Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер-туындыларын үйрету әдіс-тәсілдері
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер.туындыларын үйрету әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Оқушыларды шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері ... ... ... ..10
2.2. Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ІІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1. Сын есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.2.Жалғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
«Білім туралы Заңның» негізгі ережелері
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ақбаева К. Дидактикалық материалдар. – А., 1995.
2. Ақбаева К. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. – А., 1997.
3. Байсақалова Ұ.С. Қазақ тілі – А., 2007.
4. Білімдегі жаңалықтар. Баспасөз журналы. 1, 2,3. 2004.
5. Бектұров А.Ш., Бектурова Ш.К. Казахский язык для всех. – А., 2004.
6. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – А., 2003.
7. Кәтенбаев Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. – А. 1991.
8. Қалықова Ә. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту – А. 2004.
9. Қалиев Ж.С. Жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған оқу - әдістемелік құрал. –Қ 2005.
10. Қазақ тілі мен әдебиеті. Баспасөз журналы. 8,10. 2007
11. Открытая школа. 10. 2007
12. Исмагулова Б.Х., Абдыжапарова Г.К., Ережепова Э.К. Қазақ тілінен қосымша оқу құралы. – А., 2003

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер-туындыларын үйрету әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1. Оқушыларды шығарма жазуға дайындау жолдары мен
әдістері ... ... ... ..10
2.2. Шығарма жазудың талаптары мен
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ІІІ. Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27
3.1. Сын
есім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
3.2.Жалғау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .34
V. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика
азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған
заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың
негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы
органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген.
Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім
процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен
жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы
сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері
айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы,
білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру
саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Білім туралы Заңның негізгі ережелері
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын
жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім
беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер,
гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында
кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер
Білім туралы Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Құқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-
ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
Білім заңына сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы
оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта
кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
Білім туралы Заң жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің
стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер,
іскерлік дағдылар көрсетіледі.
1989 жыл, 22 қыркүйек: ҚР Тілдер туралы Заңы қабылданып, қазақ
тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесі (статусы)
берілді.
1997 жыл, 11 шілде: ҚР Тілдер туралы Заңы Парламентте қайтадан
талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша,
қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының
ұлттық тілі болып есептеледі.
ҚР Тілдер туралы Заңында 6 тарау бар:
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар).
2-тарау. Тіл – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында (8-15 баптар).
3-тарау. Тіл – білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат
құралдары саласында (16-18 баптар).
4-тарау. Тіл – елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекті
ақпаратта (19-22 баптар).
5-тарау. Тілдік құқықтық қорғау (23-26 баптар).
6-тарау. Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда
пайдалану (27 бап).
Қолдану саласы
Бұл стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды және Қазақ
тілі пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқу
пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық
ұйымдарында, олардың білім беруді ұйымдастыруының меншіктік формасына,
типіне және түріне қарамастан, Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың
жалпыбілімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде,
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында берілген пән бойынша
педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде,
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында пән бойынша
оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау
барысында,
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру
және қайта даярлау институттарында Қазақ тілі пәні бойынша педагог
мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау
барысында,
- білім саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында Қазақ
тілі пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда
қолданылуы және сақталынуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен
ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау,
жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге
асырылуын бақылау кезінде пайдалануы мүмкін.
Қазақ тілі пәні бойынша осы стандарт мектептің бастауыш сатысындағы
базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен және
жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
- ҚР БМЖМС 2.003-2002 Жалпы орта білім. Негізгі ережелерге,
- ҚР ЕР. 40.1.01-2000 ҚР МЖС-нің Білім берудің жалпыға міндетті
стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуге
қойылатын жалпы талаптарына сілтемелер жасалған.
3 Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңына және ҚР
БМЖМС 2.003-2002 сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар
қолданылады. Оларға қосымша осы стандартта келесі анықтамалар және
қысқартулар келтірілген.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беру стандарты – Қазақстан
Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық
типтеріне ортақ қазақ тілінен оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім
деңгейін тағайындайтын құжат.
Қазақ тілі пәнінің базалық мазмұны – мектепте міндетті түрде
оқытулуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде
оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен
құрылымының тізбесі.
БМЖМС – Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
БОЖ – базистік оқу жоспары.
4 Жалпы ережелер
4.1. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды
оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы
мен пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
4.2. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты міндеттері
Қазақ тілі пәнін оқытудың басты міндеттері төмендегідей болып
белгіленді:
- сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, ауызекі және жазба тілде қарым-
қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын
қалыптастыру, оларды өзара салыстыра, топтай және жинақтай білуге үйрету;
- орфографиялық дағдыларды қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді
практикалық түрде меңгерту;
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Оқушылардың адамгершілік, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
4.3 Қазақ тілі пәнін зерттеу объектілері
Қазақ тілі пәнінің мазмұны қазіргі тіл біліміне негізделеді.
Мектептің бастауыш сатысындағы Қазақ тілі пәнінің басты оқыту объектісі –
тілдік дыбыстық, мағыналық жүйесі; сөз және сөйлем жүйесі.
4.4 Қазақ тілі пәні мазмұнының даму болашағы
Бастауыш мектептегі Қазақ тілі пәнінің мазмұны негізгі мектептегі
Қазақ тілі пәнінің мазмұнында дамытылады.
4.5 Қазақ тілі пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны
БОЖ-да Қазақ тілі пәні Филология білім саласына кіретін, бастауыш
мектепте міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген.
Қазақ тілін оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының БОЖ-дағы мектеп
компонентіне (таңдау пәндері) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты: қоғам мақсаты мен өз
мақсатын ұштастырып байланыстыра алатын, шығармашыл, қоршаған ортадағы
жағдайға бейімделгіш, өз бетімен шешім қабылдай алатын, іскер, ой-өрісі
дамыған интеллектуалды, зиялы, мәдениетті, парасатты, елжанды, жеке тұлғалы
азаматты тәрбиелеп шығару.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтардың баланың
бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына, өз ойы мен пікірін ашық
жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуметтік толық іске асыруына ықпал ету
болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдамасында: 12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және
қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі
ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл,
білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру, - деп нақты көрсетілген.
Мұғалім оқушы бойына коммуникативтік білім, біліктілік, дағдыларды
қалыптастыру керек. Менің ойымша: оқушы бойына коммуникативтік
құзыреттілікті қалыптастыру үшін мынадай біліктілік пен икемділікті
меңгерту қажет:
- кез-келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған
сұрақтарға сауатты жауап беруге даяр тұруы;
- қарым-қатынаста сөз байлығын кеңіне қолдана алу, оның ішінде
көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу;
- айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге төселу;
- кез-келген тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалау;
- тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап,
әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б.
12 жылдық білім моделіне көшу – бастауыш сынып мұғалімдерінің
мектепішілік шығармашылық топтар, аудандық және мектептің әдістемелік
бірлестігі отырысында, әр түрлі деңгейдегі семинарларға қатысу,
біліктілікті арттыру институтындағы курсқа бару, кәсіби сайыстарға және
басылымдарға жазу және т.б. арқылы жүзеге асады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу барысында педагогикалық
құзыреттілікті дамыту жолдары:
- педагогтардың әдістемелік мәдениетін жетілдіру, шығармашылықпен
жұмыс істеу;
- 12 жылдық білім беруге көшуді ақпараттық әдістемелік банкінің
қалыптасуы, озық педагогикалық тәжірибені, жаңа педагогикалық
технологияларды қолдану;
Озық тәжірибелі мұғалімдердің қызметінің негізгі бағыттары:
- қызықтыратын тақырып бойынша педагогикалық және психологиялық
әдебиеттерді оқу;
- ең озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмысымен тәжірибе алмасу және оны
тарату;
- мұғалімдердің озық тәжірибесімен танысу;
- шебер мұғалімдер жұмысымен танысу.
12 жылдық білім беруге көшумен байланысты жаңа технологияларды оқу-
тәрбие процесіне енгізуге және мұғалімдердің жаңа буын оқулықтарын игеру,
педагогтардың кәсіптік біліктіліктерін дамыту, пәнді оқытудың деңгейін
көтеруде себебін тигізеді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігі
педагогикалық құзыреттілікті дамыту, кәсіби біліктілігін қалыптастыру
арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында ережеге сай жұмыс
жасайды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада тұңғыш рет еліміздің
білім беру саласында күрделі реформа жүргізу, 11 жылдық орта білімнен 12
жылдық орта білімге көшу қажеттігі айтылған.
Бағдарламада 12 жылдық мектептің мақсаты өзгермелі даму үстіндегі
ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесі үшін де, қоғамдық мүдде үшін де өзін-
өзі толық жұмылдыра алатын, білімді, шығармашыл, құзыретті және бәсекеге
қабілетті тұлға қалыптастыру және дамыту деп атап көрсетілген.
ІІ.Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер-туындыларын үйрету әдіс-
тәсілдері
2.1. Оқушыларды шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен,
дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық
төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы
тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы
талап етіледі.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге
жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой
өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық
көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы
білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-
әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет,
фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне
байланысты шығармалар.
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:
1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;
2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;
3. Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;
4. Оқыған – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;
5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;
6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;
7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере
білу;
8. Цитаттарды (дәйектеме сөз) келтіре білу;
9. Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тақырыпты толық аша білу;
2. Артық баяндау, қажетсіз
дәлелдемелер мен көпсөзділікке
жол бермеу;
3. Шығармада сөз болған жайды
оқушының басқаларға түсінікті
болатындай орамды тілмен, аз
сөзге көп мағына сыйғыза
баяндауы;
4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі
ой арқылы шебер байланысуы;
5. Шығармада жазушының өмірбаянына,
жазылу тарихына, тарихи
оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты
қателіктер жіберілмеуі керек;
6. Оқушының шығармада сын
мақалалардан, әдебиеттану
еңбектерінен шағын үзінділерді
қисынымен қолдануы, оның терең
білімін танытады;
7. Барлық айтылған ойды жинақтап,
тұжырымдап, тиісті қорытынды
жасай білу.
Шығарманың бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру, бағалау
мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарайды.
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы;
2. Ой – пікірдің жүйелілігі;
3. Стилі;
4. Граматикалық сауаттылығы;
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
1. Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай
ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі,
негізгі ойды жеткізе алуы жатады.
2. Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір
бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.
3. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі,
сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы
сияқты мәселелер жатады.
4. Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты жайлар
қаралады.
Шығарма процесі. Оқушыға нақты жұмыс берілді. Ендігі жерде оқушы
әрекет істеуі керек, 10 минутқа дейін үнсіздік басып, оқушы алған білімін
еске түсіріп, мида қрыту процесі басталады. Осы арада мұғалім көмегі қажет.
Ұстаз шығарманың эпиграфын таңдауға көмектесуі мүмкін. Себебі шығарманың
қаншалықты нәтижелі шығуының кепілі – эпиграф. Эпиграф үшін оқушыға арнайы
папка аштырып, газет, журнал қиындыларын жинатып, ақындардың өлең –
жолдарын, көсем сөздерін жиғызып, кітапхана каталогын жасатып үйрету керек.
Шығарма жазу мынандай кезеңдерден тұрады: әзірлік кезеңі, жазу, аяқтау
кезеңі, тексеріп бағалау, талдау жасау кезеңдері.
Оқушының теориялық білімі толық болғанымен, шығарма жазғанда ойын
шашыратып жүйелі баяндай алмаса, сөздік қорының тапшылығы өз бетімен
кітаптыаз оқитыны байқалады.
Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізгі бөлігі мына
жағдайларға байланысты:
Оқушы шығармашылық жұмысқа құлықсыз болған жағдайда
шығарма мақсатына жетпейді;
Шығармаға бағыт берілмесе, мақсатына жетпейді;
1. Қате түсініп, көңілсіз жазылған шығармаларды қайта
құрастыру, ойын жүйелеп, жаңарту оңайға түспейді. Сондықтан
алдыңғы сәтсіз шыққан шғармадағы кемшілікті жою үшін басқа
тақырыптағы шығарманы ұсынған тиімді.
Оқушылардың жазба жұмыстарына назар аударып, оны зерттеу, шәкірттерге
шығарманы жаздырып үйретудің амал-тәсілдері орыс тілінде педагогикада ХҮІІІ
ғасырдан басталған. Мектеп шығармасының, теориясы мен әдістемесінің ертеден
келе жатқан тарихы бар.
Қазан төңкерісіне жақын жылдарда А.Д.Алферов оқушы шығармаларындағы
шаблондық мазмұнды аңғара келіп, бұл үшін оқушыларды кінәлауға болмайтынын
ескертіп, міндеттерді орындаудың мүмкін еместігі өзімен бірге немкеттілік
пен формализмді алып жүретіндігін айтады және шәкірттерді шығарма жаздыруға
төселдіре алмаған ұстаздар тәжірибесін сынайды.
Әдіскер В.П.Рыбаков мектепте шығарма жаздырту ісінің әдебиеті пән
ретінде оқытудағы ең қиын міндеттің бірі екенін анықтай отырып, осы
мәселеге қатысты біршама тың пікірлер білдіреді. Ғалым шығарма мазмұнының
оның түріне сәйксс келу керектігін көздей отырып, шығарманы жазып-үйретуде
оның мазмұны мен жолдарын көрсетуге тырысты (Обучение сочинениям в старших.
классах. М., Учпедгиз, 1959).
Зерттеуші Н.М.Соколов өзінің Оқушылардың жазбаша және ауызша сөзі
еңбегінде оқушылардың әдебиет теориясының элементтерін меңгере отырып, оны
жазба жұмыстарында пайдаланудың қажеттілігін ұсынады. Сондай-ақ шығарма
жазу барысында шәкірттердің көргендері мен бақылау нәтижелері бойынша ой
түйіндеу мәселесіне ерекше көңіл бөледі (Устные и письменные слова
учашихся. М., Л., 1927). Әдіскер Соколов жазба жұмысына жоспар құру
керектігіне тоқталады. Автор жоспардың жазба жұмысына айтарлықтай рөл
атқаратынына мән бере отырып, оқушының өз жоспарының қожайыны ретінде оны
кез келген уақытта өзгерте алатындығы жөнінде ой қозғайды. Демек шығармаға
жоспар құру мәселесі ертеден-ақ өзінше жолға қойылған.
Жоғарыда көрсетілген әдіскерлер пікірлері шығарма жаздыру мәселесінің
маңызын айқындай отырып, келешекте бұл мәселені жан-жақты зерттеуге жол
ашты. Әдіскер ғалым В.Б.Голубков ғылыми еңбектерінде сыныпта оқушыларды
шығарма жазуға төселдірудің төмендегідей әдістерін ұсынады:
- көркем шығарманың мазмұнын қысқа әңгімемен түсіндіріп, оның бас
жағын сыныпта оқыту;
- сұраққа жауап боларлық маңызы бар эпизодтарға көңіл бөлу;
- туындының басты проблемаларын оқушыларға алдын ала таныту;
- шығарма кейіпкерлерін топтау.
Орыс әдебиетін оқыту әдістемесінде шығарманың тәрбиелік жәнс білімдік
мақсатына ден қойып, оның шығармашылық мақсатын түсінген, мектеп шығармасын
жан-жақты зерттеген ғалым-әдіскер М.А.Рыбникова болды. Педагог-ғалым
оқушыны шығарма жазуға төселдіру тәрбие мен білім берудегі ең белсенді, ең
қуатты әдіс екенін жақсы түсінген. М.А.Рыбникова орыс әдебиеті
әдістемесінде жазба жұмыстар әдістемесінің алғашқы әліппесін жасап, оны
жүргізудің кейбір бағытын көрсетті. Ғалым сонымен бірге тақырып таңдай
білу, көркем шығарманың мазмұндық ерекшеліктерін анықтаудың жолдарына назар
аударды. Ғалым оқушыларды шығарма жазуға үйретудің өзіндік жүйесі ретінде
шығарманың адамгершілік-эстетикалық тәрбие, тіл дамыту және адам сезімдерін
қалыптастыру құралы екенін айта келіп, шәкірттерді шығарма жазуға
төселдірудің әңгімелесу, сұраққа жауап, жоспар құру, конспектілеу
тәсілдерін ұсынды. М.А.Рыбникова орыс әдебиетін оқыту әдістемесінде жазба
жұмыстарын белгілі бір жүйеге салудың жолын көрсете келе шығарма жазу мен
көркем туындыны меңгертудің тиімді сабақтастығын анықтап берді.
Шығарма жазудың жүйесі туралы ойын Жүйені әрбір -жұмыс түрінің
қажеттілігін түсінген, оларды белгілі бір қиыншылығына қарай тәртіпке
келтіре білген мұғалім ғана құра алады. Әр шығарманың нақтылығы мен белгілі
мақсатқа бағытталуы – уақыт жағынан ұту, бұл — оқушы күшін үнемдеу, бұл —
жүйе деп жалғастырады.
Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері:
Ең алдымен Осы шығарма жазу неге керек? Қалайда жаздыру керек пе?
деген сұрауларға жауап іздейік.
1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық
білімі, әдеби ұғым-түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете
алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының
ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша
түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл — жүйелі түрде жүріп
отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.
Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ
қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті
өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі
болғаны ғой.
Енді осы жұмысқа баланы қалай дайындап әкелу керек? Алдымен, оқушы
сабаққа қызығу керек. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиет сабағының кіріспе
және қорытынды кезінде оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар
ұйымдастырған жөн. Жұмбақ шешуге үйрету керек, оның да өзіндік құпия кілті
бар жұмыс. Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын
сөйлемдер жарысын беруге болады. Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны,
тақырыпты таптыру, ойланту. Кейіпкер туралы ой қозғату, өзіндік пікірін
қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге үйрету арқылы жазу
жұмысына төселдіруге болады.
Шығармашылық жазба жұмыстардың мақсаты — логикалық ойлауды дамыту,
шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру,
әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде
көркемдеп бере алу.
Шығарманы жаздырудың бірінші міндеті — тақырыпты түсіну. Бұл үшін
әуелі жоспар құрып, шығарманың негізгі ойын ұғыну керек. Оқушымен жұмыс
белгілі тақырыптың негізгі ойын анықтаудан басталуы керек. Тақырып сұрақ
бойынша шығарма идеясын қалыптастыруды үйрете отырып меңгертіледі.
Шығарма жазудың өзіндік біліктері: шығарманың негізгі ойын тану мен
тақырыбын түсіну; шығарма жазу үшін материал жинау; жиналған материалды
жүйелеу; әр жанрда шығарма жазу, шығарманың жоспарын құру, әдеби-сыни
материалмен жұмыс; тілдік категориялар ережесін білу (сауаттылық);
шығармада өзіндік көзқарас, ұстаным көрінуі.
Егер ұстаздар осы біліктерді оқушыларға меңгерте алса, шығармашылық
жазба жұмыстардың сапасы жоғары деңгейге көтерілер еді.
Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл-күй, ой-
толғам, болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де
байланысты. Осыған орай кейде ойтолғау түрінде оқушыларға Мен кіммін?,
Робот пен нағыз адамның айырмашылығы деген тақырыптарды жазуға тапсырма
беру қажет. Бұл арадағы ұстаздық міндет — жұмбақ дүние сырын меңгеру
барысында әрдайым дамып-жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына
дарыту, дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін
жақындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.
Жоғарыдағы тақырыпқа жазылған жазба жұмыстары бір-біріне ұқсамайтын
ерекшелігімен, шындығымен, өзіндік пікірімен көңілге қонып еді. Кейде еркін
тақырыпта жазылған шығарма, ойтолғауларда демократияның лебі әбден сезіліп
тұрады, сондықтан бала шығармашылығын дамытқысы келген ұстаз әуелі
шәкірттерді еркін тақырыпта шығарма жазуға бейімдеп алып, бірте-бірте
көркем туындыға шығаруы керек деп ойлаймыз.
Көркем әдебиеттің мақсаты — қоғам мен адам, халық пен жеке адам
арасындағы жанды әлеуметтік, психологиялық байланыстарды табиғи суреттеу,
ал шәкірт шығармадағы кейіпкердің жан дүниесін түсінбесе, олар туралы жақсы
сипаттама, шығарма, ойтолғау олардан шықпас еді. Сондықтан тәжірибелі ұстаз
туынды кейіпкерінің ішкі әлемін сипаттайтын мәтінге, штрих, детальға терең
назар аударуды оқушыға міндеттейді. Осы арада Жүсіпбек Аймаутовтың
Ақбілегіндегі Ақбілек монологі, Бейімбет Майлиннің Айранбайындағы Көкек
әнін салуы, Шұғаның белгісіндегі Ой, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау
деген бір ғана сөйлем, Абай жолындағы Құнанбай портреті шығарма тақырыбы
мен идеясын терең түсінуге бағыттайтын, кейіпкердің ішкі әлемін ұғуға
жетелейтін жанды детальдар.
Оқушыларға бойында қарама-қайшылығы мол, ішкі сезімін терең көрсететін
кейіпкерлер көбірек ұнайтын сияқты, себебі олар өз ойтолғауларында көп
жағдайда сондай кейіпкерлер туралы жазғанды ұнатады. Әр ақын-жазушының
шығармашылығы бойынша өзіне ұнаған кейіпкерлерге ойтолғау жаздырту қажет.
Шәкірттер ақын-жазушы шығармашылығын ерекше ықыласпен, айрықша толғаныс-
сезімдермен жазып шығады себебі әркім өзінің жанына жақын кейіпкерлермен
сырласады, оны өзгелерге танытуға тырысады, сол жолда барын салады.
Оқушыларды жазба жұмысына бейімдеудің бір тәсілі ретінде ойдан сюжет
құрау әдісін жатқызуға болады. Кейде қазақ тілі мен әдебиет сабағын сырласу
кезеңіне айналдыруға болады. Бұл жердегі мақсат: шәкірт іштегі ойын сыртқа
шығарса, сезімін, ой-қиялын ұстазбен бөліссе, өзіндік жақсы пікірлер
қалыптасар еді. Ойтолғау тақырыптары Хат жаздым қалам алып, Оңаша сыр
айтамын өзіңізге, Тек сізге арналады, т.б. деген мазмұнда болып келеді.
Шығармашылық жұмыс адам жанының психологиялық әрекеттеріне байланысты.
Кездейсоқ тақырыптың өзі шәкірттің өзіне беймәлім болған сырларын да ашып
береді. Қиялы ұшқыр, сезімтал ұстаз кез келген нәрседен жағдай туғызып,
бала сезіміне нәр береді.

болғаны ғой. Жас ұрпаққа білім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz