беру қажет. Еңкіштік, бір иықтың екіншісінен биіктігі, омыртқаның қисаюы және т.б. мүсін қисаюларын дұрыстаудың ең бір әрекетті амалы дене жаттығулары екені олардың әрқашанда ойларында болу керек.
3. Вегетативтік мүшелердің қызмет мүмкіншіліктерін жоғарылату. Баланың белсенді қозғалыстары жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерінің, тамақ қорыту, дене температурасын реттеу жүйелерінің, ағзадағы зат алмасу үрдістерінің қызметтерін жақсартады. Зәр шығару органдарында зәр шықпай қалу үрдістерін болдырмайды.
4. Жылдамдық, үйлесімділік, төзімділік секілді дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Мектепке дейінгі жастарда дене мүмкіншіліктерінің бірін ғана және дамытуға арнайы көңіл бөлуге болмайды. Қозғалыстарды әр түрлі етіп құрастыру, амалдарын ауыстыру, әр түрлі бағыттау арқылы дене қасиеттерін кешенді, үйлесімді дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.
Білім беру міндеттері:
1. Өмірге керек негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Жүйке жүйесінің икемділігі арқасында мектеп жасына дейінгі балалар жаңа қозғалыс түрлерін тез және оңай үйреніп алады. Дене өсуімен бірге олардың қозғалыс ептіліктері де қалыптаса бастайды: үш айда олар басын көтеріп, ұстап тұра алады; алты айлықтарында қолдарын қозғалтады, еңбектейді, шалқадан жатқан күйден ішіне аударыла, ішіне жатқан күйде қолымен тіреле кеудесін көтере алады; он бір айлығында отыруды, жатуды, заттарға тіреле тұруды, жүруді үйрету, бір жылда міндетті түрде жүруге үйрету қажет; үш жасында бала жүру, жүгіру, әр түрлі нәрселерге өрмелеу қозғалыстарын меңгеруі; төрт жасында әр түрлі заттарды лақтыру, биік жерлерден секіру, заттарды қағып алу, үш дөңгелекті велосипедті тебе алу; алты-жеті жасында өмірде, тұрмыс жағдайында кездесетін қозғалыстардың көпшілігін: жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, басқышпен жоғары өрмелеу, кедергілерден асып өтулер және т.б. орындай алулары керек.
2. Дене тәрбиесі сабақтарына деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру.
Балалардың дене тәрбиесі жаттығуларына деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыруға ең қолайлы уақыт - мектепке дейінгі балалық кезең. Ол үшін балалар орындай алатын, орындаған жаттығулардан олар қанағат алып, ары қарайғы әрекеттерге ынтықтыратын тапсырмалар берілуі қажет. Орындалған тапсырмаларды бағалау, көңіл бөлу, мадақтау арқылы дене тәрбиесіне деген жақсы көзқарас қалыптастырылады, баланың дене жаттығуларымен тұрақты айналысуға ұмтылуына себеп болады.
Балалардың ақылдылықтарын, дүниетанымдарын, көзқарастарын кең дамыту үшін, оларға жаттығулар жасау кездерінде дене тәрбиесі, спорт саласындағы қарапайым білім негіздерінен мағлұматтар беріліп отырылуы керек.
Тәрбиелік міндеттері:
1. Балаларды моральді - жігерлік қасиеттерге тәрбиелеу. Ол қасиеттер: адалдық, батылдылық, тәуекелшілдік, қайсарлылық, табандылық т.с.с.
2. Дене тәрбиесі арқылы балалардың ақылдылық, өнегелік, эстетикалық, еңбек тәрбиелеріне әсер ету, көмектесу.
Осы баяндалған сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттері жеке-жеке қарастырылса да, олар бір-бірлерімен тығыз байланысты. Сондықтан балалармен жұмыс істегенде осы міндеттерді кешенді түрде орындаған дұрыс болады. Сонда ғана бала денесі дене дайындығы жағынан ғана емес, рухани жағынан да дамиды.

2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене дайындығы

Балалардың ағзасы осы мектепке дейінгі кезеңде үнемі өсіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени
Балаларда мәдени - гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдылары
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Қимылдық ойындар арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Пәндер