Оқытудың заңдылықтарымен принциптері


МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе . . . 3-6
ІІ. Негізгі бөлім. Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
2. 1. Оқыту заңдылықтары . . . 7-8
2. 2. Принциптер мен ережелер туралы ұғым……… . . . 9-12
ІІІ. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері . . . 13-15
3. 1. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері . . . 13-15
3. 2. Педагогикалық пәндер интеграциясы . . . 16-18
3. 3 Педагогиканы оқыту үдерісінің ерекшеліктері . . . 19-28
ІV. Оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары . . . 29-30
4. 1. Оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары . . . 29-30
4. 2. Оқыту әдістерінің көп түрлілігі, оларды топтастыру . . . 31-32
V. Қорытынды . . . 33-36
VІІ. Пайдаланған әдебиеттер . . . 37-38
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
«Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне
сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады. Аристотельдің «Жан туралы» еңбегі, Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасы», И. Г. Пестолоцци мен А. Дистервег еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын көтереді.
Біріншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі біз үшін педагогикалық білім саласы болып қаралады.
Екіншіден, біз педагогиканы оқытудың әдіснамалық негізін салуға тырыстық, өйткені әдіснамалық негіздерді ұғынып алмайынша аталған ғылым саласы бойынша білім мәнін, практикалық қолданылуын, ондағы таным үдерісінің ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Осыдан педагогика мазмұнын меңгеру философияның теориялық және әдіснамалық негіздерімен атап айтсақ, гносеология, тұлға мен іс-әрекет теорияларымен тығыз байланысты екендігі шығады.
Үшіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі - теория мен тәжірибенің бірлестігі болғандықтан, оның теориялық және әдістемелік негіздерін жиынтықта қарастырдық. Бұл жол білім алушыларға оқу пәнін тұтасымен қабылдауға, теория мен практика арасындағы өзара байланысты көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға көмектеседі.
Төртіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі педагогика мен дидактиканың түйіскен жерінде қаралады, сондықтан педагогиканы оқытудың формаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдау жалпы педагогикалық және негізгі дидактикалық ережелерге сүйенеді.
Жоғары айтылғандардан аталған оқу құралдың мақсаты ретінде педагогиканы оқыту әдістемесінің теориялық және әдіснамалық аспектілерін баяндау туындап отыр.
«Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы» деп аталатын бірінші бөлімде педагогика ғылым ретінде де оқу пәні ретінде де қаралып, оның дамуының негізгі кезеңдері сипатталады. Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамасы диалектілік философия, гносеология, қисын мен әлеуметтанудың негізгі ойларымен, білім беру мен тәрбиелеудің, дамыту мен оқытудың педагогикалық теорияларымен (концепцияларымен), оқу пәнін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістерімен қаланған. Дидактика мен әдістеме, әдістеме мен психология, әдістеме мен қисын қатынасы мен өзара байланысы көрсетілген. Педагогиканы оқыту әдістемесінің ғылыми мәртебесін дәлелдейтін пәнді оқытудағы заманауи концепциялар қарастырылған. Педагогиканы оқыту әдістемесінің мәні ашылып, оның нысаны, пәні, міндеттері және категориялық аппараты таңдалынып алынған.
«Педагогика курсының құрылымы мен мазмұны» деп аталатын екінші бөлімде «білім беру мазмұны», «педагогика мазмұны» ұғымдарының мәні анықталған; педагогикалық білім беру мазмұнының компоненттері мен деңгейлері, педагогика мазмұнын қалыптастыру теорияларының, концепцияларының, парадигмаларының мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі дамытудың негізгі тенденцияларының білім беру саласының халықаралық интеграциясы аясында, нақтылай айтсақ Болон үдерісіне қосылу мәселесі бойынша педагогикалық білім беру мазмұнын жетілдіру факторлары талданады. Педагогикалық білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттарға сипаттама беріліп, педагогика бойынша бағдарламаларды құру тәсілдері қарастырылған.
«Педагогиканы оқыту технологиясы» атты үшінші бөлім педагогиканы оқытудың маңызына, негізгі сипаттарына, қызметтеріне, заңдылықтарына, принциптері мен ережелеріне арналған. Педагогиканы оқыту технологияларын өндірудің концептуалдық ойы ретінде педагогикалық пәндер интеграциясы қарастырылған.
Бұл бөлімде білім алушылардың педагогиканы оқыту барысындағы уәжін арттыруға көп көңіл бөліне отырып, педагогикалық білімдерді игеру үдерісі сипатталған, болашақ педагог бойындағы педагогикалық білім, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру шарттары мен тәсілдері қаралған. Педагогика пәні оқытушысының студенттердің бойындағы танымдық қажеттіліктер мен қызығушылықтарын қалыптастырудағы рөлі ерекшеленеді.
«Педагогиканы оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдары» деген төртінші бөлімде педагогиканы оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары туралы толық сипаттама жасалған. Оқытудың белсенді әдістері кеңінен қарастырылып, оларды педагогиканы оқыту практикасында қолданудың нұсқаулары берілген. Бөлімде оқытудың ақпараттық технологиялары, әсіресе, компьютерлік оқыту технологиясы туралы деректерге де ерекше назар аударылған.
«Педагогиканы оқытудың ұйымдастырушылық формалары» деген бесінші бөлім «оқытудың ұйымдастырушылық формалары» деген ұғымның мәнін толығымен ашып көрсетеді. Бұл бөлімде дәріс, семинар, зертханалық сабақтар және т. б. оқытудың ұйымдастырушылық формалары туралы сипатталады; дәрістерді, семинар сабақтары мен зертханалық жұмыстарға дайындалудың, ұйымдастырып өткізудің дидактикалық талаптары да қарастырылады.
Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К. Д, Ушинский «Ана тілін оқытуға басшылық» еңбегінде, В. А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская, П. П. Блонский, Я. А. Пономарев т. б. өздерінің еңбектерінде, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы. Алтынсарин «Таңдамалы педагогикалық мұралары», М. Жұмабаев «Педагогика», Қ. Бержанов, Т. Сабыров «Оқыту теориясының негіздері», Ж. Әбиев «Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері» т. б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті дамытудың маңыздылығына көп тоқталады. Қаншама осы мәселеге көңіл бөлініп жатса, тәрбие мен білімге бағытталған жұмыстар жеткіліксіз.
а) бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.
ә) оқушылардың шығармашыл еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін еңбекке баулу сабақтарында қолдануға болатын жаңа технологияларға, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі, сондай-ақ тақырыпқа қатысты ұлы ғұламалар мен оқымысты ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалған.
Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері деген параграфында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған Білім беру Тұжырымдамасынан, Ы. Алтынсаринның, Ә. Науийдың, Л. С. Выготскийдың еңбектерінен мысалдар келтірілген. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашалаған дамыту мәселелері атты параграфында америка психологы М. Корненің тұжырымдамасынан мысалдар, Н. А. Менчинскаяның қабілеттілік туралы пікірлері, Қ. Жарықбаевтың ой-пікірлері келтірілген.
ІІ. Негізгі бөлім. Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
2. 1. Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстармен процес тер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген апарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айкалу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактиканың заңдылықтарының ерекшелігі-оқыту процесінің бөліетері-оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез-келген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал туї арқылы жүзеге асады.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет пасату арқылы мүмкін болады.
Зерттеу пәні аясында байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми - теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды.
Дидактиканың ғылыми - теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика (тәрбие, педагогтік іс -әрекет, білім беру) пайдаланылады. Сонымен қатар педагогиканың жалпы категорияларын, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, оқыту әдіс-тәсілдері, оқыту формалары т. б. Кейбір категорияларға анықтама берейік.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс әрекет.
Оқыту мазмұны- өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Я. А. Коменский-дидактиканың негізін қалаушы. (1592-1670) . Оның 1632 жылы шыққан “Ұлы Дидактика” кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылады. Ол басты мақсат-адамшылық, оған жету жолы-білім беру және оқыту деп санады. “Көп емес, өмірге керекті білімдерді” беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, практикалық әдістерді қолдануды ұсынады. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдаланылған дәлелдеді. Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. “Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары” деген еңбегінде сынып - сабақ жүйесінің элементтерін атады. Дидактикаға үлес қосқан педагогтар: Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, Н. И. Пирагов, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т. б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.
2. 2. Принциптер мен ережелер туралы ұғым
Принцип - латын сөзінен аударғанда, негіз деген сөз. Оқыту принциптері мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылыды. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талап тар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді. оқыту принциптерінің жүйесін тұнғыш ұсынған Я. А. Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И. Г. Песталоции оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, он логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К. Д. Ушинский оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы. Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс- тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту - таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту -екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.
2. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі - тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра, білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі - дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл - ойы, сана - сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан -жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады) .
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан -жақты әрі, терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметі негізгі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді. Дидактикада «Жетілдіре оқыту» процесі 1960 жылдардан басталды. Осы негізде Л. В. Занков, Н. А. Менчинская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин еңбектерінде оның жолдарын шешу үшін әртүрлі принциптерді ұсынады. Солардың ішінде Л. В. Занковтың оқу процесі арқылы білім беруді қарқынды ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруін қамтамасыз ету ережесін ұсынылды. Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуына оңтайлы әсер етеді.
3. Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдастыру формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстамдық ережелері педагогикалық процестің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқыту оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Бихевиоризм және прагматизм - оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизм де қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл-ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген заңдылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д. Бруннер (АҚШ) жасаған «жаңалық ашу арқылы оқыту» тұжырымдамасы. Д. Бруннердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ойлауға қабілетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д. Бруннердің пікірі бойынша, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қорытындыны жасау ғана емес, сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Ұстаным тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан, қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:
1. Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды.
2. Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді, не болмаса оқушылардың өз беттерінше жеке жаңалық аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсенділіктерінің, педагогикалық басқарымның саналы үйлесімділігінде.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арғылы түсіндіруге болады.
Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы-субъективті жаңаны таниды, бірақ қандай да бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.
Ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінің көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өз-ара әрекеттің көмегінсіз таниды. Мұғалім мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан, бұл процесстер негізін ұқсас, яғни әдіснамалық негіздері бірдей.
4. Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Қарама-қайшылық педагогикалық болмысқа тән, сондықтан оқыту процесінің ішкі қайшылықтарын ашу керек. Осы мәселені зерттеушілердің бірі М. А. Данилов (1899-1973) оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің оқу және практикалық міндеттері мен оларды орындауға керекті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қайшылық екенін анықтады. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды практикада қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды фронтальдық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады:
Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты.
ІІІ. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері
3. 1. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz