Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесі . . . 5
1. 1. Оқу дағдысын жетілдіру жолдары . . . 5
1. 2. Оқудың маңызы мен мақсаты және қағидалары . . . 6
1. 3. Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту туралы . . . 7
1. 4. Оқудың түрлері . . . 9
2. Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі . . . 15
2. 1. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері . . . 15
2. 2. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процестерінің кезеңдері . . . 18
2. 3. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері . . . 20
2. 4. Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптар . . . 20
2. 5. Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар . . . 23
2. 6. Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын көрнекті құралдар . . . 24
2. 7. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту . . . 25
Қорытынды . . . 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың таным қызығушылығын арттыруға үйрететін, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптачстыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар - оқудың қызықты жеңіл екенін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімінң тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінің мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Оқу дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне, жеңілдігіне және қызықтылығына байланысты екендігі әрбір мұғалімге аян. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету мәтін бойынша жұмыс дұрыс жүргізілгенде ғана сабақ өзінің оң нәтижесін береді, тиімділігі артады, оқу сапасы жақсарады.
Оқу сапаларына оқу түрлері жатады. Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқу дың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай (а-ғ-а-ш, б-а-л-ы-қ) буындап буындарды жалғастырып оқуды ( а-ғаш, ба-лық ) меңгерту қажет. Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ. Кейде оқушы әріп, буын, сөз қалдырып кетсе, кейде екі рет қайталайды, буынды жұтып қояды, әріптерді алмастырып айтады. Қате оқыған сөзді таптыру, талдау жасатып, сол сөзге мағынасы жуық сөздер таптырту, қайта оқыту, тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру тәрізді жаттығу түрлері орындалады. « Түсініп оқу- оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы» деп түсінсек, түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде өздеріне түсінікті, қызықтыратын, ішінде қиын дық тудыратын сөздері өте аз сюжетті мәтіндерді таңдаған дұрыс.
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны», - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет - міне, нағыз білім - осылар! «Дағды, - деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, - саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң, әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады».
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т. б. арқылы іске асырылады.
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т. б. мінез құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.
Сөйтіп, адамгершілік, достық советтік патриотизм, интернационализм, атеистік, эстетикалық еңбек тәрбиесі т. б. жұмыстардың негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды.
1. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру процесі
1. 1. Оқу дағдысын жетілдіру жолдары
Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби жазба тілі және сөйлеу тілімен байланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдің заңдылықтарды, ережелері меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады.
-Бастауыш сынып оқушылары оқулықтағы қысқа мәтіндерді ғана оқып жаттығатын болса, кейін 7 - 8 сыныптарға барғанда жаңа пәндер көбейіп қана қоймай, ондағы тапсырмалар көлемі де ұлғаяды, әдебиет, география, тарих, физика мен биология пәндеріне кіреді.
Егер бастауыш сынып оқушысы минутына 38 сөз оқитын дәрежемен орта буынға шықса, ол 6 - 7 сыныптарда 8 беттен тұратын 6500 сөзді 170 минут, яғни 3 сағатта оқып шығуына тура келеді. Ал баяу оқитын бала мәтін мазмұнын 1 рет оқығанынан түсінуі мүмкін емес, сондықтан оған 2 - 3 рет қайталап оқу керек. Сонда оған тапсырманы оқып шығу үшін 9 сағат уақыт қажет болады. Оған мектепте өткізетін 6 сағат уақытын қоссақ, 15 сағат шығады. Ал үйге тек оқу ғана емес, жазба жұмыстары да беріледі. Сондықтан балаға 24 сағат уақыт та жетпеуі мүмкін. Мұндай ұзақ уақыт жұмыс істеу мүмкін емес. Сол себептен балалар үлгірмеушілер қатарына қосылады. Осыдан жоғары сыныпта оқу сапасы күрт төмендеп, үлгірмеушілер қатары көбейеді. Бұл, әрине, оқушының психологиясының бұзылуына әкеліп соғады. Оның оқуға деген қызығушылығы болмайды.
Болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін бастауыш сыныпты бітіріп шыққан оқушы минутына кем дегенде 120 -130 сөз оқитын болуы керек. Осы мәселеге байланысты біздің көрсетіп жатқан жұмыстарымыздың бір түрі - « Көру диктанттары». Жүргізу уақыты 5 - 8 минут.
18 жинақтан тұрады. Әрбір жинақ 6 сөйлемнен құрылған. Әрбір сөйлемдегі әріптер саны мен есте сақтау уақыты берілген. 8 әріптен тұратын сөйлемді 4 секунд есте сақтап жазу керек. Келесі жинақтарда әріптер саны көбейіп күрделене түседі. 18 - жинақта 46 әріптен тұратын сөйлемді 8 секунд есте сақтап жазып беру керек. Бұл жұмысты үздіксіз, күнде - күнде қайталап, 54 күн қатарымен жүргізу керек. Бұл, біріншіден, оқушының оқу шеңберін кеңейтеді және оның зейінін, есте сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі. Грамматикалық қателерді азайтуға әсер етеді.
1. 2. Оқудың маңызы мен мақсаты және қағидалары
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - бастауышта қаланады.
Қайта кұру кезеңінде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда .
Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз кушейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.
Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш мектептердегі оқу сабақтарының мақсаты:
- Идеалық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
- Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
- Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
- Сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу.
- Бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру.
- Балалардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу.
- Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т. б. ), балалардың сана-сезімін советтік патриотизм, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру.
- Саналы тәртіпке, дұрыс міиез-құлық нормаларына үйрету.
- Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.
Бастауыш мектептегі оқудың негізгі қағидалары оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.
Оқу сабақтарының міндеті - балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру - оқу сабақтарындағы ең басты талап. Балалар бұл сабақтарда оқығандарына жақсы түсініп, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге, процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.
1. 3. Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту туралы
Оқуға арналған материалдар әр сынып үшін «Ана тілі» кітаптарында беріледі. Бұл оқу кітаптары жаңа бағдарламаның талаптарына сай жасалған.
Оқулықтарға енген материалдарды тақырыбы мен мазмұны жағынан топтасақ; салт-санамыз, ұлттық дәстүріміз, өнеркәсібіміз бен ауыл шаруашылығымыз, қала мен ауыл арасындағы қарым-қатынас, мектеп пен отбасы, еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары, яғни Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері және олардың үлгі-өнеге боларлықтай істері, кеңес халқының алуан түрлі еңбектері, бейбітшілік пен халықтар-достығы үшін жүріп жатқан күрестер, жолдастық, достық және адамгершілік, кеңестік патриотизм, табиғатта, адам баласының мінез-құлқында, іс-әрекетінде кездесетін әсемдік пен сұлулық, балалар өмірінде, пионерлер, комсомолдар өмірінде кездесетін уақиғалар жөнінде мағлұмат беруді көздейтін материалдар.
Жаңа оқулықтардағы материалдар жүйеленуі жағынан тақырыптық қағидамен орналастырылған, яғни бірнеше материал бір тақырыпқа жинақталып, топталып беріледі. Мұндағы мақсат - белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға түрлі уақиғаларды суреттейтін сан алуан материалдарды оқыту арқылы жан-жақты ұғым, кең мағлұмат беру. Оқулықтар тақырыптық қағидамен құрылғандықтан, ондағы материалдар сол орналасқан қүйінде бірінен соң екіншісі оқытыла бермейді. Оқулыққа енген шығармаларды мазмұнының оңайлығына, қиындығына, көлемінің үлкен-кішілігіне, баяндалу стиліне, құрылысы мен жанрына қарай, қай мер-зімдерде өтуге лайықты болатынын мұғалім алдын ала ойластырады. Сондықтан да мұғалім оқу сабағына кіріспес бұрын оқулықта берілген материалдармен түгелдей танысып, олардың мазмұнын толық меңгеріп, оқытылу жолын жан-жақты қарастыруға тиіс. Осындай жұмыстардан кейін қай материалды қашан, неше сағат оқытатынын белгілеп, календарлық жоспар жасайды. Онда әр бөлімде берілген бір топ материалды сол оқу-лықта орналастырылған тәртібімен өткен қолайлы ма, әлде түрлі даталарға сай келтіру үшін, олардың орындарын ауыстыруға тура келе ме - осылардың барлығын ойластырады. Мысалы, III класс оқушыларының түгел пионерге өтетіні ескеріліп, пионер деген кім, пионердің міндеті қандай, пионерлердің іс-әрекетімен балаларды нақты таныстыру мақсатында оқулыққа «Пионерлердің өмірі мен істері» бөлімі берілді де, оған біздің елімізде пионер ұйымының алғаш қашан құрылғанын, пионерлердің ұранының, пионер галстугінің маңызы мен мәнін түсіндіретін сондай-ақ оның өмірін көрсететін бірнеше әңгіме кірістірілді. Бұл әңгімелерді біздің ойымызша апрель айларының алғашқы күндерінен бастап оқытқан қолайлы. Себебі балалар пионерге жаппай Ұлы көсеміміз В. И. Лениннің туған күні қарсаңында өтеді. Сондықтан балаларды өздеріндей жас лениншілдер өмірімен пионерге етуге дайындық кезінде таныстырған пайдалы. Немесе 3 класс оқулығында: «Ертегілер, мысалдар, мақал-мәтелдер» бір бөлімге топталады. Мұнда да берілген ауыз әдебиет үлгілерін тек осы бөлімде ғана он-он бес күннің ішінде оқулықтағы тәртіппен өту керек деген мақсат көзделмейді. Бүл материалдар да жыл бойына әр кезеңге бөлініп оқытылғаны дұрыс.
Күнтізбелік жоспар жасағанда әр бөлім бойынша қайталауды қалай ұйымдастырған тиімді, қорытынды сабақтарды өткізу үшін пайдаланылатын материалдар, жазу жұмыстарын қай кездерде қалайша жүргізген ұтымды - осылардың барлығы көрсетілуге тиіс. Тағы бір есте болатын жай: мұғалім кейбір материалдарды, яғни бір бөлімде берілген шығармалардьң ішінен ең қиындарын, балалардың оқу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыруға қажеттілерін, сыныпта оқыту үшін іріктеп алады да, кейбір жеңіл-желпі материалдарды (оқушылардың өз бетімен түсінулеріне қиындық келтірмейтіндерін) үйден оқып келуге тапсырады.
Оқулықтарға енген материалдар: көркем очерктер, ғылыми мақалалар, жазба және ауыз әдебиеті үлгілері. Бұл материалдар арқылы мұғалімдер оқушыларды кеңес ақын-жазушылары шығармаларымен, халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерімен таныстырады, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады, сөйтіп, халық тілінен үйрену арқылы сөз байлығын арттыруға көмектеседі. Оқушылар ғылыми мақалаларды оқу арқылы түрлі ғылым салаларынан мағлұмат алады.
Оқулықта берілген материалдарды оқып үйренуге байланысты әр түрлі практикалық жұмыстар да жүргізіледі. Олардың бастылары: оқушыларды әр түрлі құрылыстарға, фабрикалар мен зауытттарға, ауыл шаруашылық нысандарына (егіс даласы, жеміс бағы, мал, құс фермалары т. б. ) экскурсияға апару, кинофильмдер, диафильмдер көрсету, еңбек озаттарымен, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлермен, қарт қоммунистермен кездесулер, әдеби-музыкалық кештер, ертегі кештерін ұйымдастыру т. б.
Оқулықтарда әрбір мәтіннен кейін оқушыларға сұраулар қойылады және сол мәтін бойынша олардың өз беттерімен орындайтын жұмыс түрлері көрсетіледі. Онда балалар мәтіннің мазмұнына байланысты түрлі жұмыстар орындайды (мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою, бірнеше бөлімді біріктіріп ат қою, жоспар бойынша баяндау, мәтіннен табиғат көріністерін, еңбек әрекеттерін немесе басты кейіпкерлерді бейнелейтін үзінділерді тауып оқу, сөздік жүргізу т. б. С. С) .
Оқулықтарда түрлі түсті суреттер берілген. Мұғалім бұл суреттерді талдау арқылы балаларға картинаны түсіну әдісін үйретеді.
Сонымен қатар ол картиналардың авторларымен де таныстырған жөн.
Оқулықтардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы берілген материалдар табиғаттану жөнінде оқушыларға ғылыми мағлұмат беруді қатаң талап етпейді, : өйткені жаңа программа бойынша, балаларды айналамен таныстыру I кластан бастап оқылады. Сондықтан мұндай материалдардың, көркемдік қасиетіне, тіліне баса назар аударылады.
1. 4. Оқудың түрлері
Оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.
Дауыстап оқу көбінесе I-II сынып оқушыларына тән болады. Бірақ I сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу I сыныптан-ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (II-III сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), III сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтінге сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т. б. Ш-IV сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген-түсінбегендері түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқылы немесе мәтіннің мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т. б. с. с. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді.
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:
- Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу.
- Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар.
- Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда-онға, күзет-күжет т. с. с. ) оқиды.
Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады:
- Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады т. б.
- Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.
- Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, кеспе әліппеден құрастырады т. б.
- Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
- Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.
- Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
- Указканы қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар керетін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.
8. Орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.
Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де орфографиялық және орфоэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқытуда басшылыққа алынады. Ал оқушыларға жаңа сөздердік мағына- сын түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек орфография ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ ешкі. Мұндай сөздерді оқығанда ағешкі деп айту керек екенін ескертіп, мұғалім балалар ды солай (ағешкі) оқытып үйретеді. Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған мәтіннің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасына түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.
Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеалық мазмұнына аударылады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.
Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындық әңгіме өткізу болып табылады. Сондай-ақ мәтін оқылмас бұрын бақылау, экскурсия жасау, тәжірибе жасау жұмыстары да түсініп оқуға жәрдем етеді. Түсініп оқуда қорытынды әңгіменің де тигізетін пайдасы мол.
Шығарманың идеялық мәні мен мазмұнын оқушыларға ұғындыру үшін сөздік жұмысын жүргізудің көп көмегі бар.
Сөйтіп, оқушыларға оқу техникасын игерумен бірге білім, тәрбие беру, олардың жеке басын қалыптастыру, дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру мақсаты оқығанды саналы түсінгенде ғана нәтиже бермек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz