Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі


Жоспар
Кіріспе
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Оқыту процесіндегі білім бақылаудың маңызы
- Білім білік дағдыны анықтаудың педагогикалық бақылаудың түрлері
2. Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын бақылауДЫҢ МАҢЫЗЫ
2. 1 Бақылаудың бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері
2. 2 Жаңа материалдарды пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүкіл адамзат қоғамның, XXI ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қапыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.
Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім, біліктерінің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мәселесі қойылған. Белгілі бір көлемдегі білік дағдыларды меңгерумен қатар табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері кеңейте отырып, оларда шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, оларды үнемі бақылау, әрине қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуы, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек мектеп қана.
Қазіргі кезде республикамызда білім беру ісін жаңғыртудың негізгі ұстанымдары ретінде демократияландыру, ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан теориялық материалдардың мазмұны, оқушының өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет. Ең алғашқы білім бастауыш білім болғандықтан, бастауыш саты - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен бірғе табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды педагогикалық бақылаудың бір түрі - тестілеу бағытында жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдаструдың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. [1]
Тестілеу - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптардан бастап тестілеу түрлерін білуге, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек.
Тестілеп бақылап оқыту әдісіне негізделген технология оқушының ойлау, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, оқытудың мақсаты өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни субьективті тәрбиелеп шығару. Оқытудың ендігі жердегі мақсаты оқыту әдістерінің оқушының өз бетімен ізденіп қызмет жасау әдістері мен тәсілдерімен толығуын қажет етеді. Осыдан жаңа шарттар мен талаптар да туындайды. Әдістемелік жүйені осылайша жаңалау, сәйкестік оқулық әдістемелік, дидактикалық - өте күрделі бақылауды, тексеруді, тестлеуді қажет ететін жұмыс.
Тестілеу қазіргі оқыту процесінде қолданыс тапқанымен әдебиеттер мен нұсқаулар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысы кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тестік тапсырмалар туралы баспадан шығару аз болғандықтан мұғалімдер газет-журналдардағы мақалалардан ғана тапқанын басшылыққа алады. Қазақстандағы білім беру ісін өзгерту, стратегиялық міндеттерінің бірі - шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Осыған орай білім сапасы жөнінде әртүрлі пікірлер орын алуда.
Ал 1-3 сныптарға арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері стандартпен оқу бағдарламасына сәйкес жетілдіріліп, толықтырылып, «Атамұра» баспасынан шығарылды.
Жалпы бастауыш білім бастауыш мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында әрбір оқу пәні бойынша базалық білім мазмұны оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар белгіленген. Міндетті деңгейге жету және бағалау кезінде бастауыш сынып оқушыларының жалпыға бірдей бастауыш білім дайындығының мемлекеттік стандартына қойылатын талаптарыыа қарай жүзеге асырылады. Бастауыш сатыдағы білім бойынша оқушылардың міндеті дайындық деңгейіне жетуін тексер, ауызша сұрау тақырыптық және қортынды деңгейлік жазбаша тапсырмалар немесе такырыптық қортынды бақылау жұмыстары, диктант сынау, тестілеу тапсырмалары арқылы жүзеге асады. Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үрдісінің межелік кезеңінде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында 4-сыныпта жүзеге асырылады. [4]
Оқушылардың білім, білік, дағдыны тексеру, бақылаудың бұл түрі
тестілеу болып отыр. Қазіргі бақылау мен бағалаудың, яғни тест түрімен
тексеру, барлық мектеп тәжірибесінде бар. Әлі де болса жүзеге толық
түрде аса қойды деп айту да қиын. Осы тұрғыдан алғанда зерттеп отырған
мәселеміздің өзектілігін байқауға болады. [1]
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу процесі.
Зерттеу пәні: Тестілеу - оқушылардың білім, білік.
дағдысын бақылаудың бір түрі.
Зерттеу мақсаты: оқушыларының білім, білік,
дағдыларын тестілеу арқылы анықтау,
оны практикада жүзеге асырудың жолдарын
айқындау.
Зерттеу міндеттері.
- бастауыш сатыда оқушының іс әрекетін анықтау үшін жүргізілетін ұлттық педагогикалық тестілер жөнінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасай отырып, проблеманы теориялық тұрғыдан негіздеу;
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру, тестілеу, талдау, сауалнама.
Курстық жұмысының теориялық қолданылымы:
Бастауыш мектептерде білім, білік дағдылары тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда оқушылардың білім, білік дағдысы артады осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілін оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Курстық жұмысының практикалық қолданылымы:
Курстық жұмысында ұсынылып отырған оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, У. С. Березняк, В. И. Иващенко, А. Қ. Исаков, Е. И. Теповский, С. Ф. Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға болады. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.
30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін есепке алуды, бақылау (Е. В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.
Онда білімді бақылау (Е. И. Перовоский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметі ойластыруды. (Н. Т. Даири) .
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. [2]
«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. [3]
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді. [4]
Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату. [5]
Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю. Н. Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік. [6]
Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.
Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А. В. Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.
Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.
Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сөйтсе де, әлі де болса оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саыалы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Ал өзінің істейтін еңбегіне орай, адам тиісті дағдыларды меңгермесе, өзінің істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды, жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра алмайды, әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер, көп күш жұмсайтын болады. Егер мұғалім мен шахтерді салыстырса, екеуінің де өздерінің мамандығына лайықты көп үйреншікті дағдыланулардың бар екенін байқауға болады. Егер мұғалімді шахтаға түсірсе, мұғалім жұмыстың тетігін білмегендіктен, шахтёр күніне 150 тонна көмір шығаратын болса, мұғалімнің күніне бір тонна көмір табуы қиын болар еді. Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.
- Дағдылану - соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басыныңтіршілігінде пайда болатын қылықтар.
- Дағдылану - үйренумен, жаттығумен, бір әрекетті бірнеше рет пайдаланумен дәл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның әдеттермен байланысып, жүзеге асады.
- Дағдылану зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматизм тәрізді деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар, мәселен, ақыл-оймен байланысты, автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.
- Дағдылану бір қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзінің әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса - сол әрекетін басқа әрекеттерге де көшіре алады. Мысалы, адам әр уақытта оң қолымен жазып, сол қолымен еш уақытта жазбаған болса, ол сол қолымен де жаза алады. Дағдылану өте күрделі процесс. Оған бірнеше жекелеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, мылтықты жақсы ататын құрал ету үшін, әуелі оның бірнеше жалқы, жеке бөлшектерінің қандай қызмет атқаратынын үйрену қажет. Адамда заттарды еске түсіру дағдылануы көп болса, оның әрекеті соншама жемісті болмақ. Дағдылануды қалыптастыруда адам баласында саналы әрекеттер үлкен орын алады. Көбінесе біз кейбір әрекеттерді қайталап дағдылануды үйренгенде, ол дағдыланудың неге керегі бар, біз неге оған үйренеміз, оның қандай пайдасы бар, оны қалайша атқару керек деген мәселелердің барлығын ойлап, саралап, санамыздан өткізіп отырамыз. Бұл жағдай адам баласында дағдыланудың пайда болуы хайуанаттар дағдылануынан өте айрықша екендігін көрсетеді. Дағдыланудың физиологиялық негізі адамдағы шартты рефлекстердің пайда болуымен байланысты. Дағдыланудың физиологиялық негізі мидың шарларының әрекеті Дағдылануды сипаттарына қарай екі түрге ажыратуға болады:
- Автоматизмге айналған дағдыланулар.
- Автоматизмге айналмаған дағдыланулар.
Автоматизм дағдыланулар оқыту, үйрету арқылы пайда болатынын бірақ әрекет қатар адамның зейінін жұмсауды керек ететінін айтамыз. Мысалы: жүру, жүгіру т. б. Автоматизмге айналған дағдыланулар өздігінен әрекет етіп, адамның сапасына бағынбайды, оның ықпалында болмайды. Көбінесе мұндай жағдай психикасы ауруға шалдыққан адамдарда болады. Мұндай әрекетер адамның кейде өте шаршағандығынан, зорыққандығынан, я болмаса бір жері ауырғандықтан өздігінен пайда болатын қимылдар жатады.
Түнде ұйықтап жатып, тұрып кететін «лунатиктердің» әрекеттері санасыз болады. Олар ұйықтап жатып, қандай әрекет істегендігін, қалай жүріп-тұрғандығын білмейді. Ондай адамдарды тұрып кеткен уақытында артынан қадағалап жүрген жөн, бірақ оятам деп әрекет жасамау қажет. Себебі ол бір дегеннен шошып, оянып кетіп, жүрегі жарылып өліп кетуі мүмкін. Автоматизмге айналған қимылдарға әдеттерді де қосуға болады. Әдеттердің адамға пайдалылары да, пайдасызы да бар. Сондықтан балаларға пайдалы әрекеттерді сіндіріп, пайдасыз, зиянды әрекеттерді үйретпеу жағын көздеу керек. Мысалы, әдеттерге ерте тұру, уақытты дұрыс пайдалана білу, тапсырмаларды уақытында орындау, жұмысты жақсы істей білу, т. б. жатады. Дағдылануды сипаттарына қарай тағы да екіге бөлуге болады. Оиың бірі - қимыл дағдылары; екіншісі интелектуал (ақыл-ой) дағдылары. Дене қимылы арқылы пайда болатын дағдыларды қимыл-моторика дағдысы дейді. Мысалы, билеу, конъкимен сырғанау т. б. Дағдыланудың бұл түрінде адамның дене мүшелері қимылға түседі. Интелект дағдылар адамның ақыл-ойымен байланысты. Мысалы, оқу үстінде шәкірттерді есепті дұрыс, әртүрлі жолдармен шығара білуді үйрететін дағдыландыру.
Дағдылануды мына төмендегі бағытпен жүріп отырады деуге болады. Дағдылану жылдамдығы біреше себептерге байланысты: егер дағдыланатын әрекет өте қиын болып, дағдылану нәтижесі бір дегеннен көңілдегідей болмаса, ол біртіндеп қалыптасады. 2) Адам әрекетке дағдылануда өзіне қатысты тәжірибесінде болған әрекеттерді қалыптастыруда, оған қызығушылық пайда болып ол тезірек дағдылануы мүмкін; 3) Оқыту, үйрету әдісі, жеңіл, әсерлі болса адам дағдылануға тез үйренеді; 4) Егер оқыту, үйрету әдісі нашар, қиын болса тез дағдылана алмайды. Кейбір мұғалімдердің сыныбындағы балалар хат тануға тез үйреніседі, есепті тез, қатесіз шығара алатын болады. Ал, кей мұғалімдердің үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан, бала оқып-жазуға тез үйрене алмайды, қате жазып, есепті дұрыс шығара алмайды. Дағдылану кезінде оның нәтижесі әркез жоғары өсіп отырмайды, кейде бәсеңдеп, төмен түсіп кетуі де мүмкін. Оның бірнеше себептері бар, оларды объективтік және субъективтік себептер деп бөлуге болады. Мысалы, кей оқушының оқу құралы өне бойы түгел бола бермейді, т. б. Әрине, бұндай жағдайлар дағдының қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Немесе субъективтік жағынан көбіне физиологиялық ерекшеліктері нашар болуына байланысты да болуы мүмкін.
Дағды - әрекеттің адам бойында орнығуы әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп, «дағды - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны», - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет. Міне нағыз білім осылар!
«Дағды, - деп көрсетеді психог С. Л. Рубинштейн саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендерден естіген іс-әрекеттерін көріп, бақылап оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. [7]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz