Оқушылардың тәрбиесін анықтаудың педагогикалық аспектілері


ЖОСПАР:
КІРІСПЕ . . . 3-4
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІН АНЫҚТАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі
мен маңызы . . . 5-10
1. 2. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының мәні . . . 10-16
ІІ ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау
ерекшеліктері . . . 17-20
2. 2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
жолдары . . . 20-25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26-27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28-29
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі : Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамның күні адаммен»емес, «адамның күні адамзатпен және табиғатпен»деген анықтамаға лайықтап құрып, оны төменедегідей бағыттарын анықтадық:
- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықталуына;
- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;
- жаһандану дәуірінде ұлттық рухани қазыналарымызды, қасиеттерімізді, тіліміз бен ділімізді сақтай білуге тәрбиелеу.
Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана-сезімі мен моральдық бейнесіне, жан-дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытта дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі
мен маңызы;
2. Шығармашылық белсенділікті дамыту - мұғалімнің басты міндеті;
3. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау ерекшеліктері;
4. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: педагогикалық процесте оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтауды ұйымдастырылу жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалім қызметтері мен мақсаттары.
Курстық жұмыстың міндеттері: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалімнің қызметінің тиімділігі:
- Шығармашылық белсенділік ұғымына анықтама берілуі;
- Оқушылар тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің маңызын анықтау;
- Шығармашылық белсенділікті дамытудың жолдарына сиапттама;
-Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың ерекшеліктері;
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог -ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі мен маңызы
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі - жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Білім туралы» Заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті « . . . ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптар төмендегідей:
- әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті ділгірліктер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу;
- адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу;
- өзінің алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды шешу үшін өзі оқып-үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін пайдалана білу;
- өз еңбегін ғылыми негізде үйымдастыра білу, кәсіптік қызметі саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компютерлік әдістерін меңгеру;
- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар - маман даярлығына қойылатын жалпы талаптар. Педагогикалық қызмет - қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастарының өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен, мүғалімге байланысты.
Мұғалімнің негізгі әлеуметтік қызметі- жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие, білім беру. Осы талаптарға сәйкес орта білім беретін мектептер мен жаңа типті мектептердың ( лицей, гимназия, колледж, атаулы, арнайы мамандандырылған мектептер) саны да көбейе түсуде.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгіңгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. Осы бағытта педагогика ғылымы тұлғаның барлық жағынан жарасымды болып дамуын қамтамасыз етуді өзінің басты мәселесі деп қарастырады. Ол халыққа білім беру мен кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіруді, теориялық білімді өнімді еңбекпен, қоғамдық өмірмен үнемі байланыстырып отыруды міндеттейді. Мұндағы мақсат- өскелең жас ұрпақты қоғам жұмысына белсене қатысуға әзірлеу. Ендеше тұлғаның адами қасиеттерін барлық жағына дамыту, оның тек жеке басының қажеттілігін ғана қамтамасыз етуді көздемейді, соны мен бірге өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүддесін де қорғайды.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қалыптастыру:
- отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындаған, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника сласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиетттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т. с. с.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады . . . Соған сәкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты., жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Мүғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мүғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мүғалім орта немесе жоғарғы дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мүғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мүғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлармен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өңірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыми негіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және дифференциялық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесіде алатын орны; кәсіптік бағдар беру, техникалық құралдарды, компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзінде асыру мүғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ол оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология және педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиғи байланыстығын, атақты физиологтар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, белгілі психологтар А. А. Смирнов, А. Н. Леонтьев, А. А. Давыдов, дидактар Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин тағы басқа ғылымдардың еңбектерін қол үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана мүғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Қазіргі кезеңде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың мәртебесі құнсызданып отырғанына қарамастан гуманитарлық білім беру мәселесін шешуде негізгі тұлға - мұғалім. Себебі, білім беруді гуманитарландыруда педагог-маманның мәртебесін көтеру елімізді өркениетті мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым А. Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді, әрі педагогикалық әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бұл күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Осыған орай педагог маманның моделін ұсынамыз:
- педагог - ол шын мәніндегі қоғамдық-әлеуметтік даму процесінің санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар маман;
- педагогикалық процеске ие бола алатын әрекетті және тұтас толыққанды қасиеті бар, шығармашылық ойлау қабілеті жетілген, өзінің білім алуға өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан, гумандық қоғамдық еңбек қатынасын орната алатын маман;
- педагог қазіргі заманның өркениетті, прогресшіл бағытына сай ең жоғары мәдениетті маман.
Мұғалімнің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық және т. б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту тәрбиелеу процесі жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу жіне тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру, т. б. Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектептегі педагог қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізі дидактикалық принциптері мен әдістері;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;
- оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой-қызметін басқаруға байланысты құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін білуге;
-білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасып қадағалауға;
- танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып логикалық шешімдер жасауға;
- оқушы бойында білім алуға өз еркімен ұмтылып тәрбиелеуге;
Эмоционалдық бағыт- мұғалімнің білімге деген көзқарасын асырып, оның оқушылардың әдүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген сезімін жоғарылату.
Ізденушілік бағыт -мұғалімнің оқу процесін жетілдіруі арқылы және профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің психологиялық-педагогикалық қызметін талдаумен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа педагогикалық технологиялы әдістерді қызметіне ендіріп, білімін ұштастыруы.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуі тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процесін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық ситуацияға педагогикалық шеберлігін қолдана білуге;
- пән сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
- өзеңбегінің жемісін болжай білуге;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, оқушылармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.
1. 2. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің мәні
Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынас жасап отыратын екі тұлға бар. Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады.
Мұғалім өзі оқытатын пәні бойынша материалдарды каншама жақсы біліп, оны алуан-түрлі әдіс-тәсілдермен, құрал-дармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тындағысы келмесе, іс нәтиже бермейді.
Қазіргі күнде қоғам аддына қойылып отырған, халыққа білім беру саласы алдына қойылып отырған негізгі мәселелер: мектепті қоғам талабына сай қайта құру, адам факторын жандандыру, демократияландыру, ізгі-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне сай болу керек. Осы мәселелер жүзеге асырылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы өз дәрежесінде нәтижеге жетеді. Сондықтан да оқушылар мен мұғалімдер арасындағы мәдени - қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы. Ол: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас-мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын кәсіптік-мамандық қатынасы.
Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік дәуірдегі көрнекті педагогтар А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, А. В. Луначарский, В. А. Сухомлинский т. б. Өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелденген болатын.
Мысалы, А. С. Макаренко оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас "Баладан дұрыс талап ете білу, оның жеке басын құрметтей білу" принципінде құрылу керек деген болатын. В. А. Сухомлинский баламен қарым-қатынас жасай білу тіл табыса білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді.
"Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз - ойластырылған, мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. Мұгалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді.
Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс ұйымдаспаған педагогикалық қарым-қатынас балаларды қорқақ, жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз қасиетке бағыттайды. Балалардың жұмысқа деген ынтасы, ықыласы төмендейді. Мұғалім мен оқушы арасында конфликт, түсініспеушілік туады.
Мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынас жақарым-қатынас жаей творчество. Мысалы, алайық бір сабақтың үстінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, проблемалар, қақтығыстар қайшылықтар бар. Осының бәрін мұғалім творчестволық шеберлікпен қас-қағымда шешуге тиіс.
Мұғалім мен оқушы арасындағы мәдени қарым-қатынасты жасап, ынтымақтастық орнату. Соның нәтижесінде ғана оқу-тәрбие жұмысында көздеген нәтижеге жетуге болатындығын жаңашыл эксперентатар педагогтардың өздерінің іс-тәжірибелерінде дәлелдеп отыр. Мысалы, олар Ш. А. Амонаш-вили: "Амансыңцарма, балалар!", Е. Н. Ильин: "Қарым-қатынас өнері", В. Ф. Шаталов: "Баршаны да, әркімді де оқыта білейік", С. Н. Лысенкова: "Оқуға жеңіл болғанда", Т. И. Гончарова: "Тарих тағлымы", И. П. Иванов "Коллектившілдерді тәрбиелеу" т. б.
Олардың "ынтымақтастық" қарым-қатынас идеясының мәні бойынша мұғалім әрқашан балаларға жәрдем көрсетуші, оқушының жеке басын құрметтеу рухында ғана балалармен тіл табысып жұмыс істегенде іс нәтижелі болатындығын дәлелдейді.
Педагогикалық қарым-қатынас мынадай функциялар атқарады: Хабар - алмасу функциясы, жеке адамды танып білу функциясы, өзін-өзі танып білу - өзін-өзі реттеу функциясы.
Хабар алмасу функциясы - оқу тәрбие жұмысындағы жағымды мотивтерді тудырады. Рухани материал алмасуды жасайды. Бірлесіп ойлау - ізденуге мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы Педагогикалық қарым-қатынастың мына төмендегідей құрылымдары болатындығын атап көрсетеміз:
Қарым-қатынасты моделдеу кезеңі,
Қарым-қатынасты ұйымдастыру кезеңі.
Жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау кезеңі.
а) Қарым-к, атынастың бірінші кезеңі - қарым-қатынасты моделдеу
Мұғалім программамен толық танысып, материалды сұрыптап, оқыту үстіндегі білім берумен, тәрбие беру тәсілдерін белгілегеннен кейін, алдағы оқушылармен қарым қатынасты орнату жөнінде мұғалімде ойлар туындайды. Демек, оқушылардың ой-өрісінің дамуына іс-әрекетіне жандануына негіз болатьш қажетті әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау жүзеге асырылады. Мұның өзі сабақ жоспарын жасағанда ойластырылып эмоциялық нұсқада, жалпы психологиялық жағдай т. б. көрсетілуі тиіс. Бірте-бірте бұл күрделі процесс өздігінен асырылады.
ә) Қарым-қатынасты үйымдастыру кезеңі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz