Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы ұжымның рөлі..


Жоспар
Кіріспе
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқынаЖолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және оқушыларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз».
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін оқып-үйрену. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оқушыларжеке басын қалыптастырудағы ұжымның рөлі. Үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адмның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналардан нәр алу үшін жауапты болады. Оқушылардың үйелменді тәрбиеленуі олардың білім беру мекемелерінде тәрбиеленуімен етене ұштасып жатады. Үйелменде тәрбие мен білім беруге Республика заңдарына сәйкес ата-аналар жауапты болады. Білім беру органдары мен мекемелері бұхаралық хабарлама құралдарының көмегімен дербес, сондай-ақ ғылым және мәдениет мекемелерімен, қоғамдық бірлестіктерімен біріге отырып оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде үйелменге көмек көрсетеді. Еңбек ұжымдары үйелменді нығайтуға, оқушылар тәрбиесін жақсартуға көмектесетін жағдайлар жасауға қатысады, ата-аналар мен оларды алмастыратын адамдарға көмектеседі.
Зерттеу жұмысының обьектісі - мектепоқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі. Білім беру - бұлқоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттықжәне жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға, білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы - зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар мен эксперимент жүзінде анықталған жұмыс нәтижелерін нақты педагогикалық іс-тәжірибеде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспеден, екібөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы ұжымның рөлі 1. 1 Ұжым- тәрбие құралыСынып ұжымы - бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның негізгі түрі - сынып, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.
Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, мектеп директорының, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылардың мектеп ұжымының тәрбиесі жөніндегі негізгі қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.
Көп жылғы практика мектеп ұжымының тәрбиесі негізіне мыналар жататындығына көз жеткізеді:
Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде мектеп ұжымы коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана ұжымның қозғаушы күшіне айналады. Осы бірлік -ұжымныңжәне әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.
Мектеп ұжымының идеялық және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп ұжымы жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің басшылықрөлі. Мектеп ұжымын тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады: мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы көреген болған адамдар - ағаұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер - жасұрпақты өмір сүруге үйретеді. Өмір сүруге үйрету -бұлөте күрделі және өте нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, бес жылдан кейін не істейтін болады; адам мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның ұжымда қандай рухани байлық алатынын және ұжымға қандай рухани байлың әкелетінін білу.
Коммунист - . Ұжым, өз ішінде аға жолдастардың бағыттаушы, басшылық етуші - коммунистікізгі мұраттармен рухтанған көрегендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді. Егер ұжым мектеп басшысы - директордыңморальдық байлығымен, интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, коммунистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол тәрбиелеуші күшке айналады. Директор мектепте бір-екі-ақ жыл істеген жерде ұжымды тәрбиелеуші күш ретінде әңгіме етуге де болмайды. Педагогика мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде де ұжымның болуы мүмкін емес. Ұжымға басшылық ету үшін және оның жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық мұғалімдер әрбір оқушының психикалық, рухани, интеллектуалдық, ерекшеліктерін жақсы білуге міндетті.
Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасындағы, педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Мұғалімдер мен оқушылардың араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі, рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара байыту және үнемі алмасу - мектепұжымының міндетті белгілері міне осылар. Мектепте оқушының тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмірсүреді. Егер мұғалімдер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшіноқу ауыр азапқа айналады. Оқу- сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі болған жерде- оқу оқушы үшін жақсы да тартымды болады. Ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда, ұжым бай, толық мәнді рухани өмір сүреді.
Оқушылар мен мұғалімдер рухани өмірінің айқын білінген азаматтың өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек сыныпта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы- партада(ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады), педагог- мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға қояды) . Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп ұжымы тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар мұғалім және оқушы бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс. Адам -ұжым-қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында ұжымқоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы ұжымға тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет мұғалім мен оқушының арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды- идеялық бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақкүрестегі қатынасын тудырады.
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Мектеп тәрбиесі жүйесінің өзгешілігі - тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметінің жетекші болып саналуында. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналады, оны қалыптастыру- мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданады. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идеяны дамытқан зерттеуші педагогтар Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А Сухомлинский және т. б
Латынның “ұжымус” деген сөзі “жиын”, “ұжым” “топ” дегенді білдіреді.
“Ұжым” түсінігінің екі мәні қолданылады:
- Ұжым- кез-келген адамдар тобы;
- Ұжым- жоғары ұйымдасқан топ.
Мектеп ұжымы негізгі әлеуметтік орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттілігі тәрбиеленіп, талап тілегі ашылып, жеке басының қабілеттілігі қалыптасады. Мектеп ұжымында, оның сан қырлы қарым-қатынастары мен бірге ұжым мүшелерінің жалпы қызметі арқасында жеке адамның жан-жақты жетілуі оқушылар мен жастардың өндірістік еңбекке қоғам өміріне Отан қоғауға белсенді қатысуының тиісті әзірлігі қамтамасыз етіледі.
А. С. Макаренко ұжымға былай деп сипаттама берді:
“Біздің пікірімізше, ұжым бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық.
Оқушылар ұжымы туралы айта келіп, А. С. Макаренко тәрбиенің жүйесі жүйе болғандықтан бздің тәрбиелеуші ұйымымызда ұжым түрінде болады деп ескертті. “Біз тәрбиелейтін адамдар ұжымы - депатап көрсетті Антон Семенович, - тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Кеңес Үкіметіндегі басқа да барлық ұжымның бүкіл ерекшеліктеріне, құқықтары мен міндеттеріне ие болатын қоғамның ұясы болып табылады”.
Мектеп ұжымы - бұлтек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персоналды да қамтиды. Оқушы және педагог ұжымы - өзінше өмірсүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп ұжымы болып табылады.
Біз мектеп ұжымын ұжымшыл өзара қатынастардың жоғарғы, неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп ұжымы - бұлазаматтық мектеп, белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.
1. 2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктеріОқушылар ұжымы немесе қарапайым оқушылар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдында белгілі мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау- ұжым, оқушы, оқушылар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.
Бірінші кезеңде- мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы оқушыларды мінез-құлық нормасына үйретіп әлеуметтік тәжірибеге тартады.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы А. С. Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.
Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге, мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды, мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыт өткен сайын солайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым топтарының қажеттілігіне айналуы-мақсаты мен ой арманы бір ұжымдардың бір ұйымдарға бірігуіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша белсенділік танытуы-олардыңұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ. Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп, өз беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға “Атамкен”, “Жұлдыз”, “Болашақ” және басқа ұйымдар жатады. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі формасы- сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік принциптерін меңгереді. Сынып жиналысы - ол оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті-ұым өмірін ұйымдастыру барысындаоған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы- ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау. Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т. б секторларының жұмыс жоспарын талқылап, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті атқару, сынып немесе мектеп ауласын тарзарту жұмыстарында т. б) Сынып жиналысы- бір мәселе жөнінде (тақырыптық) болмаса бірнеше мәселені талқылау жайында (сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды талқылау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау т. с. с) өткізуі мүмкін.
Ұжым- әрбір мұғалім үшін ойдың, шығармашылық ізденістің қайнар көзіне айналуы тиіс. Ең алдымен тәрбие күшіне терең сенім қажет. Сенім әрбір мұғалімнің ұжданынына айналуы тиіс. Тәрбие күшіне сену дегеніміз - өз жұмысына сену өз шәкіртінің ой мен сөзімнің әміршісіне айнала аламын, ең «қиын» оқушыны да адам ете аламын, - дегенге сену. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог мұғалім болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ғана өз еңбегінің нәтижесін көреді. Адам - ұжым- қоғам өзара қарым-қатынас жүйесі, міне, осы осының арқасындаұжым қоғамының белсенді қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін күшке саналады.
Ұжымдық өмірдің эмоциялық байлығы дегенде жеке адамның еңбек жетістігін тек өзі ған емес, өзгелерде сөзінетінін, адамдардың бірін-бірі бағалай білетін, құрметтей білуін, жан дүниесімен сөзінуін түсінуге болады. Ұжымдық өз мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете білетін орта білуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің қырының бірі ұжым ішінде адам өзіне-өзі талап қоя біліп, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете түсінуі керек, ұжымның абройын ардақтай білуі керек. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог мұғалім болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ған өз еңбегінің нәтижесін көреді.
Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей педагогикалық ұжымның оқу-тәжірибе үрдісіндегі нәтижелі еңбегінің көрінуі, оны ұстаздардың сөзінуі де ұжым жетекшісіне, басшысына, ұйытқысына байланысты. Әрбір ұстаз еңбегін теориялық және методикалық тұрғыдан ұйымдастыра білсе, ұстаздар бірлігі мен ұйымшылдығын қамтамасыз ете алса, тәртіп пен биік талап межесін қоюды заңдылықтар негізінде жүргізсе басшы мектеп жұмысының рухани нәтижелі болуын қамтамасыз ете алады. Мектеп тәжірибе мен білім ошағына айналғысы келсе оның өмірінің өзегі болуға тиіс ең басты нәрсені-оқушылар ұжымындағы ой өмірін, ұдайы интелектік байлық алмасу ісін тек білімге құштарлық билеген педагогикалық ұжым ғана қамтамасыз ете алады.
Адамның бойында адамдық қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол - қоғамдық зат. Адамның қоғамдың мәні оның басқа адамдармен қатынастарында, байланыстарында, өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола келе, оқушы қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, демек, жеке адамның қалыптасу процесін ғалымдар социализация деп атайды. Өкінішке қарай, социализацияның педагогикалық аспектісі тиісінше жете егжей-тегжейлі зерттелмей келуі былай тұрсын, тіпті қаралмай да келеді.
Ал былай алғанда нақ социализация процесі ұжымның тәрбиелеуші күшін қалыптастыруда аса маңызды алғышарттардың бірі болып табылады, ұжымныңосынау тәрбие күші туралы педагогикалық әдебиетте көбінесе ол бейне бір дайын күйінде берілетіндей түсінікті оқуға тура келеді. Ұжымның әлдеқандай фантастикалық күшіне осылай аңғалдықпен сенушілік мұғалімдерді көбінесе торығуға әкеліп соқтырады. Бір жағынан, ұжымның жеке адамға ықпал ету қабілетінің қалыптасуы, өкінші жағынан, жеке адамның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуы әрбір индивидуумның, кейін ұжым мүшесі болған индивидуумның қоғамға қалай кіруіне байланысты болады. Тәжірибе адамның қоғамға теріс, жарымжан кейіпте (өкінішке қарай, кейде осылай да болады) кіруі мынаған әкеліп соқтыратынын дәлелдейді: ол басқа адамдардың тәрбие ықпалына оңай бейімделе қоймайтын болады, ал кейде басқа оқушылар үшін қалыпты, тиімді ықпал ету тәсілдеріне бейімделу қабілетін мүлдем жоғалтады.
1. 3. Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы ұжымдық қатынас процесінің маңызы
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс - тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмайды. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне еңгізу қиын әрі күрделі шаруа.
Ең алдымен оқушының жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды- болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т. б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сөзім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым - қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама - қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz